Экономика
2027 жылға қарай әйелдер 63 жастан зейнеткерлікке шығады 11.04.2025
Ер азаматтарға қарағанда, әйелдердің зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейі әлдеқайда төмен. Олардың еңбек қызметінің ерекшелігін ескерген жөн. Бұл жұмысының жалғаспай қалған кезеңіне, жалақы көлемінің төмендеу болуына қатысты. Зейнеткерлік жасты бірегейлендіру – әйелдерді зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейін көтеруге бағытталған шаралардың бірі. Қазақстанда 2015 жылы зейнетақы заңнамасы өзгертілгеннен кейін, 2018 жылдан бастап кезең-кезеңмен әр 6 ай сайын әйелдердің зейнеткерлік жасы көтеріліп жатыр. 2027 қарай олардың зейнтекерлікке шығу жасы ерлердің зейнеткерлік жасымен теңесіп, 63 жасты құрайтын болады.2018 жылы бірінші кезеңде әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 2017 жылмен салыстырғанда 6 айға ұзартылып, 58,5 жсты құрады. Ерлер үшін зейнеткерлікке шығу жасы бұрынғысынша 63 жас болып қалды. Сәйкесінше, 1960 жылдың бірінші жартысында туған әйелдер, 2018 жылдың екінші жартысында зейнеткерлікке шықты.2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйел азаматтардың зейнеткерлікке шығу жасы тағы 6 айға ұзарып, 59 жасты құрады. Ағымдағы жылы 1960 жылдың екінші жартысында туған әйелдер зейнеткерлікке шығады.Мұнымен қатар 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы белгілеудің жаңа әдістемесі енгізіліп отыр. Базалық зейнетақыны есептеу жүйесі өзгеріп, оған сәйкес базалық зейнетақы көлемі артты. Жаңа жүйе бойынша оның мөлшері еңбек өтіліне қарай өзгеретін болады. Жұмыс тәжірибесі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін және одан кейін де жинақталған өтілі есепке алынады.Сондай-ақ, зейнетақы жүйесіндегі өтілі, базалық зейнетақыны есептеуде есепке алынады. Оған 3 жасқа дейін бала күтімімен отырған кезең, (жалпы алғанда 12 жылға дейін), мүгедек-баланы бағып-қағу, әскери қызметтегі жұбайлардың бірге тұруы (мерзімді әскери қызметтегілерден басқа), олардың жұмысқа тұру мүмкіндігі болмаған, жергілікті жердегі арнайы мемлекеттік қызметкерлердің (жалпы алғанда 10 жылдан аспауы керек) және т.б.Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап жұмыс істеп жүрген 1 жасқа дейін бала күтімімен демалыста отырған әйелдерге республикалық бюджеттен 10 пайыз міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау енігізілді. 2020 жылдан бастап шартты-жинақтаушы компонент енгізіледі. Ол зейнетақы жинағының көлемін 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасы есебінен өсіруге бағытталған. Оны жұмыс беруші жұмысшыларының пайдасына өз қаражатынан төлейді. Мұның бәрі әйел азаматтарға зейнетақы жинағының көлемін және еңбек өтілімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл базалық зейнетақыны белгілеуде есепке алынады.Осылайша әйелдердің ерте зейнеткерлікке шығуы барысында барлық қолданыстағы жеңілдіктер сақталады:Біріншіден, бес бала туған және 20 жыл еңбек өтілі бар әйелдер 53 жасында зейнеткерлікке шығуға құқылы;Екіншіден, төтенше және радиациялық тәуекелі бар аймақтарда және Семей ядролық сынақ полигонында 5 жылдан аз емес уақыт тұрғандар 45 жасында зейнеткерлікке (20 жыл еңбек өтілі болуы керек)шығады; Үшіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін зейнетақы ануитетін иеленуі жағдайында зейнетақы жинақтары жеткіліктілер 2019 жылы 51 жастан зейнеркерлікке ерте шыға алады; Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының кестесі201858 жас 6 ай 01.01.1960 -30.06.1960 ж.201959 жас 01.07.1960 - 31.12.1960 ж.202059 жас 6 ай 01.01.1961 -30.06.1961 ж.202160 жас 01.07.1961 -31.12.1961 ж.202260 жас 6ай 01.01.1962 - 30.06.1962 ж.202361 жас 01.07.1962 - 31.12.1962 ж.202461 жас 6 ай 01.01.1963 - 30.06.1963 ж.202562 лет 01.07.1963 - 31.12.1963ж.202662 жас 6 ай 01.01.1964 - 30.06.1964ж.202763 жас 01.07.1964 - 31.12.1964 ж.2018 жылдың 11 айының қортындысы бойынша бюджеттен бөлінген жиынтық зейнетақының орташа көлемі 81 159 теңге, 2017 жылдың оыс кезеңімен салыстырғанда зейнетақының орташа көлемінен 23 пайызға артық. (2017 жылдың 1 желтоқсанында бюджеттен жиынтық зейнетақының орташа көлемі– 65 935 теңге).2018 жылдың 1 желтоқсанында жасы бойынша зейнетақы алатындардың жалпы саны – 2 172,9 мың адамды құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19152?lang=kk
ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін оңтайландырады 11.04.2025
Для оптимизации процесса оказания государственных услуг, Министерством труда и социальной защиты населения РК (далее – Министерство) в 2018 году реализуется Дорожная карта по проактивному оказанию государственных услуг, связанных с установлением инвалидности. Дорожная карта предусматривает оказание в проактивном формате 8 государственных услуг:Назначение государственного социального пособия по инвалидности;Назначение социальной выплаты на случай утраты трудоспособности;Назначение пособия матери или отцу, усыновителю (удочерителю), опекуну (попечителю), воспитывающему ребенка-инвалида;Оформление документов на инвалидов для предоставления им протезно-ортопедической помощи;Обеспечение инвалидов сурдо-тифлотехническими средствами и обязательными гигиеническими средствами;Оформление документов на инвалидов для предоставления им услуги индивидуального помощника для инвалидов первой группы, имеющих затруднение в передвижении и специалиста жестового языка для инвалидов по слуху;Предоставление инвалидам кресел-колясок;Обеспечение инвалидов санаторно-курортным лечением.По результатам проведения медико-социальной экспертизы, услугополучателю проактивно, то есть без заявления, будут оформлены документы на назначение государственного пособия по инвалидности, социальной выплаты по утрате трудоспособности, пособия воспитывающему ребенка-инвалида, а также предоставление средств и услуг реабилитации в соответствии с индивидуальной программой реабилитации, что позволит значительно сократить маршрут инвалида, исключить необходимость посещения им услугодателей для получения соответствующих услуг, снизить бумажный документооборот.В рамках реализации Дорожной карты проведено обучение сотрудников территориальных департаментов Комитета труда, социальной защиты и миграции Министерства, Управлений координации занятости и социальных программ областей, городских/районных отделов занятости и социальных программ работе в информационных системах с функционалом процесса оказания проактивных государственных услуг, связанных с установлением инвалидности.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19125?lang=kk
2018 жылдың үшінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 161 783 теңгені құрады 11.04.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында атаулы жалақының индексі өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда 109,3%, нақты – 103,1% құрады.Жалақының индексі тауарлар мен қызмет түрлеріне тұтынушының бағасының индексіне қарай атаулы жалақының индексімен анықталады. Екі индекс те бір уақыттың кезеңіне байланысты.2018 жылдың үшінші тоқсанында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылар тізім саны (кәсіпкерлікпен айналысып жүрген шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) 3755,5 мың адамды құрады, нақтырақ айтқанда -3543 мың адам.Жұмысшылардың тізім саны –қол қойылған мерзіміне қарамастан, еңбек келісім-шарты бойынша қабылданған тұлғалардың, сондай-ақ қоғамдық бастамаларда жұмыс істеп жүргенде саны.Жұмысшылардың нақтырақ саны (орташа жалақыны есептеуді қабылдағанда) – жұмысқа формалды тіркелген жұмысшылардың жекелеген санатын шегеріп тастағанда тізім құрамындағы жұмысшылар саны (жүктілік және бала туу, бала күтімі және тағы басқа бойынша демалыстағы тұлғалар).2018 жылдың үшінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 161 783 теңгені (өткен тоқсандыққа 99,4%, өткен жылдың тоқсанына сәйкес 109,3 ) құрады.Аймақтар бойынша қарастыратын болсақ, көбірек жалақы алатын облыстар қатарында Атырау – 310 568 теңге, Маңғыстау - 273 160 теңге, Астана қаласы – 240 683 теңге. Алматыда орташа жалақы көлемі 197 736 теңгені, БҚО -155 796 тг, Қарағанды облысы-146 324, Павлодар -139 015, Ақтөбе облысы - 137 526, ШҚО -135 841, Қызылорда облысы -132 829, Қостанай өңірінде - 125 522, Ақмола облысы- 121 358, Шымкент қаласында - 113 716, Алматы облысы -113 660, Жамбыл облысы -110 988, СҚО - 110 853, Түркістан облысы - 98 834 теңгені құрайды.Бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы жұмысшылардың нақты санына және есеп беру кезеңіндегі айлардың санына жалақы қоры есептеген соманы бөлу арқылы анықталады. Ең жоғарғы жалақы алатын саланың бірінші ондығына кіретіндер: теңіз және жағалау жүк көлігі 683 234 теңге (100,8% өткен тоқсанда, 99% өткен жылдың сәйкес тоқсанында), еңбекпен қамту 563 449 (109,4%-113,1%), су көлігі 560 818 (101,4% – 97,2%), басты компаниялардағы қызмет; басқару мәселелері бойынша кеңес беру 505 020 (108,2%-95,2%), міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет 499 228 (112,4%-116,2%), құбыр желісі бойынша тасымалдау 472 658 (121,7% – 115,8%), әуе жолаушылар көлігі 417 865 (96,8% – 114,8%), әуе көлігі 414 931 (97,1% – 114,5%), сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі, міндетті әлеуметтік сақтандыруды санамағанда - 378 930 (128,9%-160%), сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету 374 188 (86,9-136%).Әлдеқайда төмен жалақы алатын саланың ондығына кіретіндер: жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату 51 438 тенге (79,3% өткен тоқсандықта) және аквамәдениет 58 378 (өткен тоқсанда 104,6%, өткен жылдың сәйкес тоқсанында – 150%), мектептке дейінгі білім беру 62 373 (92,1%-101,1%), бірге тұрып әлеуметтік қызмет көрсету 78 314 (97,6%-103,9%), бастауыш білім (бірінші сатысы) 80 381 (85,7%-113,2%), бірге тұрмай әлеуметтік қызмет көрсету 80 899 (99,7%-101,3%), тергеу және қауіпсіздік қызметін көрсету 87 734 (105,2% -107,8%), білім беру 97 482 (84,6%-107,9%), жоғары білім 149 784 (90,6%-117,7%), ветеринарлық қызмет 98 236 (108,8%-101,4%).2018 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда мына салаларда жалақы өсті: туроператорлар қызметінде, турагенттіктер мен туризм саласында қызмет ететін ұйымдарда– 162 838 теңге (99,2%-138,3%), сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету 374 188 (86,9%-136%), жеке қолданудағы компьютерлерді, тұрмыстық тауарларды жөндеу 237 840 (105,8% - 128%), жүкті сақтау және қаттау 130 530 (102,4%-125,2%), әкімшілік салада және қосымша қызмет көрсету 193 234 (107,8%-123,2%), өзен жүк көлігі 149 737 (115,3% – 122,8%), жоғары білім 149 784 (90,6%-117,7%), қаржылық және сақтандыру қызметі 317 413 (94,7%-116,4%), міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметі 499 228 (112,4%-116,2%), қоғамға жалпы мемлекеттік қызмет көрсету 135 898 (99,8%-115,9%).Үшінші тоқсанда өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда мына салаларда жалақы төмендеді: қосымша білім беру қызметі 143 576 тенге (114,9%-78,6%), жарнамалық қызмет және нарық жағдаятын зерттеу 156 364 (95,6%-83%), әкімшілік –басқару, шаруашылық және өзге де қосымша қызмет көрсету салаларында 172 149 (116,9%-87,7%), кино өндірісі, бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламалар, фонограмма және музыкалық жазбалар 149 444 (90,6% – 87,8%), автокөлікпен жүк тасымалдау және тасымалдау бойынша қызмет 226 959 (97,9% – 90,1%), басты компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша кеңес беру 505 020(108,2%-95,2%), компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да тиісті қызмет түрлері 304 281 (102,2%-96%), су көлігі 560 818 (101,4% – 97,2%), жылжымайтын мүлікке қатысты жүргізілген жұмыстарға келісім негізінде сыйақы беру 144 229 (116,3%-98%), теңіз және жағалау жүк көлігі 683 234 (100,8%– 99%).Аймақтар бойынша есептегенде жұмысшылардың нақты саны Алматы қаласында (467,2 мың адам), Қарағанды облысында (321 мың), ШҚО (283,5 мың), Астана қаласында (265,7 мың), Алматы облысы (225,1 мың), Түркістан облысы (207 мың), Атырау облысы (201,8 мың), Шымкент қаласында (183,8 мың адам).Әлдеқайда аз – СҚО (114,9 мың), БҚО (133,4 мың), Қызылорда облысы (145,7 тыс), Ақмола облысы (149,9 мың), Маңғыстау (150 мың), Жамбыл облысы (158,9 мың), Қостанай облысы (178,2 мың), Актөбе облысы (181,7 мың), Павлодар облысында (190 мың адам).Экономикалық қызмет түрі бойынша жұмысшылардың басым бөлігі білім саласында (952,7 мың адам, оның 710,4 мыңы әйелдер), 620,1 мыңы – өнеркәсіпте (оның ішінде 161,2 мыңы әйелдер), 408,5 мың адам мемлекеттік басқару, қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету (139,2 мың әйел), 407,2 мыңы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету (319,2 мың әйел ), 220,9 мыңы көлік және қаттау саласында (57,2 мыңы әйел), 165,9 мыңы – құрылыста (18,8 мың әйел), 135 мыңы әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласында (26,3 мың әйел) еңбек етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19086?lang=kk
Жаһандық өзгерістер жағдайында әлеуметтік саланы және жұмысбастылықты дамыту мәселелері Астанадағы «Еңбек нарығының келешегі: жаңа мүмкіндіктер» атты форумда талқыланды 11.04.2025
Форумды Қазақстан Республикасындағы «Шетелдік кеңесшілердің қазақстандық кеңесі» қауымдастығымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырды.Форум жұмысына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, халықаралық ұйымдар мен консалтингтік компаниялардың өкілдері, халықаралық және қазақстандық сарапшылар, ірі қазақстандық жұмыс берушілер және шетелдік инвесторлар қатысты.Форум делегаттары әлемдік еңбек нарығындағы сын-тегеуріндердің ұлттық нарықтарға, жаңа жұмысбастылық түрлеріне және әлеуметтік қорғау жүйесін бейімдеуге ықпал ету сценариін бағалады. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында еңбек нарығының инфрақұрылымын цифрге көшіру және кадрларды даярлау жүйесінің түбегейлі өзгерістен өту мәселелері де кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, еңбек қорларының мобильділігі және шетелдік таланттардың келіп қосылуы, инклюзивтілікке бағытталған белсенді жұмысбастылық саясатын дамыту, нысаналы топтарды қолдауға арналған жаңа құралдар әңгімеге арқау болды.Форум барысында халықаралық ұйымдардың өкілдері еңбек нарығына өзгерістер әкеліп жатқан жаһандық беталыстар жайлы ақпарат берді. Әлемдік тәжірибесі мол сарапшылар әлемдік трендтердің дамыған және дамушы экономикаларға ықпал етуіндегі айырмашылық жайлы әңгімеледі. Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесі негізінде жұмысбастылық, білім беру және дұрыс әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзгерістерді басқару бойынша жоспарлар мен тәжірибелер таныстырылды.Форум аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылай қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Секцияға қатысуышлар заманауи технологиялардың халықаралық және жергілікті контекстіде әртүрлі еңбек дағдыларына деген сұранысқа әсерін, 21 ғасырда қажетті дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастырудағы білім берудің рөлін талқылап, Қазақстан еңбек нарығында тепе-теңдікті қалыптастырып жетілдіру үшін Ұлттық біліктіліктер жүйесін дамыту қаншалықты маңызды екендігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18958?lang=kk
Еңбек министрлігінде әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурстық орталықтың тұсаукесері өтті 11.04.2025
Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде адам ресурстарын дамыту, сондай-ақ қазақстандық әлеуметтік жұмыс жүйесін жетілдіру мақсатында БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының қолдауымен құрылған Әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурстық орталықтың тұсаукесері өтті.Кездесуді ашқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын ескере отырып, әлеуметтік мәселелерді және әлеуметтік қызметтерді шешу Ел саясатының маңызды бағытының бірі екенін атап өтті.«Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсарту үшін халықаралық стандарттарға сәйкес, бүгінгі күні біздің елімізде әлеуметтік қызметтердің жаңа түрлерін енгізу және әлеуметтік қызметтерді жаңғырту арқылы оның сапасын арттыру міндеті тұр. Осыған байланысты әлеуметтік қызмет көрсету мен көмек көрсетудің кешенді үлгісін енгізу басталды, ол әлеуметтік қызметкерлердің білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардағы жұмысын үйлестіру тетігін жетілдіруді көздейді, бұл мұқтаж азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.»-деді Мәдина Әбілқасымова.Әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында осы сала мамандарының білім деңгейі мен практикалық дағдыларын арттыру маңызды мәселе болып отыр. «Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласында 10 мыңнан астам әлеуметтік жұмысшы еңбек етіп келеді, олар арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж 116,8 мың адамға қызмет көрсетеді. Бұл ретте, аталған орталықтың алдында барлық деңгейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді жоғары, орта және жоғары оқу орнына дейінгі оқу орындарында кәсіптік даярлау стандарттарын жүйелендіру, сондай-ақ орталық және аумақтық деңгейде әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау бойынша үлкен міндеттер қойылған.» -деп атап өтті ведомства басшысы.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық бірлестік басшылары Әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурстық орталығының тұсаукесеріне қатысып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандырудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18706?lang=kk
Астанада «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауы өтті 11.04.2025
Биыл аталған байқаудың ұйымдастырушылары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Нұр Отан» партиясы болды.Іс-шара барысында байқауға қатысқан барлық жобалардың көрмесі және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.Конкурс тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмектесу, әлеуметтік салада еріктілерді дамыту секілді басқа да бағыттарға арналды. Конкурс елдегі проблемалық жағдайларға тап болған жандарды қолдауды қажет ететін қөзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ел бойынша 318 жоба авторы қатысып, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық болды.«Үздік әлеуметтік жобалар көрмесінің өткізілуі жыл сайынғы дәстүрге айналды, биыл ол республикалық деңгейге жетті және жобалардың саны айтарлықтай өсті. Тұрмыс жағдайында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өздерінің үлестерін қосатын көптеген адамдар бар. Жаңа жоспар шеңберінде біз қызметтерді көрсетудің халықаралық сапа стандарттарына көшуге тырысамыз, әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтілетін болады. Алайда жалпы қоғам, қоғамдық ұйымдар және әрбір қазақстандық мұндай белсенді болмаса, біз табысқа жете алмаймыз.» - деді Мәдина Әбілқасымова.Конкурс қорытындысы бойынша бір жеңімпаз анықталды, екінші орынды екі жоба авторы алса, үшінші орын үш адамға берілді. Одан бөлек, комиссияның шешімімен 5 арнайы сыйлық пен онлайн-дауыс беру кезінде ең көп «лайк» жинаған 3 жоба авторына да жүлде тағайындалды.Атап айтқанда, «Зейнеткерлерге тегін түскі ас» жобасымен қатысқан Рәсима Темірбаева – 1-орын, «Арбадағы кедергісіз өмір» жобасымен қатысқан Нұрболат Қарабасов пен «Ел назы» арт-терапиямен дамыту орталығы жобасымен қатысқан белгілі әнші Кенжебек Жанәбілов – 2-орын және «Үміт сәулесі», «Мейкатон «TOM: Kazakhstan» жобаларымен қатысқан Маржан Мәдиева мен Сәния Арапова 3-орын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18689?lang=kk
БЖТ төлеу жүктілік пен бала тууға, бір жылға дейінгі бала күтіміне байланысты жоғарылатылған көлемде әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді — М. Әбілқасымова 11.04.2025
Бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова БЖТ енгізу және оның еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмыссыз қалу, жүктілік пен бала туу, бір жылға дейінгі бала күтімі кезінде халықтың әлеуметтік төлемдер алуына әсері туралы айтып берді.Министрдің айтуынша, БЖТ еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу кезінде мемлекеттен төлем алуды, базалық деңгейде мемлекеттен – мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты (барлығына кепілдендірілген) берілетін жәрдемақы алуына мүмкіндік береді, яғни, Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер қосымша жүреді.Бұдан өзге, жүктілігі мен бала тууы, бір жылға дейінгі бала күтімі бойынша Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер мемлекеттік бюджеттен бөлінген аударымдарға қарағанда жоғарылатылған көлемде болады. Мәселен, бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттен 1 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы қарастырылған. Оған қоса, жүктілік пен тууға байланысты төлем тек Әлеуметтік сақтандыру қорынан беріледі.«Біздің есептеуіміз бойынша, әйелдер жүктілігі мен бала тууына байланысты 124 732 тг мөлшерінде төлем ала алады. Сондай-ақ, 1 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты төлем алады. Ослыайша, БЖТ төлеген әйел Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдерге үміткер бола алады», — деді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18658?lang=kk
Жұмыспен қамту, оқыту және шағын несиелендіру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың экономикалық құқықтары арттырылады 11.04.2025
Бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізу көзделіп отырған Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді.Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуы мәселесін пысықтау мақсатында, сондай-ақ сапалы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамтуды формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленді.Заң жобасы аясында қарастырылады:1. Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу арқылы формалды емес жұмыспен қамтылғандардың жұмысын заңдастыру бойынша жүйелі шаралар.2. «жұмыспен қамтылған тұлға» және «тәуелсіз жұмыскерге», сондай-ақ жұмыспен қамтылғандарға жататын санаттарға бірыңғай анықтама беру.3. әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамту туралы заңдарда төлемшілердің санаттарын біріздендіру.Заң жобасының жаңашылдықтарының бірі – формалды емес жұмыспен қамтылғандар үшін Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу мүмкіндік береді:• міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып, медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы және түрі бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қолжетімділігі;• жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу және жүйеге қатысу мерзіміне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу;• еңбек қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу, асыраушысынан айырылу, жүкті болу және босану, бала асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алу.Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген М. Әбілқасымова бір реттік төлемді — 2525 теңгені және ауылда 1263 теңгені төлеген соң азамат ең алдымен осылайша өз жұмысын формализациялайтынын атап өтті, яғни ол өз жұмысын ресми түрде тіркейді.Екіншіден, ол әлеуметтік қамсыздандырудың үш жүйесіне: МӘМС, базалық әлеуметтік қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жүйесіне қатысудың пайдасын көре бастайды.Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік саясат сонымен қатар басқа да бірқатар бағыттарды қамтиды.«Бұл біз нәтижелі жұмыспен қамту, оқыту және шағын несиелендіру бойынша жүргізіп отырған жұмыстарымыз. Біз мұның барлығы әлеуметтік қорғалу деңгейі мен кірістерді арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», — деді М. Әбілқасымова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18647?lang=kk
2018 жылғы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» өңірлік байқауы өз мәресіне жетті 11.04.2025
Еліміздің барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша байқау өз мәресіне жетті. Өңірлік байқауға ұсынылған 318 өтінімнен 49 жоба жеңімпаз атанды, олар Астанада өтетін «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесінде таныстырылатын болады.Ағымдағы жылы наурыздың 1-інен 30-шы маусымға дейін байқау шеңберінде үш жүзден астам автор өз жобаларын ұсынды, оның ішінде:1. «Тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 116 өтінім түсті;2. «Қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмек көрсету» бағыты бойынша 60 өтінім түсті;3. «Әлеуметтік салада еріктілер қозғалысын дамыту» бағыты бойынша 53 өтінім түсті;4. «Мүгедектігі бар тұлғаларды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау» бағыты бойынша 47 өтінім түсті;5. «Әлеуметтік проблемаларды шешудегі ақпараттық жылжу» бағыты бойынша 42 өтінім түсті.Республикалық кезеңнің үздік жұмыстарын байқау комиссиясы анықтайтын болады, қазіргі уақытта олар өңірлерден ұсынылған жобалармен танысуда. «Нұр Отан» партиясы мен Қазақтан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайттарында 22 тамыз бен 22 қыркүйек аралығында жүргізілетін онлайын дауыс беру нәтижесімен көрермен көз айымы жеңімпаздары анықталатын болады.Айта кететін жәйт, ағымдағы жылы ұсынылған өтінімдер саны екі есеге өскен. Егер 2017 жылы байқауға қатысу үшін 155 өтінім ұсынылса, осы жылғы өтінімдер саны 318-ге жетті. Бұл әлеуметтік жобаларға жұртшылық назарының жоғары болуы, сонымен бірге жергілікті жердегі қатысушылардың белсенді жұмыс есебінен жұмыспен қамтылуының кеңеюі болып отыр.Осы орайда байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау ағымдағы жылы қыркүйек айында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» көрмесін ұйымдастыру аясында өткізіледі.Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша жоба авторларына өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік берілетін болады. Олардың ішінен халықты қызықтырып қана қоймай, әрі қарай мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және басқа да мүдделі тұлғалардың қолдауымен тәжірибелерін жүзеге асыратынына біз сенімдіміз.Аталған байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың мәселелерін шешуге азаматтық қоғамның назарын аудару, толыққанды өмір сүру үшін тең мүмкіндіктерді жасау және шығармашылық деңгейін дамытуға бағытталғанын атап өткіміз келеді.Республикалық байқаудың ұйымдастырушылары Нұр Отан партиясы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоры.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18530?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады 11.04.2025
10 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау базасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымова азаматтарды қабылдады.Қабылдау барысында азаматтардың қойған сұрақтарының басым бөлігі мемлекеттік базалық зейнетақы, шипажайлық-курорттық ем алу, еңбек құқығының бұзылуы, мүгедектік алу және әлеуметтік көмек алу мәселелеріне қатысты болды. Қабылдау барысында әрбір өтініш білдірушіні тыңдай келе, Мәдина Әбілқасымова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім басшыларына тиісті тапсырма берді.«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ай сайын азаматтарды қабылдау өткізіледі. Бүгінгі күні қабылдауға 17 адам жазылды. Жалпы ай са йын министрлікке 40-қа жуық өтініш келіп түседі. Атап өтейін, біз азаматтардың тек жазбаша түрдегі өтініштерімен ғана емес, әлеуметтік желідегі өтініштермен де жұмыс істейміз» - деп атап өтті, Министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Д. Садуақасова.Қабылдау барысында тек Астана тұрғындары ғана емес, Алматы қаласы да бейне байланысқа шығып Министрге жеке сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18499?lang=kk
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады 11.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірде Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу барысымен танысу үшін Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді.Сапар барысында Премьер-Министр «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС ЖШС-не, №1 қалалық емханаға, ет өңдеу зауытына барды. Сонымен бірге, халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығында «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету әдістерімен және жалпы өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Облыс активі және бизнес өкілдерімен кездесуде жаңа жаһандық үдерістегі экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлардың жасалуы сөз болды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешені жұмысын, инвестиция тартуды, экономиканың негізгі салаларын арттыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, технологиялық жаңғырту және индустрия 4.0 элементтерін енгізу, цифрландыру, оқыту, жаңа жұмыс орындарын құру және экономиканы одан әрі әртараптандыру мәселелері айтылды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымов жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру туралы баяндады. Оның айтуынша, жұмыспен қамту саласындағы негізгі міндеттер қазіргі кезде жұмыс күшінің ағымын басқару, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту, дербес және бейресми жұмыспен қамтылған халықтың мәртебесін анықтау және тіркеу үшін Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жұмысшылардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік жағдайын қорғау мәселелері талқыланды.Ақмола облысында 2018 жылдың бірінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 429 мың адамды құрады, оның 408 мыңы жұмыспен қамтылған, ал жұмыссыздар - 20 мың адам. Жұмыспен қамтылу құрылымында 275 мың адам жадамалы жұмысшылар (67%) және 133 мың өздігінен жұмыс істейтіндер (23%) болып отыр. Еңбек ақы деңгейіне сәйкес Ақмола облысы республикалық көрсеткіште 28% қалыс қалған.Өндірісті жаңғырту 6 кәсіпорында: «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «ЕПК Степногорск» АҚ, «Көкшетау Энерго» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Агрофирма «Родина» ЖШС, «RG GOLD» ЖШС сияқты өндірістерде іске асады. Олар жұмысшылар арасында жұмыс ресурстарын босатпай-ақ, компанияда қайта бөлуді жоспарлап отыр.Еңбек ресурстарын басқару үшін облыстың әкімдігі барлық ірі кәсіпорындармен өзара Жол картасына қол қойды. Онда негізінен тау-кен өндіру, өңдеу және сауда салалары қамтылған. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі құралы, - деп атап өтті Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова. Осы мақсатқа биыл Ақмола облысы үшін 4,6 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде, бүгінге дейін облыста аталған бағдарламаға 8,9 мың адам қатысып, оның ішінде 7,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, 4,6 мың адам (51,6%) тұрақты жұмыспен қамтылды. .Шағын және орта кәсіпкерлік секторы жұмыспен қамтылған өңірдің үштен бірін (31,2% немесе 127,2 мың адам) құрайды және оның әлеуеті басым болып тұр. Осылайша халықтың табысы мен олардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру маңызды міндет болып табыладыОсыған орай, Мемлекет басшысының төртінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асырылуын ескере отырып, биыл Ақмола облысында халықты микрокредиттеу үшін 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту жайында баяндаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ақмола облысында барлық 19 жұмыспен қамту орталығы электронды еңбек биржасына қосылғанын атап өтті. Десе де, бұл жүйе әлі де толық пайдаланылмай отыр. Министрдің тағы бір тоқталған мәселесі азаматтардың мәртебесін өзектендіру. Жыл басынан бері аймақтағы 125 мың адамның бүгінге дейін 42,7 мыңның (34%) мәртебесі анықталды. Ал, мәртебесі анықталмаған тұлғалардың қызмет орындарын, оларға жұмыс берушілерді анықтау, келісімшарттар жасасу және еңбек қатынастарын бұзуды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда.2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы басталды. Ағымдағы жылы Ақмола облысында аталған форматты іске асыру үшін 457,8 млн теңге қарастырылған.Сөз соңында министр Ақмола облысының әкімдігіне тұрғындарды сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында аталған тапсырмаларды орындауды күшейтуді тапсырып, бұл өз кезегінде халықтың кірісі мен әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыратындығын ерекше атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18333?lang=kk
Еңбек вице-министрі Нұржан Әлтаев Маңғыстау облысындағы еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері туралы айтты 11.04.2025
Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын Жаңаөзен қаласы активімен және қоғам белсенділерімен бірге талқылады.Жұмыспен қамту, МӘСҚ енгізу, кәсіптік даярлау және жастарды жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Алтаев еңбек ресурстарының ағындары бойынша Жол картасын бағалау, нәтижелі жұмыспен қамту, өңірдің жаңа экономикасы мен еңбек ұтқырлығы үшін кадрлар даярлау бойынша міндеттер туралы баяндама жасады.Вице-министрдің айтуынша, 2001 жылдан бері жұмыс күші екі есеге, 146 мыңнан 296 мың адамға дейін ұлғайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатары 24 тен 66% -ға дейін азайды.«Маңғыстау облысы – жұмыс тапшылығы сезілетін өңірлерден көшіп баратын адамдар үшін еңбек күші мол аймақ. Осы жылы бұл аймаққа көшіп келушілер қатары екі есеге артты. Тағыда 2328 отбасын (9,4 мың адам) қоныстандыру жоспарда бар»- деді Нұржан Әлтаев.Сонымен қатар, вице-министр жұмыспен қамтылған облыстың білім беру құрамы бірегей болып табылады, себебі жұмыс істейтін аймақтың 72% -ы техникалық және кәсіптік білім алатындығына тоқталды. Бұл көрсеткіш барлық өңірлер арасында ең жоғарғы болып отыр. (ҚР 37%). Мектепте білім алған кадрлар 2%-ды құрайды (23% ҚР). Жалпы, Маңғыстау облысында нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін 3,3 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінде аталған бағдарламаға қатысушылар қатары 7,6 мың адам болды. 7,5 мың адам жұмысқа орналасса, оның 3,7 мыңы (49,3%-ы) тұрақты жұмыспен қамтылды.Елбасының бес әлеуметтік бастамасының төртінші бағытын іске асыру бойынша Маңғыстау облысына қосымша 1,3 млрд теңге (барлығы 2,0 млрд. теңге) бөлінді. Бұл қаражат ауыл мен қалалық жерлерде шағын несиелеу ауқымын кеңейтуге бағытталып отыр. Шағын несиемен кем дегенде 422 адамды қамту жоспарланып отыр.Вице-министр Н. Әлтаев өз сөзінде азаматтардың мәртебесін анықтауда атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Осылайша, жыл басында осы ақпараттық жүйелерді талдау кезінде 72,5 мың адам анықталып, олар ешқандай деректер базасында жоқ болып шықты. Дәл қазір 24 мың адамның (33%) мәртебесі анықталды.«Дегенімен аймақта әлі де 39,8 адамның статусы анықталмай отыр. Сондықтан Жаппай жұмыспен қамту бағдарламасына тұрғындарды тарта отырып, әкімдіктермен белсенді жұмыстар атқаруы керек» - деді Нұржан Әлтаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18310?lang=kk
Нариман Мұқышев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 11.04.2025
Нариман Мұқышев 1984 жылы Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында дүниеге келген.2007 жылы Сүлеймен Демирель атындағы университетті, 2011 жылы — Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы — инженер–жүйе технигі, іскерлік әкімшілендіру мастері.Еңбек жолын 2005 жылы бастаған.2005–2014 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ маманы, жетекші маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, инновациялық технологиялар департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.2014–2017 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ инновациялар және АТ жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18308?lang=kk
Министр М. Әбілқасымова Халықаралық еңбек конференциясының 107-ші сессиясының жұмысына қатысты 11.04.2025
2018 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Халықаралық еңбек конференциясының 107-ші сессиясына қатысу үшін Женеваға барды.Биылғы конференцияда жұмыс орнындағы ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету басты тақырып болды.Сонымен бірге, талқыланған мәселелер арасында үкіметтер, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік диалогты дамыту, жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты болдырмау, тұрақты дамуды жүзеге асырудағы ынтымақтастық, ХЕҰ-ның бірқатар ескірген конвенциялары мен ұсынымдарының күшін жою жағдайлары да сөз болды. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, жұмыс берушi ұйымдар және кәсiподақтар өкілдерiнен тұратын Қазақстан Республикасының үшжақты делегациясы Халықаралық еңбек конференциясына қатысады.Министр Мәдина Әбілқасымова сапар аясында ХЕҰ Бас директоры Гай Райдермен, АҚШ Сауда өкілі көмекшісінің орынбасары Эрланд Херфиндалмен, АҚШ делегациясының басшысы, Еңбек департаментінің Халықаралық еңбек бюросының директоры Роберт Шепардпен, Жұмысшылар бюросының директоры Мария-Елена Андре және жұмысшылардың жұмыс істейтін ұйымдары бөлімінің басшысы С. Гловацкаспен екі жақты кездесу өткізді. ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Хайнц Коллермен және Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша ХЕҰ аймақтық кеңсесі басқармасының басшысы Ольга Кулаевамен де жүздесті. Осы және басқа да кездесулердің шеңберінде ҚР-дағы әлеуметтік сақтандыру реформасы, халықаралық тәжірибемен алмасу, ХЕҰ миссиясының Қазақстанға сапары және Жол картасын жүзеге асыру нәтижелері, сондай-ақ кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің әлеуметтік әріптестік жүйесіне қатысу мәселелері талқыланды.Иранның еңбек министрі Әли Рабиамен кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағыттары, оның ішінде 2016 жылы өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген екі жақты байланыс мәселесі жан-жақты талқыланды. Айта кету керек, биыл 7 маусымда Конференция аясында Дүниежүзілік еңбек саммиті өтеді, онда жұмыспен қамтудың маңыздылығы және бейбітшілік пен тұрақты дамудың лайықты қарекеттері талқыланатын болады. Конференция 8 маусымға дейін жалғасады. Еске сала кетейік, Қазақстан 1992 жылдан бастап Халықаралық Еңбек Ұйымының мүшесі болып табылады, сонымен бірге оның стандарттарына және ұлттық тәжірибеге сәйкес ХЕҰ алдында өз міндеттемелерін толық орындайды.ХЕҰ-мен бірлесіп жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақстанда заңнамалық негізде жүзеге асырылатын міндеттемелер бойынша 24 конвенция (8 негізгі, 4 директивті, 177 техникалық, оның 12-і) ратификацияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18302?lang=kk
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу туралы 11.04.2025
Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеуге арналған баспасөз-конференциясы өтті.Осы іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Жақыпова С.Қ. қатысты.Жақыпова С.Қ. Мемлекет Басшысы өзінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2018 жылғы 1 шілдеден базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа 1,8 есе ұлғаяды деп атап өтті.Барлық зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға мемлекет бюджеттен төлеп отырған базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады.Аталған өзгерістер барлық зейнеткерлерге қатысты болады. Саны бүгін 2 млн-нан астам адам болатын қазіргі барлық зейнеткерлерге базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде біржолғы жүзеге асырылады.Алдағы уақытта зейнеткерлікке шығатын адамдарға базалық зейнетақының мөлшері жаңа әдістеме арқылы белгіленетін болады.Қайта есептеу қосымша құжаттар талап етілмей жүргізіледі, себебі еңбек өтілі туралы мәліметтер зейнетақы істерінде бар, ал міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңдері міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы дерекқорында бар» - деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18300?lang=kk
Еңбек министрлігінің қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті 11.04.2025
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақупова бастаған аталған министрлік қызметкерлері «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде болды.Мұражай-мемориалдық кешеніне барған министрлік ұжымы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды және кешен аумағында ағаш көшеттерін отырғызды.«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізсіз репрессияға ұшыраған және ақталған тұлғаларға ақшалай өтемақы төленеді.2003 және 2017 жылға дейінгі кезеңде республикалық бюджеттен бұл бағытқа 2,9 млрд. теңге біржолғы ақшалай өтемақы төленді.Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлерлік жастағы адамдар әлеуметтік жәрдемақының басқа түрлеріне қарамастан, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны да алады.2005 жыл мен 2017 жыл аралығында арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға республикалық бюджеттен 8,9 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, төленді. Биылғы жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және саяси құрбандар қатарынан арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алушылар саны 34 682 адам болды.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын азаматтардың ақшалай қаражаты бірқатар қосымша құқықтар мен жеңілдіктерге ие.Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдар жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша, қоғамдық бірлестік басшыларымен осы санаттағы азамттардың құқықтары мен құзыреті шегінде тиісті көмек көрсету және басқа да көмек түрлерін ұсыну үшін жергілікті бюджет есебінен қосымша шаралар белгіленген.Сонымен қатар, қолданыстағы заң бойынша он сегіз жасқа толмаған және ата-анасының қамқорынсыз қалған саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары, ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдар саяси қуғын-сүргін көргендер қатарына жатқызылады.Сонымен бірге қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында саяси репрессиядан зардап шеккен балаларды, сондай-ақ олардың ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтуды көздейтін заң жобасы бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18297?lang=kk
СІМ-де шетелдік БАҚ арасындағы байқау жеңімпаздары марапатталды 11.04.2025
АСТАНА, 21 тамыз – Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты төртінші халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауды ҚР СІМ және Қазақстанның Бас редакторлар клубы бірлесіп өткізді.Әзербайжан, Израиль, Италия, Канада және Корея Республикасының авторлары байқау жеңімпаздары атанды.Жеңімпаздарды құттықтай отырып, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов заманауи қоғамдағы кәсіби журналистиканың маңызды рөлін атап өтті. «Ол көпшіліктің ой-пікірін қалыптастыратын, іске қозғалтатын күш болып танылады», - деді ол. Бұл саланың жоғары деңгейін, шығармашылығын, әділдігін әрі бейтараптылығын қолдауды Министрлік өзіне абырой санайды. Қ. Әбдірахманов шетелдік журналистерді Қазақстанда «Үшінші жаңғыру» шеңберінде атқарлып жатқан саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басымдықтары туралы хабардар етті.Байқау туралы айта келіп, ҚР Сыртқы істер министрі биылғы жылғы өтініштер санының көбейгенін атап өтті: әділқазылар алқасы 29 елден 83 жарияланым алды. Көбісі Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналды. Бұл шетелдік БАҚ-тардың халықаралық көрмеге деген үлкен қызығушылығын растайды. Осы жылдың шілде айында бес өңірдің әрқайсысынан байқаудың бір жеңімпазы анықталды.Әзербайжандық «1news.az» ақпараттық агенттігінің тілшісі Парвана Султанова ТМД және Балтық елдерінің авторлары арасынан жеңімпаз болып таңдалды. Еуропа елдерінен жарысқа қатысқандардың арасынан үздік мақаланы «Vocal Europe» тілшісі, Италия азаматшасы Илария Капитанио жариялады. Американдық авторлар арасында «Wildlives.co» ресурсында мақала жариялаған Томас Тейлор жеңімпаз атанды. «The Korea Herald» газетінің тілшісі Джоэл Ли Азия, Аустралия және Океания елдерінің авторлары ішінен жеңімпаз болып таңдалды. Таяу Шығыс пен Африкадан «The Jerusalem Post» газетіндегі мақаласы үшін израильдік Уди Шахам жеңімпаз жарияланды.Мадақтама мен естелік кәдесыйларға қоса, жеңімпаздар Қазақстанға, атап айтқанда Астана, Алматы және Бурабайға сапармен марапатталды. Сапар барысында қонақтар «ЭКСПО-2017» көрмесіне бару, Қазақстанның мәдени және тарихи нысандары мен еліміздің заманауи сәулет өнерімен, көркем табиғатымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Марапаттау салтанатында Қ. Әбдірахманов журналистердің Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін байқау серіктестеріне шынайы ризашылығын жеткізді.Салтанатты рәсімге Бас редакторлар клубының Президенті Ерлан Бекқожин, дипломатиялық корпус және байқау серіктестер – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «LOT Polish Airlines» әуекомпаниясы, «Rixos Borovoe» және «Ramada Plaza Astana» қонақүйлері, сондай-ақ «Арғымақ» көлік компаниясының өкілдері қатысты.«LOT Polish Airlines» авиакомпаниясының ресми өкілі Адриан Кубицкий «ЭКСПО-2017» қарсаңында мамыр айында ашылған «Варшава – Астана» тікелей рейсінің поляк және еуропалық жолаушылар арасындағы танымалдылығын атап өтті. Оның ойынша, халықаралық БАҚ-тардың Қазақстанға қызығушылығы, осындай байқауларға да орай, еліміздің тартымды туристік бағыт ретінде танымал болуына жағдай жасайды.Жеңімпаздарды Астана қаласында аккредиттелген Әзербайжан, Канада, Италия және Корея Республикасы дипломатиялық миссияларының басшылары мен лауазымды өкілдері де құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/18286?lang=kk
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербоның Бірлескен мәлімдемесі 10.04.2025
1. Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне орай ядролық сынақтарсыз бейбітшілікке жету үшін біз әзір екенімізді мәлімдейміз және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне түпкілікті енуіне өзіміздің бел байлағанымызды растаймыз.2. 1991 жылдың 29 тамызда Семей полигонын жабу туралы Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімі қуатты саяси серпiн бердi және соңында 1996 жылы ЯСЖТШ қабылдауға әкелген халықаралық күш-жигерлерге айрықша үлес қосты. Шарттың қабылданған сәттен бастап, Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың ұйымын (ЯСЖТШҰ) түбегейлі қолдайды және сайып келгенде ядролық қаруды толық жоюын қолдауға әзірлігін паш етеді. Осыған орай, 2008 жылы Семейде инспекциялар бойынша ЯСЖТШҰ-ның алғашқы ауқымды кешенді дала жаттығуы өткенін атап өткен жөн.3. Шарттың XIV бабында көзделген процестің тең төрағасы ретінде Қазақстан Жапониямен бiрге ЯСЖТШ күшіне енуіне жәрдемдесудегі жаһандық күш жигерлерінде жетекші рөл атқарады.4. Қазақстан 2017-2018 жыл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану нығайтуға бағытталған халықаралық күш-жігерді қолдауды талмай жалғастыруда, сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ядролық қарудың қауіп-қатерлерін баса назар аударады.5. Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнінде біз қол жеткізген жетістіктерімізді еске алуымыз керек. ЯСЖТШ- нің әмбебап мәртебесі бар: бүгінгі күнде Шартқа 183 мемлекет қол қойған және 166 мемлекет ратификациялаған. Сондай-ақ, ЯСЖТШ-ның Халықаралық мониторинг жүйесі (IMS) аяқталуға жақын. Ол өзінің пәрменділігін және тиімділігін дәлелдеді. Біз халықаралық қауіпсіздік пен сенімді нығайту үшін Шарт мониторингі жүйесінің шешуші рөліне сенімдіміз және оны әрі қарай қолдауға бейілділігімізді растаймыз.6. Мақтауға болатын нәрсеге ие болғанымызға қарамастан, Шарттың өзі әлі де күшіне енуі қажет. Біз барлық қатысушы мемлекеттерді ядролық сынақтарға тыйым салу халықаралық құқықта міндетті сипат алудың оның күшіне ену үшін бар күш-жигерлерді салып келгенде шақырамыз. Сондай-ақ, біз барлық мемлекеттерді ядролық сынақтарға мораторийді сақтауды жалғастыруға шақырамыз.7. Біз Шартқа қол қоймаған және / немесе ратификацияламаған мемлекеттерді одан әрі кешіктірусіз жүзеге асыруға шақырамыз. Атап айтқанда, біз Шарттың күшіне енуі үшін ЯСЖТШ №2-қосымшадағы ратификациясы қажет қалған сегіз елді көшбасшылық көрсету және осы маңызды қадамды жасауға шақырамыз.8. Ядролық қарудың таралуын және ядролық сынақтардың қайта басталуы мүмкіндіктеріне байланысты алаңдаушылық жағдайына, Қазақстан мен ЯСЖТШҰбарлық мемлекеттерді Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық күніне арналған іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ Шарттың күшіне енуі үшін барлық мүмкіндікті жасауға шақырады.9. Өзіміз және болашақ ұрпақ үшін біз Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың кідірместен күшіне енуіне қол жеткізуге міндеттіміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/18156?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова бірінші халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумына қатысты 10.04.2025
Ақтөбеде аптаның жұмасы 11 мамыр күні «Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ-дың өзара серіктестігі» атты бірінші халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумы басталды.Екі күндік форум жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Раушан Сәрсембаева, Қазақстан, Израиль, Түркия, Польша, Грузия және Қырғызстанның әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы бірқатар қоғам қайраткерлері мен сарапшылары қатысуда.Алқалы жиынға қатысушылар халықаралық тәжірибе мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың жаһандық үрдістерін талқылайды. Форум қортындысы бойынша, тиісті шешімдер қабылданып, бірнеше меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде. Сонымен қатар, форум аясында Ақтөбе облысында әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарында мастер-класстар ұйымдастырылып, B2B және B2S форматында кездесулер өтеді.Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев форумға қатысушыларды құттықтай келе, әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының басты бағытының бірі екенін атап өтті.Оның айтуынша, бүгінгі күні барлық әлеуметтік мәселелерді тек мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың күшімен ғана емес, бұл процеске кәсіпкерлерді де белсенді түрде тарту қажет. Бұл ретте, Ақтөбе облысындағы тәжірибе әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызды мәселелерін шешуде өзінің айқындығын көрсетті. Яғни, кәсіпкер де, мемлекет те және халық та табысқа жетіп отыр. Тек 2017 жылы облыста бюджеттен тыс бірнеше қор есебінен құны 29 млрд. теңге болатын 73 әлеуметтік жоба іске асырылғаны осыған дәлел.«Біз кәсіпкерлікті белсенді дамыту бағытында жұмыс істеп келеміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 52 мыңға жетті, бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр. Біз кәсіпкерлер үнемі әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аударамыз.», - деді облыс басшысы.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өз кезегінде қазақстандық қоғамды одан әрі жаңғырту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және ел экономикасының өсуін қолдау Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасында анық көрсетіліп, оны жүзеге асыру маңызды қадам екендігін атап өтті. «2018 жылы мақұлданған бюджетте микрокредиттеуді кеңейтуге 42 млрд теңге қарастырылған, соның ішінде ауылдық жерлерге 31 млрд теңге, қалалар мен моноқалаларға - 11 млрд теңге бөлінді. Мемлекет Басшысының тапсырмасымен микрокредиттерді қаржыландыру көлемі қосымша 20 млрд. теңгеге ұлғайды. Нәтижесінде шағын несиемен 14 мыңнан астам адам қамтылып, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге артық болады» - деді министрі.Ведомства басшысы сондай-ақ, бұл бастама бір уақытта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын құру, аз қамтылған халықтың кірісінің өсуіне, сонымен бірге өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу бойынша алда тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Сонымен бірге Мадина Әбілқасымова «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бизнесті қолдау бағдарламасы және халықаралық қаржы институттарының әр түрлі бағдарламалары арқылы жүзеге асырылатын әйелдер арасындағы бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету жайына да тоқталды.«Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ-дың өзара серіктестігі» атты форум қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18137?lang=kk
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың жаңа орталығы ашылды 10.04.2025
Инклюзивті жобалау орталығы «ELAMAN» әлеуметтік инновациялық жобалар қоғамдық қорының» төрағасы мен қоғам белсендісі Алмас Ержанның бастамасымен құрылды. Орталықтың салтанатты ашылуына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қатысып, мұндай орталық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін аса пайдалы екенін атап өтті. «Барлық құқық қорғаларда қандайда бір кемсітудің элементтері болмауы тиіс. Сондай-ақ олардың конституциялық, сайлау құқығы, әлеуметтік жеңілдіктер мен білім алуға толық құқығы бар және ол жүзеге асырылады. Менің ойымша, орталық жаңа идеялар мен көзқарастарды қалыптастыратын тағы бір ошаққа айналады», - деп өз ойымен бөлісті Светлана Жақыпова.Өз кезегінде, іс-шараның ашылу салтанатында Алмас Ержан Орталықтың алдында атқарылатын үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті«Біз команда жинадық, кеңсені жалға алып, мүгедектердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оны жөндеуден өткіздік. Бұл ұзақ мерзімді жоба және бізде көптеген жоспарлар бар. Атап айтқанда, сапаршыларды даярлайтын курстар ұйымдастырамыз, қолжетімді ортадағы волонтерлерді дайындаймыз, әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысқысы келетіндерге тәжірибеден өтуде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін заңгерлік кеңестер береміз», - деді Алмас Ержан. Аталған орталық мемлекеттік органдар және компаниялармен біріге отырып, әртүрлі санаттағы мүгедектерді психологиялық даярлау және ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу мақсатында кешенді сүйемелдеу қызметтерін жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18069?lang=kk