Қуқық
Қазақстан мен Сан-Марино екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Сан-Мариноның Қазақстандағы Елшісі (қоса атқарушы) Джон Маццамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Географиялық қашықтыққа қарамастан, Қазақстан мен Сан-Марино халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдауға негізделген конструктивті және достық қатынастарды сақтап отырғаны аталып өтті.Дипломаттар саяси диалогты дамыту мен экономикалық саладағы, әсіресе туризм бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда 2025 жылғы 5 қаңтарда күшіне енген Визалық талаптарды өзара жою туралы келісімді жүзеге асырудың өзара байланыстарды және мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандырудағы рөліне ерекше назар аударылды.Күн тәртібіндегі жекелеген мәселе ретінде халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық қарастырылды. Сан-Марино тарапына Қазақстанның бастамаларын, атап айтқанда, 2025 жылғы 4 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен құрылған Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру жөніндегі бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға және конструктивті диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006683?lang=kk
Қарағанды облысында Қазақстандағы жылу радиаторларын шығаратын ірі өндіріс ашылады 29.05.2025
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында алюминий және биметалл жылыту радиаторларын шығаратын жоғары технологиялық және экологиялық зауыт салынуда. Кәсіпорында 220 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.Жобаны іске асырушы «Силумин оф Қазақстан» ЖШС – өңдеу өнеркәсібін дамытуға және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «Даму» қоры, BV Management, өнеркәсіп министрлігі және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ESG-қағидаттарын енгізуге инвестиция салатын жас қазақстандық компания.Кәсіпорын еліміздегі ең ірі радиатор өндірушіге және импорт алмастыратын маңызды нысандардың біріне айналады деп күтілуде. Бірінші кезеңнің өндірістік қуаты жылына 5,5 миллионға жуық секцияны құрайды. Инвестицияның жалпы көлемі – 35 миллион АҚШ доллары.Кәсіпорында 220 жұмыс орнын құру жоспарлануда, бұл машина жасау, металлургия және химия саласындағы білікті мамандарды тартуды талап етеді. Бұл үшін компания қазірдің өзінде өңірдің колледждерімен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуда.Өндірістік процесс толығымен оқшауландырылады – алюминий құюдан бастап. Жобада қазіргі заманғы экологиялық технологиялар қолданылады: алюминий сынықтары мен қождарын өңдеу, шығатын газдарды көп сатылы сүзу, булау әдісімен суды қайта пайдалану, күн генерациясы және жылуды рекуперациялау. Бұл қоршаған ортаға әсерді төмендетіп қана қоймай, ресурстық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.Жылыту нарығындағы өндірушілер қауымдастығы (ЖНӨҚ) мен «Силумин оф Қазақстан» ЖШС арасында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде ағымдағы жылдың 21 мамырында негіздемелік келісімге қол қойылды. Тараптар зертханалық және әдістемелік базаны, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және оқшаулау деңгейін арттыруға бағытталған жеткізу тізбегін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс туралы келісті.Жаңа өндірістің басты міндеті – Қазақстанның ішкі нарығын бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті азайту. Бұдан басқа, кәсіпорын жылыту жабдықтары нарығында заманауи сапа мен қауіпсіздік стандарттарын енгізу алаңына айналуы тиіс.Зауытты іске қосу кезең-кезеңмен жоспарлануда: бірінші кезек бүкіл өндірістік циклді қамтиды, кейінгілері – шығару көлемін арттыруға бағытталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1006711?lang=kk
Қорғаныс министрінің БҰҰ Халықаралық бітімгерлер күнімен құттықтауы 29.05.2025
Құрметті бітімгерлер! Сіздерді Қорғаныс министрлігінің басшылығы, жеке құрамы және өз атымнан Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық бітімгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн – БҰҰ-ның туы астында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетілетін күн.Қазақстан Республикасы посткеңестік кеңістікте БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына дербес мандат алған алғашқы әрі жалғыз мемлекет. Ұлттық бітімгерлік контингенттің Голан жоталарына орналастырылуы – Қарулы күштеріміздің кәсіби даярлығының, жауапкершілігі мен құзіретінің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі.Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Голан жоталарынан оралған жеке құрамды марапаттау рәсімінде: «Сіздер ең күрделі жағдайда да қазақстандық әскери қызметшілердің тиімді қызмет ете алатынын дәлелдедіңіздер. Бұл – еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстанға деген сенімді нығайтатын маңызды қадам. Еңбектеріңіз елеусіз қалмай, еліміздің халықаралық беделін арттыруға едәуір үлес қосты» деп атап өткен болатын. Бұл сөздер – жоғары деңгейде мойындаудың айғағы әрі әрбір қазақстандық бітімгердің жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді.2014 жылдан бері 750-ден астам қазақстандық әскери қызметші Африка мен Таяу Шығыстағы БҰҰ-ның миссияларына қатысып келеді. Бітімгерлердің қызметі халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, Отан қорғаушылардың жаңа буынына үлгі болуда.Қымбатты бітімгерлер!Сіздерге зор денсаулық, өр рух, отбасыларыңызға амандық және бейбітшілік жолындағы қызметке толағай табыстар тілеймін.Құрметпен,Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрігенерал-полковник Р. ЖақсылықовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1006720?lang=kk
БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына 750-ден аса қазақстандық әскери қызметші қатысты 29.05.2025
29 мамыр – қақтығыстарды реттеуге және барынша қауіпсіздікті қолдауға, бейбітшілікті құруға елеулі үлес қосатын БҰҰ-ның халықаралық бітімгерлер күні.Қазақстандық әскери қызметшілердің әлемдегі бейбітшілікті қолдауға қатысу тәжірибесі 2003 жылдың тамызында бірінші инженерлік-саперлік «Қазбат» жасағының құрылуынан бастау алады.Қазақстан үкіметінің БҰҰ-мен бітімгерлік желісі бойынша өзара іс-әрекеті 2014 жылы Қарулы күштердің алғашқы әскери қызметшісін Батыс Сахарадағы Ұйымның әскери бақылаушысы ретінде жіберген сәтінен басталды. Осы кезден бастап қазақстандық бітімгерлер Ливан, Батыс Сахара және Кот-д'Ивуар сияқты әлемнің әртүрлі өңірлерінде қызмет етті. 2024 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Африка мен Таяу Шығыстағы миссиясына қосымша әскери қызметшілерді жіберді. Әсіресе Орталық Африка Республикасындағы, Малидегі және Конго Демократиялық Республикасындағы миссиялар күрделі болды.Қазақстан ТМД-да БҰҰ-ның Голан жоталарында қызмет етуге дербес мандат алған алғашқы және әзірге жалғыз ел болып табылады. Бүгінде біздің 139 әскери қызметшіміз қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау жөнінде маңызды міндеттерді орындап жүр.Ұйымның бітімгерлік контингентін өз бетінше орналастыру туралы шешімі нормативтік базаны дамыту және әскери қызметшілерді даярлауды жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыстың логикалық нәтижесі болды. Бұл үдерісте бітімгерлерді құқықтық, гуманитарлық, тілдік және психологиялық даярлаумен қатар, жан-жақты оқытумен қамтамасыз ететін Алматы қаласында Бітімгерлік операциялар орталығын құру шешуші рөл атқарды.Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып қана қоймай, еліміздің жаһандық аренадағы рөлін арттыруға ықпал етеді. Бұл оған қоса қазақстандық әскери қызметшілерге құнды жауынгерлік тәжірибе жинақтауға, кәсіби даярлықты жетілдіруге және көпұлтты ортадағы іс-қимылдарға бейімделуге мүмкіндік береді.Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгерлер күні – қаза тапқандарды еске алып, БҰҰ-ның әлемдегі бейбітшілікті сақтау жөніндегі бітімгерлік операцияларының құрамында қызмет еткен һәм қызмет етуді жалғастырып келе жатқан адамдарға құрмет көрсететін күн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1006723?lang=kk
8 млрд. теңге инвестиция, Қытайға экспорт: Қонаевта жаңа зауыт салынуда 29.05.2025
Қонаев қаласындағы «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС істен шыққан элеваторды жаңғыртуда. Мұндағы ескі станоктар түгелдей ауыстырылып, үш түрлі зауыт салынып жатыр. Оның бірі сұйық май шығаратын болса, келесілері жемдік ұн мен ұн өндіретін зауыт.Дайын өнім Қазақстанның нарығында саудаланып қана қоймай, Қытайға экспортталады. Тартылған инвестицияның көлемі 8 млрд. теңгені құрап отыр.«Бүгінде теміржол ауыстырылып, контейнер терминалы, қоймалар, зауыттар салынып жатыр. Құрылысқа 200-ге жуық адам тартылған. Сондай-ақ 2 гектар жер қосымша сатып алынды. Жобасы жасалуда. Зауыт биыл қолданысқа беріледі. Жылына 1 000 000 тонна өнім экспортқа шығарылады деп жоспарлап отырмыз», - деді ЖШС бас директорының орынбасары Ринат Тоқпанов.Зауыт керекті материалдармен өзін-өзі қамти алады. 2-3-қабаттарда қап шығаратын станоктар қойылған. Қазір бұл жерде 250 адам еңбек етіп жатса, қосымша 300 жұмыс орны құрылады.Айта кетейік, Қонаев қаласының инвестициялық пулына 39 жоба енгізілген. Инвестицияның жалпы көлемі 2,4 трлн.теңгені құрайды. Нәтижесінде 17 000 тұрақты жұмыс орны пайда болады. Қазір шаһарда 12 түрлі өндіріс ошағы қызмет етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1006735?lang=kk
БҰҰ Халықаралық бітімгерлер күнін атап өтуде 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – 1948 жылы дәл осы күні Біріккен Ұлттар Ұйымы алғашқы бітімгершілік операциясын Таяу Шығыста бастады.77 жыл ішінде БҰҰ 71 бітімгершілік операциясын өткізді. Оларға 150 елден 2 миллионнан астам бітімгер қатысты. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның 12 миссиясында 121 елден 80 000-нан астам бітімгерлер қызмет атқаруда.Қазақстанның БҰҰ-мен бітімгершілік жолындағы өзара іс-қимылы 2014 жылы Қазақстан қарулы күштерінің алғашқы әскери қызметкерін Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясына әскери бақылаушы ретінде жіберілген күннен басталды.Бүгінгі таңда 158 қазақстандық бітімгер БҰҰ-ның 6 миссиясында қызмет етеді. 2024 жылғы 15 наурызда Голлан биіктеріне құрамында 139 бітімгер бар ұлттық контингентті жолдау Қазақстан үшін үлкен жетістік болды.Қазақстандық бітімгершілік күштерді БҰҰ бітімгершілік миссияларына жіберудің мақсаты – жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы әлемдік қауымдастықтың күш-жігеріне ықпалдасу және Қазақстанның халықаралық беделінің артуына ат салысу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006830?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «CITIC Group» басшылығымен кездесу өткізді 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қытайлық «CITIC Group» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен кездесу өткізді.Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кешегі кездесуде аталған экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.Жоғары технологиялық сектор, логистикалық инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағдарлана отырып, инвестициялық өзара іс-қимылға және Қазақстанда жаңа бірлескен жобаларды іске қосуға ерекше назар аударылды.«CITIC Group» – Қазақстанда алғашқылардың бірі болып жұмысын бастаған ірі қытайлық инвесторлардың қатарында. Компания «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Caspi Bitum» бірлескен кәсіпорны және «Altyn Bank» АҚ сынды жобаларды жүзеге асырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006650?lang=kk
Қостанай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша облыстық кеңес өтті 29.05.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша облыстық кеңес өтті.Президент бірнеше рет атап өткендей, қазіргі таңда әлемдік деңгейде капитал үшін күрес күшейіп отыр. Мұндай жағдайда дер кезінде шешім қабылдап, жедел әрекет ету – басты талап. Осыған байланысты өңір үшін индустриялық, инфрақұрылымдық және аграрлық бастамаларды іске асыру маңызды басымдық болып табылады.Кеңес жұмысына облыстық басқармалар басшылары, аудан және қала әкімдері, сондай-ақ инвестициялық жобалардың бастамашылары мен өкілдері қатысты.Өнеркәсіптік сектордағы негізгі жобаларКеңес барысында өңір экономикасы үшін елеулі нәтиже беретін бірқатар жүйелі жобалар қаралды. Олар өңдеу өнеркәсібінің өсіміне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және ілеспе салалардың дамуына ықпал етеді.Атап айтқанда:KIA автокөлік зауыты (105 млрд ₸, қуаты – жылына 70 мың автокөлік, 1 500 жұмыс орны);KamLitKZ жетекші көпір тетіктерін шығару зауыты (82,5 млрд ₸, 550 жұмыс орны);ERG және ССГПО жүзеге асыратын ыстық брикеттелген темір өндірісі жобасы (532 млрд ₸, жылына 2 млн тонна, 1 000 жұмыс орны);Solidcore Resources компаниясының жаңартылатын энергия көздері жобалары — күн және газпоршеньді электр станциялары, сондай-ақ газ тарату станциясы;«Кондитерлік астана» фабрикасы, астықты терең өңдеу зауыты, автокомпоненттер өндірісі мен «Qostanay» құрғақ порты сияқты логистикалық жобалар.Әрбір жоба бойынша инвестор өкілдері тыңдалып, инфрақұрылымдық және рәсімдік мәселелерді шешу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Олардың қатарында – жер телімдерін бөлу, инженерлік желілерге қосылу, сараптама қорытындыларын алу мәселелері бар.АӨК саласындағы инвестицияларКеңестің жеке блогында Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тарату аясында аудандар ұсынған АӨК саласындағы 34 жоба қаралды. Жалпы жоспарланған инвестиция көлемі — 110,6 млрд ₸.Оның ішінде:«Тобыл» ӘКК арқылы — 82,3 млрд ₸,жеке қаражат — 15,5 млрд ₸,басқа көздерден — 12,8 млрд ₸.Бүгінде 42,4 млрд ₸ болатын 15 жоба жобалық-сметалық құжаттамамен қамтамасыз етілген. Қаржыландыру тетіктері пысықталып жатыр.Аудан әкімдері жобалардың дайындық деңгейі мен қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады. Жобалардың техникалық қана емес, экономикалық негіздемесі де нақты болуы тиіс — шикізат көзі, өткізу нарығы және бизнес-модель анық болуы керек.Аудан және қала әкімдеріне қойылған талаптарОблыс әкімі барлық инвестициялық жобалардың жеке бақылауында екенін атап өтті. Аудан әкімдеріне формализмге жол бермей, шынайы мазмұны бар бастамалармен айналысу тапсырылды.«Әкімдерге тапсырма: әдемі есеп емес, нақты жұмыс көрсетіңіздер. Жұмыс орындары, салық түсімдері мен халық табысы артатын жобалар қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Облыс әкімінің айтуынша, бірқатар аудандар ұзақ уақыт бойы бірде-бір жаңа жоба ұсынбаған. Бұл – бүгінгі жағдайда, әсіресе жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге сұраныс артып тұрған кезде, жол беруге болмайтын жағдай.Сондай-ақ, әкімдіктердің сайттарында инвестициялық әлеует бойынша ақпаратты жаңарту, «Тобыл» ӘКК, Kazakh Invest және салалық басқармалармен тығыз байланыс орнату қажеттігі атап өтілді.ҚорытындыКеңес қорытындысы бойынша әрбір бағыт бойынша жұмысты жандандыру, жобаларды іске асыруға толық дайындау және алдағы айларда нақты нәтиже көрсету тапсырылды.«Даму – ұран емес. Бұл – барлық деңгейдегі жүйелі, күнделікті әрі талапшыл жұмыстың нәтижесі», – деп қорытындылады облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1006498?lang=kk
Мәжіліс астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту туралы заң жобасын мақұлдады 29.05.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары палатаның жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.Заң жобасында бірқатар негізгі өзгерістер қарастырылған. Атап айтқанда, қалалардың сыртқы келбетін жақсартатын дизайн-кодты бекіту бойынша республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттарының құзыретін кеңейтетін норма енгізіледі. Сондай-ақ әкімдіктер сауда дүңгіршегі секілді стационарға жатпайтын объектілерді орналастыру қағидасын әзірлеу бойынша өкілеттікке ие болмақ. Қоғамдық орындардағы аудио жарнамаға, тротуарлардың, веложолдар мен автожолдардың бетіне көрнекі жарнама орналастыруға шектеу қойылады.Қалалық инфрақұрылым саласында қолайлы ортаны қамтамасыз ету, тұрғын аудандарда қорғаныс конструкцияларын орнату мен қалалық аумақтарды тазалау үшін заңды тұлғаларды айқындау қағидасы енгізіледі.Елорданың жасыл белдеуін сақтауға ерекше көңіл бөлінбек. Экологияға зиян келтіретін қызметтерге, мысалы, мал жаюға немесе қоқыс үюге тыйым салатын мемлекеттік заңды тұлға басқаратын санитарлық-қорғау жасыл аймағы құрылады.Түзетулердің енгізілуі қалалардың орнықты дамып, халыққа жайлы болуына, барлық тұрғынға бірдей қолайлы жағдай туғызуға ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1006140?lang=kk
Француз компаниясы Қарағандыда суды тиімді пайдалану технологияларын енгізуге дайын 29.05.2025
Қарағанды облысының өкілдері Астанадағы Қазақстан-Франция инвестициялық форумына қатысты. Делегацияны облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев басқарып, өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды. Форум мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықты нығайту және іскерлік байланыстарды орнату үшін тұғырнамаға айналды. Қарағандыда француз компаниясымен серіктестікте сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобаны іске асыру, сондай-ақ біздің медициналық университеттің Париж-Сакле университетімен ынтымақтастығы жоспарлануда.Форумды ашқан премьер-министр Олжас Бектенов екі мемлекет басшылары деңгейіндегі сенімді қарым-қатынастар нәтижесінде екіжақты байланыс стратегиялық әріптестіктің кеңейтілген деңгейіне көтерілгенін атап өтті.– Франциямен ынтымақтастық – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі және Еуропалық Одақ шеңберіндегі серіктестігіміздің ажырамас бөлігі. Біздің елдеріміз берік саяси байланыстармен, белсенді үкіметаралық және парламенттік диалогпен, сондай-ақ қарқынды сауда және инвестициялық өзара іс-қимылмен ерекшеленетін берік және көпқырлы серіктестікке ие, – деп атап өтті Олжас Бектенов.Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің артықшылықтары, оның инвестициялық тартымдылығы туралы айтып, француз компанияларын өнеркәсіпте ғана емес, басқа да салаларда ынтымақтастыққа шақырды.– Қарағанды облысы – үлкен мүмкіндіктер мен ашық диалог аймағы. Біз тек инвестиция тартуға ғана емес, ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Біз SUEZ француз компаниясымен суды ұтымды пайдалану саласында ынтымақтастықты бастадық және барлығын жаңа бірлескен жобаларға шақырамыз. Біздің өңірдің артықшылығы – батыс пен шығыс, Еуропа мен Азия арасында, дәл орталықта орналасуымыз. Ірі көліктік-логистикалық жүйенің, халықаралық автомобиль және теміржол дәліздерінің, әлеуеті толық пайдаланылмаған жүк-терминалы бар халықаралық дәрежедегі әуежайдың болуы, – деп атап өтті өңір басшысы.Ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге SUEZ International SAS, Қарағанды әкімі Мейрам Қожухов және Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы қол қойды. Бұл қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және орнықты су пайдалану әлеуеттерін ашады, бұл әсіресе коммуналдық желілерге жүктеменің өсуі және климаттың өзгеруі жағдайында өзекті.SUEZ – су ресурстарын тұрақты басқару саласында әлемдік көшбасшы. Серіктестік озық технологияларды енгізуді, сумен жабдықтаудың тиімділігін арттыруды, сондай-ақ су шығынын азайту және қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шешімдер әзірлеуді көздейді.Форумда Қарағанды медицина университеті мен Париж-Сакле университеті арасында да меморандум жасалды. Ынтымақтастық студенттермен академиялық алмасуды, қос диплом бағдарламасын, биомедицина саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер өткізуді қамтиды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1006151?lang=kk
Алматыда «Өзгерістер көшбасшысы – жастар» форумы өтті 29.05.2025
Алматы, 2025 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Өзгерістер көшбасшысы – жастар: ықпал үшін диалог» форумына қатысып, сөз сөйледі.Іс-шара БҰҰ Бас хатшысының Жастар ісі жөніндегі көмекшісі Фелипе Паульердің Алматы қаласына іс-сапары аясында ұйымдастырылды.Ж.Әбдрашов Қазақстанның БҰҰ-ның жаһандық жастар күн тәртібіне бейілділігін растап, цифрландыру, білім беру және психикалық денсаулық салаларында БҰҰ Жастар істері басқармасымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Қазақ дипломаты сондай-ақ Алматы қаласында жаңадан құрылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығының өңірлік жастар ынтымақтастығы үшін маңызды платформа ретіндегі әлеуетіне назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1005712?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Қатар Елшісімен кездесу өтті 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 27 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасындағы Қатар Мемлекетінің Елшісі Абдулла Хусейн Мухаммад Джабермен кездесу өткізді.Сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан-Қатар қарым-қатынастарының оң динамикасын, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің дамуын атап өтті. Тараптар сондай-ақ БҰҰ аясындағы әлеуметтік даму мәселелеріне баса назар аударып өзара іс-қимылды талқылады.Кездесу соңында сұхбаттастар Қазақстан мен Қатар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1005719?lang=kk
Қазақстанның әскери оқу орнының курсанттары Пензадағы халықаралық олимпиадада жеңіске жетті 29.05.2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының командасы әскери-кәсіптік даярлық бойынша жоғары білім ордаларының курсанттары арасында өткен IX халықаралық олимпиададан зор жеңіспен оралды.Жарыс Әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының оқу-жаттығу орталығында өтті. Сайысқа алты мемлекеттен 34 команда қатысты.Олимпиада бағдарламасына «жалпы тактика», «Қарулы күштер түрінің тактикасы», «радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс», «әскери топография», «атыс қаруынан оқ атуға дайындық», «медициналық дайындық» және «дене шынықтыру» пәндері кірді.Қазақстанның әскери білім ордаларының 2-ші және 3-ші курс курсанттары осы байқаулардың әрқайсында көш бастап, кәсіби шеберлік деңгейін көрсетіп, жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді.Үлкен жеңістен кейін курсанттарды Әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының басшылығы мен батальон қолбасшылығы қабылдады. Елге оралған курсанттарды ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жеңісімен құттықтады.Қазақстандық курсанттардың бұл жетістігі дайындық деңгейінің жоғары екенін және әскери-кәсіптік оқыту саласындағы оқыту стандарттарын ұстанатынын айғақтайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1005740?lang=kk
Ақтауда авиаторлар бөлімнің құрылған күнін салтанатты түрде атап өтті 29.05.2025
Әскери-әуе күштерінде авиация базасының құрылғанына 14 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.Оған әскери бөлімнің жеке құрамы мен құрметті қонақтары – Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері, Қарулы күштердің ардагерлері және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысты.Іс-шара Жауынгерлік туды шығарудан және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Командирдің бірінші орынбасары – 30153 әскери бөлімі штабының бастығы полковник Руслан Смағұлов құттықтау сөз сөйледі.Ол жеке құрамды атаулы күнмен құттықтап, отбасыларына амандық пен қызметте табыс тіледі. Ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.– Біздің авиациялық базамыз 2011 жылғы 25 мамырда Қорғаныс министрінің директивасы негізінде құрылды. 14 жыл бойы біз батыс аймақтың әуе шебін қорғауда тұрмыз және көптеген жауапты міндеттерді орындаймыз. Бөлімнің жеке құрамы оқу-жаттығулар мен құтқару операцияларына белсенді қатысады. Биыл біз әскери шеруде бөлімді абыроймен көрсеттік, – деді командирдің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Роллан Бәкіров.Іс-шараны ұйымдастырушылар қонақтарға қару-жарақ құрамындағы авиациялық техниканы – жойғыштар, тікұшақтар және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды көрсетті. Дәстүрге сай спорттық жарыстар мен көркемөнерпаздар концерті өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1005784?lang=kk
Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан энергетика министрлері Қамбарата ГЭС-1 жобасы бойынша екінші министрлік дөңгелек үстелін өткізді 29.05.2025
2025 жылғы 26–27 мамыр күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Қамбарата Гидроэлектр станциясы-1 (ГЭС-1) жобасы бойынша екінші министрлік дөңгелек үстелі өтті. Бұл жоба – Орталық Азиядағы энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған маңызды өңірлік бастама. Іс-шара Дүниежүзілік банктің қолдауымен ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел жұмысына үш елдің энергетика министрлері бастаған делегациялар қатысты: Ерлан Ақкенженов (Қазақстан), Таалайбек Ибраев (Қырғыз Республикасы) және Джурабек Мирзамахмудов (Өзбекстан).Делегация құрамына осы елдердің қаржы және су ресурстары министрліктерінің жоғары лауазымды өкілдері де кірді. Негізгі талқыланған тақырып – Қырғыз Республикасындағы Нарын өзенінде қуаты 1860 мегаватт болатын Қамбарата ГЭС-1 жобасын жүзеге асыру бойынша келесі қадамдар болды. Жоба үш ел үкіметінің бірлескен күшімен жүзеге асырылуда.Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан үкіметтері Дүниежүзілік банкке жобаны әзірлеуде техникалық көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Бұл көмекке жаңартылған техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) дайындау, жобаның экологиялық және әлеуметтік салдарын бағалау, сондай-ақ тұрақты қаржыландыру моделі мен коммерциялық құрылымды әзірлеу кіреді.Дөңгелек үстел жұмысына Дүниежүзілік банктің жоғары лауазымды өкілдері де қатысты, оның ішінде Орталық Азия бойынша директоры Татьяна Проскурякова, Еуропа және Орталық Азия (ЕОА) бойынша стратегия және операциялар директоры Каролина Санчес-Парамо, ЕОА өңіріндегі инфрақұрылым бойынша аймақтық директор Чарльз Джозеф Кормье және энергетика бағдарламаларының жетекшісі Стефани Гил.Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банк директоры Татьяна Проскурякова: «Дүниежүзілік банк Орталық Азия елдері арасындағы энергетикалық және су қауіпсіздігі мәселелері бойынша бұрын-соңды болмаған ынтымақтастық деңгейін құптайды. Біз басқа халықаралық ұйымдармен серіктестікте Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан үкіметтерінің Қамбарата ГЭС-1 жобасын жүзеге асыруға бағытталған күш-жігерін қолдауға қуаныштымыз. Бұл жоба бүкіл өңір мен оның халқы үшін елеулі экономикалық және әлеуметтік пайда әкеледі», - деп атап өттіМинистрлер өз мемлекеттерінің жобаны жүзеге асыруға саяси бейілділігін растады. Жоба өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтудың және Орталық Азиядағы ынтымақтастықты дамытудың катализаторы ретінде қарастырылады.Тараптар 2025 жылғы қаңтарда Ташкентте өткен алғашқы министрлік дөңгелек үстелден кейінгі жетістіктерді талқылады. Ерекше назар ТЭН мен жобаның экологиялық және әлеуметтік аспектілеріне аударылды. Қатысушылар жобаның жаңартылған сметалық құнын, энергетикалық желілерді жаңғырту қажеттілігін, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдарының қолдауын қоса алғанда, қаржыландыру көздерін және су-энергетика саласындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттарын қарастырды.Қазақстан энергетика министрі Ерлан Аккенженов: «Қамбарата ГЭС-1 жобасын ілгерілету – біздің үш ел арасындағы тығыз әрі тиімді ынтымақтастықтың нәтижесі. Қазақстан бұл бастамаға берік бейілді және өңірдің энергетикалық дамуы саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін серіктестерімен белсенді ынтымақтастықты жалғастырады», – деді.Қырғыз Республикасының энергетика министрі Таалайбек Ибраев:«Қамбарата ГЭС-1 – Қырғыз Республикасының энергетикалық даму стратегиясының негізі және Орталық Азия болашағы үшін аса маңызды жоба. Біз оны Қазақстан мен Өзбекстанмен тығыз серіктестікте, су ресурстарын тұрақты пайдалану мен өңірлік энергетикалық қауіпсіздікке ортақ көзқарас негізінде іске асырып жатқанымызға мақтан тұтамыз. Біз жобаны 2025 жылы іске қосуды көздеп, сенімді түрде алға жылжып келеміз», - деп атап өтті.Өзбекстан энергетика министрі Джурабек Мирзамахмудов былай деді:«Біздің өңірлік серіктестерімізбен бірге Ташкентте өткен бірінші министрлік дөңгелек үстелден кейінгі елеулі прогресті қуанышпен атап өтеміз. Біздің елдердің үйлестірілген іс-қимылы мен халықаралық қаржы институттарының қолдауы арқылы біз бұл жобаны халықаралық техникалық, экологиялық және әлеуметтік стандарттарға толық сәйкес жүзеге асыратынымызға сенімдімін».Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаны әзірлеуге қажетті келесі шаралар мен мерзімдерді келісіп, өңірлік ынтымақтастықты жалғастыруға және жобаны жүзеге асыруды жеделдету мақсатында министрлік кездесулерді тұрақты түрде өткізуге дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1005490?lang=kk
Алматы әскери оқу орнында сарбаздар Отанына адал болуға ант берді 29.05.2025
Салтанатты рәсімі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының Оқу орталығында өтті.Оған оқу орнының қолбасшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, Түркістан облысынан шақырылған жауынгерлердің туыстары мен жақындары қатысты.Бұған дейін елуге жуық сарбаз бір айлық жас жауынгер курсынан өтті. Олар жалпыәскери жарғыларды зерделеп, әскери істің негіздерін, соның ішінде саптық, атыс және тактикалық дайындықты игерді. – Бүгін Қарулы күштер қатарына қосылып, нағыз жауынгер болдыңыздар. Отан қорғаушы атағын абыроймен алып жүріңіздер, – деді Құрлық әскерлері әскери институты бастығының орынбасары полковник Нұрлан Айтжанов сарбаздарға.Іс-шараға қатысқан ата-аналар аз уақыт ішінде ұлдарынан өзгеріс байқағанын айтады. – Армияда қызмет ету туралы шешімге өзім келдім. Бұл ел үшін өте жауапты әрі маңызды екенін түсінемін. Менің ойымша, армияда алған тәжірибем азаматтық өмірде де пайдалы болмақ, – деді қатардағы жауынгер Болат Әбдікәрім.Ант берген әскери қызметшілер ротада қызмет етеді. Олардың міндетіне әскери уоқу орны нысандарын күзету мен қорғау кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1005343?lang=kk
Ағадыр кентінде тұратын 76 жастағы ақсақал бес дүркін, ал ұлы жеті дүркін әлем чемпионы атанды 29.05.2025
Шет ауданының Ағадыр ауылының танымал пауэрлифтері Дәрібай Оспанов пен Қараман Абдулкәрім әлем чемпионатында тағы да жеңіске жетті. Біріншілік Норвегияда, Драммен қаласында өтті. Ең мықты атақ үшін 54 елден 1400 спортшы бақ сынасты.Дәрібай Оспанов екі жыл бұрын әлем чемпионатында бірнеше рет жеңіске жету мақсатын мәлімдеген болатын. Сол кезде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ақсақал-чемпионға Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыс етті. Дене шынықтыру және спорт басқармасы спортшы мен жаттықтырушыға спорт құралдарына сертификат табыс етті.Драммендегі әлем чемпионатында Дәрібай Оспанов 70+ жас тобында 93 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Штанганы классикалық қысыммен көтеруде ол үшінші, жарақтандырылған түрде – бірінші орын алды. Осы жеңіспен 76 жастағы ақсақал бес дүркін әлем чемпионы атанды.Оның ұлы Қараман Абдулкәрім бірінші түрде 190 кг, екінші түр бойынша 245 кг көтерді. Екі жаттығуда да ол үздік атанды және жеті дүркін әлем чемпионы атанды.Дәрібай Оспанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол осы жетістікпен тоқтамайтынын айтады. Осыдан бір жыл бұрын АҚШ-тың Остин қаласында өткен әлем біріншілігіндегі жеңісінен кейін ақсақал даниялық рекордты озғысы келетінін айтқан болатын. «Ол 94 жаста өнер көрсетті, ал мен 95 жаста да жарысқа барамын», – деп өз ойымен бөлісті дене шынықтыру және спорт басқармасындағы салтанатты шарада Дәрібай Оспанов.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1005439?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуды қолдайды 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 27 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Қазақстанмен парламенттік «достық тобының» жетекшісі Вилле Скиннаримен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, биік және жоғары деңгейдегі байланыстарды сақтау, парламенттік дипломатияны дамыту және сауда-экономикалық серіктестікті нығайту мәселелері қозғалды.Осы тұрғыда Қазақстан мен Финляндия арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның рөлі ерекше аталып өтті. Осы комиссия – Қазақстан мен Суоми арасындағы ресми өкілдер мен іскер топтар арасындағы диалог пен өзара іс-қимылдың тиімді институционалдық алаңдарының бірі.Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұл тұрғыда Финляндияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы биылғы төрағалығы, сондай-ақ Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығы мен 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясына 15 жыл толуына орайластырылған іс-шаралар назардан тыс қалмады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1005450?lang=kk
Астанада жетекші мамандар заманауи әскери медицинаның жетістіктерін талқылады 29.05.2025
Бас әскери клиникалық госпиталь Астана медицина университетімен бірлесіп, Қазақстанның Қарулы күштеріндегі әскери медицинаның рөлі жөнінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Оған ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасынан, Ұлттық ғылыми медициналық орталығынан, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан, Астана медицина университетінен және басқа да мекемелерден 200-ден астам жетекші медицина маманы қатысты.Конференция шеңберінде еліміздің жетекші профессорларының қатысуымен пленарлық сессия, оған қоса жас ғалымдардың постерлік сессиясы өтті.Жетекші мамандар инфекцияларды диагностикалаудың заманауи тәсілдері және аяқ диабеті синдромын емдеу әдістері туралы айтты. Бұдан бөлек ұрыс қимылы жүріп жатқан аймақта медициналық көмекті ұйымдастыруға назар аударылды. Бірегей инновациялық әдістерді қолдана отырып, жауынгерлік жарақатты емдеу нәтижелері талқыланды.Конференцияға қатысушылар оқу-жаттығу жиыны кезінде жоғары медициналық оқу орындарының әскери кафедралары жанындағы запастағы медициналық қызмет офицерлерін оқыту тәжірибесімен бөлісіп, әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен жауынгерлік қабілетін қалпына келтірудегі әскери-медициналық оңалтудың рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1005275?lang=kk
Талғар ауданында «Заң және тәртіп» сабағы енгізіледі 29.05.2025
Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасын іске асыру аясында Алматы облысының Талғар ауданындағы бірқатар мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған арнайы оқу сабағы енгізіледі.Жобаны жүзеге асыру мәселелері Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаевтың өңірге жұмыс сапары барысында өткен кеңесте талқыланды.Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында «Қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», – деген болатын.Құқықтық сана мен тәртіпке құрметті қалыптастыру бала кезден басталуы тиіс. Бұл жоба осы маңызды міндетті жүзеге асыруды көздейді.Кеңес жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық білім басқармасының басшылығы мен педагогтар қауымдастығы қатысты. Оның қорытындысы бойынша жобаны Талғар ауданындағы 3 колледж бен 10 мектепте пилоттық негізде енгізу туралы шешім қабылданды. Сабақтар жаңа оқу жылынан бастап 7–10-сыныпта оқитын 7 500-ден астам оқушыны қамтитын болады.Жобаны Оқу-ағарту министрлігі мен Бас прокуратура бірлесіп әзірледі. Оның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында заң үстемдігіне, азаматтық жауапкершілікке және Отанға адал қызмет етуге деген саналы көзқарас қалыптастыру.Сабақ барысында құқықбұзушылықтардың алдын алу, буллингке қарсы күрес, өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ гуманистік құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.Курсты жүргізетін негізгі тұлғалар – құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет атқарған, мол тәжірибесі бар ардагер мамандар. Бас прокуратура қоғам мен мемлекетке адал қызмет етудің үлгісін көрсете алатын 26 білікті маманнан құралған арнайы оқытушылар тобын дайындады.«Адал әрі жауапты азамат тәрбиелеу – мемлекеттік саясаттың стратегиялық міндеті. Заң – кез келген мемлекеттің берік іргетасы. Заңға құрмет болған жерде әділет, қауіпсіздік және даму болады. Сондықтан жас ұрпаққа құқық пен тәртіпке деген саналы көзқарас қалыптастыру – бәріміздің ортақ парызымыз. Жаңа оқу курсы дәл осы құндылықтарды насихаттауға бағытталған», деді Арман Қырықбаев.Пилоттық кезең өз тиімділігін дәлелдесе, жоба еліміздің басқа өңірлерінде де кеңінен жүзеге асырылады.Кеңес соңында Арман Қырықбаев жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріп, жобаның барлық кезеңде сапалы әрі нәтижелі орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1005279?lang=kk