Enbekshi QazaQ

Қуқық

Жұмылдыру дайындығына басымдық: Қарағандыда Қарулы күштердің басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиыны өтті 28.05.2025
Іс-шара қазіргі жағдайда әскерлерді жұмылдыру тәсілдерін өзектендіруге арналды.Жиынның мақсаты - қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, жұмылдыру дайындығына бірыңғай көзқарас қалыптастыру. Іс-шара аясында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың төрағалығымен әскери-ғылыми конференция өтті.Онда офицерлерді даярлаудың жаңа әдістері, жұмылдыруды басқару жүйесін жетілдіру жолдары, сондай-ақ әскерлерді жұмылдыру ресурстарымен толықтыру мәселелері талқыланды. Әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруға және жауынгерлік үйлестіруге ерекше назар аударылады.Жиынның практикалық бөлігі оқу орындарында өтті. Қатысушылар жауынгерлік әзірлікке келтіру, адам және көлік ресурстарын жұмылдыру, сондай-ақ техниканы сақтаудан шығару іс-қимылдарын пысықтады.Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қарулы қақтығыстардың жаңа тәжірибесі бағдарламаның негізі болғанын, бұл әскерлерді оқыту мен басқарудың заманауи тәсілдерін жасауға мүмкіндік бергенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1001017?lang=kk
Білім беру басты басымдық: № 1 Қамысты мектебі – жаңару жолында 28.05.2025
Шамамен жарты ғасыр бұрын, 1978 жылы №1 Қамысты жалпы білім беретін мектебінің ғимараты пайдалануға берілді. 2009 жылы шатырға күрделі жөндеу жүргізілді, ал 2011 жылы ғимараттың қасбетіне күрделі жөндеу жүргізілді. Алайда ғимарат ішінде тек жыл сайынғы ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. 2023 жылы сараптаманың оң қорытындысын ала отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ал биыл облыстық бюджеттен күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінді. Мердігер ретінде – «Гренада» ПКФ» ЖШС анықталды. 11 наурызда жұмысшылар бригадасы  жұмысқа кірісті. Жылыту  және желдету жүйелері жаңартылып, барлық үй-жайлардың ішкі безендірілуі жүргізілетін болады. Жаңа бейнебақылау камералары мектеп аумағындағы қимыл-әрекеттердің барлығын бақылауға мүмкіндік береді, бұл қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады.№ 1 Қамысты мектебінің директоры Намик Оруджовтың айтуынша, күрделі жөндеу – мектеп қауымдастығы үшін өте қуанышты және көптен күткен оқиға. Ол кабинеттердің заманға сай жағдайы мен техникалық мүмкіндіктері қызметкерлердің көңіл-күйіне әсер ететініне сенімді. Мұғалімдер өз әлеуетін толық пайдалана алады, ал оқушылар оқуға ыңғайлы болады, бұл жалпы жоғары  жетістіктерге серпін береді.Аудан басшылығы жөндеу мәселесін үнемі бақылауда ұстап, студенттердің жаңартылған ғимаратқа тезірек оралуы үшін барлық жұмыстарды уақытында орындауына бар назарын аударуда. Себебі күрделі жөндеудің басталуымен мектепті толығымен босатып, оқушыларды жақын маңдағы білім беру мекемелеріне ауыстыру туралы шешім қабылданған еді.  Оқу процесін үздіксіз ұйымдастыру мақсатында 1-4 сыныптар мен мектепалды сыныптардың білім алушылары Қамысты №2 жалпы білім беретін мектепіне екінші ауысымға ауыстырылды, онда олар үшін бекітілген кестеге сәйкес сабақтар ұйымдастырылып, тамақтандыру қолға алынған. Оқушылардың шығармашылық үйінің ғимаратында бірінші ауысымда 5,9,10,11 сынып  оқушылары, ал екінші ауысымда 6,7,8 сынып оқушылары оқиды. Екі ауысымды оқытуға көшуді ескере  отырып, оқу жоспарын толық іске асыру мақсатында бірінші ауысымдағы сабақтар 8.30-ға ауыстырылды.Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әлихан Арстымбаев білім алушыларды басқа ғимараттарға және екі ауысымды оқытуға ауыстыру туралы шешім жалпы мектептік ата-аналар жиналысы аясында ата-аналар жұртшылығымен талқыланғанын атап өтті. Оқу кестесі мен оқу орнына бейімделуде қиындықтар болған жоқ. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, балалар да сабақта әдеттегідей белсенді. Оқушылар жаңартылған кабинеттерге оралу үшін жаңа оқу жылын асыға күтуде.Математика пәнінің мұғалімі Ермек Әзбергенов №1 Қамысты мектебі бір туғандай болып кеткенімен бөлісті, өйткені ол осы білім ордасында білім алып, мектепке педагог ретінде қайта оралған. Оның пікірінше, оқытудың заманауи жағдайларын жасау сабақтарда оқушылармен қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді. Мектепке күрделі жөндеу жүргізу – білім беру ортасын жаңартудағы маңызды қадам. Ғимарат барлық қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына сай болуы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1001138?lang=kk
«Даму» қоры 226,3 мың жобаға қолдау көрсетті 28.05.2025
Қазіргі уақытта «Даму» қорының бағдарламалары негізгі 3 құрал арқылы жүзеге асырылады: субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдетілген несие беру. Қаржы бағдарламалары іске асырылған уақытта 14,2 трлн теңге несие сомасына 226,3 мың жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде субсидиялау бойынша 8,93 трлн теңге несие сомасына 119 мың жоба,  кепілдендіру бойынша 2,37 трлн теңге сомасына 73,2 мың жоба, жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме 3,3 трлн теңге сомасына 32,1 мың жоба қолдау тапты. Бұл жайлы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов ОКҚ брифингінде хабарлады.«2024 жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы 1 трлн 713 млрд теңге бойынша 29 513 жобаға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, субсидиялау бойынша 17 623 жоба 1014 млрд теңге көлемінде, несиені кепілдендіру бойынша  9 173 жоба 449 млрд теңге сомасына, жеңілдетілген несие бойынша 2 717 жоба 554 млрд теңге көлемінде. Ал, салалар бойынша, ең басты мақсатымыз - ол өнеркәсіп саласын дамыту, сол салаға атап өткен көлемнің 36%-ы берілді. Бұл  622 млрд теңгені құрады. Одан кейін көлік және қоймалау саласы,246 млрд теңне жқмсалды.  Туризм саласына 109 млрд теңгеден астам және білім беру саласына 109 млрд теңге, өзге салаларға 627 млрд теңге жұмсалды», – деді спикер. Бұл жобаларды іске асыру есебінен мемлекеттік қолдау алған барлық өндіруші 2024 жылы 25,4 млрд теңгеге өнім шығарды. Олар 1,7 трлн теңгеге салық түсімдерін қамтамасыз етіп, 9,7 мың жаңа жұмыс орнын құрды. 2024 жылғы динамикаға сәйкес, 2023 жылмен салыстырғанда қолдау тапқан жобалар саны 24%-ға және несиелер сомасы 9%-ға өсті. Пандемия және пандемиядан кейінгі кезеңде кәсіпкерлерді қолдау көлемі ұлғайтты, нәтижесінде қамту орташа жылдық деңгейден 1,5-2 есе асып түсті.Қазіргі уақытта Қор бағдарламаларының шарттарына өзгерістер енгізіп жатыр.Мемлекет басшысының 2025 жылғы 21 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтылған тапсырмасы мен Үкіметтің 2025 жылғы 02 сәуірдегі қаулысына сәйкес Қор 2 Кепілдік қорын құрды. Біріншісі 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға, екіншісі 7 млрд теңгеден астам ірі инвестициялық жобаларға арналған.Бірінші Кепілдік қоры шеңберінде кепілдіктер берудің негізгі шарттары: кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберінде қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден аспайды; кепілдіктің ең жоғары мөлшері-қаржыландыру сомасының 85%-на дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды; ұсынылатын кепілдік мерзімі-қаржыландыру мерзімінің 5 айынан асатын мерзім; кепілдіктер жеделдетілген рәсім бойынша — екі жұмыс күні ішінде, «Даму» Қоры тарапынан қайта сараптама жасалмайды. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша кепілдіктер  екінші деңгейдегі банктермен жасалған портфельдік кепілдік беру туралы келісімдер шеңберінде беріледі. Екінші Кепілдік қоры шеңберінде кепілдіктер берудің негізгі шарттары: кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберінде қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден асады; кепілдіктің ең жоғары мөлшері – жоба құнының 30% дейін; берілетін мерзімі – 15 жылға дейін. Әр өтінім «Даму» қоры тарапынан жеке қаралады.https://ortcom.kz/kk/novosti/1747814931 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1000902?lang=kk
Қостанайда «Студенттік көктем – 2025» фестивалі басталды 28.05.2025
2025 жылғы 20 мамырда Қостанайда облыстың барлық студент жастар қауымын біріктірген «Студенттік көктем – 2025» фестивалі салтанатты түрде ашылды.Іс-шараға өңірдің жетекші жоғары оқу орындары қатысуда: Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ, ЧелГУ Қостанай филиалы, З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті және Рудный индустриалдық институты.Фестивальді ұйымдастырушы – Қостанай облыстық Жастар ресурстық орталығы. Бағдарлама аясында зияткерлік, шығармашылық және спорттық жарыстар өтуде. Ашылу күнінде триатлон саябағында волейбол, баскетбол және мини-футболдан жарыстар, зияткерлік квест, қазақ және орыс тілдерінде АПФ форматындағы пікірсайыстар ұйымдастырылды. Кешкісін ТРЦ «МАРТ» алдында Open Air дискотекасы өтті.Бүгін волейбол, баскетбол және мини-футболдан финалдық ойындар өтуде. Барлық жоғары оқу орындарының қатысуымен өтетін гала-концерт КИнЭУ-дің Студенттер сарайында ұйымдастырылады, сол жерде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де болады. Жүлдегерлерге дипломдар, кубоктар, медальдар мен 25 000-нан 150 000 теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар табысталады. Фестивальге белсене қатысқан жоғары оқу орындарына алғыс хат пен 400 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табыс етіледі.«Студенттік көктем – 2025» фестивалі – өңірдің мәдени өміріндегі жарқын оқиға. Ол жастарға өз таланттарын көрсетіп, достық байланысты нығайтып, студенттік шығармашылықтың дамуына үлес қосуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1000783?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы ТМҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты 28.05.2025
Будапешт, 2025 жылғы 21 мамыр – Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми Саммиті қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.Іс-шараға қатысушылар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, көлік, логистика, коммуникация және климаттың өзгеруімен күрес салаларында ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.Қазақстан СІМ басшысы ТМҰ-ға мүше елдердің сауда, инвестиция, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жетістіктер мен болашағы зор бағыттарға назар аударып, Ұйым аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін айқындады.Отырыс барысында ТМҰ Саммитіне дайындық барысы қаралып, оның аясында қол қойылатын құжаттар жобалары мақұлданды.Іс-шара алғаш рет Еуропада орналасқан бақылаушы елдің аумағында өтуде.Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған. Бүгінде оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы мәртебеге ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1000818?lang=kk
Қазақстан мен Германия дуалды білім беру мен су ресурстарын басқару салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда 28.05.2025
Астана, 2025 жылғы 20 мамыр – Берлин Еуразиялық клубының 43-ші отырысында Қазақстан мен Германия арасындағы дуалды оқыту жүйесін дамыту және су саласына инновациялық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко көтерілген тақырыптардың өзектілігін атап өтіп, олар елдің орнықты дамуына тікелей әсер ететінін айтты.«Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы: дуалды білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық» атты алғашқы панельдік пікірталаста Германияның тәжірибесін қолдану арқылы бұл модельді жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылды.Р.Василенконің айтуынша, бірлескен жұмыстың нақты нәтижелері қазірдің өзінде көрініс табуда. Мысалы, Қостанайдағы «Allur» автозауытында Эрфурт білім беру орталығымен бірге Халықаралық дуалды оқыту орталығы құрылуда.«Осындай нақты нәтижелер – шетелдік серіктестермен ынтымақтастықтың басты көрсеткіші», – деді Министрдің орынбасары.ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан өз сөзінде қазіргі таңда Қазақстандағы 552 колледжде дуалды оқыту жүйесі енгізілгенін, оған 18 мыңнан астам кәсіпорын қатысып, 108 мыңнан астам адамды қамтып отырғанын атап өтті.Германия Федералды білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің өкілі Александр Хохрадель Министрліктің Қазақстанда дуалды білім беруді дамытуға қолдау көрсетуге және колледждерді кәсіпорындарға жақындатуға дайын екенін жеткізді.Екінші панельдік сессия «Су ресурстарын тиімді басқару: Германия мен Қазақстанның тәжірибесі мен болашағы» тақырыбына арналды.Климаттың жаһандық өзгеруі жағдайында бұл мәселе бүкіл Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі мен орнықты дамуы үшін айрықша маңызға ие.Неміс компаниялары мен мамандарының бұл салада жоғары технологиялар мен мол тәжірибесі бар. Олар Қазақстандағы су инфрақұрылымын жаңғырту және инженерлік жобаларды іске асыруға елеулі үлес қоса алады.Атап айтқанда, 300-ден астам кәсіпорынды біріктіретін «German Water Partnership» қауымдастығымен өзара іс-қимыл жанданып келеді.Жиынға екі елдің мемлекеттік органдарының, салалық бірлестіктердің, колледж басшыларының, бизнес пен сарапшылар қауымдастығының 100-ден астам өкілі қатысты.Берлин Еуразиялық клубының отырыстары 2012 жылдан бері жыл сайын үш рет өткізіледі: мамырда – Астанада, қазанда – Брюссельде, желтоқсанда – Берлинде. Клубтың мақсаты – саясаткерлер, сарапшылар, бизнес және ғылыми қауым өкілдері арасында жүйелі диалог орнатып, пікір алмасу мен нақты ұсыныстар әзірлеуге ықпал ету. Бүгінге дейін Қазақстан, Германия және Еуропалық одақтың мемлекет және үкімет басшылары, жетекші тұлғалары қатысқан 43 отырыс ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1000264?lang=kk
Аз қамтылған отбасыларды қолдау және әлеуметтік тұрақтылықты арттыру құралы ретінде атаулы әлеуметтік көмек 28.05.2025
Қостанай облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау жұмыстары жалғасуда. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – кедейлік шегінен төмен тұратын адамдарға тағайындалады.2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста 1 440 отбасы немесе 6 365 адам АӘК алуда, олардың ішінде 4 140-ы — 18 жасқа дейінгі балалар. Жалпы төлем сомасы 282,5 млн теңгені құрады.Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылар саны 26,5%-ға азайған. Бұл көптеген отбасылардың табысын арттырып, жұмысқа орналасуы нәтижесінде қаржылық жағдайларын жақсартуына байланысты.Еңбекке жарамды АӘК алушылардың ішінен 253 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды – бұл жұмысқа мұқтаждардың 100%-ын құрайды.АӘК алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша ай сайынғы төлем тағайындалған. 2025 жылы мұндай төлем 1 837 балаға төленіп, жалпы сомасы 34,5 млн теңгені құрады.Жыл басынан бері Қазақстанда FSM Social атты мобильді қосымша енгізілді. Ол учаскелік комиссияларға отбасылардың өмір сүру жағдайын объективті бағалауға көмектеседі. Қосымша тұрмыстық жағдайларды фотоға түсіріп, геолокацияны тіркеп, формалды тәсілді болдырмайды.Мамандар FSM Social-дың басты артықшылықтары ретінде нақты геолокациямен тексеру, шешім қабылдау процесінің жеңілдеуі, көмектің айқындылығы мен атаулы болуын атап өтеді.Жаңашылдықтың арқасында деректер жинаудың дәлдігі арттырылып, әлеуметтік көмекті әділ тағайындау күшейтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1000434?lang=kk
Қазақстандықтар телефондарының верификация статусын IMEI арқылы тексере алады 28.05.2025
Қазақстандықтар енді өздерінің мобильді құрылғыларының верификация статусын eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz және imei.rfs.gov.kz порталдары арқылы тексере алады. Жаңа сервис Идентификациялық кодтар дерекқоры арқылы (ИКД) IMEI-кодтың тіркелген-тіркелмегенін анықтауға, сондай-ақ нақты құрылғыға байланған нөмірлердің санын білуге мүмкіндік береді.IMEI (International Mobile Equipment Identity) – бұл әрбір ұялы байланыс құрылғысына берілетін бірегей 15 таңбалы нөмір. Ол құрылғының өндірушісі, моделі және жасалған елі туралы ақпаратты қамтиды.Сервистің көмегімен пайдаланушылар өз құрылғыларының IMEI статусын тексере алады. Егер IMEI-код тіркелген құрылғылар базасында бар болса, жүйе оның желіде тіркелгені туралы хабарлайды. Егер код базада табылмаса, жүйе тексеріс жүргізіп, келесі ақпаратты көрсетеді: IMEI сәтті верификацияланған және Қазақстан Республикасында қолдануға болады немесе IMEI верификацияланбаған.eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті пайдалану үшін пайдаланушы:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту керек;басты беттегі «Танымал қызметтер» бөлімінен «Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» сервисін таңдау қажет;жеке деректерге қол жеткізуге рұқсат беру керек;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу қажет.www.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайтына өту;«Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» сервисіне сілтеме немесе баннер арқылы кіру;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.imei.rfs.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:rfs.gov.kz сайтына өту;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.Бұдан бөлек, пайдаланушыларға ЖСН арқылы тексеру функциясы да қолжетімді. Ол арқылы өз ЖСН-ына қанша мобильді нөмір тіркелгенін білуге болады. Сондай-ақ IMEI-код бойынша абонентті тексеру сервисі бар, ол белгілі бір құрылғыны қанша абоненттік нөмір қолданғаны жөнінде ақпарат береді.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1000060?lang=kk
«PepsiCo» Қазақстандағы зауытқа инвестиция көлемін арттырады: кәсіпорын қуаттылығы үш есеге ұлғаяды 28.05.2025
Астана, 2025 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров «PepsiCo» компаниясының Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша Президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді. Тараптар компанияның Қазақстандағы ағымдағы жобаларының іске асырылу барысын және болашақ инвестициялық жоспарларды талқылады.Кездесу барысында Алматы облысында тұзды тағамдар өндіретін зауыттың құрылыс барысына ерекше назар аударылды. Жобаның бірінші кезеңі аясында 160 млн АҚШ долларына инвестиция қарастырылған. Компания жобаның екінші кезеңін іске қосу арқылы инвестиция көлемін екі есеге арттыру жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді. Жоба толық іске қосылғанда кәсіпорында 900-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылып, қуаттылығы үш есеге артады. Кәсіпорын жылына 210 000 тоннаға дейін картоп өңдеп, шамамен 70 000 тонна дайын өнім шығаратын болады. Бұл өндірістік алаң «PepsiCo»-ның аймақтағы жабдықтау тізбегінің негізгі бөлігіне айналып, ішкі және Орталық Азия елдеріндегі өсіп жатқан сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда зауыттың бірінші кезеңі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүргізілуде.Д. Манзини бұл жоба «PepsiCo» компаниясының Орталық Азиядағы ең ауқымды жобасы екенін және өңірде алғаш рет осындай ірі инвестициялық бастама қолға алынып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде 15 қазақстандық фермермен картоп жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған, бұл компанияның шикізат базасын жергілікті деңгейде дамытуға бағытталған стратегиясын көрсетеді. Өндірісті іске қосу 2026 жылдың көктеміне жоспарланған.Компания жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру ниетін растады. Бұл кезеңде кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы үш есеге дейін артады. «PepsiCo» стратегиясының маңызды бөлігі – шикізатты толықтай жергілікті фермерлерден алу. Осы мақсатта 2035 жылға дейін чипстік картоптың барлық көлемін Қазақстанда өсіру жоспарланып отыр.Ә. Қуантыров Қазақстан үкіметі трансұлттық компаниялардың агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті: «PepsiCo жобаларын біз еліміздегі өңдеу саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырамыз. Өңдеу үлесін арттыру, келісімшарттық фермерлікті дамыту, жоғары қосылған құны бар экспорттық өнім өндіру – мұның бәрі Қазақстанныңаларын біз еліміздегі өңдеу саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырамыз. Өңдеу үлесін арттӨз кезегінде Д. Манзини Қазақстан билігінің шетелдік инвесторларға көрсетіп отырған қолдауына тоқталды: «Мұндай ауқымды жобаны қысқа мерзімде нөлден бастап жүзеге асыру тек орталық және жергілікті деңгейдегі билік органдарының қолдауының арқасында мүмкін болды. Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып отыр, бұл бізге инвестицияны айтарлықтай арттырып, жобаны кеңейту туралы шешім қабылдауға негіз болды. Жобаны үйлестіру мен туындаған мәселелерді шешуде Kazakh Invest тарапынан көрсетіліп отырған кәсіби қолдауды ерекше атап өткім келеді – бұл қолдау жобаның табысты жүзеге асырылуында шешуші рөл атқарады».Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаны тиімді іске асыру және болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын талқылау мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1000151?lang=kk
Қазақстан мен Болгария экономикалық ынтымақтастықты күшейтуде 28.05.2025
Өткен жылы Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы 4 есеге жуық өскен.20 мамырда Софияда (Болгария Республикасы) Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Болгария үкіметаралық комиссиясының 5-отырысы өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Болгария Республикасының Экономика және өнеркәсіп министрі Петъра Диловтың төрағалығымен өтті.Бірлескен комиссия төрағалары Қазақстан мен Болгария арасында дипломатиялық қатынас орнаған 30 жылдан аса уақыттан бері екі ел достық пен әріптестік байланысты берік ұстанып келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Тараптар сауда мен инвестиция, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, энергетика, мәдениет пен білім беру саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету мәселесін егжей-тегжейлі талқылады.Отырыспен қатар екі ел іскер топтары өкілдері қатысқан қазақстан-болгар бизнес-форумы өткізілді. Жиын қорытындысында тараптар тұрақты байланысты сақтап, екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі кеңейту үшін күш-жігерін қосуға дайын екенін білдірді. Қол жеткізілген уағдаластық бесінші Үкіметаралық комиссия хаттамасына қол қоюмен бекітілді.Бүгінде Қазақстанда Болгарияның тау-кен, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, бөлшек сауда мен ғылымға қатысты 60-тан астам кәсіпорыны табысты жұмыс істейді. Тараптар кооперацияны тереңдетудің перспективасын ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өңдеу, логистикалық хабты дамыту, жаңа индустриялық жобаларды іске қосудан көреді.2024 жылғы қорытынды бойынша Қазақстан мен Болгария арасындағы өзара сауда көлемі 2023 жылмен салыстырғанда төрт есе артып, 375,2 млн АҚШ долларына жетті. Өткен жылы Қазақстан экономикасына салынған болгар инвестициясының көлемі 7,8 млн доллар. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 86,5%-ға артық. 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы тауар айналымы 66,6 млн. АҚШ доллары. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 93,3%-ға жоғары (34,5 млн. АҚШ). Бұл ретте Қазақстанның Болгарияға экспорты биылғы бірінші тоқсанда 2,4 есе өсіп, 51,4 млн. АҚШ долларына жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/999917?lang=kk
Алматылықтар әскерге шақырылушыларды салтанатты жағдайда шығарып салды 28.05.2025
Көктемгі әскерге шақырылған елу алматылық Қарағанды облысындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімінде қызмет ететін болады. Жастарды әскерге қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, туыстары мен жақындары шығарып салды.– Қызмет барысында өз бойларыңдағы табандылық, төзімділік сияқты маңызды қасиеттерді дамыта аласыздар. Әскерде тәртіпке үйреніп, дене дайындығы тұрғысынан шыңдалып шығасыздар. Армия өмірге бейімделуге үйретеді, – деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Талғат Өзехан.Мерзімді әскери қызметке жіберілмес бұрын әскерге шақырылушылар үш күн бойы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қалалық жинақтау пунктінде болды. Олар медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден өтті. Әскери бөлімдердің өкілдерімен әңгімелесті.– Ұлым Радион әскери қызметін өтеуге еш ойланбастан келді. Бұл жерде алғашқы күннен жылы шырайлы қарым-қатынасты сезіндік. Кездесулер мен әңгімелдесуледің бәрі түсіністік жағдайында өтті. Ұлым үшін алаңдауға еш негіз жоқ, – деді шақырылушының анасы Ирина Кисель.Естеріңізге сала кетейік, осы көктемде әскерге 1500-ден астам алматылық шақырылады. Бүгінгі таңда 1000-нан астам жас мерзімді қызмет өткеру үшін әскери бөлімдерге жіберілді.Әскерге шақырылушылар Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерінде қызмет ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/999812?lang=kk
Қостанай облысында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда 28.05.2025
Мемлекет басшысы айқындап берген басым бағыттардың бірі – бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Президент тапсырмасына сәйкес Қостанай облысында заманауи және қолжетімді спорт инфрақұрылымын құру, түрлі жастағы тұрғындарды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.ИнфрақұрылымСоңғы екі жылда өңірде 17 жаңа спорт нысаны салынды:10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК),4 хоккей корты,2 ангар типіндегі спорт залы,1 ат спортына арналған арена.Спортқа тең қолжетімділікке ерекше мән берілуде. Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында заманауи ДШСК ашылып, онда қала тұрғындары волейбол, баскетбол, гандбол, үстел теннисімен айналысып, жаттығу залында тегін спортпен шұғылдана алады. Кешен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы жаттығу құрылғыларымен жабдықталған. Осы санаттағы азаматтар үшін бөлек дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы шешім қабылданды.Бұқаралық спорт және қадамдық қолжетімділікҚалаларда, ауылдар мен кенттерде әр жастағы тұрғындарға қолжетімді 53 көпфункционалды спорт және воркаут алаңы орнатылды.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзімен:«Спорт алаңдары тек қалалар мен аудан орталықтарында ғана емес, әр ауылда болуы керек. Бұл – тең мүмкіндіктер мен жергілікті тұрғындарға деген құрмет мәселесі».Кәсіби спортБүгінде Қостанай облысының 793 спортшысы әртүрлі спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар қатарында.2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында өңір атынан 10 спортшы қатысып, олардың жетеуі Қазақстан құрамасының медаль қоржынын толықтырды.Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту бағытында футбол және хоккей академиялары ашылды, «Еңбек резервтері» спорт кешені қайта жаңғыртылуда, үстел теннисі орталығы мен күрес залының құрылысы жүргізілуде.Жүйелі тәсіл және басқаруСпорт нысандарының тиімді жұмыс істеуі мен секциялық жұмыстың нәтижелілігін арттыру үшін келесі тапсырмалар берілді:•әр спорт нысаны мен басшы жұмысының тиімділігін талдау,•спорт түрлері бойынша мекемелер мен секцияларды басқаруда KPI тәсілін енгізу,•барлық жаңа және жұмыс істеп тұрған нысандарда аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп секциялық жұмысты ұйымдастыру.Жаңа бағыттар – жаңа мүмкіндіктер«Еңбек резервтері» спорт кешенінің бассейнінде суға секіруге арналған мұнаралар орнатылды. Бұл өңірде жаңа олимпиадалық спорт түрінің дамуына жол ашады. Спорт басқармасына суға секіру жаттықтырушыларын тарту тапсырылды.Қостанай облысында бұқаралық және кәсіби спортты дамыту жұмыстары жалғасын табады. Бұл – салауатты ұрпақты тәрбиелеуге, спорт резервін нығайтуға және өңірдің әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді мақсат.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/999723?lang=kk
1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады 28.05.2025
2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады✓ Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.✓ Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады.Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге болады.САЙТҚА ҚАЛАЙ ТІРКЕЛЕДІ?Ағымдағы жылдың 1 – 30 маусым аралығында қатысушы ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы сайтта тіркеуден өтуі қажет.Кандидаттың жасы тексерілгеннен кейін оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?Сайтқа тіркелу үшін келесі құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:жоғары білім туралы дипломеңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес)мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын әрі жарамды QAZAQ RESMI TEST немесе KAZTEST сертификатыПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІСондай-ақ, тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:1. Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;2. Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;3. Сыртқы саясат және инвестициялар;4. Экономикалық және қаржылық саясат;5. Цифрландыру;6. Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТТЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?Өтінім беру кезінде мемлекеттік тілді меңгергені туралы жарамды мерзімі бар сертификат болмаған жағдайда кандидатқа берілген промокод арқылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК-да мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша сертификаттық тестілеуден немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «www.qrt.kz» QAZAQ RESMI TEST тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден бір рет тегін өту мүмкіндігі беріледі.QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ-те тестілеуден өту үшін ұсынылған промокодты кандидат жеке өзі пайдалануы тиіс.КЕРІ БАЙЛАНЫСТіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/999730?lang=kk
Атыс пен Қазақстандық сержанттар АҚШ-тағы Best warrior байқауында сәтті өнер көрсетті 28.05.2025
Астана халықаралық әуежайында Америка Құрама Штаттарынан ұшып келген 54835-А әскери бөлімінің батальон сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі парашюттық-десанттық ротасының сержанты 2-сыныпты гвардия сержанты Рауаны Тоқтарбековті салтанатты жағдайда қарсы алды.  Әскери қызметшілер Аризона штатының Ұлттық гвардиясы ең жақсы әскери қызметшілерді анықтау мақсатында сержанттар құрамы үшін ұйымдастыратын жыл сайынғы Best warrior байқауына қатысты.Навахо әскери базасында өткен жарысқа АҚШ-тың жеті штатынан, сондай-ақ Фиджи, Гуама, Тонги және Филиппин мемлекеттерінен келген әскери қызметшілер қатысты.  Конкурс армиялық жауынгерлік фитнес сынағынан, жауынгерлік даярлықты оқыту пәндері бойынша нормативтер тапсырудан, топ құрамындағы тактикалық дайындықтан, топографиядан, жергілікті жерді патрульдеуден, тактикалық медицинадан, М-240В пулеметінен, М-4 автоматынан, М-17 тапаншасынан атудан және 12 кг жүкпен толық жабдықта 28 шақырымға марш жасаудан тұрды. – Жоғары бәсекелестікке, АҚШ армиясының қару-жарақ үлгілері мен құрылғыларында жаттығулардың орындалуына қарамастан, біздің әскери қызметшілер жауынгерлік қасиеттерін көрсетіп, жарыстың үш түрінде үздік атанды, – деп атап өтті ҚР Қарулы күштері Бас штабының сержанттық құрамымен жұмыс басқармасының аға нұсқаушы-сержанты штаб-сержант Беглан Бейсалиев.Біз 3-сыныпты сержант Дархан Асланның 800 метр қашықтықты 2 минут 5 секундта жүгіріп өтіп, байқау тарихында рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз.Бұдан бөлек біздің жігіттер 12 килограмдық жүкпен 28 шақырымға 3 сағат 39 минуттық марш жасап, үздік нәтиже көрсетті. Жауынгерлер керемет төзімділік танытып, Қазақстан туымен мәреге жетті.Жауынгерлік дайындық және АҚШ Қарулы күштерінің әртүрлі қару үлгілерінен ату нормативтерін орындау кезінде 2-сыныпты сержант Рауан Тоқтарбеков те жақсы нәтижеге қол жеткізіп, «Үздік атқыш» сертификатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/999236?lang=kk
«Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы 10 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты 28.05.2025
Халықаралық сауда-өндірістік «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы 10 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына 10 заманауи жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартты.– «Біздің ойымызша, денсаулық сақтау саласы – елдегі ең маңызды салалардың бірі. Сондықтан жедел жәрдем көліктерін сыйлау – өңірдің әлеуметтік қамтамасыз етілуіне қосқан үлесіміз деп білеміз», – деді компанияның басқарушы директоры Алексей Сердюков.– «Сіздер өндірілетін өнімнің сапасы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік арқылы да халық игілігі үшін барлық салада, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесін қолдау бағытында еңбек етіп жатқандарыңызды дәлелдедіңіздер.Бұл сіздердің компанияларыңыздың осы саладағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнестің халықпен қарым-қатынаста қалай әрекет етуі керектігінің жарқын үлгісі деп санаймын. Осыған орай, Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, облыс әкімдігі және өңір тұрғындарының атынан көрсеткен қолдауларыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Өз кезегінде басқа да ірі бизнес өкілдері де сіздерден үлгі алады деп сенемін», – деді Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.Компания 2015 жылы Қазақстанда тіркеліп, 2018 жылы Қонаев қаласының маңында заманауи өндірістік-логистикалық кешен ашылды.«Маревен Фуд Тянь-Шань» Қазақстандағы жетекші азық-түлік өндіруші компаниялардың ТОП-10 қатарына кіреді.Айта кету керек, компания негізінен жергілікті шикізатты пайдаланады, ал өндірілетін өнімдер ҚР заңнамасының талаптары мен регламенттеріне қатаң сай келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/999252?lang=kk
Қостанай облысында өтіп жатқан WorldSkills Kostanay-2025 өңірлік чемпионатында 300-ден астам жас мамандар арасынан үздіктердің үздігі анықталады 28.05.2025
Жұмысшы мамандықтары жылында мектепке дейінгі білім алушылардан бастап колледж студенттері мен жас мамандарға дейін мамандықтары бойынша үздіктерді біріктіретін WorldSkills Kostanay-2025 өңірлік чемпионаты басталды.22 жасқа дейінгі 300-ден астам жас мамандар 45 негізгі құзыреттілік бойынша жарысқа түседі. Оқушылар үшін жарыс процесі JuniorSkills 7 құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылған. Мектепке дейінгі жастағы ең жас қатысушылар 5 BabySkills құзыреті бойынша өз күштерін сынап көреді. Ал ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар қатысушылар үшін Абилимпикс жарысы 2 құзырет бойынша өтеді. Жас мамандар өнерлерін ProfySkills құзыретінде көрсетеді.ЖарысҚостанай,Рудный,Лисаковск,Жітіқара,Тобылқалаларында14жарысалаңындаөтеді.Байқауға қатысушыларды өзісініңнағызшеберлері400-гежуықсарапшыбағалайды.Кәсіптік бағдар беру жұмысыаясындачемпионатқамектепоқушылары, колледжстуденттері, кәсіпорынқызметкерлеріжәнеоблыстыңтехникалықжәнекәсіптікбілім беру ұйымдарыныңпедагогтары қатысады.Оқушыларөңірдегісұранысқа ие мамандықтарментанысып,мамандардыңтәжірибелікжұмысынкөреаладыжәнесүйікті ісі туралы тереңірек ақпарат алады.Жастарды халықаралық деңгейдегі жаңа формация маманын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын WorldSkills қозғалысына белсенді қатысуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/999339?lang=kk
Алматы облысында 2025 жылы 76,7 мыңнан астам ағаш отырғызылды 28.05.2025
2025 жылы Алматы облысында көгалдандыру және экологияны жақсарту мақсатында 76 703 түп ағаш отырғызылды. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүргізілді.Ең көп ағаш отырғызылған аймақ – Қонаев қаласы. Мұнда 12 446 түп ағаш отырғызылып, жасыл аймақтардың аумағы едәуір кеңейтілді. Екінші орында — Еңбекшіқазақ ауданы (9 429 түп), ал үздік үштікті Ұйғыр ауданы (6 190 түп) түйіндейді.Сонымен қатар, көктемгі экологиялық акцияларға жалпы білім беретін мектеп оқушылары да белсенді атсалысты. Олар 11 237 түп ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.Ағаш егу жұмыстарының аудан бойынша көрсеткіші төмендегідей:• Жамбыл ауданы – 8 800 түп• Іле ауданы – 5 693 түп• Талғар ауданы – 5 660 түп• Қарасай ауданы – 5 477 түп• Балқаш ауданы – 4 670 түп• Райымбек ауданы – 3 311 түп• Кеген ауданы – 2 920 түп• Алатау қаласы – 870 түпБұл көрсеткіштер – өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл белдеулер қалыптастыруға және ауаның сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі. Көгалдандыру жұмыстары жалғасады және жыл соңына дейін 41 970 түп ағаш отырғызу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/998845?lang=kk
Бесағаш ауылында цифрлық жаңғыру: Алматы облысында алғаш рет қос функциялы тірек орнатылды 28.05.2025
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында өңірдегі алғашқы қос функциялы тірек іске қосылды. Бұл – базалық станция мен көше шамының қызметін біріктіретін заманауи инженерлік шешім. Болашақта мұндай құрылымдар бейнебақылау жүйесімен де жабдықталуы мүмкін. Жоба Huawei компаниясының бастамасымен, Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен «КаР-Тел» ЖШС (Beeline сауда белгісі) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.Дәстүрлі антенналардан айырмашылығы — көлемді әрі көзге ұрмайтын бұл тірек ықшам әрі функционалды дизайнмен ерекшеленеді. Ол елді мекеннің келбетіне үйлесімді еніп, бірнеше функцияны қатар атқарады: байланыс операторларының жабдықтарын орналастыруға мүмкіндік беріп, көше жарығымен қамтамасыз етеді. Бұл – ауылдық және қалалық инфрақұрылым үшін тиімді шешім.Қос функциялы тіректің басты артықшылықтарының бірі – орнату мерзімінің қысқалығы. Егер стандартты байланыс мұнарасын салу алты айдан астам уақытты алса, бұл құрылым небәрі бір ай ішінде орнатылады. Бұл, әсіресе, мобильді байланысты жақсарту мен бейнебақылау жүйесін енгізу аса қажет өңірлер үшін маңызды.«КаР-Тел» ЖШС-нің техникалық директоры Олег Снимщиковтың айтуынша, бұл жобаның болашағы зор: «Мұндай тіректерді бүкіл Алматы облысына енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде байланыс сапасын арттырып, өңірдің цифрлық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады», — деді ол.Қос функциялы тірек тек байланыс үшін емес, қоғамдық кеңістіктерді жарықтандыру арқылы түнгі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта мұндай құрылымдарға бейнебақылау камераларын орнату арқылы жергілікті билік көшелердегі жағдайды бақылап, қоғамдық қауіпсіздікті арттыра алады. Осылайша, тірек — ақылды әрі көпфункционалды қоғамдық кеңістіктің бір бөлігіне айналады.Ауылдық жерлерде жеке инфрақұрылым тартуға мүмкіндік бола бермейтін жағдайда мұндай шешімдер аса өзекті. Кешенді тәсіл ресурстарды үнемдеуге және заманауи технологияларды ең қажет жерлерге енгізуге септігін тигізеді.Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы атап өтті: «Біз әрқашан технологияларды адамдарға жақындатуға тырысамыз. Көшені жарықтандырып, байланыс сигналын күшейтетін тірек – бұл футуризм емес, жайлы әрі заманауи өмір сүру салтына жасалған нақты қадам. Ең бастысы – бұл қадам Бесағаш секілді ауылдардан басталуы біз үшін маңызды».Қазіргі таңда осындай тірек Алматы қаласында да орнатылып жатыр — іске қосу мамыр айына жоспарланған. Бұл жоба тек ауылдық емес, мегаполис жағдайында да қолдануға болатынын көрсетеді.Сонымен қатар, бұл пилоттық жоба мемлекет пен бизнес арасындағы жаңа форматтағы серіктестікке жол ашады. Мұндай бастамалар технологиялық дамуға ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және жергілікті қауымдастықтарды дамытуға ықпал етеді.Бесағаш ауылындағы жоба – заманауи технологиялық шешімдерді жылдам, сапалы және қоршаған ортаның эстетикасын ескере отырып іске асыруға болатындығын дәлелдейтін мемлекеттік және жеке сектордың бірлескен жұмысының жарқын мысалы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/998864?lang=kk
Шымкентте 80 әскери міндетті Отанға адал болуға ант берді 28.05.2025
«Ақтас» оқу-жаттығу полигонында алғаш рет он күндік әскери жиынға барған және бұрын Отан алдындағы борышын өткермеген әскери міндеттілердің әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.     Іс-шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Ержан Мейірманов, аумақтық қорғаныс бригадасының қолбасшылығы, қалалық әкімдік өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.      – Бүгін бәрің үшін маңызды әрі жауапты күн. Әскери міндеттілер жиынында Әскери ант бердіңдер. Бұл жай ғана заңды факт емес, сонымен қатар жоғары азаматтық борышты көрсететін моральдық міндеттеме. Осындай жиын сендердің кәсіби дағдыларыңды жетілдіруге, оған қоса аумақтық қорғаныс негіздерін нығайтуға ықпал етеді, – деп атап өтті Шымкент қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Бақытжан Әшімов.Салтанатты рәсім барысында әскери міндеттілер әскери борышын лайықты орындауға, мемлекеттің, халықтың және оның заңды сайланған Президентінің бостандығын, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысын қорғауға ант берді.Естеріңізге сала кетсек, әскери міндеттілермен он күндік жиын аясында Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтіп жатыр. Оның барысында республикалық маңызы бар қаланың әскери және мемлекеттік объектілерін жауынгерлік үйлестіру, күзету мен қорғауды ұйымдастыру мәселелері пысықталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/998739?lang=kk
Таразда ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар операторларын дайындау курсы басталды 28.05.2025
Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің мамандарын даярлау және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында ұшқышсыз ұшатын авиациялық жүйелердің операторларын оқытудың кезекті курсы басталды.Осындай жалғыз оқу-жаттығу орталығында шетелде оқыған, өз білімін жас мамандарға үйрететін сертификаты бар мамандар қызмет етеді және сабақ береді. Бұл білім ордасы оқытуды бастағаннан бері ҚР Қарулы күштері мен басқа да әскери құралымдарға жүздеген мамандар даярлады.  Бастапқы кезеңде білім алушылар ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды қолданудың мақсаттары мен міндеттерімен, оларды пайдалану қағидалары мен шарттарымен танысады. Сабақтар SkyLark1LEX тактикалық барлау жүйесін қолдана отырып өткізіледі. Бұл жоғары дәлдіктегі құрал нақты уақыттағы бейнелерді беру мен озық навигациялық мүмкіндіктерге ие.– Бүгінде мұндай құрылғылар қорғаныс және барлау жүйесіндегі негізгі позицияларды сенімді түрде алады. Сондықтан біз жаңа технологияларды жетік меңгеруі тиіс жоғары білікті операторларды даярлауға ерекше назар аударамыз, – деп түсіндірді штаб бастығы – ҰҰА жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығы бастығының орынбасары подполковник Алмат Хайрушев. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Ферхат Орымбаев бұрын жару ісімен айналысқан. Қазір оның әскери кәсібінде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. –  Жару ісі маған ұнайтын, – деді Ферхат. – Бірақ мен әрқашан ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерді үйренуді армандайтынмын. Мені ұшқышсыз ұшатын аппараттардың маманы етіп тағайындаған кезде, сол арманға қол жеткізе бастағандай болдым. Қазір Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу орталығында оқимын, ҰҰА операторы боламын.Оқу-жаттығу барысында курсанттар борттық жабдықты іске қосудан және баптауға дайындықтан бастап, алынған ақпаратты пилоттауға және талдауға дейінгі толық циклды меңгереді. Сабақтың практикалық бөлігі тренажерларда да, далада да өтеді. Курсанттар 40 күнге созылатын курсты аяқтағаннан кейін сертификаттар алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/998707?lang=kk