Экономика
2017 жылдың алғашқы тоқсанында өндірістік жарақаттану деңгейі 14,8%-ға төмендеді 10.04.2025
2017 жылдың 1 сәуірінде, ел аумағындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, оқыс оқиғалар салдарынан 342 адам зардап шегіп, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,8%-ға аз екенін байқатты (2016 жылы – 401).Адам өліміне соқтырған өндірісте жарақаттану саны 43 адамды құрап, былтырғы ұқсас уақыт аралығына қарағанда 8,6%-ға төмен болды (2016 жылдың алғашқы тоқсанында – 47 адам). Жалпы, 2016 жылдың қорытындысында, өндірістегі оқыс оқиғалар қатары сиреді.Былтыр, өндірістегі оқыс оқиғалар салдарынан 1 мың 683 адам жапа шегіп, 2015 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға төмен көрсеткішті аңғартты.Адам өліміне соқтырған өндірісте жарақаттану саны 248 адамды құрап, 2016 жылдың тиісті мерзімінен 1,2%-ға аз болды (251 адам).Мұндай жағымды өзгерістерге, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жұмыс берушілер тарапы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласында қолға алған шаралар кешенінің арқасында қол жеткізілді.Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жағдайын жақсарту мақсатында, 2016 жылдан бастап, ел кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасауға бағытталған жаңа ҚР Еңбек кодексі күшіне енді.Өндірістік кеңес құру арқылы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуде тың көзқарастар дүниеге келіп, жұмыс берушілер кеңес шешімдерін орындауға міндеттелді.Бүгінгі таңда, ел кәсіпорындарында, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауда 11 мың 215 өндірістік кеңес құрылды.Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар, ескерту-алдын алу сипатындағы түсіндіру жұмыстарымен кәсіпорындарға барып отырады.Бұдан тыс, Еңбек кодексінде, жұмыс берушілерді қызметтерін ерікті түрде декларациялау арқылы ынталандыру тетіктері қарастырылған.Іс-қимылы еңбек заңнамасындағы қажетті талаптарға сай деп танылған жұмыс берушілерге, үш жыл мерзімге сенім сертификаты табысталады және тексерістер мен басқа да бақылау шаралары жүргізілмейді.Қазіргі кезде аталмыш сертификатқа 87 жұмыс беруші ие болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/14219?lang=kk
Министрлік өкілдері Шымкент қаласындағы балаларын жалғыз асырап отырған көпбалалы анаға тез арада мүгедектік алуға көмектесті 10.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (әрі қарай – ЕӘҚКК) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы 6 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Ділбар Құттыбайға жеделтілген тәртіпте мүгедектігін анықтауға көмектесті. Бір жыл бұрын бұл әйелдің бойында қатерлі ісік бар екені анықталған. Ділбар Құттыбайға ота жасалғанымен, ауруы асқына түскен. Дегенмен жергілікті денсаулық сақтау органдары науқас жанды 088-у формасы арқылы мүгедектікті алу жөніндегі мәселені қарастыруға жіберуге асықпаған.Қорғансыз әйелдің тағдыры жайлы БАҚ бетінен белгілі болғаннан кейін, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың тапсырмасымен, ОҚО бойынша ЕӘҚКМ департаментінің мамандары, облыстық онкология диспансерінің дәрігерлерін тарта отырып, медициналық-әлеуметтік сараптаманы бақылау және әдістеме бөлімінде Ділбар Құттыбайға кеңес беру мен тексеру шараларын (088-у формасынсыз) ұйымдастырды. Тексеріс пен медициналық құжаттарды талдау нәтижесінде, емханалық қызмет дәрігерлеріне шұғыл түрде мұқтаж әйелге медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама беру ұсынылды.Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде, тиісті сараптамадағы куәландырудан соң, Ділбар Құттыбайға қатысты 1 жыл мерзімге мүгедектіктің екінші тобы бекітілді.Сонымен қатар, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне, Ділбар Құттыбайға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетуге жәрдемдесу өтініші айтылған хат жазылды.Кәуландыру шаралары өткен күннен бастап, көпбалалы анаға, биылғы мамыр айынан төленетін мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындалды. Осылайша, асыраушысынан айырылуға байланысты бес балаға берілетін жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны қосқанда, төлемдердің жалпы сомасы 98 173 теңгені құрайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/14099?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қоғамдық кеңес мүшелері таңдалады 10.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (әрі қарай – ҚР ЕХӘҚМ) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау байқауы жарияланды.Қоғамдық кеңесті жұмыс тобы мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңеске мүшелікке үміткерлерді ұйымдармен қатар, азаматтар өздері ұсына алады.Қоғамдық кеңеске мүше болуға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматттарының мүмкіндігі бар. Ол сотталмаған, сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмаған болуы тиіс.Қоғамдық кеңес құрамына коммерциялық емес ұйымдардың ұсыныстары және (немесе) азаматтардың өтініштері жазбаша түрде үміткердің ТАӘ көрсете отырып, кәсіптік және қоғамдық қызметі туралы мәліметі, өмірбаянымен бірге оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттарымен қоса берілуі қажет. Ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым мен әр азамат бір үміткерден артық ұсына алмайды.Құжаттар 2017 жылғы 16 сәуірге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 934-кабинет және келесі электрондық пошта арқылы – s.omarova@enbek.gov.kz.Еске сала кетсек, қоғамдық мәні бар мәселелер жөнінде азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіруін, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруін, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы қарашада ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/14078?lang=kk
Болашақ Тобыл қаласын дамыту мәселесі талқыланды 10.04.2025
Қостанай облысындағы бесінші қала - Тобылда жаңа шағынаудандар бой көтереді. Бұл туралы өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен жиында мәлім етілді.Қостанай ауданының әкімі Қайрат Ахметовтің сөзінше, қазіргі Затобол кентінің дамуы үшін әлі бірнеше әлеуметтік нысан тұрғызу қажет. «Бүгінде аудандағы 70 мыңнан астам адамның тең жартысы Затобол, Заречный және Мичурин ауылдарында тұрады. Аталған елді мекендердегі 135 шақырым жолдың 96 шақырымы жөндеуді қажет етеді. Биыл осы мақсатта 500 млн теңге қарастырып отырмыз. Жыл сайын жаяу жүргіншілер жолын салуға 35 млн теңге бөлу керек. 2021 жылға дейін барлық көшеге жарықшамдар орнатылады. Оған бюджеттен 188,5 млн теңге бөлінеді», - деді Қайрат Ахметов өз баяндамасында.Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жол жөндеуге бағытталған қаржыны қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол тасжолды ресайклинг әдісімен қалыпқа келтіруді ұсынды. Архимед Мұхамбетов айтқандай, соңғы үш жылда ресайклинг әдісімен 100-ден астам көше жөнделген. Биыл болашақ Тобыл қаласында бірнеше шағынаудан пайда болады. Бұған қоса «Северный» шағынауданында құрылысы басталған 11 көпқабатты үй халық игілігіне берілмек. «Қазіргі уақытта «Северныйға» қажетті инфрақұрылым - газ, су, электр жарығы өткізілген. Мұндағы 8 үй несиелік бағытта, қалған 3 үй жергілікті атқарушы органдар қызметкерлеріне тапсырылады. Жаңадан бой көтеретін «Бәйтерек» және «Астана» шағынаудандарында 72 көпқабатты үй тұрғызылады», - деді аудан әкімі. Архимед Мұхамбетов Затобол кентіндегі ескі ғимараттарды сынға алды. Оның сөзінше, тозығы жеткен құрылыс орындары болашақ қаланың дамуына айтарлықтай кедергі келтіреді. «Біріншіден, ғимараттар қаланың көркі десек, оны ретке келтіруді тез арада қолға алыңыздар. Дамуды тежейтін фактордың бірі осы. Әуелі, тұрғын үйлердің қасбетін дұрыстаңыздар. Үйлердің сырты бір түсті болсын. Аудан орталығында заңсыз салынып жатқан құрылыс нысандары бар. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Иесіз тұрған ғимараттарды пайдаланбасаңыздар, мемлекеттің меншігіне өткізу қажет», - деп ескерту жасады өңір басшысы. Облыс әкімі аудан орталығында спорт алаңдарын көбірек салуды тапсырды. А.Мұхамбетов мемлекеттік қызметшілерге жаңа ғимарат салу туралы аудан әкімінің ұсынысын қолдаған жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/13929?lang=kk
Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облысы басшылығы мен активіне әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі жаңашылдықтар туралы айтып берді 10.04.2025
Бүгін, Орал қаласына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай – АӘК) көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді. Шараға қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты. ҚР ЕХӘҚМ басшысы, өз сөзінің басында, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және дағдыларды үйрету, несиелендіру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мен еңбекке жұмылдыруды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту көзделетін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (әрі қарай – бағдарлама) жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды. «Бағдарламаның алғашқы бағыты аясында 2,5 жыл оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім беру ұйымдастырылып, бұл жерде бәрінен бұрын, мектепті аяқтаған соң оқу орнына түспеген жастар назарға алынады. Биыл техникалық және кәсіби оқуға 21 мыңнан астам жас қазақстандық ілігеді. Мемлекет, оқуға кететін шығындарды толық жауып, шәкіртақы төлейтін болады. Жол мен тұру қаражаты да өтеліп, техникалық және кәсіби білім беру нысандарында оқитындарға бір реттік ыстық тамақ беріледі», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова. Сонымен қатар, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары аясында кәсіби оқытуға арналған қысқа мерзімді курстар өткізілмек (1-ден 6 айға дейін). Алыс ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға сабақтардың қолжетімді болуы үшін, мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында арнайы дәрісханалары бар жылжымалы кешендер түрінде; шалғай ауылдық жерлердегі аз сыйымдылықтағы мектептер ауқымында; жұмыс берушілер мүмкіндігін пайдаланған сипатта. Тамара Дүйсенова, Бағдарлама қатысушыларына несие, қалалық жерлерде «Даму» қоры арқылы, ауылда және шағын қалаларды Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетінін хабарлады. Несие сомасы 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өскен (18 млн теңгеге дейін) және мерзімі 5 жылға дейін (мал маруашылығы мен ауылшаруашылық кооперативтеріне – 7 жылға дейін). Жылдық мөлшерлемесі – 6% шамасында. Осымен бірге, несие беру кезінде Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілген: бастауыш кәсіпкерлерге 85% және кәсібі қызмет етіп тұрған бизнес иелеріне 50% маңайында. Бағдарламаның үшінші бағытында жекелеген азаматтар санатын жұмысқа орналастыруда нақты қолдауды күшейту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды көтеру және еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту мақсат тұтылуда. «Біз, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар тәрізді жастар мен әйелдер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сұранысқа ие құралдарды қолдануды жалғастыратын боламыз. Еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру мақсатында, ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын азаматтарды мемлекеттік қолдау межеленуде. Анығырақ тоқталсақ, оларға, жол мен жүк тасу шығындарын өтеуге арналған және бастапқы бейімдеу қаражаты беріледі. Биыл 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу жоспарлануда», - деп ақпараттандырды министр. Осы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға арналған бюджет қаржысы 85,3 млрд теңгені құраса, оның ішінде 3,6 млрд теңге Батыс Қазақстан облысына бөлінген. Өңірде бағдарламаны жүзеге асыру аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3,8 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр. «Жоғарыда айтып өткенімдей, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің министрлік, ресми статистика мағлұматтарын арқау ете отырып, ауылдық елдімекендер бойынша осы санатқа жататын адамдар тізімін жасақтады. Сәйкес тізімді барлық өңірге жібердік. Ауылдық елдімекендер әкімдері қысқа уақыт аралығында олардың мәртебесін анықтау жөнінде жұмыс жүргізуі, яғни аталған адамдардың жұмыссыздар немесе өнімсіз жұмыспен қамтылғандар екенін бағамдауы керек. Әр азаматтың мәртебесін анықтау арқылы, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды белсенді жұмыспен қамту шараларына тартып, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарна аударатын адамдар санын нақты анықтай аламыз», - деп нығарлады Тамара Дүйсенова. Министр, бұдан тыс, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың көтерілуі жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. «Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауы қамтамасыз етіледі. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды. Бұл санаттағы 85 мыңнан астам адамның Батыс Қазақстан облысында тұратынын айта кеткен абзал», - деді Тамара Дүйсенова. Анығырақ тоқталсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 40 950 теңгені құрайтынын ескерсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарындағы) 2017 жылдың 1 шілдесінен 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды. Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артқан болса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы өсім 27%-ды құрайды.Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға ағымдағы жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 783 теңгеге дейін жоғарылады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгеге тең болады. ҚР ЕХӘҚМ басшысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің қалай тағайындалатынын да айтып өтуді ұмытпады. «Келесі жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі АӘК) көрсетудің жаңа тәртібі енгізіліп, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен (қазір 40%) отбасылардың әрбір мүшесіне, еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен берілетін болады. АӘК қолданыстағы үш әлеуметтік төлемнің орнына тағайындалады: көпбалалы отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ); 18 жасқа дейінгі балалар арналған мемлекеттік жәрдемақы; табысы аз үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек», - деді министр. Жаңа форматтағы АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екі түрге бөлінеді. Шартсыз ақшалай көмек отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ (мысалы, мүгедектер отбасы немесе егде жастағы зейнеткерлер), немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына объективті себептер бойынша қатыса алмайтын отбасы құрамында еңбек етуге қабілетті мүшелері бар отбасыларға (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғыз басты ана) тағайындалады. Осындай отбасылар үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндетті болып табылмайды. Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кем дегенде бір еңбек етуге қабілетті адам бар отбасыларға, әлеуметтік келісімшарт жасау және еңбек етуге қабілетті отбасының барлық мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен тағайындалатын болады. Әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилоттық жобасы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістерін сынап көру мақсатында 2014 жылы Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында іске қосылды. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап, ұқсас өңірлік пилоттық жобалар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. Осы орайда, 2015 жылы, «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты. 2016 жылы «Өрлеу» жобасына 38,8 мың адам қатысты. Жобаның іске асуы қатысушылардың жан басына шаққандағы табысының 2 есе артуына ықпал етті; еңбекке қабілетті қатысушыларының жалпы санынан 90,5 %-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды; пилоттық аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 24,7 %-ға төмендеді. Жобаны әрі қарай жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2017 жылға жалпы сомасы 7,1 млрд. теңге қарастырылған. Осы жылы «Өрлеу» пилоттық жобасына еліміздің барлық аудандары мен қалаларынан табысы аз 150 мың азаматты қамту жоспарлануда. Бүгін министр Орал қаласының халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтарына барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13536?lang=kk
Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысы басшылығы мен активіне әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі жаңашылдықтар туралы айтып берді 10.04.2025
Бүгін, Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді. Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, қалалар мен аудандар және ауылдық округтер әкімдері, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты. ҚР ЕХӘҚМ басшысы, өз сөзінің басында, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және дағдыларды үйрету, несиелендіру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мен еңбекке жұмылдыруды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту көзделетін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (әрі қарай – бағдарлама) жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды. Бағдарламаның алғашқы бағыты аясында 2,5 жыл оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім беру ұйымдастырылып, бұл жерде бәрінен бұрын, мектепті аяқтаған соң оқу орнына түспеген жастар назарға алынбақ. Биыл техникалық және кәсіби оқуға 21 мыңнан астам жас қазақстандық ілігеді деп күтілуде. «Мемлекет, оқуға кететін шығындарды толық жауып, шәкіртақы төлейтін болады. Жол мен тұру қаражаты да өтеліп, техникалық және кәсіби білім беру нысандарында оқитындарға бір реттік ыстық ас беріледі», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова. Сонымен қатар, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары аясында кәсіби оқытуға арналған қысқа мерзімді курстар өткізілмек (1-ден 6 айға дейін). Алыс ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға сабақтардың қолжетімді болуы үшін, мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында арнайы дәрісханалары бар жылжымалы кешендер түрінде; шалғай ауылдық жерлердегі аз сыйымдылықтағы мектептер ауқымында; жұмыс берушілер мүмкіндігін пайдалана отырып. «Назар аударарлық жайт, егер бұрын тек жұмыс берушілердің өтінімдері арқылы оқытып келсек, енді тәжірибесі мол өз ісінің шеберлерін оқу үдерісіне тарта отырып, сұранысқа ие кәсіптерге оқытатын боламыз. Үлес салмағы келесідей түзіледі: оқу уақытының 30%-ы теория, 70% - тәжірибелік сабақтар», - деді ҚР ЕХӘҚМ басшысы. Тамара Дүйсенова, Бағдарлама қатысушыларына несие, қалалық жерлерде «Даму» қоры арқылы, ауылда және шағын қалаларды Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетінін хабарлады. Несие сомасы 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өскен (18 млн теңгеге дейін) және мерзімі 5 жылға дейін (мал маруашылығы мен ауылшаруашылық кооперативтеріне – 7 жылға дейін). Жылдық мөлшерлемесі – 6% шамасында. Осымен бірге, несие беру кезінде Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілген: бастауыш кәсіпкерлерге 85% және кәсібі қызмет етіп тұрған бизнес иелеріне 50% маңайында. Бағдарламаның үшінші бағытында жекелеген азаматтар санатын жұмысқа орналастыруда нақты қолдауды күшейту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды көтеру және еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту мақсат тұтылуда. «Біз, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар тәрізді жастар мен әйелдер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сұранысқа ие құралдарды қолдануды жалғастыратын боламыз. Еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру мақсатында, ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын азаматтарды мемлекеттік қолдау межеленуде. Анығырақ тоқталсақ, оларға, жол мен жүк тасу шығындарын өтеуге арналған және бастапқы бейімдеу қаражаты беріледі. Биыл 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу жоспарлануда», - деп ақпараттандырды министр. Осы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға арналған бюджет қаржысы 85,3 млрд теңгені құраса, оның ішінде 2,2 млрд теңге Маңғыстау облысына бөлінген. Өңірде бағдарламаны жүзеге асыру аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5,6 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр. «Жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің министрлік, ресми статистика мағлұматтарын арқау ете отырып, ауылдық елдімекендер бойынша осы санатқа жататын адамдар тізімін жасақтады. Сәйкес тізімді барлық өңірге жібердік. Ауылдық елдімекендер әкімдері қысқа уақыт аралығында олардың мәртебесін анықтау жөнінде жұмыс жүргізуі, яғни аталған адамдардың жұмыссыздар немесе өнімсіз жұмыспен қамтылғандар екенін бағамдауы керек. Әр азаматтың мәртебесін анықтау арқылы, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды белсенді жұмыспен қамту шараларына тартып, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарна аударатын адамдар санын нақты анықтай аламыз», - деп нығарлады Тамара Дүйсенова. Министр, бұдан тыс, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың көтерілуі жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Оның сөзіне қарағанда, ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауы қамтамасыз етіледі. «Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды. Бұл санаттағы 45 мың адамның Маңғыстау облысында тұратынын айта кеткен абзал. Анығырақ тоқталсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 40 950 теңгені құрайтынын ескерсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарындағы) 2017 жылдың 1 шілдесінен 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды», - деді Тамара Дүйсенова. Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артқан болса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаймақ. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы өсім 27%-ды құрамақ. «Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға ағымдағы жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 783 теңгеге дейін жоғарылады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгеге тең болады», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова. ҚР ЕХӘҚМ басшысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің қалай тағайындалатынын да айтып өтуді ұмытпады. «Келесі жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібі енгізіліп, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен (қазір 40%) отбасылардың әрбір мүшесіне, еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен берілетін болады. АӘК қолданыстағы үш әлеуметтік төлемнің орнына тағайындалады: көпбалалы отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ); 18 жасқа дейінгі балалар арналған мемлекеттік жәрдемақы; табысы аз үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек», - деді министр. Жаңа форматтағы АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екі түрге бөлінеді. Шартсыз ақшалай көмек отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ (мысалы, мүгедектер отбасы немесе егде жастағы зейнеткерлер), немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына объективті себептер бойынша қатыса алмайтын отбасы құрамында еңбек етуге қабілетті мүшелері бар отбасыларға (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғыз басты ана) тағайындалады. Осындай отбасылар үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндетті болып табылмайды. Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кем дегенде бір еңбек етуге қабілетті адам бар отбасыларға, әлеуметтік келісімшарт жасау және еңбек етуге қабілетті отбасының барлық мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен тағайындалатын болады. Әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилоттық жобасы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістерін сынап көру мақсатында 2014 жылы Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында іске қосылды. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап, ұқсас өңірлік пилоттық жобалар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. Осы орайда, 2015 жылы, «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты. 2016 жылы «Өрлеу» жобасына 38,8 мың адам қатысты. Жобаның іске асуы қатысушылардың жан басына шаққандағы табысының 2 есе артуына ықпал етті; еңбекке қабілетті қатысушыларының жалпы санынан 90,5 %-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды; пилоттық аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 24,7 %-ға төмендеді. Жобаны әрі қарай жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2017 жылға жалпы сомасы 7,1 млрд. теңге қарастырылған. Осы жылы «Өрлеу» пилоттық жобасына еліміздің барлық аудандары мен қалаларынан табысы аз 150 мың азаматты қамту жоспарлануда. Бүгін, министр, «е-Халық» ақпараттық жүйесі мен «Жаңа серпін» өңірлік жұмыспен қамту бағдарламасын таныстыру жоспарланған Ақтау қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысына назар аударып, қалалық жұмыспен қамту орталығында болмақ. Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова, Маңғыстау облысы Мұнай ауданындағы жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарында болып, «Е-халық» ақпараттық жүйесін енгізуге дайындық шаралары бойынша Басқұдық ауылы әкімінің қызметімен таныспақ. Жұмыс сапарының қорытындысында, ҚР ЕХӘҚМ басшысы, еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру мен еңбек күші тапшы аймақтарға азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған «Өркен» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғызылып жатқан 500 орындық жатақхана құрылысының мән-жайына қанығады. Еске сала кетсек, «Ауылдық округ әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны» (әрі қарай – «АРМ АСО») бағдарламасы қанатқақты тәртіпте 2015 жылдың мамыр айында Ақмола облысында іске қосылды. Аталған ақпараттық жүйе ауылдық округ деңгейінде жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған, аз қамтылған жандар және жалдамалы жұмыскерлер есебін жүйелендіруге; еңбек ресурстарының қорын шоғырландыруға; халықтың нысаналы топтары бойынша жұмыспен қамтудың нақты шараларын айқындауға; ішкі еңбек көшін анықтауға; өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар қатарын реттеуге; әр отбасындағы жеке қосалқы шаруашылықтар жайлы деректерді дұрыстауға мүмкіндік бермек. «АРМ АСО» жобасы 2016 жылдың қазан айынан Ақтөбе облысында жүзеге аса бастады. Бүгінгі таңда, «АРМ АСО» жобасы, Ақмола облысындағы Аршалы ауданының 13 ауылдық округінде (25 мың 382 адам қамтылған) және Қорғалжын ауданының 8 ауылдық округінде (7 мың 585 адам қамтылған) қолданысқа енгізілген. Ақтөбе облысында, тиісті бағдарлама, 12 ауданда кәдеге жарауда (150 ауылдық округте 402 мың 139 адам қамтылған). Табысты сынақ кезеңдерінен соң, «АРМ АСО» жобасы аясында ауылдық округтерден тыс, қалаларды да қамтуға жол ашатын неғұрлым ауқымды «е-Халық» ақпараттық жүйесі жасалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13444?lang=kk
Т. Дүйсенова: Атырау облысының 54 мыңнан астам тұрғынының зейнетақысы көтеріледі 10.04.2025
Бұл туралы бүгін, Атырау облысы әкімдігінде өткен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңесте, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, қалалар мен аудандар және ауылдық округтер әкімдері, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты.Кеңесте сөз алған министр, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың өсуі жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. «Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауы қамтамасыз етіледі. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды. Бұл санаттағы 54 мың адамның Атырау облысында тұратынын айта кеткен абзал», - деді Тамара Дүйсенова.Анығырақ тоқталсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 40 950 теңгені құрайтынын ескерсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарындағы) 2017 жылдың 1 шілдесінен 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды. Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артқан болса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы өсім 27%-ды құрайды.Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға ағымдағы жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 783 теңгеге дейін жоғарылады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгеге тең болады.Еске сала кетсек, 2017 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, Атырау облысындағы зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 58 898 теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13439?lang=kk
ҚР Үкіметі әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады 10.04.2025
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы мақұлданды.Аталған заң жобасында:- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақылардың мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттыру;- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 20%-ға өсіру;- жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарна төлеуін енгізу қарастырылған мерзімді 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру көзделген.Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауы қамтамасыз етіледі. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды.Анығырақ тоқталсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 40 950 теңгені құрайтынын ескерсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарындағы) 2017 жылдың 1 шілдесінен 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды.Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артқан болса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы өсім 27%-ды құрайды.Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға ағымдағы жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 783 теңгеге дейін жоғарылады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгеге тең болады.Заң жобасында 8 заңға түзету енгізу көзделген. Құжатты қабылдаған жағдайда құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарларға әкеп соқтырмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13434?lang=kk
2017 жылдың ақпан айында шетелдік азаматтарға Қазақстанда жұмыс істеу үшін 2 мыңнан астам рұқсат берілді 10.04.2025
2017 жылдың ақпан айында, жергілікті атқарушы органдар тарапы, 476 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында 2063 рұқсат беріп, олар 436,9 млн теңге көлемінде салық төлемін жасады. Рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет, тікелей жергілікті атқарушы органдармен қоса, «электрондық үкімет» порталының «бірыңғай терезе» әдісі арқылы да жүзеге асырылады.Еске сала кетсек, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібінің енгізілуіне байланысты жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылды және жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік талаптар алынып тасталды.Бұл ерекше шарттардың орнына жұмыс беруші жергілікті бюджетке төлейтін жаңа салық алымы енгізілді. Алым мөлшерлемесі шетелдік жұмыс күшінің санаты мен саласына қарай 137 АЕК-ден 250 АЕК-ге дейінгі шамада белгіленеді, бұл 290 мың мен 530 мың теңге аралығы.Аталған ретте жұмыс берушілерге қойылатын кадрларға жергілікті қамтылым жөніндегі шарттарды сақтау талаптары өзгермейді, яғни басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша кемінде – 70%, мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кемінде – 90%.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13433?lang=kk
Тамара Дүйсенова Ақтөбедегі әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты 10.04.2025
Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тамара Дүйсенова, өңір тұрғындарына мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысатын ұйымдарда болды.ҚР ЕХӘҚМ басшысы бірінші кезекте Ақтөбе қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, Қурайлы ауылдық округі әкімдігіндегі «Ауылдық округ әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны» жобасын (әрі қарай – АРМ АСО) жүзеге асыру жайына қанықты.Тамара Дүйсенова, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған психоневрологиялық сырқаттарға шалдыққан мүгедек балаларға қызмет көрсететін әлеуметтік орталыққа және әйелдер мен балаларға көмекке арналған дағдарыстық орталыққа барды. Сонымен қатар, министр, бүгін дуальдық және жұмыскерлерді қысқа мерзімді кәсіби оқыту жүргізілетін Ақтөбе политехникалық колледжі жұмысымен танысып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болады деп күтілуде.Еске сала кетсек, «АРМ АСО» жобасы пилоттық тұрғыда 2015 жылдың мамыр айында Ақмола облысында іске қосылса, Ақтөбе облысында 2016 жылдың қазан айында жұмыс істей бастады. Мұндағы негізгі мақсат – ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз, аз қамтылған жандарды, жалдамалы жұмыскерлерді есепке алу. Жобаның арқасында әр нысаналы топ бойынша нақты жұмыспен қамту әрекеттерін қолға алу мүмкін болмақ. «АРМ АСО» жобасын қанатқақты түрде сынап көру нәтижесінде, республиканың барлық өңірінде қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13430?lang=kk
2016 жылы Қостанай облысының 23 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды 10.04.2025
2016 жылы Қостанай облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (19,4 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (3,7 мың адам) қатарындағы 23,1мың адам қамтылды.Оның ішінде:- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 909 адам жұмысқа орналасты;- әлеуметтік жұмыс орындарына 1 мың 571 адам;- жастар тәжірибесіне 692 адам;- қоғамдық жұмыстарға - 3 мың 999 адам ;- кәсіптік оқытуға 676 адам жіберілсе, оның ішінде 150 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;- 12 мың 472 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты;- өздігімен 188 адам жұмысқа орналасты.Бұдан басқа, 577 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13425?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыруға арналған жұмыс тобы құрылады 10.04.2025
ҚР ЕХӘҚМ ведомствоның Қоғамдық кеңесін қалыптастыруға арналған жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша байқау өткізілетінін хабарлайды.Аталған жұмыс тобына Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары мүше бола алады. Одан басқа, үміткер, сотталмаған; сот заңда белгіленген тәртіпте сыбайлас жемқорлық қылмыс пен (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған; психикалық ауруға, маскүнемдікке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмаған болуы тиіс.Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары жазбаша түрде үміткердің ТАӘ көрсете отырып, өмірбаянымен бірге, оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттармен қоса беріледі. Ұсыныстарын жіберген коммерциялық емес ұйымдар мен әр азамат бір үміткерден артық ұсына алмайды.Құжаттар мына мекен-жай бойынша 2017 жылдың 7 наурызына дейін қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 830-кабинет және электрондық пошта арқылы: a.kaiyrbekkyzy@enbek.gov.kz.Еске сала кетсек, қоғамдық мәні бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіруі, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың қарашасында ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданған.Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13363?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын дайындады 10.04.2025
Бұл туралы, бүгін, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.Министр, жыл басынан бері, Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартудың жаңа әдісі жұмыс істеп тұрғанына назар аударды. Ендігі уақытта, әр шақырылған маман үшін, жұмыс беруші мөлшері салалар мен жұмысшының біліктілік деңгейіне қарай есептелетін салық төлейтін болады. Бүгінде, шетелдік білікті кадрлар, Қазақстанда өздігімен келе алады және оларға экономиканың басым бағыттарында сұранысқа ие кәсіптер тізіміндегі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуға жол ашық. «Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер тарапы, шетелдік мамандарға рұқсат берумен қатар, оларға жұмыс орнын ұсынуда және еңбекақысын тағайындау кезінде заңның бұлжытылмай сақталуын қамтамасыз етуі міндетті.Бізге, бәрінен бұрын білікті кадрлар тартуға бейімделген, салмақты көші-қон саясаты қажет. Қазіргі уақытта, көші-қон үдерістерімен байланысты қауіп-қатерлер кезінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді; азаматтар мен мигранттарды ел аумағында оңтайлы орналастыруды; экономиканың қажетті жұмыс күшіне сұранысын қамтамасыз етуді қарастыратын Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын дайындадық», - деп қосты ҚР ЕХӘҚМ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12811?lang=kk
2016 жылы «Өрлеу» жобасы аясында 38 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік көмек алды 10.04.2025
Бұл туралы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі жаңа әдістерге арналған бүгінгі брифинг барысында, ЕХӘҚМ вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.Ол бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңына Мемлекет басшысы 2015 жылғы 29 қазанда қол қойғанын еске салды.Аталған Заңның аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайыздан төмен отбасыға, атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған. Олар қазіргі іс жүзіндегі қағидалардың орнына ұсынылмақ:- көпбалалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - АМЖ);- аз қамтылған отбасыларға арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы;- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі. Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына жауапкершілікпен қатысады.Тұлғаларға тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.Сонымен бірге, вице-министр, 2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістері Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында сынақтан өтіп, әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізілгенін мәлімдеді. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен пилоттық жоба қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. 2015 жылы «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты.«2016 жылы «Өрлеу» жобасына 38,8 мың адам қатысты. Жобаны жүзеге асырудың арқасында оған қатысушылардың жан басына шаққандағы кірісі 2 еседен астамға өсіп, еңбекке жарамды тұрғындардың 90,5%-ы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Сонымен қатар, пилоттық аймақтардағы атаулы әлеуметтік көмекті алушылар қатары 24,7%-ға қысқарды», - деп тарқатты Светлана Жақыпова.Жобаны әрі қарай, яғни 2017 жылы жүзеге асыру мақсатында, республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге қарастырылған. Биыл «Өрлеу» пилоттық жобасына елдің барлық ауданы мен қаласынан 150 мыңға жуық аз қамтылған азаматты тарту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12748?lang=kk
2017 жылы 21 мыңнан астам жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған жас қазақстандық жұмысшы кәсіптерге тегін оқи алады 10.04.2025
Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы туралы және жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жайлы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.Біржан Нұрымбетов, сөз басында, жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында (әрі қарай – бағдарлама) келесі мәселелерге көңіл бөлінгенін жеткізді: сұранысқа ие кәсіптер мен кәсіпкерлік қағидаттарына жаппай оқыту мен дағдыларды үйрету, жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналасуға әрекеттесу мен еңбекке жұмылуды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту.«Бағдарламаның бірінші бағыты аясында, 2,5 жылға дейінгі оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім алу ұйымдастырылып, мұнда бәрінен бұрын, мектепті аяқтағаннан кейін оқу орындарына түспеген жастарға назар аударылады. Биыл техникалық және кәсіби оқытуда 21 мыңнан астам жас қазақстандықты қамту жоспарланып отыр. Осымен бірге, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары шеңберінде кәсіби оқытуға арналған қысқамерзімді курстар өткізілетін болады (1-6 ай аралығы). Бұл оқу түрінде 26 мың адамды қамту көзделуде», - деп мәлімдеді вице-министр.Бағдарламаның екінші бағытында, ауылмен қатар, қалаларда да жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру мен дамытуға жағдай жасалады.«Өтеу мерзімі 7 жыл несиенің жылдық мөлшерлемесі 6% деңгейде сақтала отырып, 18 миллион теңге мөлшерінде ұсынылады. Несиенің қолжетімділігін кеңейтуге арналған келесі бір тың шара, несиені кепілдендіру тетігі енгізіледі: бизнесін енді бастағандарға 85%-ға дейін және жұмысы жүріп тұрған кәсіпкерлерге 50%-ға дейін. Ауыл мен шағын қалалалардағы несиелеу, шағын қаржы ұйымдарын қосқанда, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жүргізіледі. Қалаларда шағын несиелеу, ауылдық жерлерге арналған шарттардағыдай, екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдары арқылы жүзеге асатын болады. Үстіміздегі жылы 10 мыңнан астам адамға шағын несие беру жоспарлануда», - деп байыптады Біржан Нұрымбетов.Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, арнайы тренерлер мен табысты да тәжірибелі кәсіпкерлерді тартқан райда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы «Бастау-бизнес» жобасы арқылы қолға алынады. Ағымдағы жылы оқу сабақтарына 15 мың адам ілікпек.Үшінші бағытта азаматтардың жекелеген санаттарының жұмысқа орналасуында атаулы көмекті күшейту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды күшейту және еңбек нарығы инфрақұрылымын дамыту қарастырылған.Анығырақ тоқталсақ, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар сынды құралдар жастар мен әйелдердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында сұранысқа ие. Биыл әлеуметтік жұмыс орындарына 11,3 мың адамды орналастыру межеленсе, жастар тәжірибесінде 12,7 мың адам қамтылмақ.Еңбек ресурстарының жұмылуын арттыруда, ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударған тұлғаларға мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Жыл сайын, өңірлер мен жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына сұранысын ескерген райда, ішкі көші-қон квотасы белгіленеді. Аталған көшті ынталандыру тетігі ретінде, бастапқы бейімделу және жол мен жүк тасу шығынын өтеу құралдарынан тұратын, қазіргі таңдағы әлеуметтік пакетті қолдану жалғасын табатын болады. Осы жылы 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу мақсат етілген.Тағы бір маңызды мәселе, enbek.kz порталында Еңбек нарығының біртұтас ақпарат базасы (электрондық еңбек биржасы) жасалып, онда ғаламтор кеңістігіндегі бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер жайлы барлық деректі біріктіру күтілуде.2017 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 85 млрд теңге қарастырылғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12718?lang=kk
Астана процесі аясындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі кезекті кездесу туралы 10.04.2025
Ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілгер елдердің өзара келісуімен, Астана процесі аясындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі жетінші халықаралық кездесу 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді.Келіссөздер барысында тұтқындарды, қамауда отырғандарды босату, қаза тапқандардың денелерін беру және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесін бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ, тараптар халықаралық терроризммен күрес мәселелерін қарастыруға және Сирияда гуманитарлық минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлескен мәлімдемені қабылдауға ниетті. Өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелердің талқылануы ықтимал.Астанада қыркүйекте өткен келіссөздердің алтыншы раунды тараптардың Сирияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыру және Астана процесі аясында осыған дейін қабылданған басқа да шешімдердің орындалуы бойынша жұмысты жалғастыру ниеті расталған бірлескен мәлімдемені қабылдаумен аяқталғанды. Сирияда құрылған деэскалация аймақтары аталған қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/12699?lang=kk
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған қазақстандықтарға 2016 жылы республикалық бюджеттен 21,7 млрд. теңгеден астам қаржы төленді 10.04.2025
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға 2016 жылы республикалық бюджеттен 21,7 млрд. теңгеден астам бөлінді.2016 жылы жәрдемақының орташа мөлшері 24 002 теңгені құрады. Мұндай жәрдемақы 73,4 мың адамға төленді. 2017 жылы мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға республикалық бюджетте 24,9 млрд. теңге қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12590?lang=kk
Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады 10.04.2025
Бүгін «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ел азаматтарын қабылдады. Министрге барлығы 19 адам, олардың ішінде Астана қалаcы, Ақмола Павлодар, Қарағанды облыстары. сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының тұрғындары Тамара Дүйсеновамен бейнеконференция байланысы арқылы өз сұрақтарын қойды. Олардың басым көпшілігі зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру, емдеу барысында көмек көрсету, жұмыспен мәселелеріне қатысты болды. «Бүгінгі кездесуде көптеген азаматтар зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемін арттыру мәселелері бойынша сауалдар қойды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы төлемдерінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға, сондай-ақ, бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 1 шілдеден 20%-ға арттырылады. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 81,6 млрд. теңге бөлінеді. Аталған мәселелер бойынша қазақстандықтар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында толық мағлұмат ала алады.Сонымен бірге, азаматтар менен Нәтижелі жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы сұрады. Мен оларға бағдарлама бойынша несие алу жолдары, азаматтарды жұмыспен қамту барысында қандай тетіктер қолданылатыны жайында мәлімет бердім»,- деп хабарлады Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдау аяқталған соң.Министр барлық өтінімдерді қарастырып, әрқайсысына толыққанды жауап берді. Шешімі белгілі бір уақытты талап ететін мәселелерді Тамара Дүйсенова өз бақылауына алып, ҚР ДСӘДМ комитеттері, құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық департаменттерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12589?lang=kk
2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 5673 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды 10.04.2025
2016 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытының аясында 5673 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды.Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 40 мың 927 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 22 мың 213-і – бағдарламаға қатысушылар. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы бірінші бағытының аясында Қазақстанда тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, абаттандыру, инженерлік-көлік инфрақұрылымы салаларына жататын нысандар салынып, жөндеуден өткізілді.Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12526?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Денис Тенның отбасына көңіл айтты 10.04.2025
Орны толмас қайғыға тап болдық –біртуар адам, жас дарынды спортшы, еліміздің мақтанышы, Сіздердің ұлыңыз – Денисжан түршігерлік оқиғаның салдарынан өмірден озды.Орны толмайтын қазаға орай, Сіздерге және Сіздердің туған-туысқандарыңызға қайғы-қасіретке ортастығымды білдіріп, көңіл айтамын.Жақынымыздан айырылу барлығымызға да ауыр тиеді, әйтсе де ұлдың қазасы – ата-анасы үшін ештеңемен салыстыруға келмес қасірет. Ол Сіздер үшін өмірдің басты мәні, үміт, сүйеніштеріңіз болды. Сіздер оған бар сүйіспеншілік, жігерлеріңіз бен армандарыңызды арнадыңыздар.Денис әрдайым жастық, мақсаткерлік, жеңіске жігерленген ерік, Отанға шын берілгендік пен отансүйгіштік бейнесі болып қалады.Оның халықаралық спорт аренасындағы жетістіктері Қазақстанның даңқын биіктетіп, жүздеген балалар мен қыздар үшін үлгіге айналды.Денистің аты жүрегімізде мәңгіге сақталып, өз нұрымен жылытып, қайғы-қасіреттің қиын сәттерінде бізге жұбаныш болады. Қостанай облысының әкіміА. МұхамбетовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/12297?lang=kk