Enbekshi QazaQ

Қуқық

Астанада Жеңістің 80 жылдығына және Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті 15.04.2025
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған қолбасшы» атты көрме өтті.Көрмеде Бауыржан Момышұлының жеке күнделігі, 1955-1956 жылдары Калинин қаласында пайдаланған қойын дәптері, соғыс кезіндегі қолданған жеке картасы, портреті, фото-суреттері, қаһармандық ерлігі туралы жазылған көркем туындылар мен Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи кітаптар қойылды.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің мүшелері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің жас ұландары, студенттер мен архив қызметкерлері, тарихшы, ғалымдар қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/960539?lang=kk
Ұлттық киімнен рекорд орнатуға қатысушыларға автобустар тегін болмақ 15.04.2025
Ұлыстың ұлы күні — 22 наурызда Ақтауда өтетін «Best Fest Nauryz» ұлттық киім фестиваліне қатысушыларға автобустар тегін болмақ.Ұлттық киім фестивалін ұйымдастырушы Әсемгүл Адамбайдың айтуынша, фестиваль 22 наурыз күні сағат 9:00-де басталып, 12:00-ге дейін өтеді.Сондай-ақ қолында браслет белгісі бар барлық фестиваль қатысушысына қала, облыс аумағында қоғамдық автобустар тегін болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/960515?lang=kk
Қазақстанда «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы басталады 15.04.2025
Қазақстанда балық шаруашылығы су айдындарын қараусыз қалған балық аулау ауларынан тазартуға, жағалау аумақтарын тазартуға және азаматтардың су ресурстарын ұқыпты қарауын қалыптастыруға бағытталған жыл сайынғы «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы басталды.Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес акция өңірлердің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, екі кезеңде өтеді:наурыздан мамырға дейін – Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында.15 сәуірден 31 мамырға дейін – Ұлытау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында.Акцияға тұрғылықты жері бойынша тиісті балық шаруашылығы инспекциясына жүгіну арқылы кез келген адам қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/960497?lang=kk
Су ресурстары және ирригация министрі экономика қажеттілігі мен экожүйені сақтау үшін еліміздің су қоймаларына тасқын суды жинауды тапсырды 15.04.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов барлық жауапты мекеме басшыларына еліміздің су қоймаларына тасқын суды жинау жұмысын ұйымдастыруды тапсырды. Бұл су алдағы уақытта экономика қажеттілігі мен жергілікті экожүйені сақтау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, еріген қар суы өзен-көлдерге, шабындық жерлер мен табиғи жайылымдарға жіберіледі. Қоймаларға жиналған тасқын суы суару маусымында егістікті суару үшін шаруаларға да беріледі.Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезінде гидротехникалық құрылыстардың жұмысын реттейтінін атап өткен жөн. Су қоймалары – ең маңызды стратегиялық нысандардың бірі.Еске сала кетейік, былтыр еліміздің су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 15 млрд-қа көп. Жиналған судың 12 млрд-тан астамы – тасқын су.Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді. Батыс Қазақстан облысындағы соңғы жылдары құрғауға айналған Қамыс-Самар көлдер жүйесіне 80 млн текше метр тасқын су жіберілді. Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 839 млн текше метр су жіберілді. 2000 жылдан бері алғаш рет Тобыл өзенінде үлкен көлемде су ағыны байқалды.Шабындық жерлер мен табиғи жайылымдарға су жіберу мал шаруашылығын қажетті жем-шөп базасымен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізді. Ал Астана су қоймасына тасқын суын жинау 2 млрд теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді. Себебі, су қоймасына Қ.Сәтбаев атындағы каналдан қосымша су жіберу қажеттілігі туындамады.«Еліміздің су қоймаларында тасқын суын қабылдауға және қауіпсіз өткізуге қарқынды дайындық жүріп жатыр. Солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлердің су қоймаларында бос сыйымдылықтар дайындау үшін су жіберілуде. Ал, еліміздің оңтүстігіндегі су қоймалары алдағы суару маусымында жергілікті дихандарды суармалы сумен қамтамасыз ету үшін белсенді су жинап жатыр. Біз барлық су қоймаларына шаруалар үшін қажет суды барынша мол жинап, оны жазда пайдаланамыз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/960428?lang=kk
Altynsarin University – өңіріміздегі жоғары білімнің жаңа кезеңі 15.04.2025
Қостанай облысындағы жоғары білім жаңа деңгейге көтерілуде! Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Арқалық педагогикалық институтына университет мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Енді оқу орны Altynsarin University атауын иеленеді, бұл оның өңір мен елге білікті мамандар даярлаудағы маңызды рөлін айшықтайды.Студенттер үшін жаңа мүмкіндіктерЖаңа мәртебенің берілуі университетке үлкен перспективалар ашады. Енді болашақ мамандар тек педагогикалық бағыттарда ғана емес, сонымен қатар ақпараттық технологиялар, журналистика, экономика, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салалар бойынша білім ала алады. Сондай-ақ, университетте магистратура бағдарламалары жүзеге асырылып, болашақта докторантура ашу мүмкіндігі пайда болады.Бұл Қостанай облысы мен еліміздің басқа өңірлерінің жастарына сапалы білім алу үшін үлкен мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламаларының кеңеюі сұранысқа ие мамандарды даярлауға және өңірдің дамуына үлес қосуға септігін тигізеді.Ғылыми әлеуетті нығайтуУниверситет мәртебесінің берілуі Altynsarin University үшін ғылыми қызметтің жаңа көкжиектерін ашады. Оқу орнында өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған зерттеу жобалары дамытылатын болады. Инновациялық технологияларды енгізуге, заманауи оқыту әдістерін дамытуға және экономиканың басым бағыттарына кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.Халықаралық ынтымақтастықТағы бір маңызды қадам – шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді серіктестік орнату. Бұл студенттер мен оқытушыларға халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға, жетекші білім ордаларында тағылымдамадан өтуге және озық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық, жаңа білім беру әдістері және халықаралық байланыстар Altynsarin University-дің қуатты ғылыми-білім беру орталығына айналуына ықпал етеді.Өңір үшін маңызыАрқалықта толыққанды университеттің құрылуы – Қостанай облысы үшін маңызды оқиға. Жаңа мәртебе өңіріміздегі жоғары білім, ғылым және экономика салаларының дамуына тың серпін береді. Университеттің заманауи білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулері және халықаралық байланыстары әртүрлі салаларда қажетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.Оқытушыларды, студенттерді және бүкіл Қостанай облысының тұрғындарын жоғары білім саласындағы осы маңызды қадаммен құттықтаймыз! Altynsarin University білім, инновация және болашақ мамандарды даярлау орталығына айналып, өңір мен елдің өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенімдіміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/960369?lang=kk
Еңбекмині мен ХКҰ 2025 жылы өзара іс қимыл мәселелерін талқылады 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Еуропа және Орталық Азия бойынша Халықаралық көші-қон ұйымының (бұдан әрі – ХКҰ) өңірлік директоры Артур Эркенмен кездесті. Кездесу барысында тараптар көші-қон және шетелдегі қазақстандық жұмыскерлерді қорғау саласындағы стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылады.Асқарбек Ертаев Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) қазақстандық мигранттардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.«Атап айтқанда, қазақстандық азаматтардың едәуір санын тартатын межелі елдермен екіжақты келісімдер, қазақстандық азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін, оның ішінде еңбек мигранттарының еңбек құқықтарын қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы келісімдерге қол жеткізілген немесе тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқан елдердің қатарында Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Корея Республикасы, Германия, Қатар бар», – деді вице-министр.Ол ХКҰ осындай келісімдерге қол қоюға жәрдемдесуде, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеуде шешуші рөл атқара алатынын атап өтті.Өз кезегінде Артур Эркен Қазақстан мен ХКҰ арасындағы ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастықтығына тоқтала отырып, ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті тұрақты үйлестірушісі болып табылатын «Алматы процесінің» Еуропалық және Орталық Азия өңірлері үшін маңызды да шешуші рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қолданыстағы уағдаластықтар шеңберінде көпжылдық ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/960352?lang=kk
Оқу-ағарту министрі Корея Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті 15.04.2025
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті.Кездесу барысында тараптар орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Колледждерді интернационалдандыру саласында тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттер мен оқытушылар үшін тағылымдамалар ұйымдастыру, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.«Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылының негізгі іс-шараларының бірі - еліміздің 10 колледжін интернационалдандыру болмақ. Негізгі мақсат - олардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру», - деді Ғани Бейсембаев.Сондай-ақ орта білім беру және корей тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру саласында одан әрі өзара ынтымақтастық құру мүмкіндіктері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/960099?lang=kk
Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы 15.04.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 13 сәуір күнгі жағдай келесідей:Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 53 текше метр, Сілеті су қоймасынан 41,7 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 7,5 текше метр су жіберілуде.Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 465 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су жіберілуде.Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 2100 текше метр су жіберілуде.Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберілуде.Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 81,4 текше метр су жіберілуде.Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 643,3 текше метр, Петропавл су қоймасынан 1348 текше метр су жіберілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/975089?lang=kk
Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим туралы 15.04.2025
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі отандастарымыздың саяхаты үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында шетелдік серіктестермен визалық режимді жеңілдету бойынша жұмысты жүргізуде.Осы ретте, 2025 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы Визалық талаптардан өзара босату туралы келісім өз күшіне енеді.Осы келісім екі ел азаматтары – ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды қарастырады. Осылайша, олар әрбір 6 ай ішінде (ел аумағына кіру күнінен бастап есептелетін) басқа тарап мемлекетінің аумағында визасыз 30 күнге дейін бола алады.Бұл келісім туристік, іскерлік және мәдени байланыстардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Сонымен қатар Черногория билігі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визасыз режимді 2025 жылғы 1 қарашаға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.Бұл шара Черногорияға туристік және іскерлік сапарларды жоспарлайтын қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.Бұған қоса Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрлігі ұлттық паспорттары бар Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимнің ұзартылғанын жариялады. Енді ҚР азаматтары Оман аумағында 30 күнге дейін бола алады, ал бұрын бұл мерзім 14 күнді құрады.Алайда, визасыз режим еңбек қызметі, білім алу және тұрақты тұру үшін қолданылмайтынын ескеру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/960055?lang=kk
Қазақстан Жасыл климат қорының (GCF) ынтымақтастығын нығайтады 2025 жылғы 18–20 наурыз, Сондго, Оңтүстік Корея 15.04.2025
Қазақстан Республикасы делегациясы Жасыл климат қорының (GCF) штаб-пәтеріне климаттық қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, қазақстандық ұйымдарды аккредитациялау және тұрақты инвестициялау механизмдерін дамыту мәселелерін талқылау үшін келді.Сапардың алғашқы күнінде GCF-тің Бас инвестициялық директоры Генри Гонсалеспен кездесу өтті. Кездесуде аккредитация, жеке секторды тарту және климаттың өзгеруіне бейімделу мен парниктік газдар шығарындыларын азайту салаларындағы жобаларды қаржыландыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан институционалдық әлеуетті күшейту үшін дайындық бағдарламаларына (Readiness Program) қатысу мүмкіндігін зерттеуде.Сапар аясында Қазақстандағы GCF-тің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімді талқылау, сондай-ақ климаттық бастамаларды тұрақты қаржыландыру тетіктерін пысықтау бойынша кездесулер жоспарланған.Келіссөздерге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы, Қазақстан Даму Банкі және Freedom Bank өкілдері қатысуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/960054?lang=kk
ҚР Әділет министрлігі Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тіленчиев және Сот сараптамалары орталығы директорының м.а. Байтілесов Бақытжан ОКҚ-де бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған брифинг өткізді 15.04.2025
Қазіргі уақытта қылмыстардың күрделене түсуіне байланысты Қазақстан сот-сараптамалық қызметті реформалау бойынша ауқымды қадамдарына тоқталды.2024 жылы Сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты мен Астана қаласындағы Сот сараптамасы институтының бірігуі жүзеге асырылып, ғылым мен тәжірибе интеграцияланды.Сондай-ақ спикерлер инновациялық бағыттардың бірі – виртуалды аутопсияны енгізуге қатысты әдістермен бөлісті. Бұл әдіс компьютерлік томографияға негізделген, персонал үшін қауіп-қатерді азайтады және ұлттық дәстүрлерді ескеруге мүмкіндік береді. Қазақстан бұл технологияны Сот сараптамасы орталығының аймақтық бөлімшелерінің бірінде пилоттық жоба ретінде іске қосу мүмкіндігін қарастырылып жатқанын айтты.Жаңғыртудың маңызды бөлігі – процестерді цифрландыру. Қазақстанда сарапшылар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін «E-сараптама» жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта жасанды интеллект технологияларына негізделген «E-сараптама 2.0» жүйесі әзірленуде, бұл сараптамалардың дәлдігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.Қазақстандағы сот-сараптамалық қызметті жетілдіру жұмыстары жалғасады. Оның мақсаты – әлемдік стандарттарға сай болу және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/960053?lang=kk
Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды 15.04.2025
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бейжіңде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянның төрағалығымен өткен Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің XII отырысында тиісті келісімге қол қойылды.Меморандумға ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров пен ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары Ли Ляншэн қол қойды. Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және оны игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.«Бір жыл бұрын менің ҚХР-ға жұмыс сапарым аясында біз Қытай тарапымен ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою туралы уағдаластық. Қос тарап бірден келісім жобасын әзірлеуге кірісті. Су ресурстары мәселелеріндегі ынтымақтастық маңызды ресурсты тиімді пайдалануға, суды есепке алу мен үнемдеудің озық технологияларын енгізуге, су саласы мамандарының біліктілігін арттыруға ықпал етеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/959836?lang=kk
ІЛГЕРІЛЕУГЕ БАСТАҒАН АЛТЫ ЖЫЛ: ҚАЗАҚСТАН ОРНЫҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА 15.04.2025
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізді басқарғанына алты жыл толады. Осы уақыттың ішінде Қазақстан коронавирус пандемиясынан бастап жаһандық геосаяси шиеленіске дейінгі көптеген сын-тегеуріндерге қарамастан, экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге қол жеткізе алды, деп атап өтті Премьер-Министр Олжас Бектеновтың «Прогрестің алты жылы: Қазақстан орнықты даму жолында» атты мақаласында.Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге қатысты мақалада қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы бойынша негізгі көрсеткіштер келтірілген. Осылайша, 2019 жылдан бастап өмір сүру ұзақтығы 73-тен 75 жасқа дейін өсті. Жалпы өлім 7,8%-ға, Ана - 26,3%-ға, сәби - 15,8%-ға төмендеді. Бұған профилактиканың тиімділігін арттыру және скринингтермен қамтуды кеңейту ықпал етті.Осы алты жылдың ішінде бүкіл ел бойынша 955 денсаулық сақтау нысаны салынды. Олардың ішінде Ұлттық ғылыми онкология орталығы және Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығы сияқты маңызды мекемелер бар.Іске асырылып жатқан «Аңсаған сәби» арнайы президенттік бағдарламасының арқасында 2021 жылдан бастап 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді.Денсаулық сақтау жүйесінің, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше назар аударылады. Мысалы, өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен ауылдық елді мекендерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа келген медицина қызметкерлеріне 8,5 миллион теңге көлемінде біржолғы ақшалай төлем енгізілді. Тұрғын үй мәселелерін шешудің қолжетімді құралдары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/959892?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Түркістан облысы тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру 15.04.2025
2025 жылғы 28 наурызда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Құрмалаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.📍 Кездесудің өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.📩 Сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесу барысында қоя аласыз немесе келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыз:📱 WhatsApp: 8 (778) 592-39-55📧 Электрондық пошта: s.bulkebaeva@ecogeo.gov.kz📌 Жеке қабылдауға жазылу 2025 жылғы 26 наурызына (қоса алғанда) дейін жүргізіледі. Жазылу үшін 8 (778) 592-39-55 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне өз сұрақтарын қоюға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/959536
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының жұмыс берушілері, жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінің басшылары! Сіздерді «Еңбек Жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсы туралы конкурс өтетені туралы жариялайды. «Еңбек жолы» конкурсы келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».Конкурс туралы толық ақпаратты мына жерден алуға болады:- ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, Өскемен қ., Киевская көшесі 1, g.kabayeva@akimvko.gov.kz электрондық мекен жайы, 8/7232/205120 телефоны. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/957258
Қарағанды облысында өңірдің жаңа логотипін әзірлеуге байқау жарияланды 15.04.2025
Қарағанды облысының әкімдігі шығармашыл және талантты тұрғындарды өңірдің рәміздерін құру бойынша байқауға қатысуға шақырады.20 жылдан астам уақыт бойы Суретшілер одағының мүшесі Төлеген Әбілқасовтың облыстың 70 жылдығын мерекелеуге әзірлеген эмблемасы (логотипі) пайдаланылды. Мұрағаттық мәліметтерге сәйкес, оның жобасы байқауда жеңіске жетті. 70 санын алып тастап, бұл логотип барлық жиналыстар мен салтанатты іс-шараларда пайдаланыла бастады. Енді оны жаңартатын уақыт келді.Жобаға қойылатын негізгі талаптар:- қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту қағидаттарын ескеру;- геральдикалық стандарттарға сәйкес келуі;- Қарағанды облысының ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін көрсету;- бұрын пайдаланылмаған бірегей жұмыс болуы;- айқын көрнекі құрамдас бөлігі (көлемді кескін, модель) болуы;- жазуда тек қазақ тілін пайдалану;- авторлық құқықтарды бұзбау және плагиатқа жол бермеу.- ұлттық-этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға жол беріледі:- мемлекеттік ту мен елтаңба бейнелерін, сондай-ақ діни, рулық және асыл тұқымдық белгілерді пайдалануға тыйым салынады.Қатысуға тек Қазақстан азаматтары ғана жіберіледі. Ұжымдық жұмыстар болуы мүмкін. Жобаны бірнеше жеке тұлға жасаған жағдайда, олардың барлығы оның авторлары болып есептеледі.Өңірлік рәміздер жобасын әзірлеу қағидалары ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген.Конкурсқа қатысуға өтінішті қағаз және электронды форматта қазақ және орыс тілдерінде Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасына мына мекен-жай бойынша тапсыру қажет: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 13, № 408 кабинет. Электрондық көшірмелерді e.ospanova@karaganda-region.gov.kz, n.zhunisov@karaganda-region.gov.kz жіберу қажет.Өтінім үлгісін мына жерден жүктеуге болады.Тапсыру мерзімі – 2025 жылғы 12 маусымға дейін.Барлық жобалар мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия мүшелерімен талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады. Содан кейін жұртшылықтың талқылауына ұсынылды. Ең көп дауыс жинаған жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы сараптамалық кеңестің қарауына жіберіледі. Оң қорытынды алған жағдайда эмблема облыстық мәслихаттың бекітуіне шығарылады.Анықтама үшін байланыс: (8-7212) 50-44-31, 8-700-589-89-28 (Ноян Жүнісов); (8-7212) 50-45-09, 8-775-655-36-09 (Эльвира Оспанова).Байқау өтеусіз негізде өткізіледі: жеңімпаз ақшалай сыйақы алмайды, бірақ оның жұмысы өңірдің танымалдығына үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/954919
Қазақстан СІМ-де Пәкістанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды 14.04.2025
Астана, 2025 жылғы 11 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Пәкістан серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Басты назар ағымдағы жылға жоспарланған түрлі деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне аударылды. Бұл ретте жоғары деңгейде байланыстардың оң динамикасы аталып өтті.Осы тұрғыда екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттарына ықпал ететін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының алдағы отырысының маңыздылығына назар аударылды.Тараптар энергетика, сауда-экономикалық және транзиттік-көліктік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/975554?lang=kk
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы талқылады 14.04.2025
Астана, 2025 жылғы 11 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде 2024 жылға арналған Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасының нәтижелері талқыланды.Сонымен қатар Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін БҰҰ Тұрақты даму орталығының ашылуын ескере отырып, 2026-2030 жылдарға арналған жаңа ынтымақтастық бағдарламасының негізгі параметрлері ұсынылды.Бағдарламада адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және күшті институттар, тұрақты және инклюзивті экономика, тұрақты қоршаған орта, әлеуметтік бірлікті нығайту сияқты негізгі бағыттарға ерекше назар аударылады.Талқылауға БҰҰ елдік тобы, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/975544?lang=kk
Қарулы күштердің ардагерлері далалық лагерьде парадқа қатысушылармен кездесті 14.04.2025
Астана маңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысушылардың қарқынды жаттығулары өтіп жатқан шатырлы лагерьге Қарулы күштердің ардагерлері мен ауған жауынгерлері келді.Отан қорғаушылардың бірнеше буынының осылайша кездесуі жылы әрі достық атмосферада өтті. Ерлік мектебінен өткен және жауынгерлік достықтың бағасын білетін ардагерлер Қазақстан әскерін құрудағы маңызды кезеңдер, қызметтің қызықты эпизодтары, өткен жылдардағы парадтар, олардың ел және Қарулы күштер үшін маңызы жайлы айтты. Жас офицерлер, сарбаздар мен сержанттар, әскери білім ордаларының курсанттары мен кадеттері сұрапыл соғыс сынынан өткен жауынгерлерді ыждағатпен тыңдады. Әңгіме арасында қызықты деректер, одан басқа әскери борыш пен патриотизм тақырыптары да қозғалды. – Мерейтойлық датаға арналған шеруге қатысу үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Сап түзеген жауынгерлер, лектер мен қатарлар арасындағы арақашықтық, қатарлар, аралықтардың біркелкілігі – бұндай үйлесімді қимылды бұрынғы парадтарда көрдік. Сендер де бұл тапсырманы орындап, әскерлің ел мен жерді қорғауға жауынгерлік күші мен дайындығын көрсететіндеріңе сенімім мол, – деп атап өтті отставкадағы контр-адмирал Ратмир Комратов. ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Ратмир Комратов және мерзімді қызметтің әскери қызметшісі гвардия қатардағы жауынгері Алмаз Дәулетбекұлы екеуі де Тараздың тумасы. Мұны білген сарбаз өзінің туған жері туралы өлең оқып берді, ол контр-адмиралға ерекше әсер етіп қуанды.  Ардагерлер парадқа қатысушылардың тұрғылықты жағдайымен, тамақтану және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырумен танысып, оларға мықты денсаулық, табандылық, сенімділік және құрметті миссияның ойдағыдай өтуін тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/975457?lang=kk
Алматы облысында қазақ тілін үйренуге арналған Telegram-бот іске қосылды – 3 мыңнан астам адам тіркелді 14.04.2025
Алматы облысында мемлекеттік тілді қашықтан үйренуге мүмкіндік беретін "TilOquBot" атты инновациялық Telegram-бот іске қосылды. Жаңа цифрлық құрал Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленіп, бүгінде өңір тұрғындары арасында кеңінен қолданылуда. Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, чат-бот құрамында қазақ тілін меңгерудің төрт деңгейін қамтитын 100 сағаттық оқу бағдарламасы мен іс жүргізу курстары бар. Қазіргі уақытта жүйеге 3 146 адам тіркелген, олардың 58 пайызы облыстың шалғай аудандарында тұрады. – Басты мақсатымыз – қазақ тілін үйренуді әр азаматқа, оның тұрғылықты жеріне қарамастан, қолжетімді ету."TilOquBot" өзінің тиімділігін дәлелдеді: енді ең шалғай ауыл тұрғындарының өзі ыңғайлы форматта білім ала алады. Бұл – цифрлық трансформация жағдайында ерекше маңызды, – деді Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Данияр Ахметов. Оның айтуынша, чат-бот мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жолындағы кешенді жұмыстың бір бөлігіне айналды. Цифрлық жобалармен қатар, облыста тілдер фестиваліне дайындық басталған.Аталған шара аясында түрлі байқаулар, үздік оқытушылар мен белсенділерді марапаттау, сондай-ақ мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған креативті жобаларды қолдау жоспарланып отыр. – Біз әрбір азаматтың қазақ тілін дамыту ісіне үлес қосып жатқанын сезінуіне жағдай жасауға тырысамыз. Бүгінде тіл – тек дәстүр мен мәдениеттің көрінісі ғана емес, сонымен қатар технология, жаңа форматтар мен жастардың әлемі. "TilOquBot" – осы заман талабына сай келетін, құндылықтар мен тілді ұштастыратын тамаша мысал, – деп түйіндеді Ахметов. Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, қыркүйек айында Ұйғыр ауданында тіл фестивалінің қорытынды шарасы өтеді. Алты номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға 300 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтар табысталмақ.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/975369?lang=kk