Экономика
Қазақстан мен ЕО стратегиялық серіктестікті нығайтуда 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 31 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге жұмыс сапарымен келген Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру, экономикалық байланыстарды нығайту, инвестициялық өзара іс-қимыл және өңірлік қауіпсіздік тақырыбын қоса алғанда, екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.Тараптар Орталық Азияға арналған ЕО стратегиясы аясында диалогты жалғастырудың және орнықты даму, цифрландыру мен климаттық күн тәртібі саласындағы бірлескен бастамаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Жасыл трансформация және өңірдің Еуропалық одақпен көлік-логистикалық байланыстылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға бағытталған жобаларды іске асырудың маңыздылығы баса айтылды.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Еуроодақпен серіктестікті тереңдетуге бейілділігін растай отырып, осы аптада Самарқандта өтетін «Орталық Азия - Еуропалық одақ» саммитінің маңыздылығына назар аударды.Өз кезегінде Э.Стипрайс Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылдың қарқынды дамуын жоғары бағалап, өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда және маңызды инфрақұрылымдық әрі экономикалық жобаларды іске асыруда еліміздің жетекші рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. 2024 жылы ҚР мен ЕО арасындағы тауар айналымы 49,7 млрд АҚШ долларын құрады (+16,9%), оның ішінде Қазақстанның ЕО-ға экспорты – 38,6 млрд доллар, импорты – 11,1 млрд доллар. 2005 жылдан 2024 жылғы 9 айға дейінгі кезеңде ЕО елдерінен Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 200,7 млрд долларды құрады, бұл Қазақстанға құйылған барлық тікелей шетелдік инвестициялардың (419,5 млрд доллар) 47,8%-ын құрайды. 2024 жылдың 9 айында ЕО-дан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 6,4 млрд доллар немесе жалпы көлемнің 50,4%-ын құрады. Қазақстанда еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/966538?lang=kk
Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады 05.04.2025
Бұл туралы баспасөз мәслихатында жаңа телеарнаның басшылары мәлімдеді.Алматы облысымен қатар, республика көлемінде тікелей хабар тарататын арнаға танымал тележүргізушілер жетекшілік етпек. Жаңа арнаның басшысы – Қымбат Хангельдина, ал бас продюсер қызметін Қымбат Досжан атқарады.Жаңалықтарға негізделген телерадио кешені қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 12 сағат хабар таратады.– Мамыр айында кезең-кезеңімен іске қосыла бастаймыз. Жалпы штат саны – 80 адам. Негізгі құрам анықталғанымен, әлі де телеарнаның «ыстығына күйіп, суығына тоңуға» дайын әріптестерді іріктеп, жұмысқа қабылдаймыз. Қазіргі таңда жұмыс жоспары әзірлену үстінде, – деді «Qonaev Media» телерадиокомпаниясы» ЖШС директоры Қымбат Хангельдина.Алматы облыстық телеарнасы болғандықтан, қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Алайда, арна көрерменнің көңілінен шығып, өз аудиториясын қалыптастыра алса, іскерлік жобалар да қолға алынып, өзін-өзі қаржыландыратын медиаға айналдыру көзделген.Телеарна жаңалықтармен шектелмей, түрлі бағыттағы бағдарламаларды да эфирге шығарады.– Ақпараттық хабарлар күнделікті үш мезгіл эфирден беріледі. Апта сайын ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар да жарық көреді. Өңірдің әлеуеті зор. Сондықтан мәдениет, спорт, туризм бағыттарын қамтитын циклдік жобалар әзірленеді, – деді «Qonaev Media» арнасының бас продюсері Қымбат Досжан.Жаңа арна іске қосылғанымен, телеарна қызметкерлері үшін қолайлы кеңсе мәселесі өзекті болып тұр. Қазіргі таңда «Qonaev Media» телеарнасының уақытша ғимараты Алматы қаласында орналасқан. Ал облыс орталығы – Қонаев қаласында арнайы медиаорталық ашылған кезде, арна толықтай өңірдің бас шаһарына көшеді.Айта кетейік, болашақта арна жанынан жергілікті радио құрылып, әуе толқынында хабар тарату жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/966391?lang=kk
Жас дарын – 140 балл! 05.04.2025
Білім – кез келген мемлекеттің өркендеуінің негізгі іргетасы. Бүгінгі жастардың ғылым мен білімге деген құштарлығы – елдің ертеңін жарқын ететін басты күш. Осындай алғыр да еңбекқор жастардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы Толқын орта мектебінің оқушысы Санжар Қуандық. Ол Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) наурыз айындағы сынағында ең жоғары 140 балл жинап, өзінің білім деңгейін дәлелдеді.Санжардың бұл жетістігі туған мектебінің ғана емес, бүкіл облыстың мақтанышына айналды. Осы орайда, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев дарынды оқушымен арнайы кездесіп, оны құттықтады. Кездесу барысында өңір басшысы білім саласындағы жаңа бастамаларға тоқталып, мектептерді жаңғырту, оқушыларға заманауи білім беру мен қауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.– Бұл жетістік – сенің табандылығыңның, ата-анаң мен ұстаздарыңның қолдауының нәтижесі. Бүгінде елімізде жастарға сапалы білім алуға барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, одан әрі биіктерді бағындыруға тілектеспін, – деді облыс әкімі.Санжар өз кезегінде болашақ жоспары туралы ой бөлісіп, ұстаздық жолды таңдауды мақсат еткенін жеткізді. Ол алған білімін келешек ұрпақпен бөлісуді ең үлкен миссиясы санайды.Кездесу соңында өңір басшысы жас түлекке 500 мың теңгенің сертификатын табыстап, анасы мен ұстаздарына Алғыс хат ұсынды. Мұндай қолдау – білімді жастарды ынталандырудың және олардың еңбегін бағалаудың жарқын үлгісі.Санжар Қуандықтың жетістігі – білімге ұмтылған әрбір жасқа шабыт сыйлайды. Осындай талапты, алғыр жастар көбейген сайын, еліміздің де болашағы жарқын болары сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/966324?lang=kk
Қазақстан мен Словенияның СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің болашағын талқылады 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 31 наурыз – Словения Президенті Наташа Пирц-Мусардың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Словения Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы және еуропалық істер министрі Таня Файонмен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Словения арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері мен келешегін талқыланды. Сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және екі елдің іскерлік орталары үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.Министрлер Словения президентінің сапары аясында өтетін бизнес-форумның байланыстарды кеңейтуде маңызды қадам болатынына сенім білдірді. Осы тұста көлік және логистика, фармацевтика, жасыл энергетика, су ресурстары мен телекоммуникация салалары басым бағыттар ретінде аталып өтті.«Астана Орталық Еуропа мен Еуропалық одақтағы маңызды серіктес ретінде Люблянамен байланысты жоғары бағалайды. Көптеген мәселелер бойынша ортақ мүдделеріміз бар, атап айтқанда транзит-көліктік әлеуетімізді өзара тиімді пайдалана аламыз», – деп атап өтті М.Нұртілеу.Сыртқы саяси ведомстволар басшылары сондай-ақ көпжақты форматтағы конструктивті өзара іс-қимылды атап өтіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестірді». Бұл бағытта Астана мен Люблянаның БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы бойынша ұстанымдарының жақындығы айтылды.М.Нұртілеу Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық құруда, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық одақтың визалық режимін жеңілдету бойынша келіссөздерді бастауға Еурокомиссияның мандатын алуда білдірген қолдауы үшін словен тарапына алғыс білдірді.Өз кезегінде Т.Файон Словенияның Қазақстанмен өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда көпқырлы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ниетін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі күш-жігер туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/966146?lang=kk
Қостанай облысының индустриалды аймағы: экономиканың локомотиві және инвестиция магниті 05.04.2025
«Қазақстанға жаһандық, әсіресе өңірлік нарықта табысты бәсекеге қабілетті, қуатты әрі технологиялық тұрғыдан прогрессивті өнеркәсіп қажет» Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекет басшысының өңір экономикасына инвестициялар тарту жұмысын тиімді жүргізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қостанайда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан индустриялық аймақ өңір дамуының негізгі драйверіне айналды. Бұл учаске барлық қажетті дайын инфрақұрылыммен, соның ішінде магистральдық газ құбыры, су құбыры, кәріз, байланыс және электр жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген.Қазіргі уақытта Қостанай қаласының Индустриялық аймағында жалпы құны 97,4 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылды, 1 000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында жүзеге асырылуда. Жалпы сомасы 348,5 млрд теңге сомасына 3,9 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін тағы 9 жоба әртүрлі іске асыру кезеңдерінде тұр. Сонымен қатар, Индустриялық аймақ аумағында жаңа ірі жобаларды іске қосу және жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылы металлургия өндірісі саласында «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауыты іске қосылды. Кәсіпорын сұр шойыннан цилиндр блоктары мен бастиектерін құюға бағытталған. Өндіріс барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді, жоғары деңгейде автоматтандырылған және энергия тиімділігі жоғары.Жобаның құны – 78,2 млрд теңге, жылдық өндірістік қуаты – 45 мың тонна құйма, 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, «KamLitKZ» ЖШС металлургия кластерін дамыту аясында биыл тағы 2 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіру және жүк көліктеріне арналған жетекші көпір балкасын тереңдетілген локализациямен шығару. Жобалардың өндірістік қуаты – жылына 74 мың редуктор және 90 мың көпір балкасы, жалпы инвестиция көлемі – 160,5 млрд теңге, 650 жұмыс орны құрылады. Бұдан басқа, 2024 жылы машина жасау саласында «Беларус» тракторларының кабиналарын («МТЗ Қазақстан» ЖШС) және көлік құралдарының кузовтарын (жедел жәрдем, автозактар, жедел әрекет ету қызметтеріне арналған көліктер – «TEHNOPARK KZ» ЖШС) өндіру басталды. Жыл қорытындысы бойынша 250 кабина және 600 бірлік кузов шығарылды. Сондай-ақ өткен жылдан бастап теміржол жылжымалы құрамына арналған серіппелердің сериялық өндірісі жолға қойылды. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, жаңа тауар ассортименті пайда болуына байланысты өндірілетін өнімнің номенклатурасы кеңейіп келеді. Жергілікті билік коммуникацияларды қосу тұрғысынан әрбір инвесторға жеке тәсіл қолданады. Осылайша, 2023 жылы Индустриялық аймақ аумағында автомобиль жасау секторындағы негізгі жобалардың бірі – толық циклді KIA автокөлік зауытының құрылысы басталды. Бұл жоба өңірдің экономикалық дамуына оң әсер етіп, экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 90 млрд теңге, жылдық өндірістік қуаты – 70 мың автокөлік, 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауытты іске қосу 2025 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. Дүниежүзілік ірі концерн – KIA Corporation компаниясының келуімен Қазақстандағы машина жасау саласындағы кадрларды даярлау жүйесінде түбегейлі өзгеріс күтілуде. Бұл елімізде жаңа буын инженерлерін даярлауға мүмкіндік береді. Баршаға мәлім, адами капитал – бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы басты факторлардың бірі. Осылайша, өңірде Индустриялық аймақтардың болуы инвесторларға қолайлы жағдайлар ұсынып, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, көлікке қолжетімділік және басқа да артықшылықтар береді. Ал бұл өз кезегінде өңірді нақты сектордың негізгі салаларына инвестиция тарту үшін тартымды етеді. Нәтижесінде, бюджетке түсетін түсімдер, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және экономиканың тұрақты өсімі қамтамасыз етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/966122?lang=kk
Алматы облысында газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр? 05.04.2025
Облыстық газдандыру схемасына сәйкес облыста газды қажет ететін 284 елді мекен бар. Қазіргі уақытта оның 157-сі (55,3%) газдандырылып, 1,2 млн адам (77%) газға қол жеткізді. Облысқа табиғи газ келетін ірі магистральдық газ құбырлары: Алматы-Талдықорған, Алматы-Байсерке-Талғар, 2 желілі Алматы-Байсерке-Талғар, Байсерке-Қапшағай, Ташкент-Бішкек-Алматы, Бұхара газ құбыры, Қазақстан-Қытай және «Шелек-Кеген-Нарынкол» газ құбырлары салынып жатыр. 2023 жылы «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбыры салынды (АБТ газ құбырының учаскесін жою жұмыстары 2025 жылға жоспарланды). Алдағы уақытта газ құбырын «Интергаз Орталық Азия» АҚ-на беру жоспарланып отыр. 2024 жылы 17 елді мекенде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.Олар: Жамбыл ауданында – Бірлік, Ақтерек, Ақсеңгір, Көкдала, Жайсан, Б. Қыдырбекұлы, Беріктас, Дегерес, Қазыбек бек; Алатау қаласында – Жаңаарна ықшамауданы, Еңбек ықшамауданы, Талғар ауданында – Арқабай, Көктал, Қайнар, Төңкеріс; Ұйғыр ауданында – Бахар, Шарын. Осылайша, облыстың 40 мыңнан астам тұрғынының тұрмыс жағдайы жақсарды.Сондай-ақ, 18 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықты. Олар: Балқаш ауданында – Береке, Еңбекшіқазақ ауданында – Талдыбұлақ, Сатай, Қаракемер, Нұрлы, Масақ, Достық, Лавар, Қорам, Қаратұрық, Дихан, Қаражота, Шелек-Кеген-Нарынкөл, Қарасай ауданында – Қарасай, Талғар ауданында – Дәулет ауылы. Қонаев қаласы бойынша – МКД, КПР, №19, №20, «Арна», «Спутник», «Рауан» ықшам аудандары. Бұл тағы да 100 мыңнан астам тұрғынды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2025 жылы 12 елді мекенді газбен қамту жүйесін жүргізуге бюджеттен 3,75 млрд теңге бөлінді. Олар: Балқаш ауданында – Бақанас, Ақжар, Бояулы, Миялы жаңа ықшамауданы; Жамбыл ауданында – Таңбалытас, Шилібастау, Арқарлы; Талғар ауданында – Еламан, Кіші Байсерке, Дәулет; Ұйғыр ауданында – Тасқарасу; Қарасай ауданында – Сауыншы (РБ – 250 млн теңге, МБ – 3,5 млрд теңге).Сонымен қатар, 29 жобаны дамытуға облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді. Оның 673,8 млн теңгесі Қонаев қаласын кешенді дамыту жоспарына сәйкес 8 шараны жүзеге асыруға жұмсалады. Балқаш ауданында – Бура, Үшжарма, Ақкөл; Еңбекшіқазақ ауданында – Ақши, Қайрат, Балтабай, Бөлек, Аймен, Алға, Қойшыбек, Базаркелді, Космос, Қызылшарық; Талғар ауданында – Өзтерім, Нұра, Туғанбай; Іле ауданында – Құйған; Ұйғыр ауданында – Кіші Дихан, Үлкен Дихан, Қолжат, Кетпен; КПР – «Конаев 2» АГТС, «Жаңа Іле» АГТС, аталған автоматты газ тарату стансаларынан газ құбырларын жүргізу. Қонаев қаласындағы газ магистральдарын кеңейту жұмыстары.Бұл ретте 2025 жылдың соңына дейін облысты газдандыру пайызын 59,8%-ға дейін ұлғайтып, 170 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қалған 114 елді мекен «Алматы облысының 2030 жылға дейінгі өңірлік газдандыру схемасына» сәйкес толық қаржыландырылған соң уақытылы газдандырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/965632?lang=kk
Алматы облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны жүзеге асуда 05.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №782 Жарлығына және облыс әкімдігінің 18 ақпандағы №47 қаулысына сәйкес, елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүзеге асуда.Биыл көктемгі әскерге шақыру аясында Алматы облысынан 1 746 жас сарбаз Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдеріне аттанбақ. Қазіргі таңда олардың 192-сі ҰҚК Шекара қызметіне жөнелтілді.Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы облыстық жинақтау пунктіне барып, көктемгі әскерге шақыру науқанының ұйымдастырылу барысымен танысты. Өңір басшысына облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Нұрбол Жұмашхан мен оның орынбасары Дулат Акишев шақыру жұмыстарының негізгі кезеңдері мен атқарылған шаралар жөнінде баяндама жасады.Сондай-ақ облыс әкімі «Мобилизациялық дайындықты, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ-не барып, мекеме директоры Айдын Бекбосыновтың есебін тыңдады. Одан бөлек, ТОО «Гранит» компаниясының өкілдері өз өндірістері мен әскери мақсаттағы өнімдері туралы таныстырылым жасады.Жауынгерлік қабілет – басты назарда. Өңір басшысы көктемгі шақыру науқанының маңыздылығын атап өтіп, барлық жауапты құрылымдардың үйлесімді әрі ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.“Әскерге шақыру – тек формальды рәсім емес, бұл – еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне тікелей әсер ететін маңызды мемлекеттік процесс. Сондықтан барлық шаралардың заң аясында, әділ және ашық өтуі маңызды. Жас сарбаздар үшін барынша жайлы жағдай жасалып, медициналық тексеру мен дайындық жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс”, – деді облыс әкімі.Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында болашақ сарбаздар медициналық тексеруден өтіп, әскери бөлімдерге жіберілмес бұрын тиісті дайындық шараларынан өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/965559?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды 05.04.2025
Өңір экологиялық бастаманы белсенді қолдады: 2025 жылдың басынан бері жүздеген су айдыны, саябақ пен аулалар тазартылды. Сенбілікке ондаған мың тұрғын мен мыңдаған кәсіпорын өкілдері қатысты. Нәтижесінде 1,9 мың тонна қоқыс жиналып, 29,6 мың ағаш отырғызылды, сондай-ақ 13 келі түрлі ағаш тұқымы себілді.“Алматы облысы – Қазақстанның ең көркем өңірлерінің бірі. Оның тазалығы мен сұлулығын сақтау – әрқайсымыздың борышымыз. Қаншама адамның бұл іске бей-жай қарамай, өз үлесін қосқаны қуантады”, – деді акцияға қатысушылардың бірі.2025 жылдың басынан бері 1 952 көпқабатты тұрғын үй ауласы, 55 саябақ пен сквер, 254 тарихи-мәдени ескерткіш және 462 әлеуметтік нысан тазартылды. Сонымен қатар 241 өзен, көл және су қоймасының жағалауы ретке келтіріліп, жұмыстарға 956 техника тартылды.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өңірде арнайы медиа-жоспар бекітілді. Соның аясында 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 7 998-ден астам материал жарияланған.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірде жалғасуда. Ұйымдастырушылар тұрғындарды тек сенбіліктерге қатысып қана қоймай, күнделікті өмірде де қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/965343?lang=kk
Еңбекшіқазақ ауданының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады 05.04.2025
[20:07, 27.03.2025] Жанна: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Толқын орта мектебі” коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы “Наурыз” ҰБТ-да ең жоғары 140/140 балл жинап, үздік нәтижеге қол жеткізді.«Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол.“Толқын орта мектебінің” ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белесте…[20:20, 27.03.2025] Жанна: Еңбекшіқазақ ауданының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинадыАлматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Толқын орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы “Наурыз” ҰБТ-да ең жоғары 140 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті.«Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.“Толқын орта мектебінің” ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.Айта кетейік, биылғы “Наурыз” ҰБТ-сы жоғары бәсекелестік жағдайында өтіп, талапкерлерге білімдерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Қуандық Санжар Ғалымжанұлының жетістігі – жастарға үлгі боларлық жарқын нәтиже.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/964289?lang=kk
IQanat: Қостанайда ауыл оқушыларына арналған олимпиаданың облыстық кезеңі өтті 05.04.2025
Қостанайда өткен IQanat республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне өңірдің түкпір-түкпірінен 400-ден астам 8-сынып оқушысы қатысты. Бұл тур қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік 1000 оқушысы финалға жолдама алады.Олимпиаданың басты ерекшелігі – әлеуметтік бағыты. Қатысушылардың 70%-ы – әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан балалар. Финалға өткендер үшін екі мүмкіндік қарастырылған: бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-интернатына тегін қабылданады, ал қалғандары үш жылдық қолдау бағдарламасымен қамтылады. Бұл бағдарлама ЕНТ, халықаралық емтихандарға дайындықты, ағылшын, ІТ, soft skills және кәсіпкерлік дағдыларын қамтиды.– IQanat бағдарламаларына қатысқан балалардың 90%-ға жуығы Қазақстан мен шетелдің үздік университеттеріне грант арқылы оқуға түседі. Қазіргі таңда түлектеріміз 15 елде білім алуда, – дейді IQanat білім беру қорының өңірлік үйлестірушісі Гүлнара Берсагурова.Олимпиада логикалық, сыни және кеңістіктік ойлау, математикалық сауаттылық пен ағылшын тілін тексеруді қамтыды. Сонымен қатар, оқушылар 6 пәннің бірін таңдап, тереңдетілген тест тапсырды: математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы немесе география.Биылғы жаңа жоба – peer-to-peer форматы. Онда 10-11 сыныптағы айқанаттық оқушылар кіші сыныптарға пәндік тьютор болып, қолдау көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964205?lang=kk
Мәскеудегі халықаралық турнирде қостанайлық боксшы қыздар үш жүлдеге ие болды 05.04.2025
Қостанайлық спортшы қыздар Мәскеуде өткен Софья Очигаваның жүлдесіне арналған VII халықаралық бокс турнирінде үздік нәтиже көрсетті. Турнирге 13 жастан 40 жасқа дейінгі 300-ден астам спортшы қатысты.54 келі салмақ дәрежесінде Рамина Маханова чемпион атанды. Оны жарысқа Руслан мен Темірлан Чемурзиевтер дайындады.Қола жүлдені жеңіп алғандар:• Анэля Наурузбаева (46 кг, жаттықтырушысы – Нұрхан Жолғасбеков);• Мәдина Нұрманова (66 кг, жаттықтырушысы – Темірлан Чемурзиев).Барлық спортшы қыздар Қостанай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964200?lang=kk
Қостанай облысында санитарлық авиация заманауи тікұшақпен толықты 05.04.2025
Система экстренной медицинской помощи Костанайской области расширяет свои возможности. Теперь в распоряжении санитарной авиации региона – современный вертолет Eurocopter H-145 D-3 Airbus helicopter. Благодаря этому жители отдаленных районов смогут оперативно получать необходимую медицинскую помощь, а пациенты в тяжелом состоянии – быстрее транспортироваться в лечебные учреждения областного центра.Кроме нового вертолета, санитарная авиация продолжает использовать самолет АН-2 и два автомобиля для наземной транспортировки пациентов.Отделение санитарной авиации работает на базе областной станции скорой помощи. Дежурство осуществляется ежедневно – в составе бригады врач и фельдшер. В случае необходимости привлекаются узкопрофильные специалисты, включая детских врачей.В 2024 году санитарная авиация уже выполнила 74 вылета и 353 выезда наземным транспортом. С начала 2025 года бригады совершили 92 выезда и 8 вылетов.Обновление парка санитарной авиации – это значимый шаг для улучшения медицинской инфраструктуры региона и повышения доступности экстренной помощи для всех жителей области.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964196?lang=kk
Армения СІМ басшысы Астанаға алғашқы ресми сапарымен келді 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға алғашқы ресми сапарымен келген Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті.Тараптар қазақ-армян қатынастарының кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қарастырылды.Достық пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде екіжақты серіктестікті тереңдетуге өзара міндеттеме білдірілді. Тараптардың ниеттерін іс жүзінде растау ретінде Арменияның Қарағанды мен Ақтөбедегі құрметті консулдарының кеңселерін ашу болды.ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында өткен жылы қазақ-армян қатынастары сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. 2024 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян қабылдаған Бірлескен мәлімдеме екі елдің одан әрі жақындасуына деген өзара ұмтылысты көрсетті.Осыған байланысты сыртқы саяси ведомстволардың басшылары биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын егжей-тегжейлі қарастырды.«Армения – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді саяси және сауда-экономикалық серіктесі және қазақ-армян байланыстары еш қиындықсыз, сындарлы көзқараспен дамуда және бір-бірінің мүдделерін ескеруге дайын. Мен екі халықтың игілігі үшін барлық уағдаластықтарды іске асыру мақсатында ең тығыз өзара іс-қимылға дайын екенімді білдіремін», – деді М.Нұртілеу.Сауда-экономикалық саладағы кооперацияны одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жетекші үйлестіруші рөлі назарға алынып, оның кезекті отырысын жуырда өткізу ұсынылды.Екі елдің бизнес-топтарының іскерлік байланыстарды дамытуға қатысуының маңыздылығы аталып өтті. Бүгінгі таңда Арменияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын, ал Қазақстанда 430-дан астам армян компаниясы тіркелген.Армения СІМ басшысы А.Мирзоян «өткен жыл біздің мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастар тарихындағы маңызды кезең болды» деп мәлімдеді. Ол биік және жоғары деңгейдегі сапарларға, сондай-ақ көптеген бірлескен іс-шараларға толы болғанын атап өтті, бұл әртүрлі салалардағы өзара іс-қимылға қажетті серпін берді. «Мемлекеттеріміз егемендік пен тәуелсіздікті нығайтуға, сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыруға және ұлттық экономикаларды жаңғыртуға ұмтылуда біртұтас. Мұның бәрі серіктестік қарым-қатынасты кеңейту үшін берік негіз жасайды. Ереван мен Астана халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша жиі сәйкес немесе ұқсас ұстанымдарға ие», – деп толықтырды А.Мирзоян.Тараптар инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге уағдаласты. Армян экономикасына қазақстандық капитал салымдарының жалпы көлемі 56 млн АҚШ долларынан асады.Цифрлық саладағы өзара іс-қимылды кеңейтудің перспективалық мүмкіндіктері аталып өтті. Астана халықаралық қаржы орталығының алаңында оны ұлғайту үшін резервтер бар. Орталықта Армениядан цифрлық технологиялар, қаржылық қызметтер және сақтандыру саласында жұмыс істейтін 10 компания тіркелген.Министрлер ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы жаңа мүмкіндіктерді анықтау үшін ортақ күш салуға келісті.Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың мазмұнды күн тәртібі аталып өтті. Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен жылы Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтті. Ағымдағы жылы Қазақстанның Армениядағы мәдениет күндері мәдени алмасудың оң тәжірибесін жалғастырады.Жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық практикалық мазмұнмен толықтырылады. Бұл үшін Қазақстан мен Арменияның жоғары оқу орындары арасында қол қойылған өзара іс-қимыл жөніндегі 13 келісімдер мен меморандумдар негіз болады.Кездесу барысында министрлер сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестірді», көпжақты және интеграциялық құрылымдар шеңберінде одан әрі тығыз байланыстарға, екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету кезінде өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.Ресми сапар барысында Армения Республикасының Сыртқы істер министрі А.Мирзоян Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың қабылдауында да болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/963898?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Çalık Holding» басшылығымен кездесті 30.03.2025
Астана, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Çalık Holding» түрік холдингінің басшысы Ахмет Чалыкты қабылдады.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Жер қойнауын пайдалану, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика және логистика салаларындағы серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударылды.А.Чалык холдингтің Қазақстандағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. Атап айтқанда, түсті металдарды өндіру, Қостанай облысында дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын салу, сондай-ақ газ саласындағы жобаларға қатысу жоспарлары қарастырылды.«Çalık Holding» – 34 елде қызмет атқаратын Түркияның ірі қаржы-өнеркәсіптік топтарының бірі. Компания Орталық Азия, Балқан және Таяу Шығыста ірі инфрақұрылымдық, энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/963331?lang=kk
Марат Султангазиев Үлкен ауылына жұмыс сапарымен барды 30.03.2025
Алматы облысының әкімі Марат Султангазиев Жамбыл ауданының Үлкен ауылына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында өңір басшысы негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, АЭС жобасын жүзеге асыруға байланысты ауылды дамыту мүмкіндіктерін талқылады.Сапардың маңызды бөлігі – Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жоспарланған аумақпен танысу болды. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың сүйемелдеуімен өңір басшысы жер телімінің сипаттамаларын зерттеп, стратегиялық жобаны іске асыру перспективаларын талқылады.АЭС құрылысы мен оның одан әрі пайдаланылуын қажетті ресурстармен және қызметтермен қамтамасыз ету үшін облыс әкімі Индустриалды аймақ құруды тапсырды. Бұл аймақ қосалқы және ілеспе бизнестерді, сондай-ақ кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар мамандар мен жұмысшылар үшін қолайлы жағдай жасайды.Әкім ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Су алу торабын қарап шыққан соң, өңір басшысы үздіксіз сумен жабдықтаудың маңыздылығын атап өтті. «Жамбыл Су» ШЖҚ МКК директоры Алмас Кемельбеков жүйені жаңғырту жұмыстарының барысы туралы баяндап, бұл процестің жергілікті билік тарапынан тұрақты бақылауда екенін жеткізді.Сондай-ақ жол инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі талқыланды. Облыс әкімі су құбырлары желілерін кешенді жаңарту жұмыстарын жүргізіп, жол сапасын жақсартуды тапсырды. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етеді.Сапар аясында өңір басшысы «Абылхайыр» ЖШС балық өңдеу зауытына барды. Кәсіпорын директоры Руслан Мурзалиевтің айтуынша, зауыт жылына бірнеше тонна балық өңдеп, көксерке филе өндіру қуаттылығы 770 тоннаны құрайды.«Ауыл шаруашылығын дамыту – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Мұндай кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық өсімге ықпал етеді», – деп атап өтті Марат Султангазиев.Сонымен қатар, өңір басшысы ауылдық амбулатория құрылысының барысымен танысты. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұғамедғарип Құрманғалиев жобаның қазіргі жағдайы туралы баяндады.Бұрынғы балабақша ғимаратын қайта пайдалану мәселесі де көтерілді. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас жергілікті билік бұл нысанды тиімді қолданудың әртүрлі нұсқаларын қарастырып жатқанын айтты.Облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаевқа ауылдағы ғимараттардың жағдайына кешенді тексеру жүргізіп, қажетті жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.Үлкен ауылында 1200 пәтер бар, оның 600-іне тұрғындар қоныстанған, ал 500 пәтерге қайта қоныстандыру жоспарлануда. Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы бұл мәселені жан-жақты қарастыруды тапсырды.Туризмді дамытуға да ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, жағалау аумақтарын абаттандыру жоспарланып отыр. Бұл өңірдің туристік әлеуетін арттырып, қосымша инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.Жергілікті тұрғындармен кездесуде жылу, су және электрмен қамтамасыз ету, сондай-ақ абаттандыру мәселелері талқыланды.«Біз халықтың ұсыныстарын ескеріп, ауылды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін бар күшімізді саламыз. Сапалы инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандар – тұрғындардың әл-ауқатын арттырудың негізгі факторлары», – деп атап өтті облыс әкімі.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Марат Султангазиев жергілікті билікке Үлкен ауылын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды және көтерілген барлық мәселелердің өзінің жеке бақылауында болатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/963131?lang=kk
Қазақстан мен Қытай екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуда 30.03.2025
Астана, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаомен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында тараптар қазақ-қытай стратегиялық ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдасудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Сұхбаттастар елдер арасындағы саяси қатынастар дамуының оң динамикасын атап өтті. Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.«Қазіргі уақытта елдеріміздің қарым-қатынасы өзінің ең жақсы кезеңін бастан өткеруде және үлгілі сипатқа ие. Ізгі көрші әрі сенімді серіктес ретінде біз шынымен көпқырлы және өзара тиімді байланыстарды қалыптастыра алдық», – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.Бұған қоса сауда-экономикалық, инвестициялық және транзиттік-көліктік ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы өзара ықпалдасуды дамыту және Қазақстаннан Қытайға шикізаттық емес экспортты арттыру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ Министр Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі екенін атап өтті, өткен жылы екіжақты тауар айналымы рекордтық 43,8 миллиард АҚШ долларына жетті және тұрақты түрде еліміздегі бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Бүгінде қазақ-қытай инвестициялық жобаларының пулында жалпы құны шамамен 66,4 миллиард АҚШ долларын құрайтын 224 жоба бар, бұл шамамен 50 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Кездесу соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және көпжақты құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия-Қытай» форматы шеңберінде тығыз үйлестіру мен өзара ықпалдасуды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/963016?lang=kk
Талғар ауданында көктемгі егіс науқанына белсенді дайындық жүргізілуде 30.03.2025
Жоспарланған егістік алқабы шамамен 20 мың гектарды құрайды. Оның ішінде шамамен 50%-ы дәнді дақылдарға, 1800 гектарға жуығы майлы дақылдарға, 700 гектарға жуығы картопқа, 900 гектардан астамы көкөніс дақылдарына, 100 гектары бақтарға, ал мал азығы дақылдарына шамамен 5700 гектар бөлінген.Биылғы жылдың наурыз айынан бастап алқаптарда 12 мың гектар аумақта тырмалау және ылғал сақтау шаралары жүргізіледі. Жер жыртуға 7400 гектарға жуық жер бөлінсе, себу алдындағы өңдеу 13 мың гектардан астам аумақта жоспарланған.Күздік дәнді дақылдар шамамен 3 мың гектарды алып жатыр және олардың жағдайы қанағаттанарлық. Көктемгі науқанды жүргізу үшін аграршылар 600-ден астам трактордан тұратын ауыл шаруашылығы техникасын дайындады, оған тіркемелер, соқалар, культиваторлар, сепкіштер және басқа да жабдықтар кіреді. Шаруашылықтарда 18 млн теңге тұратын екі жаңа трактор іске қосылды, сондай-ақ Lovol маркалы төрт техниканы лизингке алу рәсімделуде.Өткен жылы аудан ауыл шаруашылығы техникасын жаңартты: жалпы құны 500 млн теңгеден асатын 47 техника сатып алынды. Биылғы маусымда 12 шаруашылық шамамен 800 тонна дизель отынына сұраныс берді, бұл ретте «Петрофон» компаниясымен тиісті келісімдер жасалып жатыр.Фермерлер 860 тоннадан астам минералды тыңайтқыштарға тапсырыс берді, жеткізушілер «ҚазАзот», «ҚазФосфат», «АгроМарт» және «Әлем Агро» компанияларымен келісімшарттар жасалды. «Кеңдала» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында ірі және шағын фермерлік шаруашылықтар 211 млн теңгеден астам сомаға өтінімдер тапсырды.Талғар ауданында суару жүйесіне ерекше назар аударылады. Негізгі су жеткізушілер – жергілікті су шаруашылығы өндірістік басқармасы және Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы. Өткен жылы үш каналдың қайта құру жұмыстарына 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.Биылғы жылдың ақпан айында өткен ауыл шаруашылығы оқулары аясында егістік науқанына дайындық және заманауи технологияларды, әсіресе су үнемдеу саласындағы технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта 22,6 мың гектар суармалы жердің 4,6 мың гектары заманауи технологиялармен жабдықталған, алдағы жылдары бұл аумақ айтарлықтай ұлғайтылмақ.«Нұрбеков» фермерлік шаруашылығы «Спецконструкция» компаниясымен алдыңғы қатарлы суару жүйелерін орнату жөнінде келісім жасады. Басқа шаруашылықтар да су үнемдеу технологияларын кеңейту мақсатында жаңғырту бағдарламасына қосылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/962845?lang=kk
Қазақстан Елшісі Мысыр Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 29.03.2025
Каир, 2025 жылғы 24 наурыз – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах әс-Сисиге сенім грамоталарын табыс етті.Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында А. Жеңіс Мысыр басшысымен сұхбаттаса отырып, оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.Сонымен қатар қазақ дипломаты екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі дамуын атап өтті. Осы тұрғыда ол Мысырмен ынтымақтастықтың барлық салалардағы елеулі әлеуетін ескере отырып, серіктестікті одан әрі тереңдетудің оның осы лауазымдағы жұмысының ең маңызды бағыты екеніне назар аударды.Өз кезегінде Мысыр Президенті Қазақстан Елшісіне жаңа қызметінде табыс тілей отырып, Каир мен Астана арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және нығайтуға жоғары мүдделілігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/962369?lang=kk
Тазару күні: табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық 29.03.2025
Наурыз – табиғаттың жаңару, жаңғыру кезеңі, адамдардың бірлігі мен ынтымағының мерекесі. Бұл ежелден келе жатқан мейрам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен былтырдан бастап жаңа форматта тойлануда. Он күнге созылатын «Наурызнама» тұжырымдамасы бұл мейрамға терең мағына беріп, оның ұлттық мәнін арттыра түсті.Бүгін, 23 наурыз – Тазару күні, қоршаған ортаның тазалығына және адамның ішкі жан дүниесінің үйлесімділігіне арналады. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде сенбіліктер, экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау шаралары өтуде.Бұл игі бастамадан облыс орталығы – Қонаев қаласының тұрғындары да шет қалмады. Белсенділердің, қоғамдық ұйымдардың және мекеме қызметкерлерінің бастамасымен кең ауқымды санитарлық тазарту акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысып, 10 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Акция барысында «Жасыл қала Қонаев» ұйымы басшысының орынбасары Асхат Сарсембекұлы мұндай бастамалардың тек тазалықты сақтауға ғана емес, қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға да септігін тигізетінін атап өтті.Облыс көлемінде өткен акцияның нәтижелері:•7635 адам сенбілікке қатысты;•152,5 тонна қоқыс шығарылды;•21 арнайы техника жұмылдырылды;•1040 ағаш отырғызылды.Бұл көрсеткіштер тұрғындар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен күш-жігері айналамызды таза әрі көрікті ете алатынын айқын дәлелдейді. Тазару күні табиғатқа деген жанашырлықтың маңыздылығын еске салады. Өйткені ауламыздың, көшелеріміздің, саябақтарымыздың тазалығы – тек жайлылықтың ғана емес, қоғам мәдениетінің де көрсеткіші. Наурыз әр шаңыраққа татулық, жақсылық пен амандық әкелсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/962221?lang=kk
Қапшағай қарағайлы орманы: жасыл болашаққа алғашқы қадам 29.03.2025
2025 жылғы 22 наурызда Қапшағай су қоймасының жағалауына 22 000 қарағай көшеті отырғызылды.Қазақстанда экожүйені қалпына келтіру және аумақтарды көгалдандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – 2025 жылғы 22 наурызда өткен ауқымды экологиялық акция. Жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылған жоба өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге, ауа сапасын арттыруға және биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған. Көшеттер алғашқы сорғы станциясы маңында отырғызылды, болашақта бұл аумақта нағыз қарағайлы орман пайда болады.Іс-шараға 200-ге жуық ерікті қатысты, олардың қатарында бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар және жергілікті тұрғындар бар. Барлығы ортақ мақсат – өңірдің табиғи қорғаны бола алатын жасанды орман алқабын құру үшін жұмылды.Бұл бастама халықаралық климаттық күн тәртібіне және БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасына (UNEP) толық сәйкес келеді. Қарағайлы орманның қалыптасуы жасыл инфрақұрылымды дамытуға үлес қосып, азаматтық қоғам, бизнес және мемлекет арасындағы экологиялық мәселелерді шешудегі тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болмақ.Қапшағай қарағайлы орманы – бұл жай ғана орман емес, болашақ ұрпаққа қамқорлықтың белгісі және қоршаған ортаны жақсарту үшін бірлескен күш-жігердің айқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/962220?lang=kk