Қуқық
Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады 18.04.2025
2025 жылдың мамыр айында Алматы облысында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне дайындықтар белсенді түрде жүріп жатыр.500 шақырым қашықтықты қамтитын марафонға 15-ке жуық ел қатысады деп күтілуде. Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және тағы басқа елдерден спортшылар қатысады. Бұл шара тек спорттық тұрғыдан ғана емес, еліміздің мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында да үлкен маңызға ие.«Ұлы дала жорығы» марафонының ұзақтығы бес күнді құрайды, ал жалпы қашықтық 500 км-ді қамтиды. Жарыс Алматы - Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен басталады. Марафон барысында қатысушылар Балқаш, Жамбыл, Іле аудандарының бірнеше ауылдарын кесіп өтеді. Балқаш ауданында Миялы, Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Бояулы, Береке, Бура, Үшжарма, Ақжар, Аралтөбе, Желтораңғы, Топар ауылдары арқылы өтеді. Жамбыл ауданы Қаншеңгел, Ащысу, Айдарлы, Бозой ауылдарын қамтып, Іле ауданы Ақши ауылынан өтіп, марафон Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында аяқталады. Жорықтың жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді.Марафон аясында ұйымдастырылатын маңызды шаралардың бірі – асыл тұқымды жылқылар көрмесі. Бұл көрмеде ұлттық жылқы тұқымдары, олардың ерекшеліктері мен тарихы таныстырылады. Жылқылардың сәні мен күшін көрсететін бұл көрме қатысушылар мен қонақтар үшін ерекше қызығушылық туғызары сөзсіз. Ұлттық қолөнер көрмесі де марафонның ажырамас бөлігіне айналады. Қазақ халқының бай қолөнер мұраларын көрсету мақсатында ұйымдастырылатын бұл көрмеде шеберлер өз жұмыстарын ұсынып, келушілерге ұлттық өнерді таныстырады. Туристер үшін арнайы қалашықтар мен фотозоналар да ұйымдастырылатын болады. Шетелден келген қонақтарға еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы қызықты әрі көрнекті ақпарат ұсынылады.Мұндай халықаралық шаралар еліміздің туризм саласын дамытуға зор үлес қосып, Алматы облысының мәдени және тарихи мұрасын танытуға мүмкіндік береді. Марафонның маңыздылығын атап өткен спорт басқармасы басшысының орынбасары Рахман Шахарбек: «Бұл марафон тек спорттық жетістіктермен шектелмейді, ол еліміздің мәдени және туристік әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді. Жарыс арқылы біз Алматы облысының тарихи және мәдени мұрасын әлемге таныстырып, халықаралық қатысушылар мен туристер үшін маңызды оқиғаға айналдырамыз. Сонымен қатар, ұлттық қолөнер мен жылқы тұқымдары көрмесі, фотозоналар мен туристік қалашықтар осы шараның айрықша бөліктері болып табылады.із үшін бұл — тек спорттық іс-шара емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті көрсету мүмкіндігі», — деп атап өтті.«Ұлы дала жорығы» марафоны еліміздің спорттық имиджін көтеріп қана қоймай, туризм саласына да жаңа серпін береді. Әлемнің әртүрлі елдерінен келген қонақтар мен қатысушылар бұл шараға қатыса отырып, Қазақстанның бай мәдени мұрасын тамашалай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/975733?lang=kk
Алматы облысы білім беруді белсенді дамытып, Жұмысшы мамандықтар жылын жүзеге асыруда 18.04.2025
Алматы облысы білім беру саласында қарқынды дамып келеді. 2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірде студенттер мен оқушылардың білім сапасын және кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.Солардың бірі – 2025 жылғы 2-4 сәуір аралығында өткен алғашқы халықаралық кәсіптік шеберлік фестивалі TAIQAZAN-2025. Бұл байқауға колледж студенттері қатысып, қатысушылардың жұмыстарын Сауд Арабиясы, Түркия, Италия және Ресейден келген 25 халықаралық сарапшы бағалады. Байқау нәтижесінде түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың қатарында Алматы облысы, Алматы қаласы, Түркістан, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласының өкілдері бар. Атап айтқанда, «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» номинациясында бірінші орынды Алматы облысының командасы жеңіп алды.Бұл – өңір студенттерінің жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, облыста 2025-2026 жаңа оқу жылына бірінші сыныпқа қабылдау науқаны белсенді түрде жүргізілуде. 1 сәуірден бастап балаларды электронды платформалар арқылы (eGov.kz және iac.kz) және дәстүрлі қағаз форматта тіркеу басталды. Қазіргі уақытта 2 451 өтініш түскен. Жалпы алғанда, облыс бойынша 35 500 бірінші сынып оқушысын қабылдау жоспарланып отыр. Ерекше назар көптілді білім беру мәселесіне аударылуда: берілген өтініштердің 78,9%-ы қазақ тілінде оқытуға арналған. 1 сәуірден бастап аймақта PISA-2025 халықаралық зерттеуі басталды. Бұл зерттеуге облыстың 25 мектебі мен 2 колледжі қатысуда. Зерттеуді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүзеге асырып жатыр және ол білім беру жүйелерінің тиімділігін бағалауға бағытталған. Сонымен қатар, PIRLS-2026 зерттеуінің апробациясы өтіп жатыр.Бұл зерттеу 7 мектепті қамтып, оқушылардың оқу және әдеби сауаттылығын бағалауға бағытталған. Өңірдегі маңызды бастамалардың бірі – мектепке дейінгі білім беру саласында 1000 жаңа орын ашу. 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында балабақшаларда жан басына қаржыландыру негізінде мемлекеттік тапсырыс орналастыру байқауы өткізілді. Бұл шара балабақшадағы орындардың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Алматы облысы оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетуде.Биыл табиғи ғылымдар пәндері бойынша республикалық олимпиадада облыс оқушылары 7 медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, «Жібек жолы» халықаралық математика олимпиадасында облыстағы «Білім-Инновация» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Халел Мүслім 3-орын иеленді. Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева өңірдің қазіргі жетістіктерін атап өтіп: «Біз тек балаларымыздың білім алуына қолайлы жағдай жасауды ғана емес, сонымен қатар кәсіби білім беруді де дамытып жатырмыз. Жұмысшы мамандықтар жылы жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.Студенттеріміздің халықаралық байқаулардағы жетістіктеріне мақтанамыз. Сондай-ақ, PISA-2025 секілді зерттеулер білім беру сапасын арттыру және болашаққа дайын оқушыларды қалыптастыру үшін қандай нақты шаралар қабылдау қажет екенін жақсы түсінуге көмектеседі деп сенеміз», – деді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/975693?lang=kk
Қарағандыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады 18.04.2025
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы полковник Қайрат Тәттекенов майдангер Александр Ильич Балабасқа Қорғаныс министрінің құттықтау хатын табыстады. Қорғаныс ведомствосының өкілі мерейтой иесіне ерлігі, батылдығы мен Отанға адал қызметі үшін шынайы алғысын жеткізді.– Сіздің өмір жолыңыз – табандылықтың, еңбекқорлық пен елге деген адалдықтың үлгісі. Сол себепті талайлы тағдырыңызды келешек ұрпаққа жеткізу маңызды деп білеміз, – деді ол.Александр Ильич Балабас 1926 жылы дүниеге келген. 1942 жылы 5 сыныпты аяқтағаннан кейін шахтада маркшейдерлік бөлімде сызбашы болып еңбек жолын бастады. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Оқуын аяқтаған соң 1944 жылы даңқты маршал Константин Рокоссовскийдің қолбасшылығындағы 2-Беларусь майданы 1-Брест дивизиясының 415-атқыштар полкіне жіберілді. Майдан құрамында көптеген ұрыс қимылдарына қатысты.Көрсеткен ерлігі үшін Александр Ильич Қызыл Жұлдыз,, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірқатар медальдармен марапатталған.Соғыстан кейін елді қалпына келтіруге өз үлесін қосып, бейбіт еңбекке араласты. Қарағандының түрлі ұйымдарында ұзақ жылдар қызмет етті.№1 құрылыс басқармасында, «Саранскпромстрой» басқармасында жүргізуші, облыстық клиникалық ауруханада бухгалтер, «Қарағандыуглесбыт» басқармасында экономист болып жұмыс істеп, кейін жоспарлау бөлімін басқарды. 1991 жылдан бері зейнет демалысында.Александр Ильич тек ардагер ғана емес, үлкен әрі тату отбасының иесі. Ол үш бала тәрбиелеп, олардан төрт немере, бес шөбере сүйіп отырған сүйікті ата. Олар да отбасылық дәстүрлерді сақтап, майдангер аталарын әрдайым мақтан тұтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1187172?lang=kk
КОРОЛЬ ХАЛИД УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫМЕН АЛҒАШ РЕТ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ 17.04.2025
КОРОЛЬ ХАЛИД УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫМЕН АЛҒАШ РЕТ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫСауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Global Education Exhibition халықаралық көрмесі аясында Қазақстан мен Таяу Шығыс арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылды. Халықаралық ғылыми және академиялық байланыстарды нығайту мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен King Khalid University арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Салтанатты рәсімге Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков, Король Халид университетінің Президенті Фаллех Р.М. Әл-Солами және Жәнібеков университетінің Басқарма төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қатысты.Бұл келісім бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуге, профессор-оқытушылар мен білім алушылардың алмасуын жүзеге асыруға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, халықаралық жобаларды іске асыруға жол ашады. Нәтижелі кездесуде жоғары оқу орындары арасында тарих-дінтану бағытында бакалавриат және магистратура деңгейлері бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, профессор-оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, сондай-ақ дін тарихы бағытында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері төңірегінде ауқымды келіссөздер жүргізілді. Бұл серіктестік аталған бағыттармен шектеліп қана қоймай, Таяу Шығыс пен Орта Азия арасындағы мәдениетаралық алмасуды жандандырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын стратегиялық әріптестікке айналмақ.Король Халид университеті – Сауд Арабиясындағы ғана емес, бүкіл Таяу Шығыстағы жоғары білім мен ғылымның ірі орталықтарының бірі саналатын жоғары оқу орны. 70 мыңға жуық білім алушысы бар университет қарқынды дамыған инфрақұрылым мен өзекті зерттеулерді жүргізетін ғылыми орталықтарға иелік етеді. Сауд Арабиясының отандық ұлттық рейтингісінде үздік бестікке енеді, ал QS WUR халықаралық рейтингінде 601-орынға тұрақтаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/975417?lang=kk
Сыр өңірінде тазалық және абаттандыру шаралары жалғасуда 17.04.2025
Аймақта "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы жаппай сенбілік одан әрі жалғасуда. Тазалық шараларына біркісідей қатысқан 110 мыңнан астам еріктілер, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері, қала, аудан және ауыл тұрғындары 3 800 тоннадан астам қоқыс қалдықтарын жинады. Елді мекендердегі 373 сквер мен парк, 152 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 520 әлеуметтік, 732 өнеркәсіп және бизнес,19 су нысанының маңайы мен 3 467 көше бойы тазартылды. Оған 900-ден астам техника жұмылдырылды.Жыл басынан бері облыс аумағына 49 765 түп өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.Өңірдің барлық елді мекеніндегі санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/975346?lang=kk
Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалар сараланды 17.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалар талқыланған мәжіліс өтті. Оған жауапты сала басшылары, жоба бастамашылары қатысты.Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі жалпыұлттық іс-шараларда ірі инвестициялық жобаларды Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесімен қаржыландыру көзделген.Бағдарламаның мақсаты – АӨК-де жаңа жобалар құру немесе қолданыстағыларды кеңейту. Негізгі бағыты – тауарлы сүт фермалары, ет бағытындағы құс фабрикалары, мал шаруашылығы кәсіпорындары, көкөніс, жеміс сақтау қоймалары, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығы. Жүн мен теріні терең өңдейтін, буып-түю материалдарын өндіретін кәсіпорындарды, тауарлы балық, басқа да су жануарларын өсіретін шаруашылықтарды, қой фермаларын өркендетуге басымдық берілген.Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде 5 жобаға, атап айтқанда, Қызылорда қаласында 2, Арал ауданында 3 жобаға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Биыл тағы 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Аудандардағы әлеуетті жобалардың, яғни 11 жобаның пулы қалыптастырылды.Аймақ басшысы биылға қарастырылған инвестициялық жобаларды 1 мамырға дейін ұсынуды тапсырды. Одан бөлек, 1 шілдеге дейін 2026, 2027, 2028 жылдарға ұсынылатын жобалар тізімін облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына жолдау, республикадан бөлінген қаражатты мерзімінде әрі толық игерілу міндеттелді.«Инвестиция тарту Қызылорда қаласы, аудан әкімдерінің әрқайсының жеке жауапкершілігінде», – деді Н. Нәлібаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/975315?lang=kk
Экономикалық өсу жөніндегі штабта KEGOC, Қазақтелеком және Самұрық-Энергоның ірі инвестициялық жобалары қаралды 17.04.2025
Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабта Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен еліміздің ірі энергетикалық және телекоммуникациялық операторлары «KEGOC» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобалары Қазақстан экономикасының жалпы қосылған құнына (ЖҚҚ) қосқан үлесі тұрғысынан қаралды.KEGOC: ауқымды инфрақұрылымдық жобалар және отандық қамту«KEGOC» АҚ қазіргі уақытта Қазақстан БЭЖ оңтүстік аймағының электр желісін күшейту және Батыс аймақты БЭЖ-бен біріктіру секілді екі негізгі жобаны іске асыруда. Осы жобалар шеңберінде 2025 жылы 66,7 млрд теңгені игеру жоспарлануда. Қаражат құрылыс-монтаждау жұмысына, жабдық сатып алу мен жеткізуге, жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге, т.б. қызмет түріне жұмсаладыKEGOC басқарма төрағасы Нәби Айтжанов атап өткендей, материал мен жабдықтың 92%-ын отандық өндірушілер жеткізеді. Ал қосалқы станцияларды салу кезіндегі жергілікті қамту үлесі 64%-ға жетеді. Демек, бұл жобалар елдің ЖҚҚ-на елеулі үлес қосып отыр деген сөз.Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесін орнықты дамыту үшін «KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруда. Олардың ішінде жалпы ұзындығы 8568,4 шақырым болатын 220-500кВ 95 жоғары вольтты желіні кезең-кезеңімен қайта жаңарту, Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясына қажеттілікті жабу міндетін шешуге бағытталған Қазақстан БЭЖ транзиттік әлеуеті мен өткізу қабілетін арттыру жобасы бар. Астананы электрмен жабдықтауды күшейту, Қарағандыда қосалқы станция, Астанадан Қарағандыға дейін 500 кВ ЖК салу, Қарағанды – Жезқазған - Қызылорда – Шымкент 500 кВ ЖК, ұзындығы 800 шақырым Қарабатан ҚС – Бейнеу ҚС – Маңғыстау 500 кВ ҚС желілерін салу арқылы Батыс энергия торабын күшейту. Соңғы кезең 2035 жылға дейін есептелген Батыс аймақты Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру жөніндегі жоба болмақ. Ол Қазақстанның энергетикалық жүйесін тоқайластырып, келешекте Кавказ – Орталық Азия энергетикалық дәлізін іске асыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жоба «Батыс-Оңтүстік» тұрақты ток желісін салуды көздейді. Барлық жоба жоспарлы іске асыру мерзімінен бұрын орындалуда.Қазақтелеком: 5G және өңірлердегі талшықты-оптикалық құрылыс«Қазақтелеком» АҚ төрт ірі инвестициялық жобаны іске асыруда:- Астанада жасанды интеллект, электрондық үкімет және цифрлық бизнес инфрақұрылымының негізгі элементі, құны 14,28 млрд теңге болатын дата-орталық салу.- 2028 жылға дейін 88 қала мен 128 ауылдық елді мекенді қамтитын FTTH (талшықты-оптикалық құрылыс) желісін орналастыру. Жалпы бюджет – 45,3 млрд теңге.- Құны 65 млрд теңге болатын 5G («Кселл» жобасы) желісін кеңейту. Жоба IoT, телемедицина және ақылды қала тұжырымдамасын енгізу үшін негіз.- ҚР ауылдарында 1,5 мың ауылдық мектепті, 2,1 млн мемлекеттік мекеме мен 60 мыңнан астам абонентті қамтитын 2028 жылға дейін құны 175 млрд теңгені құрайтын АЕМ ТОБЖ 2.0 құрылысы.Самұрық-Энерго: энергетикалық инфрақұрылым салу«Самұрық-Энерго» АҚ 32 инвестициялық жобаны іске асыруда. Оның 14-і өте ірі. Компания сондай-ақ Қонаев, Алатау қалалары мен агломерацияны дамыту үшін Алматы облысында инфрақұрылымдық объектілер салу жобаларын қарастыруда. Іске асыру басталған ірі жобалардың қатарында Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту, Алматы облысында ЖЭО-3-ті қайта жаңарту, Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында ЖЭО, Қызылорда облысында электр станциясын салу, Абай облысында ГЭС, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және қайта жаңарту және т.б. бар.Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Ұлттық экономика министрлігіне іске асырылып жатқан бастамалардың ауқымын ескере отырып, оларды ұлғайту жөніндегі ұсыныстармен 2025 жылға арналған барлық үш компанияның жобаларынан ЖҚҚ және негізгі капиталға инвестиция бойынша есептерді дайындауды тапсырды. Сондай-ақ кез келген экономикалық сын-қатер жағдайында тұрақтылықтың негізі ретінде инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске асыру қажеттігін атап өтіп, жекелеген компанияларды қарау қорытындысы бойынша штабта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның ел экономикасына қосқан үлесі тұрғысынан экономикалық тиімділігі қаралатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/974997?lang=kk
Қарағанды облысында «Менің Жеңіс тарихым» патриоттық челленджі басталды 17.04.2025
Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Менің Жеңіс тарихым» патриоттық онлайн-акциясы басталып, облыс тұрғындары, оқушылары және жастары әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда. Олар соғысқа қатысқан туыстарының және тыл еңбеккерлерінің суреттерімен белсенді түрде бөлісіп, оларды қысқаша отбасылық әңгімелерімен, естеліктерімен және мұрағаттық суреттерімен жариялауда.Қарағанды қаласының тұрғыны Алия Искакова өзінің атасының өмір баяны туралы қысқаша ақпаратпен бөлісті: «Искаков Ахметжан Искакович Жезқазған облысы, Ақадыр ауданының Өспен кентінде 1920 жылы туған. 1940 жылы әскер қатарына шақырылды. Қоршаудағы Ленинградты босатуға қатысты. Қызы Армияның атқыштар взводында болған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 1943 жылы соғыста алған контузияға байланысты босатылды. Босатылғаннан кейін кейін мұғалім болып жұмыс істеп, мектепте алгебра, геометрия және физика пәндерінен сабақ берді».Әлеуметтік желінің бір қолданушысы Мөлдір Ерболатқызы атасының ағасы туралы әңгімелеп берді: «Менің атам, Дюсембаев Ершора — ерліктің, намыстың және туған жерге деген адалдықтың үлгісі. 1941 жылдың шілдесінде майданға аттанып, Ұлы Отан соғысының ауыр күндерінде елі мен жерін ерлікпен қорғады. Курск түбіндегі және Харьков үшін шайқастарда асқан батырлық танытқандардың бірі. «Катюша» артиллериялық қондырғысының командирі ретінде жауға қарсы қаймықпай шайқасты. 1943 жылы қазан айында аяғынан ауыр жарақат алғанына қарамастан, рухы сынбады. Оның ерлігі «Даңқ» орденімен, «Отан соғысы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды».Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды облысынан майданға 45 мыңға жуық адам аттанды. Олардың 18 мыңға жуығы туған жеріне оралмады. Алайда олардың әрқайсысының ерлігі мен жанқиярлығы ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталады.Ерен ерлігі мен қайсарлығы үшін 18 қарағандылық жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал 6587 сарбаз ордендер мен медальдармен марапатталып, ел тарихында өшпес із қалдырды.«Менің жеңіс тарихым»— бұл жай ғана акция емес, бұл ата-бабаларымыздың ерлігіне деген шынайы құрмет.Бұл бастама арқылы біз әр отбасының жеңіс жолын еске түсіріп, соғыс жылдарындағы батырлық пен табандылықты жаңғыртамыз. Әрбір естелік — бұл ұрпақтар арасындағы байланыс, мақтаныш пен рухтың көрінісі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/974538?lang=kk
Қарағанды облысының әкімі Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті 17.04.2025
Танысу сапарымен Қарағанды облысына Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиоге келді. Аймақ әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті туралы айтып, оның инвесторлар үшін тартымдылығын атап өтті.– Біз өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Қарағанды облысында бизнес жүргізу үшін жағдай жасалған. «Сарыарқа» және Саран арнайы экономикалық аймақтар жұмыс істейді, онда резиденттерге салықтық және кедендік преференциялар, сондай-ақ инфрақұрылым ұсынылады. Өңір экономикасының негізін өңдеу өнеркәсібі құрайды, бірақ біз француз компанияларының біздің нарыққа және басқа да бағыттарға, атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға кіруіне жәрдемдесуге дайынбыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.– Біз мәдени-гуманитарлық салада бұрыннан бері жемісті ынтымақтастық жасап келеміз. Енді инвестициялық бағытты күшейтетін кез келді. Бізді әсіресе денсаулық сақтау және жоғары технологиялар саласындағы жобалар қызықтырады. Осы кездесудің қорытындысы бойынша біз өңірде, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында бірлескен бастамаларды іске қосу мүмкіндіктерін қарастырамыз, – деді Сильван Гиоге.Ол сондай-ақ сапар аясында бірқатар нысандарды – Карлаг тарихи-мемориалдық мұражайын, француз тілі оқытылатын университеттер мен мектептерді аралағанын, Қарағанды Француз Альянсымен жаңа келісімге қол қойғанын, сондай-ақ Франкофония күндері ұйымдастырылған француз киносы фестиваліне қатысқанын хабарлады.– Қарағанды университеттерімен академиялық байланыстарды дамыту өзге салалардағы ынтымақтастықты кеңейту үшін берік негіз құрады, – деді Франция елшісі. – Медициналық және техникалық университеттерде балқымалар мен жаңа медициналық технологиялар саласындағы бірлескен зерттеулерді қоса алғанда, қызықты жобалар іске асырылуда.Кездесуді қорытындылай келе, Ермағанбет Бөлекпаев облыста Инвесторларды қолдау орталығы жұмыс істейтінін және өңірдің диалог пен бірлескен жұмыс үшін ашық екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/970933?lang=kk
Қарағанды электронды сауда орталығына айналады 16.04.2025
Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша ел арасында көшбасшылар үштігінде. Электрондық коммерцияны дамыту жалғасатын болады. Бұл үшін облыс әкімдігінде бірінші отандық Teez маркетплейсімен меморандумға қол қойылды. Қазірдің өзінде оның алаңында 40-қа жуық қазақстандық тауар өндірушілер тіркелген. Мақсаты – отандық өнімді өткізу үшін бірлесіп қолайлы жағдайлар жасау.– Қарағандыда маркетплейстің ашылуымен жергілікті тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болды. Біз бастапқыда отандық өнімді ілгерілету және қолдау туралы келістік. Бірге жұмыс істейтін боламыз. Ең алдымен, бұл өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Teez маркетплейсі бірегей үлгімен ерекшеленеді, онда барлық тауар Қарағандыдағы бір орталық хабта орналасқан, осы жерден өңделеді және бүкіл Қазақстан бойынша бір күнде жеткізіледі.Teez компаниясының негізін қалаушы Линар Хуснуллин «Қарағанды – Қазақстанның электрондық сауда орталығы» атты ауқымды жобаны таныстырды.– Қарағанды – осындай бизнес үшін тамаша орын. Жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастықты дамыту маңызды, – дейді кәсіпкер.Ол «Қазақстанда жасалған» маркасымен тауарларды сату және ілгерілету үшін көзделген арнайы шарттар туралы айтып берді. Бұл – ерекше іріктеулер, төмендетілген комиссия, жеңілдікпен жылжыту.Жоба қазақстандық кәсіпкерлерді электрондық коммерцияға оқыту және қоғамды құру бойынша ауқымды бағдарламаны қамтиды. Мультиплатформалық конференциялар ұйымдастырылады, біріншісін 23 сәуірде өткізу жоспарланған. Селлерлер мен өндірушілердің өзара іс-қимылы үшін коворкинг-клуб ашылады.– Бүгін қол қойылған меморандум осы электрондық алаңда біздің жергілікті тауар өндірушілеріміздің барынша көп қатысуы бағытындағы жұмысты айқындайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда жасалған 38 тауар маркетплейс алаңында сатылады. Бұл тек бастама. Тұрмыстық химиямен айналысатындар, ұлттық киімдерді ұсынатындар бар. Қазір қайта өңдеушілер бойынша жұмыс жүргізілуде, – деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/969907?lang=kk
Қарағандыда туристерге арналған ақпараттық орталық ашылды 16.04.2025
VISIT QARAGANDA туристік ақпараттық орталығы келушілерді қабылдауға дайын. Мұнда өңір қонақтары маршруттар, көрікті орындар, қонақ үйлер, демалыс орындары, туроператорлардың қызметтері туралы ақпарат ала алады. Мамандар өңірде нені тамашалауға және қайда баруға болатыны жайлы кеңес береді.– Біз Қарағандыға келген кез келген адам қайда баратынын және не көретінін білгенін қалаймыз, – дейді орталық директоры Бақтияр Бекмырзаев. – Сондай-ақ, Қарағанды өңіріне келген әрбір қонақ пайдалы ақпарат алуы үшін әуежай ауданында визит-орталық ашуды жоспарлап отырмыз.Орталық жол көрсеткіштер мен карта-схемаларды шығарумен, жаңа бағыттарды ашумен және туризмнің түрлі бағыттарын дамытумен айналысады: қызықты оқиғалар, балалар, экологиялық, гастрономиялық, этно- және өнеркәсіптік. Қазір жаяу, қалалық және облыстық экскурсияларды, тарихи және көрікті орындарға джип-турлар мен экспедициялар ұйымдастыруды қоса алғанда, жаңа бағыттар құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Орталықтың басты жобаларының бірі – әлемнің 170 тілін қолдайтын жасанды интеллект негізінде құрылған виртуалды консультант. Чат-бот Қарағанды облысына саяхат жасауға ыңғайлы көмекшілерге айналады. Ол арқылы маршрутты таңдап, көрікті орындар туралы білуге және қонақ үйлер, жанармай құю бекеттері мен демалыс орындары туралы өзекті ақпарат алуға болады.Бұдан басқа, жергілікті шындыққа бейімделген брондау жүйесі әзірленуде. Ол тек қалалық қонақ үйлерді ғана емес, қала сыртында қонуға болатын нұсқаларын да көрсетеді.Туризмді дамыта отырып, ақпараттық жұмысты ғана жүргізбей, сапалы инфрақұрылымды да қамтамасыз ету қажет.– Біріншіден, ауқымды ақпараттық науқан қажет. Тіпті туристер туралы айтпағанда, көптеген қарағандылықтар да облыстағы көрікті жерлерді білмейді. Ақпарат адамдарды өзі табуы тиіс. Екіншіден, жолдарды жақсарту қажет. Тіпті ауылдық аудандарда да оларды ретке келтіруге болады. Асфальт төсеудің қажеті жоқ, бірақ жолдармен жүруге болатындай ету керек. Және, әрине, ең үлкен қиындық – туристерді орналастыру. Жергілікті тұрғындарды қонақ үйлер салуға, гидтер дайындауға және көлік қызметтерін көрсетуге белсенді тарту қажет, – деп есептейді «Авалон» тарихи-географиялық қоғамының төрағасы Виталий Шуптар.Орталықтың жаңа жобаларының бірі Қарқаралыдағы балалар тілдік лагері болмақ. Балалар қазақ тілін үйреніп, халықтың салт-дәстүрлерімен табиғи ортада гаджеттерсіз таныса алады.Орталық қызметінің қосымша бағыттарының қатарында туристік шараны құру болады. Осындай ынтымақтастық жобаларының бірі – Nurami брендінің Vizit Karaganda желісі.– Біздің бренд қазақстандық суретшілерді танымал етумен айналысады. Біз олардың суреттерін өз өнімдерімізде қолданамыз, – дейді бренд өкілі Людмила Федосенко. – Қазір қарағандылық суретші Владимир Проценконың еңбектері салынған футболкалар желісін шығарудамыз. Онда Қарағандының көрнекті орындары: кеншілер мәдениет үйі, Каскад алаңы және Қарқаралы бейнеленген. Менің ойымша, бізге туристер келгенде, олар өзімен бірге біздің облысымызда жасаған саяхатын еске түсіретін нәрселерді алып кетеді.Жоспарларға тоқтай келе Бақтияр Бекмырзаев орталықтың басты мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін дамыту екенін атап өтті.– Біз туристер мен кәсіпкерлерге қолайлы өзара іс-қимыл мен дамуға көмектесетін орталық болғымыз келеді, – деп атап өтті Бақтияр Бекмырзаев.«VISIT QARAGANDA» ТАО Қарағанды облысының Мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығында: Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайы бойынша орналасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/969409?lang=kk
Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды қабылдады 16.04.2025
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Проблемаларын шешу үшін азаматтар облыстың түкпір-түкпірінен келеді. Бұл жолы сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға қатысты болды.Кездесу облыстық басқармалар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.Қабылдауға жазылғандардың бірі тұрғын үй туралы сұрақ қойды. Ол пәтер алу үшін кезекте тұр. Баспанаға кезекті көп күтпеу үшін ипотека алғысы келген екен, бірақ ай сайынғы төлемге жалақысы жетпеген. Облыс басшысы жоғары табысты жұмыс табуға көмектесуді ұсынды.– Сіз Саранға көшу мүмкіндігін қарастырмайсыз ба? Мен сізге бұл қаланы неге ұсынатынымды білесіз бе? Қазір Саран белсенді дамып келеді. Индустриялық аймақты құрудың арқасында онда жаңа жұмыс орындарын ашатын заманауи кәсіпорындар ашылды. Мысалы, тұрмыстық техника зауыты бар. Цехтары өте жарық және таза. Жұмыс беруші толық әлеуметтік пакет және жоғары жалақы төлеуге кепілдік береді.Тағы бір мәселе Пришахтинскідегі Шахтер кентіндегі көп қабатты үйлерді орталықтан жылытуға қосу болды. Жылу желілерін қалпына келтіру және үйлерді қосу бойынша ауқымды бағдарлама өткен жылы басталған болатын. Іске асыру Тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы арқылы жүргізіледі. 33 үй қосылды. Қабылдауға келген қарағандылықтың айтуынша, жылу жүйесіне қосылған барлық көршілер риза. Енді олардың үйі де кезекте тұр.– Біздің үйлер орталық жылыту жүйесінен ажыратылғанына 30 жылдан асты. Осы уақыт ішінде біз бастан не кешпедік! Көбісі, соның ішінде күйеуім екеуміз пәтерлерге пеш қойдық. Қазір мен жалғыз тұрамын, үшінші қабатқа көмір тасу маған өте қиын, – деді қарағандылық. – Сондықтан осы бағдарламаға бастама жасап, жылыту мәселесін шешуге көмектескеніңіз үшін рахмет айтқым келеді.Сұрақтардың басым бөлігіне сол жерде жауаптар берілді. Мұқият қарауды талап еткендер одан әрі шешілуі үшін бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/965574?lang=kk
Қазақстандық су мамандарының алғашқы тобы Қытайда оқуын бастады 15.04.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен қазақстандық су мамандарының алғашқы тобы Қытайда біліктілік арттыру курсын бастады. Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі қытайлық әріптестерімен тиісті келісімге қол жеткізген болатын.Алғашқы топта 30 маман. Одан әрі 25 адамнан жасақталатын тағы 3 топ Қытайда оқиды. Көрші елдегі екі апталық біліктілікті арттыру курстарынан жалпы саны 105 су маманы өтеді.Айта кету керек, оқу курсын Қытай тарабы өз есебінен ұйымдастырды және іс-шараға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.«Министрліктің бастамасымен жүзден астам қазақстандық маман өздерінің білімдері мен кәсіби дағдыларын шыңдау мүмкіндігіне ие болды. Қытай су шаруашылығы саласында озық технологияларға ие, сондықтан осы елдің тәжірибесін зерделеу еліміздің су саласын дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, біздің министрлік басқа мемлекеттермен де осындай курстарды ұйымдастыру бойынша белсенді келіссөз жүргізуде. Осыған дейін бірнеше су маманы Франция мен Жапонияда білім алып келді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.Еске салсақ, биыл наурыз айында алғаш рет Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат су ресурстарын ұтымды және орнықты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/973389?lang=kk
ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ЖƏНЕ САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АЙТЫП ӨТТІ 15.04.2025
Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдарда 5,2 триллион теңгені құрайтын 1060 жоба іске қосылды. Соның арқасында 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Осы бағдарлама іске асырылғаннан бері жүзеге асқан жобалар 8 триллион теңгенің өнімін берді. Бұл – еліміз үшін аса маңызды жетістік. Біз бұған дейін өндірілмеген өнімнің 500 түрін шығарамыз, – деді Елбасы.Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелеріне назар аударды.2010 жылдан бері республикалық маңызы бар 5 мың шақырым жолдың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылға дейін тағы 4500 шақырым жол іске қосылады. Қазір республикалық автомобиль жолдарының 85 пайызы жақсы күйде. Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасы және Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Бейнеу – Шетпе, Көкшетау – Петропавл бағыттары бойынша жолдар пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ертіс өзені арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ірі көпір салынды. Осы жобаларды іске асыруға 75 мың адам тартылды. Бұл ретте, барлық құрылыс материалдарының 90 пайызы Қазақстанда жасалған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Сонымен бірге, Қазақстан Президенті «Құрық» теңіз порты мен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының экономикалық маңыздылығын атап өтті.Бұдан бөлек, Елбасы «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу нәтижелеріне тоқталып, оның аясында 10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынғанын айтты.9 облыста тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық бағдарламалар халықтың тұрмысын жақсартуға арналған. Жинақтағанымыздың бәрін қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағыттадық, – деді Мемлекет басшысы.Сондай-ақ, Қазақстан Президенті министрліктің басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін жекелеген мәселелерге тоқталды.Индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әлі де экономикамыздың әртараптығын қамтамасыз ете алмай отыр. Өңдеу өнеркәсібінің ішкі жалпы өнімдегі үлесі айтарлықтай өзгерген жоқ. Жалпы, қойылған міндеттерді орындауға қажетті барлық жағдай бар. Сіз экономикалық және әлеуметтік басымдықтарды іске асыруға толық жауаптысыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы елімізді одан әрі дамытып, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.Ақпарат көзі: Akorda.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27144?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ФОРУМЫНДА «ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ» ҰСЫНДЫ 15.04.2025
Форум халықаралық қауымдастыққа Қазақстандағы инвестициялық климатты реформалау бойынша қабылданған табысты шаралар туралы және «Ұлттық инвестициялық стратегия» аясында жоспарланған алдағы реформаларды мәлімдеуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Форум алаңында вице-министр Ерлан Хаировтың шет елдердің және халықаралық ұйым өкілдерімен екі жақты кездесуі өтті.ЮНИДО-ның саясат және қолдау бағдарламалары дирекциясының басқарушы директоры Фату Хайдармен кездесті. Кездесуде бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ЮНИДО-ның қазақстандық бағдарламаларын сараптау, болашақта атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.Австрияның Австрия Федералды экономикалық палатасымен кездесуде пікір алмасты. Қазақстандық вице-министр инвесторларды, қабылданған инвестициялық стратегияны, жекешелендіру жоспарларын, МЖӘ пен АХҚО-ң ашылуы туралы хабардар етті.Австрия тарапы австриялық компаниялардың технологияларымен таныстырды. Көлік инфрақұрылымын дамыту, ақылды қалаларды дамыту, сондай-ақ, жаңа технологиялар саласындағы өз қызметтерін ұсынды.Сонымен қатар, Мьянма, Кения, Тунис, Гана, Грузия және Моңғолия өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді. Оның барысында ЭЫДҰ тәжірибесі мен ұсынымдарын ескере отырып, шетелдік делегаттарға Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27114?lang=kk
KAZAKH INVEST ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ 15.04.2025
Форумға АЭА-ның барлық өкілдері қатысты. Онда Алматы, Қарағанды, Шымкент және Павлодардың арнайы экономикалық аймақтары (АЭА) таныстырылды. АЭА басқарушы компанияларының басшылары іс-шара қонақтарын АЭА-ның ерекшеліктерімен, табысты іске асырылған жобалармен таныстырды. Сондай-ақ, даму тәжірибелерімен және болашақтағы жоспарларымен бөлісті.«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев аталмыш іс-шараның мақсаты мен негізгі міндеттері туралы айтты.«Бүгінгі іс-шара ҚР АЭА-ның басқарушы компанияларының, АЭА-ның резиденттерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуетті отандық және шетелдік инвесторлардың тікелей келіссөздер жүргізу алаңы болып отыр. Бұл өз кезегінде елдегі арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіруді жалғастыруға мүмкіндік береді»,-деді Біржан Канешев.Управляющий директор Департамента развития СЭЗ АО «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Даму департаментінің басқарушы директоры Еркежан Амирханова «Қарағандының «Сарыарқа» АЭА базасындағы ҚР АЭА электронды интерактивті картасының тесттік нұсқасын таныстырды. Ол АЭА көрсеткіштерін, жер учаскелерін, фирма байланыстарын нығайтуға мақсатында әзірленген. Интерактивті база инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәртебесін және инфрақұрылым құрылысының кезеңдерін көруге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Форум аясында «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағындағы табысты іске асырылған жобалардың бірі - ескі автокөліктерді қайта өңдеу арқылы болат, алюминий және түсті металдарды өндіру жөніндегі зауыт - «Recycling Company» компаниясы таныстырылды.Іс-шараға қызығушылық танытқан Жапониядан келген қонақтар мен Қазақстандағы ірі халықаралық компаниялардың өкілдері отандық компаниялармен іскерлік байланыстар орнатып, одан әрі ынтымақтасу ниетін білдірді.Сондай-ақ, форум аясында АЭА-н басқаратын компаниялармен заң жобасын және АЭА дамытудың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.Айта кетейік, өңірлердің қарқынды дамуы, инвестиция тарту, технологияларды тарту, жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті өндірістер құру мақсатында Мемплекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында 11 арнайы экономикалық аймақ құрылған болатын. Өңірлердің кластерлік дамуын қамтамасыз ету мақсатында АЭА түрлі салалық бағытта жұмыс істейді.Мысалы, «Оңтүстік» АЭА тоқыма өнеркәсібі, химия, мұнай химиясы, «ИТП» АЭА ақпараттық технологиялар бойынша, Павлодар АЭА химия және мұнай химиясы бойынша, «Сарыарқа» АЭА металлургия және ауыр машина жасау салалары бойынша маманданған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26915?lang=kk
Қала қазынасын ұлғайту жөніндегі қосымша шаралар туралы 15.04.2025
Қала бюджетін толықтыру құрылымы ерекше. Қалада 185 мың ШОБ субъектісі бар. Халықтың үштен бірі кәсіпкерлік салада жұмыс істейді. ШОБ кірістері қаланың ЖӨӨ-нің 40%-ын құрайды, бюджеттің 60%-ы ШОБ-тен түсетін түсімдер есебінен қалыптасады. Яғни, қаланың әлеуметтік қолдауының экономикалық базасын ШОБ құрайды.Мемлекет басшысы К.-Ж.Тоқаевтың шешіміне сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШОБ-тан түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджеттерге беріледі. Бұл дегеніміз ШОБ көп болған сайын қала бюджетіне түсетін түсімдер соғұрлым көп болады.Демек бұл шешім "Шетсіз қала" қағидасы бойынша аудандардың тең дамуы үшін ресурстық базасын құрайды. Әкімдіктің негізгі ұстанымы барлық аудан тұрғындары үшін тең жағдайда өмір сүру сапасын жақсарту. Осыған орай қала әкімдігі ШОБ-ты барынша ауқымды дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Ол үшін қосымша резервтер мен өсу нүктелері анықталды.«АЛМАТЫ – 2020» бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі болып «Бизнес пен жеке капиталға арналған қала» саналады.Бағдарлама аясында мына бір шаралар топтамасы іске асырылмақ:• «Алматы» ӘКК жұмыс істейді; • «Almaty Invest» инвестициялар тарту орталығы құрылды; • Қаланың 6 ауданында бөлімшелері бар «Qoldaý»кәсіпкерлік орталығы құрылды; • «Almaty Finance» қаржылық компаниясы және «Almaty» микронесие ұйымы құрылды. Бұлар пайыздық мөлшерлеменің сараланған саясатын жүргізеді. Қаланың орталық бөлігінде ШОБ үшін 7%, шеткі аймаққа 2%. Несиелеу аясында 2019 жылдың соңына дейін 2 млрд.теңге, ал 2020 жылы 10 млрд.теңге бөлінеді;• ШОБ-ты қаржылық қолдау көлемін 3 есеге ұлғайту (10,5 млрд.теңгеден 31 млрд.теңгеге дейін);• «Алматы Бизнес 2025» бағдарламасы аясында жыл сайын 20 мың кәсіпкерді оқыту.Бұл ретте кәсіпкерлер ШОБ-тің дамуына кедергі келтіретін бірқатар факторларды атап өтті. Олар:- Сұраныстың төмендеуі;- Бизнесті құру және дамыту үшін әкімшілік кедергілер; - Қызмет көрсету мен сауда жүргізу үшін қолжетімді инфрақұрылымның жоқтығы; - ШОК субъектілерінің, әсіресе ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің сауаттылығының төмендігі.Мысалы, кәсіпкерлердің мәліметінше, Қонаев пен Байтұрсынов көшелерінің екі жағына веложолдарды енгізу осы көшелерде орналасқан ШОБ кәсіпорындарының жағдайына кері әсерін тигізеді. Олардың қатарына сауда, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау және т.б. кәсіпорындар кіреді. Келетін клиенттердің саны төмендеп, түсім көрсеткіші қысқарған. Бұл өз кезегінде ШОБ кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізуде. Алматылық кәсіпкерлердің айтуынша, веложолдардың кесірінен клиенттердің көлігін қоюға жер жоқ. Сол себепті олардың келуі де азайған. Велосипедке арналған жолақ жолдың екі жақ шетінде орналасқан. Бұл – көлік тұрағына үлкен кедергі келтіреді.Қонаев көшесінде 392 нысан орналасқан. Шығыс жағында 115 нысан, батыс жағында – 277. Соның ішінде бүгінгі күні 11 нысан («ArtDFlowers» гүлдер дүкені, «Jewelmer» зергерлік бұйымдар салоны, «Визит» сұлулық салоны, «Милана» киім бутигі) және т.б. жабылды. «Дом Одежды Восход» сауда үйінде барлығы 99 бутик бар. Бүгінде 49 бутик жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап 50-ге жуық бутиктер (балалар және әйелдер киімі бутигі, ыдыс пен төсек-орын бутиктері) жабылды.Мысалы, сусындардың көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын «SAB TRADE COMPANY» ЖШС-нің кірісі (Қонаев көшесі, 153 Шевченко көш.қиылысында орналасқан «TOIMART» ЖШС) 3 есе төмендеген. Демек салық аударымдары да 3 есеге қысқарды (2016 жылы – 233 762 900 теңге. 2017 жылы – 164 851 700 теңге. 2018 жылы – 62 447 800 теңге). «Grand Hotel Tien Shan» қонақ үйінің табысы 2 есеге, 2017 жылы – 22 955 500 теңге, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында – 4 572 200 теңгеге түсті. Сондай-ақ, «Dolcetto» мейрамханасының табысы («Хан» ЖК, Қонаев көшесі, 114) 3 есе төмендеді (айналым айына 15-18 млн.тг-ден 5-6 млн.тг-ге дейін), жұмыс орындары 33-тен 19 адамға қысқарды.Байтұрсынов көшесінде 255 нысан орналасқан:– қарама-қарсы бетте – 107 нысан, атап айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың мұражайы үйі, Никольский соборы, Никольский базары, гүл базары, Алматы технологиялық университеті, Depo Evolution.– батыс жағында – 118. Олар: Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы, Шет тілдер педагогикалық колледжі, Қазақ спорт және туризм академиясы. Бұл жерде 2 нысан (Мастер донер мен дәріхана) жабылды. Байтұрсынов к-сі, 16 мекен-жайындағы әкімшілік ғимаратта (шығыс жағы) веложол жолағы енгізілгенге дейін 20 жалдаушы болса, бүгінгі күні 9 жалдаушы қалды. 2018 жылдан бастап 11 жалға алушы жалдау шартын бұзды. (2 тіс емханасы, «Логистик центр» ЖШС, «Вольфрам» ЖШС, оқу орталығы және т.б.). Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «SprintR» ЖШС де келісім-шартты бұзады (жұмыс орны – 30).Мысалы «Manga sushi» мейрамханасының (Байтұрсынов, 78 шығыс жағы) салық аударымдары 27,9% төмендеген. (2017 жылдың 1 жартыжылдығында – 3,2 млн.тг, 2019 жылдың 1 жартыжылдығында – 2,3 млн.тг.) келушілердің саны 9 654 адамнан 8 429 адамға дейін қысқарып, 12 қызметкер жұмыстан босатылды (бұрын 34 адам болса, қазір 22).«ЖанЕр.Д» кафесінің (Байтұрсынов көшесі, 44, шығыс жағы) салық аударымдары 2017 жылы 26,6 млн.тг, 2018 жылы 17,4 млн.тг қысқарды. «Oriental» асханасының (Байтұрсынов, 89) салық аударымдары 2017 жылы – 1,7 млн.тг, 2018 жылы – 1,1 млн.тг.Осыған байланысты Алматының Қоғамдық кеңесі Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложолды Шевченко көшесіндегідей екі жаққа бағытталатындай етіп көшенің бір жағына орналастыруды ұсынуда. Ал көшенің екінші бетіне көлік тұрағын қарастыруды жөн деп отыр. Бұл шара кәсіпкерлер үшін де, велоәуесқойлар үшін де тиімді болмақ. Сондай-ақ, тұрақ орындары қалпына келтірілсе, Қонаев көшесі бойында 300-ге жуық, ал Байтұрсынов көшесі бойында 150-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуы мүмкін деп болжануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26719?lang=kk
Алматы әкімі мұғалімнің мәртебесін көтеру және оларға қолдау көрсету шаралары туралы айтты 15.04.2025
Форумда мұғалім мамандығының маңызы және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеудегі педагогтың ерекше миссиясы туралы сөз қозғалды. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруді жақсарту мәселелері кеңінен талқыланды.«Мектеп – жеке тұлғаны және олардың бойында туған еліне деген шынайы сүйіспеншілікті қалыптастыратын киелі орын. Білім ошағында дәріс алатын оқушылардың болашағы зор әрі олар бақытты болулары тиіс», - деді Бақытжан Сағынтаев қаланың мұғалімдер қауымдастығы алдында сөйлеген сөзінде.Әкім өзінің сөзінде педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерді бітіріп, Алматының мемлекеттік мектептерінде еңбек жолдарын енді бастайтын барлық жас мамандарға бірреттік материалдық көмек беру жөнінде шешім қабылданғанын айтты. Биылғы жылы 700 жас мұғалім бюджеттік қаржының есебінен 20 айлық есептегі көрсеткіш көлемінде грант алатын болады.«Бұл шағын көмек, дегенмен осынау алғашқы қадамның қаланың педагогикалық қауымдастығына қолдау көрсетудің маңызды символы болатындығына мен сенімдімін», - деп атап өтті Алматы әкімі.Сонымен қатар, үздік білім ұйымдарын 800 айлық есептік көрсеткіш бойынша жыл сайынғы дәстүрлі марапаттау жалғасады. Ал, бүгін жеңімпаз 24 миллион теңге көлемінде жүлде алатын болады.Айта кетерлігі, қаланың үздік педагогикалық ұжымдарына жыл сайын ақшалай сыйлықтар беріледі.2020 жылдан бастап қала әкімінің шешімі бойынша мегаполистің ерен еңбек етіп, сапалы білім берген үздік педагогтарына Алматы әкімінің арнайы гранты тапсырылады. Оның Ережесін, номинациясын, критерийлерін әзірлеу және кімге берілуі тиіс екенін анықтау оқытушылардың өздері жүктеледі.Мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру үшін қалада ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылады, оның барысында БАҚ шаһардың үздік педагогтары, үздік оқу практикалары мен кейстері туралы жазатын болады. Бұл шара қоғам үшін білім жүйесін дамытудың дұрыс векторын қалыптастыруға ықпал етеді.Алматы әкімі жаңадан қолға алынатын әрі жыл сайын өтетін «Úzdіk ustaz» («Лучший педагог») байқауы және оның қорытындысы 2020 жылдан бастап Мұғалім күні қарсаңында шығатыны туралы хабардар етті. Жеңімпаздарға ынталандыру сыйлығы ретінде пәтер, автомобиль және басқа да бағалы сыйлықтар беріледі.«Мұғалім – білім саласындағы басты тұлға, сондықтан қоғам үшін аса маңызды мамандықтың мәртебесін көтеруге тиіспіз», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.Қазіргі кезде Алматыда 32 мыңға жуық мұғалім бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26709?lang=kk
ҚР ИИДМ СУДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН КҮШЕЙТУДЕ 15.04.2025
Қазіргі уақытта Каспий теңізінің қазақстандық секторында сауда флотының 12 кемесі, жүк көтергіштігі 5-13 мың тоннаны құрайтын және мұнай кен орындарын игеру үшін теңіз операцияларын қолдау флотын қоса алғанда, қазақстан туын көтеріп жүзетін 300-ден астам кеме жұмыс істейді. Бұдан басқа, тұрақты негізде қазақстандық порттарға басқа Каспий маңы мемлекеттерінің 60-қа жуық кемелері кіреді.Каспий теңізінің қазақстандық секторында кемелерді пайдаланудың қарқындылығын және тасымалданатын мұнай мен отынның көлемін ескере отырып, еліміздің аумақтық теңіздерінде кемелерден ластану және соған сәйкес орны толмас залал келтіру қаупі өте жоғары. Осыған байланысты, теңіз кемелерінен "нөлдік" сарқынды суларды шығаруды қамтамасыз ету үшін ҚР ИИДМ басшысының бұйрығымен оларды болдырмау жөніндегі ережелер бекітілді. Олар кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі халықаралық конвенцияның (МАРПОЛ конвенциясы) техникалық талаптарын іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, теңіздің ластануына алып келетін кеме бортында операциялар жүргізу тәртібі анықталады, мысалы, кемеге отын құю, жүк бөліктерін жуу, теңізге ағызылған шаруашылық мақсаттарында жұмсалған сарқынды суларды сүзу және шығару.Бұдан басқа, теңізге мұнай, сұйық химиялық заттарды, сарқынды сулар мен қоқыстарды шығаруды болдырмауға арналған кемелерде арнайы жабдықтар мен жүйелердің болуы және олардың атқаратын жұмысы бойынша талаптар белгіленеді.Бұл ережелер теңіздің кемелерден ластану тәуекелін азайту жөніндегі біріздендірілген халықаралық талаптардың сақталуын және тиісінше шетелдік порттарда отандық кемелердің оларды бұзғаны үшін кідіруін болдырмауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ кеме иесі тарапынан теңіз ортасын ластау салдарын жоюға арналған шығындардың ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26689?lang=kk
Алматы қаласының әкімі Әуезов ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді 15.04.2025
Шаһар басшысы қаладағы барлық ауруханалар мен емханаларға аудит жүргізілгенін мәлімдеді. Бұдан өзге шеткі аудандардың 6000-нан астам тұрғынын қамтитын денсаулық айлығы басталды. Мегаполистің шалғай аудандарында медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік пункттер мен амбулаториялар ашылуда.Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес аулалар мен жарығы жоқ учаскелерге баса назар аударылып, патрульдеу тәртібі қайта қарастырылды. Жаяу патрульдеудің маңыздылығын тілге тиек еткен қала әкімі кездесуде Әуезов ауданының тұрғындарына өтініш айтты. "Патрульдер аулаларға кіруі керек! Бұл бекітілген тәртіп. Егер аулаға кірмей кеткен полицейді байқасаңыз, маған хабар беріңіздер. Жаяу патруль аулаларды қамтуы тиіс", - деді ол.Сондай-ақ, қала әкімі кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі жобалар туралы айтты. Аталған жоба аясында шеткі ауданның тұрғындары жеке бизнесін ашуға 2%-бен, ал орталықтың тұрғындары 7%-бен несие ала алады. Әркім өз бизнесін ашып, аяққа тұрып, қарызын қайтаруға мүмкіндік алмақ.Бұл ретте шаһар басшысы Б. Сағынтаев әйелдер кәсіпкерлігінің тақырыбына жеке тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, қала басшысының тапсырмасы бойынша әр ауданда "Бақытты отбасы" дейтін көпбалалы аналарды қолдау орталықтары ашылуда. Орталықтың жұмысы аясында "Іскер ана" бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама түрлі мәселелер бойынша, атап айтқанда, құжат жинау мен кеңес алу, тегін үйрету курстарынан өту бойынша көмек көрсетеді.Кездесу үш сағатқа созылды. Күн тәртібіндегі мәселелер тұрғын үй шаруашылық, аулаларды абаттандыру мен жарықтандыру, аулалардағы қоғамдық қауіпсіздік пен ұрлық, қоқыс жинау, арық жүйесінің жұмысы, кәріз, қаңғырған иттер және т.б. болды.Жалпы күнделікті мәселелерге қатысты 150-ге жуық сұрақтар қойылды. Қала әкімі жауапты тұлғаларға қала тұрғындары қойған әрбір мәселеге нақты жауаптар беруді тапсырды.Апта сайын әр дүйсенбі де аудан және басқарма басшыларының тұрғындармен болған кездесулерде көтерілген сұрақтар мен өтініштердің қалай шешіліп жатқаны туралы есептері тыңдалмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26232?lang=kk