Enbekshi QazaQ

Қуқық

Әлеуметтік нормаларды енгізу суды тұтынуды 8%-ға азайтты 01.07.2025
Қазақстанда «тұтынудың әлеуметтік нормалары» енгізілген сәттен бастап суды тұтыну 8%-ға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Аслан Дарбаев баяндады.Оның айтуынша, сумен жабдықтау саласында тұтыну көлеміне байланысты төрт деңгейлі тариф қарастырылған. Бірінші топ, 3 м3-ке дейін тұтынады, базалық тариф қолданылады, 3-тен 5 м3-ке дейін тұтынады, қолданыстағы тариф – 20%-ға жоғары, үшінші топ 5-тен 10 м3-ке дейін – 50%-ға жоғары, 10 м3-тен жоғары – 100%-ға жоғары.«"Тұтынудың әлеуметтік нормаларын" енгізу тұтынушыларды коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларының деңгейіне байланысты бекітілген сараланған тарифтер есебінен, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін қосымша кірістер алу есебінен сумен жабдықтау қызметтерін пайдалануға аса ұқыпты қарауға ынталандыру бойынша жаңа тәсілдерді қолданудың тиімділігін көрсетеді, бұл өз кезегінде инженерлік инфрақұрылымның тозуын және тиісінше, ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін жақсартады», — деп атап өтті вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1027458?lang=kk
Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микро кредит пен лизинг берудің қағидасы бекітілді 30.06.2025
Кәсіпкерлердің қаржы құралдарына қол жеткізуін арттыру мақсатында ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит пен лизинг берудің қағидалары бекітілді. 2025 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі тиісті №53 бұйрыққа қол қойды.Құжат ауылдық жерлер мен шағын қалаларда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға микрокредит пен лизинг берудің бірыңғай тәртібін белгілейді. Негізгі мақсат – кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы кооперациясы мен ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамытуға жәрдемдесу.Бекітілген шарттарға сәйкес:шағын несие 7 жылға, ауыл шаруашылығына қатыссыз жобаларға 5 жылға беріледі;сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%;ең көп сома – 2 500 АЕК, қайта өңдеу жобаларына 8 000 АЕК-ке дейін;ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын лизингке алудың шарты ұқсас, ол 7 жылға беріледі.Жобаларды қарау кезінде ауылдық округ деңгейінде алдын ала скрининг арқылы таңдалған бастамаларға, сондай-ақ жұмыс орнын құру, өнімді қайта өңдеу, кооперацияны дамыту жобаларына айрықша назар аударылады.Қағиданы қабылдау ауылдық аумақты орнықты дамытуға, шағын бизнесті қолдауға, жергілікті жерде жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын іске асырудың дәйекті қадамының бірі.Қағиданың толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің www.gov.kz. ресми сайтында танысқан жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1027130?lang=kk
Түлектерге диплом тапсыру – өмір жолындағы жаңа белес 30.06.2025
Қазіргі күндері еліміздің барлық жоғары оқу орындарында түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсімдері өтуде. Мыңдаған жас үшін бұл – дербес кәсіби өмірге бастар маңызды кезең. Бұл үрдістен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті де тыс қалған жоқ – бүгін мұнда университет түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.Бұл шара – оқу жылының аяқталуына арналған бір апталық мерекелік іс-шаралардың қорытындысы болды. 2024–2025 оқу жылында аталған оқу орнынан 2392 студент жоғары білім туралы диплом алып шықты. Университет құрылған күннен бері 190 мыңнан астам маман түлеп ұшып, ел экономикасының, білім беру, құқық және мемлекеттік басқару салаларының дамуына елеулі үлес қосты.Бүгінгі түлектерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тілеген Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов университеттің өңір дамуындағы стратегиялық рөлін атап өтті:– Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет – жоғары білікті кадрлар даярлауда алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді, – деді Бақытжан Нарымбетов.Мүмкіндіктерге жол ашқан университетBaitursynuly University бүгінде – заманауи талаптарға сай, қарқынды дамып келе жатқан көпсалалы жоғары оқу орны. Мұнда 8500-ге жуық студент білім алуда. Университет құрамында бес факультет пен бір институт жұмыс істейді. Бакалавриат, магистратура және PhD-докторантура бойынша 140 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. 500-ден астам оқытушы студенттерге сапалы білім беруді қамтамасыз етуде.– Біздің мақсатымыз – студенттерімізге барынша көп мүмкіндік беру, – деді университет ректоры Сейтбек Қуанышбаев. – Біз халықаралық әріптестікті дамытып, қос дипломды бағдарламалар санын көбейтіп келеміз.Әлемдік деңгейдегі білім2021 жылдан бастап университет Литваның Витаутас Магнус университетімен (Каунас қаласы) бірлескен қос диплом бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл оқу орны QS World University Rankings жаһандық рейтингінде әлемдегі үздік 750 университеттің қатарына енген.Биыл алғаш рет Қостанай облысында «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша екі студент қыз осы бағдарлама аясында оқуын сәтті аяқтап, бірден екі – қазақстандық және еуропалық үлгідегі диплом алды.– Қос диплом – үлкен мүмкіндік, – дейді түлек Әлия Сыздық. – Бұл – бір уақытта екі университеттен білім алу, кәсіби көкжиегіңді кеңейту. Біздің университетке, ұстаздарға қолдау көрсетіп, сенім білдіргені үшін шексіз алғысымды білдіремін.– Біз бір оқу жылын Литвада өткіздік, – дейді Сабина Қабдыева. – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын меңгеріп, ағылшын тілін жетілдірдік, еуропалық мәдениетпен таныстық. Бұл – мен үшін баға жетпес тәжірибе. Енді шетелде тәжірибеден өтіп, жұмыс істеу мүмкіндігіміз бар. Болашақ талапкерлерге осындай мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланып көруге кеңес беремін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1027053?lang=kk
Ақтауда өзбекстандық әскери сүңгуірлер дайындықтан өтті 30.06.2025
Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлік оқу-жаттығу кешені базасында сүңгуірлік даярлық бойынша, оның ішінде Өзбекстан әскери қызметшілері үшін оқу-жаттығу жиындары өтті.Бір апта ішінде әскери-теңіз базасының тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен теориялық және практикалық курстарды қамтитын қарқынды дайындық жүргізілді.– Барлық қатысушылар кешенді дайындықтан өтіп, өз дағдыларын бағалады және одан әрі оқыту бойынша ұсынымдар алды,-деп түсіндірді сүңгуір және іздестіру-құтқару қызметінің бастығы капитан-лейтенант Дәурен Мергенбаев.Жиын қорытындысы бойынша оқудан өткен сүңгуірлерге сертификаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026881?lang=kk
Мемлекет басшысы "Аумақтық қорғаныс туралы" Заңға қол қойды 30.06.2025
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Аумақтық қорғаныс туралы" Заңға және оған ілеспе түзетулерге қол қойды. Құжат аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыруға, жұмылдыру дайындығын арттыруға және төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Негізгі заң аумақтық қорғанысты мемлекеттің ішкі міндеттерін шешудің жеке саласы ретінде қарастырады. Оның мақсаттарын, жұмыс істеу принциптерін және іс-шараларын анықтайды. Құжат сонымен қатар қаржыландырудың тиісті тәсілдерін айқындайды."Аумақтық қорғаныс туралы" Заң ҚР Қарулы күштеріне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің бірқатар артықшылықтары бар. Қазақстан көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұр. Бұл ретте оның халқы 20 млн-нан астам адамды құрайды. Осылайша, төтенше жағдай туындаған жағдайда аумақтық қорғаныс үлкен экономикалық шығындарды талап етпестен міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.Бұл ретте, ТЖ жою кезінде аумақтық қорғанысты іске қосу мүмкіндігі Қарулы күштерді алаңдатпай, табиғи элементтердің салдарын жоюға мүмкіндік береді.Аумақтық қорғаныс күштері - дамыған мемлекеттердің көпшілігінде кездесетін негізгі қауіпсіздік кешені. Мысалы, аумақтық қорғаныс жүйесі Ресей, Беларусь, Австрия, Бельгия, Дания, Италия, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Финляндия және басқаларында бар.ҚР ҚК аумақтық қорғаныс жүйесін құру жөніндегі жұмыс 2017 жылы аумақтық қорғаныстың алғашқы бөлімшелері құрылған кезде басталды. COVID-19 пандемиясы кезеңінде оларды қолданудың практикалық тәжірибесі бар. Онда жалпы ауданы 10 млн шаршы метрге жуық 14 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысандар дезинфекцияланып, өңделді.Сондай-ақ, 2020 жылы Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылу салдарын жоюға аумақтық қорғаныс құрылымдары тартылды. Төтенше жағдай салдарынан Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы 10 ауыл су астында қалып, қазақстандық ауылдардың 31 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланды.2022 жылы аумақтық әскерлер Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылды. 2024 жылы Қазақстанның солтүстік-батысындағы су тасқыны салдарын жоюға қатысты.Осылайша, аумақтық қорғаныстың негізгі мақсаты дағдарыс жағдайында халықты және елдің инфрақұрылымын қолдау тетіктерін жетілдіру болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026815?lang=kk
ЕАЭО мен БАӘ, сондай-ақ ЕАЭО мен Моңғолия арасында еркін сауда туралы келісімдерге қол қойылды 30.06.2025
2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында ЕАЭО мүше мемлекеттері басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы шеңберінде Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық серіктестік туралы келісімге және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісіміне қол қойылды.Екі халықаралық шарт тараптар арасындағы бажсыз сауданы қамтамасыз ететін еркін сауда келісімдері болып табылады.ЕАЭО-ның Біріккен Араб Әмірліктерімен келісімі шеңберінде өзара саудадағы тауарлардың 85%-не қатысты кедендік мерзімсіз негізде әкелу баждарын алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар арасындағы сауданы реттеу саласындағы стандартты ережелерден басқа, ЕАЭО-БАӘ Келісімі электрондық сауда, салалық ынтымақтастық, шағын және орта кәсіпорындар және т.б. салалардағы өзара іс-қимылды дамытудың озық нормаларын қамтитыны атап өтіледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарының күшін жою өзара сауданы дәйекті түрде ырықтандыру мақсатында әртүрлі өтпелі кезеңдердің шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.Өз кезегінде, ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы келісім тауарлардың қамтылуы шектеулі уақытша келісімді болып, әрбір тараптың негізгі экспорттық мүддесінің 367 тауар позициясына қатысты сауданың преференциялық режимін бекітеді. ЕАЭО-Моңғолия келісімі үш жылға жасалып, тараптардың келісімі бойынша одан әрі үш жылдық мерзімге ұзартылуы мүмкін екені атап өтіледі.БАӘ-мен орнатылатын преференциялық сауда режимі шеңберінде қазақстандық экспорттаушылар ІҚМ және ҰҚМ еті, құс еті, сүт өнімдері (сүт, йогурт, ірімшіктер), жұмыртқа, бал, көкөністер, бұршақ дақылдары (асбұршақ, үрмебұршақ), алма, дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы, күріш), ұн, жарма, өсімдік майлары (күнбағыс, рапс), кондитерлік өнімдер және шоколад, шырындар, сулар және т.б., сондай-ақ химия өнеркәсібі өнімдері (полимерлер, пластмассадан жасалған бұйымдар), тыңайтқыштар, бояулар, тұрмыстық химия (сабын, жуғыш заттар), ағаш өңдеу және жеңіл өнеркәсіп өнімдері (маталар, трикотаж, киім), металлургия өнімдері (ферроқорытпалар, темір прокаты, шыбықтар, бұрыштар, құбырлар, қара және түсті металдардан жасалған металл конструкциялары мен бұйымдар), машиналар мен жабдықтар, трансформаторлар, сымдар және т.б. өнімдерді бажсыз негізде жеткізуге мүмкіндік алады.Моңғолиямен Келісім аясында бизнес кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелері бойынша немесе бажсыз (оның ішінде тарифтік квоталар шеңберінде) дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), құс еті, сүт өнімдері (йогурттар, ірімшік, май), бал, өсімдік майлары (күнбағыс майы), қант, шоколадты-кондитерлік өнімдер, нан-тоқаш өндірісі өнімдері, сулар, шырындар, джемдер, алкогольдік сусындар мен темекі өнімдері және т.б., сондай-ақ металлургия өнімдері (ферроқорытпалар, прокат, шыбықтар, құбырлар), трансформаторлар, көлік құралдары (локомотивтер, автомобильдер), химия өнеркәсібі өнімдері (полимерлер, пластмассадан жасалған бұйымдар) және т.б. өнімдерді жеткізуге мүмкіндік алады.Осылайша, бұл серіктестермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу Қазақстанның преференциялық сауда келісімдерінің желісін кеңейтіп, экспорттық бағыттарды әртараптандырады. Бажсыз сауда режимін орнату қазақстандық өнімдердің әріптестердің нарығына экспортын арттыру үшін қолайлы жағдай құрып,  сауда-экономикалық қатынастарды бекіту үшін маңызды қадамға айналады.Анықтамалық ақпарат: Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 2025 жылдың І тоқсанында 55,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,8%-ға жоғары (37,4 млн. АҚШ доллары).Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 2025 жылдың І тоқсанында 30,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары (29,3 млн. АҚШ доллары).Біріккен Араб Әмірлектерімен және Моңғолиямен келісімдер барлық тараптарда ратификацияланғаннан кейін күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1026720?lang=kk
Алматы облысы – «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдауда белсенді өңірлердің бірі 30.06.2025
Алматы облысы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыруға белсенді түрде кірісіп, қоғамдағы экологиялық сананың жоғары деңгейін және өңірдің тұрақты дамуға ұмтылысын нақты көрсетті. Табиғатты қорғау мұнда жеке жауапкершілік шеңберінен шығып, мыңдаған тұрғынды біріктірген қуатты халықтық қозғалысқа айналды.Жыл басынан бері «Таза қала» акциясы аясында 33 мыңнан астам облыс тұрғыны – оқушылар, студенттер, еңбек ұжымдарының өкілдері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер – санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарына қатысты. Нәтижесінде 1,5 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 750 ағаш отырғызылды. Бұл жасыл желектер өңірдің жаңартылған экожүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.Жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуде. «Болашақты бірге егеміз» атты қосалқы акцияға 280 мыңнан астам оқушы қатысты. Олар 13 келі ағаш тұқымын сеуіп, тек қана ағаш еккен жоқ – экологиялық жауапкершілікке негізделген болашақтың іргетасын қалады.Жалпыұлттық ағаш отырғызу күні мен «Таза кәсіп – таза аймақ» бастамасы аясында облыста 74 кәсіпорынның қолдауымен 4 434 көшет отырғызылды, оның ішінде 1 200-ден астам ағаш – бизнес өкілдерінің күшімен егілді. Сонымен қатар, 50 тонна қоқыс жиналды. Бұл – корпоративтік сектордың экологиялық жауапкершілікті нақты іспен дәлелдеген айқын мысалы. «Таза аймақ» акциясына ұлттық парктердің қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Олар табиғи аумақтар мен оларға жақын елді мекендерден 6,2 тонна қоқыс жинады.«Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 519 адам бұлақ көздерін тазалап, 3 тоннадан астам қоқыс шығарды. Бұл жұмыстар табиғи су көздерінің экологиялық жағдайын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. «Таза жағалау» акциясы да жоғары деңгейде өтті. 280-нен астам адам Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағалау аумақтарын қоқыстан тазартып, 26 тонна қалдықты шығарды. Осы жұмыстың нәтижесінде бұл аумақтар қайтадан қауіпсіз әрі экотуризмге қолайлы орынға айналды.🔹 215,4 мың адам экологиялық іс-шараларға қатысты (2024 ж. – 760,7 мың адам)🔹 8,8 мың кәсіпорын мен ұйым бастаманы қолдады🔹 6,3 мың тонна қалдық жиналды (2024 ж. – 28,1 мың тонна)🔹 76,7 мың көшет пен 14 мың кг ағаш тұқымы егілді🔹 2,2 мың арнайы техника жұмылдырылдыТазартылған нысандар:3 000 көпқабатты тұрғын үй ауласы55 саябақ пен сквер723 тарихи және мәдени ескерткіш1 000 әлеуметтік нысанАлматы облысындағы экологиялық бастамалар – бір реттік акциялар емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі және кешенді жұмыстың бір бөлігі. Тұрғындардың, әлеуметтік құрылымдар мен бизнестің кеңінен қатысуы өңірге тұрақты болашаққа сенімді қадам басуға мүмкіндік береді. Мұнда табиғатқа қамқорлық – өмір салтына айналған құндылық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1026667?lang=kk
200-ден астам жас лейтенант ел Қарулы күштерінің қатарын толықтырды 30.06.2025
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының 210 жас лейтенантын шығаруға арналған салтанатты рәсім өтті. Жас офицерлерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, жоғары оқу орнының басшылығы мен ҚР ҚК ардагерлері құттықтады.– Биыл құрылғанына 55 жыл толатын жоғары оқу орнының қабырғасында жан-жақты білім алып, кәсіби дайындықтан өттіңіздер. Отан игілігі үшін алдағы қызметте тек табыс тілеймін. Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі атағын мақтанышпен алып жүріңіздер, – деді Бас штаб бастығы.Институт басшылығы биылғы шығарылымның әскери дайындықтың жоғары деңгейімен ғана емес, сонымен қатар ғылыми, спорттық және қоғамдық қызметтегі жетістіктерімен де ерекшеленетінін атап өтті.Мерекелік шараға түлектердің туыстары, жақындары мен достары қатысты. Салтанатты жағдайда түлектерге дипломдар табыс етілді. Содан кейін институттың Жауынгерлік туымен қоштасу рәсімі өтті.Жас лейтенанттарға әскери жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломдар салтанатты жағдайда табысталды. Институттың Жауынгерлік туымен қоштасу рәсімімен аяқталған мерекелік шара ұрпақтар сабақтастығының жарқын дәлелі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026439?lang=kk
Бизнес тұрғызған қала: Қонаев экономикалық хабқа айналуда 30.06.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары барысында Қонаев қаласында жалпы құны 245 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды. Бұл жобалар аясында 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.Қапшағай жағалауында қонақүйі, аквапаркі, СПА-аймақтары мен жағажайы бар курорттық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жоба отбасылық демалысқа бағытталған және өңірдің туристік инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың біріне айналмақ.Сондай-ақ, жағалауда пайдалануға берілген жобалардың қатарында жағажай ойындарына арналған жаңа спорт кешенін атап өтуге болады. Мұнда құм төселген футбол және волейбол алаңдары, үстел ойындарына арналған аймақтар мен демалыс орындары қарастырылған. Бұл – жағалау аймағын абаттандыруға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі әрі ашық аспан астында белсенді демалысқа жағдай жасайтын заманауи инфрақұрылым.Өндіріс саласы – Қонаев қаласының жаңа экономикасындағы негізгі бағыттардың бірі. Мұнда ұн тарту, мал азығы және май өңдеу зауыттарын қамтитын агроөнеркәсіптік кластер құрылып жатыр. Бұған қоса, ірімшік пен қуырылған картоп өндіретін кәсіпорынның құрылысы да қолға алынған. Жоба ішкі нарықпен қатар экспортқа да бағытталған. Сауда желілерімен тиісті келісімшарттар жасалған.Бұл қала тұрғындары үшін екі маңызды мәселені білдіреді: тұрақты жұмыс орындарының пайда болуы және экономикалық өсімнің тек маусымдық туризммен немесе құрылыс саласымен шектелмейтініне деген сенімділік. Мұнда тек жұмыс күші ғана емес, біліктілік пен кәсіби білімді қажет ететін – технолог, оператор, логист және инженер сынды мамандықтар сұранысқа ие бола бастады.Қалада жүзеге асып жатқан барлық құрылыс пен өндіріс жобаларын біріктіргенде, 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сарапшылардың бағалауынша, бұл кәсіпорындар жыл сайын түрлі деңгейдегі бюджеттерге 6 миллиард теңгеден астам салық түсірмек. Бұл көрсеткішке ірі жобалардың айналасында қалыптасатын шағын және орта бизнес кірмейді.Бүгінде кейбіреулер Қонаевты әлі де саяжай мен демалыс аймағы ретінде қабылдаса, шын мәнінде қала инфрақұрылымы, денсаулық сақтау, бизнес және жаңа мүмкіндіктері бар өмір сүруге қолайлы орталыққа айналып келедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1026373?lang=kk
Қарулы күштер қатары әскери колледждің 90 түлегімен толығады 29.06.2025
Елордадағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде кіші сержанттардың салтанатты оқуды аяқтау рәсімі өтті.Іс-шараға оқу орнының басшылығы мен жеке құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері, түлектердің туыстары мен жақындары қатысты.Мереке Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың бюстіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Қатысушылар Халық қаһарманының рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.Салтанатты сәтпен түлектерді Халық қаһарманы отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев құттықтады.– Кіші командирлерге сарбаздарды оқыту, бөлімшелердегі әскери тәртіпті сақтау және жеке құрамның моральдық-жауынгерлік рухын нығайту жауапкершілігі жүктеледі. Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің түлегі деген атақты абыроймен алып жүретініңізге сенемін, – деді ол.Дипломдар табысталғаннан кейін түлектерді сержанттар корпусына қабылдау рәсімі өтті. Айта кету керек, колледждің алты үздік түлегі ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарының екінші курсына қабылданады.Іс-шара әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Саптық шеру кезінде әскери қызметшілер өздерінің нақты қозғалыстары мен қаруды шебер меңгергендерін көрсетті. Сондай-ақ, қоян-қолтық ұрыс элементтері де көрсетілді.Салтанатты сәтті Қазақ ұлттық өнер университетінің “Шабыт” колледжі студенттерімен бірге орындалған түлектер вальсі айшықтай түсті.Мереке Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымының концертімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026314?lang=kk
Алматылық әскери қызметшілер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады 29.06.2025
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері мен курсанттары Алматы қаласы Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдерімен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының ардагері Екатерина Александровна Баранованы ғасыр тойымен құттықтады.Әскери қызметшілер қарияға гүлдер мен естелік сыйлықтар табыс етті."Әскери дирижерлік" мамандығының курсанттары Екатерина Александровнаға соғыс жылдарындағы әндерді орындап берді.Екатерина Александровна Курск облысында дүниеге келген. 7 сыныпты бітіргеннен кейін ол Старооскольск медициналық техникумына түсіп, онда фельдшер болып оқыды. 1943 жылы аудан неміс-венгер әскерлерінен босатылғаннан кейін бірден әскер қатарына шақырылып, 1-ші Украина майданының әскери госпиталіне жіберілді. 1945 жылдың соңына дейін ол жараланған жауынгерлерге көмек көрсетті.Екатерина Баранова жеңісті Карловы Вары қаласында (Чехословакия) қарсы алды. Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Праганы азат еткені үшін" медальдарымен, сондай-ақ көптеген мерейтойлық наградалармен марапатталған.Соғыстан кейінгі жылдары Екатерина Александровна ауруханада, содан кейін Министрлер Кеңесінің ауруханасында жұмыс істеді. Ол өзін құттықтай келген Отан қорғаушыларға  алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026300?lang=kk
Жастар, бизнес және қоғам – өңірдегі құқықтық назардың басты нысанында 28.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Қостанай облысында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіліп келеді.«Жастар — әділетті қоғамның іргетасы» форумыЖастардың әділетті әрі қауіпсіз қоғам құрудағы рөлін айқындауға арналған бұл форум өңірдің маңызды оқиғаларының бірі болды. Форумның басты мақсаты — жастардың құқықтық санасын қалыптастыру, олардың заңгерлік сауаттылығын арттыру және құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу тәуекелін төмендету.Шара барысында цифрлық алаяқтық тақырыбына айрықша назар аударылды. Қатысушыларға алаяқтар ұрланған қаражатты шешіп алуға және қолма-қол ақшаға айналдыруға пайдаланатын «дропперлердің» кім екені түсіндірілді. Жастарды қырағы болуға, қылмыстық схемалардың құрбанына айналмауға шақырды.Форум аясында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жаңа профилактикалық жоба таныстырылды.«Мемлекет қорғауындағы бизнес» форумы24 маусым күні Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында «Мемлекет қорғауындағы бизнес» тақырыбында диалогтық форум өтті. Оған прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полиция, экономикалық тергеу, құқықтық статистика және арнайы есеп департаменттерінің өкілдері қатысты.Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және бизнес пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мұндай формат Палата мен қадағалау органдары арасында бұған дейін жасалған меморандумдар нәтижесінде мүмкін болды.Форумда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Яғни, прокуратура тек ірі инфрақұрылымдық жобаларды ғана емес, сондай-ақ шағын және орта бизнестің де өзекті мәселелерін бақылауға алуы тиіс. Қатысушылар Бас прокуратурада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен алқа отырысында белгіленген жаңа бағыттарды талқылап, алдағы ынтымақтастық туралы уағдаласты.Осындай шаралар өңірде заңдылықты нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғам мен мемлекеттің тиімді диалогын жолға қоюға бағытталған жүйелі жұмысты айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1026244?lang=kk
«Айбын-2025»: Қорғаныс министрі әскери-патриоттық жиын жеңімпаздарын марапаттады 28.06.2025
Ақтөбе облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған жастардың XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өз мәресіне жетті.Жиын Әуе қорғанысы күштерінің екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы әскери институтының «Айбын» оқу-жаттығу орталығында өтті. Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен жиналған командалар бір апта бойы зияткерлік, шығармашылық және әскери-қолданбалы сайыстарда бақ сынады. Іс-шараға Қытай Халық Республикасының делегациясы бақылаушы ретінде қатысты.Жиынның ең маңызды оқиғаларының бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуы болды. Мемлекет басшысы жастар арасында азаматтық жауапкершілік пен рухани құндылықтарды қалыптастырудағы әскери-патриоттық тәрбиенің маңызын айтты.Шараның салтанатты жабылу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің басшылығы, күштік құрылымдардың және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қарулы күштер ардагерлері мен қоғамдық ұйымдар қатысты.Жас патриоттарды жиынның аяқталуымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Косанов құттықтады.– Бүгінде бар назар сіздерге – жас ұрпаққа аударылып отыр. «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиыны әскери ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Әрбір жеңіс – бұл өзін-өзі дамытуға және жаңа жетістіктерге бастайтын қадам, – деді министр.Сондай-ақ, Қорғаныс министрі шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Ақтөбе облысының әкіміне және әділ бағалағаны үшін төрешілер алқасына алғысын білдірді.Сайыс нәтижесі бойынша өңірлік категорияда бірінші орынды Абай облысының «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубы жеңіп алды. Екінші орынды Түркістан облысының «Жас қыран» клубы иеленді. Үшінші орынды Түркістан облысының «Арыстан» және Павлодар облысының «Қайсар» клубтары бөлісті.Барлық жеңімпаз командалар мен Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген қатысушыларға естелік сыйлықтар мен марапаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026232?lang=kk
Елордада жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың үш жүзден астам түлегі Отанына адал болуға ант берді 28.06.2025
"Отан қорғаушылар" алаңында елордадағы жетекші жоғары оқу орындары студенттерінің әскери ант беру рәсімі өтті.Іс-шара "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Құрметті қонақтар, жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, студенттер, Қарулы күштердің ардагерлері қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Құрметті қонақтар Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев пен генерал-лейтенант Абай Тасболатов кафедра түлектеріне мамандық игеруде және өз мансабын құруда табыс тіледі.Рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеруден және Мемлекеттік әнұран орындаудан басталды.- Қорытынды емтихандарды тапсыру кезінде сіздер жоғары білім мен оқытылатын пәндер бойынша жақсы нәтиже көрсеттіңіздер. Бүгін әскери борышқа адал болуға ант беріп, нағыз Отан қорғаушы атандыңыздар. Осы атаққа лайық болыңыздар және Қазақстанның дамуы мен өркендеуі үшін бәрін жасаңыздар, – деді Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев.Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің, Назарбаев Университетінің, Maqsut Narikbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, "Тұран", "Есіл" университеттерінің, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенттері Отан қорғауға кез келген сәтте дайын болуға ант берді. Жоғары оқу орындары әскери кафедраларының түлектерін Қазақ технология және бизнес университетінің президенті Ернұр Құлажанов құттықтады. Ата-аналар атынан Рахила Унышева сөз сөйледі.Іс-шара құрмет қарауылы ротасының қатысуымен өтті. 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қару-жарақпен қоян-қолтық ұрыс тәсілдері мен саптық дефиле элементтерін көрсетті.      Ант берген запастағы сержанттар алаңда салтанатты шерумен жүріп өтті. Іс-шара Орталық әскери оркестрдің музыканттары мен Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі солистерінің өнер көрсетуімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026185?lang=kk
Алматы облысының полициясына 40 жаңа автокөлік табысталды 28.06.2025
Қазақстан полициясы күніне орай Қонаев қаласында өткен салтанатты іс-шара аясында Алматы облыстық Полиция департаментіне 40 жаңа қызметтік автокөлік берілді. Бұл — өңірде құқықтық тәртіпті нығайту мен құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын күшейту бағытындағы маңызды қадам.Салтанатты рәсім Қонаев қаласының Орталық алаңында өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, полиция бөлімшелерінің басшыларына көлік кілттерін салтанатты түрде табыстады.Облыс әкімінің айтуынша, автопарктің жаңартылуы полиция қызметінің тиімділігін арттырып, құқық қорғау органдарының мобильділігін, қылмыстарға жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтеді.«Бұл – жай ғана техника емес. Бұл – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді құралдар. Халықтың тыныштығы мен тәртібі осы көліктердің арқасында жаңа деңгейге көтеріледі», – деді Марат Сұлтанғазиев.Аталған көліктер Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай, Алатау, Жамбыл, Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарының полиция бөлімдеріне бөлінді.Мерекелік шара одан әрі Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Облыс әкімі өз сөзінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.«Полиция қызметкері – бұл тек мамандық емес, бұл – ел алдындағы жауапкершілік пен халық сенімінің символы. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау – олардың күнделікті жұмысы», – деді әкім.Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 маусымда Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында айтқан сөзін еске салды:«Заң үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басым бағыттары. Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі керек».Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, соңғы үш жылда Алматы облысында ішкі істер саласын дамытуға 51 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталып, 167 автокөлік, заманауи техникалар, планшеттер мен серверлік құрылғылар сатып алынған. Сондай-ақ, бейнебақылау жүйелері орнатылып, 20 шұғыл шақыру түймесін (SOS) іске қосу жоспарлануда.Бүгінде облыс аумағында 51 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Бұл қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді.Салтанатты жиын барысында қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Тәуелсіздік жылдары Алматы облысында 40 полицей қызметтік міндетін атқару барысында өмірімен қош айтысқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1026164?lang=kk
Алматы облысында «Самғау» шығармашылық байқауының жаңа маусымы басталды 28.06.2025
Алматы облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара аясында дәстүрлі «Самғау» шығармашылық байқауының жаңа маусымы ресми түрде басталды. Бұл маңызды оқиға өңір журналистері үшін басты сәттердің біріне айналып, түрлі аудандар мен қалалардан келген қаламгерлердің басын қосты.«Самғау» – аймақтық журналистиканы дамытуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және қоғам өмірінің маңызды тақырыптарын көтеріп жүрген авторларды қолдауға бағытталған жыл сайынғы шығармашылық байқау. 2025 жылғы маусымда байқау тақырыптық аясын кеңейтіп, дәстүрлі номинациялармен қатар ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инвестиция, білім, әлеуметтік сала және өзге де өзекті бағыттарды қамтиды.Кәсіби мерекемен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтады. Өз сөзінде ол журналистердің өңір дамуына қосып отырған үлесіне ерекше тоқталды:«Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен жауапкершілік. Дәл сіздер ел ішіндегі маңызды оқиғаларды халыққа жеткізіп, қоғамдағы ойды қалыптастырасыздар. „Самғау“ байқауы – сіздердің еңбектеріңізге берілген жоғары баға әрі алдағы шығармашылық табыстарға жол ашатын мотивация», – деді өңір басшысы.Салтанатты жиын аясында 30-ға жуық журналист түрлі марапаттарға ие болды. Мемлекеттік, ведомстволық және өңірлік деңгейдегі ордендер, медальдар, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.Іс-шара соңында қатысушылар назарына жақын арада өз жұмысын бастайтын жаңа өңірлік телестудия – «Qonaev Media» туралы бейнеролик ұсынылды. Бұл телестудия алдағы уақытта жергілікті журналистер үшін тағы бір маңызды шығармашылық алаңға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1026165?lang=kk
Түрік компаниясы Қазақстанда логистикалық инфрақұрылым құрылысына инвестиция салуды жоспарлауда 27.06.2025
Астана, 2025 жылғы 27 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Түркияның жетекші логистикалық компанияларының бірі – «S Sistem Lojistik» басқарма төрағасы Хүсейин Барлинмен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде жалпы құны шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайтын заманауи логистикалық және қойма терминалдары желісін салу мәселелері талқыланды. Нысандарды орналастыру үшін басым алаңдар ретінде Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және басқа да ірі орталықтар қарастырылуда.Тараптар сондай-ақ инвестициялық келісімшарт пен арнайы инвестициялық келісім жасасу мүмкіндігін талқылады. Бұл құжаттар мемлекеттік қолдау шараларын, салықтық преференцияларды және инфрақұрылымдық сүйемелдеуді қарастырады.Ғ.Оспанқұлов жоспарланған жобалардың елдің көлік және логистикалық әлеуетін дамыту үшін маңыздылығын атап өтті: «Бүгінде Қазақстан логистикалық инфрақұрылымын белсенді дамыту кезеңінде тұр. «S Sistem Lojistik» компаниясының ұсынып отырған жобалары ішкі және транзиттік тасымалдарды тиімді ету үшін аса маңызды. Біз логистиканы инвестиция тартудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырамыз, әсіресе экономиканы әртараптандыру және Қазақстанның Еуразиядағы көлік хабы ретіндегі рөлін нығайту тұрғысынан. Өз тарапымыздан біз жобаны жан-жақты қолдауға, жер учаскелерін бөлу, мемлекеттік қолдау шараларына қосылу, сондай-ақ өңірлік әкімдіктермен және салалық органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруге дайынбыз. Ынтымақтастық логистика мен өнеркәсіптік кооперация саласындағы Қазақстан мен Түркия арасындағы табысты серіктестіктің үлгісі болады деп сенемін».Өз кезегінде Х.Барлин Қазақстанға стратегиялық бағыт ретінде үлкен қызығушылық танытты. Оның айтуынша, ел бірегей транзиттік әлеуетке және логистикалық жобаларды дамытуға қолайлы инвестициялық ортаға ие. «S Sistem Lojistik» халықаралық стандарттарға сәйкес жобаларды іске асыруды және ел ішінде де, шет елдерде де жүктерді тиімді тасымалдауды қамтамасыз ететін заманауи инфрақұрылым құруды жоспарлап отыр.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс координациясын жалғастыруға және тиісті мемлекеттік институттармен, өңірлік әкімдіктермен өзара әрекеттесуге келісті. Қазақстан тарапы бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мүдделілік танытып, оның логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ел экономикасына қосымша инвестициялар тартуға ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1026005?lang=kk
«Айбынның» көшбасшы командалары «Күшіміз бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойындарына қатысты 27.06.2025
         «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында «Күшіміз бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойыны өтті. Оған бұған дейінгі жиын кезеңдерінде үздік нәтиже көрсеткен командалар қатысты.Әскери-тактикалық сценарий мүмкіндігінше нақты жағдайларға жақындастырылды. Далалық лагерье таңертеңгі дабылмен көтерілді. Ойынға қатысушы командалардың дайындығы тексерілгеннен кейін нұсқаушылар марш жасау ережелері мен қауіпсіздік шараларын жеткізді.Жауынгерлік бұйрық алғаннан кейін қатысушылар іс-қимыл үйлесімділігін, жергілікті жерді бағдарлау, топтағы өзара іс-қимыл, шартты түрде жараланғандарды эвакуациялау, кедергілерді еңсеру және дағдарыстық жағдайларда тактикалық ойлай білу машықтарын көрсетті. – Мұндай сынақ күш-қуат тұрғысынан шыңдалуға, сондай-ақ командада бір-біріне дем беруге, тәртіп пен сенімнің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. Болашақ Отан қорғаушы осылай қалыптасады, – деп атап өтті «Айбын-2025» лагерь жиыны штабының бастығы подполковник Дәулет Бейсеков. Төзімділік емтиханына айналған ойындар командалық үйлесімділік пен көшбасшылықты дәлелдей білді. Көптеген жасөспірімдер үшін бұл әскердегі ұжымдық іс-қимылдың алғашқы тәжірибесі болды. – «Айбын» әскери-патриоттық жиынына алғаш рет қатысып отырмын. Біздің команданың көшбасшы атанып, әскери-далалық ойындарда бақ сынасқанын мақтан тұтамын. Мұнда біз сарбаз ретінде командирдің бұйрығын бұлжытпай орындаудың қаншалықты маңызды екенін сезіндік, – деді семейлік жас патриот Жақан Абзал. «Айбын» әскери-патриоттық жиыны жыл сайын белсенді, әрі жауапты өз еліне барынша пайда әкелуге дайын жастардың жаңа буынын қалыптастырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1025926?lang=kk
Тікелей сайлау басталғаннан бері 3 мыңға жуық ауыл әкімі сайланған – ҰЭМ жанындағы Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы 27.06.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы Кеңес басшысы Эльдар Шамсутдинов пен ҰЭМ аппарат басшысы Олжас Сыздықовтың төрағалығымен өткізілді. Кездесу шеңберінде Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылып, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» жобасының орындалу барысы ұсынылды. Талқылау барысында аталғандай, 2021 жылдан тікелей сайлау тетігі енгізілген кезден бері 2 969 ауыл әкімі сайланған. Ағымдағы жылы бұл тетік аудан мен облыстық маңызы бар қалаларға да қолданыла бастады. Енді сайлау жұмыс атқарып жатқан әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өткізіліп тұрады.Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі дамытуға арналған бірқатар бастамамен танысты. Атап айтқанда, сайлау заңнамасын жетілдіру жалғасуда. Сонымен қатар, ауылдық округтердің қаржылық базасы нығайтылды: IV деңгейдегі бюджеттердің кірісі 3,5 есеге өсіп, қосымша салық пен алымдарды табыстау жоспарлануда. Сонымен қатар, бюджет қаражатын қайта бөлу тәртібін оңайлату қарастырылып жатыр. Бұл шешім қабылдау мерзімін едәуір қысқартпақ.Қатысушылар атап өткендей, қабылданып жатқан шаралар жергілікті өзін-өзі басқарудың неғұрлым дербес және ашық моделін қалыптастыруға ықпал етеді.Ауылға мамандарды тартуға бағытталған «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылу барысы қаралды. 2009 жылдан бері 114 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдау шараларын алған. Оның ішінде 52 мыңнан астамы тұрғын үйге жеңілдікті кредиттерді пайдаланды. 2023 жылдан бастап өтініш беру процесін цифрлық платформада автоматтандырылған түрде беру жүзеге асырылуда.Отырыс соңында, Экономикалық зерттеулер институты (ERI) макроэкономика, инвестиция мен фискалдық саясат бойынша талдау материалын таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1025880?lang=kk
Қаржылық тұрақтылық және әлеуметтік басымдық: Қаржы министрі 2024 жылға арналған республикалық бюджеттің қорытындылары туралы айтып берді 27.06.2025
ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев есепті кезеңдегі негізгі қаржы-экономикалық нәтижелер мен көрсеткіштерді тізбектеп, 2024 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндаманы ұсынды.Ведомство басшысы айтқандай, 2024 жылы еліміздің ІЖӨ негізінен мұнайдан тыс сектор есебінен 4,8% өсіп, биылғы бес айдағы меже 6% артқан. Бұл ретте шоғырландырылған бюджет құрылымындағы мұнайдан тыс кірістердің үлесі 2,5 т.т. ұлғайып, инфляция 9,8% 8,6%  дейін төмендеді. Ал бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шаққанда 2,7% деңгейінде байқалды. Ұлттық қордың активтері 16% артып, 66,2 млрд долларға жетті. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша екі жыл ішінде 7 млн-нан астам балаға (жан басына шаққанда) 233 доллар төленді.Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспар 97,2% (19,6 трлн теңге) орындалды. Тапшылықтың негізгі себептері – импорттың төмендеуі, ірі жобалардың іске қосу мерзімінің ауысуы, ҚҚС қайтарудың үш есеге еселенуі. Соған қарамастан ҚҚС жалпы түсімдері 4,8% ұлғайды. Ал көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің нәтижесінде бюджетке қосымша 1,28 трлн теңге түсті (2023 жылмен салыстырғанда +37%).Бюджет шығыстары 97,8% орындалып,  23,6 трлн теңгеге жетті. Қаражаттың едәуір бөлігі әлеуметтік сала мен инфрақұрылымға бағытталды. Педагогтердің жалақысын көтеруге 93,8 млрд теңге бөлінді. 4 557 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 789 балабақша ашылып, осал санаттағы балалардың 100% тегін тамақпен қамтамасыз етілді. 19 млн текше метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 300 мыңнан астам адам газға қосылды. 3,5 мың шақырым сумен жабдықтау және 542 шақырым жылу желілері жаңғыртылды. Қуаты 700 МВт-тан астам жаңа генерация нысандары салынды.Ұлттық жобаларға байланысты 751 млрд теңге бөлінді. Бұл 105 мектеп (254 мың орынға шақталған) салуға, сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептерге қатысты проблеманы жоюға әрі 460 денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді. Биыл қосымша 195 медициналық нысанды іске қосу мен 32 көпсалалы аудандық аурухананы жаңғырту жоспарланған.Сонымен қатар 1,5 мың шақырым магистральды теміржол желісіне жөндеу жұмыстары аяқталды. Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша тасымалдау көлемі 2024 жылы 62%, яғни 4,5 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте транзит 4 есеге, сол секілді Қытайдан келетін транзит 28 есеге ұлғайды. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында үш жаңа терминал пайдалануға берілді.Сондай-ақ министр бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы жеткізді: тиімсіз шығыстар сомасы 2024 жылы 24% азайып, 372 млрд теңге көлемінде байқалды. Былтыр Үкімет отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мәселелеріне басымдық берген болатын. Реттелетін сатып алу шеңберінде отандық кәсіпорындармен 1 трлн теңгеден астам сомаға ұзақмерзімді және офтейк-келісімшарттар жасалды. Бұл көрсеткіш 2,5 есеге артты.«2024 жылы қабылданған негізгі шешімдер отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған: тұрғын үймен қамтамасыз етуден бастап мектептер мен ауруханаларды жаңғыртуға дейін», деді Мәди Төкешұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1025631?lang=kk