Қуқық
Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақыру 15.02.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) барлық мүдделі тұлғаларды жаңартылатын генерация объектілерін салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады.Министрлік жаңартылатын энергетика жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға қатысуға инвесторлардың жобаларын дайындау және егжей-тегжейлі пысықтау мақсатында 2025 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлеп, бекітті.Мүдделі тараптар Министрліктің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының» ЖШС (https://rfc.kz/ru/res-sector/auctions/selection-of-res/) және «KOREM» АҚ (https://www.korem.kz/rus/linksts/) ресми сайттарынан түсініктеме сұрата алады.Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген) Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланған (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/795552?lang=kk).2025 жылға арналған аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат1 810 МВт құрайды және мынадай электр станцияларының түрлері бойынша бөлінеді:- күн электр станциялары (КЭС) – 90 МВт;- жел электр станциялары (ЖЭС) – 1200 МВт;- гидроэлектр станциялары (ГЭС) – 500 МВт;- биогаз электр станциялары (БиоЭС) – 20 МВт.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/935909
Шымкентте полицейлер 74 есірткі сайтын бұғаттады 15.02.2025
Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері осы жылдың бірінші айында есірткіге байланысты 47 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 10 синтетикалық есірткі сату жайты. Департамент бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаевтың айтуынша, заңсыз айналымнан 35 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 1 келіден астамы синтетикалық есірткі бар.Бейсенбаев ішкі істер министрі 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялағанын еске салды. Осыған байланысты құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі қылмыстарының алдын алу шаралары күшейтілді.Рейдтер барысында полицейлер есірткіге масаң күйінде көлік тізгіндеген 18 жүргізушіні анықтады, олар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.Қала аумағындағы ғимарат қабырғаларында граффити түрінде есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, нәтижесінде есірткі заттарын сататын сайттарды жарнамалайтын 500-ге жуық жазба жойылды.Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 74 есірткі сайтын бұғаттады.Полиция есірткі заттарын сақтау және сату қылмысы үшін заңмен қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/935608
Еңбекмині әрекетке қабілетсіз тұлғалармен байланысты екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрландырды 15.02.2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» және «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерін «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетуді іске асырдыБұған дейін сот әрекетке қабілетсіз деп таныған кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеуге, сондай-ақ қорғаншылықтағы немесе қамқорлықтағы адамдардың мүлкіне билік етуге рұқсат беру үшін құжаттарды қабылдау тек қағаз түрінде жүзеге асырылған болатын.Жоғарыда көрсетілген қызметтерді «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі өтініштер мен құжаттарды қағаз жеткізгіште беру қажеттілігін болдырмайды, сонымен бірге қызмет көрсетудің бизнес-процестерін жеңілдетуге ықпал етеді, әрі көрсетілетін қызметті алушылардан дәйексіз деректерді ұсыну бойынша тәуекелдерді азайтататын болады. Бұл оларды көрсету үшін қажетті мәліметтер (цифрландырылған деректер болған жағдайда) мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық жүйелерінен келіп түсетіндігіне байланысты болып отыр.Қорғаншылықты/қамқоршылықты белгілеуге не әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамның мүлкіне билік ету бойынша рұқсат беруге арналған өтініштерді қарау қорытындылары бойынша «Электрондық үкімет» порталында өтініш берушінің жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында тиісті бұйрық не болмаса дәлелді бас тарту түріндегі хабарлама жіберіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/935710
ҚАЗАҚСТАНДА В ЖӘНЕ С ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН СКРИНИНГ ЕНГІЗІЛУДЕ 15.02.2025
Қазақстанда вирустық гепатиттермен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С гепатиттерін анықтауға толық скрининг жүргізу жоспарлануда.В және С вирустық гепатиттерімен инфекцияны ерте анықтау жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыру қорытындылары, сондай-ақ елдегі сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ауруларды талдау орталығы (CDAF) қорының директоры доктор Хоми Разавимен кездесуі барысында талқыланды.ДДҰ-ның 2030 жылға дейінгі вирустық гепатиттерді жою бағдарламасының негізгі және маңызды мақсаттарының бірі - оларды уақтылы диагностикалау болып табылады.В және С вирустық гепатиттері негізінен жасырын (асимптоматикалық) болғандықтан, 65% жағдайда олар цирроздың немесе бауыр обырының дамуымен аяқталады, бұл өз кезегінде жұқтырған халықтың өліміне және мүгедектігіне әкеледі. Сондықтан инфекция тасымалдаушыларын ерте сатысында анықтауды және емдеуді қамтамасыз ету маңызды, өйткені олар айналасындағылар үшін вирустық гепатит көзі болып табылады.Пилоттық бағдарламаның нәтижелері бойынша Қазақстанда тиімді диагностикалық шешімдердің көмегімен 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С вирустық гепатиттерін анықтауға арналған жалпы скринингті бастау туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/935924
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ 15.02.2025
Бүгін Шымкентте балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында жаңа кардиохирургия бөлімшесі ашылды.Қалада балалар санының көптігін ескере отырып, бөлімшенің ашылуы операцияларды күту уақытын қысқартуға және жақын маңдағы өңірлерден күрделі диагнозы бар балаларға көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Бүгінде Шымкентте 500 мың бала тұрады, оның 1400-і жүрек кемістігі бар диспансерлік есепте тұр. Биыл 67 балаға операция жасалды, 43 балаға шұғыл хирургиялық түзету қажет.«Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылы білікті мамандарды даярлауға, жаңа бөлімшелер ашуға, клиникалық хаттамаларды әзірлеуге бағытталған 2024-2026 жылдарға арналған балалар кардиохирургиялық көмегін жетілдіру жөніндегі Жол картасын» бекітті. Біз жүрекке немесе медициналық көмектің басқа түрлеріне операция жасауды қажет ететін әрбір баланың оны уақтылы және толық көлемде алуына ұмтылуымыз керек», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Шымкент қаласында ашылған кардиохирургиялық және онымен байланысты қызметтер жөніндегі халықаралық конференцияға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.Ақтөбе және Түркістан облыстық балалар ауруханаларының базасында өңіраралық балалар кардиохирургиясы орталықтарын құру жоспарлануда. Бүгінде балалар кардиохирургиялық көмегі еліміздің 6 өңірінің 10 бөлімшесінде, ал облыстық деңгейде Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстық балалар ауруханаларында көрсетіледі.Қазақстан - Орталық Азиядағы туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз ел. 2024 жылы республикада 2474 операция, оның ішінде 317 жаңа туған нәрестеге жасалды. Барлық операциялардың жартысы бір жасқа дейінгі балаларға тиесілі.Оң жақ жүрекшенің құлақшасынан өкпе артериясының неоқақпақшасын жасауды қоса алғанда, озық технологияларды енгізу арқылы біздің мамандар Фалло тетрад және өкпе атрезиясы сияқты ең қиын жағдайларды сәтті шешуде. Биыл осындай 23 операция жасалды.Халықаралық конференцияның жұмысына Беларусь Республикасының, Өзбекстанның, Ресей Федерациясының, Қырғызстанның мамандары, ғылыми және республикалық орталықтар, практикалық дәрігерлер қатысады.Форумның шеңберінде қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында мастер-класс өтеді, онда бүгін кадр ресурстарын дайындап, медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алғаннан кейін кардиохирургия бөлімшесі өзінің кардиореанимациясымен және операциялық блогымен ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/935985
Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны ел игілігіне берілді 15.02.2025
Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спорт кешені және 103 спорт алаңшасы бар. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде айтылды.Жиында спорт саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер талқыланды.Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимовтың хабарлауынша, 2024 жылы 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілді. Оның 9-ы қолданысқа беріліп, биыл қалған 6 спорт нысаны табысталады.Бұдан бөлек, Тараз қаласы мен аудандарда 103 спорт алаңшасы ел игілігіне тапсырылды. Демеушілердің есебінен 3 ауылдық елді мекенде спорт кешені ашылды.Нәтижесінде облыс халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 68,3 пайызды құрады.Жалпы облыста 2 353 спорт нысаны бар.Биыл 8 жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқын алады деп күтілуде.Өткен жылы спорт саласының шығындарына 15,8 млрд. теңге бөлінсе, биыл 17,6 млрд. теңге қарастырылып отыр.Ағымдағы жылы бұқаралық спортты дамытуға 460, 9 млн. теңге жұмсалады.Бүгінде 28 872 спортшымен 1 195 жаттықтырушы тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.18 спорт түрі бойынша 6 871 бала (5-17 жас аралығындағы) спорт секцияларына тегін қатысып жүр.Бұқаралық спорттың дамуына тың серпін беру, тұрғындарды дене шықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында облыста 285 спорт нұсқаушысы жұмыс істейді.2024 жылдың қорытындысы бойынша 4 034 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 363 мың жамбылдық қамтылды.503 мың адам немесе облыс халқының 41,2 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.Облыс спортшылары 1 797-і медальді қанжығасына байлады (алтын - 658, күміс - 570, қола - 569).Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан Елдос Сметов чемпион атанса, XVII жазғы Паралимпиада ойындарында пара жүзуден Нұрдаулет Жұмағали күміс жүлдеге ие болды.V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 17 жамбылдық спортшы сегіз спорт түрі бойынша ел намысын қорғады. Нәтижесінде қоржынға 7 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль түсті.Сондай-ақ басқарма басшысы баяндамасында спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдау, байрақты бәсекелерді жоғары нәтижеге қол жеткізу, бәсекелестікті арттыру, олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелеріне кеңінен тоқталды.Облыс әкімі бұқаралық спортты дамыту мәселесіне көңіл бөліп, спортпен шұғылданушылар санын және халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін одан әрі арттыру бойынша жұмысты жандандыруды жүктеді. Спорт нысандары халыққа қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс.Ербол Қарашөкеев өңірдегі спорт нысандарының жай-күйіне ерекше назар аударды. Ол дене шынықтыру және спорт басқармасына құрылысы жүріп жатқан және қолданыстағы спорт нысандарын жүйелі түрде зерделеуді, ондағы анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді, сондай-ақ 2028 жылы өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындықты қазірден күшейтуді тапсырды.Басқосу барысында Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің спорт саласын дамыту туралы есебі тыңдалды.Сондай-ақ облыс әкімінің Шу ауданы халқымен кездесуде және жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалуы барысы қаралды.- Халық көтерген мәселелерге құлақ асып, шешу жолдарын қарастыруды қатаң бақылауға алуды тапсырамын, – деп облыс әкімі кеңесті түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/935998
ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАР БҰЗЫЛДЫ 15.02.2025
Еңбекші ауданында жер учаскелерін заңсыз иеленген және уақытша алынған мемлекеттік жерді уақытылы қайтармаған тұлғалардың нысандары бұзылды.Құзырлы мемлекеттік органдардың келісімінсіз, әрі жол бойында салынған құрылыс нысандары қала тұрғындары үшін қолайсыздық туғызады. Сондықтан қазіргі таңда заңсыз нысандар жаппай сүріліп жатыр.Қала тұрғындарын жер учаскелерін пайдалану кезінде меншік құқығын құрметтеуге және заңнаманы сақтауға шақырамыз. Бизнесті жүргізу үшін жер учаскелерін басып алу заңды бұзып қана қоймай, экологиялық қауіпсіздікке, әлеуметтік тәртіпке және аймақтың дамуына да қауіп төндіреді.Барлық кәсіпкерлерді өз қызметін адал, жауапкершілікпен және заң шеңберінде жүргізуге, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге және бизнес пен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге шақырамыз.Жерді пайдалану үшін қажетті рұқсат пен келісімдерді ресімдеу қажет екенін ескерген жоқ.Шымкент қаласы әкімінің баспапөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935917
ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ТАРИХИ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ 15.02.2025
ІХ Қысқы Азия ойындары, Харбин (Қытай)Қазақстан құрамасы қоржынға екінші алтын медальді салды!Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы командалық сайыста чемпион атанды. Бұл сында ел намысын Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов қорғады.Шымкент қаласының спортшысы Шерзод Хаширбаев жұптық сайыста 97.92 ұпай жинап, тарихи нәтижеге қол жеткізді.Бұл Қазақстан фристайл-акробатика тарихындағы ерлер арасындағы алғашқы алтын жүлде болды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935922
ХАБАРЛАНДЫРУ! 15.02.2025
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің азаматтарды қабылдау күні өтеді. Қабылдау әкімдіктің фронт-офисіне келіп, арнайы жазылған тұрғындардың тізімі бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ азаматтар әкімдік ғимаратының 1-қабатында басқарма басшылары немесе орынбасарлары мен аудан әкімдері немесе орынбасарларына ұсыныстар мен өтініштерін білдіре алады. Мекен жайы: Назарбаев даңғылы, № 10 Күні: 12.02.2025ж Уақыты: 11:00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935925
📢 Қостанай қаласын дамыту жөніндегі жиынның тікелей эфирі! 15.02.2025
Құрметті қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері!Сіздерді Қостанай қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиынның тікелей эфиріне қосылуға шақырамыз. Жиында тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған негізгі жобалар, жоспарлар мен бастамалар қарастырылады.📅 Күні: 11 ақпан⏰ Уақыты: 11:30📍 Тікелей эфир сілтемесі: YouTube LiveМаңызды шешімдерден хабардар болыңыз және туған қалаңыздың дамуына үлес қосыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/935259
Қостанайдың дамуы: экономика, инфрақұрылым және қолайлы қалалық орта 15.02.2025
Қостанай облыстың экономикасында жетекші орын алып, өмір сүру сапасын арттыру бағытында қарқынды дамып келеді. Қалада тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру, көлік жүйесін дамыту және цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.Экономикалық даму және жұмыспен қамтуҚостанай облыс өнеркәсібінің 57%-ын қамтамасыз ете отырып, өңір экономикасының көшбасшысы болып табылады. Мұнда облыстың шағын және орта бизнес субъектілерінің 50%-ы шоғырланған, бұл кәсіпкерліктің дамуына және жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізуде.2024 жылдың қорытындысы бойынша 6,7 мың жаңа жұмыс орны ашылып, оның 88%-ы тұрақты жұмыс орны болды. Қаланың 2025 жылға арналған бюджеті 154,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артты. Бұл қаражат қалалық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға, бизнесті қолдауға және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталмақ.Тұрғын үй құрылысы және абаттандыру2024 жылы Қостанайда 332 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 4 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. Облыс бойынша салынған тұрғын үйлердің 67%-ы Қостанай қаласына тиесілі.Қаланың сәулеттік келбеті мен жайлылығына ерекше назар аударылуда. Жаңа аудандарда жолдардың кеңейтілуі мен автотұрақ орындарының көбеюі қарастырылуда. 2024 жылы 40 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Триатлон паркі, «Шағала» жағалауы, Орталық саябақ қайта жаңартылуда. Теміржол вокзалы, ауыл шаруашылығы институты (СХИ), Орталық стадион аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Құнай шағын ауданында жаңа саябақ салынады.Инфрақұрылым және көлік жүйесі2024 жылы жол жөндеу жұмыстарына 6 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Жалпы ұзындығы 40 шақырымды құрайтын 66 көше жөндеуден өтеді. Биыл Сьянов көшесінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, Нариманов, Фролов және Баймағамбетов көшелерін жөндеу жоспарланған.Қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары жалғасуда:• Соңғы жылдары 113 жаңа автобус сатып алынып, тағы 28 автобус лизингке алынды.• 71%-ы – 7 жылға дейінгі жаңа автобустар.• Барлық автобустар электрондық билеттеу және GPS-трекерлермен жабдықталған.• 82%-ында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар орнатылған.Қала тұрғындары үшін көлік күту жағдайын жақсарту мақсатында 2023 жылы 26 жаңа аялдама павильоны, оның ішінде 11 жылы аялдама орнатылды. 2024 жылы тағы 35 жаңа аялдама, оның ішінде 3 жылы аялдама орнатылады.Әлеуметтік салаҚостанайда білім беру инфрақұрылымы кеңейіп келеді. Аэропорт және Береке шағын аудандарында 2 жаңа мектеп ашылды. 2024 жылдың соңына дейін тағы 2 мектеп ашылып, қосымша 1 880 оқу орны қамтамасыз етіледі.Соңғы екі жылда қалада 5 балабақша іске қосылып, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қолжетімділік арта түсті.Дене шынықтыру және спорт саласында жаңа нысандар салынып жатыр. Юбилейный шағын ауданында жүгіру жолдары мен сквері бар спорттық-сауықтыру кешені ашылды. «Еңбек резервтері» спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, аквапарк пен үстел теннисі орталығының құрылысы басталды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасы әзірленуде.ЦифрландыруИнтернетке қолжетімділікті кеңейту – басты басымдықтардың бірі. 2025 жылы Beeline Қазақстан компаниясымен бірлесіп, халық тығыз орналасқан аймақтарда 10 жаңа байланыс мұнарасы орнатылады. Бұл Береке, Юбилейный және жаңа тұрғын аудандарда мобильді байланыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.5G желісін дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Қостанайда 26 базалық станция іске қосылған, 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 48-ге дейін артады.Даму келешегіҚостанайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарлы түрде жүзеге асуда. Қаладағы экономикалық өсім, инфрақұрылымды жаңарту, жайлы қалалық орта қалыптастыру және цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/935961
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты 15.02.2025
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты. Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935894
Туризм саласының жұмысшы мамандықтары Астанадағы ірі фестивальде таныстырылды 15.02.2025
Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі — жұмысшы мамандықтар жылын ресми түрде ашып берген алғашқы іс-шара. Қала аумағында сегіз тақырыптық көше ашылып, 40 шығармашылық үй ұсынылған. Туризм үйінде еліміздің екі ірі туристік ұйымы өз өнімдерін ұсынуда. Олар: сыртқы туризм саласындағы ҚР азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі — «Туристік Қамқор» және «Kazakh Tourism ҰК» АҚ.Фестиваль 5 күнге жалғасады. 15 ақпанда іс-шара алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің, туризм, меймандостық және қоғамдық тамақтану саласындағы сарапшылардың қатысуымен панельдік сессия өтеді. Сонымен қатар фестивальде күн сайын түрлі семинарлар мен мастер-класстар, инновациялық сессиялар, кәсіптер шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, концерттер мен тренингтер өтеді.Фестивальді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936000
Ақ Азиада: Ұлттық құрамадағы ең жас спортшының нәтижесі қандай? 15.02.2025
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындары мәресіне таяп қалды. Қазіргі таңда шорт-трек және тау шаңғысы спортының өкілдері жарыстарын аяқтады. Шорт-трекшілер ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс медаль салса, өкінішке қарай тау шаңғысы құрамасы жанкүйерлерді жеңістерімен қуанта алмады.Сондай-ақ бүгін конькимен жүгіру және фристайл-акробатика спортшылары соңғы бәсекелерін өткізді. Акробаттар ақырғы жарыс күнінде құрамында Олимпиада жеңімпазы бар Қытай құрамасының спортшыларын шаң қаптырып, алтын медаль еншіледі. Сонымен қатар Азия рекордын жаңартты. Бұдан бөлек, жерлестеріміз 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.Фристайл-акробатика спортында Қазақстан құрамасының ең жас спортшысы — Асылхан Асан өнер көрсетеді. 15 жастағы отандасымыз кеше командалық аралас сында күміс медаль жеңіп алды. Бұл — Асылханның халықаралық деңгейдегі алғашқы медалі.«Қысқы Азия ойындарында жүлде алғаныма өте қуаныштымын. Бұл - менің халықаралық жарыстардағы алғашқы медалім. Маған сенім артқан бапкерлеріме алғыс айтамын», — деді Асылхан марапаттау рәсімінен кейінгі сұхбатында.Асылхан фристайл-акробатикамен бес жасынан бері айналысады. Ол бұл спортқа әпкесінің ықпалымен келгенін айтады, себебі оның үлкен әпкесі бұрын осы спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданған.Жерлесіміздің ендігі мақсаты — FIS рейтингінде ұпай жинап, келесі жылы Италияда өтетін қысқы Олимпия ойындарына лицензия алу.«Спортқа келгендегі ең үлкен арманым — Олимпиада жүлдесін алу. Бұл арманымды жүзеге асырып, қазақ елін жүлдемен қуантқым келеді. Сондықтан алдағы уақытта дайындықты арттырып, жоғары нәтиже көрсету үшін бар күш-жігерімді саламын», — дейді Асылхан Асан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936001
ІХ қысқы Азия ойындары – 2025: 11 ақпандағы жарыс нәтижелері 15.02.2025
Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы синхронды секіруде қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды. Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Аяна Жолдас пен Ардана Маханова жұбы қола жүлдеге ие болды.Биатлон: Ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте Владислав Киреев топ жарса, тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдегер атанды.Сонымен қатар ерлер сайысында Әсет Дүйсенов мәре сызығын 6-шы, Александр Мухин 7-ші болып кесті.Әйелдер бәсекесінде Арина Крюкова 4-ші, Ольга Полторанина 5-ші, Дарья Климина 7-ші және Полина Егорова 13-орынға табан тіреді.Конькимен жүгіру: Ерлер арасындағы 1000 метрге жарыста Алтай Жәрдембекұлы 9-шы, Роман Биназаров 11-ші, Артур Галиев 14-ші, Никита Важенин 16-орынға ие болды.Әйелдер бәсекесінде Надежда Морозова 7-ші, Дарья Важенина 10-шы, Кристина Шумекова 14-ші, Арина Ильященко 16-шы нәтиже көрсетті.Ерлер және әйелдер арасында командалық өкшелеп қуу жарысында Қазақстан құрамасы 4-орын алды.Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші кездесуінде Филиппин спортшыларын 5:4 есебімен жеңсе, екінші матчта Қатар құрамасынан 11:2 нәтижесімен басым түсті.Ал ерлер құрамасы Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды. Есеп: 2:12.Шайбалы хоккей: Еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсіп (24:0), жартылай финалға шықты.Мәнерлеп сырғанау: Ерлер арасындағы қысқа бағдарламада Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров 76.75 ұпай жинап, 4-орынға табан тіреді. Ал Диас Жиренбаев 65.56 ұпаймен 8-орында тұр.Мұздағы би жарысында Бойсангр Датиев пен Гаухар Наурызова 5-орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936002
IX қысқы Азиада: 11 ақпандағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль бар 15.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936003
ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 12 ақпан 15.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936011
Көлік министрлігі «Жұмысшы мамандар қаласы»фестиваліне қатысуда 15.02.2025
Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және жастарды экономиканың нақты секторына тартуға баса назар аудара отырып, «Жұмысшы мамандар жылы» деп жариялады. Осы бастама аясында елордада болашақ сала мамандарын, жұмыс берушілерді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын біріктіретін ауқымды фестиваль өтуде.Бұл фестиваль алаңында көлік-логистика саласының теміржолшы, авиация, автокөлік жүргізуші, теміржол құрылысы және автомобиль жолдары құрылысы мамандықтарымен танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/935931
Су саласындағы заң бұзушылықтар үшін 30-дан астам тұлға жауапқа тартылды 15.02.2025
2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті 18 кәсіпорында тексеріс жүргізді. Еске сала кетейік, өткен жылы министр Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша «Қазсушар» филиалдарын тексеру басталды. Бұл жұмыстар судың «көлеңкелі» нарығымен күресуге бағытталған.Тексеріс қорытындысы бойынша 30-дан астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Мәселен, Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалына жүргізілген тексеріс барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісі мен шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заң бұзушылықтарға жол берілгені анықтаған болатын. Аудит қорытындысы бойынша мекеме басшысы мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Бұдан бөлек, «Қазсушар» мекемесінің Алатау филиалында бұрын жұмыстан босатылған қызметкерлердің алаяқтық фактілермен айналысқаны анықталды.«Аудит барысында азаматтарды ауыз сумен және суармалы сумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігі анықталды. Барлық заң бұзушылықтар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Сондай-ақ министрліктің құзыретті құрылымдары мен ведомстволарына ұсыныстар мен тапсырмалар берілді»,- деді Ішкі аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/935979
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен колледж өкілдері болашақ талапкерлерге су мамандықтары туралы айтып берді: Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтіп жатыр 15.02.2025
Астанада «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі басталды. Іс-шараға еліміздегі су мамандарын дайындайтын оқу орындары және су саласында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері қатысуда.Фестиваль аясында болашақ талапкерлер су саласындағы жұмысшы мамандықтар және өздері қызығушылық танытқан оқу орындары туралы толық ақпарат ала алады. Сондай-ақ шеберлік сыныптары, панельдік пікірталастар және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі. Бұдан бөлек, фестиваль қонақтары су ресурстарын үнемдеу және басқару саласындағы жаңа әзірлемелермен, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысады.Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, елімізде жұмысшы мамандықтардың тартымдылығы мен беделін арттыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылып жатыр.Бүгінгі таңда Қазақстанның су саласында 10 мыңға жуық маман еңбек етеді. Су шаруашылығы және ирригация саласына кадрларды 10 жоғары оқу орны мен 8 кәсіптік колледж дайындайды. 2024-2025 оқу жылы 523 талапкер су мамандықтары бойынша грантқа түсті.«Еліміздің су саласына жастарды тартумен қатар, жұмыс істеп жатқан мамандардың біліктілігін арттыру да маңызды. Былтыр су саласының 500-ден астам өкілі мамандандырылған орталықтарда біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға көп. Биыл мыңға жуық маман біліктілігін арттырады, оның 105–і Қытайда оқиды»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Айта кету керек, «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі 15 ақпанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/935981