Мәдениет
«Әкімшілік әділет – мемлекет пен қоғам арасындағы диалог кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті 01.07.2026
Бүгін Қазақстан Республикасы әкімшілік соттарының құрылғанына 5 жыл толуына арналған «Әкімшілік әділет – мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалогтың кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық сот төрағасы Әділхади Шығамбаев, құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, адвокаттар, мемлекеттік органдар қызметкерлері, ғалымдар мен құқық саласының мамандары қатысты.Аймақ басшысы бес жыл бұрын қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа стандарттарын қалыптастырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы: «Әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын айқындайтын сынақ болды. Оның нәтижесі сотқа деген сенімнің арта түскенін көрсетті. Әкімшілік әділет рөлі нығайып келеді», – деді.Бұл мемлекеттік органдардың жұмыс мәдениетін өзгертіп, қабылданатын шешімдердің сапасы мен заңдылығына қойылатын талаптарды күшейтті. Азаматтардың сотқа деген сенімі – құқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіштерінің бірі. Осы ретте өңіріміздегі сот қауымдастығы заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келеді.Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз еліміздегі құқық үстемдігін нығайту ісінде маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта да Президентіміздің Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құру жолындағы ортақ жұмысымыз жалғаса беретініне сенімдімін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында облыс прокуроры Ризабек Ожаров, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті экономика және құқық институтының директоры, PhD докторы Айнұр Исаева сөз сөйледі.Аймақта әкімшілік әділет институтының тиімділігі нақты нәтижелерімен көрініс тапты. Кейінгі бес жылда облыс соттарына 6 мыңға жуық әкімшілік талап қою арызы түсіп, 5 мыңнан астамына тиісті шешім қабылданған.Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтерген маңызды бастамалардың бірі «е-Өтініш» бірыңғай платформасы. Аталған жүйе азаматтардың өтініштерін ашық әрі тиімді қарауға, өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды құралына айналды.2021 жылдан бері өңірдің мемлекеттік органдарына 220 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа мәдениеті қалыптасып, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі арта түскенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1238281?lang=ru
Тау-кен металлургия саласындағы мәселелер талқыланды 01.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ президенті Чэнь Даю және компанияның бас директоры Чжун Фэйчаомен кездесті. Кездесуде өңірдің инвестициялық әлеуеті, тау-кен металлургия саласын дамыту перспективалары талқыланды.Аймақ басшысы облыстың минералды шикізат қорының көлемі инвестиция тартуға мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Бүгінде өңір жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қажетті стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбаларға бай. Қазақстандағы ванадий қорының 66 пайызы, мырыштың 16 пайызы, қорғасынның 11 пайызы және уранның шамамен 15 пайызы осында шоғырланған.Кездесуде «Шалқия Цинк» АҚ-ның полиметалл кен орнын игеру жобасына ерекше назар аударылды. Бұл кен орны мырыш қоры бойынша әлемдегі ең ірі бестікке кіреді, жалпы қоры 104 млн тонна.Жоба аясында жылына 4 млн тонна кен өндіретін жерасты кеніші іске қосылып, 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы инвестиция көлемі 414,7 млрд теңге. Қазіргі уақытта жерасты шахтасының құрылысы мен қажетті инженерлік инфрақұрылым нысандары толық аяқталған. Алдағы жылы заманауи тау-кен байыту комбинаты мен қалдық сақтау қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие концентраттарды тұрақты өндіреді. Сонымен қатар, өңірдегі энергетика, логистика және машина жасау салаларының дамуына серпін беретін ірі өндірістік орталықтың біріне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1237887?lang=ru
Өңірдің туристік әлеуетін дамыту жобалары талқыланды 01.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сыр өңіріне арнайы келген танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахымды қабылдады.Кездесуде аймақ басшысы өңірдің туристік әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тарихи-мәдени мұраларды әлемге таныстырудың маңызын атап өтті.– Ең алдымен, тарихы терең, бірлігі бекем Сыр өңіріне қош келдіңіз! Қызылорда облысы – ежелгі өркениеттердің ізі сақталған киелі мекен. Сыр бойындағы көне қалалар, тарихи ескерткіштер мен мәдени мұра нысандары Ұлы Жібек жолының мыңжылдық тарихынан сыр шертеді. Сонымен қатар, біздің өңір табиғи ерекшеліктерімен де саяхатшылар үшін ерекше тартымды екені белгілі.Бүгінде еліміздің туристік картасына «Байқоңыр» ғарыш айлағы, «Сығанақ» қалашығы және «Geopark Aral» жобасы енгізілген. Ал өңірлік деңгейдегі туристік нысандар қатарына «Ханқожа» көлі, Қорқыт ата мемориалдық кешені, «Қамыстыбас» көлінің курорттық аймағы, Жаңақорғанның балшық курорттары, «Сауысқандық» шатқалындағы петроглифтер, «Жанкент» қалашығы, «Ақтас» мешіті, Хорасан ата, Оқшы ата және Марал ишан кесенелері кіреді. Осы тарихи орындарға ерекше қызығушылық танытып, әлем назарына ұсынғаныңыз үшін Сізге ерекше алғысымды білдіремін! – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Өз кезегінде Дастан Мұхамедрахым Сыр жұртшылығының қонақжайлығына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта отандық туризмді дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.Кездесу соңында аймақ басшысы құрметті қонаққа қазақы дәстүрге сай сый-сияпат табыстады.Еске салсақ, жақында әлемге танымал тревел-блогерлер Қызылорда қаласына арнайы келіп, қайта жаңғыртылған Президент саябағын аралаған болатын. Сондай-ақ, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешенімен танысып, «Байқоңыр» ғарыш айлағында түсірілім жүргізді.Айта кетейік, бүгінде өңір туризмін дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Өткен жылы облысқа 212,3 мың турист келген, оның 199,8 мыңы – ішкі турист, 12,5 мыңы – сыртқы турист. Салаға 54,4 млрд теңге инвестиция тартылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1237891?lang=ru
Байқоңыр қаласындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру мәселесі қаралды 01.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинмен кездесті. Кездесуде Байқоңыр қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері қаралды.Аймақ басшысы Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы мемлекеттік органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде «Байқоңыр» кешенінде маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.Жыл басында Байқоңыр қаласында әрқайсысы 50 пәтерлік бес тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жаңғыртылуда. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігін арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын, нысанды шілде айында пайдалануға беру жоспарланған.Келесі оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының білім беру стандартымен аралас мектеп ашу мақсатында №7 мектеп ғимаратын облыстық білім басқармасының қарамағына беру жұмыстары жүргізілуде.Кездесуде тараптар алдағы уақытта да өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1237899?lang=ru
Мәди Такиев ХВҚ-ның Қазақстан бойынша жаңа миссия басшысымен кездесу өткізді 30.06.2026
Астана қ., ҚР ҚМ, 2026 жылғы 9 маусым. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстан бойынша жаңа миссия басшысы Амина Ларешпен, аға экономист Дина Хэнмен және басқа да сарапшылармен кездесу өткізді.Мәди Такиев ХВҚ Келісім баптары шеңберіндегі тұрақты миссияларды, мақсатты консультациялар мен техникалық көмекті ұйымдастырып отырғаны үшін алғысын білдірді.Кездесу Цифрлық үкіметті қолдау орталығының алаңында өтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін, мемлекеттік қаржының ағымдағы атқарылуын, сондай-ақ Қазақстан мен Халықаралық валюта қоры арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағыттарын талқылауға арналды.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау және бюджеттік үдерістерді цифрландыру бойынша елімізде іске асырылып жатқан бастамалар туралы таныстырылым жасады. Мемлекеттік қаржы саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған талдамалық құралдарды дамытуға ерекше назар аударылды.ХВҚ миссиясының басшысы мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау және мемлекеттік қаржыны басқару салаларындағы Қазақстанның жетістіктерін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға және тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1237693?lang=ru
Қызылордада испандық «Roca Group» зауытының іргетасы қаланды 30.06.2026
Қызылордада әлемге әйгілі испандық «Roca Group» компаниясының санитарлық-техникалық жабдықтар зауытының іргетасы қаланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, Испания елшілігінің сауда-экономикалық кеңесшісі Хесус Видаль Боррелья, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, құрылыс компанияларының директорлары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.«Roca Group» – жүз жылдан астам тарихы бар, сантехникалық жабдықтар өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания әлем бойынша 78 өндірістік алаңды басқарады. Онда 20 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өнімдері 170-тен астам елге экспортталады.Рәсімде облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және заманауи өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасына тоқталып, өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқанын атап өтті.«Мемлекет басшысы «Жаңа инвестициялар ең алдымен еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек» деген болатын. Кейінгі жылдары өңіріміздің инвестициялық әлеуеті артып, ірі жобалар табысты жүзеге асуда.Аймақ экономикасына 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 1,9 трлн теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.Бүгін біз еліміз үшін маңызды, жоғары технологиялық өндіріс орнының капсуласын салу рәсімінің куәсі болып отырмыз. Осындай ауқымды жобаны Сыр өңірінде жүзеге асырғаны үшін испандық «Roca Group» компаниясына ризашылығымды білдіремін. Бұл бастама өңір экономикасына жаңа серпін беріп, экспорттық әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Біз отандық және шетелдік инвесторлармен әрдайым ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, нәтижелі жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен «Roca Group» серіктестігінің бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес сөз сөйлеп, ел ағасы Ибрагим Әбибуллаев ақ батасын берді.Айта кету керек,жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.«Roca Group» компаниясының зауытын Қызылорда өңірінде салу туралы келісім облысты Нұрлыбек Нәлібаев басқарған кезеңде жасалып, Үкімет деңгейінде тиісті құжаттарға қол қойылған болатын.Бұл – Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын алғашқы өндіріс орны.Зауытқа 24 гектар жер телімі бөлінді, 44,1 млрд теңге инвестиция салынады. Жылдық өндірістік қуаты 500 мың бұйымға дейін жетеді. Өндірілген өнім Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп, Орталық Азия елдеріне экспортталады. Сонымен қатар 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады, жергілікті мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру көзделген. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыратын өндіріс орнын іске қосуды жоспарлап отыр. Ал компания өнімдері ұсынылатын шоурумдар Астана және Алматы қалаларында маусым айында ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1229663?lang=ru
Атырауда «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң мен кадрлық үдерістерді цифрландыру мәселелері талқыланды 30.06.2026
Атырау облысында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңды түсіндіруге, сондай-ақ кадр саясатын жетілдіру мен қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелеріне арналған кеңес өтті.Жиынға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев және басқарма жетекшілері қатысты.Кеңесте Агенттіктің облыстық департаменті басшысының орынбасары Айнұр Еңсегенова баяндама жасады. Ол мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыруға, мансаптық өсудің аралас үлгісін енгізуге, HR-үдерістерді цифрландыруға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған жаңа заңның негізгі нормаларына тоқталды.Оның айтуынша, заңда мемлекеттік қызметке іріктеуді «E-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы цифрлық форматта жүргізу тәртібі бекітілген.– Конкурстық іріктеу толықтай онлайн форматта eqyzmet.gov.kz порталы арқылы өтеді. Бұл рәсімдерді жеңілдетуге, мерзімді қысқартуға және кадрлық үдерістердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бір лауазым бойынша көлденең мансаптық өсу тетігі қарастырылған. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне лауазымдық деңгей белгіленбек, ол жалақы мөлшеріне әсер етеді – деді А.Еңсегенова.Кеңес барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға жол бермеу, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық қағидалары, кибербуллингке және құмар ойындарға қатысуға тыйым салу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жаңа заңның қабылдануы мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне қойылатын талаптарды күшейте түсетінін атап өтті.– Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл құжат мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығын арттыруға, қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуге және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Әр мемлекеттік қызметші мұны жете түсініп, күнделікті қызметте тиімді қолдануы тиіс, – деді ол.Жиын әрі қарай “сұрақ-жауап” форматына ауысып, мемлекеттік қызметшілер өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229809?lang=ru
Атырауда 460-қа жуық кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілді 30.06.2026
Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Атырау өңірлік филиалының директоры Берік Қадыров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.Оның сөзінше, өңірде кәсіпкерлерге субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдетілген несие беру бағыттары бойынша қолдау көрсетіліп келеді.- 2010 жылдан бері аймақта 11 700 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Жалпы қолдау көлемі 622 млрд теңгені құрайды. Қазір кәсіпкерлер үшін «Іскер Аймақ» және «Өрлеу» бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр, – деді Б.Қадыров.Брифинг барысында «Іскер Аймақ» бағдарламасы арқылы өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлерге 200 млн теңгеге дейін қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды. Ал «Өрлеу» бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустрия бағыттарына 7 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілмек.Сонымен қатар кәсіпкерлерге арналған мобильді фронт-офистер іске қосылып, шалғай аудандардағы кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229816?lang=ru
Қызылордада шыны ыдыстар өндіретін зауыттың іргетасы қаланды 30.06.2026
Қызылордада облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Seven Rivers» серіктестігінің құрылтайшысы Ануар Үмбетаев, қорғау органдарының бірінші басшылары, құрылыс компанияларының директорлары, зиялы қауым өкілдері және ел ағаларының қатысуымен «Seven Rivers» компаниясы шыны ыдыстар зауытының капсуласын салу рәсімі өтті. Бұл – өңірдегі шыны кластерін дамытуға бағытталған маңызды өндірістік бастамалардың бірі. Зауыт әлемдік деңгейдегі «Horn» неміс технологиясымен жабдықталып, заманауи әрі экологиялық талаптарға сай өнім өндіреді.Рәсімде облыс әкімі аймақта инвестициялық жобалардың қарқынды жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.«Өткен аптада Мемлекет басшысының қабылдауында болып, инвестициялық жобаларды таныстырдым. Президентіміз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.Жақында Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Нұрлыбек Машбекұлы облысты басқарған тұста өңір экономикасына 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 1,9 трлн. теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өткен аптада ғана «Марал Нұр» серіктестігінің вагон жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін аштық. Бүгін испандық «Рока групп» компаниясының жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық өнім шығаратын жоғары технологиялық зауытының капсуласын салдық.Еліміз, өңіріміз үшін маңызды жаңа өндіріс орындары экономиканы әртараптандыруға, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға жаңа серпін береді деп сенемін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, «Seven Rivers» серіктестігінің құрылтайшысы Ануар Үмбетаев сөз сөйлеп, мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов бата берді.Айта кету керек, «Қазақ-Герман» бизнес-форумы аясында ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылып, 60 млрд теңгеге жылына 240 миллион дана шыны ыдыс өндіретін зауыт салу келісілген болатын. Кәсіпорында 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.Зауытқа барлық инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген «Өндіріс» индустриялық аймағынан 38 гектар жер телімі бөлінді. Қаржыландыру мәселесі «Өнеркәсіпті дамыту қорының» «Жасыл даму» бағдарламасы аясында қарастырылуда. Ел аумағынан жиналған шыны қалдықтарын қайта өңдеу арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығару және импортты алмастыру көзделген. Бұдан бөлек, өңірдегі жоғары сапалы кварц құмы, әк және доломит қорларын тиімді пайдалану арқылы шыны өндірісі төңірегінде жаңа ілеспе кәсіпорындарды дамытуға мүмкіндік туады.Жаңа өндіріс орны өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, экспорт көлемін ұлғайтуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға үлесін қосады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1229833?lang=ru
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов тұрғындарды қабылдады 30.06.2026
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Кезек тәртібімен қабылдауға келген тұрғындар денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үйге кезекке тұру және баспанамен қамту, жер телімін алу, ауылдардағы көлік қатынасына қатысты мәселелерді көтерді.Құрманғазы ауданының тұрғыны өзіне қызметтік тұрғын үй беруді сұрады. Оның айтуынша, аудан ауылдарының бірінде жұмыс істейді және күн сайын жұмыс орнына қатынау қиындық туғызады.Қабылдауда ерекше қажеттілігі бар азаматтарды тасымалдау мәселесіне де назар аударылды. Тұрғындардың бірі І топ мүгедектігі бар адамдарға Атырау қаласында электронды билет алу мүмкіндігі қарастырылғанымен, аудандарда мұндай жүйе жоқ екенін айтты. Өңір басшысы елді мекендер арасында кедергісіз қатынауды қамтамасыз ету үшін бірыңғай база мен ыңғайлы жүйе қалыптастыру қажет екенін атап өтті.Қабылдауға келгендер қатарында Ауған соғысының 71 жастағы ардагері де бар. Ол 2025 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, пәтер алуға көмектесуді сұрады.Аймақ басшысы Отбасы банк арқылы тұрғын үй беру заңнамаға сәйкес кезек тәртібімен жүретінін түсіндіріп, банк өкілдеріне баспана алу тетіктері мен қолданыстағы бағдарламаларды жан-жақты түсіндіруді тапсырды.Серік Шәпкенов мұң-мұқтажын айта келген әр азаматты мұқият тыңдап, жауапты мемлекеттік органдарға әр өтініш бойынша заң аясында тиісті шара қабылдауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229921?lang=ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Еуразиялық экономикалық форумда цифрлы шешімдерді таныстырды 30.06.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі еліміздің ЕАЭО органдарына төрағалық ету аясында Астанада өтіп жатқан V Еуразиялық экономикалық форумға қатысып жатыр.Биылғы форум – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде цифрлы технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға арналды. ЕЭФ-2026 архитектурасы экономиканы цифрлы трансформациялауға, сервистерді интеграциялауға және еуразиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірнеше тақырыпқа біріктірілген 30-ға жуық іс-шараны қамтиды.ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ЕАЭО елдерінде цифрлы сауда мен кеден қызметін басқаруды дамытуға бағытталған сессияларға қатысып, еліміздің тәжірибесі жөнінде айтып берді. Атап айтқанда, көпшілікке Қазақстанның қаржы мен сауда саласындағы цифрлы инфрақұрылымды дамытудағы тәсілдері, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған озық құралдар таныстырылды.Бұған қоса электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі мен тауарларды бақылау тетіктерін дамытуға ерекше назар аударылды. Бүгінде бұл жүйеде 1,7 млрд астам электронды шот-фактура мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы аясындағы құжаттарды қоса алғанда, тауарларға арналған 96 млн жуық ілеспе жүкқұжат рәсімделді.Кеден саласын басқаруды талқылау аясында сыртқы өткізу пункттеріндегі цифрлы инфрақұрылымды жаңғырту нәтижелері ұсынылып, бұл өткізу қабілетін едәуір арттыру мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына тиісті рәсімдерден жылдам өтуге мүмкіндік бергені туралы айтылды.ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Ерлан Сеитов ЕАЭО елдерінде мемлекеттік сатып алуды цифрландыруға арналған сессияның модераторы болды. Қатысушылар сатып алу жүйелерін дамыту, рәсімдердің ашықтығын арттыру мен мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың заманауи цифрлы тетіктерін құру жолдарын талқылады.ҚР Қаржы министрлігінің Еуразиялық экономикалық форумға қатысуы интеграциялық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алысып, мемлекеттік қаржы жүйесі, кеден саласын басқару мен сатып алу процестерінде заманауи цифрлы шешімдерді ілгерілетуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1229985?lang=ru
«Қайсар» мен «Елімай» арасында тартысты матч өтті 30.06.2026
Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионында жергілікті «Қайсар» мен Абай облысының «Елімай» футбол командалары арасында Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур аясында кезекті матч өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, жергілікті командаға қолдау білдірді. Ойын барысында «Қайсар» сапындағы Николла Цуцкич пен Имо Эзикель жасыл алаңда өз шеберліктерін танытып, гол авторы атанды. Дегенмен, аладоп бәсекесінің нәтижесі 3:2 есебімен аяқталып, қарсылас команда ұпай еншіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1230151?lang=ru
«Roca group» компаниясы мен облыстық құрылысшылар қауымдастығы меморандумға қол қойды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Roca Group» компаниясымен серіктестік орнату мәселелері талқыланды.Оған «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, облыстық құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Манарбек Еспенбетов пен құрылыс компанияларының басшылары қатысты. Жиында Мұрат Нәлқожаұлы инвестициялық әлеуетті арттыру және шикізат өндірісін дамытуда алдағы міндеттерді атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, әсіресе заманауи өндірістер ашуды тапсырғаны белгілі. Осының айқын көрінісі ретінде бүгін аймағымыз үшін маңызды жоба – «Roca Group» компаниясының заманауи санитарлық-техникалық бұйымдар шығару зауытының іргетасын қаладық.Компания 170 елде орналасқан 78 өндірістік алаңды басқарады, өнімдерінің жоғары сапасымен, инновацияларымен және еуропалық стандарттарға сәйкестігімен танымал.Зауыт құрылысының басталуы – Қызылорда облысының өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, аймаққа жаңа технологиялар мен халықаралық тәжірибені алып келетін маңызды қадам. Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдау ретінде 24 гектар жер телімі бөлінді. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыратын өндірісті іске қосады», – деді Мұрат Нәлқожаұлы. Мәжілісте «Roca Group» компаниясының өкілдері жұмыстарын таныстырып, Қызылорда облысының құрылысшылар қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1230530?lang=ru
Бішкекте ШЫҰ Даму банкін құру мен қаржылық ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды 30.06.2026
Таяуда Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-шаралары өтті, оның шеңберінде ШЫҰ Даму баннкін құру, мүше мемлекеттердің қаржылық өзара іс-қимылын кеңейту және көпжақты ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Бұл басқосуға Қазақстан атынан ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил қатысты. Қатысушылар болашақ қаржы институтын қалыптастыру, сондай-ақ қаржы саласын қаржыландыру мен цифрландырудың заманауи құралдарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.Атап айтқанда, ШЫҰ Даму банкін құру мәселесіне арналған үшінші консультативті кездесу өтіп, оның барысында Дәурен Маратұлы тәуелді қаржыландыру, жергілікті валюталар мен балама құралдарды пайдалану арқылы жарғылық капиталды қалыптастыру, сондай-ақ штаб-пәтерді орналастыру бағытында талаптарды айқындаудың маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде қатысушылар ШЫҰ Даму банкін құрудың мән-маңыздылығы мен көпжақты консультациялық процесті ілгерілетуге бейіл екендерін тағы да растады. Бұдан бөлек ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының кездесуі де өткенін айта кетейік. Оның барысында қаржылық өзара іс-қимылды кеңейту мен ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін қалыптастыру мәселелері қаралды. Сонымен бірге басқосуда заманауи халықаралық қаржы жүйесінің, сондай-ақ мемлекеттік қаржыны цифрландырудың өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды.Осы орайда Д.Кеңбеил технологиялық тұрғыда дербес әрі инновациялық мемлекет моделіне көшуге бет Қазақстанның қаржы жүйесін дамытудағы негізгі бағыттарын таныстырды. Әсіресе мемлекеттік қаржы жүйесін цифрландыру мен тұңғыш рет Қытай қор нарығына панда-облигацияларының сәтті шығарылымына ерекше назар аударылды.Кездесудің қорытындысына сәйкес ұйымға кіретін мемлекеттердің өкілдері серіктестікті одан әрі дамытып, өзара тиімді мақсаттарға бірлесіп қол жеткізуге мүдделі екендерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1231052?lang=ru
Атырау облысында 12 мәдени нысанның құрылысы жүріп жатыр 30.06.2026
Жаңа мәдениет үйлері Құрманғазы ауданындағы Көптоғай, Бірлік, Азғыр, Қызылқоға ауданындағы Қарабау, Миялы, Жангелдин, Мұқыр, Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон, Ақкиізтоғай, Қосшағыл және Исатай ауданындағы Нарын ауылдарында салынып жатыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Соңғы жылдары өңірде мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылдан бері облыста 14 жаңа мәдениет нысаны пайдалануға беріліп, 54 мекеме күрделі және орташа жөндеуден өтті.Өңірдегі ірі жобалардың қатарында Атырау қаласында бой көтеріп жатқан 1200 орындық концерт залы мен жаңа тарихи музей ғимараты бар. Сондай-ақ бұрынғы «Неке сарайы» ғимараты қайта жаңғыртылып, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің иелігіне беріледі.Қазір облыста 242 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Салада 3 мыңнан астам маман еңбек етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1231143?lang=ru
Аймақ басшысы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарымен кездесті 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашевамен кездесті. Кездесуде тараптар өңірдің өнеркәсіп саласын дамыту, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және өндірістік кәсіпорындарды қолдау мәселелерін талқылады. Аймақ басшысы қормен бірлескен жобаларды жалғастырудың маңызын атап өтті.Өз кезегінде Жанар Шатырханқызы қор алдағы уақытта да кәсіпорындарды жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері арқылы қолдай беретінін жеткізді. Сонымен қатар жаңа өндіріс орындарын іске қосу және қосымша жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобаларды жандандыру жайы да қарастырылды. Әріптестік байланысты одан әрі нығайтудың, бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.Айта кетейік, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен және қаржыландыруымен өңірде бірқатар ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Ayna Glass» ЖШС айна шығару зауыты, «Qazaq Camel» ЖШС түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру зауыты, сол жағалаудағы «Тұмар» және «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС екі шағын өнеркәсіптік аймағы, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бағытындағы инвестициялық жобалар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1231212?lang=ru
Құрылыс барысы тұрақты бақылауда 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылыс алаңдарын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.Алдымен сол жағалауда салынып жатқан, құрылысына 14 млрд 780 млн теңге бөлінген, тәулігіне 500 келушіні қабылдауға арналған емханаға барды. Көпсалалы медициналық мекеме 50 төсектік күндізгі стационар, амбулаториялық және диагностикалық бөлімшелер, сондай-ақ тұрғындарға кешенді медициналық қызмет көрсетуге арналған орындардан тұрады. Одан бөлек, нысанда 50 орындық аудитория мен 200 орындық конференция залы қарастырылған.Бұдан кейін облыс әкімі Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол өткелінің құрылыс алаңында болды. 4,6 млрд теңгенің жобасы жүзеге асқанда көлік пен жаяу жүргінші қозғалысының тиімділігі артады.Қазір мұнда айналма теміржол салынып, инженерлік желілерді көшіру, бетондау, свай және тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Аймақ басшысы жауапты сала өкілдеріне құрылыс сапасы мен мерзімін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1231297?lang=ru
Балаларға базарлық: Қызылордада Ботаникалық бақ пайдалануға берілді 30.06.2026
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Мемлекет басшысының қолдауымен салынған Ботаникалық бақтың ашылу рәсіміне қатысты.Мереке күні жеткіншектерге тарту етілген Ботаникалық бақ Президент саябағы аумағында орналасқан. Бас мердігер - «Alem Qurylys AQ» ЖШС. Құрылысына 4,9 млрд теңге бөлінген, нысанның іргетасы былтыр қыркүйек айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен қаланған болатын.Ашылу рәсімінде облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы балаларды мерекемен құттықтап, Ботаникалық бақ жұмысы жеткіншектердің тиімді демалысын ұйымдастыруға және тың жобаларды жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.«Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бала – біздің басты байлығымыз. Білімді, дені сау, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ парызымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтарымыздың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау – мемлекетіміздің басты міндеті», – деген болатын.Бүгін Президент саябағының аумағынан ашылған Ботаникалық бақ – осы ауқымды бастаманың аймағымыздағы нақты әрі жемісті көрінісі. Бақ ішіне Қытай, Оңтүстік Африка, Жапония, Оңтүстік және Орталық Америкада өсетін жасыл желек егілді. Осы арқылы жас жеткіншектерге өсімдіктердің экожүйедегі маңызы түсіндіріледі. Бұл жай ғана балалар серуендейтін саябақ емес, табиғат пен ғылымды ұштастыратын, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын көпфункционалды кешен болмақ. Балаларымыз осы жерде табиғатпен тілдесіп, эко-жауапкершіліктің, еңбекқорлықтың шынайы үлгісін көреді. Осы бақтан біздің аймақтың ғана емес, бүкіл еліміздің экологиясын зерттейтін болашақ ғалымдар, биологтар мен агрономдар шығады деп сенеміз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Рәсімде Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов құттықтау сөз сөйледі. Білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар мен жаңа нысан құрылысын мерзімінде аяқтаған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Ботаникалық бақ – экологиялық танымды, туризмді дамытуға және жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған заманауи көпфункционалды кешен. Жалпы ауданы 1500 шаршы метр болатын екі жылыжайға Африка, Оңтүстік Америка, Австралия, Жапония, Қытай және Мадагаскар сияқты әлемнің әр аймағынан 92 түрлі 3300-ден астам өсімдік егілген. Веерлі пальма, Канар құрмасы, кактус пен алоэ, вашингтония пальмасы, стрелиция, жакаранда, алып юкка, мақта ағашы, бамбук, сәндік өсімдіктер, кариота жайқалып тұр. Бұл өсімдіктер гүлдегенде хош иісі аңқып, қызғылт сары, көгілдір, күлгін сияқты алуан түске боялады.Өсімдіктерге қолайлы жағдай жасау үшін микроклиматты автоматты басқару, суару және су дайындаудың заманауи инженерлік жүйелерімен жабдықталған.Ботаникалық бақ өсімдіктердің бірегей түрлері өсетін орын ғана емес, экологиялық мәдениеттің, білім берудің және ішкі туризмнің дамуына қызмет ететін, аймақ тұрғындары мен қонақтары жиі бас қосатын мекенге айналады.Мұнда студенттер, мектеп оқушыларының, табиғат жанашырларының танымын кеңейтуге барлық жағдай жасалған. Ботаникалық бақтың ерекше атмосферасы келушілерге жайлылық сыйлайды. Айта кетейік, Мемлекет басшысының қолдауымен Сыр өңірінде кейінгі төрт жылда 46 заманауи білім беру нысаны табысталды.«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасы пайдалануға берілді. «Оқушылар сарайы», «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектептері» жас жеткіншектердің шығармашылық, зияткерлік әлеуетін арттыруға қызмет етуде. Жақында ғана жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы балалар игілігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1231666?lang=ru
Атырауда «Алмалы» заманауи оңалту орталығы ашылды 30.06.2026
Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи «Алмалы» оңалту орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Әлеуметтік маңызы зор нысан Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмасы негізінде пайдалануға берілді.Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, мемлекеттік органдар өкілдері, ардагерлер мен өңір тұрғындары қатысты.Жалпы аумағы 22 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты орталықтың құрылысы 2023 жылы басталған. Бір мезетте 150 адамды қабылдай алатын мекеме балалар мен ересектерге кешенді оңалту қызметін көрсетеді. Жаңа орталықтың ашылуы нәтижесінде өңірде көрсетілетін қызмет көлемі едәуір артпақ. Бұған дейін жыл сайын шамамен 1100 ерекше қажеттілігі бар азамат оңалту көмегін алса, енді олардың саны 2300 адамға дейін көбейеді.Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.– Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Осындай маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуы – облысымыз үшін үлкен қуаныш. Бұл – әр адамға тең мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Жобаның жүзеге асуына үлес қосқан барша азаматқа алғыс айтамын. Ұжымға табысты еңбек, ал орталық көмегіне жүгінушілерге мықты денсаулық пен тезірек сауығып кетуді тілеймін, – деді Серік Шәпкенов.Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған, балалар церебралды сал ауруына шалдыққан, Даун синдромы мен аутизм спектріндегі ауытқулары бар 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға кешенді оңалту қызметі көрсетіледі. Мұнда АВА-терапия кабинеттері, механотерапия залдары, сенсорлық интеграция бөлмелері, сондай-ақ еңбек және арт-терапия шеберханалары бар.Ересектерге, оның ішінде І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға да қолайлы жағдай жасалған. Орталықта физиотерапия кабинеттері, заманауи құрылғылармен жабдықталған емдік дене шынықтыру залы, бассейн және су емдеу кешені жұмыс істейді.«Алмалы» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту орталығының директоры Анар Қаюпованың айтуынша, қызметі алты негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған. Олар – әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-еңбек және мәдени оңалту жұмыстары.– Орталық кешенді оңалтуға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әрбір қызмет алушыға жеке оңалту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы әзірленеді. Дәрігерлер, мейіргерлер, психологтар, логопедтер, дефектологтар және басқа да мамандарды қоса алғанда, 189 қызметкер еңбек етеді, – деді Анар Қаюпова.Қазіргі таңда Атырау облысында 27 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. «Алмалы» орталығының ашылуы — әлеуметтік саладағы елеулі жаңалық және ерекше қажеттілігі бар жандарға жайлы орта құру бағытындағы кезекті бір маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1231802?lang=ru
Атырауда алғаш рет таңдай жырығы бар балаға күрделі пластикалық ота жасалды 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Атырау облыстық балалар ауруханасына Алматы қаласындағы Medical Park орталығынан жоғары санатты бет-жақ хирургі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмағанов арнайы шақырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.Маманның қатысуымен өңір дәрігерлеріне арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылып, туа біткен бет-жақ ақаулары бар балаларға күрделі операциялар жасау тәсілдері көрсетілді.Алғашқы операция бүгін 1 жас 9 айлық балаға жасалды. Дәрігерлер ота сәтті өткенін айтып, мұндай тәжірибе алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.-Қазір облыста бет-жақ сүйектерінде түрлі ауытқуы бар 300-ге жуық бала есепте тұр. Соның ішінде таңдай жырығы диагнозы қойылған балаларға дер кезінде ота жасау олардың дұрыс тамақтануы мен сөйлеу қабілетінің қалыптасуына оң әсер етеді.28-30 мамыр аралығында өтетін шеберлік сабағы аясында жалпы саны 12 операция жасау жоспарланған. Күніне төрт ота жасалады. Сонымен қатар, 28-29 мамыр күндері профессор Серік Нұрмағанов пациенттерді қабылдап, кеңес береді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.Айта кетейік, бұл бастама Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында былтыр басталып, дәстүрлі жобаға айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1231859?lang=ru