Экономика
Қостанай облысында «Protecting business and investments» кеңсесі ашылды. 10.04.2025
Қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік мекемелеріне бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында өңірде «Protecting business and investments» кеңсесі ашылды.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің, сондай-ақ Сыртқы істер, инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық меморандумы шеңберінде, ел экономикасына инвестиция салу процесін жеңілдету, сондай-ақ бюрократиялық рәсімдер мен жемқорлық фактілерін жою мақсатында мұндай кеңселер желісі республиканың барлық облыс орталықтарында жұмыс атқаруда.Заңгерлік және басқа да көмек қажет болса, Әл-Фараби көшесі, 95, 1010 кабинет, тел. 522-520, 391-120 немесе электрондық пошта арқылы protectinvestment.kostanay@gmail.com өтініш білдіре аласыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/11568?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Каталония автономдық қоғамдастығындағы ахуалға байланысты мәлімдемесі 10.04.2025
Қазақстан Каталония автономды қоғамдастығындағы ахуалды Испанияның айрықша ішкі жағдайы ретінде қарастырады және мәселе қатаң түрде Испанияның қолданыстағы заңнамасы шеңберінде өрбуі тиіс деп санайды.Испания Корольдігімен қарым-қатынастарда Қазақстан бұл елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидатын ұстанады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30864?lang=kk
Қостанайда қала күні атап өтілді 10.04.2025
Қостанай қаласына – 139 жыл. Қала күніне арналған салтанатты шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, шаһар тұрғындары мен қонақтарын мерекесімен құттықтады.«Қостанайлықтар үшін ең тамаша сыйлық ол әрине аймақ экономикасының жақсы көрсеткіштері. Соның бірі өңірге инвестиция тарту. Бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша машинақұрастыру, тамақ өнеркәсібі, астық өңдеу салаларында 10 ірі инвестжоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы сомасы 40 млрд. теңгені құрайды. 500-ден астам тұрақты жаңа жұмыс орындары пайда болмақ» - деп атап өтті облыс басшысы.А.Мұхамбетов сондай-ақ қостанайлықтардың жыл санап тұрғын үй жағдайының жақсарып келе жатқанын жеткізді. «Бүгінде «Әуежай», «Юбелейный» және «Алтын Арман» сияқты жаңа ықшам аудандар жылдам қарқынмен бой көтеріп үлгерді. Құрылыстың одан сайын қарқын алуына «7-20-25» бағдарламасының қосар үлесі мол деп білеміз. Биылғы жылы 7 тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 14 үйдің құрылысын аяқтайтын боламыз», - деді әкім. Бұдан басқа облыс орталығында әлеуметтік-спорттық нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілу үстінде. Биыл 1000 орындық Спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілсе, тағы 1000 орындық Ұлттық мәдени орталықтың құрылысы аяқталады. Сондай-ақ 3 мың адамға шақталған жабық футбол манежі салынып жатыр. Алда 2 мың орындық жаңа мұз айдынының құрылысын бастау жоспарлануда. «Осының бәрі де тұрғындар үшін жасалып жатыр. Және бұл сіз бен біздің біріге атқарған өнімді еңбегіміздің нәтижесі. Облысымыз бен оның орталығы үшін аянбай тер төккен алдыңғы буын ардагерлеріміздің ерен еңбегінің арқасы. Сондықтан қадірлі қостанайлықтар, баршаңызды сүйікті қаламыздың 139 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, береке мен табыс тілеймін» - деп атап өтті облыс басшысы. Бұдан соң А.Мұхамбетов өңірдің дамуына еңбегі сіңген адамдарға облыстың және қаланың құрметті азаматы төсбелгілерін табсытады. Концерттік кеш Ерке Есмахан, Әміре және Алена Апина сияқты Қазақстан мен Ресей эстрада жұлдыздарының өнеріне ұласты. Мереке әдемі отшашумен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/10994?lang=kk
Архимед Мұхамбетов: Арқалықтың өнеркәсібіне «екінші дем» беру қажет 10.04.2025
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы жиын өткізді.Индустриялық-аграрлық бағыт - Арқалық қаласы экономикасының басты көрсеткіші. Өнеркәсіп орындары қала өндірісі үлесінің 50%-дан астамын құрайды. Өткен 8 айда қала 5 млрд 726 млн теңгенің өнімін шығарды. «Қаланың экономикасына 1 млрд 469 млн теңге инвестиция салынды.Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есеге артық. Былтыр инвесторлар өндіріс орындарына 999 млн теңге қаржы құйды. Мемлекеттік бюджет кірістері 101%-ға орындалды. Қызметкерлердің орташа жалақысы 5%-ға көбейді», - деді Елдар Күзембаев өз баяндамасында. Биыл тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру аясында қала бюджетінен 45 миллион теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі төленді. Жыл басынан бері тұрғын үй құрылысының 1 мың 724 шаршы метрі пайдалануға берілді. Жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік қорғау шараларымен 1 мыңнан астам адам қамтылды. Ресми тiркелген жұмыссыздықтың деңгейі 1,8%-ға жетіп отыр. 2018-2022 жылдарға арналған қоныстандыру Картасына сәйкес, оңтүстік өңірлерден Арқалық қаласына тұрақты тұру үшін 12 отбасы көшіп келді. Барлық отбасы мүшелері жұмысқа орналастырылды. Көшіп келуге, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтері үшін шығындарын өтеуге 5 млн теңге субсидия бөлінді. Өткен жылдармен салыстырғанда Арқалық қаласының ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай өсім байқалады.Қыркүйек айына дейінгі мәлімет бойынша Арқалықтың ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі - 4 млрд 971 млн теңге. Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының индустриялық-аграрлық бағытына жақсы бағасын берді. Дегенмен, өңір басшысы жекелей көрсеткіштер бойынша басшылардың жұмысын сынға алды. «Мен бүгін қаладағы ет комбинатының жұмысын көрдім. Енді Арқалыққа осындай тағы да 3-4 әлеуетті өндіріс орнын салу қажет. Сондықтан шағын және орта бизнесті дамыту маңызды. Тағы бір мәселе, санаулы жылдан соң қала құраушы өндіріс орны ТБРУ-дың жұмысы тоқтайды, ал ғимараты бос қалмас үшін облыстағы қарқыны нашар зауыттарды Арқалыққа көшіру керек. Бір сөзбен айтқанда, өнеркәсіп орнына «екінші дем» беру қажет. Сондықтан тынымсыз еңбек етіңіздер. Қажет болса, инвесторларды тартамыз. Мекеме басшылары, xалықпен етене байланыса жұмыс істесін. Біздегі басшылар жұмысқа отырысымен, шіреніп, xалыққа қарамай кетеді.Өздеріңізді көрсетіп абырой жинағанша, жұмыстың нәтижесімен мақтаныңыздар! Бұл медицина саласына да қатысты. Өңірде 37 дәрігер жетіспейді. Мұны бас дәрігер шеше алмаса, жұмысынан босатамыз»,-деді Архимед Мұхамбетов жиын барысында. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Аманкелді, Жанкелдин, Науырзым аудандарының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысады. Жиында сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев оңтүстік аудандардағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы баяндама жасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/10549?lang=kk
2024 жылы 33 мыңнан астам адам жастар практикасы арқылы жұмысқа орналасты 10.04.2025
2024 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының бірі – «Жастар практикасын» жүзеге асыру аясында 33,3 мың адам жұмысқа орналастырылды.Алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектері жастар практикасына қатыса алады. Жастар практикасына қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыларға кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәлімгерді бекітеді.Жастар практикасын қаржыландыруды Еңбек мобильділігі орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайынғы жалақы төлеу арқылы жүзеге асырады. Төлем екінші деңгейдегі банктерде ашылған қатысушылардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде жүргізіледі.Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 109,5 мың теңгені, Ақтөбе облысында ең жоғары көрсеткіш – 120,9 мың теңгені құрады.Жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан – 8,6 мың адам, Қызылорда – 3,2 мың адам, Жамбыл облыстарында – 2,6 мың адам және Шымкент қаласында – 2,4 мың адам.Жастар практикасына қатысатын әйелдердің үлесі 64,8% немесе 21,6 мың адамды, ауыл тұрғындарының үлесі – 19,3 мың адамды немесе 57,9%-ды құрайды.Жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылғандар арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар: мейіргер – 2 216 адам, бастауыш сынып мұғалімі – 1 498 адам, заңгер – 1 481 адам, дене шынықтыру мұғалімі – 1 323 адам, фельдшер – 1 277 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/954731
Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 80-нен астам тексеру жүргізді 10.04.2025
2025 жылдың екі айында әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында 87 тексеру жүргізді, оның 62-сі жоспардан тыс, 5-еуі профилактикалық бақылау шеңберінде, 20-сы прокуратураның талабы бойынша болды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым берілді, шамамен 11,4 млн теңгеге 44 айыппұл салынды.Мемлекеттік бақылаумен: әкімдік – 1, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 15, мемлекеттік мекеме – 1, ауруханалар, емханалар – 5, балабақшалар – 4, мектептер – 9, колледждер, лицейлер – 5, ДК – 10, дүкендер – 12, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 8, сауда үйлері – 3, полиция пункті – 1, стомалогия – 3, автобус парктері, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар – 6, кітапхана – 1 және басқалар қамтылды.Мәселен, Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша жергілікті дүкенге жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.Бұл ретте әлеуметтік инспекторлар барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер орын алып жатқанын айтуда. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды. «Соңғы уақытта Қарағанды қаласында, оның ішінде Әлихан Бөкейхан ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеуде алға жылжу байқалады. Қала біртіндеп мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімді бола бастады: инфрақұрылым жақсаруда, көптеген ғимараттар пандустармен және бейімделген кіреберістермен жабдықталған. Оған мысал ретінде Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін айтуға болады, онда кіреберіс жабдықталған, лифт орнатылған, соның нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарға спортпен шұғылдануға көбірек орын бөлінді. Әрине, әлі де бірқатар жұмыстар жасау қажет, бірақ оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады әрі алдағы уақытта қол жетімді орта қалыпты жағдайға айналатынына сенемін», – деп атап өтті Қарағанды қаласының тұрғыны, екінші топ мүгедектігі бар азамат Сергей Харченко.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/953866
22,5 мың қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды 10.04.2025
2025 жылдың басынан бері 22,5 мың азамат, оның ішінде шамамен 17,6 мың жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі – Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 527,5 мың қазақстандық тіркелген, оның 28,8 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 433,4 мың адам оқудан өтті.Оқудан өткен 17,6 мың жұмыссыз азаматтың 4,4 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қостанай облыстарының және Шымкент қаласының жастары.Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 859 курс жариялады, оның 313-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.Ақпан айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Страховой агент», «Кассир», «Построение отдела продаж в отеле», «Основы коммуникации и правила общения с лицами с инвалидностью и особыми потребностями» және «Продавец».Платформада әлеуметтік қызмет көрсету, туризм, мұнай, газ, ресурстарды өндіру, құқықтану және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу.Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарауға қолжетімді, сертификаттардың әртүрлі дизайны көзделген, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын естеріңізге саламыз.Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878, 888).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/951846
Есік көлі бөгетінің реконструкциясы 05.04.2025
2025 жылы Есік көлінде бөгеттің ауқымды реконструкциясы басталады. Жобаға 23,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылып, гидротехникалық құрылымның қауіпсіздігін арттырумен қатар, өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Құрылыс жұмыстары барысында 180 жаңа жұмыс орны ашылады.Реконструкция 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Осы кезеңде бөгетті кешенді сараптамадан өткізу, жобалық құжаттаманы әзірлеу және қалпына келтіру жұмыстарын бастау көзделген. Барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген қауіпсіздік нормаларына сәйкес жүргізіледі.“Хабель” ЖШС-нің бас директоры жобаның аймақ үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңыздылығын атап өтті: “Есік – біз үшін жай ғана көл емес, өміріміздің мәні. Біздің мақсатымыз – Есік көлін бүкіл Қазақстанның көрнекті орнына айналдыру. Табиғатқа, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, жалпы биосфераға ұқыпты және саналы көзқарас – біздің негізгі ұстанымымыз.”Реконструкцияның алғашқы кезеңі бес жылға жоспарланған және келесі жұмыстарды қамтиды:•Бөгетті нығайту және оның сенімділігін арттыру.•Туристік инфрақұрылымды дамыту – жылжымалы тамақтану орындарын орналастыру, байланыс мұнараларын орнату, модульдік үйлер салу.Барлық жұмыстар мемлекеттік органдардың қатаң бақылауымен жүзеге асырылады. Құрылыс және пайдалану стандарттарының сақталуын уәкілетті органдар қадағалайды. Сонымен қатар, жеке инвестор тартатын мердігерлік ұйымдар құрылыс және бөгеттерді пайдалану саласындағы заңнамалық талаптарға сәйкес болуы тиіс.Есік көліндегі бөгетті реконструкциялау – гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, туристік саланы дамыту үшін де маңызды қадам. Жоба нысанның сенімділігін арттырып қана қоймай, өңірге туристерді тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңартылған инфрақұрылым аймақтың тартымдылығын арттырып, оның экономикалық өсіміне серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/969363?lang=kk
Алматы облысында ондаған отбасы жаңа баспанаға ие болды 05.04.2025
Алматы облысының Балқаш және Іле аудандарында жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Қоныс иелері қатарында көпбалалы отбасылар, жетім балалар және әлеуметтік осал топтардың өкілдері бар.Балқаш ауданының Бақанас ауылында 24 пәтерден тұратын 6 тұрғын үй салынды. Бұл жоба мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, оның құрылысына 638,4 млн теңге бөлінді.Кілт табыстау рәсіміне жергілікті атқарушы орган өкілдері, құрылыс компанияларының басшылары және жаңа пәтер иелері қатысты. Жаңа қоныс иелері мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдіріп, баспаналы болу – үлкен қуаныш екенін атап өтті.Осы күні Іле ауданының Өтеген батыр ауылында да жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. «2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» аясында әлеуметтік осал топтарға 10 пәтер берілді.Іле ауданы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде тұрғын үй кезегінде 5 443 азамат тұр. Олардың ішінде 1 878-і – көпбалалы отбасылар, 1 993-і – әлеуметтік осал топтардың өкілдері, 807-сі – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, 765-і – бюджет саласының қызметкерлері. Жергілікті билік баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарының алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.Соңғы екі жылда Алматы облысында 1 500-ден астам пәтер сатып алынып, 36 жалға берілетін тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін тағы 369 пәтер сатып алу және 28 көпқабатты кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.Баспана – тұрақтылық пен әл-ауқаттың негізі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да барлық аудандарда жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/969337?lang=kk
Қостанай облысында KIA автозауытын салу – машина жасау саласындағы ең ірі инвестициялық жоба 05.04.2025
Қостанай облысында еліміздің өнеркәсіп тарихындағы маңызды инвестициялық жобалардың бірі – KIA автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, шетелдік тікелей инвестицияларды тартуға және машина жасау саласын дамытуға бағытталған.Ресми делегацияның сапарыҚұрылыс барысымен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов және KIA компаниясының ресми өкілдері танысты. Делегация құрамында:Со Догён – KIA Corporation (Корея) компаниясының вице-президенті, өндірістік технологиялар орталығының директорыИм Джэ У – KIA компаниясының Ресей және ТМД елдері бойынша президентіКим Дэ Ки – «KIA Qazaqstan» ЖШС-нің бас директорыСапар барысында делегация зауыт құрылысының барысымен, құрал-жабдықтарды монтажтау жұмыстарымен және өндірісті іске қосуға дайындық шараларымен танысты.Жобаның негізгі көрсеткіштеріЖобаның жалпы құны – 200 млн АҚШ долларыИнвестициялардың 80%-ы – тікелей шетелдік капиталӨндірістік корпустың ауданы – 100 000 шаршы метрЖобалық қуаттылығы – жылына 70 000 автокөлікЖұмыс орындарының саны – 1 500Бұл – KIA компаниясының Кореядан тыс жердегі алғашқы зауыты. Кәсіпорын 68 өнеркәсіптік роботпен жабдықталып, өндірістің жоғары деңгейде автоматтандырылуын және өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Құрылыс алаңында Оңтүстік Корея мен Қытайдан келген 80 шетелдік маман жұмыс істеуде.Құрылыс барысыБүгінгі таңда:Негізгі өндірістік корпус толығымен салындыШатыр жабылып, сэндвич-панельдер орнатылдыКорея мен Қытайдан жеткізілген жабдықтардың бір бөлігі орнатылдыДәнекерлеу және бояу цехтарында монтаж жұмыстары жүріп жатырГаз, су, жарық, кәріз және байланыс желілері секілді сыртқы инженерлік инфрақұрылым аяқталдыТеміржол жолдары мен автомобиль жолдарының құрылысы жалғасуда (екі учаскеге асфальт төселген)Пилоттық автокөлік жинау – 2025 жылдың шілде айына,Сериялық өндіріс – 2025 жылдың қазан айына жоспарланған.Кадр дайындау және ілеспе жобаларЖобаның табысты жүзеге асырылуы үшін білікті кадрларды даярлау – басты басымдық. Қостанай облысының колледждері мен жоғары оқу орындарында машина жасау саласы бойынша 5 негізгі бағытта жаңа мамандықтар ашылып жатыр:Машина жасау технологиясыАвтоматтандыру және басқаруМашиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсетуҚара металлургияТокарь ісіОқу орындарының материалдық-техникалық базасы жаңартылып, студенттер тәжірибеден нақты өндіріс алаңдарында өтуде.Сонымен қатар, қазіргі уақытта «TEHNOPARK KZ» ЖШС-нің Локализациялау орталығының құрылысы жүргізілуде. Бұл орталық автокомпоненттерді өндіретін болады және оның өнімдері отандық автозауыттардың, соның ішінде KIA зауытының қажеттіліктеріне бағытталады.Келешекке бағытАталған жоба Қостанай облысын Қазақстанның машина жасау орталығы ретінде дамытуға тың серпін беріп отыр. Бұл – тек инвестиция мен технология ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындары, заманауи өндірістік дағдылар және экономиканың тұрақты өсуінің негізі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/969258?lang=kk
2025 жылғы су тасқыны: барлық қатерлер жойылды 05.04.2025
Бұл туралы бүгін жедел штаб отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүргізілген мұқият дайындықтың арқасында өңір су тасқыны жағдайына тиімді әрекет етіп, 89 ауылдық елді мекен мен 3 қалада халық пен инфрақұрылым үшін қауіптің алдын алды.Биыл су тасқынына қарсы іс-шараларға 7,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Бұл қорғаныс құрылыстарын айтарлықтай нығайтуға, сондай-ақ қажетті техника мен материалдарды сатып алуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, техниканы сатып алуға 860 миллион теңге бағытталды.Негізгі бағыттардың бірі – инженерлік нысандарды орнату және жөндеу болды. 2025 жылы 57 шақырым қорғаныс білігі салынды, 168 су өткізу құбыры орнатылды және 20 шақырым жаңа нөсерлі кәріз жүргізілді. Сонымен қатар, 27 гидротехникалық нысан жөнделді. Барлық қорғаныс құрылыстары өз функцияларын толық орындады.Барлық шараларды сәтті іске асыруға 3 мыңнан астам адам және 800 техника бірлігі тартылды. Ауқымды қар тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1,2 миллион м³-тан астам қар шығарылды, бұл нөсерлік және дренаждық жүйелерге түсетін жүктемені тиімді азайтуға мүмкіндік берді. Ең осал учаскелерден 250 мың м³-тан астам су сорылып алынды, бұл да маңызды рөл атқарды.Ерекше назар Қарасу ауданында салынған 30 шақырымдық бұру арнасына аударылды. Бұл арна 2024 жылдың қазан айында аяқталып, су тасқыны қаупінің алдын алуға елеулі үлес қосты. Арна көлдердің қосылып, артық аумақтарды су басуының алдын алды. Қазіргі уақытта арна арқылы өтетін су көлемі секундына 12,2 текше метрді құрайды, бұл су деңгейін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Күніне арна арқылы өтетін су көлемі – шамамен 1,1 миллион м³, ал осы уақытқа дейін 700 миллион текше метрден астам су өткізілді.Сонымен қатар, Алабота көлі тасыған аймақтың айналасында ұзындығы 15 шақырым болатын 110 кВт жаңа электр беру желісі тартылды. Облыстың оңтүстік өңірлерінде де электр желілері қалпына келтіріліп, осал аудандарда да тұрақты энергиямен қамту қамтамасыз етілді. Жалпы алғанда, Амангелді, Жанкелдин аудандары мен Арқалық қаласында 693 электр бағанасы қалпына келтірілді.Нәтижелер: су тасқынына қарсы шаралардың табысыАтқарылған жұмыстардың нәтижесінде су тасқыны кезеңі ешқандай су басусыз, шығынсыз және зардапсыз өтті. Қорғаныс құрылыстары, сатып алынған техника және барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы облыс тұрғындарының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етті.Сонымен қатар, сәтті дайындыққа еріктілер, әскери қызметшілер және жергілікті тұрғындар үлкен үлес қосты. Осы күштердің арқасында қауіптер барынша азайтылып, су тасқыны жағдайымен тиімді күрес жүргізілді.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов дайындық пен өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысқан барлық тұрғындарға, еріктілерге және қызметтерге алғысын білдірді.«Сіздердің белсенділігіңіз бен қатысуларыңыз бізге осы су тасқыны кезеңінен шығынсыз және зардапсыз өтуге көмектесті. Сіздердің қолдауларыңыз — біз үшін өте маңызды. Дәл осы еңбектеріңіздің арқасында өңір қорғалды», — деді ол.Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстың арқасында елді мекендерге төнетін барлық қатерлер жойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/969251?lang=kk
Қостанай облысында жаңа өндірістер: инвестициялар, технологиялар, жұмыс орындары 05.04.2025
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «KamLitKZ» ЖШС-не барып, өңірдегі ірі индустриялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Өткен жылы мұнда шойын құю зауыты іске қосылған болатын, ал қазір екінші зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл кәсіпорын жүк көліктеріне арналған жетекші белдік редукторларын шығаратын болады. «Бұл – өңірдегі машина жасау кластерін дамытудағы маңызды қадам. Өндіріс заманауи, жоғары технологиялық өнім шығаруға бағытталған. Ол тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болады. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі. Ірі инвестициялар және жаңа жұмыс орындары «KamLitKZ» жобаларына салынған инвестиция көлемі 238 млрд теңгеден асады:•78,2 млрд теңге – 2024 жылдың қарашасында іске қосылған шойын құю зауытына жұмсалды.•82,5 млрд теңге – 2025 жылы пайдалануға берілетін жетекші белдік редукторларын шығаратын зауыт құрылысына бағытталған.•78 млрд теңге – 2025 жылы жүзеге асырылатын «Балка локализациясы» жобасына инвестицияланды. Осы жобалар аясында 1150 жаңа жұмыс орны ашылады:✅ 500 жұмыс орны – шойын құю зауытында;✅ 550 жұмыс орны – жетекші белдік редукторларын шығаратын зауытта;✅ 100 жұмыс орны – «Балка локализациясы» жобасы бойынша. Кәсіпорында жұмысшылардың орташа жасы – 27 жас, негізінен жастар еңбек етуде. Кадрлар жергілікті оқу орындарының, соның ішінде Қостанай автожол колледжінің базасында даярланады. Заманауи технологиялар және халықаралық нарыққа шығу Жаңа зауыт жылына 74 мың жетекші белдік редукторын шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс прецизионды қалыптау технологиясына негізделген, бұл бөлшектердің беріктігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді. Барлық жабдық Италия, Испания және Германияның жетекші еуропалық өндірушілерінен алынған. «KamLitKZ» өнімдері ТМД және Еуропа нарығына бағытталған, бұл өңірдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Машина жасау саласын дамыту – Қостанай облысы үшін басым бағыттардың бірі. Жаңа жобалар, жұмыс орындары және озық технологияларды енгізу өңірдің өнеркәсіптік қуатын арттырып, экономикалық өсімге серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/968286?lang=kk
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар басталды 05.04.2025
Қазақтың әйгілі композиторы, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар Алматы облысында салтанатты түрде бастау алды. Биылғы мерейтой ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтпек.Осыған байланысты облыста арнайы жоспар бекітіліп, халықаралық және республикалық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізу көзделген. 1 сәуір күні мерейтой аясындағы алғашқы шаралар Жамбыл ауылында ұйымдастырылды. Делегация Қонаев қаласынан шығып, Жамбыл ауданына жеткен соң, аудан әкімі Нұрлан Ертас бастаған жергілікті билік өкілдері мәртебелі қонақтарды құрметпен қарсы алды. Іс-шара Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінде жалғасын тауып, ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына Құран бағышталды. Тағзым рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ауданның Құрметті азаматы Серік Еркінбайұлы және облыстың бас имамы Мадияр Тағабайұлы қатысты.Бұдан кейін Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Алматы облысының әкімі мен өңірдің Құрметті азаматы Әбдіманап Абаев композитордың қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Қонақтар сондай-ақ Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейін аралап, ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректермен танысты. Мерекелік шаралар Ұзынағаш ауылында жалғасты. Аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға облыс басшылығы, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.Салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, мерейтойдың қазақ мәдениеті үшін маңыздылығына тоқталды: “Баршаңызды қазақ өнерінің жарық жұлдызы, күйші, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету – ұлттық бірегейлігімізді нығайта түседі», – деп атап өткен болатын.Бұл мерейтой – ұлы композитордың шығармашылығын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа насихаттаудың жарқын көрінісі. ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетін бұл айтулы датаға орай, облысымызда арнайы жоспар қабылданып, халықаралық және республикалық деңгейдегі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлескен жобалар, ауқымды концерттер, сондай-ақ Іле ауданында еңселі ескерткіш орнату, мәдениет ошақтарына, көшелер мен білім беру мекемелеріне Нұрғиса Тілендиевтің есімін беру жоспарланған.Халқымыздың жүрегіне ән болып енген, рухын асқақтатқан дара перзентінің мұрасы мәңгі жасай бермек. Ұлы тұлғаның есімі мен еңбегі келер ұрпаққа үлгі болып, қазақ өнері өркендей берсін!” – деді өңір басшысы. Жиында қоғам қайраткері, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нағашыбек Қапалбекұлы да сөз алып, Нұрғиса Тілендиевтің ұлттық мәдениетке қосқан сүбелі үлесі жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, көрермендерге Нұрғиса Тілендиевтің мәңгілік шығармалары орындалған әсерлі кеш ұсынылды. Айта кетейік, ұлы тұлғаның 100 жылдығына арналған мәдени шаралар жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын таппақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/967017?lang=kk
Қалдықтардан – ресурсқа: қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа жобалары 05.04.2025
Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) – бүгінгі күннің өзекті экологиялық мәселелерінің бірі. Жыл сайын қоқыс көлемі ұлғайып, оны тиімді сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесі болмаса, қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді. Алматы облысында бұл мәселенің шешімі табылды: алдағы жылдары өңірде жеке инвестициялар есебінен қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа кәсіпорындар ашылады.Өңірде жалпы төрт ауқымды жоба іске асырылады. Олар полигондарға түсетін қалдықтар көлемін азайтып қана қоймай, экономикалық тиімділік әкеліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тіпті электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.Экология үшін заманауи технологиялар“Kaz Waste Conversion” ЖШС Айтей ауылындағы полигон аумағында заманауи кешен салуды жоспарлап отыр. Бұл нысан жылына 450 мың тонна қалдықты сұрыптауға қауқарлы, бұл полигондарға кететін қоқыс көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.✔ Жоба құны: 8,87 млрд теңге✔ Қаржыландыру көздері: 1,77 млрд теңге – жеке қаражат, 7,1 млрд теңге – қарыз қаражаты✔ Күйі: Жоба Өнеркәсіпті дамыту қорының қарауында Алатау қаласында “ADC Taza Al’em” ЖШС түрік “INEVA” компаниясымен бірлесіп қоқыс өңдейтін зауыт пен техноэкопарк салуды көздеп отыр. Бұл кәсіпорын қалдықтарды өңдеп, олардан электр энергиясын өндіреді.✔ Өндіріс қуаты: жылына 350 мың тонна✔ Энергия генерациясы: 16 мВт/сағат✔ Жоба құны: 32 млрд теңге (8,25 млрд – жеке қаражат, 24,35 млрд – қарыз)✔ Жұмыс орындары: 70✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар “Food Waste” ЖШС жобасы жылына 36,5 мың тонна азық-түлік қалдықтарын органикалық тыңайтқыштар мен ұн өндіруге бағытталған. Бұл тек полигондарға түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, фермерлерге сапалы табиғи өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.✔ Өнім көлемі: 2,3 мың тонна ұн, 14,6 мың тонна органикалық тыңайтқыш✔ Жоба құны: 1,78 млрд теңге✔ Жұмыс орындары: 116✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар4. Қытай инвестициясы және қалдықтарды қайта өңдеуЕңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылында Гуандун Сучунь қытайлық компаниясы жылына 400 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт салуды жоспарлауда. Қазіргі таңда жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.✔ Жоба құны: 3 млрд теңге✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар Бұл жобалар қалдықтардың қайта өңделуін арттырып, қоршаған ортаның ластануын азайтады және жаңа жұмыс орындарын ашады.Заманауи технологиялар қалдықтарды ресурсқа айналдыруға мүмкіндік береді: электр энергиясы, тыңайтқыштар, жаңа өндірістерге арналған шикізат. Осындай бастамаларды жүзеге асыру Алматы облысын экологияға жауапкершілікпен қарайтын және тұрақты дамуға ұмтылатын өңір ретінде көрсетеді.Болашақ – таза қалалар мен табиғатты аялауға мүмкіндік беретін технологияларда!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/968157?lang=kk
ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысын және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы VIII сыртқы істер министрлері кездесуін ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистерді аккредиттеу туралы 05.04.2025
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! 2025 жылғы 11 сәуірде Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы VIII сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.ТМД СІМК барысында Достастық аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған мәселелердің кең ауқымы талқыланады. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзара іс-қимылдың өзге де салаларында күш-жігерді үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.«Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі аясында сауда-экономикалық және инвестициялық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өңір елдерінің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланады.2025 жылғы 11 сәуірде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығы Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 506/99 мекенжайы бойынша орналасқан «Rixos Almaty» қонақ үйінде жұмыс істейді.Аккредиттеуден өту үшін тіркелу формасын 2025 жылғы 7 сәуір күні сағат 12:00-ге дейін толтырып, mfakzaccreditation@gmail.com электрондық поштасына жолдау қажет.Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз:- Ерлан Өтегенов, ұялы тел.: +7 (777) 0418865.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/967782?lang=kk
«Eco Park Alatau» тұрғын үй кешені аумағында көшпелі кеңес 05.04.2025
Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев «Eco Park Alatau» тұрғын үй кешені аумағында көшпелі кеңес өткізіп, құрылыс компаниясы және жергілікті атқарушы органдармен үлескерлер мәселесін шешу жолдарын талқылады.Жоспарланған төрт тұрғын үйдің екеуі әлі аяқталмаған. Құрылыс салушы мен үлескерлер арасында тек ниет хаттамаларына қол қойылғаны анықталды, бұл қосымша заңдық қиындықтар туғызады.Әсет Масабаев құрылыс жұмыстары заң аясында аяқталуы тиіс екенін атап өтті. Құрылыс компаниясы тұрғын үйлердің құрылысын аяқтап, оларды пайдалануға беру міндетін өз мойнына алды. Әкімдік өз тарапынан инженерлік инфрақұрылым бойынша қажетті қолдау көрсетеді, алайда құрылысты аяқтау құрылыс компаниясының жауапкершілігінде қалады.2023 жылдың желтоқсанында бекітілген Жанатұрмыс ауылының Бас жоспарына сәйкес, кешен аумағы көпқабатты тұрғын үйлер, таунхаустар және мектеп салуға арналған.Жұмыс кездесуі барысында Әсет Масабаев құрылыс жұмыстарын орындау бойынша жол картасын әзірлеп, бекітуді, сондай-ақ олардың іске асырылу кестесін айқындауды тапсырды.Үлескерлермен ашық диалог орнатып, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әр апта сайын жиын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл кездесулерде жол картасының орындалу барысы мен жобаны іске асыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/967598?lang=kk
Қостанайлық жас спортшылар әлемдік тұғырдан көрінді 05.04.2025
2025 жылдың 1 сәуірі күні облыс әкімі Калгари (Канада) қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Полина Омельчук, Анастасия Галечинамен кездесті. Кездесуге Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы да қатысты.Бұдан бөлек Анастасия Галечина Калгаридағы чемпионатта 2000 метрлік эстафетадан қола жүлдені иеленсе, Полина Омельчук 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада қола медаль алды. Осы жылы қысқы спорт түрлерінен облысымызда ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар көп. Оның қатарына Қытайда өткен IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен жүлдегер Глеб Ивченко мен шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болған Наиль Башмаков, Владислав Ковалевты айта кету керек.Әкім спортшыларымыздың жаттықтырушылары Анатолий Галечин, Илья Коробейников, Николай Федоренкоға алғысын білдіре отырып, жас шорт-трекшілердің нәтижелерімен мақтанатынын айтты. «Соңғы жылдары жерлестеріміз жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүргендігі қуантады. Алда Миланда қысқы Олимпиада өтеді. Әрдайым лицензия мен жүлделерге таласуға мүмкіндігі бар спортшыларымызды қолдаймыз»,-деді әкім өз сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/967458?lang=kk
Қазақстан СІМ жанындағы диалог алаңында гендерлік теңдік және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері талқыланды 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надірқұлованың төрағалығымен «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының отырысы өтті. Отырыста күн тәртібіндегі екі негізгі мәселе – гендерлік теңдік пен ерлер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес талқыланды.Іс-шараға Парламент Мәжілісі депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың (Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының), мүдделі мемлекеттік органдардың (Мәдениет және ақпарат министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және т.б.), әйелдердің құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) мен БҰҰ-Әйелдер секілді халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысты.Отырыс Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисованың баяндамасымен ашылды. Ол Қазақстанның әділеттілік пен инклюзивтілік қағидаттарына берік ұстанымын және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетіп отырғанын атап өтті. Халықаралық серіктестер Қазақстанның «Теңдік ұрпағы» форумының Іс-қимыл коалицияларын жүзеге асыруға және «Пекин+30» процесіне қосқан жаһандық үлесін жоғары бағалайтыны айтылды.Қатысушылар Қазақстанда әйелдердің мүддесі үшін ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгені туралы хабардар етілді. 2024 жылғы 16 маусымда «Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша» ҚР Заңы күшіне енгені аталып өтті. Осы заңның арқасында Қазақстан ТМД-да әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы озық шараларды енгізген алғашқы ел болды.Күн тәртібіндегі бірінші мәселені талқылау барысында Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Саят Кенебаев әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша негізгі шараларды таныстырды. Оның ішінде мемлекеттік қатысы бар компаниялардың басқару органдарында әйелдердің үлесін кезең-кезеңімен 30%-ға дейін арттыру көзделген. Басқарушылық деңгейде әйелдердің өкілдігін арттыруға бағытталған нысаналы көрсеткіштер айқындалды – бұл тек атқарушы лауазымдарда ғана емес, сондай-ақ компаниялардың директорлар кеңесінде де жүзеге аспақ. 2024 жылдың соңында шағын және орта бизнес субъектілеріндегі әйелдердің үлесі 48,1%-ды құрағаны айтылды, бұл олардың ел экономикасына қосып отырған үлесінің артып келе жатқанын көрсетеді.Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі Ажар Сүлейменова Омбудсмен кеңсесі дайындаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы баяндама туралы хабарлады. Ол шалғай өңірлерде дағдарыс орталықтарының жеткіліксіз қамтылу мәселесіне назар аударды. Сондай-ақ қолайсыз отбасыларды жедел анықтау және оларға мақсатты көмек көрсету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту ұсынылды. Бұдан бөлек құқық бұзушылармен жұмыс істеудің маңыздылығы аталып өтіп, агрессорларға арналған түзету бағдарламаларын кеңейту және жалғастыру қажеттігі айтылды.Отырыста Ішкі істер министрлігінің өкілі Әсемгүл Алибаева жаңа заңнамалық шараларды іске асыруына жан-жақты тоқталды. 2024 жылғы сәуірде қабылданған заңның тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктерін едәуір күшейткені айтылды. Қылмыстық кодекске қайта енгізілген өзгерістердің ішінде көмекке мұқтаж немесе материалдық тұрғыдан тәуелді адамдарға қатысты жасалған ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру үшін жауапкершілік қарастырылған баптар бар – олар көбінесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларында қолданылады. ІІМ мәліметінше, Президенттің тапсырмасы бойынша әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы полиция бөлімшелерінің жұмысы қайта жанданды. Сонымен қатар жыныстық қылмыстарды тергеу үшін әйел-тергеушілер институты енгізілуде.Отырыс барысында Мемлекет басшысының Қылмыстық кодекске адаммен некеге тұру мақсатында ұрлауға («қыз алып қашу») байланысты жеке бап енгізу туралы бастамасы ерекше қызығушылық тудырды. Осы ұсыныс Бас прокуратураның қолдауына ие болды және қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тиісті түзетулер әзірленіп жатыр.Жалпы, отырыс ашық және конструктивті түрде өтті. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері пікір алмасып, бар мәселелерді айқындап, оларды жүйелі деңгейде шешу бойынша нақты ұсыныстар ұсынды.«Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органы 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде өз жұмысын атқаруда. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің (БҰҰ ДБ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/967420?lang=kk
Қостанай облысында әкімдік отырысы өтті: инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды 05.04.2025
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, онда екі басым бағыт – сумен жабдықтау және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.Сумен жабдықтау: 100% қамтуға бағытОблыс әкімі халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Соңғы бес жылда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 90,2 млрд теңге бөлінсе, оның ішінде тек 2024 жылы – 20,7 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде ауыл халқының таза ауызсуға қолжетімділік деңгейі 91,3%-ға жетті.Биыл сумен жабдықтауға 22,6 млрд теңге қарастырылып, 65 жоба жүзеге асырылады. Бұл қосымша 24,7 мың адамды таза ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық жобаларды іске асыру кезінде үйлерді су жүйесіне қосу басты талап болып отыр. Әкімнің тапсырмасы бойынша, бұл – міндетті шарт. Соңғы екі жылда 55 мың үй су жүйесіне қосылып, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін облыста 259,4 мың үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.Сонымен қатар, өңір басшысы жергілікті мердігерлік ұйымдарды жұмыспен қамту қажеттігін айтты. Олардың үлесі 2023 жылғы 26%-дан 2025 жылы 60%-ға дейін артады. Бұл жаңа жұмыс орындарын құрып, жергілікті бизнестің дамуына ықпал етеді.Көлік инфрақұрылымы: оңтүстік аудандар мен халықаралық маршруттарға басымдық беріледі2024 жылы жол саласының бюджеті 106,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға артты. Өңірде 1 580 шақырым жол мен 103 елді мекендегі 382 көше жөнделеді.Оңтүстік аудандарға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Торғай – Ырғыз автожолының жөндеу жұмыстары басталады. Бұл батыс аймақтар мен елдің орталығын оңтүстік арқылы тікелей байланыстырады. Бұл жоба Арқалық қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің дамуына серпін береді.Тағы бір маңызды жоба – Арқалық әуежайын қайта жаңғырту. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Қостанай мен Астанаға тұрақты рейстер ашу жоспарланып отыр, бұл өңірдің көлік қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады.2025 жылы Жезқазған – Петропавл автожолының Арқалықтан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі 87 шақырымдық бөлігі жөндеуден өтеді. Бұл солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын жолды 400 шақырымға қысқартып, көлік ағынын тәулігіне 10-нан 2 500 автомобильге дейін арттыруға мүмкіндік береді.Оңтүстік аудандардың транзиттік маңызының артуына байланысты облыс әкімі жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын – қонақүйлер, санитарлық тораптар, дәмханалар мен сауда орындарын халықаралық стандарттарға сай салуды тапсырды.Өңір – транзиттік ағындардың орталығындаҚұмар Ақсақаловтың айтуынша, кешенді көзқарас пен Үкімет деңгейіндегі қолдаудың арқасында Қостанай облысы алдағы жылдары еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын негізгі транзиттік хабқа айналып, Қазақстан, Орталық Азия елдері және Ресей Федерациясы арасындағы жаңа бағыттарды қалыптастырады.Әкімдік отырысының қорытындылары инфрақұрылымды жүйелі дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өңірдің тұрақты экономикалық өсіміне жағдай жасауға бағытталғанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/967192?lang=kk
Қостанай облысы Қазақстанның «Кондитерлік астанасын» құру жолында 05.04.2025
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Кондитерлік астана» жаңа кешені алаңындағы дайындық жұмыстарымен танысты. Жоба облыстағы ең ірі азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорны – «Баян Сұлу» АҚ базасында іске асырылуда.«Баян Сұлу» АҚ ұзақ жылдар бойы Қазақстандағы ірі кондитерлік өнімдер өндірушілерінің бірі ретінде танылып келеді. Кәсіпорын 300-ден астам өнім түрін шығарып, 1700-ден аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Компанияның өнімі ішкі нарықпен қатар, ТМД және Еуропа елдеріне табысты экспортталуда.«Кондитерлік астана» жаңа жобасы өңірдің азық-түлік өнеркәсібіндегі позициясын нығайтуға және жергілікті шикізатты қайта өңдеу көлемін айтарлықтай арттыруға бағытталған. Жобаға салынған инвестиция сомасы 14 миллиард теңгеден асады. Кешен жылына 16,6 мың тонна жоғары сапалы кондитерлік өнім шығаруға мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асуы өңірде қосымша 260 жаңа жұмыс орнын құрып, халықтың жұмыспен қамтылуына оң ықпал етеді.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, «Кондитерлік астана» жобасының жүзеге асуы Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру тапсырмасын орындау жолындағы маңызды қадам болып табылады. Біз жергілікті шикізаттың әлеуетін барынша пайдалануға және тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтуға ұмтыламыз. Бұл қадам өңір экономикасын нығайтып қана қоймай, жергілікті өнімді терең өңдеуді қамтамасыз етеді».Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары аяқталды – құрылыс алаңында 3,1 гектар жер учаскесінде орналасқан бұрынғы нан зауытының ауданы 7,6 мың шаршы метр ескі ғимараттары бұзылды. 2025 жылдың екінші тоқсанында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті.Жобаны қаржыландыруға «Тобыл» ӘКК АҚ белсенді қолдау көрсетуде, корпорация «Баян Сұлу» АҚ акцияларын сатып алуға 5 миллиард теңге бөлді. Сондай-ақ Қазақстанның Даму банкі жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алуға 6 миллиард теңге көлемінде несие берді. Жабдықтардың жеткізушілері анықталды, бұл өндірістің уақытылы іске қосылуын қамтамасыз етеді.«Кондитерлік астана» кешенінің іске асырылуы импортқа тәуелділікті төмендетуге, облыстың экспорттық әлеуетін кеңейтуге және қосымша құны жоғары өнім шығаруды айтарлықтай арттыруға ықпал етеді. Жаңа жоба Қостанай облысының экономикасын нығайтып, өңір тұрғындарын тұрақты әрі жоғары жалақысы бар жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/966593?lang=kk