Enbekshi QazaQ

Экономика

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті 17-отырысы өткізілді 14.04.2025
2019 жылғы 18 қарашада ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті 17-отырысы өткізілді.Комиссия отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың антиядролық және басқа да сыртқы саяси бастамаларын іске асыру, елдің ядролық және биологиялық қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ экспорттық бақылау желісі мен халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл мәселелерін күшейту тақырыптары болды.Сонымен қатар, Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Төмен байытылған уран банкін ашу және тиісті мамандарды дайындау мәселелері Комиссия қызметінің бақылауында.Комиссия отырысына қатысқан министрліктер мен ведомстволардың басшылары бұдан бұрын берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы хабарлады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35761?lang=kk
Алматыда Орталық Азия өңірі үшін Орнықты даму саласындағы гендерлік мақсаттарды (ТДМ) ұлттандыру және оқшаулау жөніндегі шараларды ілгерілету бойынша өңірлік сараптамалық кездесу өткізілді 14.04.2025
2019 жылғы 13-14 қарашада Алматы қаласында Орталық Азия өңірі үшін Орнықты даму саласындағы гендерлік мақсаттарды (ОДМ) ұлттандыру және оқшаулау жөніндегі шараларды ілгерлету бойынша өңірлік сараптамалық кездесу өткізілді.ҚР Сыртқы істер министрлігінің «БҰҰ-Әйелдер» құрылымымен бірлесе ұйымдастырылғын кездесу 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы күн тәртібі шеңберінде қабылданған гендерлік теңдік саласындағы міндеттемелерді орындау үшін қолда бар барлық ресурстарды жұмылдыру мақсатында үкіметтердің, БҰҰ жүйесінің, азаматтық қоғамның, жеке сектордың және басқа да мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев өз баяндамасында 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған гендерлік мақсаттар мен күн тәртібінің көрсеткіштерін іске асыру жөніндегі ұлттық күш-жігерді қолдау мақсатында «Орталық Азия елдеріндегі орнықты дамудың гендерлік мақсаттарын ұлттандыруға жәрдемдесу» атты үш жылдық жобаны іске асырылғанын атап өтті.Жоба гендерлік теңдік пен әйелдер құқықтарын ілгерлетуге, өңірлік диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ОДМ-ның гендерлік теңдікті ілгерлетудегі іске асырылуын мониторингілеу үшін Орталық Азия елдеріндегі азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аудара отырып, ОДМ ұлттандыруға және оқшаулауға тұтас көзқарасты қалыптастыру жөніндегі ұлттық әріптестердің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.Іс-шараға Орталық Азия елдерінің мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.Конференция шеңберінде Е.Ашықбаев БҰҰ-Әйелдер Құрылымының Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директорының орынбасары Блерта Челамен кездесу өткізіп, «БҰҰ-Әйелдер»-мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, гендерлік саясат саласындағы келешек жобаларды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35693?lang=kk
Мәскеу қаласында Қазақстан-Ресей консулдық консультациялары өтті 14.04.2025
2019 жылғы 14-15 қарашада Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі арасында екі мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен консулдық консультациялардың кезекті раунды өтті.Кездесу барысында тараптар қос мемлекет азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ консулдық-құқықтық саладағы екіжатқы және көпжақты келісім-шарттар мен конвенциялардың орындалу мәселелерін талқылады.Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар консулдық мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынастарды тұрақты негізде жалғастыруға ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35690?lang=kk
Қазақстан мен Италия стратегиялық әріптестік рухында жемісті ынтымақтастықты нығайтуда 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 14 қараша – Қазақстан мен Италия 2009 жылғы 5 қарашада Римде қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы екіжақты шарттың 10 жылдығын атап өтуде. Қазақстандық-итальяндық қатынастар үшін осы іргелі құжатты сәтті іске асыру мәселесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Нұр-Сұлтанға жұмыс сапарымен келген Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Манлио Ди Стефано талқылады.Тараптар екіжақты саяси ынтымақтастықтың жағдайы мен нығайту перспективаларын талқылап, халықаралық аренада өзара ықпалдастық бойынша ортақ ұстанымдарын растады.Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылып, Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуеті, Қытайдың «Белдеу және Жол» бастамасын іске асыру тұрғысында Қазақстан, Қытай және Италия арасында өзара іс-қимылдың маңыздылығы аталып өтілді.Италия Сенатының Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялауы жағымды қабылданды.Сапар барысында итальян дипломаты «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовпен, Қаржы, Ауыл шаруашылығы және Экология министрліктерінің басшылығымен кездесулер өткізді.Сонымен қатар, М.Ди Стефано «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен бірге ұйымдастырылған Қазақстан-Италия бизнес-форумында сөз сөйледі.Анықтама: Италия Қазақстанның бүкіл әлемнің сауда серіктестері арасында екінші және ЕО елдері арасында бірінші орын алады. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 6,9 млрд АҚШ долларын құрады (оның ішінде экспорт - 5,9 млрд АҚШ доллар, импорт - 1 млрд. АҚШ доллар). Сонымен бірге, 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының экономикасына итальяндық тікелей инвестициялардың көлемі 5,8 млрд. АҚШ долларға жетті. Қазақстан Республикасында итальяндық қатысуымен 164 кәсіпорындары тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35687?lang=kk
KAZAKH INVEST: Қазақстан экономикасына салынған итальяндық инвестиция көлемі 6,6 млрд. АҚШ долларын құрады 14.04.2025
2019 жылы 13 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстанға жұмыс сапары аясында алғашқы Қазақстан-итальян бизнес-форумы өтті.Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстанға жұмыс сапары аясында ұйымдастырылған іс-шараға екі елдің іскер топтары, ұлттық компаниялары мен мемлекеттік органдарының 200-ден астам өкілдері қатысты.Форум барысында энергетика, ЖЭК, мұнай-химия, өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласындағы жобаларды дамыту перспективалары талқыланды. Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын итальяндық бизнесмендер біздің еліміздегі қызметтен алған әсерлерімен бөлісіп, инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайларды ескере отырып, Италияның іскерлік қауымдастығының өкілдеріне Қазақстан Республикасындағы іскерлік мүмкіндіктерді зерделеуді ұсынды.Өз сөзінде Италияның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Манлио Ди Стефано Тәуелсіздік және нарықтық экономикаға өту жылдары Қазақстан экономиканың тұрақты дамуы мен қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ете отырып, айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенін, Қазақстан мен Италия арасындағы табысты және тиімді қарым-қатынастардың жоғары деңгейіне қол жеткізгенін атап өтті. «Бүгінгі бизнес-форум екі ел арасындағы экономикалар мен іскерлік байланыстарды дамытуға серпін беретініне сенімдімін. Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен мүмкіндіктер бар», - деді М. Ди Стефано мырза.Өз кезегінде, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров екі елдің бизнесмендерін іскерлік байланыстарды белсенді жолға қоюға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақыра отырып, Қазақстан мен Италия инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. «Біздің елдеріміз арасында экономикалық салада, әсіресе баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру сияқты үш басым секторларда екіжақты әріптестікті кеңейту мен тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар. Біздің елімізде «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы жұмыс істейді, ол ағымдағы және әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді, инвестициялық жобаларды идеядан оны іске асыруға дейін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Жалпы, шетелдік және ұлттық инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімді білдіремін», - деді спикер.Форум барысында машина жасау және тамақ өнімдері жобаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қазақстандық тарап форум алаңында өздерінің мүмкіндіктерін таныстырумен қатар, B2B форматында итальяндық серіктестермен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.Мысалы, «Павлодар «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері «Naba Carni» компаниясының басшылығымен Павлодар өңірі аумағында жылқы етін қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, Павлодар ӘКК делегациясы мен «Rota Guido» компаниясы арасында агро-өнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы инвестициялық жобаны қарау туралы келісімге қол жеткізілді.Бірінші қазақстандық-итальяндық бизнес форумды Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасының Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ және «ITA italian trade agency» компаниясы. ұйымдастырды.Естеріңізге сала кетейік, Италия Еуропа Одағы елдері арасында Қазақстанның ірі сауда әріптесі және еліміздің экономикасына жетекші инвесторлардың бірі болып табылады.Бүгінде Қазақстан экономикасына құйылған итальяндық инвестициялардың көлемі 6,6 млрд. АҚШ долларын құрады.Қазақстанның Италиямен сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың 8 айында 6,7 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы, Қазақстанда итальяндық капиталдың қатысуымен 270-ке жуық компания жұмыс істейді.Форум барысында тараптар қол жеткізілген келісімдер мен қабылданған шешімдер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін серпін бергенін, сондай-ақ екі мемлекеттің іскер топтарының әріптестігінің жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларын белгілегенін атап өтті. «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. KAZAKH INVEST ел Үкіметінің атынан «бірыңғай келіссөз жүргізуші» рөлінде сөз сөйлей отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті түрлі рұқсаттар мен келісулерді, тіркеуді алуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді.Қазақстан экспорты отын-шикізат бағытын (шикі мұнай мен газ конденсаты, битуминозды минералдардан алынған мұнай өнімдері, мазут, сондай-ақ бидай. Маңыздылығы бойынша екінші топ металдар мен олардан жасалған бұйымдар (мырыш, алтын, мыс және ферроқорытпа) қамтиды.Италиядан импортталатын негізгі тауар топтары халық тұтынатын тауарлар болып табылады, сондай-ақ машиналар мен жабдықтар басым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35684?lang=kk
Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық жаңа серпін алуда 14.04.2025
БРЮССЕЛЬ, 2019 жылғы 13 қараша – Қазақстанның басшылығы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл ынтымақтастық Еуропалық комиссияның жаңа құрамы өкілеттік алып, сондай-ақ ҚР мен ЕО арасындағы кең ауқымды келісімінің толық күшіне енуімен жаңа елеулі серпін алады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Брюссельдегі Euractiv медиа агенттігінің алаңында 13 қарашада өткен «Қазақстанның жаңа басшылығы: ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарға қандай әсер болады?» атты дөңгелек үстел барысында баяндады. Қазақстандық дипломатпен бірге іс-шара барысында спикерлер ретінде Еуропа Парламентінің депутаты Андрис Америкс, Орталық Азия елдерімен қатынастар бойынша Еуропарламент делегациясы басшысының орынбасары, «Еуропалық көршілік саясаты жөніндегі кеңесі» ғылыми-зерттеу орталығының басқарушы директоры Самуэль Вестербай, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің Орталық Азия бойынша басқармасы басшысының орынбасары Филипп ван Амерсфорт, сондай-ақ Еуропалық сауда жөніндегі комиссияның бас директоратының Қазақстан бойынша үйлестірушісі Жоселин Гиттон сөз сойледі. «Дөңгелек үстелге» Еурокомиссия қызметкерлері, Брюссельдегі Еуроодаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, еуропалық сарапшылар қоғамдастығының және БАҚ өкілдері қатысты.Р. Василенко аудиторияны Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы қызметінің алғашқы қорытындыларымен, сондай-ақ оның Қазақстан халқына алғашқы Жолдауының негізгі ережелерімен және Президенттің ішкі және сыртқы саясатының басымдықтарымен таныстырды. Ол 2019 жыл Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны қабылдау және 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімінің (КӘЫК) ратификациялау процедурасының аяқталуы аясында екіжақты қарым-қатынастар тарихында маңызды болғанын атап өтті. Қазақстан басшылығының Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ұмтыласын растай отырып, қазақстандық дипломат Еуропалық Комиссияның жаңа құрамы қызметіне кірісуі мен КӘЫК-тің толық күшіне енуі ЕО-ның Қазақстанмен қарым-қатынастарына айтарлықтай жаңа серпін беретініне сенім білдірді.А. Америкс Қазақстан ЕО-ның саяси және экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік тұрғысындағы Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.Өз кезегінде, Ф. ван Амерсфорт ҚР-дағы құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған реформалары мен жақында құрылған сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға және әртараптандыруға бағытталған Қазақстанның Премьер-Министрі қатысатын Экономикалық және іскерлік мәселелер бойынша ҚР-ЕО диалогтық платформасының жұмысын қолдады.Ж. Гуиттон Қазақстан ЕО-ның Орталық Азия елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі болып табылатынына назар аударды: ЕО мен аймақ арасындағы сауданың 86%-ы біздің елге тиесілі. Оның айтуынша, Азия мен Еуропа арасында орналасқанына байланысты, Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуеті  елдің экономикалық өсуінің қуатты драйвері болуы мүмкін.2019 жылғы маусымда Қазақстандағы президенттік сайлау өткізілуінің байқауына қатысқан С. Вестербай азаматтық қоғамының елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғырту процессіне кеңінен қатысудың маңыздылығын атап өтті.Іс-шараға қатысушылар КӘЫК-тің тиімді іске асырылуы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтіп, сауда өсімінің, еуропалық технологиялар мен инвестицияларды тартудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың кепілі болады деген бірыңғай пікір білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35683?lang=kk
Брюссельде Ауған әйелдеріне арналған білім беру бағдарламасы таныстырылды 14.04.2025
БРЮССЕЛЬ, 2019 жылғы 12 қараша – «Берлемонт» ғимаратында – Еуропалық комиссияның орталық штаб-пәтерінде Қазақстан мен Өзбекстанда ауған әйелдерін оқыту бойынша Еуропалық Одақтың бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосу салтанатты рәсімі өтті.Іс-шараға Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Ауғанстанның ЕО жанындағы Елшісі Назифулла Саларзай, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің басшылығы, Халықаралық даму және ынтымақтастық жөніндегі Еурокомиссияның Бас директоры, сондай-ақ БҰҰДБ мен БҰҰ-Әйелдер жоғары өкілдері қатысты. Р.Василенко өз сөзінде Ауғанстандағы тұрақтылыққа жәрдемдесу және Орталық Азиядағы аймақтық бейбітшілік аймағын қалыптастыру Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылатынын тағы да растады. ЕО, Қазақстан және Өзбекстанның үшжақты білім беру бағдарламасы ауған әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау арқылы осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етуі тиіс.Осы бастама аясында 2025 жылға дейін Қазақстанның жоғары оқу орындарында Ауғанстаннан келген 40 студентті оқыту жоспарлануда. Оқыту ауыл шаруашылығы, қолданбалы статистика және тау-кен ісі сияқты мамандықтар бойынша жүзеге асырылатын болады. Тағы 10 қыз Өзбекстанда ауыл шаруашылығын меңгеретін болады. Р.Василенко ЕО-ға осы бағдарламаны іске қосу жөніндегі қазақстандық ұсынысты қолдағаны үшін, атап айтқанда, оны қаржыландыруға 2 млн.еуро бөлгені үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ БҰҰДБ мен БҰҰ-Әйелдер ұйымына бағдарламаның практикалық имплементациясын өз мойнына алғаны үшін ризашылығын жеткізді.Оның айтуынша, «бағдарлама Орталық Азия елдері ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің жаңа көрінісі аясында өңірдің ортақ дамуы үшін тиімді шешімдерді бірлесіп ұсына алатын және жүзеге асыратын тамаша үлгі болып табылады». Сонымен қатар, бұл бастама Брюссель мен Орталық Азия астаналарының Орталық Азия бойынша Еуроодақтың жаңа Стратегиясын іс жүзінде іске асыру бойынша тиімді шешімдер ұсынуға дайындығын көрсетеді.Қазақстандық дипломат қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ БА-ның 74-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өз қызметімен Орталық Азияны да, сондай-ақ Ауғанстанды да қамтитын Тұрақты даму мақсаттары бойынша Өңірлік орталық құруды ұсынды. Бүгінгі күні іске қосылған бағдарлама он жеті мақсаттың алтауын – сапалы білім (№4 мақсат), гендерлік теңдік (№5 Мақсат), лайықты жұмыс және экономикалық өсу (№8 мақсат), теңсіздікті азайту (№10 мақсат), бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар (№16 мақсат) және тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік (№17 мақсат) қамтиды.«Біз алдағы уақытта бұл бағдарлама өзінің құндылығы мен табыстылығын дәлелдейді деп үміттенеміз, бұл, бұрын жоспарланғандай, оны кеңейтуге бағытталған жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Ол Еуразиядағы, Орталық Азиядағы, Еуропалық Одақпен, әсіресе Ауғанстанмен ықпалдаса отырып оған қатысты ынтымақтастықтың жаңа тетіктердің прототипіне айналады деп сенеміз», - деп мәлімдеді министрдің орынбасары. А.Камилов та, Р.Василенко да өз баяндамаларында халықаралық қоғамдастықты Ауғанстанды проблема ретінде емес, жаңа мүмкіндіктер көзі ретінде қарастыруға шақырғанын атап өткен жөн.Іс-шара аясында Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметі, БҰҰДБ және басқа да құрылымдар атынан, сондай-ақ Ауғанстанның ЕО жанындағы Елшісі атынан сөйлеген сөздерінде осы бағдарламаның бастаушысы болып, іске асырғаны үшін Қазақстан мен Өзбекстан тарапына жоғары баға мен алғыс сөздер айтылды. Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болған кезінде, әсіресе 2018 жылғы қаңтарда ҚК-дегі төрағалығы шеңберінде Ауғанстанды тұрақтандыруға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.Салтанатты шара аясында БҰҰ Даму Бағдарламасы ауған қыздарының тарихын баяндайтын, сондай-ақ олардың Қазақстанда алатын білімінің алдағы уақытта үлкен мүмкіндіктер ашатыны туралы сұхбаттарын көрсететін бейне-ролик ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35681?lang=kk
Вашингтонда Қазақстанның Достар тобы құрылды 14.04.2025
ВАШИНГТОН, 2019 жылғы 12 қараша - АҚШ Конгрессінде Қазақстанның достары тобының (кокус) құрылуына орай ресми қабылдау өтті. Қазақстанның достары тобы екіпартиялық ұйым болып, оның тең-төрағалары болып конгрессмендер Стив Шабот, Грегори Микс және Роберт Адерхольт бекітілді. Осы топтың құрылуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту әрі 2018 жылғы қаңтарындағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапарының, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы  қыркүйегіндегі Нью-Йоркқа сапарының қорытындылары бойынша екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Америка Құрама Штаттарында кокустардың дәстүрі 18 ғасырдан басталады, ол кезеңде кокус болып біріңғай саяси мақсатқа жету үшін құрылған ұйымдар саналған. Қазіргі уақытта достар тобы АҚШ-тың заң билігінде таралған. Демократиялық және республикандық топтар бар.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35676?lang=kk
Линц қаласында өткен үкіметаралық комиссиясының отырысында Қазақстан мен Аустрия арасындағы экономикалық ынтымақтастығының кең спектрі талқыланды 14.04.2025
ЛИНЦ, 2019 жылғы 11 қараша – Қазақстан мен Аустрия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында Линц қаласында Экономикалық, ауыл шаруашылық, экологиялық, техникалық, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тоғызыншы отырысы өтті.Отырыста қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, аустриялық тараптан – Аустрияның Цифрландыру және экономика федералдық министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат және еуропалық интеграция жөніндегі бас директоры Флориан Фраушер сөз сөйледі. Сонымен қатар, отырысқа екі елдің салалық министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.Қазақстан мен Аустрия арасындағы қатынастарда аймақтық мәнмәтіні екі елдің дербес өңірлері арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңыздылыққа ие болуда. Осыған байланысты ҮАК-тың кезекті отырысы Аустрияның астанасы Венада емес, Жоғарғы Аустрия федералдық мемлекетінің орталығы – Линцте өтті.«Қазақстан-Аустриялық ҮАК отырыстары, әдеттегідей, тарихи мәнге ие. Мәселен, 2016 жылғы қазанда Венадағы соңғы кездесу Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуы қарсаңында өтті. Бүгінгі кездесу де маңызды, себебі ол тұңғыш рет елордада емес, аймақта өткізіліп отыр. Бұл екіжақты ынтымақтастықтың аймақтық аспектісінің өсіп келе жатқан маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, біздің ҮАК шеңберіндегі кездесулеріміз биыл 10 жылға жетті», – деді өз сөзінде Р. Василенко.ҮАК күн тәртібіне сәйкес, тараптар Қазақстан мен Аустрияның қазіргі экономикалық жағдайы, екі елдің үкіметтері экономиканы дамыту бойынша асырып жатқан шаралар туралы пікірлер алмасты. Өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін растап, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, цифрландыру, коммуналдық шаруашылық және аймақтық ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.Қазақстанның тиісті ведомстволарының өкілдері аустриялық әріптестерін энергетика, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды жою, көлік және коммуникация саласындағы қазіргі жағдаймен таныстырды. Бірқатар салаларда ынтымақтастық құруға өзара мүдделілігін білдіре отырып, ҮАК қатысушылары бірлескен басым бизнес-жобалардың тізімін жаңартты және экономиканың нақты салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға келісті.Қазақстанның «ашық аспан» режимін енгізуі аустриялық тарапты ерекше қызықтырды.Қазақстандық дипломат «2019 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің 11 әуежайында «ашық аспан» режимі енгізілді. Шетелдік компанияларға «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесі беріледі. Бұл режим 3 жылға дейін ұзартылу мүмкіндігімен іске асырылады», – деп атап өтіп, еліміздің Нұр-Сұлтан мен Вена арасында тікелей әуебағыт ашуға мүдделілігін растады.Өз кезегінде аустриялық тарап Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне тоқталды. Аустрияның бірқатар ірі компаниялары Қазақстан нарығында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жеңіл өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешені саласында табысты қызмет атқаруда. Алайда, екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті әлі толығынан асырылған жоқ, әрі тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қарқыны мен көлемін белсенді түрде арттыруды жалғастыруы қажет.«Қазақстан Аустрия үшін өте маңызды серіктес. Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына зор мән береміз. Қазақстан өкілдері бүгін Линцте өтіп жатқан Жоғарғы Аустрия Экспорттық күніне қатысқаны аса қуантады. Сондай-ақ, Қазақстанда 50-ге жуық аустриялық компания табысты жұмыс істеп жатқандығын ерекше қанағатпен атап өткім келеді. Мұның бәрі ҮАК-тың жұмысы оң қолданбалы әсерге ие екендігін білдіреді », – деді Аустрияның ҮАК тең төрағасы Ф. Фраушер.ҮАК отырысының соңында тараптар Қорытынды хаттамаға қол қойып, келесі 10-шы кездесуді Қазақстанда өткізуге келісті.Линцке сапары барысында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко Жоғарғы Аустрия жер үкіметінің экономика және инфрақұрылым бойынша министрлері Маркус Ахляйтнер және Гюнтер Штайнкельнермен келіссөздер өткізді. Кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Аустрия облыстары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегін талқылады. Бұл тұрғыда сұхбаттасушылар Павлодар облысы мен Жоғарғы Аустрия арасындағы, сондай-ақ Вельс пен Орал қалалары арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумның мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35636?lang=kk
Қазақстан Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысады 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 11 қараша – ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа Стратегиясы шеңберінде Еуропалық даму бағдарламаларын іске асыруға Қазақстанның тиімді қатысуы біздің еліміздің және жалпы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болуы мүмкін. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Астана клубының 5-ші мерейтойлық отырысына қатысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына сапармен келген ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен өткен келіссөздерінің негізгі арқауы осындай.Сұхбат барысында экология, цифрлық даму, гуманитарлық алмасу және тұрақты өзара байланыс мәселелері секілді перспективалы бағыттар бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту мәселелерін қоса алғанда, халықаралық және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы 2019 жыл Орталық Азия бойынша жаңа Стратегияның қабылдануына және 2015 жылғы 21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған ҚР-ЕО кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау рәсімінің аяқталуы екіжақты қарым-қатынастар тарихында маңызды оқиға болғанын атап өтті. «Біз Қазақстан-Еуропа қатынастарын сапалы жаңа кезеңінің басталуын білдіретін осы стратегиялық құжаттарға үлкен үміт артамыз. Олардың табысты жүзеге асырылуы, бірінші кезекте, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға алып келетініне сенім білдіремін», - деді ол. Еуропалық дипломат Қазақстан Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны іске асыру бойынша Еуропада маңызды серіктес ретінде қабылданатынын атап өтті. П.Буриан еліміздің Орталық Азия мен Ауғанстандағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне ерекше тоқталып өтті. Осы орайда еуропалық тарап өңір үшін жалпы бюджеті 55,6 млн.еуроны құрайтын үш жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабардар етті. Бұл жобалар Орталық Азиядағы инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған.Кездесу аясында жоғары деңгейдегі кездесулерді, ынтымақтастық кеңеске, конференциялар мен «дөңгелек үстелдерге» қатысуды қамтитын ҚР-ЕО және ҚР-ОА ынтымақтастық форматы бойынша 2020 жылға арналған іс-шаралардың перспективті күнтізбесіне ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар Еуропалық Одақтың Қазақстанмен және өңірмен сындарлы ынтымақтастық әлеуетін іске асыру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.2019 ж. қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы 23,8 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 18,8 млрд. АҚШ долл., импорт – 5 млрд. АҚШ). 2018 жылы тауар айналымы 37,7 млрд. (экспорт – 31 млрд. АҚШ долл., импорт – 6,7 млрд. АҚШ долл.) құрады.2019 ж. І жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЕО елдерінен 5,4 млрд. АҚШ долл. тікелей инвестициялар тартылды. 2018 ж. Еуроодақтан жалпы ТШИ ағыны 11,6 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 ж. деңгейден 18,4% - ға жоғары (9,8 млрд. АҚШ доллары).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35635?lang=kk
«Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері туралы 14.04.2025
Алматы, 2019 жылғы 25 қазан – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұрынғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұңғыш Тұрақты Өкілі, Төтенше және Өкілетті Елші, тарих ғылымдарының докторы Акмарал Хайдарқызы Арыстанбековаға арналған «Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері өтті.«Өнегелі өмір» - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің түлектері болып табылатын көрнекті тұлғаларға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғалымдарға, оқытушыларға, Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласындағы ұйымдастырушыларына арналған университет басып шығаратын кітаптар топтамасы. Бұл кітапта А.Арыстанбекованың әр-түрлі кезеңдегі өмірі мен қызметі, оның ғылыми мақалалары, өмірбаяндық және мұрағаттық материалдары, бірлескен қызметі жайлы әріптестерінің мақалалары ұсынылады. Ауқымды фотомұрағат, сонымен бірге Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі және халықаралық ұйымдағы қызметінің алғашқы кезеңі туралы ресми құжаттар назар аудартады.Салтанатты іс-шарада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов, ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы Кластерлік кеңсесінің директоры Криста Пиккат, БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстан Республикасындағы өкілі Властимил Самек, ғалымдар М.Әбусейітова мен К.Байзақова, сонымен қатар ҚазҰУ студенттері сөз сөйледі.Кітап еліміздің жас буынына, дипломаттарға, халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар мен сарапшыларға, сондай-ақ бұқара өкілдеріне арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34112?lang=kk
«Дипломатия жаршысы» журналының күзгі нөмірі жарыққа шықты 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 28 қазан – «Дипломатия жаршысы» журналының күзгі нөмірін оқырмандарға дәстүрлі түрде сапалы контент ұсынады. Күз сияқты, әр түрлі түстер мен мотивтерге «боялған» журналдың ағымдағы нөмірі екі жақты және көп жақты дипломатияның әр түрлі тақырыптарына қызықты және эксклюзивті сұхбаттар мен мақалаларды қамтиды. Шығарылымда ядролық қарусыздану мәселесіне, атап айтқанда Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ЯҚТШ) және Қазақстанның осы саладағы бастамаларына ерекше назар аударылды. Қазақстанның Беларусь, Қырғызстан және Бразилиямен екіжақты және көпжақты қарым-қатынасы журнал беттерінде аталған елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары терең және мазмұнды ашып, талдайды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға алғашқы мемлекеттік сапары осы тоқсанның ең жарқын оқиғаларының бірі болды. Бұл тұрғыда Қазақстан-Қытай қатынастарының ауқымы мен тереңдігі туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо бөлісті. Күзгі шығарылымда басқа да қызықты материалдар ұсынылды: ЭКСПО-2017 көрмесінің мұрасы негізінде Қазақстанда жасыл технологияларды дамыту; ҚР Сыртқы істер экс-министрі, БҰҰ жанындағы Қазақстанның бірінші Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекованың «Қазіргі әлемдегі Дипломатия» монографиясына; сондай-ақ қазақстандық дипломат Ильяс Козыбаев жазған «Сәлім Құрманғожин - мен үшін кім болды» кітабына Рецензиялар. Айта кету керек, ағымдағы тоқсан Сыртқы істер министрлігіндегі жаңа кадрлық өзгерістердің айқын калейдоскопымен атап өтілді: СІМ басшылығынан бастап, Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жиырмадан астам жаңа басшыларын тағайындаумен аяқталады. Бұл ақпаратпен «Министрліктегі жаңа тағайындаулар» бөлімінен танысуға болады. «Дипломатия жаршысы» қазақ, орыс («Вестник дипломатии») және ағылшын тілдерінде («The Diplomatic Herald of Kazakhstan») шығарылады. Журналдың электрондық нұсқасы PDF және HTML форматтарында - http://mfa.gov.kz/ru/content/Journal - вебсайтында қол жетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34111?lang=kk
Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударды 14.04.2025
ЛОНДОН, 2019 жылғы 24 қазан – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған қазақстандық делегациясының Ұлыбританияға сапары Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жоғары деңгейдегі іс-шаралармен жалғасты.Сапар аясында Р. Василенко мен Ұлыбританияның сауда саясаты жөніндегі министрі Конор Бернстің тең төрағалығымен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 6-шы отырысы өтті.Ұлыбритания іскер топтарының 50 астам өкілдері кірген ҮАК-ке қатысушылар өткен жылда атқарылған жұмыстың қорытындыларымен танысып, екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын қарастырды. Оған қоса, мұнай-газ, қаржылық, технологиялық, тау-кен және білім салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.«Ұлыбритания Қазақстан Республикасының стратегиялық және негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Ұлыбританиямен екіжақты сауда айналымы жыл сайын оң динамика көрсетіп келеді. Қазақстанның британдық және басқа да Батыс нарықтары үшін ашықтығы Үкіметіміздің шетелдік бизнеске инвестициялар мен сауда жасау үшін жағдай жасау жөніндегі тұрақты күш-жігерімен айқындалады. Осы күш-жігердің нәтижесінде бүгін жарияланған Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2020» рейтингіне сәйкес, Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда үш орынға көтеріліп, 190 елдің арасында 25-ші орын алды», – деді Р. Василенко.Қазақстандық дипломат елдеріміз осы диалогты «шикізатты инвестиция мен озық технологияларға айырбастау» формуласы бойынша, кейіннен қосымша құны бар бірлескен өндірістер құруға шығу арқылы одан әрі нығайту қажет екенін атап өтті.Өз кезегінде К. Бернс Ұлыбритания мен Қазақстан көптеген салаларда, соның ішінде білім беру, мұнай-газ, тау-кен өндірісі, қаржы, химия өнеркәсібі, машина жасау, металлургия және азаматтық авиация салаларында ынтымақтастықты дамытып келе жатқанын айтты.«Қазақстан бүгін британдық компаниялар қызығушылық танытып жатқан қарқынды трансформацияланып, әртараптандырылып жатқан экономика болып табылады. Біздің Үкімет осы өркендеуші нарыққа инвестициялап, қазақстандық фирмалармен ынтымақтастық орнатып, осы елдің экономикасы ұсынатын шексіз мүмкіндіктерді пайдалану үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын», – деп толықтырды К. Бернс.ҮАК шеңберінде өткізілген мұнай-газ, тау-кен өндірістері, денсаулық сақтау, білім беру және қаржылық қызметтер бойынша бес жұмыс топтарының отырыстары барысында «Астана» Халықаралық қаржы орталығында корпоративті басқаруды дамыту, Қазақстанның азаматтық авиация саласын реттеудің жаңа моделін құру, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту, еліміздегі кәсіптік-техникалық колледждерді одан әрі қалыптастыру және т.б. өзекті мәселелер көтерілді.Ауылдық жерлерде су ресурстарын басқару, мал шаруашылығы және қалдықтарды басқару мәселелері бөлек талқыға салынды.Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына және екіжақты келіссөздерге қатысушылар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасып, стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге дайындығын растады.Іс-шараның нәтижесінде екі тараптың барлық салада стратегиялық серіктестікті нығайтуды жалғастыруға ниетін растаған Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысының хаттамасына қол қойылды.Отырыс аясында келесі екіжақты құжаттарға қол қойылды:- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен британдық Экспорттық кредиттерге кепілдік беру агенттігі (UK Export Finance) арасындағы британдық бизнестің қатысуымен ҚР-да инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы меморандум;- «Artex Construction» ЖШС мен «Independent Power Corporation» («IPC») энергетикалық компаниясы арасындағы Батыс Қазақстанды үздіксіз газдың таза көздерімен және жаңартылатын энергия көздерімен қамтамасыз ету үшін Ақтау қаласында жаңа дата-орталықты дамыту бойынша цифрлық бірлескен кәсіпорын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум;- «Artex Construction» ЖШС мен «IPC» арасындағы экологиялық таза энергияны әзірлеумен айналысатын және Ақтау қаласында қуаты 250 МВт құрамдастырылған циклдік газ турбинасын салу жобасына шоғырланған энергетикалық компания құру туралы келісім;- «Қазгеология» АҚ мен британдық «Astra Mining» компаниясы арасындағы ҚР-да үш кен орнын барлау туралы келісім;- қазақстандық «Aurora Mining» компаниясы мен британдық «RPA Inc» компаниясы арасындағы жер қойнауын пайдалану саласында консалтингтік қызметтер көрсету туралы келісім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34109?lang=kk
Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі қызметіне ресми түрде кірісті 14.04.2025
БЕРН, 2019 жылғы 24 қазан – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Әлібек Бақаев Федералдық Президент Ули Маурерге сенім грамоталарын тапсырды.Салтанатты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық қатынастар дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, алдағы уақытта жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін, соның ішінде келешектегі екіжақты жоғарғы деңгейдегі іс-сапарларды және 2019 жылғы 28 қазанда Берн қаласында өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34108?lang=kk
Нұр-Сұлтан және Лондон екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттар теңестірді» 14.04.2025
ЛОНДОН, 2019 жылғы 24 қазан – Қазақстандағы ауқымды реформалар бағдарламасын әрі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыруды және Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуын қоса алғанда, екі елдегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістер контекстіндегі стратегиялық әріптестікті Қазақстан мен Ұлыбритания одан әрі нығайтуға дайын. Осындай тақырыптар бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Кристофер Пинчермен кездесуі барысында талқыланды.Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті және перспективалық мәселелерін, сондай-ақ «Kazakhstan Global Investment Forum – 2019» инвестициялық форумының, Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің қорытындыларын және Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысының жұмысын қарастырды.Р. Василенко әріптесін еліміздегі қазіргі жағдаймен және саяси өзгерістермен таныстырды. «Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі ашық, сенімді және тұрақты әрі ҚР заңнамасына сәйкес биліктің конституциялық сабақтастығын қамтамасыз етеді. Біз Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы стратегиялық бағытының өзгермейтіндігін растаймыз», – деп атап өтті қазақстандық дипломат.К. Пинчер Қазақстанның саяси жаңғыру процесінің серпінін атап өтіп, Ұлыбританияның елімізбен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ниеттілігін растады. Британдық министр ағылшын құқық қағидаттары мен нормаларына жүгінетін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ашылуы екі мемлекет арасындағы тиімді ынтымақтастықтың маңызды жетістіктерінің бірі екендігін атап өтті.Тараптар сондай-ақ Біріккен Корольдіктің Еуропалық Одақтан шығу үдерісі аяқталғаннан кейін бекітілуге жоспарланған екі мемлекет арасындағы Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімнің жобасын талқылады.«Жаһандық Британия» тұжырымдамасы аясында өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын талқылау аясында «британдық технологиялар мен тәжірибе, қазақстандық ресурстар мен транзиттік-көліктік әлеует, қытай инвестициялар мен нарықтар» формуласының әлеуеті атап өтілді.Өңірдегі жағдай туралы айта отырып, тараптар Ауғанстандағы бейбітшілікті қалпына келтіруге бағытталған Қазақстанның шараларын атап өтті. Оның ішінде Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен жақында Қазақстанда іске қосылған ауған әйелдері үшін білім беру жобасы да болды.Сонымен қатар кездесу барысында қорғаныс және қауіпсіздік, мәдени, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер талқыланған мәселелердің кең кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, екіжақты қарым-қатынастардың барлық сұрақтары бойынша ұзақ мерзімді әріптестікті одан әрі нығайтуға деген дайындығын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34107?lang=kk
Инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық – Қазақстан-Британ қатынастарының назарында 14.04.2025
«Самұрық-Қазына» мен «Da Vinci Capital» инвестициялық компаниясы 100 млн. АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестициялар қорын құрады---«TURKISTAN» АЭА «fDi» журналының «Global Free Zones of the Year 2019» жүлдесінің үш номинациясында жеңімпаз атанды ЛОНДОН, 2019 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінен құралған қазақстандық делегация сапары аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және Қазақстан-Британ іскерлік қарым-қатынастарының келешегі әңгіме өзегіне айналды.Ұлыбритания астанасында өткен сапар аясында Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің 3-ші пленарлық отырысы және «Kazakhstan Global Investment Forum 2019» инвестициялық форумы ұйымдастырылды. Форумның ұйымдастырушылары: «Financial Times» беделді халықаралық басылымы, «fDi» (Foreign Direct Investment) журналы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, сондай-ақ ҚР-дың Ұлыбританиядағы Елшілігі.Форум жұмысына өңдеу, ауыл шаруашылық, химия, тау-кен, қаржы секторларынан, сондай-ақ металлургия салаларынан, баламалы энергетика, логистика және сандық технологиялар компанияларынан 200-ден астам басшы қатысты.Іс-шара Қазақстанның бизнес пен инвестициялар саласындағы мүмкіндіктеріне, сондай-ақ елдегі соңғы саяси және экономикалық өзгерістерге арналды. Экономикасы жедел дамыған әрі стратегиялық тұрғыда Еуропа мен Азияның екі ортасында орналасқан Қазақстан Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шыққан соң оның маңызды коммерциялық серіктесі бола алады. «Қазақстан Орталық Азияның ірі экономикасы болып табылады және бүкіл аймақтың ЖІӨ-нің жартысынан көбі Қазақстанға тиесілі. Қазақстанның аймақта ең мықты инвестициялық климат қалыптастыра алғанын шетелдік бизнесмендер мойындайды. Оған тәуелсіздік алғалы бері ел экономикасына салынған 300 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестициялар дәлел», – деді форумның ашылуында Р. Василенко.Ол іскерлік климаттан басқа, шетелдік инвесторларды Қазақстанға тартатын биліктің бірқалыпты ауысуымен және жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сайлануымен дәлелденген елдің саяси тұрақтылығын, жоғары білімді адами ресурстарды, сондай-ақ елдің 500 миллион тұтынушыдан тұратын жылдам өсіп келе жатқан өңірлік нарыққа қол жеткізуі екендігін атап өтті.Р. Василенко жыл басында экономиканың басты секторларына инвестиция тарту міндеті жүктелген Қазақстанның сыртқысаяси ведомствосы қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін аянбай еңбек етіп жатқандығын атап өтті.Форумда негізгі спикерлер қатарында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов, Ұлыбританияның инвестициялар мәселелері бойынша мемлекеттік министрі Грэм Стюарт, Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойынша сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон, Ұлыбритания парламентінің мүшесі және «Белдеу және жол» бастамасы бойынша бүкілпартиялық тобының Төрағасы Файзал Рашид, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті сэр Сума Чакрабарти және басқалар болды. Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Г. Стюарт «қазіргі уақытта Ұлыбритания Қазақстанның ең ірі тікелей шетелдік инвесторларының бірі болып табылады. Бұл компанияларымыздың сіздің еліңіздің серпінді экономикасына деген сенімін көрсетеді. Жүздеген британдық компаниялардың Қазақстанда қызмет жасауға лицензиясы бар, ал біздің елдеріміз арасындағы сауданың жалпы көлемі өткен жылы 2,7 миллиард фунт стерлингті құрады. Ұлыбритания Еуропалық одақтан шығып, шын мәнінде еркін сауда саласындағы жаһандық көшбасшы болуға әзір болғанда, біз британдық фирмалардың Қазақстанға алдағы онжылдықтарда өсіп, дамуға көмектесе отырып, одан да маңызды рөл атқарғанын қалаймыз» деп атап өтті.Дүниежүзілік банктің «Doing Business – 2019» рейтингісіндегі көрсеткіштердің жақсаруы Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың айнасы іспеттес. Қазақстан бизнес жүргізу бойынша ең тартымды 30 елдің қатарына еніп, 190 мемлекет арасында 28 орынға көтерілді. «Еуразияның жүрегінде ЖІӨ-сі соңғы екі жылда төрт пайызға өскен және британдық компанияларға Еуразиялық экономикалық одаққа, Қытай және Өзбекстан нарықтарына шығу мүмкіндігін ашатын тұрақты платформа болып табылатын Қазақстан орналасқан. Қазақстанға Еуразиядағы шетелдік инвестициялардың ең үлкен бөлігі келеді. Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдері және басқа да спикерлер әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтып, мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасының қазіргі мүмкіндіктері туралы ақпарат береді», – деп атап өтті Баронесса Э. Николсон.Бірнеше сала бойынша Қазақстанның ірі мемлекеттік активтеріне басшылық ететін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ рөлі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселеге айналды. «Қор жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, табысты әртараптандыруға бағытталған жаңа стратегиясын бекітті. Ол келешегі зор салаларға: мұнай-газ химиясына, жаңартылатын энергия көздеріне, жоғары технологияларға, «Индустрия 4.0-ге», сондай-ақ тәуелсіз қорлармен және ірі инвестициялық компаниялармен тікелей инвестициялардың бірлескен қорларын құруға бағытталады», – деді А. Есімов. Ол сондай-ақ, Қор алдағы бес жылда жоғарыда аталған бағыттарға 38 млрд. АҚШ долларын құйып, оның 32 млрд. АҚШ доллары шетелдік6 оның ішінде британиялық компаниялардан тартылатын инвестиция көздеріне де тиесілі екендігін атап өтті. Форумға қатысушылар британиялық құқық принципімен жұмыс істейтін АХҚО-ның маңыздылығына да тоқтады. Орталық инвестиция тарту бойынша маңызды платформа және тиісті қаржы құралдарына ие әрі халықаралық деңгейде қызмет көрсетеді. Инвесторларға жайлы жағдай жасалған. Олардың қатарында барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін реттеудің тәуелсіз механизмі, сот және халықаралық төрелік орталығы бар. Қазақстанның қытайлық «Бір белдеу бір жол» бастамасына деген қатысы ерекше назарда болды. Жобаға басшылық етудің британиялық жүйесі, қазақстандық ресурстар және қытай инвестициясы есебінен пәрменділікті арттыру приниципі бойынша Ұлыбритания, Қазақстан және Қытай арасындағы үшжақты әріптестікті дамыту әлеуеті талқыланды.  ҚР-дың Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов пен Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Майкл Гиффорд форумды қорытындылай келе, осындай ірі, бағыты айқын экономикалық іс-шаралар инвестициялық-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге екі елдің ниетті екендігін көрсетеді деді. Форум барысында Р. Василенконың британиялық бизнестің «капитандарымен» және халықаралық ұйымдардың басшыларымен екіжақты кездесулері өткізді. Олардың қатарында ЕҚДБ, «GlaxoSmithKline», «Gap Insaat», «Investcorp», «Independent Power Corporation», «United Green», «Worley Parsons», «International Development Ireland» және басқа да компаниялар бар. Баронесса Э. Николсон және А. Есімов тең төрағалық ететін Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің 3-ші пленарлық отырысында екі ел компаниялары өзара әріптестікті дамытудың алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларының жекешелендіру бағдарламасын іске асырудың жай-күйі мен келешегі қарастырылды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын Лондон қор биржасында орналастырудың табысты тәжірибесі ерекше аталып өтілді. Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Da Vinci Capital» инвестициялық компаниясы арасында 100 млн. АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестициялар қорын құру туралы келісімге қол қойылды. Келісім аясында қор ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласында жұмыс істейтін қазақстандық компанияларға 40 млн. АҚШ долларынан кем болмайтын қаржы құяды. Қаражат аталған компанияларды дамытып, IPO-ға шығаруға бағытталады. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» көлемі жағынан әлемде 4-ші орын алатын күн және жел электроэнергетикасына маманданған «EDP Renovaveis» компаниясымен бірге инвестиция құю туралы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыру қағидаттарын регламенттейді. «EDP Renovaveis» қуаттылығы 250 МВт. болатын күн электр станциясын салу бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «International Development Ireland» арасында әріптестік орнату туралы екі меморандумға қол қойылды. Олар 50 млрд. теңгеден кем емес сомаға ирландиялық инвестициялық жобаларды ҚР-дың арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарына тартуға көмектесу, сондай-ақ Экспорттық несиелерді ұсыну бойынша британиялық агенттіктің қаржыландыруы аясында (UK Export Finance) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Gap Insaat» компаниясы арасында Ақтау қаласында 350 орындық ауруханасын салу жобасы. Іс-шара аясында 5 000 еркін экономикалық аймақтар қатарынан ең үздігін белгілеуге арналған «Global Free Zones of the Year 2019» жүлдесі салтанатты түрде табыс етілді. Марапаттау рәсімі жыл сайын беделді британиялық «fDi» журналымен ұйымдастырылады. «TURKISTAN» Арнайы экономикалық аймағы үш номинацияда жүлде лауреаты атанды: Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау саласы бойынша, «Ones To Watch» атты бас редакторының таңдауы, сондай-ақ ең үздік ұран – «Honoring the past, creating the future» (Өткенді құрметтей отырып, болашақты құру).   Қазақстандық делегацияның сапары 24 қазанда өтетін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қарым-қатынас бойынша Қазақстан-Британ мемлекетаралық комиссиясының алтыншы отырысында жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33823?lang=kk
Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Вьетнам Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 17 қазан – Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Вьетнам сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 9-шы отырысы өтті.Қазақстандық делегацияны Комиссияның қазақстандық бөлігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ал Вьетнам делегациясын Вьетнам Социалистік Республикасы Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Хоанг Куок Выонг басқарды.Тараптар ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде күріштің жаңа сорттарын өсіру үшін екі елдің ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы өзара іс-қимыл арқылы үлкен әлеуеттің бар екендігі туралы келісті. Комиссияның алдыңғы отырысының келісімдерін, соның ішінде адамдарды ұстап беру, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдердің жүйелі түрде орындалуын, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықтың жандандыруын атап өтілді.Комиссия басымдықтар ретінде 2020 жылы Ауыл шаруашылығы бойынша кіші комитеттің бірінші отырысын өткізу, «АХҚО» шеңберінде ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ветеринария, контейнерлік тасымалдау саласындағы, сотталған адамдарды беру мен өзара құқықтық көмек, кеден саласындағы ынтымақтастық жөнінде және екі елдің ауылшаруашылық институттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу секілді бағыттарды айқындады.Қазақстан мен Вьетнам Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің тараптары ретінде тауарлардың экспорты мен импортын кеңейту мақсатында екі елдің іскер топтары үшін преференциялары туралы ақпаратты тарату жөніндегі жұмысты жандандыруға, сондай-ақ жеңіл, тамақ және қайта өңдеу салаларында бірлескен өндірістер құру, атап айтқанда киім мен аяқ киім заманауи өндірісін ұйымдастыруға күш салуға келісті.ҮАК тең төрағалары 2020 жылғы 8-11 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтуі жоспарланған ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясын және Қазақстан азаматтарына Вьетнамға электрондық виза берілген елдердің тізіміне қосылуын құптады.Тараптар туризм саласында ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін көрсетіп, оған екі елдің азаматтары үшін визалық режимді одан әрі жеңілдету, Ханой мен Хошиминге тікелей рейстерді іске қосу, Нұр-Сұлтан мен Ханой және Алматы мен Хошимин қалалары арасында бауырластық байланыстарды дамыту септігін тигізетіндігін атап өтті.Вьетнам тарапы Алматы облысында «Маревен» вьетнамдық компаниясының азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған инвестициялық жобасын сәтті жүзеге асыруға көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді (50 млн. АҚШ долл. инвестициялар тартылды, 500 жұмыс орны ашылды).Жалпы, отырыстың күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, қаржылық, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, көлік, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен кеңейтуге бағытталған мәселелердің кең ауқымын қамтыды.Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі тетігі болып табылатын Комиссия отырысының сәтті өткізілуі елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі нығайтуға айтарлықтай серпін берді.Комиссияның келесі отырысы Вьетнамда өтетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33815?lang=kk
Вашингтонда ҚР мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірінші жоғары деңгейдегі кездесу өтті 14.04.2025
ВАШИНГТОН, 2019 жылғы 18 қазан - ҚР мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірінші жоғары деңгейдегі кездесуі өтті. Қазақстандық тараптан комиссияның тең төрағасы - ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, американдық тараптан – АҚШ Сауда министрі Уилбур Росс.Комиссия отырысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев пен АҚШ Президенті Д.Трамптың 2018 жылғы қаңтарда Вашингтонға ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк қаласындағы іскерлік кездесулері аясында өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниеттерін растап, өзара сауда мен инвестициялардың өсуін ризашылықпен атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Сауда министрлігінің басшысы қазақстандық экспортты ұлғайту үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екендігіне назар аударды. Мәселен, қазіргі уақытта шамамен қосымша 1 млрд. АҚШ долл. жуық 50 тауар американдық нарыққа жеткізілуі мүмкін.Тараптардың пікірінше, жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстардың айқын динамикасы екі елдің экономикалық өсуіне және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.Министрлер ірі бірлескен инвестициялық және коммерциялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп, жоғары технологиялар, туризм және ғарышты коммерцияландыру саласындағы перспективалық бағыттарын айқындады.   Отырыстың күн тәртібінде көпжақты механизмдер шеңберіндегі, соның ішінде ДСҰ мен ЭЫДҰ аясында өзара іс-қимыл мәселелері болды. Жоғары деңгейдегі топтың тең төрағалары АҚШ-тың Халықаралық дамуды қаржыландыру корпорациясы мен "Астана" Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін өзара тиімді пайдалану қажеттілігін атап өтті.Кездесуден кейін Б.Сұлтанов пен У.Росс экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі топтың екінші отырысын келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33813?lang=kk
ҚР Сыртқы істер министрі шет ел Елшілерін қабылдады 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 17 қазан - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан және Ұлыбритания Елшілерін қабылдады.ГФР Елшісі Тило Клиннермен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлинге ресми сапары қарсаңында екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.БАӘ Елшісі Мухаммед әл-Джабермен кездесу кезінде араб дипломаты БАӘ басшылығы атынан ҚР Президенті К. Тоқаевқа төзімділік символы болып табылатын «бейбітшілік кілемін» тапсырды.Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Имтиаз Ахмад Казимен келіссөздер барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласа отырып, осы орайда Исламабад қаласында екі мемлекет арасындағы үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын жақын арада өткізудің маңыздылығын атап өтті.Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Елшісі Майкл Гиффорд Министрді 2019 жылғы 23-24 қазанда Лондонда өтетін іс-шаралар бойынша, соның ішінде жыл сайынғы «Kazakhstan Global Investment Forum-2019», Іскерлік кеңес пен Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына дайындық барысы туралы хабардар етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33812?lang=kk
Бірлескен Қазақстан-Өзбек демаркациялық комиссия туралы 14.04.2025
2019 жылғы 14-18 қазан кезеңінде Алматы қаласында Бірлескен Қазақстан-Өзбек демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.Тараптар Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Өзбекстанның Қарақалпақстан арасындағы учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын әзірледі.Кездесу барысында 160 шекаралық бағанадан тұратын шекара белгілері хаттамаларының жобалары, сондай-ақ бұл шекара белгілерінің координаттары мен биіктіктерінің каталогы дайындалып, қол қойылды.2019 жылдың қарашасында Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстарды жүзеге асыру уағдаластыққа қол жеткізілді.Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы ахуалда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33803?lang=kk