Экономика
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Латвия Елшісін қошеметпен шығарып салды 03.07.2025
Астана, 2025 жылғы 3 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Латвияның Елшісі Ирина Мангулені Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Латвия арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтіп, бірлесіп атқарылған жұмысты қорытындылады. Мемлекетаралық диалогты нығайтуға, іскерлік және білім беру байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.Министрдің орынбасары И.Мангулеге ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан Латвия елшісінің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге қосқан елеулі үлесі үшін құрмет грамотасын табыстады.Астанада бес жыл бойы жұмыс атқарған Латвия Елшісі қазақ тарапына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға үміт артты.Р.Василенко И.Мангулеге алдағы қызметінде табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1029493?lang=kk
Капшағай су қоймасында OCEANMAN-2025 – Орталық Азиядағы ең ірі ашық судағы жарыс өтеді 03.07.2025
5–6 шілде күндері Капшағай су қоймасында OCEANMAN-2025 халықаралық жүзу жарысы бастау алады. Бұл – Орталық Азия аумағындағы ең ірі ашық суда өтетін жарыс. Жарысқа 18 елден 2 050 спортшы қатысады. Олардың қатарында Үндістан, Франция, Италия, Ұлыбритания, БАӘ және Малайзия елдерінің өкілдері бар.Жарыс бес түрлі қашықтық бойынша өтеді — балалар санатынан бастап ересектерге дейін:• OCEANMAN (10 км) — 300 қатысушы• HALF OCEANMAN (5 км) — 400 қатысушы• SPRINT (2 км) — 800 қатысушы• OCEANKIDS (500 м) — 500 бала• OCEANTEAM (эстафета 3×500 м) — 90 адамБиыл ерекше назар INSPIRATION санатына аударылды. Ерекше күтімді қажет ететін 15 бала өз қамқоршыларымен бірге суға түсіп, жарысқа қатысады. Олардың арасында алғашқы OCEANMAN қатысушысы болған Қазақстандық заңгер Ержан Есимханов та бар. Бүгінде ол жас буынды қолдап келеді.– OCEANMAN – бұл тек спорт емес, бұл – бірлік, инклюзия және рухты жарыс. Осындай ауқымды, дайындық деңгейіне қарамастан баршаға ортақ шараны Алматы облысының қабылдағанына қуаныштымыз, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек.Іс-шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Алғаш рет шетелдік қонақтар үшін ұйымдастырушылар Алматыда Culture Day – Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрімен танысу күнін өткізеді.Жарыс Heaven Club демалыс аймағында болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029299?lang=kk
Астана күні қарсаңында Қарасай ауданында 37 отбасы баспаналы болды 03.07.2025
Астана күніне орай Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Қарасай ауданында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бастама.Аудан әкімдігінде өткен салтанатты шара барысында 37 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Салтанатты рәсімге қатысқан Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов жиналғандарды елорда күнімен құттықтап, ауданда атқарылып жатқан әлеуметтік бастамаларға тоқталып, жаңа қоныс иелеріне тұрғын үй кілттерін табыс етті.Жаңа пәтерлер «Арнау» және «Сәукеле» ықшам аудандарынан берілді. Баспанаға қол жеткізгендер қатарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы және толық емес отбасылар бар.Соңғы он жылда халық саны 120 мыңнан астам адамға артқан Қарасай ауданына ерекше назар аударылып отыр. Ауданда инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, электрмен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға бағытталған жобалар 16 елді мекенді қамтып отыр. Бұл мақсатта 5,7 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджеттік комиссияға қаржыландыруға өтінім жолданды.Жалпы, Алматы облысында құрылыс саласы серпінді дамып келеді. 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 28,7%-ға өсіп, 955 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 960 мың шаршы метр баспананы тапсыру жоспарланып отыр. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында 2023 жылы 442 отбасы тұрғын үймен қамтылды.Сонымен қатар, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін шешу мақсатында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» тарапынан 22,1 млрд теңгеге облигациялар шығарылып, 1331 пәтерді сатып алу жоспарланған. Бұдан бөлек, бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен спортшылар үшін арнайы «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарлама аясында 3,1 млрд теңге бөлінген.Алдағы уақытта да тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029276?lang=kk
Алматы облысында экотуризмді дамыту – болашаққа бағытталған стратегия 03.07.2025
Экотуризмді дамыту – Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық өсу стратегиясындағы басым бағыттардың бірі. Өңірдің табиғи ландшафттарының алуан түрлілігі, экологиялық таза аймақтары мен бай мәдени мұрасы туристер үшін тартымды орта қалыптастырып отыр.Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Капшагай су қоймасы, Түрген, Ой-Қарағай, Ақбұлақ курорттары, Арасан шипажай аймағы, «Іле-Алатау» және «Шарын» ұлттық парктері секілді нысандар Алматы облысын экотуризмнің орталығына айналдырып келеді. Жақында ғана пайдалануға берілген «Sokol» автодромы мен ASP Arena спорт кешені де өңірдің туризм әлеуетін арттыра түсті.Туристер ағыны мен инфрақұрылымның өсуіАлматы облысы ішкі және шетелдік туристер арасында Қазақстандағы ең көп баратын үш өңірдің қатарына кіреді. Мұны соңғы жылдардағы көрсеткіштер дәлелдейді:2022 жылы өңірге 145 486 турист келген, 234 орналастыру нысаны қызмет көрсеткен;2023 жылы туристер саны 177 418 адамға дейін өсіп, 251 нысан жұмыс істеген;2024 жылы бұл көрсеткіш 215 826 адамға жетіп, орналастыру нысандары 270-ке дейін артқан;2025 жылдың алғашқы тоқсанында 161 548 турист қабылданып, 15 451 төсек-орын ұсынылған.Қазіргі таңда облыста 10-нан астам бірегей туристік орын мен табиғи және мәдени ерекшеліктер ескерілген 38 бағыт жұмыс істейді.Маркетинг және халықаралық деңгейде танылуЭкотуризмді дамытуда өңірлік маркетингтің рөлі зор. Алматы облысының Туризм басқармасы шетелдік блогерлермен, БАҚ-пен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатқан. 2025 жылы өңірге атақты фотограф Джимми Нельсон келіп, ал танымал тревел-блогер Toataima үшін арнайы тур ұйымдастырылды.Сонымен қатар, Travel+Leisure журналының Орталық Азияға арналған алғашқы санында Алматы облысы табиғаты туралы мақала жарияланды. Облыс Tripadvisor платформасында ұсынылған, Қытай мен Оңтүстік Кореяда жарнамалық науқандар жүргізілуде. Сонымен қатар, өңір ITB Shanghai (Қытай) және IFTM Top Resa (Франция) сияқты беделді халықаралық туристік көрмелерге қатысуда.Оқиғалық және спорттық туризмАлматы облысы оқиғалық туризмнің орталығына айналуда. Бұған дәлел ретінде Tengri Ultra, Oceanman, Ұлы Дала Жорығы сияқты халықаралық жарыстарды, сондай-ақ Орталық Азиядағы ең ірі мотошеруді айтуға болады. Тамыз айында 30 мыңнан астам адамды тартатын ірі рок-фестиваль өтеді деп күтілуде. Биыл алғаш рет Ұйғыр ауданында абрикос фестивалі ұйымдастырылды. Бұл шара алдағы уақытта агротуризмнің жарқын брендіне айналады деп жоспарлануда.Ірі жобалар мен инвестицияларОблыс халықаралық инвесторлармен және шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен тығыз жұмыс жүргізуде. Негізгі жобалар қатарында:Oi-Qaragai курортын 105 гектардан 1000 гектарға дейін кеңейту (2028 жылға дейін 1200 жұмыс орны);«Шарын» және «Іле-Алатау» ұлттық парктерінде визит-орталықтардың ашылуы;ASP Arena спорт кешені (300 жұмыс орны);«Sokol» автодромы (500 жұмыс орны);Ұлттық парктерде инфрақұрылымды дамытуға 170 млн теңге бөлінді;«Алатау аманаты» экспедициялық жобасы аясында 1000 шақырым туристік бағыттар, этноауылдар, демалыс аймақтары, жабдықтар жалға беру пункттері және визит-орталықтар іске қосылады.Болашаққа көзқарас: тұрақты туризм мен тау кластері2028 жылға дейін өңірде бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда:Ой-Қарағай курортын кеңейту;Қара шатқалда шыны көпір салу;Қонаев қаласында аквапарк пен қонақүйлер салу;Есік көліндегі бөгетті қайта жаңғырту;Көлсай көлдерін байланыстыратын аспалы жолдарды іске қосу (Bartholet компаниясымен бірлесіп).Сонымен қатар, Алатау тау кластерін дамыту қолға алынған. Бұл жоба аясында экокемпингтер, автокараванинг аймақтары, тау және су бағыттары құрылмақ. Барлық жұмыс экологиялық тепе-теңдікті сақтай отырып жүргізіледі.ҚорытындыЭкотуризм – бұл экономикаға серпін беретін, өңірдің халықаралық беделін арттыратын әрі болашақ ұрпаққа табиғи мұраны сақтауға бағытталған маңызды сала. 2024 жылы Алматы облысына келген туристер саны 2 миллион адамнан асты – бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,3 есе көп.Жүйелі жұмыс пен халықаралық әріптестіктің нәтижесінде Алматы облысы жаһандық туристік картада өз орнын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуда және өңірдің әлеуетін барынша тиімді пайдалануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029120?lang=kk
Қазақстан СІМ-де БҰҰ-мен адам құқықтары саласында өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды 02.07.2025
Астана, 2025 жылғы 2 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы өкілі Матильда Богнермен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстанның саяси және демократиялық реформаларын, БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттарын орындау жөніндегі елдің іс-қимылын, сондай-ақ Қазақстанның 2022-2024 жылдары БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелігінің қорытындыларын талқылады.А. Рахметуллин еліміздегі адам құқықтары саласындағы жүйелі өзгерістер туралы, оның ішінде ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру бөлігінде ақпаратты жеткізді.Сұхбаттастар адам құқықтарын ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілету мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1028505?lang=kk
Тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту – өңірдің орнықты дамуына бастайтын жол 02.07.2025
Тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту – халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейіне тікелей әсер ететін біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Алматы облысында бұл мәселелер нақты сұраныс пен халық санының өсу динамикасы ескеріліп, жүйелі әрі кезең-кезеңімен шешілуде.Өңір тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан аймақтық бағдарлама аясында бастапқыда анықталған 1033 өзекті мәселенің 329-ы шешімін тапты. Қосымша тағы 112 өтініш келіп түсті. Негізгі шешілмеген мәселелер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол-көлік желісі, сумен қамтамасыз ету, электр қуаты тапшылығы мен білім беру және құрылыс салаларын қамтиды.Көптеген елді мекендерде инженерлік желілердің шамадан тыс жүктелуі 40 жыл бұрынғы халық санына сәйкес жасалған есептердің өзектілігін жоғалтуымен байланысты. Қазіргі таңда әрбір ауылда халық саны едәуір өсіп, инфрақұрылымға түсетін салмақ артқан.Халық саны қарқынды өсіп жатқан аудандарға ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, соңғы 10 жылда халқы 120 мыңнан астам адамға артқан Қарасай ауданында электрмен жабдықтау және сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жоба 16 елді мекенді қамтиды. Жалпы құны 5,7 млрд теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, қаржыландыруға өтінім бюджеттік комиссияға жолданды.Құрылыс саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр: 2024 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 28,7%-ға артты. 955 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 960 мың шаршы метрді тапсыру жоспарлануда. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар да тұрғын үймен қамтылуда – өткен жылы 442 отбасы қоныс тойын тойлады.Кезекте тұрған азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» 22,1 млрд теңгеге облигациялар шығарып, 1331 пәтер сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен спортшылар үшін «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бұл мақсатқа 3,1 млрд теңге бөлінген.Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл 246 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оған қоса 53 жоба аяқталады деп күтілуде. Тек сумен қамту және су бұру жобаларына alone 28,6 млрд теңге қарастырылып отыр – бұл 25 елді мекенде таза ауыз суға қолжетімділікті жақсартып, орталықтандырылған сумен қамтудың 99,5% көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.Газбен қамтамасыз ету деңгейі де қарқынды өсіп келеді. 2024 жылы 157 елді мекенге газ жеткізілді, ал жыл соңына дейін газбен қамтылатын ауылдардың саны 165-ке жетпек. Жалпы, газбен қамту деңгейі халық саны бойынша 80,7%-ға дейін артады.Жол инфрақұрылымы да басты назарда. 2024 жылы жол жөндеу жұмыстарына 38,1 млрд теңге бағытталып, 680 шақырымнан астам жол жөнделді. Бүгінде облыстағы автомобиль жолдарының 94%-ы нормативтік жағдайға келтірілсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 95%-ға жетпек.Осылайша, тұрғын үй құрылысынан бастап инженерлік желілерді, жолдарды және өмір сүруді қамтамасыз ететін жүйелерді жаңғыртуға дейінгі кешенді көзқарас өңірдегі инфрақұрылымдық мәселелерді жүйелі шешуге және тұрғындар үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1028145?lang=kk
Ауыл шаруашылығы – өсу драйвері: Алматы облысындағы ірі жобалар мен тұрақты даму 02.07.2025
Ауыл шаруашылығы Алматы облысы экономикасындағы дәстүрлі маңызды салалардың бірі саналады. Соңғы жылдары бұл сала аймақтың дамуындағы негізгі драйверлердің біріне айналып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықты жұмыспен қамтуға және экспорттық әлеуетті арттыруға зор үлес қосуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 679,2 млрд теңгені құрап, өңірлік жалпы өнімнің 7%-ын иеленді.Алматы облысы бірқатар бағыттар бойынша республикада жетекші орын алады: ет өндіру, өрік өсіру және құс шаруашылығы бойынша – бірінші орын, қант қызылшасы, қызанақ, қияр және орамжапырақ өсіру бойынша – екінші орын, ал ұсақ мал басы бойынша – үшінші орында. АӨК өнімдерінің экспорты 38,7%-ға өсіп, 391,4 млн АҚШ долларына жетті.Сүтті мал шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударылуда. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне сүйене отырып және республикалық бюджеттен бөлінген 15 млрд теңге есебінен 13 сүт-тауарлы ферманы құру жобасы жүзеге асырылуда. Олардың ішінде 11 жоба биыл іске қосылып, 7 100 бас ірі қара мал қамтылады. Бұл өңірдің өндірістік әлеуетін айтарлықтай арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірнеше инвестициялық жобалар іске асырылуда:Кеген ауданында жылына 3 000 тоннаға дейін ет өңдейтін «Кеген МясПром» ЖШС-нің ет комбинаты іске қосылды. Кәсіпорын жыл сайын 330 тоннадан астам шұжық өнімдері мен 70 тоннаға дейін консерві шығарып, 50 тұрақты жұмыс орнын ұсынады;Балқаш ауданында 200 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы салынды, Еңбекшіқазақ ауданында бар алаң 1 500 басқа дейін кеңейтілді;Талғар ауданында жылына 350 тонна жаңа піскен көкөніс өндіретін жылыжай кешені жаңғыртылды.Ірі инвестициялық бастамалардың қатарында:жылына 21 мың тонна картоп өңдейтін және 350 жұмыс орны құрылатын «PepsiCo Central Asia» ЖШС-нің зауытының құрылысы;жылына 5 млн тоннаға дейін қант өңдеп, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Иран және басқа елдерге экспорттайтын Al Khaleej Sugar қант зауыты жобасын іске асыру;AGRIFARM CO., LTD және Human Capital компанияларының 290 млн АҚШ доллары көлеміндегі инвестициямен терең астық өңдеу бағытындағы агроөнеркәсіптік паркінің ашылуы бар.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және суармалы инфрақұрылымды кеңейту мәселелері жүйелі түрде шешілуде. Облыстың әкімшілік бөлінуінен кейін су шаруашылығы нысандарын жаңғырту қарқынды жүргізілуде. Қонаев қаласы мен 8 ауданда суару жүйелерін қалпына келтіруге бағытталған 12 жоба іске асырылып жатыр. 2022 жылы осы жұмыстарды үйлестіру үшін Су ресурстары және ирригация басқармасы мен «Алматыоблводхоз» ШЖҚ МКК құрылды. Қазіргі уақытта бұл мекемеде шамамен 200 қызметкер еңбек етуде.Су инфрақұрылымын жаңғырту жолындағы маңызды қадам – 2024 жылы Мемлекет басшысының Ислам даму банкімен 165,8 млн АҚШ долларына келісімге қол қоюы болды. Оның ішінде 260,3 млрд теңге Алматы облысындағы жобаларға бағытталды. Бірінші кезеңде Балқаш, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында 825 км суару желісі қайта жаңғыртылып, 57 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізіледі. Екінші кезеңде 169 млрд теңгеге бес ауданда тағы 1 575 км желі қалпына келтіріледі.2022–2025 жылдар аралығында облыста 1,1 млн гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталып, олардың 445,5 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды.Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда «Ауыл аманаты» бағдарламасының маңызы зор. Ол жеке қосалқы шаруашылықтар мен кооперацияны дамытуға бағытталған. Екі жыл ішінде бағдарлама аясында 11 млрд теңгеге 1 360-тан астам микрокредит берілді. Бұл ауыл тұрғынының орташа табысын 2023 жылғы 254 мың теңгеден 2024 жылы 312 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Биыл қосымша 2,5 млрд теңгеге 270 микронесие беру жоспарланып отыр.Алматы облысында ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Бұл өңірдің тұрақты дамуына, халықтың өмір сүру деңгейінің артуына және экономикалық дербестіктің нығаюына ықпал етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1028135?lang=kk
Қазақстан мен Молдова СІМ басшылары екіжақты серіктестікті тереңдетуге келісті 02.07.2025
Астана, 2025 жылғы 1 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астана қаласына алғашқы ресми сапармен келген Молдова Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Михай Попшоймен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Молдова арасындағы кең ауқымды екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары, сондай-ақ ағымдағы жылға жоспарланған бірлескен іс-шаралар күнтізбесі қаралды.Достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделген екіжақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілділік расталды. Кишиневтің Қазақстанда Молдова Елшілігін ашу туралы шешімі осы ниеттің нақты дәлелі ретінде болды. Осыған байланысты екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға деген өзара ұмтылысты растайтын осы оқиғаның тарихи маңызы аталып өтті.ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастық жаңа серпінге ие болғанын айтты. «Қазақстан мен Молдова арасында дәстүрлі сенім мен өзара құрметке негізделген тығыз қатынастар бар. Бұл бізге барлық бағыттағы өзара іс-қимылды жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді», – деді М.Нұртілеу.Өз кезегінде М.Попшой «Молдова екі ел азаматтарының игілігі үшін берік, перспективалы екіжақты қатынастарды кеңейтуге үміт артып, ұзақ мерзімді перспективада өзара іс-қимылды нығайтуға ұмтылатынын» атап өтті.Сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесіне баса назар аударылды. Осы ретте Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның үйлестіруші рөлі аталып, оның кезекті отырысын жақын арада өткізу ұсынылды.Сұхбаттастар 2024 жылы екіжақты тауар айналымының 75%-ға артуын қанағаттанушылықпен атап өтті және бұл оң динамиканы одан әрі сақтау мақсатында сауда байланыстарын кеңейту жолдарын айқындады. Молдовадағы қазақстандық «Ромпетрол» мен Қазақстандағы молдовалық «JLC Сүт» компаниялары көпжылдық қызметінің үлгісінде екіжақты инвестициялар саласындағы өзара іс-қимылдың табысты тәжірибесін жалғастыруға мүдделілік білдірілді.Министрлер ауыл шаруашылығы, көлік, өнеркәсіптік кооперация, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылдың әлеуетті бағыттарын бірлесіп дамытуға уағдаласты.Кездесу аясында тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестіріп», халықаралық ұйымдар шеңберіндегі одан арғы өзара іс-қимылға дайын екенін растады. Сонымен қатар қазақ тарапы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік хабын құруға қолдау көрсеткені және осы бастамаға бірлесіп атсалысқаны үшін Молдова тарапына ризашылығын білдірді.Сол күні министрлер Астана қаласында Молдова Республикасы Елшілігінің ресми ашылу салтанатына қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1027893?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Harvest Group» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді 02.07.2025
Астана, 2025 жылғы 1 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Harvest Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Алмаз Альсеновпен кездесу өткізді.Тараптар жер асты сулары мен заманауи су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, 300 мың га шалғайдағы және тыңайған жерлерді суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына кезең-кезеңімен ауыстыруға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыруды талқылады. Жоба Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды, бірінші кезеңде инвестициялардың жалпы көлемі 500 млн АҚШ долларын құрайды.Министр жобаны одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметі мен «Harvest Group» арасындағы Инвестициялар туралы келісімге қол қою мәселесі қаралды.Сұхбаттастар сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен, әсіресе аудандық әкімдіктер деңгейінде өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін талқылады.«Harvest Group» компаниясы суды үнемдеу және суару саласында озық технологиялар мен халықаралық тәсілдерді енгізе отырып, Қазақстанның ауыл шаруашылығын трансформациялауға белсенді қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1027899?lang=kk
OCEANMAN-2025 01.07.2025
OCEANMAN-2025 Қонаев қаласында өтеді5 шілде, Heaven Club, Қапшағай жағалауыХалықаралық ашық суда жүзу жарысы – OCEANMAN төртінші рет Қонаев қаласында өтеді.Жыл сайын өсіп жатқан көрсеткіштер:ЖылҚатысушыларЖас жүзгіштер (18 жасқа дейін)Елдер саны20221 200275820231 8005432620242 650848182025 жылғы жарыс бағдарламасы:OCEANMAN – 10 кмHALF OCEANMAN – 5 км700+ спортшыКәсіби және әуесқой қатысушыларАбсолюттік және жас ерекшелігі бойынша марапаттау OCEANMAN – халықаралық брендБастау алған елі: ИспанияҚазір 20+ елде өткізіледіМақсаты: бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауНеліктен Қонаев?Табиғи су айдыны – ҚапшағайДайын инфрақұрылымТуризм мен спортты дамыту әлеуетіOCEANMAN-2025 – бұл спорт, туризм және халықаралық достықтың тоғысқан тұсы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1027665?lang=kk
Түлектерге диплом тапсыру – өмір жолындағы жаңа белес 30.06.2025
Қазіргі күндері еліміздің барлық жоғары оқу орындарында түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсімдері өтуде. Мыңдаған жас үшін бұл – дербес кәсіби өмірге бастар маңызды кезең. Бұл үрдістен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті де тыс қалған жоқ – бүгін мұнда университет түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.Бұл шара – оқу жылының аяқталуына арналған бір апталық мерекелік іс-шаралардың қорытындысы болды. 2024–2025 оқу жылында аталған оқу орнынан 2392 студент жоғары білім туралы диплом алып шықты. Университет құрылған күннен бері 190 мыңнан астам маман түлеп ұшып, ел экономикасының, білім беру, құқық және мемлекеттік басқару салаларының дамуына елеулі үлес қосты.Бүгінгі түлектерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тілеген Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов университеттің өңір дамуындағы стратегиялық рөлін атап өтті:– Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет – жоғары білікті кадрлар даярлауда алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді, – деді Бақытжан Нарымбетов.Мүмкіндіктерге жол ашқан университетBaitursynuly University бүгінде – заманауи талаптарға сай, қарқынды дамып келе жатқан көпсалалы жоғары оқу орны. Мұнда 8500-ге жуық студент білім алуда. Университет құрамында бес факультет пен бір институт жұмыс істейді. Бакалавриат, магистратура және PhD-докторантура бойынша 140 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. 500-ден астам оқытушы студенттерге сапалы білім беруді қамтамасыз етуде.– Біздің мақсатымыз – студенттерімізге барынша көп мүмкіндік беру, – деді университет ректоры Сейтбек Қуанышбаев. – Біз халықаралық әріптестікті дамытып, қос дипломды бағдарламалар санын көбейтіп келеміз.Әлемдік деңгейдегі білім2021 жылдан бастап университет Литваның Витаутас Магнус университетімен (Каунас қаласы) бірлескен қос диплом бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл оқу орны QS World University Rankings жаһандық рейтингінде әлемдегі үздік 750 университеттің қатарына енген.Биыл алғаш рет Қостанай облысында «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша екі студент қыз осы бағдарлама аясында оқуын сәтті аяқтап, бірден екі – қазақстандық және еуропалық үлгідегі диплом алды.– Қос диплом – үлкен мүмкіндік, – дейді түлек Әлия Сыздық. – Бұл – бір уақытта екі университеттен білім алу, кәсіби көкжиегіңді кеңейту. Біздің университетке, ұстаздарға қолдау көрсетіп, сенім білдіргені үшін шексіз алғысымды білдіремін.– Біз бір оқу жылын Литвада өткіздік, – дейді Сабина Қабдыева. – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын меңгеріп, ағылшын тілін жетілдірдік, еуропалық мәдениетпен таныстық. Бұл – мен үшін баға жетпес тәжірибе. Енді шетелде тәжірибеден өтіп, жұмыс істеу мүмкіндігіміз бар. Болашақ талапкерлерге осындай мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланып көруге кеңес беремін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1027053?lang=kk
Алматы облысы – «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдауда белсенді өңірлердің бірі 30.06.2025
Алматы облысы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыруға белсенді түрде кірісіп, қоғамдағы экологиялық сананың жоғары деңгейін және өңірдің тұрақты дамуға ұмтылысын нақты көрсетті. Табиғатты қорғау мұнда жеке жауапкершілік шеңберінен шығып, мыңдаған тұрғынды біріктірген қуатты халықтық қозғалысқа айналды.Жыл басынан бері «Таза қала» акциясы аясында 33 мыңнан астам облыс тұрғыны – оқушылар, студенттер, еңбек ұжымдарының өкілдері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер – санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарына қатысты. Нәтижесінде 1,5 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 750 ағаш отырғызылды. Бұл жасыл желектер өңірдің жаңартылған экожүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.Жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуде. «Болашақты бірге егеміз» атты қосалқы акцияға 280 мыңнан астам оқушы қатысты. Олар 13 келі ағаш тұқымын сеуіп, тек қана ағаш еккен жоқ – экологиялық жауапкершілікке негізделген болашақтың іргетасын қалады.Жалпыұлттық ағаш отырғызу күні мен «Таза кәсіп – таза аймақ» бастамасы аясында облыста 74 кәсіпорынның қолдауымен 4 434 көшет отырғызылды, оның ішінде 1 200-ден астам ағаш – бизнес өкілдерінің күшімен егілді. Сонымен қатар, 50 тонна қоқыс жиналды. Бұл – корпоративтік сектордың экологиялық жауапкершілікті нақты іспен дәлелдеген айқын мысалы. «Таза аймақ» акциясына ұлттық парктердің қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Олар табиғи аумақтар мен оларға жақын елді мекендерден 6,2 тонна қоқыс жинады.«Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 519 адам бұлақ көздерін тазалап, 3 тоннадан астам қоқыс шығарды. Бұл жұмыстар табиғи су көздерінің экологиялық жағдайын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. «Таза жағалау» акциясы да жоғары деңгейде өтті. 280-нен астам адам Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағалау аумақтарын қоқыстан тазартып, 26 тонна қалдықты шығарды. Осы жұмыстың нәтижесінде бұл аумақтар қайтадан қауіпсіз әрі экотуризмге қолайлы орынға айналды.🔹 215,4 мың адам экологиялық іс-шараларға қатысты (2024 ж. – 760,7 мың адам)🔹 8,8 мың кәсіпорын мен ұйым бастаманы қолдады🔹 6,3 мың тонна қалдық жиналды (2024 ж. – 28,1 мың тонна)🔹 76,7 мың көшет пен 14 мың кг ағаш тұқымы егілді🔹 2,2 мың арнайы техника жұмылдырылдыТазартылған нысандар:3 000 көпқабатты тұрғын үй ауласы55 саябақ пен сквер723 тарихи және мәдени ескерткіш1 000 әлеуметтік нысанАлматы облысындағы экологиялық бастамалар – бір реттік акциялар емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі және кешенді жұмыстың бір бөлігі. Тұрғындардың, әлеуметтік құрылымдар мен бизнестің кеңінен қатысуы өңірге тұрақты болашаққа сенімді қадам басуға мүмкіндік береді. Мұнда табиғатқа қамқорлық – өмір салтына айналған құндылық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1026667?lang=kk
Бизнес тұрғызған қала: Қонаев экономикалық хабқа айналуда 30.06.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары барысында Қонаев қаласында жалпы құны 245 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды. Бұл жобалар аясында 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.Қапшағай жағалауында қонақүйі, аквапаркі, СПА-аймақтары мен жағажайы бар курорттық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жоба отбасылық демалысқа бағытталған және өңірдің туристік инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың біріне айналмақ.Сондай-ақ, жағалауда пайдалануға берілген жобалардың қатарында жағажай ойындарына арналған жаңа спорт кешенін атап өтуге болады. Мұнда құм төселген футбол және волейбол алаңдары, үстел ойындарына арналған аймақтар мен демалыс орындары қарастырылған. Бұл – жағалау аймағын абаттандыруға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі әрі ашық аспан астында белсенді демалысқа жағдай жасайтын заманауи инфрақұрылым.Өндіріс саласы – Қонаев қаласының жаңа экономикасындағы негізгі бағыттардың бірі. Мұнда ұн тарту, мал азығы және май өңдеу зауыттарын қамтитын агроөнеркәсіптік кластер құрылып жатыр. Бұған қоса, ірімшік пен қуырылған картоп өндіретін кәсіпорынның құрылысы да қолға алынған. Жоба ішкі нарықпен қатар экспортқа да бағытталған. Сауда желілерімен тиісті келісімшарттар жасалған.Бұл қала тұрғындары үшін екі маңызды мәселені білдіреді: тұрақты жұмыс орындарының пайда болуы және экономикалық өсімнің тек маусымдық туризммен немесе құрылыс саласымен шектелмейтініне деген сенімділік. Мұнда тек жұмыс күші ғана емес, біліктілік пен кәсіби білімді қажет ететін – технолог, оператор, логист және инженер сынды мамандықтар сұранысқа ие бола бастады.Қалада жүзеге асып жатқан барлық құрылыс пен өндіріс жобаларын біріктіргенде, 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сарапшылардың бағалауынша, бұл кәсіпорындар жыл сайын түрлі деңгейдегі бюджеттерге 6 миллиард теңгеден астам салық түсірмек. Бұл көрсеткішке ірі жобалардың айналасында қалыптасатын шағын және орта бизнес кірмейді.Бүгінде кейбіреулер Қонаевты әлі де саяжай мен демалыс аймағы ретінде қабылдаса, шын мәнінде қала инфрақұрылымы, денсаулық сақтау, бизнес және жаңа мүмкіндіктері бар өмір сүруге қолайлы орталыққа айналып келедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1026373?lang=kk
Жастар, бизнес және қоғам – өңірдегі құқықтық назардың басты нысанында 28.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Қостанай облысында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіліп келеді.«Жастар — әділетті қоғамның іргетасы» форумыЖастардың әділетті әрі қауіпсіз қоғам құрудағы рөлін айқындауға арналған бұл форум өңірдің маңызды оқиғаларының бірі болды. Форумның басты мақсаты — жастардың құқықтық санасын қалыптастыру, олардың заңгерлік сауаттылығын арттыру және құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу тәуекелін төмендету.Шара барысында цифрлық алаяқтық тақырыбына айрықша назар аударылды. Қатысушыларға алаяқтар ұрланған қаражатты шешіп алуға және қолма-қол ақшаға айналдыруға пайдаланатын «дропперлердің» кім екені түсіндірілді. Жастарды қырағы болуға, қылмыстық схемалардың құрбанына айналмауға шақырды.Форум аясында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жаңа профилактикалық жоба таныстырылды.«Мемлекет қорғауындағы бизнес» форумы24 маусым күні Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында «Мемлекет қорғауындағы бизнес» тақырыбында диалогтық форум өтті. Оған прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полиция, экономикалық тергеу, құқықтық статистика және арнайы есеп департаменттерінің өкілдері қатысты.Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және бизнес пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мұндай формат Палата мен қадағалау органдары арасында бұған дейін жасалған меморандумдар нәтижесінде мүмкін болды.Форумда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Яғни, прокуратура тек ірі инфрақұрылымдық жобаларды ғана емес, сондай-ақ шағын және орта бизнестің де өзекті мәселелерін бақылауға алуы тиіс. Қатысушылар Бас прокуратурада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен алқа отырысында белгіленген жаңа бағыттарды талқылап, алдағы ынтымақтастық туралы уағдаласты.Осындай шаралар өңірде заңдылықты нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғам мен мемлекеттің тиімді диалогын жолға қоюға бағытталған жүйелі жұмысты айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1026244?lang=kk
Алматы облысының полициясына 40 жаңа автокөлік табысталды 28.06.2025
Қазақстан полициясы күніне орай Қонаев қаласында өткен салтанатты іс-шара аясында Алматы облыстық Полиция департаментіне 40 жаңа қызметтік автокөлік берілді. Бұл — өңірде құқықтық тәртіпті нығайту мен құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын күшейту бағытындағы маңызды қадам.Салтанатты рәсім Қонаев қаласының Орталық алаңында өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, полиция бөлімшелерінің басшыларына көлік кілттерін салтанатты түрде табыстады.Облыс әкімінің айтуынша, автопарктің жаңартылуы полиция қызметінің тиімділігін арттырып, құқық қорғау органдарының мобильділігін, қылмыстарға жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтеді.«Бұл – жай ғана техника емес. Бұл – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді құралдар. Халықтың тыныштығы мен тәртібі осы көліктердің арқасында жаңа деңгейге көтеріледі», – деді Марат Сұлтанғазиев.Аталған көліктер Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай, Алатау, Жамбыл, Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарының полиция бөлімдеріне бөлінді.Мерекелік шара одан әрі Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Облыс әкімі өз сөзінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.«Полиция қызметкері – бұл тек мамандық емес, бұл – ел алдындағы жауапкершілік пен халық сенімінің символы. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау – олардың күнделікті жұмысы», – деді әкім.Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 маусымда Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында айтқан сөзін еске салды:«Заң үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басым бағыттары. Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі керек».Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, соңғы үш жылда Алматы облысында ішкі істер саласын дамытуға 51 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталып, 167 автокөлік, заманауи техникалар, планшеттер мен серверлік құрылғылар сатып алынған. Сондай-ақ, бейнебақылау жүйелері орнатылып, 20 шұғыл шақыру түймесін (SOS) іске қосу жоспарлануда.Бүгінде облыс аумағында 51 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Бұл қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді.Салтанатты жиын барысында қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Тәуелсіздік жылдары Алматы облысында 40 полицей қызметтік міндетін атқару барысында өмірімен қош айтысқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1026164?lang=kk
Алматы облысында «Самғау» шығармашылық байқауының жаңа маусымы басталды 28.06.2025
Алматы облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара аясында дәстүрлі «Самғау» шығармашылық байқауының жаңа маусымы ресми түрде басталды. Бұл маңызды оқиға өңір журналистері үшін басты сәттердің біріне айналып, түрлі аудандар мен қалалардан келген қаламгерлердің басын қосты.«Самғау» – аймақтық журналистиканы дамытуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және қоғам өмірінің маңызды тақырыптарын көтеріп жүрген авторларды қолдауға бағытталған жыл сайынғы шығармашылық байқау. 2025 жылғы маусымда байқау тақырыптық аясын кеңейтіп, дәстүрлі номинациялармен қатар ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инвестиция, білім, әлеуметтік сала және өзге де өзекті бағыттарды қамтиды.Кәсіби мерекемен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтады. Өз сөзінде ол журналистердің өңір дамуына қосып отырған үлесіне ерекше тоқталды:«Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен жауапкершілік. Дәл сіздер ел ішіндегі маңызды оқиғаларды халыққа жеткізіп, қоғамдағы ойды қалыптастырасыздар. „Самғау“ байқауы – сіздердің еңбектеріңізге берілген жоғары баға әрі алдағы шығармашылық табыстарға жол ашатын мотивация», – деді өңір басшысы.Салтанатты жиын аясында 30-ға жуық журналист түрлі марапаттарға ие болды. Мемлекеттік, ведомстволық және өңірлік деңгейдегі ордендер, медальдар, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.Іс-шара соңында қатысушылар назарына жақын арада өз жұмысын бастайтын жаңа өңірлік телестудия – «Qonaev Media» туралы бейнеролик ұсынылды. Бұл телестудия алдағы уақытта жергілікті журналистер үшін тағы бір маңызды шығармашылық алаңға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1026165?lang=kk
Түрік компаниясы Қазақстанда логистикалық инфрақұрылым құрылысына инвестиция салуды жоспарлауда 27.06.2025
Астана, 2025 жылғы 27 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Түркияның жетекші логистикалық компанияларының бірі – «S Sistem Lojistik» басқарма төрағасы Хүсейин Барлинмен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде жалпы құны шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайтын заманауи логистикалық және қойма терминалдары желісін салу мәселелері талқыланды. Нысандарды орналастыру үшін басым алаңдар ретінде Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және басқа да ірі орталықтар қарастырылуда.Тараптар сондай-ақ инвестициялық келісімшарт пен арнайы инвестициялық келісім жасасу мүмкіндігін талқылады. Бұл құжаттар мемлекеттік қолдау шараларын, салықтық преференцияларды және инфрақұрылымдық сүйемелдеуді қарастырады.Ғ.Оспанқұлов жоспарланған жобалардың елдің көлік және логистикалық әлеуетін дамыту үшін маңыздылығын атап өтті: «Бүгінде Қазақстан логистикалық инфрақұрылымын белсенді дамыту кезеңінде тұр. «S Sistem Lojistik» компаниясының ұсынып отырған жобалары ішкі және транзиттік тасымалдарды тиімді ету үшін аса маңызды. Біз логистиканы инвестиция тартудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырамыз, әсіресе экономиканы әртараптандыру және Қазақстанның Еуразиядағы көлік хабы ретіндегі рөлін нығайту тұрғысынан. Өз тарапымыздан біз жобаны жан-жақты қолдауға, жер учаскелерін бөлу, мемлекеттік қолдау шараларына қосылу, сондай-ақ өңірлік әкімдіктермен және салалық органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруге дайынбыз. Ынтымақтастық логистика мен өнеркәсіптік кооперация саласындағы Қазақстан мен Түркия арасындағы табысты серіктестіктің үлгісі болады деп сенемін».Өз кезегінде Х.Барлин Қазақстанға стратегиялық бағыт ретінде үлкен қызығушылық танытты. Оның айтуынша, ел бірегей транзиттік әлеуетке және логистикалық жобаларды дамытуға қолайлы инвестициялық ортаға ие. «S Sistem Lojistik» халықаралық стандарттарға сәйкес жобаларды іске асыруды және ел ішінде де, шет елдерде де жүктерді тиімді тасымалдауды қамтамасыз ететін заманауи инфрақұрылым құруды жоспарлап отыр.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс координациясын жалғастыруға және тиісті мемлекеттік институттармен, өңірлік әкімдіктермен өзара әрекеттесуге келісті. Қазақстан тарапы бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мүдделілік танытып, оның логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ел экономикасына қосымша инвестициялар тартуға ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1026005?lang=kk
ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Алматы облысына келді 26.06.2025
2025 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Сапар аясында ол Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.Кездесу барысында вице-министр өңірдің отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайы туралы айтып, жылумен қамту, газдандыру және электрмен жабдықтау мәселелері бойынша тұрғындардың сауалдарына жауап берді.Қала тұрғындары газдандыру деңгейі, ЖЭС-3 жөндеу жұмыстарының барысы және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Бұл сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласына арналған дизель отынын жеткізу және сұйытылған мұнай газына қолжетімділік мәселелері де талқыланды.Әлібек Жамауов өңірдің жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы әлеуетіне де тоқталып, бұл бағыттағы барлық жобалардың Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.Сапар аясында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.Вице-министрдің бұл сапары өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1025250?lang=kk
26 маусымда БҰҰ Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күнін атап өтеді 26.06.2025
Есірткінің кең таралуы әлемдегі барлық елдердің алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Есірткі – адамдардың өмірін бұзады, ұйымдасқан қылмыс пен террористік ұйымдар үшін пайда көзі, планетаның көптеген өңірлеріндегі тұрақсыздықты күшейтеді. БҰҰ мәліметтері бойынша ағымдағы жылы 300 миллионнан астам адам есірткіге тәуелді. Синтетикалық есірткі өндірісінің өсуі ерекше қауіп төндіреді.Қазақстан БҰҰ-ның осы жаһандық проблемамен күрестегі жетекші рөлін қолдайды. Еліміз есірткіге қарсы күрес саласындағы БҰҰ-ның барлық үш конвенциясына қосылды. Биыл Қазақстан 2026-2029 жылдарға арналған БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының мүшесі болып бесінші рет сайланды және жаһандық есірткіге қарсы стратегиясын іске асыруға елеулі үлес қосуда.Қазақстандық өкілдер ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ қамқорлығымен есірткіге қарсы операцияларға белсене қатысып, Еуропа, Азия және АҚШ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Алматыда орналасқан Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия үйлестіру орталығы ақпарат алмасуды жүзеге асырады және Орталық Азия мен одан тыс жерлерде есірткі трафигінің жолын кесу бойынша бірлескен операциялар жүргізеді.Ұлттық деңгейде 2023-2025 жылдарға арналған Нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес бойынша кешенді жоспар іске асырылуда. Оның басым бағыттары қылмыстық әрекеттің жолын кесу ғана емес, сонымен бірге жастармен профилактикалық жұмыс істеу, психологиялық және медициналық көмек көрсету, қоғамның барлық топтарын нашақорлықпен күреске тарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1025208?lang=kk
Астанада еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша семинар ұйымдастырылды 26.06.2025
Астана, 2025 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының алаңында «Ашық есік күні» семинарын ұйымдастырды. Іс-шараға өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, облыс прокурорларының орынбасарлары, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері, сондай-ақ онлайн форматта қосылған 1000-нан астам бизнес өкілі қатысты.Кездесудің мақсаты инвестициялық ахуалды жақсарту, ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің тиімділігін арттыру, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасының (ҰЦИП) мүмкіндіктерін көрсету және инвесторлар тап болатын жүйелі мәселелерді талқылау болды.Семинарды ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанкулов ашты. «Инвесторларды сүйемелдеудің заманауи цифрлық инфрақұрылымын құру – жобаларды жедел іске асырудың кілті. ҰЦИП бюрократиялық рәсімдерді қысқартып, ашықтықты арттырады және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдетеді. Бұл – инвесторлар үшін қолайлы және болжамды орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам», – деді ол.ҚР Бас прокуратурасы атынан Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Мәди Айхимбеков сөз сөйледі. Ол прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы қызметі туралы айтып, соңғы жылдары қадағалау органдарының қатысуымен 1000-нан астам проблемалық мәселе шешілгенін атап өтті. Ерекше назар тізімге енгізілген инвесторларға қатысты бақылау іс-шараларын келісу механизміне аударылды.«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті: «СІМ, «Kazakh Invest» және Бас прокуратураның бірлескен күш-жігері бизнесті жүргізуге қолайлы және қауіпсіз құқықтық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Процестерді цифрландыру мен институционалдық қолдаудың артуы мемлекеттің инвесторлармен конструктивті диалогқа дайын екенін көрсетеді».Семинар барысында қатысушыларға ҰЦИП платформасының жұмысы көрсетіліп, Бірыңғай реестрдегі нақты кейстер мен қабылданған нормативтік өзгерістер таныстырылды.«Сұрақ-жауап» сессиясында инвесторлар практикалық сипаттағы көптеген сұрақтар қойып, мемлекеттік органдар тарапынан нақты жауаптар алды. Жобаларды жүзеге асыру барысында туындаған жүйелі қиындықтарға байланысты бірқатар мәселелер Бас прокуратура қызметкерлерінің бақылауына алынды.Бизнес өкілдері іс-шараның практикалық құндылығын атап өтіп, мемлекеттік органдармен тікелей диалогтың маңызын және жобаларды іске асыру бойынша өзекті мәселелерге жедел түсініктеме алуға мүмкіндік бар екенін айтты. Олардың айтуынша, мұндай форматтар қолданыстағы кедергілерді ғана анықтап қоймай, сонымен қатар іскерлік ортаны жақсартуға және инвесторлар мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететін бірлескен шешімдерді табуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1024909?lang=kk