Enbekshi QazaQ

Технология

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Inspur Group басшылығы цифрлық шешімдер саласындағы әріптестіктің келешегін талқылады 21.02.2025
ҚХР-на жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев бұлтты есептеулер, үлкен деректер және интеллектуалды шешімдер әзірлеуде жетекші қытайлық Inspur Group компаниясының басшылығымен кездесті. Келіссөз барысында тараптар қалалық инфрақұрылымды цифрландыру, озық ІТ-шешімдерді енгізу және көлік жүйесін интеллектуалды басқару саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды.Серіктестік аясында Inspur Group Алматыда бірқатар бастаманы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, көлікті басқару бойынша командалық орталық құру, серверлік жабдықтар мен цифрлық шешімдерді жеткізу, Алматыда зияткерлік көлік жүйесін (ITS) енгізу – бұл қаладағы жол қозғалысын үйлестіру тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұған қоса, компания Алматыда көлік технологияларын дамыту, төтенше жағдайларға әрекет ету, су ресурстарын қорғау, денсаулық сақтау және зияткерлік терминалдар саласындағы шешімдерді әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын ашу мүмкіндігін қарастыруда.Кездесу соңында тараптар қалалық қызметтердің сапасын арттыру және Алматыдағы көлік легін басқаруды жақсарту мақсатында ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде келісімге келді.Анықтама:Inspur Group – серверлік жабдықтар, бұлтты платформалар және бағдарламалық шешімдер жеткізетін әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Ол Қытайдың ішкі нарығының 40%-ын қамтиды және 120-дан астам елде «ақылды қалалар», қозғалысты басқару, салықтық бақылау және цифрлық білім беру технологияларын әзірлеуге қатысады. Бүгінде Inspur жабдықтарын жеткізетін екі компания Қазақстанда жұмыс істейді. Орталық Азия аймағында зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған сервистік орталық ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, LED/LCD дисплейлер, зарядтау бекеттері және басқа да технологиялық шешімдер шығаратын зауыт салу үшін жергілікті серіктестермен бірлесіп жұмыс істеу көзделіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/939928
Алматы мен Қытайдың ірі қалалары арасындағы әуе бағыттары кеңейтілмек 21.02.2025
Алматы мен Қытайдың ірі қалалары арасындағы әуе қатынасын кеңейту, сондай-ақ туристік және іскерлік байланыстарды нығайту мәселесі Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Air China Limited әуе компаниясының төрағасы, China National Aviation Holding Company президенті Ма Чонсянь мырзамен кездесу барысында талқыланды. Бұл іс-шара Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Бейжіңде өтті.Кездесудің негізгі нәтижесі – Алматы әкімдігі мен Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы Air China арасындағы рейстерді ашуға жәрдемдесу жөніндегі меморандумға қол қоюы болды.Тараптар екі ел арасындағы экономикалық өсім мен мәдени алмасудың маңыздылығын атап, жолаушылар легін арттыру әрі Қазақстан мен Қытай туристеріне логистиканы жеңілдету мақсатында «Алматы-Бейжің» қосымша рейсін және «Алматы-Чэнду» жаңа рейсін іске қосу мүмкіндігін қарастырды.«Қол қойылған меморандум – Алматының халықаралық көлік байланысын дамытудағы маңызды қадам. Қытай – Алматы туризмін дамытудағы негізгі мақсатты нарықтың бірі. 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды, ал биылғы жыл – Қазақстандағы Қытай туризмі жылы. Былтыр Алматыға Қытайдан 95,3 мыңнан астам турист келді, бұл 54%-ға өсім көрсетті. Жасалған келісім аясында туристік ағынның қарқынды дамуы жалғасады деп сенеміз», – деді Ерболат Досаев. «Tongcheng Travel Қытай агенттігінің «2025 жылдың болашағы ең зор жаңа бағыты» марапаты Алматының туристік әлеуетінің мойындалғанын және қытайлық туристердің аймаққа деген қызығушылығының артқанын көрсетеді. Жалпы, 2024 жылы Алматыға шамамен 2 миллион турист келді, оның ішінде 600 мыңнан астамы шетелдік. 2025 жылы 2,3 миллион турист, оның ішінде 700 мың шетелдік турист келеді деп күтілуде», – деді Ерболат Досаев.Өз кезегінде China National Aviation Holding Company президенті Ма Чонсянь мырза кездесуге алғыс білдіріп, болашақтағы жемісті ынтымақтастыққа ниетті екенін жеткізді. «Алматы – Қазақстанның мәдени, іскерлік және туристік орталығы, сондай-ақ Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды буын. Қазақстанның басты «әуе қақпасы» ретінде Алматы Орталық Азия бойынша саяхаттардың бастапқы нүктесі болып табылады», – деді ол.Алматы-Бейжің бағытындағы қосымша рейс пен «Алматы-Чэнду» бағытындағы жаңа рейс 2024 жылдың маусым айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта ҚР Көлік министрлігімен бірлесіп дайындық жұмыстары жүргізілуде. Тиісті бағыттар ұшу құқықтары бөлінгеннен кейін ашылады.«Алматы-Бейжің» қосымша рейсі мен «Алматы-Чэнду» жаңа рейсін биыл маусым айында іске қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, тиісті бағыттар ұшу құқықтары бөлінгеннен кейін ашылады.Айта кетейік, Қазақстанның ең ірі қаласы ретінде Алматы көлік инфрақұрылымын белсенді түрде жаңғыртып келеді. 2024 жылы жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылысы аяқталып, оның өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға дейін артты.Анықтама:Air China – Қытайдың жетекші әуе тасымалдаушысы және Star Alliance ғаламдық авиациялық альянсының мүшесі. Бейжіңдегі әуе паркінде 952 әуе кемесі бар, оның 535-і Air China компаниясына тиесілі. Қазіргі уақытта Алматыдан ҚХР-ның мына қалаларына тікелей рейс ашылған: Бейжің – айына 53 рейс (Air Astana – 22, China Southern Airlines – 31), Үрімжі – айына 61 рейс (Air Astana – 17, China Southern Airlines – 44), Сиань – айына 9 рейс (China Southern Airlines), Ханчжоу – айына 18 рейс (Loong Air), Санья – айына 9 рейс (Air Astana).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/939941
III-ші Каспий экономикалық форумы 21.02.2025
Бүгін Тегеранда бес Каспий маңы елдерін - Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстанның мемлекеттерінің делегацияларын біріктірген III-ші Каспий экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Негізгі талқыланған тақырыптар - көлік ынтымақтастығы, экология, денсаулық сақтау, туризм, транзиттік тасымалдар, сауда байланыстары және банк саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері болды.«Каспий маңы елдерінің экологиялық, денсаулық сақтау және туристік ынтымақтастығы» атты төртінші тақырыптық сессияда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Ш. Әлиев баяндама жасады.Ол өз сөзінде Каспий өңірінің елдері арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласында берік ынтымақтастық орнатылғанын, онда күн тәртібіндегі маңызды экологиялық мәселелердің бірі Каспий теңізінің таяздануына жол бермеу екенін атап өтті.«Алайда, соңғы жылдары климаттың өзгеруі біздің өңірде айқынырақ байқалып, қоршаған ортаға, экономикаға және қоғамның әл-ауқатына елеулі проблемалар тудыруда. Мұны шешу Каспий теңізінің жағалауларында орналасқан барлық елдердің бірігіп әрекет етуін талап етеді», - деп толықтырды вице-министр.Сонымен қатар, өздеріңіз білетіндей, Каспий теңізінің деңгейі көпжылдық, жыл аралық және маусымдық өзгерістерге ұшырауда.Мәселен, 2006 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі төмендеуде - қазіргі уақытта 1,9 метрге төмендеген.Қазақстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясы (СОР29) аясында Әзірбайжан тарапының Каспий теңізі деңгейінің төмендеуін зеттеу бойынша жұмыс тобын құру жөніндегі бастамасын қолдады.Аталған бастама аясында өткен жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторының қорық аймағында экологиялық сезімталдық картасы әзірленді, ол мұнай төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, сондай-ақ өңірде биоәртүрлілікті сақтау стратегияларын әзірлеу үшін маңызды құрал болып табылады.Сондай-ақ, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеу үшін Каспий теңізінің Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды.«Осыған байланысты, біз ғылыми-зерттеу институттарының Каспий желісін құру арқылы Каспий маңы ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын нығайтуға мүдделіміз. Біздің ғалымдардың бірігіп жұмыс жасауын нығайту қажет», - деді Жомарт Шияпұлы. Ол сондай-ақ Иран тарапына бүгінгі іс-шараны ұйымдастырғаны, өткізгені және жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/939830
Алматы метрополитенінде қарбалас уақытта пойыз қозғалысының жиілігі қысқартылды 21.02.2025
Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін және жолаушылар ағынының артуына байланысты Алматы метрополитені желісіне екі қосымша электр пойызы шығарылды. Бұл таңғы және кешкі қарбалас уақытта пойыздардың қозғалыс аралығын 3 минут 6 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.Аталған өзгеріс жолаушылардың сапарларын барынша ыңғайлы етуге және қарбалас сәттерде пойыздарға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта 13 құрамның қатар жүруі жолаушылардың платформада күту уақытын қысқартып, адам көп жиналуын болдырмауға мүмкіндік береді.Метрополитен мамандары жолаушылар ағынын үнемі бақылап, пойыздар қозғалысының кестесіне қажетті өзгерістерді жедел енгізуде.«Алматы қ. метрополитені» КМК баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/938807
«Медеу» мұз айдынында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының финалдық кубогы мен командалық чемпионаты өтеді 21.02.2025
Алматыда 2025 жылғы 17-21 ақпан аралығы «Медеу» биік таудағы спорт кешенінің аумағында ҚР финалдық кубогы және құрамалық чемпионаты өтеді. Сайысқа Қазақстанның жетекші спортшылары қатысады. Құрметті келушілер! 17, 18, 20 және 21 ақпан күндері жаппай сырғанаудың 1-сеансы (10:00–12:30) және 2-сеансы (13:30–16:30) уақытша тоқтатылады. 19 ақпан күні жаппай сырғанаудың тек 1-сеансы (10:00–12:30) өткізілмейді. Жарыс бағдарламасы: •17-18 ақпан – Жеке жарыстар: 500 м, 1000 м, 1500 м, 3000 м / 5000 м•20-21 ақпан – Командалық жарыстар: командалық спринт, командалық жүгіру, гендерлік жүгіру, масс-старт Спортшыларды қолдауға және жарыстың ерекше сәттеріне куә болуға шақырамыз! Қосымша ақпарат алу үшін байланыс: +7 778 873 7971, «Медеу» БТСК баспасөз қызметіЭлектронды пошта: dss3041@mail.ru Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/938808
Алматы әкімдігі асфальтбетон зауытының жұмысын мерзімінен бұрын бастауға бастамашы болды 19.02.2025
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматыда белгіленген мерзімнен бұрын қаланың жол инфрақұрылымын ретке келтіру жұмыстары басталды. Қалалық мобилділік басқармасы магистральдық көшелерде жолдарда апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында қыста пайда болған шұңқырлардың жойылатынын хабарлады.«Асфальтбетон зауыты мерзімінен бұрын іске қосылды, ол пилоттық режимде ауа температурасы минус -5 градусқа дейін төмендеген кезде асфальтбетон қоспасын тығыздауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін энергия үнемдейтін қоспалары бар «жылы асфальт» беретін болады. Бұған дейін ҚР Көлік министрлігі хабарлағандай, бұл технологияны Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) әзірлеп, Республикалық маңызы бар автожолда сынап көрді», - деп атап өтті басқарма.Қалалық мобилділік басқармасы жұмыс кезеңінде қозғалысқа ешқандай шектеулер болжанбайтынын атап өтті. Сонымен қатар, көше-жол желісін ағымдағы жөндеу бойынша негізгі жұмыстарды аудан әкімдіктері мен ҚМБ көктемгі-жазғы кезеңде жүргізетін болады.Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы қалалық мобилділік басқармасы желісі бойынша 300 шақырым жолды орташа жөндеу, 35 шақырым жаңа жол салу, Сейфуллин–Жансүгіров жолайрығын, Рысқұловтан Мөңке биге дейінгі Сайын көшесі мен Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі аралықтарын іске қосу жоспарланған. Бұл жұмыстар сапалы жолдардың үлесін 2024 жылғы 92% - дан 2025 жылы 95% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/940440
Тұқым шаруашылығы, сүтті тереңдете өңдеу, ара шаруашылығы 18.02.2025
Қазақстан мен Венгрия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады17 ақпанда Вице-премьер-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяартомен кездесті.Кездесуде вице-премьер атап өткендей, Венгрия Қазақстанның сенімді және стратегиялық әріптесі. Біздің елдерімізді берік экономикалық іргетас пен ортақ тарихи-мәдени байланыстар тығыз байланыстырады.- Венгрия Қазақстанның ЕО-дағы маңызды сауда-экономикалық әріптесі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 4,4%-ға өсіп, 200 млн АҚШ долларына жуықтады. Бүгінде жеткізілетін тауар көлемін ұлғайтумен қатар біз экспортқа шығарылатын өнім желісін және өзара жобаларды әртараптандыруға мүдделіміз, - деді Серік Жұманғарин венгр тарапына.Ынтымақтастықты кеңейту аясында қазақстандық тарап ауыл шаруашылығындағы бірнеше бағытты ұсынды. Қазақстан халықаралық нарықта өзін танытып үлгерді. Жоғары сапалы, экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен экспорттауда зор мүмкіндікке ие. Атап айтқанда, венгр селекциясының тұқымдары мен будандарын бірлесіп өндіруде. Бұл олардың құнын төмендетіп, шаруалар үшін қолжетімділікті арттырып қана қоймай, өнімнің көршілес елдер нарығына шығуына жағдай жасайды.Вице-премьер венгриялық тарапты алдыңғы қатарлы сүт өңдеу, сүтті мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және омарта шаруашылығы салаларындағы жобаларды қарастыруға шақырды. Соңғысына келсек, қазақстандық омарташыларды экспорттық нарыққа шығару үшін ара шаруашылығы өнімдерін танымал ету және тарату бойынша венгр тәжірибесі қатты қызықтырады.Тараптар сондай-ақ банк секторы, жаңартылатын энергия көздері, машина жасау жобалары және т.б. салалардағы ынтымақтастықты талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Петер Сийяартоны 2025 жылғы 29-30 мамырда өткізілетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.Анықтама:2024 жылы Қазақстан мен Венгрия арасындағы тауар айналымы 195,8 млн АҚШ долларын құрады (2023 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өсті). Экспорт 12,3%-ға өсіп, 5,3 млн долларға жетті. Қазақстаннан Венгрияға экспортталатын негізгі тауарлар тері, қауырсын, мамық, пропилен полимерлер, компрессорлар, желдеткіштер және т.б.Импорт 4,2%-ға өсіп, 190,5 млн долларды құрады. Венгриядан Қазақстанға әкелінетін негізгі тауарлар – дәрі-дәрмек, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға және бастыруға арналған машиналар мен механизмдер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/940176
Ерболат Досаев: егер ипподром иелері оны жаңартумен айналыспаса, инвестор іздейміз 15.02.2025
Алматы ипподромының иелері наурыз айының соңына дейін оның даму бағдарламасын ұсынуы тиіс. Бұл туралы шаһар басшысы Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.Қала әкімінің айтуынша, өткен жылдан бері ипподром иелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олар наурыз айының соңына дейін даму бағдарламасын ұсынуы керек, бұл ең алдымен, айтарлықтай қаржыны қажет етеді. Дегенмен, Ерболат Досаев ипподромның мақсатты бағыты өзгеріссіз қалатынын атап өтті.«Егер меншік иелері жаңарту жұмыстарын жүргізбесе, біз жаңа инвестор іздейміз немесе бұл міндетті қала өз мойнына алуы мүмкін, бірақ бұл өте қымбат жоба. Жазға дейін Алматы ипподромының болашағы қалай болатынын анықтауға тырысамыз», – деді Ерболат Досаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937913
Қазақстан ҰДАҮ 3.0 әзірлеуде: Экология және табиғи ресурстар министрлігі халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты күшейтуде 15.02.2025
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі елдің Париж келісімі аясында қабылдаған міндеттемелеріне сәйкес 2035 жылға дейінгі жаңартылған Ұлттық деңгейде айқындалатын үлес (ҰДАҮ 3.0) жобасын әзірлеу жұмысын жалғастыруда. ҰДАҮ 3.0 әзірлеу – тұрақты дамуға және ұлттық климаттық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам.Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесіп, ҰДАҮ 3.0 қалыптастырудың негізгі аспектілерін талқылады. Талқылауға NDCP, UNDP, UNITAR, UNICEF, FAO, GIZ және ССАС өкілдері қатысты. Олар құжатты әзірлеуге сараптамалық және техникалық қолдау көрсететін болады.Кездесу барысында халықаралық тәжірибені ескеру, ұлттық және халықаралық мамандар арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру, сондай-ақ заманауи талдау құралдарын енгізу мәселелеріне баса назар аударылды. Атап айтқанда, ҰДАҮ 3.0 әзірлеу LEAP (Long-range Energy Alternatives Planning System) моделінің негізінде жүргізілетін болады. Бұл Қазақстанның төмен көміртекті даму сценарийлерін егжей-тегжейлі талдауға және парниктік газдар шығарындыларын азайтудың тиімді шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.Министрлік ҰДАҮ 3.0 әзірлеу үдерісі мемлекеттік органдарды, бизнес-қоғамдастықты, ғылыми орта мен азаматтық секторды қоса алғанда, негізгі мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықта жүргізілетінін атап өтті. Мұндай тәсіл құжаттың ашықтығын және ұлттық тұрақты даму басымдықтарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/938815
Алматыда жаңа оқу жылына дейін Жетісу ауданында тағы бір жайлы мектеп ашылады 15.02.2025
Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары туралы айтты.Қала басшысының мәлімдеуінше, аудан халқының өсуін ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында мектептер мен балабақшаларды салу және реконструкциялау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.Айта кетейік, бүгінде ауданда 3,3 мың оқушы орны жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін 2024 жылдың қыркүйегінде №103 мектепке 200 орындық қосымша ғимарат салынды.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Боралдай көшесінде 1 200 орындық жаңа мектептің құрылысы жалғасуда. Оның ашылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған», – деді Ерболат Досаев.Бұған қоса, №43 мектепке 280 орындық қосымша ғимарат салу үшін 2024 жылдың шілде айында ЖСҚ әзірлеу басталды. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алған соң биыл тамызда құрылыс жұмыстары басталады. Нысанды 2026 жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр.№112 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстары бұған дейін «SheberBuild» ЖШС-ның келісімшарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты тоқтатылған болатын. 2024 жылдың наурызында жаңа мердігер анықталып, құрылыс қайта жалғасады. Қосымша құрылысты аяқтау жаңа оқу жылы басталғанға дейін жоспарлануда.Қосымша ғимарат құрылысы аяқталғаннан кейін негізгі мектеп ғимаратын реконструкциялау жұмыстары басталады.Қабылданып жатқан шаралардың арқасында Алматы мектептерін бір ауысымды оқу жүйесіне көшіру жалғасуда. Келесі оқу жылында 200-ден астам мемлекеттік мектептің 43-і бір ауысымды оқыту жүйесіне (өсім 12,5%-дан 18,4%-ға дейін) көшеді.Мектеп инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Былтыр 89 мектепке 168 жаңа үлгідегі пәндік кабинет сатып алынды, бұл заманауи жабдықталған кабинеттердің үлесін 86,3%-ға дейін арттырды.Сонымен қатар, Жетісу ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайту үшін былтыр Айнабұлақ шағын ауданында 160 орындық жаңа балабақша ашылды. Осы жылдың тамызында №163 балабақша ғимаратын 380 орынға қайта жаңарту және Ратушный көшесі, 139 мекенжайындағы 280 орындық балабақша үшін сатып алынған ғимаратты реконструкциялау жұмыстары басталады.Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың екінші тоқсанында аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937903
Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы биыл аяқталады 15.02.2025
Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру жұмыстары туралы айтты.Шаһар басшысы былтыр ауданда 21 км болатын 29 көше орташа жөндеуден өткенін, биыл 36 көшеде 19 км жолды жөндеу жоспарланып отырғанын жеткізді.Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу аясында 2024 жылы 30 мың ш.м. жол жабыны жаңартылды, ал осы жылы тағы 35 мың ш.м. жол жөнделмек. Былтыр 34 км арық жүйесін салу нәтижесінде аудандағы барлық су басу қаупі бар аймақтар жойылды.«Былтыр Жолымбет көшесіндегі Есентай өзеніндегі көпірді тексеру нәтижесінде бетон құрылымдардың қатты зақымданғаны және тіректерде жарықтар пайда болғаны анықталды. Небәрі 6 ай ішінде жаңа көпір салынып, жол ені 8 метрден 14 метрге дейін кеңейтілді. 2025 жылдың маусымында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы аяқталады. Бұл көлік торабының өткізу қабілеті 20%-ға артып, Жетісу ауданының басқа бөліктермен байланысын айтарлықтай жақсартады», – деді Ерболат Досаев.Кездесу барысында Алматы әкім ауданның қоғамдық көлік қызметін жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атады. Өткен жылы қаладағы автобустар саны 1 509-дан 1 740-қа дейін көбейтілді, бұл 11 жаңа маршрут ашуға және 44 қолданыстағы бағытты күшейтуге мүмкіндік берді.Жалпы, биыл қалалық қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру мақсатында тағы 800 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937906
Алматының Жетісу ауданында инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі ауқымды жоба биыл басталады 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында Жетісу ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі нәтижелер мен жоспарлар туралы хабарлады.Сапалы инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін Алматыда жаңа желілерді қайта құру және салу бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда. Жетісу ауданында 2024 жылы 47 км сумен жабдықтау (28 км) және су бұру (19 км) желілері салынды, бұл 36 көшеде 3,8 мың абонент үшін орталықтандырылған желілерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың соңына қарай 55 көшеде 60 км сумен және 71 км су бұруды қоса алғанда, тағы 131 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.Қала басшысы тұрғындардың өздері шаруашылық тәсілмен салған ескі инженерлік желілер 30 жылдан астам уақыт пайдаланылған көшелердегі инфрақұрылымды жақсартуға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Мәселен, 2025 жылдың маусым айында Рысқұлов – Тәтібеков – Райымбек – Сүйінбай көшелерінің алаңында 4 мыңнан астам абонентті қамти отырып, жаңа 25 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жөніндегі жобаны іске асыру басталады. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың тамызына жоспарлануда.Сондай-ақ жылумен жабдықтау желілерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы Айнабұлақ 2-3, Көкмайса ш/а және Бродский, Макаренко, Рысқұлов көшелерінде 11,3 км жылу желілерін қайта жаңарту аяқталды. 2025 жылға арналған жоспарда – Айнабұлақ-1-де 1 км жылу желілерін қайта жаңарту, жұмыстар жылыту маусымы мамыр айында тоқтағаннан кейін басталады және 2025 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады.Жалпы Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы 260 км жаңа құрылыс салу және 87 км қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937907
Алматының Жетісу ауданында биыл сәуір айында күрделі жөндеуден кейін үш емхана ашылады 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс туралы айтып берді.Жетісу ауданында 2024 жылы сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін екі жаңа медициналық мекем ашылады: Кемел ш/а отбасылық-дәрігерлік амбулатория, оның сыйымдылығы 200 келушіге және Жұмысшы кентінде 240 келушіге арналған емхана.Бұдан басқа, 2025 жылғы сәуірде күрделі жөндеуден кейін үш емхана ашу жоспарлануда: Нүсіпбеков көшесі бойында 200 келушіге, Омаров көшесі бойында 300 келушіге және 230 келушіге арналған №21 емханалар. Бұл нысандардың барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталады, бұл ауданда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Ағымдағы жылдың қаңтар айында жаңғыртудан кейін заманауи жабдықтармен жабдықталған «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы ашылды.Айта кету керек, әлеуметтік инфрақұрылымды қадамдық қолжетімділікті дамыту халық алатын медициналық қызметтердің сапасын арттырады, қолайлы жағдайлар жасайды және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937908
Алматының Жетісу ауданында электр желілері мен көшелерді жарықтандыруды белсенді жаңғырту жалғасуда 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында Жетісу ауданында электр желілері мен сыртқы жарықтандыруды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.Бүгінгі таңда ауданның электр желілерінің 85% - ы тозған, бұл мезгіл-мезгіл апаттық ажыратуларға алып келеді. Ауданда электрмен жабдықтауды жақсарту үшін 2024 жылы Кемел ш/а және Палладин- Павлодар- Боралдай- Қожамияров көшелерінің бойында 66 км жаңа электр желілерін салу жұмыстары аяқталды.2024 жылдың желтоқсанында 4 км электр желілерін реконструкциялау және «Кирпичная» қосалқы станциясының құрылысы басталды. Жұмыстар 2026 жылдың тамызында аяқталады.Ағымдағы жылдың маусым айында Рысқұлов даңғылы, 65а мекенжайындағы тұрғын үйге арналған 1,2 км электрмен жабдықтау желісін салу үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде.Сонымен қатар, ауданды сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Тек 2024 жылы 36,7 км кабельдік желілер ауыстырылып, 4500 жаңа жарық нүктелері орнатылды, бұл аудан көшелерінің 87% -. жарықтандыруға мүмкіндік берді.2025 жылы 337 жаңа жарықтандыру тіректерін орнату, 26 км ескі кабельдік желілерді ауыстыру және 1 097 жаңа жарық диодты шамдарды орнату жоспарланған.Айта кетейік, ағымдағы жылы Алматыда қаланың бұрын жарықтандырылмаған 600 учаскесін жарықтандыру, 4 500 жарық нүктесін орнату және 800 ШУНОНЫ жаңғырту, сондай-ақ ұзындығы 136 км желілерді салуды жалғастыру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937909
Алматының Жетісу ауданында тұрғындардың қауіпсіздігі үшін беткейлер нығайтылады 15.02.2025
Қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматның Жетісу ауданында көшкін қаупін болдырмау мақсатында қандай жұмыстар жүргізілетіні туралы айтып берді.Айта кетейік, өткен жылдың ақпан айында Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша бүкіл қала бойынша ықтимал қауіпті учаскелерді зерттеген жұмыс тобы құрылды. Мәселен, Жетісу ауданында Шелихов және Волочаевская көшелерінің бойында 2 учаске анықталды, онда 2024 жылдың қазан айында жергілікті бюджет резервінен қаражат есебінен тірек қабырға салу арқылы еңісті нығайту жұмыстары басталды. Жұмыс 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін аяқталады.«Кемел ш/а зираты орналасқан беткейдің жоғарғы бөлігінің көшкін қаупінен туындаған төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында соңғы 2 жылда Есентай өзенінің арнасы зиратқа қарай 4 м-ге ауысты, осыған байланысты осы жылдың наурыз айында еңісті нығайту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың тамыз айында бастау жоспарлануда», - деді Алматы әкімі.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы ауданда 31 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды-бұл 171 камера және 692 бейнебақылау камерасы. Ағымдағы жылы тағы 300-ге жуық жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда. Алматыда барлығы 1641 «Сергек» АӨК - 9152 бейнекамера бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937910
Алматыда 2 жаңа саябақ аймағы пайда болады 15.02.2025
Алматыда екі жаңа саябақ аймағы пайда болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.«2025 жылдың маусым айында Кемел шағын ауданында 12 га жағалауды абаттандыру жұмыстары басталады, ал ағымдағы жылдың қыркүйек айында Айнабұлақ шағын ауданында 10 га саябақ аймағын абаттандыру жобасы қолға алынады», - деді Ерболат Досаев.Айта кетейік, 2024 жылы Жетісу ауданында Есентай өзені бойынша Көкмайса, Көкжиек шағын аудандарында және Кедровая көшесінде жалпы ауданы 24,6 га 3 жаңа саябақ-жағалау аймағы құрылды.Сонымен қатар, Алматы әкімі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарларын айтты. Биыл 30 жоба жүзеге асырылады. Бұл - 22 қоғамдық кеңістікті, 4 аула аумағын және 4 басқа инфрақұрылым нысандарын абаттандыру.«Биыл «Халық қатысатын бюджет» аясында 1200-ден астам ұсыныстың ішінен 30 жоба іріктелді. Осы бағдарлама бойынша біздің қаламызда ең көп өтінім Жетісу ауданының тұрғындарынан түскенін ерекше атап өткім келеді. Бұл үшін шын жүректен алғыс айтамын», - деді әкім.Мегаполис басшысы биылғы жылы ауданда тағы 1,9 млрд теңгеге қаржыландыру ұлғайтылғанын, оның аясында Құлагер ш/а 34 аулаға ағымдағы жөндеу жүргізілетінін атап өтті. Мақатаев және Сүйінбай көшелері бойынша 3,9 км жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды, 300 жарықтандыру тірегі қалпына келтірілді, 6 мың шаршы метрден астам алаңға гүлдер отырғызылады және 9 ғимараттың қасбеттері сәулеттік жарықтандырылды.Үш жыл ішінде Алматыда ХҚБ бағдарламасы аясында 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды. Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы осы мақсаттарға 17,1 млрд теңге бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937912
Алматы әкімі - Біз қоғамдық көлік жүргізушісінің жұмысын беделді еткіміз келед 15.02.2025
Бұл туралы Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық тасымалдаушылар ұсынатын қызметтердің сапасы туралы сұраққа жауап берді.«Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыру маңғызды мәлеленің бірі болып табылады Біз бұл бағытта жұмысты жеке тасымалдаушылармен де, «Алматыэлектротранспен» де тұрақты негізде жүргізіп жатырмыз. Оң өзгерістер бар, біз мұны Open Almaty-дегі өтініштердің құрылымы бойынша көреміз. Қалада жылжымалы құрам жаңартылды, бірақ жүргізушілер бойынша сұрақтар бар», - деді Ерболат Досаев.Мегаполис әкімі бүгінде кәсіпорындарды жүргізушілер саны мен олардың ауысымы бойынша нормативтік қамтамасыз етуге байланысты мәселе толық шешілмегенін, бұл жұмысты жандандыруға қатысты екенін атап өтті.«Біз жүргізушілердің жалақысын тағы да көтердік және қоғамдық көлік жүргізушісінің жұмысы беделді болуы үшін мұны жалғастыруға ниеттіміз. Сондай-ақ, мен колледждермен жүргізушілерді даярлау мәселесін, оның ішінде жолаушылармен қарым-қатынас мәдениеті тұрғысынан пысықтауды тапсырдым. Біліктілікті арттыру курстарынан өткендер жалақыға үстемеақы алады. Біз материалдық ынталандыру арқылы жұмыс сапасын жақсартуға мән береміз, жыл соңына дейін осы мәселелердің бір бөлігі жүзеге асатын болады», - деп атап өтті Алматы әкімі.Айта кету керек, биыл қалада жүргізуші құрамы үшін демалыс бөлмелерімен жабдықталған 10 демалу пункті салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937914
Алматы әкімі кәуапханалар қызметіндегі атмосфералық ауа ережелеріндегі жаңа талаптар туралы айтып берді 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуде қаладағы кәуапханалардың жұмысына қатысты тұрғындардың шағымына пікір білдірді.Шаһар басшысы биыл наурыз айында мәслихатқа Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау ережелері енгізілетінін айтты. Бұл ережелерде гидрофильтрлерді орнату талаптары мен бақылау шаралары қарастырылған.«Былтыр біз осындай бастама көтердік, ол қолдау тапты. Заңнамаға енгізілген өзгерістер аясында бұл ережелерді мәслихатқа ұсынып отырмыз. Егер олар қабылданса, бізде нақты жұмысты бастауға қажетті құралдар пайда болады. Бұған дейін айтқанымдай, заңды негізсіз кәсіпкерлердің қызметіне араласуға құқығымыз жоқ. Ал ережелер бекітілсе, біз оған сәйкес жұмыс істей аламыз», – деді Ерболат Досаев.Өз кезегінде аудан тұрғыны кәуапханалардағы гидрофильтрлерді газға ауыстыруды ұсынды.«Бұл жұмыстың екінші кезеңі. Қазіргі басты мәселе – кәуапханалардың қызметін реттеуге байланысты өзгерістер енгізу. Газға көшу мәселесін кейінірек талқылаймыз. Бұл мәселеге аудан әкімдерін қосамын, олар аталған мекемелердегі фильтрлердің жұмысын бақылап отырады», – деп сөзін түйіндеді қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937915
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Чехов фестиваліне қатысады 15.02.2025
«Алатау» дәстүрлі өнер театры театр әлеміндегі беделді байқаулардың бірі - Чехов фестиваліне жолдама алды. Онда шығармашылық ұжым саундрама жанрындағы «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымын сахналайды. Бұл туралы театр директоры Мақсат Нұралиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.«Біздің театр үшін осындай маңызды іс-шарада қазақ театр өнерін көрсету – зор жетістік. Мен «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» спектакліне өз жанын салған дарынды әртістерімізді, режиссерларымызды, музыканттарымызды, жалпы барлық шығаршашылық құрамды мақтан тұтамын», - деді Мақсат Нұралиев.Сондай-ақ, театр труппасын Франциядағы Авиньон фестиваліне «Алтыбақан» премьералық спектаклімен шақыруы мүмкін. Айта кетерлігі, «Алатау» театры соңғы жылдары халықаралық қатынас бағытындағы жұмысты белсенді дамытуда. 2024 жылы театр әртістері Қытайда өнер көрсетті, сондай-ақ Алматы әкімдігінің қолдауымен жетекші шетелдік мәдени орталықтарда оқудан өтті.Биыл театр Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын дәріптейтін жаңа қойылымдар ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/936122
Алматыда қоғамдық көліктің тағы 23 бағыты әлеуметтік маңызды деп танылды 15.02.2025
Алматыда қалалық Мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі-жаңадан құрылған қоғамдық көлік маршруттарын халыққа қолжетімді ету үшін әлеуметтік маңызы бар деп тану.Қалалық Мәслихат депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде Алматының мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев қала маңындағы тұрғындардың едәуір бөлігінің қоғамдық көліктің жетіспеушілігі проблемасына тап болып отырғанын, бұл оларды жеке тасымалдау қызметтерін пайдалануға мәжбүр ететінін атап өтті.«Күн сайын қала аумағына 300 мыңнан астам көлік келеді. Қала аумағына кіретін көлік құралдарының жоғары ағынын қысқарту және қала тұрғындарының мобилділігін арттыру мақсатында бүгінде Алматы әкімдігі 147 қалалық және 54 қала маңындағы маршруттарды ұйымдастырды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне тек 178 маршрут енгізілген. Халық үшін қалған 23 маршруттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізу қажет», - деп атап өтті басқарма басшысы.Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар бұл ұсынысты қолдады.Айта кетейік, 2024 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада қала маңындағы 20 және 2 қалалық маршрут іске қосылды. Ағымдағы жылы қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру және дамыту мақсатында 800 экологиялық таза автобус сатып алу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/936163