Enbekshi QazaQ

Қуқық

Ақтөбеде 180 сарбаз әскери ант қабылдады 21.06.2025
Ақтөбе қаласындағы Орталық саябақта Әскери институттың 180-ге жуық сарбазы Отанға адал қызмет етуге ант берді.Салтанатты рәсімге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бозбалалардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Әскери форма киіп, сап түзеген ұлдарын олар мақтанышпен тамашалады. Жас сарбаздар үшін бұл — жауапкершілік пен патриоттық рухтың маңызды сәті.Әскери ант — ер жігіттің ел алдындағы анты. Бұл күн жас сарбаздар мен олардың отбасылары үшін ұмытылмас оқиғаға айналды.#ЗаңжәнеТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017962?lang=kk
Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.Смадияровтың брифингі, Астана, 2025 жылғы 16 маусым 21.06.2025
Мазмұны:Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының жаңа төрағасын сайлау туралы;Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары туралы;Қытай Халық Республикасы Төрағасының Астанаға жұмыс сапары туралы;«Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы туралы;«Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті туралы;Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасарының Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысуы туралы;Қарусыздану саласындағы БҰҰ стипендиаттарының Қазақстанға сапары туралы;Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысы және ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференциясы туралы;Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясы туралы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының жаңа төрағасын сайлау туралы2025 жылғы 10 маусымда Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Экономикалық сотының Пленум отырысы барысында Қазақстан Республикасының өкілі – ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Герман Кәрімұлы Нұрбаев бірауыздан ТМД Экономикалық сотының жаңа төрағасы болып сайланды.Қазақстан өкілінің ТМД-ның негізгі құқықтық институттары бірінің басшылығына сайлануы – Достастыққа мүше мемлекеттердің еліміздің құқықтық жүйесіне деген жоғары сенімінің көрінісі әрі ТМД кеңістігінде құқықтық ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстанның сындарлы үлесін растайды.Қазақстанның ТМД құрылымдарындағы институционалдық қатысуын кеңейту еліміздің стратегиялық мүдделеріне сай келеді және көпжақты өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары туралы2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақ делегациясы Вашингтон қаласына ресми сапармен барды.Сапар барысында ҚР Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті. Тараптар өзара сыйластық пен прагматикалық тәсілге негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделілігін растады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары – сауда көлемін арттыру, америкалық технологияларды тарту, сондай-ақ Орталық Азия мен АҚШ арасындағы тұрақты диалог алаңы ретінде «C5+1» форматындағы өзара іс-қимылды ілгерілету мәселелері талқыланды. Трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы күресті қоса алғанда, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.Экономикалық күн тәртібі бойынша диалог АҚШ Сауда өкілі Джеймисон Грирмен кездесуде жалғасын тапты. Келіссөздер барысында энергетика, көлік, сирек жер металдары мен жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды тереңдету мәселелері қаралды. Тараптар тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою тетіктерін, сондай-ақ көлік-логистикалық бағыттарды әртараптандыру жолдарын талқылады. Қазақ тарапы шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға және жетекші америкалық компаниялардың қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыруға бейілділігін растады.Сапар аясында АҚШ заң шығару органдарының өкілдерімен кездесулер ерекше маңызға ие болды. Сенаттың Халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Джеймс Ришпен кездесуде қазақ-америкалық стратегиялық серіктестігінің маңыздылығы мен парламентаралық диалогты жандандыру қажеттігі аталып өтті. Сенатор Риш Қазақстанның сындарлы сыртқы саяси бағытын жоғары бағалап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін білдірді.М.Нұртілеу сондай-ақ ҚР-АҚШ парламентаралық кокусының тең төрағасы, конгрессмен Роберт Адерхольтпен және Өкілдер палатасының Сауда жөніндегі кіші комитетінің мүшесі Кэрол Миллермен жеке кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында америкалық заң шығарушылар Джексон-Вэник түзетулерінің Қазақстанға қатысты күшін жоюға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұл шешім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін болады.Сапар қорытындысы бойынша жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұл қазақ-америкалық стратегиялық серіктестігінің барлық негізгі бағыттар бойынша дәйекті дамуын айғақтайды. Қытай Халық Республикасы Төрағасының Астанаға жұмыс сапары туралы2025 жылғы 16-17 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Астана қаласына жұмыс сапары өтеді.Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер өткізу жоспарлануда. Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдету, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, көлік-логистикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ гуманитарлық алмасу мәселелері талқыланады.Индустрияландыру, инновациялар және «жасыл» экономиканы дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ екі елдің стратегиялық бастамаларын өзара ұштастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.Сонымен қатар мемлекет басшылары «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитіне қатысады. Саммит барысында өңірлік ынтымақтастықты ілгерілету, орнықты даму, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және трансшекаралық сын-тегеуріндерге бірлескен ден қою мәселелері бойынша пікір алмасу көзделіп отыр. «Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы туралыБүгін, 2025 жылғы 16 маусымда Астана қаласында «Қытай-Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастықтың екінші форумы өтуде. Форум жұмысына қазақ делегациясын Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, ал қытай тарапын ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Чжоу Хайбин бастап келеді. Іс-шараға Орталық Азия елдерінің ресми өкілдері қатысуда.Форум аясында салалық сарапшылардың қатысуымен IT, көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен металлургия салаларына арналған панельдік сессиялар өткізіліп, коммерциялық құжаттарға қол қою жоспарланған.Аталған форумның алғашқы отырысы 2023 жылғы 16 ақпанда Қытайдың Циндао қаласында гибридті форматта өткен болатын. Іс-шараны ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Шаньдун провинциясының халық үкіметі ұйымдастырған. Оның қорытындысы бойынша «Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі Циндао бастамасы және «Ынтымақтастықтың табысты мысалдары» каталогы қабылданды.Форум 2022 жылғы 25 қаңтарда қабылданған «Орталық Азия және Қытай мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесіне» сәйкес, «Қытай – Орталық Азия» форматындағы индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық платформасын дамытуға бағытталған уағдаластықтар шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл бастама дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай қабылданған шешімдердің жалғасы. «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті туралы2025 жылғы 17 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Орталық Азия – Қытай» форматындағы екінші саммит өтеді.Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысады.Саммит аясында өңірлік өзара іс-қимылды нығайту, саяси диалогты кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, көлік-транзиттік ықпалдастықты, энергетика, инновациялар мен тұрақты даму салаларын дамыту мәселелері талқыланатын болады.Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық сын-қатерлерге қарсы күрестегі бірлескен күш-жігерді үйлестіру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық алмасуларды ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылады.Саммит қорытындысы бойынша Астана декларациясына және Мәңгілік достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою жоспарланып отыр. Бұл құжаттар тараптардың өзара құрмет, сенім мен ортақ жауапкершілік қағидаттарына негізделген жан-жақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілділігін бекітеді. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасарының Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумына қатысуы туралы2025 жылғы 18-21 маусым аралығында Санкт-Петербург қаласында Петербург Халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ-2025) өтеді. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақ делегациясы қатысады.Аталған Форум дәстүрлі түрде Ресей мен басқа мемлекеттердің мемлекеттік құрылымдары, іскер топтары мен сарапшылық қауымдастығы арасындағы диалог үшін беделді халықаралық алаң ретінде танылған.ПМЭФ-2025-тің басты бағыты – жаһандық турбуленттілік жағдайында даму үшін ортақ бағдарларды әзірлеу, өзара іс-қимылдың қазіргі модельдерін қайта қарау және орнықты даму қағидаттарын қалыптастыру. БҰҰ стипендиаттарының қарусыздану саласындағы Қазақстанға сапары туралы2025 жылғы 18-22 маусым аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану саласындағы бағдарламасына қатысушылардың Қазақстан Республикасына танысу сапары өтеді.Аталған бағдарлама БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып, әртүрлі елдерден келген жас мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарламаға қатысушылардың кәсіби қызметі болашақта қарусыздану, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік салаларымен тығыз байланысты болмақ.Сапар барысында стипендиаттар Қазақстанның жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі бастамаларымен, оның ішінде бейбітшілік, сенім және ядролық қарусыздану идеяларын ілгерілетудегі көшбасшылық рөлімен танысады. Бағдарлама шеңберінде олар Абай облысындағы Курчатов қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына барып, сондай-ақ ядролық қарусыздану жолындағы халықаралық күш-жігердің символына айналған бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағына барады.Аталған сапар – осы бағдарлама аясында Қазақстанда өткізілетін жетінші іс-шара болып табылады. Бұған дейін мұндай таныстыру сапарлары 2013, 2015, 2017, 2019, 2022 және 2023 жылдары өткен болатын. Бұл – халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның бейбітшілікті, тұрақтылықты және ядросыз әлем құру ісіндегі тәжірибесіне тұрақты түрде қызығушылық танытып отырғанының айғағы. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысы және ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция туралы2025 жылғы 19 маусымда Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы өтеді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының делегациясын Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов басқарады.Кездесу барысында ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралады. Атап айтқанда, халықаралық терроризмге, есірткі айналымының заңсыздығына, заңсыз көші-қонға қарсы күрес, сондай-ақ мүше мемлекеттердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар талқыланбақ.Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіруге және ұжымдық қауіпсіздік саласындағы үйлестіруді күшейтуге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қою жоспарлануда.Сол күні Ғ.Нұрдәулетов ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференциясына қатысады. Халықаралық салалық ұйымдар мен сараптамалық қауымдастықтың өкілдері қатысатын бұл іс-шарада киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастық, осы саладағы құқықтық реттеу, сондай-ақ жасанды интеллектті қоса алғанда, заманауи цифрлық технологиялардың жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке ықтимал әсері мәселелері қаралады. Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясы туралы2025 жылғы 21-22 маусым аралығында Ыстамбұл қаласында «Өзгермелі әлемдегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы» тақырыбымен Ислам ынтымақтастығы ұйымының (Ұйым) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясы өтеді.Сессия жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған ресми делегация қатысады.Іс-шара барысында ислам әлеміндегі қазіргі саяси жағдай, мүше мемлекеттер арасындағы мемлекетаралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланады.Халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану саласындағы бастамаларды ілгерілету, исламофобия мен дінді қорлауға (диффамация) қарсы күрес, сондай-ақ әлемнің түрлі өңірлеріндегі мұсылман азшылықтарының құқықтары мен жағдайына ерекше назар аударылатын болады.Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – ұйымның институционалдық реформасын жалғастыру және қазіргі геосаяси жағдайда Ұйымның тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шараларды қарастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017991?lang=kk
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы:мыңдаған көрермен таңғажайып дрондар шоуының куәсі болды 21.06.2025
 «Әлия – ғұмыр» атты шараға облыс әкімі Асхат Шахаров пен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысты. Көпшілікке айырықша әсер қалдырған визуалды бейнелер шоуы аңыз тұлғаның мерейтойын атап өтуде ұмытылмастай әсер сыйлады. Мерейтойдың басты салтанаты «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында өтті. Көпшілік керемет кештің куәсі болды. Сахна төрінде жергілікті өнерпаздар мен арнайы шақыртумен келген эстрада жұлдыздары мен әртістер өнер көрсетті. Аллаберген Жақсыбаев, Рита және Дулат Айтжановтар, Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Мирас пен Құралай Бекжановтар, Марат Әйтімов, Әлихан Зейнолла және өзге де өнерлі жерлестеріміз бар. Жұлдыздар саханаға шықпас бұрын, телекөпір арқылы байланысқа шығып, ақтөбеліктерге жылы лебіздерін арнады. Содан соң, өнер иелері сахнада көптің жүрегін жаулаған сүйікті әндердіорындады.Көпке танымал әнші Садраддин, қазақ өнерінің аңызға айналған тұлғасы Роза Рымбаеваның ән шырқауы мереке көркін одан әрі қыздырды. Садраддин «Үйге», «Қанша күн?», «Бақыт», «Жауап бар ма?» көпке белгілі хит әндерін орындаса, халық әртісі Роза Рымбаева көрерменнің сүйікті «Любовь настала», «Сол бір кездер», «Шақырады көктем», «Балдәурен» әндерін шырқады. Кеш әншінің орындауындағы батырлықтың нышанын әспеттейтін «Әлия» әнімен қорытындыланды.  Ал Ақтөбе аспанына синхронды түрде көтерілген 550 дана дронның шоуы таңғажайып көріністерді бейнеледі. Көпшілік Әлия Молдағұлова, Димаш Құдайберген, Ақтөбе өңірінің көрікті жерлерін және өзге де визуалды композицияларды тамашалады. Ел байрағы көрсетілгенде, 40 мыңнан аса көрермен Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындады. Жарық шоу лазермен және әсем әуендермен сүйемелденді. Дрондар шоуын Aspan Galaxy ұсынды. Жыл басынан бері Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар тарихымыз бен мәдениетіміз үшін бірлік пен мақтаныштың нағыз символына айналды. Екі күнге жалғасқан мерейтойлық шаралар ауқымды бағдарламамен аяқталды. Оның аясында спорттық жарыстар, мерекелік концерттер, театрландырылған қойылымдар және Батыр ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтті. Бұл шаралар облыс тұрғындары мен қонақтардың басын біріктірді, жастарға рух берді және баршаға қазақтың мерген қызының ұлы өшпес ерлігін еске салып, оның келер ұрпаққа мәңгілік бағдар болып қала беретінін көрсетті.Әлия Молдағұлованы ұлықтау және оған деген құрмет ақтөбеліктердің жүрегінде мәңгіге сақталмақ, ал мерейтойлық іс-шаралар жерлесіміздің өшпес мұрасының жарқын айғағына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017495?lang=kk
Балқашта балалар алаңдарына бейнекамералар орнатылды 21.06.2025
Қарағанды облысында алғаш рет ауладағы балаларға арналған ойын алаңдарында бейнекамералар орнатыла бастады. Алғашқылардың бірі болып жақсы үрдісті Балқаш коммуналдық қызметкерлері бастады. Бұл жерде бейнебақылау жүйесі әзірге төрт аумақта пайда болды, ал болашақта көпқабатты үйлердің жанындағы 44 алаңды қамту жоспарланған.Тұрғындар жаңашылдыққа дән риза. Ең алдымен бұл балалардың серуендеу кезіндегі қауіпсіздігі. Сондай-ақ бейнебақылау тазалық пен тәртіпті жақсы қадағалауға көмектеседі, бұзу немесе қирату жағдайларын қысқартуға мүмкіндік береді.Бұл бастаманы «Балқаш универсал» ЖШС ұсынды.-  Бізді тұрғындардың бірнеше мәрте өтініштері түрткі етті. Жыл сайын қалада балалар алаңдарын абаттандыруға бюджет қаражаты көп жұмсалады. Олардың сақталуын қамтамасыз ету, тазалық пен тәртіпті сақтау маңызды. Біз алаңдарға қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз, - дейді кәсіпорын директоры Олжас Сармантаев.Бейнекамералар орнатылған мекен-жайлар: Сәбитова ықшам ауданы, 2 үй; Бөкейханов көшесі, 7А үйі; Сванқұлов кварталы, 6 үй; Калмыков тұйық көшесі, 4 үй. Әрбір балалар алаңына жауапты адам тағайындалады - бұл міндетті ПИК төрағасы атқаратын болады. Ол арнайы мобильдік қосымша арқылы бейнебақылау жүйесіне қосыла алады - онлайн режимде болып жатқан оқиғаларды қадағалап, қажет болған жағдайда жедел шаралар қабылдайды.Балқаш қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Оңалбек Мәдіғалиевтің айтуынша, қаладағы қалған балалар алаңдарына да бейнекамералар орнату үшін барлық ПИК-термен жұмыс жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1017999?lang=kk
Қазақстан Қытайдың ең ірі жасыл технологиялар банкімен әріптестік орнатты 21.06.2025
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) мен Шанхай ғылыми-техникалық алмасу орталығы Азиядағы жасыл технологиялар бойынша ірі платформалардың біріне - Green Technology Bank-пен тікелей қарым-қатынасқа жол ашатын ынтымақтастық туралы стратегиялық келісімге қол қойды.Келісім Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-техникалық диалогты нығайтудағы маңызды қадам болды және республика экономикасына озық экологиялық шешімдерді жедел енгізу үшін кең перспективалар ашты. Енді қазақстандық кәсіпорындар, зерттеу орталықтары мен стартаптар жаңартылатын энергетика, су ресурстары, қалдықтарды өңдеу, агроэкология және басқа да бағыттардағы инновацияларды қоса алғанда, Қытайдың деректер базасындағы әзірлемелерді пайдалана алады.Қол жеткізілген келісімге сәйкес, Шанхай ғылыми-техникалық алмасу орталығы қазақстандық тарапты технологиялық дерекқорға және Green Technology Bank сараптамалық желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме алды. Бұдан басқа, жыл сайын қазақстандық компаниялардың қатысуымен - роадшоулар, форумдар мен іскерлік миссияларды қоса алғанда - қытай тарапынан қаржылық қолдау көрсету мүмкіндігімен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру көзделген. Тағы бір жекелеген бағыт - Қазақстандағы жиырма басым жасыл жобаны жүйелі бағалау және сүйемелдеу: сарапшылар жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады және технологияларды жергілікті нарықтың шарттары мен талаптарына бейімдеу бойынша ұсынымдар береді.ХЖТИЖО Басқарма Төрағасының м.а. Сәкен Қалқаманов қол қойылған құжаттың стратегиялық маңыздылығын атап өтті:«Қазақстан жасыл технологиялар саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірінің тәжірибесі мен шешімдерін тікелей қолдана алады. Бұл экологиялық инновацияларды жедел енгізу, инвестициялар тарту және технологиялық әріптестікті дамыту үшін берік негіз жасайды. Біз мұны еліміз үшін тұрақты болашақты ілгерілетудің стратегиялық құралы ретінде қарастырамыз».Екі тарап қол қойылған келісімнің «Бір белдеу, бір жол» сияқты жаһандық бастамалар аясындағы екіжақты өзара іс-қимылды күшейтіп қана қоймай, білім алмасу, жаңа нарықтар ашу және бірлескен жобаларды іске қосу арқылы Қазақстанның халықаралық жасыл күн тәртібіне кірігуінің практикалық құралына айналатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1018015?lang=kk
ШҚО-да медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасында медицина қызметкері күнімен құттықталды 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкері күніне орай «Шығыс медицинасы-2025. Негізділік. Жаңару. Жауапкершілік» тақырыбындағы салтанатты іс-шара Өскемен қаласындағы облыстық филармонияда өтті. Медицина қызметкерлеріне облыс әкімі Нұрымбет Сақтаганов құттықтау тілектерін білдірді.«Қадірлі медицина қызметкерлері және ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің әрбір күндеріңіз халыққа қалтқысыз еңбек етудің, зор жігерліліктің және халыққа көрсеткен махаббаттарыңыздың белгісі. Сіздер әрдайым азаматтардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп келесіздер.Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы – мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі. Медицина – қарқынды дамып келе жатқан сала, және медицинадағы соңғы жетістіктер халық игілігі үшін пайдаланылып, медицина қызметкерлеріне жетуі қажет. Бүгінгі таңда медицина қызметкерінен тек жанқиярлық және кәсіби шеберлік ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму, медицинадағы соңғы жетістіктерді меңгеру және жаңа технологияларды енгізу де талап етілуде.Шығыс Қазақстан облысында, соның ішінде ауылдық жерлерде де емдеу мекемелерінің кең жүйесі қалыптасқан. Соңғы жылдары денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, жабдықтау және құрылысын сплу жүйелі атқарылуда. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жетілдіру» ұлттық жобасы аясында бүгінгі таңда 35 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді», — деді Нұрымбет Сақтағанов.Биыл басталған нысандардағы жұмыстар жалғасын табады. Атап айтқанда, гематология орталығы, 200 төсек-орынды көпсалалы аурухана және Риддер қаласында 500 келушіге арналған емхана салынады. Сонымен қатар, облыстық көпсалалы Онкология және хирургия орталығының хирургиялық корпусындағы 1–3 қабаттағы бөлімшелерді жаңғырту, қайта жоспарлап, жабдықтау, сондай-ақ Ана мен бала орталығының стационарының ғимаратын перинаталдық орталыққа ауыстыру жұмыстары атқарылады. Қазірдің өзінде Қасым Қайсенов кентінде 150 келушіге арналған емхана пайдаланылуда".Шара барысында облыс әкімі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталары мен төсбелгілерін, сондай-ақ облыс әкімдігінің грамоталары мен алғыс хаттарын үздік медицина қызметкерлеріне табыс етті. Марапаттау рәсімі облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаковтың медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарын табыс етуімен, әрі қарай жалғасты. Сонымен қатар, еңбек сіңірген медицина қызметкерлеріне «Сенім» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Үздік» төсбелгілері берілді. Салтанатты шара бағдарламасында емделуші балалардың ата-аналарының атынан медицина қызметкерлеріне деген алғыс сөз сөйлеуі болды. Мереке концерттік бағдарламамен және естелік суретке түсумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1018021?lang=kk
Экономикалық штаб: Қазақстан 6% ЖІӨ өсіміне қалай қол жеткізбек 16.06.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кеңесте биылғы 5 айдағы еліміздің ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға қомақты үлес қосып отырған салалардың даму серпінін арттыру мүмкіндіктері талқыланды.Өнеркәсіп экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып қала береді: 2024 жылғы қорытынды бойынша оның ЖІӨ-дегі үлесі 25,7%-ды құрады. 2025 жылғы қаңтар–мамыр айларында сала 6,4%-ға өскен. Дегенмен, қарқын бәсеңдеп барады: бір ай бұрын өсім 6,6%-ды құраған. Оның басты себебі – өндірістің өскеніне қарамастан өңдеу өнеркәсібінің баяулауы. Өнеркәсіптік өндіріс индексінің төмендеуі үш өңірде: Шығыс Қазақстан облысы (90,4%), Ұлытау облысы (96,2%) және Қостанай облысында (97,6%) тіркелді.Өңдеу жоспарынан артта қалу, ең алдымен, өңдеу өнеркәсібінің 40%-ын құрайтын металлургиямен байланысты. Кеңесте басқа сегменттердегі – машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі өсу әлеуеті де қарастырылды.Белсенді өсу қарқыны бар тағы бір сала – құрылыс. Оның 5 айдағы өсімі 15,4%-ды, жұмыс көлемі 2 трлн теңгені құрады. Алайда, екі өңір, Атырау мен Ұлытау облыстары артта қалып келеді. Атырауда (жоспардың 43,2%) ТШО жобасы шеңберінде зауыт жұмысының тоқтауына байланысты, Ұлытауда (78,4%) тау-кен өндіру саласындағы нысандар салу мен жөндеудің қысқаруына байланысты қарқын бәсеңдеген.Тұрғын үй құрылысы саласында биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті тұр. Соңғы 5 айда 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,7%-ға жоғары.«Біздің мақсатымыз – биыл ЖІӨ 6%-дық өсіміне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордағы барлық сала белгіленген индикаторға сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жойып, компаниялар өз өнімін шығаруды ұлғайтуы үшін әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлар әзірлеу қажет», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.https://primeminister.kz/news/ekonomikalyk-shtab-kazakstan-6-zhio-osimine-kalay-kol-zhetkizbek-30159 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1017743?lang=kk
Әскери дәрігерлер медицина қызметкерлерінің күнін атап өтті 15.06.2025
Астанада кәсіби мерекеге орай Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде салтанатты жиналыс өтті.Әскери дәрігерлерді құттықтауға м.ғ.к., "Астана медицина университеті" КЕАҚ реабилитология және спорттық медицина кафедрасының профессоры Виктор Ткачев; PhD, доцент, кафедра меңгерушісі Әлия Смағұлова; м.ғ.к., ішкі аурулар кафедрасының доценті Айнагүл Қазбекова; м.ғ.д., профессор "Достармед" клиникасының директоры Амангелді Асабаев; PhD, дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының доценті Наталья Цой; КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Еуропалық урологтар мен андрологтар қауымдастығының мүшесі Гафур Хайрли келді.– Медицина ғылымы мен практикасының танымал майталмандарын көргеніме қуаныштымын. Сіздердің кәсіби және әдістемелік еңбектеріңіз біз үшін маңызды. Тәжірибемен бөлісіп, бізді қолдап, жеке құрамды дамытуға жігер бергендеріңіз үшін рахмет, – деді Бас әскери клиникалық госпиталь бастығы медициналық қызмет полковнигі Арман Ескендіров. Ол сол секілді медицина ардагерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, олардың еңбек жолы денсаулық сақтауды дамыту тарихы, бүгінгі ұрпаққа өнеге екенін атап өтті.– Бүгін сіздердің араларыңызда тұру мен үшін үлкен мәртебе. Госпиталь басшылығына академиялық қоғамдастықпен ынтымақтастық үшін шын жүректен алғыс айтамын. Әскери медицина қызметі – бұл мамандық пен Отанға деген адалдықтың ең жоғары көрінісі. Бұл тек білім мен тәжірибені ғана емес, батылдықты да қажет ететін еңбек, – деп атап өтті құрметті қонақ Виктор Ткачев.Кәсіби мереке құрметіне денсаулық сақтау саласындағы көпжылдық, жемісті еңбегі үшін "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен госпиталь бастығының орынбасары медициналық қызмет полковнигі Аслан Асылханов және урология бөлімшесінің бастығы медициналық қызмет подполковнигі Дастан Кенжерахманов марапатталды.Ерекше көзге түскен мамандарға Денсаулық сақтау министрінің алғыс хаттары, ал құрметті қонақтарға Қарулы Күштердің Бас әскери-медициналық басқармасы бастығының алғыс хаттары табыс етілді. Аурухананың үздік қызметкерлері медициналық мекеме бастығының құрмет грамоталарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1017602?lang=kk
Қостанай – Рудный жолының жаңаруы: қауіпсіздік пен жайлылық жолында 14.06.2025
Қостанай облысында KАZ19 «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомол – Қарабұтақ» автожолын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.Президент тапсырмасын орындаудың жарқын мысалдарының бірі – 2021 жылы Рудный қаласына кіреберістегі 5,1 шақырым жол учаскесінің қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілуі болды. Жобаны «Қостанай жолдары» ЖШС жүзеге асырды. Жоба құны — 4,5 миллиард теңге. Нәтижесінде автожол ІІІ техникалық санаттан І-Б техникалық санатқа ауыстырылып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығы едәуір артты.Биыл бұл бағыттағы жұмыс қарқын ала түсті: Рудный қаласының жолайрығынан Қостанайдағы Абай даңғылына дейінгі 31,5 шақырым жол учаскесінде орташа жөндеу басталды. Жөндеу жұмыстарын «АБЗ плюс» ЖШС жүргізіп жатыр. Жобаның жалпы құны — 6,7 миллиард теңге. Орташа жөндеу аясында жолға екі қабатты асфальт-бетон жамылғысы төселуде. Қазіргі таңда оң жақ жолақта төменгі қабат 28,2 шақырымға (90%) төселсе, сол жақта — 10,2 шақырымға (32%) аяқталған. Жобаны 2025 жылдың қазан айында толық аяқтау жоспарланып отыр.Қостанай – Рудный бағыты бойындағы көшені жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. 2024 жылы Қонай тұрғын үй массиві маңында бір шақырымдық жарық шамдары орнатылды. Ал 2025 жылы Қостанай қаласынан Қонайға дейінгі аралықта тағы 3,8 шақырым жарықтандыру желісі тартылады.Бұған қоса, Қонайдан Рудныйға дейінгі 25 шақырым жол учаскесін жарықтандыру жобасы әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары тамыз айында басталып, 2025 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады деп күтілуде.Аталған жобалар – өңірдегі жол сапасын арттыру мен инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Жолдардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, халық үшін ыңғайлы жағдай жасау – Мемлекет басшысы айқындап берген басым бағыттардың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1017534?lang=kk
Таяу Шығысқа жаңа жол: Дубайдағы Digital Startups Scale Up бағдарламасына қатысуға өтініш беру басталды 14.06.2025
Tumar Innovation Hub DIFC-пен бірлесе отырып, Astana Hub пен IT Park Uzbekistan қолдауымен Орталық Азия фаундерлеріне ерекше мүмкіндік берілді. Биыл күзде БАӘ-де Қазақстан мен Өзбекстан стартаптарына арналған алғашқы акселерациялық бағдарлама өтеді. Бағдарлама стартаптарға өз қызметін жергілікті нарыққа бейімдеуге, ауқымын кеңейтуге және MENA аймағындағы мүмкіндіктерге жол ашуға көмектеседі.Бағдарлама 2025 жылдың қыркүйек айының ортасынан қарашаның ортасына дейін жалғасады. Өтінім беру басталды. Өтінім беру сілтемесі: https://tumarhub.com/acceleration1            Дедлайн: 20 маусымDigital Startups Scale Up Program — Central Asian Innovation Hub-тың жаңа бастамасы, ол өңірдегі үздік стартаптарды жаһандық нарыққа ілгерілетуге бағытталған. БАӘ — Қазақстан мен Өзбекстанның Парсы шығанағы өңіріндегі негізгі саяси және экономикалық серіктесі. Сонымен қатар, соңғы жылдары Дубай әлемдегі үздік технологиялық компаниялардың орталығына айналды. Digital Startups Scale Up бағдарламасы IT-технологиялар экспортын алдағы жылдары 1 миллиард АҚШ долларына дейін арттыру мақсатын көздейді.Акселерациялық бағдарлама алдын ала және соңғы іріктеу кезеңінен, дайындық, бағдарлама, Demo Day-ден және пост-бағдарламалық қолдаудан тұрады. Қатысу үшін стартаптар келесі талаптарға сай болуы керек:Өз елінің ішінде тұрақты даму көрсеткіштеріКомпанияның қызметін, командасын және өнімін БАӘ, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка нарығына бейімдеуге дайын болуБАӘ-ге шығу стратегиясы мен негіздемесі бар питч-декБағдарламаның барлық 8 аптасында стартап иесі немесе серіктестің БАӘ-ге көшу мүмкіндігі БАӘ-де компания тіркелгеннен кейін таңдалған стартаптар DIFC Innovation Hub сарапшылары дайындаған 8 апталық акселерациялық бағдарламаға қатысады. Бағдарламаның негізгі құрамдас бөліктері:Кураторлық менторлық және оқыту сессияларыБизнес дамуына қолдау, соның ішінде әлеуетті клиенттермен, инвесторлармен және корпоративтік серіктестермен танысуБАӘ нарығына шығуға сараптамалық және нормативтік жетекшілікӨнім мен нарыққа шығу стратегиясын локализациялауға қолдауDIFC Innovation Hub негізіндегі коворкинг кеңістігіне қол жеткізуҚараша айының соңында өтетін Demo Day аясында стартаптар соңғы питч жасап, бағдарламаның үздік түлектері таңдалады. Үздік стартаптар инвестиция алып, серіктестер тарапынан одан әрі қолдау таба алады. Сонымен қатар, барлық қатысушылар БАӘ-дегі Tumar Innovation Hub-та бір жылдық тегін резиденцияға ие болады.Сәуір айында Dubai AI Week аясында Astana Hub, IT Park Uzbekistan, DIFC Innovation Hub және Al-Farabi Innovation Hub өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Осы меморандум аясында Дубайда Tumar Innovation Hub іске қосылады, ол алғашқы акселерациялық бағдарламасын 2025 жылдың күзінде іске қосады. Бұл бастамалар Қазақстан мен Өзбекстаннан келген стартаптарға MENA нарығына шығуға: капитал, жұмыс орындарына және менторлар желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Tumar Innovation Hub-ты Аслан Сұлтанов және MENA-дағы екі инновациялық хаб пен Tumar VC-ді басқаратын White Hill Capital басқарады. Салтанатты рәсімге DIFC губернаторы Эсса Казим және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1017522?lang=kk
Шығармашылық взвод сарбаздары әскери ант берді 14.06.2025
Астанада биылғы көктемде ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық взводына шақырылған сарбаздардың әскери ант беру рәсімі өтті.      Шығармашылық взводта 21 сарбаз қызмет етеді. Олар Астана, Семей қалалары мен Түркістан облысынан шақырылған.Іс-шараға Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың басшылығы мен жеке құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері мен сарбаздардың туыстары қатысты.    – Сіздерді бүгінгі маңызды шарамен құттықтаймын. Сіздер еліміздегі бірден-бір шығармашылық взводта мерзімді қызмет өткеру құрметіне ие болып отырсыздар. Алдағы бір жыл ішінде әскери-мәдени өмірге бірге әскери істің негіздерін үйреніп, нағыз Отан қорғаушысы боласыздар. Кейін қаласаңыздар, келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға болады, – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов.  Ант берген жас сарбаздардың бірі Әлішер Нұрмұханбетов Р. Глиер атындағы музыкалық мектепті бітіріп, әскерге дейін жоғары педагогикалық білім алған.– Саксофонда ойнайтын музыкант ретінде шығармашылық взводқа түскеніме өте қуаныштымын. Бұл жерде маған сүйікті ісіммен айналысуға, кәсіпқойлардан тәжірибе жинауға мүмкіндік бар. Болашақта әскери оркестрде қызметімді жалғастырмақ ойым бар, – деді А. Нұрмұханбетов.Астаналық Жандос Жастілек әскерге дейін елордалық колледжде аспаздық білім алған. Ол отбасында төрт баланың үлкені. – Анам медицина, ал әкем – полиция қызметкері. Олар бізді патриотизм рухында тәрбиелеп, еңбекке баулыды. Әскер қатарына өз еркімен келдім. Бала кезімнен домбыра тартамын. Мұнда кәсіби әскери музыканттардың арасында өз шеберлігімді шыңдайтыныма сенімдімін, – деді Жандос Жастілек.Бір ай ішінде әскерге шақырылушылар жас жауынгер курсынан өтіп, жалпы әскери жарғыларды, саптық, дене шынықтыру, атыс дайындығының негіздерін оқып, алғашқы практикалық атыстарды орындады. Салтанатты рәсім Ұлттық әскери-патриоттық орталық шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен аяқталды.Қарулы күштердегі дарынды әскерге шақырылушыларға арналған бөлімше 2023 жылы құрылған болатын. Бұл шығармашылық взводқа үшінші шақырылушылар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1017499?lang=kk
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында армия спортшысы Ангелина Лукасқа құрмет көрсетілді 14.06.2025
Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының қызметшісі Ангелина Лукас тарихи жекпе-жектен кейін «Оңтүстік» ӨңҚ әскери қызметшілерінде қонақта болды.Алты раундтық сайыста Ангелина Лукас чилилік спортшы Даниэла Асенходан реванш алып, спорттық мансабындағы жалғыз жеңілісін жойды. АОСК өкілін алғашқылардың бірі болып «Тараз Арена» спорт кешенінде оған қолдау көрсеткен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері құттықтады.  Ангелинамен бірге кездесуге анасы Надежда да келді. Әскери қызметшілер чемпионды сұрақтың астына алды. Олар спортшының жекпе-жекке қалай дайындалғанын, спорттық құпиялары бар-жоғын білуге қызығушылық танытты. Ангелина ауыр жаттығулар мен жеңістен кейінгі эмоциялары туралы айтты.   – Біздің жауынгерлерімізге, сондай-ақ «Оңтүстік» ӨҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбраевқа қолдау көрсеткені үшін шексіз алғысымды білдіремін, – деді Ангелина Лукас. – Осы жекпе-жекке дайындалу барысында өзімді ғана емес, маған сенім артқандар туралы да ойладым. Қайткен күнде де жеңісті қайтару керек болды. Мен мұны Қазақстанда, жерлестерімнің алдында, әскерилердің күшті қолдауымен жасадым.   Кездесу соңында генерал-майор Ержан Ыбраевтың атынан Ангелинаға «Оңтүстік» ӨңҚ символикасы бар сыйлықтар – кәдесый және көптеген гүлдер табыс етілді.  Ангелина Лукас мұндай кездесулер оны жаңа жетістіктерге жетелейтінін жеткізді. Ол келесі жекпе-жектерге дайындықты бастап кетті. Ал әскери қызметшілер өз кезегінде барлық турнирлерде оған қолдау көрсетуді жалғастыруға уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1017479?lang=kk
Қазақстан СІМ-де «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті 13.06.2025
Астана, 2025 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ алаң қонақтары – БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері бас қосты.Аталған отырыс 2025 жылғы 24-25 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiні орындау бойынша мерзімдік баяндаманы қорғау шеңберінде өткізілді (БҰҰ Комитетінің 144-ші сессиясы). Қатысушылар ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығы құқығы, цензура, бейбіт жиналыстар өткізу және бірлестіктерге бірігу құқығы, сөз бостандығы, әйелдер құқықтары, кәмелетке толмаған қыз балалар мен жасөспірімдердің құқықтары және т.б. мәселелерді талқылады.Отырыста ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова мен ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова төрағалық етті.Қазақстан соңғы бес жылда адам құқықтары саласында ауқымды саяси реформаларды іске асырғаны мәлім. Қазіргі таңда кешенді реформалар өз жалғасын табуда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланды. Жобаның ҚР Парламентіндегі ең ауқымды заң жобасы екенін ескере отырып, оның негізгі бағыттары азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту, қылмыстық процесте адвокаттардың рөлін арттыру, қылмыстық іс жүргізуді оңтайландыру, сталкинг (қорқыту және заңсыз қудалау) үшін жауапкершілік енгізу, заңсыз түрде банк картасын немесе шотты беру үшін қылмыстық жаза және мәжбүрлі неке үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды қамтиды.ҚР Әділет вице-министрі Б.Жақселекова өз сөзінде Қазақстанның қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ашық диалогқа әрдайым дайын екенін және үкіметтік емес ұйымдар пікірлерінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның алдыңғы мерзімдік баяндаманы қорғауы 2016 жылғы маусым айында өткеніне және де ү.ж. маусым айындағы алдағы баяндаманы қорғауы сегіз жылдық кезең мен кең ауқымды мәселелерді қамтитынына назар аударды.Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер ашық және сындарлы форматта талқыланды. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері адам құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.«Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші орган 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде өз қызметін атқаруда. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017436?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Молдова Елшісімен кездесу өтті 13.06.2025
Астана, 2025 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Штефан Горданы қабылдады.Кездесу барысында Е.Қонысбаев Елшіні тағайындалуымен және Астанадағы Молдова Елшілігінің ашылуымен құттықтады. Осыған орай қызметке сәттілік тілей отырып, елшіліктің жұмысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына, сондай-ақ өзара іс-қимыл мен серіктестіктің жаңа бағыттарының дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.Сұхбаттастар Қазақстан мен Молдова арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ осы жылы биік және жоғары деңгейлерде өтетін алдағы іс-шаралардың кестесін талқылады.Өз кезегінде Молдова Елшісі Қазақстан тарапына жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды достық пен серіктестік рухында жандандыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017400?lang=kk
Қостанай облысының әкімдігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. 13.06.2025
Отырыс барысында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды, профилактикалық жұмыстың тиімді нысандары, оның ішінде «бос микрофон» бастамаларын енгізу, блогерлерді тарту және үйде экспресс-тесттер өткізу бойынша ұсыныстар талқыланды.Отырыс Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Сандыбаевтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, ҚР ІІМ Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің, білім беру мекемелерінің, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.ҚР ІІМ ЕҚҚІК-тың Екінші басқармасы бастығының орынбасары Сергей Ильинов 2025 жылдың 5 айында елдегі есірткі жағдайы туралы хабардар етті, республикада 3 320-дан астам есірткі құқық бұзушылық тіркелді, 3,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Тыйым салынған заттарды таратқан 7,5 мыңнан астам интернет-ресурстардың қызметі тоқтатылды.Қостанай облысы Полиция департаментінің ЕҚҚІБ-тың бастығы Данияр Дәндібаевтың мәліметінше, өңірде есірткі қылмыстарының саны 24%-ке артқаны байқалады. Заңсыз айналымнан 46 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, 8 заңсыз фитозертхана таратылды.Жастар арасында алдын алу шаралары, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова ағымдағы жылы 85 мыңнан астам оқушы мен 43 мың ата-ана қатысқан 5,6 мыңнан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылғанын хабарлады.Облыстың қоғамдық даму басқармасы басшысының м. а. Динара Қарымсақова ЖОО студенттері арасында тұрақты профилактикалық жұмыстар: дәрістер, пікірталастар, кездесулер, флешмобтар және басқа да іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарлады. Қостанай облысының студент жастарының 70%-тен астамы шығармашылық, зияткерлік және спорт клубтарының қызметіне қатысады, бұл есірткіге қарсы тұрақты көзқарас пен құндылықтарды қалыптастыруға оң әсер етеді.Облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Жанна Қозыбаеваның мәліметтері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу, емдеу, оңалту және әлеуметтік қолдау жөніндегі 2025 жылға арналған жоспар әзірледі. Профилактика, есірткіні есепке алу және халыққа мамандандырылған көмек көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту үшін Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, ол мінез-құлқында проблемалары бар, психоактивті заттарды пайдалану бойынша тәуекел тобындағы және психологиялық- педагогикалық қолдауға мұқтаж кәмелетке толмағандармен бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған.Есірткіге қарсы жұмыстың негізгі бағыттарынан басқа, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады. Бұл акциялар қоғамдық хабардарлықты арттыруға және халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 26 маусымда облыс орталығында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қолдауымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды акция ұйымдастырылады.Талқылау барысында нашақорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, бұл бағыт жастар ортасына және халықтың осал топтарына ерекше назар аудара отырып, одан әрі күшейтуді және жүйелі ведомствоаралық жұмысты талап ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1017269?lang=kk
БҚО-да 1,6 млн теңгеге ұрлық жасаған гастролер ұры ұсталды 13.06.2025
Батыс Қазақстан облысында полицейлер Орал қаласында ірі көлемде ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді.Қылмыс 11 мамыр мен 8 маусым аралығында көпқабатты үйлердің бірінде болған.Тергеу барысында анықталғандай, 18 жастағы Жамбыл облысының тумасы жәбірленушімен бір пәтерде бірге тұрып, бөлмені жалға алған. Сенімге кірген ол қолайлы сәтті пайдаланып, 500 мың теңге ақшаны, төрт алтын сақина мен сырғаны, күміс сақина және қолдан жасалған алқаны жасырын түрде алып кеткен. Жалпы келтірілген материалдық шығын — 1,6 миллион теңге.Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, оның бұған дейін Алматы мен Ақтау қалаларында да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Ұрланған мүлік ішінара тәркіленіп, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.Полиция азаматтарға пәтер жалға беру кезінде сақтық шараларын күшейтіп, жеке мүлікке мұқият болуға кеңес береді. Сенім – ең алдымен қауіпсіздік екенін ұмытпаған жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1017129?lang=kk
Қазақстанның әскери теңізшілері Бахрейнде су асты миналарын тазарту курстарында біліктілігін арттырды 13.06.2025
ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бес әскери қызметшісі Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында су асты миналарын тазарту бойынша халықаралық курстарға қатысты.Парсы шығанағы акваториясында практикалық сүңгу барысында әскери қызметшілер су астындағы жарылғыш заттарды анықтау және бейтараптандыру тактикасын пысықтады.– Мұндай іс-шараларға қатысу озық әдістемелер мен технологияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Жағалау аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі операцияларға дайындықты арттыруға және серіктес елдердің әріптестерімен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, – деп түсіндірді капитан-лейтенант Жәнібек Салықбаев.Сондай-ақ, су асты миналарын тазарту бойынша курстар халықаралық әскери ынтымақтастық аясында өткізілгенін атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1016916?lang=kk
Ақын және жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай құрылыстың үздік жұмыс жобаларына мүсіншілер арасында республикалық шығармашылық байқауы 13.06.2025
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы ақын және жазушы Міржақып Дулатовтың  туғанына 140 жыл толуына орай құрылыстың үздік жұмыс жобаларына мүсіншілер арасында республикалық шығармашылық байқау жариялайды.Байқаудың мақсаты: кем дегенде үш жұмыстан тұратын құрылыстың үздік жұмыс жобаларын анықтау.Жұмыс жобалары хабарландыру жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде қабылданады.Үздік жұмыс жобаларына республикалық шығармашылық байқау өткізудің егжей-тегжейлі    шарттары  https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet?lang=ru, https://murakst.kz. сайттарында орналастырылған. Байқау өткізудің егжей-тегжейл шарттары.Анықтама телефондары: 8 (7142) 54-10-29, 54-10-69Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1016739?lang=kk
Қарулы күштерде Аумақтық әскерлердің құрылған күні атап өтілуде 13.06.2025
Қазақстан Қарулы күштерінің құрамдас бөлігі Аумақтық әскерлер 2017 жылғы 13 маусымда құрылды. Бүгінде олардың негізін «резервтегі әскери бөлімдер» ретінде ұсталатын әскери құралымдар құрайды. Әкімшілік-аумақтық бірліктер шекараларында қойылған міндеттерді орындауға арналған аумақтық әскерлердің қызметіне жалпы басшылықты генерал-майор Асқар Жоламанов басқаратын Аумақтық қорғаныс департаменті жүзеге асырады.Департамент өз қызметінде аумақтық қорғанысты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын басшылыққа алады. Оған құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық сипаттағы іс-шаралар кіреді.Биыл Парламент «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заңды мақұлдады. Онда «ерікті», «өзін-өзі қорғауды қалыптастыру» және «аумақтық қорғаныс нысаны» сияқты ұғымдар пайда болды. Кешенді жоспарда азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке тарта отырып, аумақтық әскерлердің кадрлық құрамын жасақтау, басқару органдары мен тіркеу құрамын даярлау, инфрақұрылымдық нысандар салу және аумақтық қорғаныс құрамаларын материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету көзделген.Аумақтық әскерлер ауқымды республикалық оқу-жаттығуларға қатысып тұрады. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары мен аумақтық қорғаныс мамандары үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып, әскери міндеттілермен жиындар өткізіледі.Аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің негізгі миссиясы – елді мекендерді, маңызды нысандар мен коммуникацияларды күзету және қорғау. Қажет болған жағдайда аумақтық қорғаныс бригадаларының жауынгерлері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады. Мәселен, 2022 жылы аумақтық әскерлердің жеке құрамы Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылды. 2023 жылы Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарын жоюға қатысты. Оған дейін еліміздің солтүстік-батысындағы су тасқынымен күреске көмектесті.Мемлекет аумақтық әскерлердің дағдарыс жағдайында халыққа жедел көмек көрсетуі үшін барлық шараларды қабылдауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1016649?lang=kk
Қазақстан мен Беларусь сыртқы саяси жоспарлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 12.06.2025
Астана, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде сыртқы саяси жоспарлау мәселелері бойынша департамент директорлары деңгейінде консультациялар өтті.Қазақ тарапын ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Әлім Қирабаев, белорус тарапын БР СІМ Бас ақпараттық-талдау басқармасының басшысы Вячеслав Качанов басқарды.Консультациялар барысында тараптар сыртқы саяси жоспарлау саласындағы тәжірибемен алмасты, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша «сағаттарды теңестірді» және елдер арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1016550?lang=kk