Enbekshi QazaQ

Қуқық

Алматы облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жоспарлы түрде жүргізілуде 02.06.2025
2025 жылғы 14 мамырдан бастап Алматы облысы аумағында шегіртке зиянкестері ошақтарын анықтап, жоюға бағытталған ауқымды кешенді кампания жүргізілуде.Бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылығы қызметкерлері 330 мың гектардан астам алқапты мониторингтен өткізді. 27 мың гектардан астам жер химиялық өңдеуден өтті. Жұмыстарға авиациялық техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар), сондай-ақ жерүсті бүріккіштер тартылған.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шеңгелді ауылдық округінің егіс алқаптарында көшпелі жиын өткізіп, мердігер ұйымдардың өкілдерімен, салалық ведомстволар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен кездесті. Сапар аясында өңір басшысы ахуалмен танысып, тартылған техниканы көріп, нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, химиялық қорғаныс құралдарымен үздіксіз қамтамасыз ету және зиянкестердің жаңа ошақтарына жедел ден қою бойынша міндеттер жүктелді.— Зиянкестерге қарсы күрес – бұл тек агротехникалық шара емес, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Біз үйлесімді, кәсіби әрі уақтылы әрекет етуіміз қажет, — деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.«Біздің басты міндетіміз – шегіртке зиянкестері ошақтарын дер кезінде оқшаулап, жою. Жұмыстар ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тығыз өзара іс-қимылда, авиацияны, дрондарды және жерүсті техниканы пайдалана отырып жүргізілуде. Бірлескен күш-жігермен біз фитосанитарлық тәуекелдерді барынша азайтып, егіс алқаптарын қорғаймыз», — деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облысы бойынша инспекция басшысы Дархан Қарибаевич Әбілғазиев.Кампания облыстың барлық аудандарын қамтып отыр. Өңдеу жұмыстары ауада – жеңіл авиация көмегімен және жерүсті арнайы техниканы пайдалану арқылы жүргізілуде. Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ғалым Тоқпеисовтің айтуынша, жұмыстар бекітілген кестеге сай жүріп жатыр, жағдай бақылауда. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен егістікке немесе жайылымдарға келтірілген зиян туралы шағым түспеген.— Облыс аумағында шегірткенің үш түрі анықталды. 113 мың гектар алқап өңдеуге жатады, оның 63 мың гектары республикалық бюджет есебінен, қалғаны – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда. Бүгінде жоспарланған көлемнің шамамен 25%-ы қамтылды. Кампанияға 200-ден астам маман мен 46 техника тартылған, — деп мәлімдеді Ғалым Тоқпеисов.Зиянкестердің таралуын болдырмау мақсатында мониторинг және өңдеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Авиациялық жұмыстарды осы салада 25 жылдан астам тәжірибесі бар «Aviasila» ЖШС жүзеге асыруда. Қолданылып жатқан препараттар шегірткені тиімді түрде жояды, ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтірмейді.— Биыл ерте жылыну салдарынан шегіртке пайда болу мерзімі өзгерді, бұл жұмыс кестесін қайта қарауды талап етті. Алдымен зиянкестердің тығыз шоғырланған аймақтары өңделіп жатыр. Өңірде жеңіл және аса жеңіл авиацияның төрт борты тартылған. Жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес қатаң жүргізілуде, — деп баяндады «Aviasila» ЖШС директоры Игорь Сухоруков.Зиянкестермен күресте заманауи технологиялардың рөлі зор. «Фитосанитария» РМК АОФ директоры Несіпбай Чингизбаевтың айтуынша, «EA J100» үлгісіндегі дрондар қиын жететін жерлерді тиімді өңдеуге мүмкіндік береді. Бір дрон 10 минут ішінде 3 гектарға дейін, бір жұмыс ауысымында 70 гектардан астам жерді өңдей алады.— Бұл дрондар биыл сатып алынды. Олардың басты артықшылығы – авиация мен жерүсті техника жетпейтін аумақтарды өңдеу мүмкіндігі. Жақын арада олар Кеген және Райымбек аудандарында қолданылатын болады. Әр дрон 50 литрлік бакпен және екі аккумулятормен жабдықталған. Әр аппаратқа үш адамнан тұратын команда бекітілген, — деп нақтылады Несіпбай Чингизбаев.Кампания аясындағы алдын алу және жою шаралары жоспарлы түрде жалғасып, белгіленген мерзімде аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1008823?lang=kk
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінің жеңімпаздары анықталды 02.06.2025
ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының базасында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған 28-ші халықаралық бокс турнирі сәтті өтті.Чемпион атағы үшін Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан және Ираннан мемлекеттерінің 218 былғары қолғап шебері бақ сынасты. Сондай-ақ турнирге Иран мен БАӘ-ден бақылаушылар да қатысты.Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Русланбек Бекжігітов, 1996 жылғы XXVI жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Василий Жиров, 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының және 1997, 1999 жылдардағы әлем чемпионаттарының жүлдегері Ермахан Ыбрайымов, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері қатысты.– Біздің турниріміз даңқты қолбасшының 101 жылдығына арналды. Ол өмірін толығымен Отанға қызмет етуге арнады және қазіргі Қазақстан Қарулы күштерінің негізін қалады. Биыл біз жаңашылдық енгізіп, жарыстың мәртебесін арттырдық. Барлық чемпиондарға спорт шебері атағы берілді, – деді Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – АОСК бастығы полковник Арман Әбеуов.Жекпе-жектердің қорытындысы бойынша 48 келі салмақ дәрежесінде әзербайжан спортшысы Субхан Мамедов, 51 келі бойынша қазақстандық Бекзат Алдамжаров жеңіске жетті. Ал, 54 және 57 келіде Армия орталық спорт клубының спортшысы Қайрат Ернұр мен қазақстандық Асылжан Серікбай жеңіс тұғырынан көрінді. 60 және 63 келіде АОСК спортшысы Талғат Сырымбетов пен әзербайжандық Магсуд Хасметов чемпион атанды.67 келіде қазақстандық Әубәкір Маханбет үздік болды. Ал, 71 және 75 келіде түрікмен спортшысы Байрамдурды Нурмұхаммедов және жерлесіміз Нұрбол Мұхаметқали үздік шықты. 80 және 86 келіде моңғол спортшысы Ақжол Әбдіхан мен қазақстандық Темірлан Мұқатаев жеңіс тұғырынан көрінді. 92 және +92 келіде түрікменстандық Бекболат Абдикерим мен тағы бір жерлесіміз Аслан Елдібайұлы чемпион болды.Турнирдің ең үздік боксшысы атағы АОСК спортшысы Талғат Сырымбетовке берілсе, “Жеңіске деген жігері үшін” номинациясы Бексұлтан Боранбекке табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008853?lang=kk
Ақтауда әуе кеңістігінің қорғаушылары Отанға адал болуға серт берді 02.06.2025
Көктемде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына келген 190-нан астам сарбаз салтанатты жағдайда әскери ант қабылдады.Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан шақырылған жас сарбаздар бір ай ішінде алғашқы әскери дайындықтан өтіп, жалпыәскери жарғыларды, саптық және атыс даярлығының негіздерін меңгерді.Олар командирлерінің, Қарулы күштер ардагерлерінің, сарбаз аналары комитеті өкілдерінің, туған-туыстары мен жақындарының алдында ант беріп, Отанды қорғауға әрдайым дайын әрі антқа адал болуға серт берді.Салтанатты рәсім бөлімше Жауынгерлік туының шығарылуымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының орындалуымен басталды.— Сіздер үлкен ынтамен жаттығып, әскери істің негіздерін меңгердіңіздер. Бүгін мыңдаған адамның алдында ержүрек әрі батыл болуға, қызметтің қиындығына төтеп беруге, нағыз Отан қорғаушы болуға серт бердіңіздер. Сіздерге мықты денсаулық пен сәтті қызмет тілеймін, — деп жас сарбаздарды осы маңызды оқиғамен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының командирі полковник Марат Құдабаев құттықтады.Сарбаздарға жылы лебізін ата-аналар да білдірді. Отбасылар атынан сөз сөйлеген Олеся Полоз сарбаздарға төзімділік, батылдық пен рухани күш тіледі:— Қымбатты балалар, сіздер — отбасыларыңыздың мақтанышысыздар. Қызметті абыроймен атқарып, әрдайым көтеріңкі көңіл-күй мен үміттеріңізді жоғалтпауларыңызды тілейміз. Біз сіздерге сенеміз!Ресми бөлім аяқталған соң, жас жауынгерлер өздерінің машықтарын көрсетті. Олар қол күресі элементтерін, саптық жүріс пен қарумен жұмыс істеу тәсілдерін паш етті. Сарбаздардың өнері ата-аналарға нағыз тосынсый болды. Олар ұлдарының дайындығының жоғары деңгейіне куә болды.Іс-шара соңында командалық құрам туыстармен кездесу өткізіп, олардың барлық сұрақтарына жауап берді және байланыс үшін қажетті ақпаратты ұсынды. Осы күні жас сарбаздарға алғашқы қысқа мерзімді демалыс берілді.Енді олар Батыс Қазақстан өңірінің әуе шебін күзету үшін қызмет ету орындарына аттанады. Сарбаздар Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы бөлімдерге, сондай-ақ Бейнеу кентіне, Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалаларына бөлінетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008858?lang=kk
Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі Спартакиада өтті 30.05.2025
Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер мен күш құрылымдарының өкілдері арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында дәстүрлі XVII Спартакиада ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық дода 28–29 мамыр күндері Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» және «Нұр-Аман» спорт кешендерінде өтті.Жарысқа облыстың 9 ауданы мен Қонаев қаласынан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдарынан құралған 16 команда қатысты. Қатысушылар саны 700-ге жуықтады.Биылғы Спартакиада тоғызқұмалақ, қазақ күресі, шахмат, үстел теннисі, жүзу, 3x3 баскетбол, арқан тарту, волейбол және мини-футбол сынды тоғыз спорт түрін қамтыды. Жарыстар екі санат бойынша ұйымдастырылып, аудан әкімдіктері мен күш құрылымдары қызметкерлері жеке-жеке сынға түсті.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев айтуынша, мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметкерлердің табандылығы мен мақсаткерлігін, ұжымшылдық пен жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.– Мемлекеттік қызметші – кәсіби маман болумен қатар, қоғамға үлгі болатын тұлға. Сондықтан оның келбеті салауатты өмір салтымен ұштасуы тиіс. Спартакиада – тек спорттық жарыс қана емес, бұл – әріптестер арасындағы ынтымақтастық пен командалық рухты нығайтатын маңызды алаң, – деді ол.Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек те Спартакиаданың қоғамдағы салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызын атап өтті.– Спорт бүгінде ұлттық идеяға айналды. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы Спартакиада – бұқаралық спортты дамыту жолындағы нақты қадам. Мұндай жарыстар дене дайындығымен қатар, ой ұшқырлығын, тәртіп пен ұйымшылдықты талап етеді. Сонымен қатар, бейресми жағдайда әріптестермен жақынырақ танысуға да мүмкіндік береді, – деді ол.Жарыс нәтижесінде үздік атанғандар арасында қазақ күресінен Дамир Карим, шахматтан Жанарбек Жұмабеков, жүзуден Әсем Алмағанбет, сондай-ақ мини-футболдан облыс әкімдігі командасы мен тоғызқұмалақ және 3x3 баскетболдан Кеген ауданының командалары ерекше көзге түсті.Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.Жеңіс тұғырынан көрінген үздіктер енді 10–18 маусым күндері Өскемен қаласында өтетін республикалық Спартакиадада облыс намысын қорғайтын болады. Бұл — мемлекеттік қызметшінің спортқа деген ынтасын арттырып қана қоймай, салауатты қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1008659?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы йоруба халқының рухани көшбасшысы – Ифе Королімен кездесу өткізді 30.05.2025
Астана, 2025 жылғы 30 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға сапармен және Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Нигерияның ең беделді дәстүрлі көшбасшыларының бірі және йоруба халқының рухани жетекшісі – Ифе Королі Адейейе Энитан Огунвусимен кездесу өткізді.Кездесу барысында сұбаттастар Қазақстан мен Нигерия арасындағы саяси диалогты нығайтудың маңыздылығына өзара қызығушылық білдірді. Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нигерия Президенті Бола Ахмед Тинубудың 2025 жылғы қаңтарда Абу-Дабиде өткен «Орнықты даму апталығы» саммиті аясындағы кездесуі аталып өтті.«Қазақстан мен Нигерияның саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы өзара тиімді ынтымақтастығы үшін елеулі әлеуеті бар. Бүгінгі кездесу жақсы дәстүрдің бастамасы және Қазақстан мен африкалық халықтар мен мемлекеттер, соның ішінде ерекше орын алатын Нигерия арасындағы қатынастардың жаңа кезеңінің символы», – деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысы.Сонымен қатар тараптар ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, цифрлық технологиялар мен энергетика салаларындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.Осы мақсатта Қазақстан-Нигерия іскерлік кеңесі, құрметті консулдар институты, халықтар мен екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстар сияқты өзара іс-қимыл механизмдерін пайдалану қажеттігі аталып өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша серіктестік қатынастарды нығайтудың маңыздылығын ескеріп, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындық расталды.Қазіргі Нигерия аумағында орналасқан Ифе Корольдігі өзінің бай тарихы мен мәдени мұрасымен танымал. Африкадағы ең көне корольдіктердің бірі ретінде Ифе йоруба халқының ата-бабаларынан келе жатқан мекені және африкалық өркениеттің маңызды орталықтарының бірі.Король Адейейе Огунвуси Астана халықаралық форумы аясында алғаш рет ұйымдастырылған «Қазақстан – Африка: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашу» атты арнайы сессияға спикер ретінде қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1008657?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады 30.05.2025
Ғасыр жасаған Александр Журавлев сергек, әрі ширақ көрінеді. Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері ардагерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хатын табыс етті.Александр Журавлев соғыстың қызған шағында майданға шақырылды. Ол 1943 жылы 17 жасқа толды. Карелия майданында зеңбірекші-барлаушы болып соғысуға тура келді. Бір жылдан кейін Украинаны азат етуге қатысты. Эльба өзенінен өтті. Жеңісті Берлинде қарсы алды. Онда жау сарбаздары кескілескен шайқастан бөлек, қоян-қолтық ұрысқа түсті. Соғыстан кейін Александр Степанович тағы бес жыл Будапешт пен Дағыстанда әскери қызметін жалғастырды. Ал запасқа шығарылғаннан кейін құрылыс инженері ретінде бейбіт кәсіпті таңдады. Әскери ерліктері үшін Александр Журавлев І дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Праганы алғаны үшін" және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008630?lang=kk
Қазақстанда өңірдегі алғашқы Solana Economic Zone іске қосылды 30.05.2025
Қазақстан цифрлық трансформация мен блокчейн экономикасын дамыту жолында тағы бір маңызды қадам жасады. Астанада Орталық Азиядағы Solana блокчейн платформасы негізінде құрылған Solana Economic Zone Kazakhstan алғашқы экономикалық аймақ іске қосылды.Solana Foundation қолдауымен өткен бұл іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар және Web3 экожүйесінің көшбасшылары қатысты. SEZ KZ іске қосылуы Astana International Forum 2025 қарсаңында өтіп, технология, инвестиция және мемлекеттік саясат тоғысындағы маңызды оқиға болды.Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, цифрлық экономиканы дамытуға арналған мамандандырылған аймақтарды құру — технологиялық серпіліс жасауға арналған тиімді құрал. Мысалы, Дубайда Dubai Multi Commodities Centre (DMCC) Crypto Centre табысты жұмыс істеп тұр. Онда ондаған блокчейн-компаниялар орналасқан, қолайлы реттеу тетіктері енгізілген және стартаптар инфрақұрылым мен инвестицияға қол жеткізе алады.Қазақстан үздік халықаралық тәжірибелерді өз стратегиялық мақсаттарына бейімдеп қабылдайды. Solana Economic Zone — тәжірибе алмасуға, шешімдерді сынақтан өткізуге және қазақстандық компанияларды жаһандық нарыққа шығаруға арналған алаң болмақ.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Solana Economic Zone жобасының іске қосылуы Қазақстанның экономикалық салаға озық цифрлық технологияларды интеграциялауға стратегиялық тұрғыда дайын екенін білдіретінін атап өтті:«Біз тұрақты әрі бәсекеге қабілетті цифрлық экожүйе құруға ұмтыламыз. Solana Economic Zone сияқты жобалар бізге активтерді токенизациялаудан бастап, Web3 саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға дейінгі жаңа тәсілдерді сынап көруге және енгізуге мүмкіндік береді»Іс-шара аясында энергетика, қаржы, агротехнология, ойын индустриясы және сауда салаларында жұмыс істейтін халықаралық стартаптар ұсынған блокчейн негізіндегі шешімдер таныстырылды. Сондай-ақ, құнды қағаздарды, алтынды, жылжымайтын мүлікті және басқа да активтерді токенизациялау мүмкіндіктері талқыланды.Кездесу нәтижесінде стратегиялық меморандумға қол қойылды, оған келесі бағыттар кірді:Капитал нарығын токенизациялау:AIX, Solana Foundation, Jupiter және Intebix қатысуымен қаржы инфрақұрылымына токенизацияланған құралдарды енгізуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады.Web3-таланттарды дамыту:Министрлік пен Solana Foundation Rust бағдарламалау тілі мен блокчейн инженериясына бағытталған білім беру бағдарламасын бастайды. Жоба аясында университеттермен және Astana Hub-мен серіктестік орнатылады.Халықаралық Web3-компанияларды тарту:Forma компаниясымен бірлесіп, жаһандық стартаптарға инфрақұрылым мен реттеуші қолдауды қамтитын қолдау бағдарламалары жүзеге асырылады.Министрлік жасанды интеллекттен бастап блокчейнге дейінгі озық технологияларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырып жатыр. Бұл елдің цифрлық егемендігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсіміне бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1008457?lang=kk
Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыстады 30.05.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 29 мамыр – «Раштрапати Бхаван» президенттік сарайында өткен ресми рәсімде Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Президенті Драупади Мурмуға сенім грамоталарын табыс етті.Қазақ дипломаты ресми рәсімнен кейін өткен екіжақты кездесуде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан Үндістан Президентіне және достас үнді халқына жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Қазақстан мен Үндістан арасындағы дәстүрлі достық қатынастар, өзара түсіністіктің жоғары деңгейі және стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға деген ортақ ниет аталып өтті.А. Есқараев екі ел арасындағы саяси диалогты тереңдету, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайындығын білдірді.Өз кезегінде Президент Д. Мурму жаңа Елшіні жылы қарсы алып, оның дипломатиялық миссиясына сәттілік тіледі және Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты байланыстардың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1008484?lang=kk
ИСЛК, жолдар, сауда және білім беру – Қазақстан мен Қырғызстан вице-премьерлері AIF 2025 алаңында өзара ынтымақтастық мәселесін талқылады 30.05.2025
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Данияр Амангелдиевпен кездесу өткізді.Серік Жұманғарин Қазақстан мен Қырғызстанның тек тату көрші ғана емес, сенімді одақтас екенін, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайтуға ерекше көңіл бөліп отырғанын баса айтты.Бүгінде екі ел алдында жылдық тауар айналымын $3 млрд-қа жеткізу міндеті тұр. Тараптар 2025 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі қарқынды түрде өсіп отырғанын атап өтті. Алғашқы үш айда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 25,2%-ға артып, $435,1 млн-ға жеткен (экспорт – $341,9 млн, импорт – $93,3 млн). Тауар айналымын мақсатты $3 млрд-қа жеткізу үшін тауар түрлерін кеңейту және B2B байланысын тиімді жандандыру шарасы қажет. Кездесуге қатысушылар өзара сауда көлемін арттыру жөніндегі жол картасы жобасының тетіктерін талқылады. Серік Жұманғарин Қазақстан мұнайхимиясы, тамақ өнеркәсібі, металлургия мен басқа да саланың өнімін қоса алғанда, 195 тауар позициясы бойынша экспортты $260 млн-нан астам сомаға арттыруға дайын екенін атап өтті.Ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылады. Екі елдің өзара саудасындағы бұл саланың үлесі 20%-ды құрайды. Аталған сала белсенді өсу үстінде: биыл 1 тоқсанда АӨК өнімінің тауар айналымы 40,7%-ға артқан. Қазақстан 2025 жылғы бірінші тоқсандағы 3,4 мың тонна астық пен 10,9 мың тонна ұнды қосқанда, дәнді және майлы дақыл экспортын ұлғайтуға ниетті. Серік Жұманғарин Астанада өткен ресми кездесуде қырғыз тарапының сәуірде Қазақстанға өзінің ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау үшін жасыл дәліз құру туралы ұсынысы оң шешілгенін атап өтті. Қазақстан шекарада қырғыздың ерте пісетін көкөнісі мен жемісін кедергісіз өткізуге дайын.  Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі жобасы – «Қарасу»–«Ақ-тілек» бақылау-өткізу пункті шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешен (ИСЛК) құру болып отыр. Бүгінде екі тарап та индустриялық сауда-логистикалық кешені (Қазақстан – 50 га, Қырғызстан – 40 га) құрылысына жер телімін бөліп, инвесторды анықтады. Бас жоспар мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Қазақстанда «Romsey Holdings KZ» ЖШС басқаратын «Алатау» ИСЛК» индустриялық аймағы құрылды. Ықтимал инвестиция – 2,2 млн. Бұл жоба ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, халық тұтынатын тауарлар мен құрылыс материалын жасау, сервистік қызмет пен көлік логистикасы бойынша өндірістік тұтас кешен құруға мүмкіндік береді. 2025 жылы Ош мемлекеттік университетінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылады. Бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бішкек филиалының табысты тәжірибесінің жалғасы. Онда 2022 жылдан бастап 800-ден астам студент оқуда. Қазақстанның жоғары оқу орындарында 556 қырғыз студенті, 200-ге жуық қазақстандық Қырғызстанда оқиды. Жаңа филиалдың ашылуы екі ел арасындағы академиялық ұтқырлық пен тәжірибе алмасуды нығайтпақ. Сондай-ақ кездесуде тараптар транзиттік-көлік әлеуетін дамытиу мүмкіндіктерін, әсіресе, Алматы – Ыстықкөл автожолы құрылысы жобасын, су ресурсы мәселелері, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша өзара іс қимылды дамыту мәселесін талқылады.Кездесу соңында вице-премьерлер екі елдің экономикалық әлеуетін нығайту үшін сауда, логистика, көлік, білім беру мен басқа да саладағы басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты.https://primeminister.kz/news/islk-zholdar-sauda-zhane-bilim-beru-kazakstan-men-kyrgyzstan-vitse-premerleri-aif-2025-alanynda-ozara-yntymaktastyk-maselesin-talkylady-30107 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1008397?lang=kk
Тарихшы ғалымдар Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін талқылады 30.05.2025
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға тарихшы ғалымдар, мұрағатшы-зерттеушілер, мұражай ісінің мамандары және қоғам қайраткерлері қатысып, қазақстандықтардың Жеңіске қосқан елеулі үлесін атап өтті. Соғыс жылдарында Қазақстан әскери өнеркәсіп үшін шикізат пен материалдар жеткізуші ретінде маңызды рөл атқарды, елімізде өндірілген қарумен және оқ-дәрімен қамтамасыз етті.– Соғыс жылдарында Қазақстанға 220 зауыт пен фабрика көшірілді. Сонымен қатар, елімізде 240 жаңа кәсіпорын салынды. Соғыс жылдарында құйылған он оқтың тоғызы бізде өндірілген қорғасыннан жасалған, – деді Әскери-тарих музейдің бастығы майор Дәулет Қадыров.Тарихшылар іс жүзінде республиканың әрбір үшінші тұрғыны соғыс және еңбек майдандарына тартылғанын тілге тиек етті. Мұны 1939 жылғы санақ бойынша бағалауға болады. Сол кезде Қазақстан халқы 6,2 млн адам болатын. Әскер қатарында Қазақ КСР-дан 178 мың сарбаз қызмет етті. Сонымен қатар, майданға бір миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанды, өнеркәсіптік нысандар мен құрылыстарда 700 мыңнан астам адам жұмыс істеді.«С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ доценті, ғылым кандидаты Күләш Жұмағалиева атап өткендей, адам шығынына қарамастан, ел салыстырмалы түрде қысқа мерзімде аяққа тұрды. Дегенмен 50-ші жылдардың ортасына дейін Жеңіс күні іс жүзінде тойланбады, сол кезеңде соғыс мүгедектерін әлеуметтік бейімдеу және жұмысқа орналастыру мәселелері өткір болды.«Қарулы күштердің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшесі запастағы полковник Ғани Артықов аудандық әскери комиссариаттардың жұмысы туралы айтып берді. Жаппай жұмылдыру үшін Қазақстанда 300 шақыру пункті құрылған.Отырыста сондай-ақ, Жеңіске жету жолындағы еңбек майданына қатысушылардың рөлі атап өтілді. Қазақстандық батырлар туралы баяндамалар айтылды. Мәселен, Astana IT University колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Мадияр Шәкиев Кемел Тоқаевтың жауынгерлік жолы және Сталинград шайқасына қатысқаны жайлы әңгімелеп берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008333?lang=kk
БҰҰ, энергетика және климат: АIF қатысушылары жаһандық мәселелерді талқылады 30.05.2025
Астана халықаралық форумының алғашқы күні әлемнің түкпір-түкпірінен келген 600-ден астам делегат пен 5000 қонақтың басын қосты. Форумды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Ол өз сөзін әлемдегі алаңдатарлық саяси жағдайдан бастады: 52 мемлекет қарулы қақтығыс жағдайында болды. Бұл ретте зорлық-зомбылықтан келген экономикалық шығын 19 триллион долларға жетті – бұл дүниежүзілік ЖІӨ-нің шамамен 13,5% құрайды. Заманауи қақтығыстар ұзағырақ және күрделі болып барады. Мұндай қақтығыстардың негізінде тереңде жатқан қайшылықтар жатыр. Ядролық қаруы бар мемлекеттер арасында да шиеленіс артып келеді.Қасым-Жомарт Қазақстан орта державалар әділетті әрі инклюзивті әлемдік тәртіптің орнауына мүдделі болуы керек екеніне нық сенетінін айтты. Соған сәйкес, орта державалар да жауапкершілік жүгін көтеруге дайын болуға тиіс.Форумның панельдік сессияларының бірі БҰҰ-ға арналды. Биыл ұйым өзінің 80 жылдығын атап өтеді. Қазақстан Президенті БҰҰ құрылымдары, әсіресе Қауіпсіздік кеңесі уақыт өте аз өзгергенін атап өтті.«80 жыл бұрын жасалған институционалды құрылым мен қазіргі заман арасында алшақтық көп. Бұл Ұйымға және оның тиімділігіне деген сенімге селкеу түсіреді. Миллиардтаған адамның тағдырына әсер ететін аса маңызды шешімді бірнеше елдің қабылдағаны дұрыс емес», - деп атап өтті Тоқаев.Сондықтан Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтіп, оған әлемнің әр өңірінен өкіл қосу туралы ұстанымды қолдайды.Форумның маңызды тақырыптарының бірі – экология және климат болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия – планетадағы климат өзгерістеріне осал өңірлердің бірі екенін атап өтті. Мұндағы жылыну әлемдік орташа деңгейден екі есе жылдам жүріп жатыр.Сөзінің соңында президент форумға қатысушыларға сөз сөйлеп, оларды мазмұнды диалогқа шақырды.Форумның алғашқы күні белгілі саясаткерлер, сарапшылар,  халықаралық компаниялардың басшыларының қатысумен 9 панельдік сессия және 6 жеке кездесу өтті. Панельдік сессияларға қатысушылар Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі; жаһандық нарықтар, жеткізу тізбегі және валюталық жүйелер үшін экономикалық соғыстың ұзақ мерзімді салдары; энергияға жаһандық сұраныс және таза энергетиканы дамыту; ЖИ дамыту; Қазақстанда Алатау қаласының құрылуын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1008121?lang=kk
Қазақстан Астана халықаралық форумында көлік әлеуетін таныстырды 30.05.2025
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстанның Көлік министрлігі еліміздің көлік әлеуеті тұсаукесерін жасады. Іс-шараға түрлі елдердің премьер-министрлері орынбасарлары – Қазақстаннан Серік Жұманғарин, Ресейден Алексей Оверчук, Қырғызстаннан Данияр Амангелдиев, Өзбекстаннан Жәмшид Ходжаев, сондай-ақ Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи қатысты.Қазақстан Еуразияның стратегиялық көлік хабы ретінде Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыты бойынша жаһандық жеткізу тізбегінің аймақтық байланысы мен орнықтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Бүгінгі таңда елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі бар. Оның бесеуі – теміржол, сегізі – автокөлік дәлізі.«Біздің көліктік инфрақұрылым Қытай, Еуропа, Ресей, Каспий жағалауы елдерін, Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азияны байланыстырады. Демек, Қазақстан еуразиялық логистикалық жүйедегі маңызды буын. Қазақстандық желі барлық негізгі халықаралық көлік дәліздерімен түйісетіндіктен, әлемдік нарыққа тұрақты түрде шығуымызды қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров. Тұсаукесер барысында ТРАСЕКА, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі, Солтүстік маршрут, сондай-ақ Ауғанстан, Парсы шығанағы, Оңтүстік Азия елдерімен логистикалық байланысты кеңейтуге ықпал ететін Оңтүстік және Орталық Азия сияқты басым бағыттардың дамуына ерекше назар аударылды.«Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту, оның әлеуетті жалғасы – трансауғандық бағыттың маңыздылығы туралы айтылды.«Бұл бағыт Үнді мұхиты порттарына, соның ішінде Гвадар, Карачи мен Мумбайға шығуды қамтамасыз ететін перспективалық дәліз. Оның есептік өткізу қабілеті жылына 15 млн тонна. Біз бұл векторды аймақтық өзара байланысты нығайтуға, сауда айналымын ұлғайту мен жаңа логистикалық тізбекті қалыптастыруға ықпал ететін қолданыстағы маршруттарға стратегиялық қосымша ретінде қарастырамыз», — деді  Мақсат Қалиақпаров. Кездесуге қатысушылар Қазақстанның қазіргі автожол, теміржол және авиациялық бағытының негізгі параметрлерін, шекара маңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, аймақтың негізгі жүк құраушы нүктелерінде терминалдық инфрақұрылымды дамыту перспективасын талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша тараптар келісілген көлік саясатын әзірлеуге және логистикалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.https://primeminister.kz/news/kazakstan-astana-khalykaralyk-forumynda-kolik-aleuetin-tanystyrdy-30106 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1008132?lang=kk
Екі қазақстандық әскери қызметші Беларусьте «Ерлік пен шеберлік» белгісімен марапатталды 30.05.2025
«Ерлік пен шеберлік» төсбелгісін тағып жүру құқығына арнайы бөлімшелердің күрделі сынақтарға төтеп беретін әскери қызметшілері ғана ие болады. Биыл 87 үміткердің ішінен бұл белгі сынақтың барлық кезеңінен сүрінбей өткен 26 үміткерге табысталды. Олардың қатарында Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің екі әскери қызметшісі де бар. Төсбелгіні тағу құқығына арналған сынақ біздің жігіттер үшін де оңай болған жоқ. Ол тоғыз үміткердің ішінен тек екі әскери қызметші – капитан Сапарбек Дәулеткерей мен 3-сыныпты сержант Аманжол Дүйсенбаевқа табысталды. Ал алты қатысушымыз байқаудың әртүрлі кезеңдерінде сүрінді.4 күндік сынақта үміткерлер теориялық, әуе-десанты дайындығы, адам және жүк парашюті жүйелерін төсеуден тест тапсырды. Дене шынықтыру жаттығуларына 100 метрге жүзу, 100 метрге жүкпен жүгіру және белтемірдегі біріктірілген күштік жаттығулар кірді. Жауынгерлік даярлық нормативтерін орындау топографиялық карталармен, тактикалық медицинамен жұмыс істеуден, РХБ жеке қорғаныс құралдарын қолданудан, байланыс құралдарын дайындаудан, радиограммалар жіберуден және басқа да пәндерден тұрды. Қазақстандық десантшылар үшін ең қиын кезеңдердің бірі азимут бойынша қозғалыс және 30 шақырымдық марш болды. Бейтаныс орманды-батпақты жер қазақстандық рельефтен айтарлықтай ерекшеленді. Бірақ бұл фактор біздің екі үміткерге ең қиын қашықтықты еңсеруге еш кедергі болмады. Марштан кейінгі соңғы сынақта Сапарбек Дәулеткерей мен Аманжол Дүйсенбаев Беларусь Арнайы операциялар күштерінің мықты деген жауынгерлерімен қоян-қолтық ұрысқа түсті. – Мен бұл төсбелгіні тағу құқығына үшінші әрекетімде ғана ие болып отырмын. Өткен жылдан бастап нормативтерді тапсыруға мақсатты түрде дайындалдым.  Бұл өте қиын сынақ. Марштағы қашықтық та оңай болған жоқ.  Әйтсе де, қолбасшымыздың сенімін ақтауға тырысып, қазақстандық десантшылардың не қолынан келетінін көрсеттім, – деді капитан Сапарбек Дәулеткерей.Бұл белгі барлық күш-жігерге тұрарлық па деген сұраққа Дәулеткерей қазіргі заманғы ұрыс қимылдарында әскери қызметшінің жеке дайындығы үлкен маңызға ие деп жауап берді. Асимметриялық ұрыс қимылдарында тіпті жақсы дайындалған жауынгерлері бар шағын бөлімше де үлкенге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екенін көрсетті. – Қазіргі қарулы қақтығыстарда олар санмен емес, қарумен емес, оқумен және шеберлікпен жеңеді. Ал бұл жарыс – өзімізді сынау мүмкіндігі, – деп қорытындылады офицер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008108?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті. 30.05.2025
2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) барлық филиалдарында "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында дәстүрлі "Ашық есік күні" өткізілді.Соңғы уақытта алаяқтар халықты алдаудың жаңа да тың тәсілдерін ойлап табуда. Олар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбіне INTERNET желісінен табады. Мысалы, тегін хабарландыру сайттары арқылы әлеуметтік желілердегі аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біліп алады. Осылайша олар өз құрбандарын адастырып, сенімдеріне кіруге тырысады. Өзіңізді және жақындарыңызды осындай алаяқтардан қорғау үшін зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылық, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері туралы білім деңгейіңізді үнемі арттырып отыру қажет.Алаяқтардан қорғану тақырыбына арналған онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап, ақпаратты ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екенін, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді. Кездесу қонақтарына азаматтарға қатысты жасалған кейбір заңсыз алаяқтық әрекеттер мысал ретінде келтіріліп, осындай жағдайларда қандай іс-қимылдар жасау керек екендігі жөнінде ұсыныстар берілді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етті.Негізгі тақырыпты талқылай отырып, БЖЗҚ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, жеке мәселелер бойынша ақыл-кеңес те беріп үлгерді.Онлайн кездесу салымшылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді Қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ сайты (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасы арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) онлайн режимде тегін ала алады.Кез келген кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе қашықтан: Facebook, Telegram, В контакте, Х (Twitter) және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp көмегімен, сондай-ақ  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көпарналы тегін байланыс арқылы алуға болады.  Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1008074?lang=kk
Әкім, мемлекеттік қызметші, мұғалім, және бизнесмен: Жамбыл облысында әскери дайындықтан кімдер өтті 29.05.2025
«Айша бибі» полигонында Жамбыл облысы Талас ауданы әскери міндетті азаматтарының жиыны аяқталды.Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен запастағы әскери міндеттілер әскери дайындық негіздерін қайталап, аумақтық қорғаныс бригадасының құрамында оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтады.– Әскери жиын – оқытылған резервті құрудағы маңызды кезең. Әскери міндеттілер ескі дағдыларын еске түсіріп қана қоймай, жаңа дүниелерді үйренді. Егер қажет болса, олар сенімді түрде қызметке де тұра алады, зауыттарды, әкімшілік ғимараттар мен инфрақұрылымды қорғауға қатыса алады, – деп түсіндірді Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі подполковник Данияр Мұратбеков.  Әскери жиынға шақырылғандардың арасында Үшарал ауылдық округінің әкімі Самат Ақпанбетов те бар.– Қазір ауыл шаруашылығында шаруа шаш етектен. Егін егу керек, техниканы бөлу мәселелерімен айналысу қажет, басқа да көптеген шаруашылық міндеттерді шешу керек, – деді С. Ақпанбетов. – Бірақ әскери дайындық – мемлекеттің маңызды басымдықтарының бірі, сондықтан жиынға шақыру келгенде, барлық шаруаны кейінге қалдыруға тура келді.Тек фермерлерге ғана емес, басқа мамандықтардың өкілдеріне де жұмыстан шығу қиын болды. Мәселен, қауырт кезеңге қарамастан, Талас ауданы білім бөлімінің бастығы Мақсат Қазанғапов та полигоннан табылды. – Практикалық сабақтарсыз дағдылар ұмытылатынын жақсы түсінемін, өз саламда да білім мен дағды деңгейін сақтауға ерекше көңіл бөлемін, – деп атап өтті М. Қазанғапов. – Сондықтан жаңа тәжірибе жинақтау үшін жиындарға қатысуға шақыруға дайын болу керек. Оқу-жауынгерлік тапсырмалар нақты жағдайға жақын пысықталды. Жиын қорытындысы бойынша Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының басшылығы жергілікті әскери басқару органдарына ерекше көзге түскен жауынгерлерге кезекті әскери атақ беру туралы өтініш білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1007479?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Венгрияның әскери атташесімен кездесу өтті 29.05.2025
Астанада қорғаныс ведомствосына Қазақстан Республикасында қоса аккредиттелген Ресей Федерациясындағы Венгрия Елшілігінің жанындағы әскери атташе келді.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин әскери дипломат полковник Ласло Кёвариге жаңа лауазымда табыс тіледі.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде әскери білім беру, бітімгерлік және тілдік дайындық мәселелерін талқылады.Тараптар Қазақстан мен Венгрия қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1007440?lang=kk
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды 29.05.2025
Қостанай облысы әкімдігінде өңір әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөнінде жұмыс кеңесі өтті.Аталған бағдарлама Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, экологиялық мәдениетті көтеруге және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.2024 жылдың аралық нәтижелеріКеңесте сөйлеген сөзінде Құмар Ақсақалов 2024 жылы Қостанай облысында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті:327 сквер мен аулалық аумақ абаттандырылды;354 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылды;133 мыңнан астам ағаш отырғызылды;13,5 мың жаңа көше шамы орнатылып, көшелерді жарықтандыру деңгейі 80%-дан 90%-ға дейін артты;71 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді;362 апатты және қараусыз қалған ғимарат сүрілді.2025 жылға арналған бюджет және басымдықтарАталған жұмыстар биыл да жалғасуда.2025 жылы елді мекендерді абаттандыруға 12,7 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық.Бөлінген қаражаттың құрылымы:44%-дан астамы – көгалдандыру, саябақтар мен скверлерді дамытуға;30%-дан астамы – көпқабатты үйлердің шатыры, балконы және қасбеттерін жөндеуге бағытталған.Өңір басшысы қала келбетінің бірыңғай стилін сақтау қажеттігін атап өтті:«Ғимараттардың қасбеттерінде ашық, айқайлап тұратын түстерден бас тартып, сабырлы реңктерге – сұр-қызғылт кірпішті және беж түстерге басымдық беру қажет. Тұрғын үйлерге жақын бос аумақтарда шағын скверлер мен жасыл аймақтар жасақталуы тиіс», — деді Құмар Ақсақалов.Азаматтарды тарту және кері байланысКеңес барысында халықтың бағдарламаға қатысуы мен хабардар болу деңгейіне де ерекше назар аударылды.Талдау нәтижесі бойынша, облыстың бес ауданында Telegram желісіндегі «Таза Қазақстан» чат-боты арқылы бірде-бір өтініш түспегені анықталған. Бұл — халықтың мүмкіндіктен бейхабар екенін көрсетеді.«Азаматтардан өтініш түспеуі — бәрі жақсы дегенді білдірмейді. Керісінше, бұл — халықпен жұмыс әлсіз жүргізіліп жатқанын білдіретін үлкен мәселе. Бағдарламаның тиімділігін анықтайтын басты көрсеткіш — тұрғындардың қатысуы мен белсенділігі», — деп атап өтті өңір басшысы.Жүйелі жұмыс — табыстың кепіліҚұмар Ақсақалов «Таза Қазақстан» — бұл бір реттік акция емес, жүйелі, кешенді және ұзақ мерзімді жұмыс екенін атап өтті. Ол барлық деңгейдегі әкімдерден бағдарламаның әрбір бағытын жеке бақылауда ұстауды және халықпен ашық диалог жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1007444?lang=kk
Алматы облысы Қытаймен әріптестікті нығайтуда 29.05.2025
Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен стратегиялық әріптестікті нығайтып келеді. 2025 жылғы 21–26 мамыр аралығында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің басшылығымен өңір делегациясы Пекин, Шанхай, Ханчжоу және Цзинань қалаларында болды. Сапар бағдарламасына халықаралық көрмеге қатысу, бизнес-форум өткізу, мәдени шаралар ұйымдастыру және Қытайдың мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдерімен екіжақты кездесулер кіреді.Пекинде өткен халықаралық көрмеде Алматы облысының 12 компаниясы 150-ден астам өнім түрін – азық-түліктен бастап биологиялық белсенді қоспалар мен сусындарға дейін – ұсынды. Қазақстандық өнімдер жоғары сапасы мен табиғи құрамының арқасында қытайлық дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырды. Бұл көрме өңір брендтерін Қытай нарығына шығару мен тікелей экспорттық байланыстар орнатудың тиімді алаңына айналды.Пекинде Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық мәдени кеш өтті. Шарада «Сазген», «Құлансаз» халық музыка ансамбльдері, Алматы облысының танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Композитордың шығармашылығы әлем сахнасында қазақстандық мәдениеттің бай мұрасы ретінде таныстырылды.Сапар аясында инвестициялық және өндірістік ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Облыс әкімі қытайлық бизнес пен мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Пекин қалалық ХҚКК төрағасының орынбасары Ван Хонгпен кездесіп, ауыл шаруашылығы, логистика, жасыл энергетика және жоғары технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясында Алматы облысының транзиттік және өндірістік торап ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.2025 жылғы 22 мамырда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэнмен ресми кездесу өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. Әкім Алматы облысының қазақ-қытай серіктестігін дамытудағы стратегиялық рөлін атап өтіп, Шанхаймен тұрақты даму мен цифрлық трансформация үлгісі ретінде ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді.Маңызды кездесулердің бірі – логистикалық алпауыт YTO Express компаниясының басшылығымен өткен келіссөздер болды. Кездесу барысында облыс аумағы арқылы өтетін көлік бағыттарын дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар делегация күн энергетикасы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Astronergy компаниясының өндірістік қуаттарымен танысып, Қазақстанда өндірісті локализациялау және жаңартылатын энергия көздері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.Келіссөздер нәтижесінде Zhuhai Shixi Technology, Wanjia Hotel Group, AT Partner, Jinxiang Investment Group және басқа да қытайлық компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.Келісілген жобалар қатарында — Көлсай көлінде аспалы жол салу, сондай-ақ туризм, тамақ өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері мен ақпараттық технологиялар салаларындағы бірлескен бастамалар бар.2025 жылғы 23 мамырда Цзинань қаласында өткен ірі бизнес-форумға 300-ден астам қатысушы мен 124 компания жиналды. Форумда экспорт-импорт қатынастары, технологияларды дамыту, құрылыс материалдарын өндіру, көлік инфрақұрылымы және энергетика мәселелері талқыланды. Іс-шараға жылдық айналымы 1 миллиард юаньнан асатын оннан астам корпорация қатысты. Форум Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланысты кеңейтуге маңызды алаң болды.Сапардың қорытындысында делегация Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсянмен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қозғалды. Қазіргі таңда Алматы облысында қытайлық капиталдың қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Қытаймен тауар айналымы 2023 жылы 1,082 млрд долларды, 2024 жылы 1,023 млрд долларды құрады. Шаньдун провинциясы сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруда өңірдің басты серіктестерінің бірі ретінде қарастырылады.Сапар қорытындысы бойынша Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытаймен өзара іс-қимыл жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті:«Алматы облысы жасыл энергетика мен туризмнен бастап логистика және агроөнеркәсіп кешеніне дейінгі барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Қол қойылған келісімдер мен жасалған уағдаластықтар қытайлық әріптестер тарапынан жоғары сенім деңгейін көрсетеді. Біз бірлескен жұмысқа ашықпыз және нақты нәтижеге бағытталғанбыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1007063?lang=kk
Қонаев қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті 29.05.2025
Қаладағы Б. Соқпақбаев атындағы саябақта өткен мерекелік іс-шараға мәдениет және өнер саласының өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, сондай-ақ облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары қатысты.Жиынға қатысушыларға құттықтау сөзін Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев арнады. Ол өз сөзінде мәдениеттің қоғам дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтіп, әрбір мәдени көрініс — халықтың тарихы, тілі мен рухани мұрасының айнасы екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол мәдениет саласы қызметкерлеріне өңірдің мәдени құндылықтарын сақтап, дамыту жолындағы жанқиярлық еңбектері үшін алғысын білдірді.Бүгінде Алматы облысында 293 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, онда екі мыңнан астам маман қызмет етеді. 2025 жылы өңірде 2154 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, жастардың қатысу деңгейі 77 пайызды құрады.Салтанатты бөлім барысында мәдениет саласындағы үздік қызметкерлерге мемлекеттік және салалық марапаттар табыс етілді. Оларға алғыс хаттар, құрмет грамоталары, «Мәдениет саласының үздігі», «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ «Еңбек ардагері» және «Еңбек даңқы» медальдары тапсырылды.Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған республикалық шаралар аясында мемлекеттік деңгейде де ерекше марапаттар табысталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Алматы облысының өкілдері жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейдің директоры Салтанат Жамбылова — «Парасат» орденімен, ал «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблінің негізін қалаушы, мәдениет саласының ардагері Газиза Әбдиева — «Құрмет» орденімен марапатталды.Кәсіби байқау қорытындысы бойынша өңірдегі үздік мәдениет мекемелері анықталды. Жеңімпаздар қатарында:«Үздік кітапхана» номинациясы — Талғар аудандық кітапханасы;«Үздік музей» — Қарасай ауданындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы;«Үздік театр ұжымы» — «Қарадала» театры;«Үздік мәдениет үйі» — Еңбекшіқазақ аудандық Мәдениет үйі.Әрбір жеңімпаз мекемеге 500 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат табыс етілді.Жеке номинациялар бойынша да сала мамандары марапатталды. «Үздік мәдениет үйі қызметкері» аталымында Қонаев қалалық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі – Айнұр Бекбосынова үздік деп танылды. Ол өз сұхбатында ата-анасының мәдениетке арнаған өмір жолын жалғастырып келе жатқанын айтып, әріптестеріне алғыс білдіріп, барша әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.Салтанатты жиынның шарықтау шегі — жаңа JAC S3 Pro автокөлігінің кілтін табыстау болды. Бұл марапат облыстағы ең үздік мәдениет мекемесі ретінде танылған «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамбліне берілді. Қарасай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлжан Дүйсенова бұл марапат ұжымның 2015 жылдан бері елімізде ғана емес, шетелде де өңір өнерін танытып келе жатқан он жылдық еңбегінің жемісі екенін атап өтті. Жақында ансамбль Қытайда болып, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концертке қатысып қайтқан.Іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды. Көрермендерге ұсынылған жанды орындаулар, халық және заманауи әндер шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлап, шараның көркем қорытындысы болды.Мәдениет және өнер қызметкерлері күні — ұлттық мұраны ұрпаққа жеткізетін, қоғамға рухани азық беретін сала мамандарының еңбегі әрдайым жоғары бағалануға лайық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1007123?lang=kk
Қазақстан Елшісі Польша Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 29.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 28 мамыр – Варшаваның Белведер сарайында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамоталарын тапсырды.Салтанатты рәсімнен кейін Польша мемлекетінің басшысымен сұхбат барысында қазақ дипломаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.Қазақстан мен Польша арасындағы қатынастардың жағдайын талқылай отыра тараптар саяси диалогтың жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, екі елдің экономикасы мен мәдени-гуманитарлық байланыстарының қарқынды дамуына өзара берік көзқарас білдірді.Польша президентінің пікірінше, Қазақстан Польшаның Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі.Кездесу қорытындысында А. Дуда Қазақстан халқына және еліміздің басшылығына ізгі тілектерін жеткізіп, қазақ дипломатын ресми қызметке кірісуімен құттықтады және барлық салаларда қазақ-поляк қатынастарының одан әрі нығаюына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006677?lang=kk