Enbekshi QazaQ

Қуқық

Көмір өндіруші кәсіпорындардың тыңдауы өтті: өткен жыл қорытындылары мен 2025 жылға жоспарлар 21.02.2025
Бүгін, 2025 ж. 17 ақпанында ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің Көмір өнеркәсібі басқармасы көмір өндіруші кәсіпорындардың 2024 жылғы жұмысын қорытындылады және 2025 жылға арналған жоспарларды қарады. Тыңдауға 29 компания қатысты.2024 жылдың қорытындысы бойынша 112,6 млн тонна көмір өндірілді, нақты көлем индексі 102,9% құрады. Алайда жекелеген кәсіпорындар тау-кен жұмыстары жоспарындағы ауытқуларға, экспорттың қысқаруына және басқа да факторларға байланысты өндіру көлемін төмендетті. Соның ішінде «Kazakhmys Coal» ЖШС – 16,3%, «Майкубен-Вест» АҚ – 28,8% және т.б.Министрлік ҚТЖ және кәсіпорындармен бірлесіп нысаналы көрсеткіштерді орындау бойынша шаралар қабылдануда. Ішкі нарықтың көмір қажеттілігі 7,9 млн тонна болса, қазірдің өзінде 7,53 млн тонна жеткізілді, бұл жоспардың 95,7%-ы болды. Ал көмір тұйықтарындағы қорлар 476 мың тонна құрайды.Жылыту маусымының тұрақты өтуі бойынша жұмыс жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/939885
III-ші Каспий экономикалық форумы 21.02.2025
Бүгін Тегеранда бес Каспий маңы елдерін - Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстанның мемлекеттерінің делегацияларын біріктірген III-ші Каспий экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Негізгі талқыланған тақырыптар - көлік ынтымақтастығы, экология, денсаулық сақтау, туризм, транзиттік тасымалдар, сауда байланыстары және банк саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері болды.«Каспий маңы елдерінің экологиялық, денсаулық сақтау және туристік ынтымақтастығы» атты төртінші тақырыптық сессияда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Ш. Әлиев баяндама жасады.Ол өз сөзінде Каспий өңірінің елдері арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласында берік ынтымақтастық орнатылғанын, онда күн тәртібіндегі маңызды экологиялық мәселелердің бірі Каспий теңізінің таяздануына жол бермеу екенін атап өтті.«Алайда, соңғы жылдары климаттың өзгеруі біздің өңірде айқынырақ байқалып, қоршаған ортаға, экономикаға және қоғамның әл-ауқатына елеулі проблемалар тудыруда. Мұны шешу Каспий теңізінің жағалауларында орналасқан барлық елдердің бірігіп әрекет етуін талап етеді», - деп толықтырды вице-министр.Сонымен қатар, өздеріңіз білетіндей, Каспий теңізінің деңгейі көпжылдық, жыл аралық және маусымдық өзгерістерге ұшырауда.Мәселен, 2006 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі төмендеуде - қазіргі уақытта 1,9 метрге төмендеген.Қазақстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясы (СОР29) аясында Әзірбайжан тарапының Каспий теңізі деңгейінің төмендеуін зеттеу бойынша жұмыс тобын құру жөніндегі бастамасын қолдады.Аталған бастама аясында өткен жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторының қорық аймағында экологиялық сезімталдық картасы әзірленді, ол мұнай төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, сондай-ақ өңірде биоәртүрлілікті сақтау стратегияларын әзірлеу үшін маңызды құрал болып табылады.Сондай-ақ, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеу үшін Каспий теңізінің Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды.«Осыған байланысты, біз ғылыми-зерттеу институттарының Каспий желісін құру арқылы Каспий маңы ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын нығайтуға мүдделіміз. Біздің ғалымдардың бірігіп жұмыс жасауын нығайту қажет», - деді Жомарт Шияпұлы. Ол сондай-ақ Иран тарапына бүгінгі іс-шараны ұйымдастырғаны, өткізгені және жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/939830
"Берекеде" биыл жайлы мектеп ашылады 21.02.2025
«Береке» шағын ауданы заманауи әлеуметтік инфрақұрылымның орталығына айналуда. Мұнда жаңа арнайы мектеп, балабақша және спорт кешені ашылды. Енді бұл нысандардың қатарына 600 орындық жайлы мектеп қосылады. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Берекедегі» жайлы мектептің құрылыс алаңында болып, жұмыстардың сапасын тексерді. Қазір қасбетті қаптау, ішкі инженерлік желілерді монтаждау және едендерді құю жұмыстары жүргізілуде. Сыртқы инженерлік желілер тартылған, ал нысанның өзі осы жазда пайдалануға беріледі. "Жаңа оқу жылында аудан оқушылары кең, заманауи және ыңғайлы білім ордасының есігін ашады. Мұнда физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша жаңа үлгідегі оқу кабинеттері, сондай-ақ STEM-зертхана, робототехника, интерактивті тақталар, шеберханалар және кең спорт залдары болады", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде. Осындай заманауи білім беру ортасы былтыр «Орман» шағын ауданында ашылған жайлы мектепте де сәтті іске асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/939698
Астық, майлы және бұршақты дақылдар өндірушілеріне сауда стратегиясына қатысты ұсыныстар 17.02.2025 21.02.2025
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледіДәнді дақылдарНарықта дән маңызы 25ке дейінгі "үштіктің" құны бір теңгеге төмендеді. Қалған бағалар алдыңғы деңгейде сақталды.элеватардан, ҚҚС-мен,  тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +110-САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін78-1САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін72-САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін69-САТУ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін54-САТУ6535арпа 2 сыныпты73-САТУ6035Дурум (прот 14+)85-САТУ12070Дурум (прот 15+)102-САТУ15090Қызыл-бір апта ішінде төмендеу, жасыл-көтерілу, барлық бағалар-жаңа егін жинауМайлы дақылдар / бұршақМайлы дақылдар тобында зығыр 5 теңге/кг-ға қымбаттады, рапс құны 19 теңге/кг-ға өсті.элеватардан, ҚҚС-мен,  тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр217+5САТУ200170Рапс214-             САТУ250180Күнбағыс165-САТУ190160Мақсары135+19САТУ11085Соя193-САТУ285200Қыша қара/ақ215-             САТУ300200Бұршақ (сары)*92-САТУ17080Жасымық қызыл**198-САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **363-САТУ450350* - премиум сапасы бар солтүстік аймақтар, * * - ҚҚС-сыз жаңа өнім курсивпен бөліндіТүсініктеме:Ағымдағы баға – бұл Қазақстан ішіндегі элеваторда немесе вагонда ҚҚС-пен бірге келісімшарт жасалатын орташа салмақталған бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне және жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар:Стоп – тиімдірек баға болғанға дейін сауданы тоқтату ұсынылады. Қажет болғанда сату – техникалық немесе қаржылық қажеттіліктерге байланысты сату ұсынылады.Сату – жақын болашақта тиімді перспективалар байқалмағандықтан, өнімді сату ұсынылады.Максималды баға – ағымдағы сауда маусымында баға жете алатын жоғары шек. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Минималды баға – ағымдағы маусымда дақыл бағасы жетуі мүмкін төменгі шек.Ескерту:Бұл ұсыныстарды авторлардың субъективті пікірі ретінде қарастыру туралы үлкен өтініш. Брошюра тек ақпараттық сипатта болады. Брошюраны алушылар бизнестің және оның активтерінің нақты иелері болып табылады және оларды өз бетінше сату туралы шешім қабылдайды.Сондай-ақ, осы брошюраны үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салынады. Біздің ортақ ісіміздің жетістігі осыған байланысты!QazagrobilimАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/939384
Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 21.02.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Иран Ислам Республикасына жұмыс барысымен барды. Сапар аясында Вице-министр Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясының ашылуына қатысып, Иран тарапының өкілдерімен бірқатар нәтижелі кездесулер өткізді.Екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Қазақстан мен Иран арасындағы Ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобының 1-ші отырысында вице-министр елдер арасындағы агросекторда сауда-экономикалық байланыстардың тұрақты өсуін көрсетіп отырғанын атап өтті.2024 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара тауар айналымы 220,1 млн АҚШ долларын құрап, өсім 2023 жылмен салыстырғанда 33,2% жетті.«Иран Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық серіктесі болып табылады. Біз Иран нарығына астық, ет өнімдері, өсімдік майлары мен кондитерлік өнімдер экспортын кеңейтуге, бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделіміз, Иран арқылы Парсы шығанағы елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің транзитін ұлғайтуға дайынбыз", – деп атап өтті вице-министр Ермек Кенжеханұлы..Отырыс барысында бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.Атап айтқанда, қазақстандық тарап дәнді-бұршақты дақылдар және арпаны, 500 мың тонна күнбағыс майы мен күнжараны, қой еті мен тірі малды Иранға жеткізу мәселелерін пысықтады.Өз кезегінде Иран ірі қара, ұсақ мал, жылқы терісін экспорттауға ветеринариялық сертификатты келісуді жеделдетіп, иран ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтады.Сондай-ақ, тараптар ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізу бағдарламасын әзірлеуге, Бендер-Аббас порты арқылы ұн жіберу үшін Иранның транзиттік әлеуетін пайдалануға, бекіре және албырт балықтарын өсіру, балық азығын өндіру жөніндегі бірлескен жобаларды қарауға келісті.Отырыста «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «ҰК» АҚ мен Fawakeh Trading Company (Иран) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.ИИР Ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезелджемен кездесуде тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымын ұлғайту перспективаларын, ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу, қазақстандық агроөнімнің Иран арқылы транзиті мәселелерін талқылады.ИИР жол және қала құрылысы министрі Садег Фарзанемен кездесудің негізгі тақырыбы Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына шығу үшін Иран порттарын пайдалануды қоса алғанда, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін логистикалық мүмкіндіктерді кеңейту болды.Сондай-ақ жұмыс сапары аясында вице-министр Solica Group компаниясына барды, оның өкілдерімен бірлескен инвестициялық жобалар, соның ішінде Қазақстанда фри, балалар тағамы және ірімшік өндіретін зауыттар құрылысы талқыланды.Кездесулер қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, аграрлық өнімді жеткізу көлемін ұлғайту және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.Бұдан әрі жұмыс үкіметаралық комиссия және ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/939579
Қызылорда облысында пайдаланылмаған жер телімі мемлекетке қайтарылды 21.02.2025
ҚР АШМ Қызылорда облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Қазалы ауданында, Әйтеке би кентінде берілген учаскені пайдалану кезінде кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жер заңнамасының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеру қорытындысы бойынша 2011 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметке арналған жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды. Учаскенің бағалау құны 25 млн теңгені құрады. Бұзушылықты жою мақсатында Департамент оны заңнамалық талаптарға сәйкес келтіру үшін белгіленген мерзіммен нұсқама берді. Алайда қажетті шаралар қабылданбады.Нұсқаманың орындалмауына байланысты меншік иесі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Департамент жерді мемлекет пайдасына мәжбүрлеп алып қою туралы сот ісін бастады.Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап-арыз толық қанағаттандырылды. Жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/939737
Төтенше жағдайлар вице-министрінің Павлодар облысына жұмыс сапары 21.02.2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі С.Т. Төленбергенов және ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Р.К. Дубаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Жұмыс сапары барысында вице-министр «Майқайыңалтын» АҚ-да болып, кәсіпорынның қызметімен танысты, кәсіпорынның бірқатар қауіпті өндірістік нысандарын аралап, осы объектілерді соңғы тексеру нәтижелерін, сондай-ақ өткен жылы болған апатты тергеу қорытындыларын талқылады. Бүгінгі таңда «Майқайыңалтын» АҚ апаттыңсалдарынжою бойынша шараларқабылдауда. Апатты тергеу актісінде көрсетілген іс-шаралардың негізгі тармақтары орындалды. Д. Қонаев атындағы институт ұсынған іс-шаралар бойынша бұрын пайдаланылған тазарту камераларын төсеу үшін бетон қалау кешені іске қосылды, компрессорлық станция ғимаратын сәтсіздік орнынан қауіпсіз қашықтыққа көшіру жүзеге асырылды. Жобалау ұйымы құлау шұңқырын рекультивациялау бойынша жобаны әзірлеу аяқталды, толтырудың аяқталуы биылғы жылдың соңына жоспарланған. Бұдан басқа кеніш шахтасында жұмыскерлердің орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін позициялау жүйесін енгізу жұмысы жасалып жатыр. Бүгінгі таңда тиісті жабдықтар әкелінді, жақын арада оны орнату басталады. Сонымен қатар вице-министр Төтенше жағдайлар департаментінде болып, Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен кеңес өткізді. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздіктің барлық қызметкерлері құрылымдық қайта құрудан кейін департамент ғимаратына орналастырылды, үйлесімді бірлескен жұмыс жүргізілуде. Кеңес аясында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ағымдағы мәселелері талқыланып, алдағы міндеттер белгіленді. Департаменттің басым бағыттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің барлық деңгейлеріндегі құжаттармен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бағдарламалармен және өңірлік жоспарлармен интеграциялануға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/939264
ТЖМ жұқа мұз үстіндегі қауіпті еске салады 21.02.2025
ТЖМ қарашада басталған «Мұз-2025» республикалық үгіт-профилактикалық акциясының үш айлық қорытындысы шығарылды. Қазгидрометтің болжамына сәйкес Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтерілуде. Бірқатар өңірлерде су айдындарының мұз жамылғысы алдамшы, мұз құрылымы өзгере бастады. Акция шеңберінде, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп-қатерді арттыра отырып, ТЖМ құтқарушылары мобильді топтар құрамында еліміздің су айдындарына 13 мыңнан астам рейд мен патрульдеу жүргізді. Рейдтер барысында мұз үстіндегі қауіпсіздік және мұзда балық аулау ережелері түсіндіріледі, барлығы 109 мыңнан астам адамға нұсқау берілді. Жартысынан көбі балық аулау әуесқойлары мен аңшылар. Ең жоғары тәуекел аймағындағы халықты көбірек қамту үшін балық аулау құралдары мен басқа да аңшылық керек-жарақтарын сатудың 1 682 орны қамтылды, әр дүкенде үгіт материалдары таратылды. Тек акция кезеңінде рейдтік іс-шаралар кезінде 37 ересек адам мен 4 баланың қаза болуына жол берілмеді, қар құрсауында көлікте тұрып қалған адамдарға көмек көрсетілді, Шардара су қоймасының жағасынан 10 км қашықтықта тұманда адасып қалған 2 балықшы табылып, эвакуацияланды, мұз астына түсіп кеткен 7 көлік шығарылды. Мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзу нәтижесінде адамдардың кінәсінен болатынын атап өткен жөн. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Үш айда 336 хаттама жасалды, жалпы сомасы 8 миллионнан астам теңге айыппұл салынды. Бұл жағдайда айыппұл өлімнің алдын алу құралы болып табылады. ТЖМ қараңғы, көрінуі нашар болып, мұз қату және еруі кезінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынатынын, мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес екендігін еске салады. Мұздың қалыңдығы 10-нан 25 см-ге дейін мұз астында балық аулауға тек құтқару кеудешесі болған кезде жол беріледі! Мұз үстінде болған кезде:1) мұздың жұқа және толық қатпаған жерлеріне шығуға;2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;3) мұздағы шұңқырларға, жарықшақтарға, ойықтарға жақындауға;4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;5) от жағуға;6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі ойық, ал басқа жұп ойықтардан 2 метрден аз қашықтықта екі ойық жасуға;7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді. «Мұз-2025» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы 2025 жылдың қыс мезгілі мен жұқа мұз кезеңінің соңына дейін өткізіледі! ТЖМ-нің негізгі міндеті – адам өлімінің алдын алу және су айдындарындағы (мұздағы) қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға (соның ішінде жұқа мұзға) жедел ден қою! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/939317
Қазақстан Орта Азиядағы білім сапасын бағалау бойынша аккредиттациядан өткен жалғыз ел атанды 21.02.2025
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін бағалаудың ұлттық құралы RCEC халықаралық сапа белгісін алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.ББЖМ ұлттық құралының халықаралық аккредитациядан өтуі оның сенімділігін, шынайылығын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. ББЖМ-нің барлық кезеңдері мен процедуралары PISA, TIMSS және PIRLS сияқты белгілі зерттеулерде қолданылатын ғылыми тәсілдерге негізделген.«ББЖМ аккредитациясынан өту еліміздің бағалау саласындағы әлеуетін және сараптамасын арттыруға мүмкіндік берді. Біз ББЖМ трансформациясы барысында әзірленген негізгі қағидаттар мен тәсілдерді ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру аясында басқа білім деңгейлеріне енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл бағалау жүйесінің тұтастай дамуын және балалардың білім сапасы туралы объективті деректер алуды қамтамасыз етеді», – деді «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы.Сонымен қатар аккредиттеу Қазақстанның Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын бағалау бойынша бірлескен бастамаларға көшбасшылық етуіне бірегей мүмкіндіктерді береді.ББЖМ аккредитациясы 7 кезеңнен тұрады, олар бағалау жүйесін әзірлеуді, тест сұрақтарының базасын құруды, барлық қатысушылар үшін нұсқаулық әзірлеуді, цифрлық платформада тестілеуді әкімшілендіруді, халықаралық стандарттарға сәйкес нәтижелерді талдау.Еске салайық, ББЖМ – мектеп оқушыларының білім сапасын зерделейтін қазақстандық ұлттық зерттеу, ол оқу-тәрбие процесіндегі күшті және әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Оның түпкі нәтижесі – білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/939574
Темекі мен вейпті спорт заттарына айырбастау: Астанада ерекше акция өтті 21.02.2025
Астанада өткен кезекті акция аясында спортшылар қала тұрғындарына темекі өнімін спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астанада салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдетке қарсы күресу бойынша креативті бастамалар жалғасын тауып жатыр.«Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен кезекті акция өткіздік. Оның аясында біз темекі және вейп шегетін жастарға қолдарындағы зиянды заттарды волейбол добы мен шахматқа айырбастауды ұсындық. Осы арқылы жастарды, қала тұрғындарын бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын», - деді тасжолдағы велоспортпен кәсіби түрде айналысатын Роман Хакимов.Мұндай акциялар тұрақты түрде өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/939462
Астанада Ардагерлер кеңесінің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті 21.02.2025
Астанада Сарыарқа ауданы Ардагерлер кеңесінің 20 жылдық мерейтойы ерекше салтанатты жағдайда аталып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Дінмұхамед Кулдашов, Астана қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов аудан ардагерлерін құттықтап, лебізін білдірді. Сондай-ақ бір топ ардагерлер мен кеңес жұмысына белсене атсалысқан азаматтарға алғыс хат табысталып, олардың аудан дамуына қосқан үлесі ерекше аталып өтті.«Бүгінде Сарыарқа ауданында 29 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олардың өмір сапасын жақсарту – біздің басты мақсат. Бұл бағытта 18 мыңнан астам ардагерді біріктіретін 154 ұйым белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.Зейнеткерлерді қолдауда «Оптимист», «Зодиак» және «Алтын босаға» орталықтарының маңызы зор. Мұнда аға буын мәдени іс-шараларға қатысып, жастармен кездесіп, өз уақыттарын пайдалы өткізеді. Сонымен қатар, біздің ауданда «Белсенді өмір сүру орталығы» жұмыс істеуде, оған күн сайын 100-150 адам келеді. Ал 3 мыңнан астам зейнеткер түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысады» дейді аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Уляш Құсайынова.Айта кетейік, 2004 жылы 16 шілдеде Сарыарқа ауданының Ардагерлер кеңесі құрылды. Аталған ұйым 20 жылда ардагерлер мен зейнеткерлерді біріктіріп, олардың белсенді өмір сүруін қолдайтын және ауданның дамуына елеулі үлес қосатын маңызды қоғамдық күшке айналған.Салтанатты жиын Е.Рахмадиев атындағы филармония әртістерінің концертімен жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/939466
«Заң және тәртіп»: Астанада деструктивті ағымдардың әсерін түсіндіру іс-шарасы өтті 21.02.2025
Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.«Іс-шараның мақсаты – елорда тұрғындарын деструктивті діни ағымдар мен олардың қаупі туралы хабардар ету, діни сауаттылықты арттыру және дін саласындағы заңнамамен таныстыру», - деді «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Мәди Төлбасы.Акция аясында елорда тұрғындарына дінге қатысты сенімді дереккөздер, деструктивті діни ағымдардың қаупі, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімі, дін саласындағы заңнама және басқа өзекті мәселелерді қамтитын 2 мыңнан астам ақпараттық брошюра таратылып, бейнероликтер көрсетілді.Іс-шарада қатысушыларға ұлттық құндылықтар, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, Қазақстан тарихы, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптейтін және деструктивті діни ағымның алдын алуға бағытталған викторина өткізілді. Ал балалар ел, білім, отбасы және т.б. тақырыптарда мақал-мәтел айтудан жарысты.«Көктал» ойын-сауық сауда орталығына сауда жасауға келген болатынмын. Бұл жерде акция болып жатқанын көріп, оған қатыстым және сұраққа дұрыс жауап беріп, сыйлыққа ие болдым. Ұйымдастырушыларға рақмет», - деді шараға қатысқан қала тұрғыны Бағжан есімді азамат.Сайыс жеңімпаздары мен акцияға қатысқан еріктілерге қоғамдық қордың атынан алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/939471
Қонаев көшесінің бір бөлігі 19 ақпаннан бастап жабылады 21.02.2025
Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында, сол сияқты жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздік пен ыңғайлылықтың заманауи стандарттарын ескере отырып, Қонаев көшесіндегі «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін реконструкциялауды жалғастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Осыған байланысты, Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша осы жылдың 19 ақпанынан 30 қазанына дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етілетін болады.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/939495
Ландшафтық ғимарат ішін виртуалды аралау: елордалық студенттер ерекше жоба ойлап шығарды 21.02.2025
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде Астана қаласының Сервис және туризм колледжінің студенттері ерекше жоба – ландшафтық ғимарат ішін виртуалды аралауды ұсынды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараға қатысушылар тек көркем абаттандырылған аумақты VR-технологияларының көмегімен толықтай виртуалды түрде көре алды.Бұл жоба студенттердің осы оқу жылында алғаш рет ашылған жаңа мамандықтар – ландшафтық дизайн және флористика бағыттары бойынша жұмыстарының нәтижесі.«Бұл жобамен жұмыс істеу бізге ерекше қызықты болды. Біз 3D-моделдеу мен визуалдау бағдарламаларының қолданылуын меңгеріп, заманауи технологиялардың жобалау процесін қалай жақсартатынына көз жеткіздік. Жұмысшы мамандықтар фестивалі – біздің жаңа кәсіби мүмкіндіктерімізге жол ашатын маңызды алаң», - деп атап өтті колледж студенті Артур Васильев.Ландшафтық дизайнер мамандығы қазіргі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Бұл сала мамандары аумақты тек көркемдеп қана қоймай, оның функционалды бөліктерін дұрыс ұйымдастыру, көгалдандыру, жайлы орта қалыптастырады. Студенттердің жобасы фестивальге келгендердің ерекше қызығушылығын тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/939497
Ақмолалық спортшылар шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды 21.02.2025
14-16 ақпан аралығында Италияның Милан қаласында шорт-тректен әлем кубогының кезеңі өтті. Ақмола облысының спортшылары Денис Никиша мен Мерсаид Жақсыбаев ерлер эстафетасы құрамында өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Олар тек Италия және Канада құрамаларына жол берді.Еске сала кетейік, өткен аптада дәл осы спорт түрінен Қазақстан құрамасы Харбинде өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/939345
Су тасқынының алдын алу мақсатында 21.02.2025
Ұлытау облысының аумағын көктем мезгіліндегі су тасқынынан қорғау мақсатында облыс әкімінің өкімімен іс-шаралар жоспары бекітіліп, арнайы штаб жұмыс істеуде. Құрам қазіргі уақытта «жоғары дайындық» режимінде. Тиісті қалалық бөлімдер мен ұйымдар материалдық-техникалық құралдар мен инертті материалдар қоры дайындалды:- 72 тонна жанар-жағар май;- 10,5 тонна азық-түлік;- 4000 тонна инертті материал;- 14 000 дана қап. Су тасқынын болдырмаудың тағы бір жолы – елдімекендерде жүйелі түрде қар күреу жұмыстары. Бүгінгі таңда облыс аумағында 250 мың м3 қар шығарылған, жұмыстар жалғасуда. Ұлытау облысының аумағында зардап шеккен халықты уақытша қабылдауға арналған 44 қабылдау пункті дайындалған. Бұл орындардың жалпы сыйымдылығы 34218 адамды құрайды. Жоспарға сәйкес су тасқынына бейім елді мекендерді, су тасқынына қарсы бөгеттерді, гидро техникалық құрылыстарды, автомобиль жолдарын, эвакуациялық пункттерді сонымен қатар жұмылдырылатын күш құралдарды негізге ала отырып топографиялық карта әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/939245
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне 100-ден астам ұлытаулық қатысты 21.02.2025
11-15 ақпан күндері Астана қаласында өткен фестивальдің ашылуына Ұлытау облысындағы 13 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының басшылары, студенттері қатысып қайтты.Фестивальде нақты мамандықтарға бағытталып жұмыс істеген бас аяғы сегіз «көшеде» жерлестеріміз қызықты процесстерге тікелей қатысып, өздерін кәсіби ортада сынап көрді.Қала үлгісінде ұйымдастырылған бұл іс-шара келушілерге иммерсивті формат ұсынып, әр қонаққа интерактивті платформалар арқылы мамандықтардың ерекшеліктерін көруге және сезінуге мүмкіндік силады.Фестиваль болашақ мамандар, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы тиімді байланыс алаңына айналды. Екі күн ішінде түрлі семинар мен шеберлік сыныптар қатысушыларға құнды тәжірибе берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/939438
Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының жас әртістері көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді 21.02.2025
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының жас әртістері қойған «Кешкі 7» спектакль-концерті көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.«Qalleki» театр зертханасы ұсынған бұл жоба классикалық қойылымдардан ерекшеленеді. Спектакльдің премьерасы 2023 жылдың сәуірінде өтті. Қойылым бірден көрермен көңілінен шықты.Жас режиссер Бәзіл Сұлтанғазының қойылымы актерлердің өмірі мен олардың күнделікке жазған жазбаларынан алынған махаббат хикаяларына негізделген. Спектакльді қоюшы-суретші Шынар Елембаева, хормейстер Ержан Сансызбаев пен Сұлтан Тұрсынбеков сахналаған.Актерлердің айтуынша, спектакль идеясы грим бөлмесінде әңгіме барысында пайда болған. Олар сол жерде бір-бірімен махаббат хикаяларын бөліскен. Осылайша, музыкалық туынды жасап, көпшілікке ұсынуға бел буған.«Кешкі 7-де» актерлер басынан өткен жағдайларын бөлісіп қана қоймай, сахнада авторлық өлеңдер мен әндерді орындайды.Спектакль Көкшетау, Қарағанды және Павлодар көрермендеріне ұсынылды. Әртістердің шынайылығы мен олардың сахнадағы еркіндігі көрерменнің жоғары бағасына ие болды. Қойылымды 4 мыңнан астам адам тамашалаған. Шығармашылық ұжым Қазақстанның барлық қалалары бойынша гастрольдік тур ұйымдастыруды жоспарлап отыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/939421
Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық робототехника және дрондар чемпионаты Алматыда өтеді 21.02.2025
20-23 ақпан күндері «Атакент» орталығында Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Tech Cup — робототехника және дрондар чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Биылғы жылғы робототехника чемпионатының тақырыбы су ресурстары мен суасты әлемін зерттеудің жаһандық мәселесіне арналмақ. Оқушылар өздерінің ғылыми жобалары мен инновациялық стартаптарын төрт санаттық жас бойынша ұсынады:• FIRST LEGO League Discover (4-6 жас)• FIRST LEGO League Explore (6-10 жас)• FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас)• FIRST Tech Challenge (12-18 жас) Командалар АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласында өтетін әлемдік кезеңде ел намысын қорғау үшін бақ сынайды. Дрондар чемпионаты төрт бағытта өтеді:• ASPAN Drone Competition — дрондарды бағдарламалау және басқару;• ASPAN Cyber Competition — VelociDrone симуляторындағы виртуалды жарыстар;• ASPAN Drone Race — FPV (First Person View) дрондар жарысы. Жеңімпаздар Оңтүстік Корея, Еуропаның бірнеше елдері, Қытай және Түркиядағы чемпионаттарда Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік алады. Айта кетейік, Қазақстан өткен жылдың қазан айында Афинада өткен жарыста 190 елдің ішінде үш дүркін әлем чемпионы атанып, рекорд орнатқан болатын. Чемпионат ұйымдастырушылары: Алматы қаласының білім басқармасы, USTEM Foundation қоры, «Ashyq Aspan» ғылыми-білім беру қоры, РНПЦ «Дарын», ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/939490
Тағайындау 21.02.2025
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысы бұйрығымен Аманжол Истолеуович Ибрагимов 2025 жылғы  17 ақпаннан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.Аманжол Истолеуович 1968 жылы туылған, білімі жоғары, 1995 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «шығыстану» мамандығы бойынша, 2004 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.Еңбек жолын 1995 жылы  Алматы теміржолының жетекші маманы қызметінен бастаған.Әр жылдары «Қазақ темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының халықаралық басқармасында, Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы өкілдігінің басшысы (ҚХР), “ҚТЖ” ҰК-ның халықаралық басқармасының бөлім басшысы, ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азия (Пекин) өкілдігінің басшысы, “ҚТЖ” ҰК” Президент кеңесшісі,  «ҚТЖ Экспресс” АҚ-ның Президент кеңесшісі, «Казпочта» АҚ-ның филиал директоры, «КТЖ Экспрес» АҚ-ның контейнер тасымалдау департаментінің директоры, «Eurasia Supply Chain Aktau/Almaty» ЖШС бас директорының орынбасары лауазымдарын атқарған. 18 жылдай  “ҚТЖ” ҰК” АҚ-ның ҚХР-ғы Өкілдік жұмыстарын басқарған.2024 жылғы қазан айынан қазіргі уақытқа дейін «TezJet Cargo» ЖШС-ның бас директоры лауазымында қызмет атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/939273