Қуқық
ҚР Ұлттық экономика министрі «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитетінің төрағасы болып сайланды 10.04.2025
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитеті мемлекеттік стратегиялық тапсырмаларды жоспарлау және іске қосу мәселелерін қарау үшін құрылған.Стратегия комитетінің негізгі міндеті маңызды стратегиялық тапсырмаларды жіктеуді мынадай жолмен қамтамасыз ету болып табылады:Қордың директорлар кеңесінде Қордың даму стратегиясын 10 жылдық кезеңге алдын ала мақұлдау және Қордың даму жоспарын 5 жылдық кезеңге одан әрі қарау үшін;Қордың директорлар кеңесінде Қордың Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыруды мониторингілеу және бақылау мақсатында Даму стратегиясының, Қордың даму жоспарының іске асырылу барысы туралы есептерді қарау,Қордың ұлттық компаниялардың даму стратегиясының ұлттық стратегиялар, міндеттер және мемлекеттік бағдарламалардың декомпозициялық стратегиялық көрсеткіштерімен сәйкестігі туралы ақпаратын қарау.Комитет Қордың директорлар кеңесінің тұрақты әрекет ететін консультативтік-кеңестік органы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/17131?lang=kk
Алматыда Универсиада -2017 салтанатты түрде ашылды 10.04.2025
– Бұл стадионда жер шарындағы жетекші жоғары оқу орындарының жүздеген өкілдері жиналып отыр. Сіздердің араларыңызда болашақ олимпиадашылар мен әлемдік сайыстардың жеңімпаздары бар. Сондай-ақ, өзінің мансабын келешекте экономикамен, саясатпен, бизнеспен байланыстыратындар да жоқ емес, – деді Қазақстан Президенті.Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің ұстанымы бірлік пен ынтымақтастық орнату, қауіпсіз болашаққа ұмтылыс болғанын атап өтті.– Спорт, ғылым және мәдениет арқылы біз барлық құрлыққа тыныштық пен толерантты дамудың қазақстандық формуласын жеткізгіміз келеді. Сол үшін ұйымдастыру жұмыстары күн сайын қарқын алып, осы Мұз сарайы мен бұл ойындардың басқа да нысандары зор ықыласпен салынды, – деді Мемлекет басшысы.Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Универсиада қаланың спорт инфрақұрылымын дамытудың өзіндік локомотивіне айналғанын атап өтті.– Алматы қазірдің өзінде даусыз рекордтар көрсетіп отыр. Қысқы Универсиадалар тарихында алғаш рет мұнда Атлеттер қалашығы салынды. Бұл жобаға жұмсалған инвестиция қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады. Ареналар көпшілікті бұқаралық спортқа тартатын орталыққа айналады. Атлеттер қалашығы 1700-ден астам отбасыға арналған қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйі бар жаңа шағын ауданды құрайды. Универсиада әлемнің 80 мемлекетінде 43 телеарна арқылы көрсетіледі. Оның аудиториясы бір миллиардтан астам адамды қамтиды. Универсиаданың қанатын кеңге жайғанын, өзінің басталуының тарихи сәтіне дайын екенін көріп отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Универсиада өтіп жатқан орынның бірегейлігіне назар аударды.– Алматы – 1000 жылдық тарихы бар қала, Қазақстанның жаңа дәуірі бастау алған алтын бесік. Бұл – қарқынды дамып келе жатқан, заманауи қала, іскерлік орталығы және ел экономикасының қозғаушы күші. Жастар қаласы. Студенттер қаласы. Қазақстанның жоғары оқу орындарының үштен бірі осында орналасқан, оларда 137 мың студент білім алуда. Аты аңызға айналған және бәріміз жақсы көретін «Медеу» мұз айдыны бұрынғы даңқын қайта жаңғыртып, қайтадан ауқымды жарыстардың атмосферасын сезіндіретін болады. Іле Алатауы бөктерінде «Шымбұлақ» алмастай жарқырап тұрады. Универсиада саламатты өмір салтының рәмізіне айналады. Оның нәтижесін ұлтымыздың денсаулығын нығайту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен салыстыруға болады, – деді Қазақстан Президенті.Нұрсұлтан Назарбаев жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін осы жаһандық мерекені әзірлеуге атсалысқандардың бәріне, соның ішінде үш мың волонтерге, Халықаралық студенттік спорт федерациясына және оның президенті О.Матыцинге алғыс білдірді.akorda.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/16869?lang=kk
Пәтер кезегінде тұрғандар Атлеттер ауылынан кілттерді алды 10.04.2025
Пәтер алу кезегінде тұрған 2 мыңнан астам алматылық отбасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған болашағы зор жаңа ықшам аудан тұрғындарына айналды, олардың арасында 1 және 2 топ мүгедектері, жетімдер, ата – ана қарауынсыз қалған балалар, соғыс және еңбек ардагерлері, көп балалы және толық емес отбасылар, дәрігерлер, мұғалімдер, және басқалары бар. Сатып алынатын арендалық пәтердің бір шаршы метрінің құны 1036 дан 1126 теңгені құрайды, жалға беру мерзімі 20 жыл.«Өткен жылы әлеуметтік жағынан аз қорғалған 3 мыңнан астам отбасы жаңа пәтер алды. 2017 жылы 3200 – ден астам алматылық жаңа қонысқа ие болады, солардың 1700 – ден астамы бүгін пәтер кілттерін алды. Бүкіл дүниежүзілік Универсиада чемпиондарына есік ашқан жерге жаңа қоныстанушылар келді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Универсиада мұрасы» аясында 140 мыңнан астам оргтехника, атлеттер ауылындағы арнайы қондырғылар 500 әлеуметтік мекемелерге таратылды. 700 мыңнан астам арнайы спорттық және кәсіби қондырғылар қаланың спорт мектептері мен әлеуметтік нысандарына берілді», - деді Б.Байбек.Атлеттер ауылының аумағы 23 гектардан астам, мұнда 14 үй салынған. Видео бақылау, өрт қауіпсіздігі қарастырылған. Бұл кешенде ХҚКО, емхана, супермаркет, банк, пошта бөлімшелері мен полицияның тірек пункті жумыс істейді. Құрылыс кезінде тек отандық материалдар пайдаланылды.Атап өтерлік жайт, соңғы 8 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға жергілікті бюджеттен 300 млрд. теңге бөлінді, толық инфрақұрылым, әкімшілік орталық пайда болды. Бала бақшалар, емханалар салынды. «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиалық орталығы, «Алматы арена» мұз сарайы, қолөнершілер орталығы ашылып, тұрғындардың мәдени және рухани танымы артты. Жаңадан қосылған Наурызбай ауданында 1200 орынды мектеп, күніне 500 және 200 адам қатынайтын емхана құрылыстары аяқталып қалды, 32 көшенің жол жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/16598?lang=kk
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі коммуналдық қызмет тарифін төмендету мәселесі жөнінде кезекті кеңес өткізді 10.04.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері басшыларымен кезекті кеңес өткізілді.Бұл кеңес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ағымдағы жылғы 13 қарашадағы Үкімет отырысында берген Ұлттық экономика министрлігінің Энергетика, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен, облыс, Астана, Алматы мен Шымкент қалалары әкімдіктерімен су-, газбен жабдықтау, су бұру, телефон байланысы, интернет және ПИК қызметінің тарифін төмендету бойынша бірлескен жұмыс жүргізуі жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілді.Вице-министр Комитет пен оның аумақтық бөлімше басшыларының табиғи монополия субъектілерінің тариф төмендету бойынша қабылдаған және жүргізіп жатқан шаралары туралы есебін тыңдады. Жалпы елімізде 74 Қоғамдық қабылдау өткізіліп, оған 2 334 адам қатысқан .Комитеттің аумақтық бөлімшелері табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің заңнаманы сақтауын анықтау бойынша 48 жоспардан тыс тексеру өткізуге бастамашы болды.Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі бойынша тиісті ден қою шараларын қабылдайтын болады.Вице-министр Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің коммуналдық қызметтің тарифін төмендету жөніндегі тапсырмасын орындаудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/16584?lang=kk
Қарабатандағы «Газ турбиналы электрстансасы» құрылыс алаңындағы болған апат жағдайын түсіндіру жөніндегі комиссия жұмысы жалғасуда 10.04.2025
2018 жылы 2 наурызда «PSI Stroy Industriya»ЖШС жұмысшылары тұратын контейнерлік жатақханада болған қайғылы оқиғаны тексерген арнайы үкіметтік комиссияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Алтаев басқарды. Аталған комиссия құрамында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өкілдері, Атырау обылысы әкімдігінің қызметкерлері және «PSI Stroy Industriya» ЖШС-нің жұмысшылары мен жұмыс берушілері де болды.Еске сала кетейік, алапат өрт салдарынан Атырау қаласының ауруханасына түрлі дене жарақатын алған 4 жұмысшы жеткізіліп, оқиға орнында 6 адам көз жұмды. Бұдан бөлек тағы бір жұмысшы алған ауыр жарақатынан 3 наурыз күні көз жұмды. Оқиға орнына келген комиссия мүшелері өрт шыққан жатаханадан бөлек жұмысшылар тұратын тағы 6 жатақхананы тексерді. Нәтижесінде оларда санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағаны анықталды. Үкіметтік комиссия оқиғаның себеп-салдары анықталғанға дейін, жатақхана жұмысын тоқтатуға шешім қабылдады.Айта кету керек, газ турбиналы электр станса құрылысы 2016 жылдың қазан айында басталған болатын. Бұл құрылыс нысанында 850 адам бар, олар екі ауысым кестесімен жұмыс істейді. Жұмысшылардың барлығы 7 жатаханамен қамтылған.Тергеудің алдын-ала қорытындылары бойынша алғашқы өрт шыққан аумақ кептіру бөлмесі болуы ықтимал екендігі анықталды, себебі онда конвекторлы электр жылытқышы орнатылған. Өрттің техникалық себептері электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан жақын маңдағы тұрмыстық заттар жануы мүмкін. Алдын-ала тергеудің қорытындысы бойынша, осы топтағы жазатайым оқиғалар ҚР Еңбек кодексінің 186-бабының 2-бөлімінің 2 тармақшасына сәйкес еңбек қатынастарына байланысты болып отыр. Жұмыс беруші әрбір жәбірленушіге және қайтыс болған адамға жазатайым оқиғаға қатысты H1 түрінде акт толдырды. «PSI Stroy Industriya» ЖШС-нің басшылығы өрттен зардап шеккендер мен қаза болған жұмысшылардың отбасына жан-жақты көмек көрсетті. Компания оқиғадан қаза болған азаматтардың денесін жеке ұшақпен тұрғылықты жеріне жеткізу, жерлеу рәсіміне кеткен шығындарды толық өтеп, марқұмдардың туыстарына депозиттер ашып берді. Қазіргі кезде жұмыс беруші комапния материалдық көмекке 50 млн. теңге бөліп, бұл қаражат осы шоттар арқылы берілді.Компанияның барлық қызметкерлері жұмыстағы жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Осылайша, қайтыс болған адамдардың асырауындағы жандар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру төлемдерін алатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16517?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды 10.04.2025
Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек министрі жұмыс сапарымен барған бірінші өңір болды.Ведомства басшысы аймақтағы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы мен жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмектің қалай жүзеге асып жатқанымен танысып, Петропавл қаласы мен аудан әкімдерімен жиын өткізді. Оған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшілері қатысып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу бойынша жол картасын жүзеге асыру жағдайы сөз болды. Министр Мәдина Әбілқасымованың өңірге жасаған жұмыс сапарының маңызы да осында. Еске сала кетейік, өткен жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық шарасы кезінде тұрғындардың мәртебесі деректер базасында тексерілген болатын. Нәтижесінде, 13,2 млн адамның әлеуметтік мәртебесі анықталды. Үй-үйді аралау кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған 3 млн. адам рәсімделді, оның 130 мыңдайы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Министр осы мәселенің өзектілігін айта келе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды екі санатқа бөлу керектігіне назар аударды.«Бірінші топ – бейресми жұмыспен қамтылғандар, яғни ешқандай еңбек келісім шартынсыз тіркелмеген жеке кәсіпкерлер және жалдамалы жұмысшылар. Бұл облыста олардың қатары 39 мың адамнан асып шығылады.Егер осы санат бойынша оларды рәсімдеу орталық деңгейде жүргізілсе - жеңілдетілген салық пен тіркеу, шағын несие беру тетіктерін кеңейту қамтамасыз етіледі. Содан кейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған екінші топ үшін жергілікті деңгейде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге нақты шаралар қабылдау қажет. Бұлардың саны СҚО 36 мың адамнан асады» - деді министрі Мәдина Әбілқасымова.Осы ретте ведомства жетекшісі облыс басшылығына биыл 27,5 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүргендерді нәтижелі жұмысқа тартуды қадап тапсырды.Облыс әкімінің орынбасары Асхат Сәкіпкереев алға қойылған міндеттерді орындауда қабылданған шаралар туралы баяндады.«Бүгінде облыста өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу бойынша Жол картасы және оларды жұмысқа орналастырудың жоспары бекітілді. Бұл 13,3 мыңнан астам жұмыссыз және 14 мың нәтижесіз жұмыс істеп жүргендерді өнімді жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.», -деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.Жиын барысында сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы жылдың қорытындысы жарияланды.Нәтижесінде, республика бойынша жарты млн-нан астам тұрғын жұмыспен қамту шараларына қатысты. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүрген 300 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жалпы құны 34 млрд. теңгеден асатын 7300 шағын насие берілді. Соның арқасында 4200 адам жеке кәсіп ашты.Өңірде жүзеге асырылып жатқан нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына министр оң баға берді. Бұл бағытта жұмыспен қамту (4,3 мың жұмыссыз), оқыту (2,8 мың адам) және микрокредит (432) бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жетті.Бұдан бөлек Мәдина Әбілқасымова халық тығыз орналасқан, жұмыс күші көп аймақтардан азаматтарды көшіруде жергілікті атқарушы органдар істейтін жұмысын жандандыру қажеттігін айтты.«Аймақта оңтүстік өңірлерден қоныс аударғандарды жұмысқа орналастыру жеткіліксіз деңгейде. 2017 жылы еңбекке қабілеті бар адамдардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылды», - деп қорытындылады министр. Ол аймақтағы демографиялық тепе-теңдіктің жоқтығын да айтты, яғни 1000 тұрғынға шаққанда бала туу көрсеткіші өңірде 13,6 адам болып отыр.Осыған байланысты облыс пен барлық аудан, ауыл әкімдеріне көшіп келген халықты жұмыспен қамту және еңбек ағындарын реттеуді барынша тиісті деңгейде жүргізу міндеті қойылды.Сондай-ақ кездесу барысында халықтың әлеуметтік жағдайы, оның ішінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, атап айтқанда еңбекақыны уақтылы төлеу мәселелері кеңінен талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16493?lang=kk
2018 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына 87 млрд. теңге қарастырылып отыр 10.04.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова баяндады. Ведомства басшысы аталған бағдарламаны жүзеге асыру жалғасатын болады. Бұл үшін аймақтарда жұмыспен қамтуға кемектесу үшін кешенді жоспарлар қабылданды.«Биыл жұмыспен қамту шараларымен 570 мыңнан астам адам қамтылады, оның ішінде 37 мың адам оқуға жіберіледі. Тиімді жұмыс атқару үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қайта форматтаймыз.»- деді ведомства басшысы.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында тұрған міндеттің тағы бірі әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру екендігін Мәдина Әбілқасымова айтып өтті. Осы жылы жұмыс берушілермен бірігіп еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесін қосу жоспарлануда. Осыған сәйкес пилотты жоба ретінде «e-HR» жүйесі іске асады. (электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесін құру, электрондық еңбек кітапшаларын ендіру).Сонымен бірге, Әлеуметтік қызметтің электронды порталын медициналық-әлеуметтік қызметті модернизациялаумен қатар дамыту көзделіп отыр.Мәдина Әбілқасымова Министрлік қызметінің басты бағыттарының бірі – әлеуметтік қамсыздандыру екендігін де атап өтті. Еске сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы қайта қаралды. Бұл 3 млн. адамның әлеуметтік төлемін ортша есеппен 16%-ға арттыруға мүмкіндік берді.Ал, жаңа жылдан бастап енгізілген атаулы әлеуметтік көмекті 350 мың адам алады деп жоспарлануда. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы басқаша есептеледі. Еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тікелей байланысты болады. Бұл 2,1 млн. зейнеткерді қамтымақ. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сай бала кезден кәмелетке толған І топтағы мүгедектерді асырап отырған ата-аналарға ай сайын төленетін жәрдемақы енгізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16463?lang=kk
VIII Азаматтық форум алаңында тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру, мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру мәселесі жөніндегі міндеттер талқыланды 10.04.2025
2018 жылғы 28 қарашада Астана қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігі VIII Азаматтық форум шеңберінде үкіметтік емес сала өкілдерімен салалық кездесу өткізді.Министрлік тарапынан Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев, Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Асқарбек Ертаев сөз сөйледі.Кездесуге «Ардагерлер ұйымы» РҚҰ, «Тұтынушылар құқықтарын қорғау Ассоциациясы», «Қазақстанның Азаматтық альянсы» т.б. қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.Әңгімелесу барысында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев мемлекеттік саланың азаматтық институттармен ашық және тиімді диалогының маңыздылығын атап өтті.МЕҰ өкілдері мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын жақсарту мен кеңейту, үкіметтік емес саланы дамыту, сондай-ақ өзара ынтымақтастық мүмкін болатын салалар туралы өз ұсыныстарын жеткізді.«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолдағы бар заңнамадағы құқықтық нормалар тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуы тиіс. Бұл жерде біз қоғамдық бірлестіктердің әлеуетін барынша іске қосу үшін айтарлықтай күш саламыз» - Дарбаев атап өтті.Дарбаевтың айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдарды институционалдық күшейту, ҮЕҰ-лардың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің сараптамасын жасау жақын болашақтағы жұмыстың басты бағытына айналады.Министрлік өкілдері мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қауымдастығын құру шеңберіндегі табысты ынтымақтастығына сенім білдірді. Ол тұтынушылардың құқығының сақталуын мониторингілеу (бақылау), олардың құқықтарын сотқа дейінгі және сот тәртібінде тікелей қорғауға қатысу, тұтынушылық нарықтағы түрлі сараланым мен жосықсыз мінез-құлық тәжірибесінің барлық түріне қатысты жүргізілген тәуелсіз сараптамалар мен бағалаулардың нәтижелерін жариялау, азаматтардың құқықтық сана-сезімін өсіруге ықпал ететін болады.Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесіндегі жүргізілген реформалардың негізгі аспектілері туралы баяндады.«Біздің тарапымыздан жүргізілген жұмыс тұтастай алғанда, бақылау-қадағалау қызметінің жағдайын талдаудан басталды. Бұл талдаудың нәтижелері біздің тарапымыздан жүйелі негізде жүргізілген реформалардың арқасында бүгінде құқықтық статистика деректері бойынша тексерістердің жалпы саны 2010 жылдан бері кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 4 есе қысқартылды», - деді Жақыпов.Бүгінде бизнес жүктемелерінің едәуірі тексеріс жүргізу мерзімі болып отыр. Себебі бүгінде тексеруші тексеру жүргізу кезінде кәсіпкердің қасында көп уақыт өткізеді. Сондықтан заң арқылы айрықша тәртіп бойынша тексеріс жүргізу мерзімі 30-дан 15 жұмыс күніне, ал жоспардан тыс тексеріс 30-дан 10 жұмыс күніне қысқартылды.Спикердің пікірінше, енгізілген профилактикалық бақылау институты бизнес субъектілерімен өзара әріптестік қатынас құруғаа мүмкіндік береді және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қалыптасқан жүйесі кезіндегі тексерушілердің болмысы мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертеді.Кездесуге қатысушылар мемлекеттік орган қабылдаған шаралар кәсіпкерлердің табиғи монополия мен квазимемлекеттік сала субъектілерінің өзара әрекеттестігі кезіндегі құқығы мен мүдделерін қорғауды, сондай-ақ бизнестің кәсіпкерлік қызметті реттеу мен олардың мүддесін қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелі ортаға және өзін өзі реттейтін ұйымдарға беру жөніндегі жүйелі жұмыстар туралы Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Асқарбек Ертаев баяндады.«2000-2016 жылдар аралығында бәсекелі ортаға мемлекеттік органдардың 28 функциясы берілді. Мәселен, ветеринарлық емдеу-профилактикалық қызмет, тұқымдық мал шаруашылығы мәртебесін беру, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын өндіруге квота бөлу, тауарлар мен қызметтерді сертификаттау, техникалық тексеруді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тағайындау мен республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурстық көрмесін және басқаларды өткізу».Мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру жұмыстарының тиімділігін артыру үшін тиісті заң жобасы әзірленді.«Заң жобасын құру кезінде біздің тарапымыздан ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибесі зерттелді. Мәселен, АҚШ-та Федералдық билік органдарының функцияларын инвентарлау туралы заң әрекет етеді. Ол атқарушы биліктің федералдық органдарына жыл сайын табиғаты жағынан бірмағыналы мемлекеттік болып табылмайтын және жеке компаниялар арқылы іске берілетін функцияларды белгілейді»,-деді Ертаев.Ертаевтың айтуы бойынша, аталған заң жобасы мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелі ортаға жүйелі түрде беру, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту, оның ішінде өзін өзі реттеуді дамыту арқылы; азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ билік пен бизнестің ынтымақтастығын қоғам алдындағы міндеттемелерін сапалы орындауға жауапкершілік алуға дайын болуы секілді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҮЕҰ-мен барынша тығыз ынтымақтастық орнату, сондай-ақ өзара әрекеттестіктің жаңа тетіктерінің пайда болуының қажеттігін атап көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/16436?lang=kk
2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерге 106,5 млрд. теңге бөлінді 10.04.2025
Жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтіндерге – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлемдеріне 2017 жылы республикалық бюджеттен 32,4 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа есеппен 145,7 мың адам алды. Бұл ретте, жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай сараланып, 13 070 теңгеден (бірінші балаға, 15 452 т. – екінші балаға, 17 812 т. – үшінші балаға) 20 195 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) беріледі.2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд. теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай 13 853 теңгеден (бірінші балаға, 16 379 т. – екінші балаға, 18 880 т. – үшінші балаға) 21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) тағайындалады.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2017 жылы жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 14,1 млрд. теңге әлеуметтік төлемдер берді.Осы әлеуметтік төлемді алушылардың бір жылдағы орташа саны 230,9 мың адамды құрады. Бұл ретте, төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 %-ын құрады.Сондай-ақ, 2014 жылдың басынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста жүргенде, міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады, бұл жинақталған зейнетақы қаражатының ұлғаюына ықпал етеді. Осы аралықта (2014-2017 жылдары) республикалық бюджеттен зейнетақы жарналарын субсидиялауға жалпы 16,5 млрд. теңге жұмсалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16428?lang=kk
ОКҚ-де еңбек заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті 10.04.2025
Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасовтың қатысуымен «Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Бүкіләлемдік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «еңбек нарығының тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 35-ші орынға ие болды. Бұл жаңартылған еңбек заңнамасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік серіктестермен бірге қабылданатын жүйелік шаралардың көрсетер нәтижесі. «Өткен жылы үшжақты комиссия еңбекақы бойынша қарызы бар 305 кәсіпорынды анықтады. 2017 жылдың қорытындысында жұмыс берушілер тарапынан 22,1 мың жұмысшыға 3,1 млрд теңге берешек өндірілді. » Жұмысшыларды қысқартуды жоспарлаған 75 кәсіпорында 3,7 мың қызметкерді жұмыстан босатпауға бағытталған шаралар қабылданды, ал, 185 мыңнан астам жұмысшысы бар 422 кәсіпорын еңбек және әлеуметтік заңнаманы жиі бұзатын кәсіпорындар ретінде тәуекелге жиі ұшырайтындар қатарында» - деді бас еңбек инспекторы.Өткен жылы жеке еңбек келісімшарттарының саны 60 мыңға артты. Сондай-ақ, бүгінгі күні қызметкерлерді қысқартудың алдын алуға бағытталған 115 мың меморандум жасалды. Нәтижесінде 2,8 млн жұмыс орны сақталып қалды.Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2017 жылы азаматтардың өтініштері бойынша 9 920 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.«Олардың басым бөлігі жалдамалы жұмысшылар және жұмыстан босатлығандар. Олардың шағымы бойынша 14,9 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Тексеріс нәтижесінде 467 млн. теңге айыппұл салу туралы санкциялар берілді.» -деді комитет төрағасы.Ақмәди Сарбасовтың пікірінше, еңбек қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерінде оң өзгерістер байқалады. Соңғы 3 жылда өндіріс орындарында зардап шеккендер қатары 16%-ға азайды.Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шегетін жұмысшылар тау-кен металлургиялық кешендерінде -16,0% және құрылыс индустриясында 15,2% болып тіркелген.Қорыта айтқанда жаңа Еңбек кодексі қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту үшін өндірістік кеңестерді құруды қарастырады. Бүгінде мұндай 12 мыңнан астам кеңес құрылған кәсіпорын арасында 140 жұмыс берушіге «Сенім сертификаты» табысталды.Еске салай кетейік, жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес Декларация қағидалары негізінде сенім сертификаттары беріледі. Мұндай куәлікті алғандарға үш жыл ішінде тексеріс жүргізілмейді.Жаңа еңбек заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мақсатында сарапшылар тобы жұмысты жалғастырып жатыр. Аталған тобқа бүгінге дейін жұмыс берушілерден, қызметкерлерден, азаматтардан 200-ге жуық ұсыныстар келіп түсті.Сарапшы тоб түсіп жатқан ұсыныстарды ескеріп, заңдағы өзгерістерді қарау үшін биыл Парламент қарауына жіберуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16427?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі Whats App мессенджерін іске қосты 10.04.2025
Енді, ведомства мамандары Whats App мессенджері арқылы халықпен өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, әрі әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша жедел ақпарат алмаса алады. Whats App мессенджерінің номері; +7 700 101 1414Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.«Еліміздің азаматтары өздерін толғандырып жүрген зейнетақы, түрлі жәрдемақы, мүгедектікті тағайындау, көпбалалы отбасын қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары жайында сауалдарға тікелей жауап алатын болады», -деп атап өтті баспасөз хатшысы. Айта кетейік, биыл министрлік келесі міндеттерді орындайды:жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу:базалық зейнатақы төлемдерін тағайындаудың механизмін қайта қарау;кәмелет жасына толған, бала кезінен І топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізу;өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу;әлеуметтік қызмет жүйесін модернизациялау;мүгедектік бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамалық қызметті қайта форматтау;саланы цифрландыру, электронды еңбек биржасын енгізуді, электронды еңбек келісімдерді қамтамасыз ету және т.б.«Егер аталған бастамаға ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз бен толықтыруларыңыз болса, біз бігіріп талқылауға және кеңінен сұхбаттасуға әзірміз. Азаматтар өздерінің сұрақтарын Whats App мессенджеріндегі +7 700 101 1414 нөмеріне жолдауына болады», - деп атап өтті Нұрлыбек Жеңісбек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16412?lang=kk
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шамамен 105 мыңнан астам келісімшарт жасалды 10.04.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасын орындауда, жыл басынан бері жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмек жүзеге асырыла бастады.Еңбек министрінің айтуынша, соңғы үш жылда осыған даярлық жұмыстары жүргізіліп, атап айтқанда жаңа сипаттағы АӘК-тің прототипі болып табылатын «Өрлеу» жобасы іске асырылды. «Осының аясында, барлық қажетті құқықтық және нормативтік база әзірленді, жергілікті атқарушы органдардың барлық деңгейдегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін оқыту ұйымдастырылды, АӘК тағайындаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жасалды.Бір мезетте жаппай өтініш білдірудің алдын алу үшін 2017 жылдың төртінші тоқсанынан бастап АӘК алушылармен әлеуметтік келісімшарттар жасалды», - деді Тамара Дүйсенова.Нәтижесінде бүгінгі күні 105 мың әлеуметтік келісімшарт жасалды, оның ішінде 88 мың отбасы мүшелері жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін ақшалай көмек пен мемлекеттік қолдау шараларын алады.Жергілікті атқарушы органдардың бекіткен кестесіне сай, қаңтар айында аталған көмек 48,9 мың отбасына көрсетіледі. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, жаңа сипаттағы әлеуметтік көмектің жүзеге асырылу нәтижесі жергілікті атқарушы органдардың істейтін жұмыстарына да тікелей байланысты болмақ.«Осы ретте, облыс әкімдері АӘК -ті алатын отбасыларды белгіленген кестеге сәйкес қамтуды, әсіресе жұмысқа орналасуға мемлекеттік қолдау көрсетуді, несиелер беруді және оқыту бойынша жасалған әлеуметтік келісімшарттардың орындалуын қатаң түрде қадағалауы қажет деп білемін», - деді сөз арасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16384?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Импульс» әлеуметтік жарнамалық байқауының жеңімпазы атанды 10.04.2025
"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Импульс» мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауының жеңімпаздары жарияланды.Салтанатты жиында мына аталымдар бойынша лауреаттар анықталды: «Үздік бейне жарнама», «Үздік аудио жарнама», «Үздік сыртқы жарнама», «Үздік интернет-жарнама», «Үздік плакат», «Ең үздік кітапша», «Үздік жарнама кампаниясы» және «Үздік жарнама белсендісі».2017 жылғы байқау жеңімпаздарының тізімінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бар. Ведомства «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруда «Үздік жарнама кампаниясы» аталымы бойынша екінші орынды иеленді.Осы аталымда III орынды екі ұйым бөлісті. Буратия республикасының қалалық медицицналық профилактика орталығы «Біз жүрек саулығы үшін!» және Санкт-Петербургтің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс және баспа комитеті «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу» жобасымен танылды. Ал, жеңімпаз болған өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларды қолдау Қоры «Балалар сенім телефоны» жобасымен үздік шықты. Бір атап өтерлігі, биылғы байқауға қатысуға ниет білдіргендер қатары рекордтық көрсеткішке жетті. Ұйымдастыру комитетіне Ресей Федерациясы аймақтары мен ТМД елдері бойынша барлығы 500-ге жуық өтініштер келіп түскен.Конкурсқа 2017 жылғы 1 - қазаннан 2017 жылғы 18 - қыркүйекке дейін жарияланған және іске асырылған әлеуметтік жарнамалар қабылданды.«Импульс» мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауы - қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелеріне назарын аудару үшін, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдармен жарнама жасау процесін сапалы әрі жаңа деңгейге көтеруге арналған бірегей жоба.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16219?lang=kk
Жұмыспен қамту орталықтарының 260-тан астам қызметкері оқудан өтті 10.04.2025
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Жұмыспен қамту орталықтарын реформалау» тақырыбында практикалық оқу - семинарларын өткізді.Тренингке аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту орталықтарының, сондай-ақ өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан 260-тан астам маман қатысты. Семинар кезінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілдері «Еңбек нарығы» және «Бірыңғай электронды еңбек биржасы» жаңа ақпараттық жүйесінде бизнес-процестер мен жұмыс әдістерін ұсынды.Жұмыспен қамту орталықтарының жаңа үлгісі жұмыс берушілермен жұмыс істеудің белсенді форматын енгізеді, үміткерлермен жұмыс жасауда профилді құралды енгізу және олардың жұмыспен қамтудың жеке жоспарларын әзірлеу арқылы нығаяды.Жұмыспен қамту орталықтары - жеке агенттіктер, бұқаралық ақпарат құралдары мен жеке интернет-алаңдардан бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді біріктіретін Электронды Еңбек биржасының белсенді қатысушысы болады.Тренинг аясында жұмыс берушілердің назарына Электронды Еңбек биржасында бос жұмыс орындары, жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасуы, сондай-ақ жұмыссыздардың екі қолға бір күрек табудағы мүмкіндіктері туралы ақпараттарды орналастыру ұсынылды.Еске сала кетейік, 2018 жылы қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында елдегі барлық 199 жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы трансформациялаудан өтеді.Бұл жұмыспен қамту орталықтарындағы жұмыс іздеушілер және жұмыс берушілер арасындағы қатынасты белсенді жүргізіп, әрі қағазбастылық жұмыстан арылтады. Орталықтардың жұмысындағы барлық процедуралар барынша автоматтандырылады, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің өзара байланыстары «бір терезе» қағидатына негізделетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16205?lang=kk
Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады 10.04.2025
Мамандыққа да машықтанып, жұмысқа да орналасуға болады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы екі қолға бір күрек ұсынып, еңбек нарығының сұранысын да реттейді. Сарыағаш ауданында осынау мемлекеттік бастама аясында 400-ден астам тұрғын түрлі мамандықтарды оқып, арнайы куәліктерге қол жеткізді.Үш ай бойы түрлі мамандыққа машықтанған бағдарлама қатысушыларына куәліктер тапсырылды. Тігінші, темір ұстасы, аспаз сияқты бүгінде таптырмайтын бас-аяғы 10 кәсіп түрін игергендердің тең жартысының бүгінде тұрақты жұмыс орындары да дайын дейді салаға жауаптылар. Салтанатты шарадан кейін жас мамандарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 60-тан аса жұмыс беруші қатысып, 250-ден аса жұмыс орнын ұсынды. Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында 1500-ден астам адам қысқа мерзімді оқу курсына жолданған. Олар өңір басшысының «Әр ауылға өз шебері» бастамасы аясында үш айлық курс кезінде ауданға қажетті деген 38 мамандықты игеріпті. Айта кетейік, облыста арнайы бағдарлама аясында 12 мыңнан аса адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жолданып, бүгінде оның 9 мыңдайы аяқтаған. Еңбек нарығында аса қажетті деген 85 мамандық бойынша арнайы білім алған бағдарлама қатысушыларының тең жартысы екі қолға бір күрек тапты дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16190?lang=kk
БЕЙЖІҢДЕ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН–ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ БЕЙЖІҢ 10.04.2025
Қазақстандық делегацияны ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов, Қытай тарапын ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичжэ басқарды.Тараптар 2015 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бағдарламасының (51 жоба) іске асырылу барысын талқылады. Тараптар Қытай Даму Банкінің, Жібек жолы Қоры өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының әзірленуі барысын талқылады, сондай-ақ, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы, цифрландыру, жасыл және басқа да жоғары технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылдарды дамыту жайында пікір алмасты.«Біз қазіргі таңда Қытай мен Қазақстанның даму бағдарламаларын одан әрі сәйкестендіру мәселелерін зерттеп жатырмыз. Осы тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы өте қызықты, оны біз мұқият зерделеп шықтық, ол цифрландыру, индустрияландыру, таза энергия көздерін дамыту және басқа да салалардағы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл үшін елеулі мүмкіндіктер ашады», — деді Қытай даму банкінің жоспарлау департаменті директорының орынбасары Ху Дуншэн.«Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын қарастырып, біз сіздердің елдеріңіздің өнеркәсіптік инновацияларды, жасыл экономиканы және басқа да жетекші салаларды дамыту бойынша маңызды жоспарларыңызға назар аудардық. Біз адамзаттың индустриалды саладағы реформаларды талап ететін, жаңа кезеңге аяқ басқанымен келісеміз», - деді ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичжэ индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Қытай бірлескен комиссиясының 14-ші отырысында.Нин Цзичжэ ДРІМК пікірінше, Қазақстандағы өткізіліп отырған реформаның ең негізгі ерекшеліктері ретінде, индустрияландыру мәселелерінің Интернетті, цифрландыруды, жасыл және «ақылды» технологияларды дамытумен тығыз байланысы екендігін атап өтті. «Қытай да Қазақстан тәрізді экономиканың осы салаларының дамуына басты назар аударады – бізде «Қытайда жасалынған -2025» және «Интернет+» бағдарламалары әзірленген. Қазіргі таңда қытайлық смартфондар әлемде жетекші позицияларға шыға бастады. Және біз, өзіміздің тәжірибемізбен бөлісуге, цифрландыруды және «ақылды» технологиялар саласындағы жобаларымызды Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бірлескен бағдарламасына дайынбыз», - деп атап өтті ол.Айта кететіні, ҚХР Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті – құзыретіне макроэкономикалық реттеу, орта жән ұзақ мерзімді даму стратегиясын анықтау, баға саясаты (оның ішінде, баға монополиялары келісімдері бойынша тексерулер), аймақтардың дамуына көмектесу, ҚХР экономикасының салалық құрылымын жақсарту, қытай инвесторларының негізгі шетелдік инвестициялық жобаларын және ҚХР маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға рұқсаттар бру, экономиканың тұрақты дамуы стратегиясын жүзеге асыру кіретін ҚХР Мемлекеттік кеңесі комитеті болып табылады.Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы мәселесі шеңберінде, жалпы сомасы 26,2 миллиард доллардан астам 51 бірлескен ауқымды жобаларын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Бұлар химия өнеркәсібі, тау-кен-металлургиясы секторындағы, машина құрастыру, инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі және ақпараттық технологиялар салаларындағы жобалар.Сонымен қатар, Бейжіңге екі күндік сапар аясында Арыстан Кенжетайұлының China Power International Holding, China Telecom, Shanghai Electric Corp., YTO Group, COSCO Shipping Lines, NFC, NORINCO International және т.б. сияқты ірі қытайлық инвестор компаниялардың басшыларымен В2В кездесулері жоспарланған.Ақпарат көзі: kazinformАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25833?lang=kk
Астанада ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері талқыланды 10.04.2025
Бүгін Rixos President Astana қонақүйінде «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шексіз зейнетақымен қамсыздандыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, Зейнетақы және әлеуметтік қорлардың халықаралық қауымдастықтың, «Атамекен» ҰКП-ның, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ-нің, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының, Кәсіподақтар федерациясының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік аннуитеттік компанияның, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері және т.б. қатысты.Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) өкілдері келді.Бүгінгі күні зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұлттық ерекшіліктерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік органдары осы одақ құрамына енген мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартты дайындау үшін жұмыстар жүргізіп жатыр.Дөңгелек үстел барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице - министрі Светлана Жақыпова өз сөзінде, мұндай келісім зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы тең құқықты қамтамасыз ету, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер аумағында жұмыс істейтін еңбеккерлердің зейнетақы құқықтарын қорғау болып табылатындығын атап өтті.«ЕАЭО-қа мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің азаматтарына осы мемлекеттің азаматтарына ұқсас шарттарда берілген құқықтар мөлшеріне тең зейнетақымен қамтамасыз ету көлемін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, мұндай келісімнің қабылдануы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы аталған одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті және құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді» - деді вице-министр.Коллегия мүшесі – ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты министрі Тимур Жақсылықұлы Мекешович барлығын Шарт жобасы бойынша жұмыстың барысы және оның мүше мемлекеттердің еңбекшілері үшін артықшылықтары туралы ақпараттандырды.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты қабылдау қажеттігі туралы Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары – Статс-хатшы Андрей Николаевич Пудовта атап өтті.Бүгінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында заңды негiздерде жүз мыңнан астам еңбекші мигрант жұмыс істейді және олар мен олардың отбасы мүшелері үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін реттеудің жоғары маңызы бар.Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың күшіне енуі мүше мемлекеттердің азаматтарына мүше мемлекеттер аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ие болған зейнетақы құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді және олардың еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ еңбек қызметін заңдастыру бойынша белгіленген рәсімдерді сақтаудың қосымша стимулына айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16090?lang=kk
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері ҚР Үкіметінің кезекті отырысында талқыланды 10.04.2025
Жыл басынан бері облыстардағы мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 мың 700-ден астам тексеру жүргізіп, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 2890 заң бұзушылықты анықтады.Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай туғызған 20 ұйым мен өндіріс нысандарының жұмысы уақытша тоқтатылды, ондағы 230 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы осы және басқа да көрсеткіштер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кезекті Үкімет отырысында баяндады. Бүгінгі таңда еліміздегі 1400-ден астам кәсіпорын халықаралық еңбек ұйымы ұсынған еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау стандарттарын енгізген. Сапында жұмыс берушілер мен жұмысшы топ өкілдері бар 12 мыңнан астам өндірістік кеңестер құрылды.Бүгінгі таңда 130-тан астам жұмыс беруші сенім сертификатын алып, инспекцияның жоспарлы тексеру тізімінен үш жылға дейін шығарылды. Бұл мүмкіндік, жұмыс беруші өзінің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес ерікті декларацияны жүзеге асыруына байланысты болды.Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді. Аттестациялауды тек сынақ зертханасы бар, арнайы мамандандырылған ұйымдар ғана жүзеге асыра алады. «Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралардың нәтижесінде, жұмысшылардың қауіпсіздік еңбек жағдайларын қалыптастыруда оң үрдіс байқалады. 2016 жылы өндірісте жапа шеккендер қатары 2015 жылмен салыстырғанда 2,4% -ға азайды.» - деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.Көбіне құрылымы, ғимараттары мен қажетті жабдықтары қанағаттанарлықсыз жағдайдағы құрылыс индустриясында (16,0%), және тау-кен металлургиялық саласында (15%) жұмысшылар сан-алуан жарақаттар алады. Осы жылдың алғашқы тоғыз айы бойынша еліміздің кәсіпорындары басым орналасқан аймақтары, - Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өндірістегі жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталып отыр.Қазір елімізде халықаралық талаптарға сай еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.Министрдің айтуынша, министрлікте құрылған сараптамалық топ жыл соңына дейін еңбек жағдайы бойынша жұмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібін жетілдіру, жұмысқа байланысты өзара әрекеттесуді белгілеу негізінде ұсыныстар әзірлейтін болады. Тараптардың аралас жауапкершілігі де белгіленеді (жұмыс беруші және жұмысшы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16080?lang=kk
Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылғалы 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты 10.04.2025
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылады. Жүйе барлық 199 жұмыспен қамту орталығын қамтиды. Жұмыспен қамту қызметін жандандыру үшін 10-ға жуық интернет-алаңдар ашылып, жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің саны екі есеге өспек.Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту аясында осы және басқа да ерекше жобаларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында баяндады.Бұған дейін еңбек нарығының инфрақұрылымы жолға қойылмағандықтан жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де уақытты бос өткізіп, қаржылық шығындар көрді. Өтініш иелері мен жұмыс берушілер арасында нәтижесіз кездесулер болса, кәсіпорындар жұмыс іздеушілермен тиімсіз өзара әңгімелесулер жүргізді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қазан айынан бастап еліміздің төрт өңірінде - Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қаласында пилотты бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылды.«Тәжірибеде көрсеткендей, цифрлық платформадағы еңбек нарығына сұраныс пен сұранысты біріктіру жүйесінің өз әсері бар. Бүгінгі күні жобада жұмыс берушілерден бөлек, 4 пилотты жұмыспен қамту орталығы, 2 онлайн-алаң және 19 жеке агенттік жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні 8 мыңнан астам түйіндеме, 30 мыңға жуық бос жұмыс орны және 15 мыңнан астам жұмысқа орналасу фактісі тіркелді,» - деп сөзін түйіндеді министр.Жобаны іске асыруда жұмысқа мұқтаж азаматтардың жалпы санын 10% -дан 20% -ға дейін қамту жоспарлануда. Электронды алмасу арқылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің арасындағы өзара қатынас шығындары 1 млрд. теңгеге үнемделеді. Тағы бір айта кетерлігі, Министрлікте құрылған Әлеуметтік –еңбек саласының Біріңғай ақпарат жүйесі қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша бірнеше жобаларды қамтиды. Олар – еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зәйнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет және көш-қон бағыттары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16013?lang=kk
Алматыда 43,2 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді 10.04.2025
Қазіргі кезде қала жолдарындағы ақауларды анықтаумен және оларды жөндеу жұмыстарымен 20 бригадалары бар төрт мердігерлік ұйым айналысуда.Алматы қаласының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, қалада ұзындығы 31,27 км болатын 12 магистральді және аудандық маңызы бар 23 көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды.Жақын күндері Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеуден өзге бұл учаскеге «Алматы қаласының тұрақты көлігі» бағдарламасы бойынша қаланың велосипед және жүргінші жолы инфрақұрылымын жоспарлау негізінде велосипед жолдарының қондырғылары орнатылады.Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейін ұзындығы 2,08 болатын аумақ күрделі жөндеуден өтуде. Жобада көлік қозғалысы бөлігін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзенінің бойындағы көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салу қарастырылған.Атап өтерлік жайт, биылғы жылы жалпы құны 574 млн. теңге болатын 14,7 км арық желісін салу, 57 көшеде 42,2 км арық желісін қайта жасау жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктерден ұзындығы 500 км болатын 488 көшеге жаңа арық желілер мен жаңбыр канализацияларын салу үшін ЖСҚ жасау жөнінде өтініштер түскен. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15976?lang=kk