Қуқық
Қарағанды облысы әкімінің грантына ұлттық кесте студиясы ашылды 25.01.2025
Қазіргі жастар жаңа технологиялар мен көне дәстүрлерді біріктіре отырып, инновациялар мен ата-бабалар мұрасы арасында тепе-теңдік табуды қолға алып жатыр. Әйгерім Асылбекова Қарағанды облысы әкімінің грантына халық шығармашылығын жандандыру үшін «Алтын мұра» кесте студиясын ашуды жоспарлап отыр.– Студия ашу идеясы кестеге деген сүйіспеншіліктен туындады, – дейді Әйгерім. – Мен үшін бұл әдемі заттар жасау процесі ғана емес, ою-өрнектер арқылы жан дүниенің бір бөлігін жеткізу, дәстүрлерді сақтау және оларға заманауи идеяларды енгізу тәсілі. Кесте эстетиканы, тарихты және жеке тұлғаны біріктіруге мүмкіндік береді, бұл бүгінде ерекше бағаланады.Әйгерім қолөнер қайтадан жандануда деп санайды, ал жан-тәніңмен жасалған бұйымдар барған сайын құнды болып келеді. Оның студиясы тек бірегей бұйымдарды жасау орны ғана емес, сонымен қатар оқыту мен шабыттандыру кеңістігі болады. Бірнеше бағытта жұмыс істеу жоспарланған: киімге арналған қолмен және машинамен кестелеу, интерьер заттарын безендіру, заттарды кастомизациялау, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер үшін шеберлік сыныптарын өткізу көзделген.– Жіптер мен маталар арқылы тарихты айтып, масмаркеттен кездестірмейтін шынымен де бірегей нәрсе жасауға болады, – дейді бойжеткен. – Мен студиямызда жасалған өрнектер затты әшекейлеп қана қоймай, әрбір клиент үшін жеке нәрсеге айналғанын қалаймын. Бұл үйлену тойына арналған үлгілер, сондай-ақ үйге арналған сәндік элементтер – жастықтар, дастархандар немесе сүлгілер болуы мүмкін.Қазір Әйгерім студияның тұжырымдамасымен жұмыс істеп, ұйымдастыру үдерістерін зерттеуде. Болашақта ол өз идеяларын жүзеге асыру және адамдарды қуантатын сапалы өнімдер жасау үшін шеберлер, дизайнерлер және ілгерілету жөніндегі мамандар командасын жинауды жоспарлап отыр.Бұл арманды жүзеге асыруға Әйгерімге облыс әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы бойынша алған гранты көмектеседі. 2024 жылы байқауға 407 жас қатысып, олардың 25-і жеңімпаз атанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923808
Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып сайланды 25.01.2025
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сайланды. Облыс басшысы облыстағы футбол қозғалысын жандандыруға және «Шахтер» ФК-ын Премьер-лигаға қайтаруға көмектесетін міндеттерді алға қойды.Ермағанбет Бөлекпаев балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Ол үшін Теміртау, Балқаш және Саран стадиондарының базасында «Шахтер» ФК филиалдары ашылады. Бұл футбол клубына өз спортшыларын тәрбиелеуге және әлеуеті жоғары ойыншыларды клуб академиясына іріктеуге мүмкіндік береді.Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында турнирлер, сондай-ақ шахтер мен металлург күндері сияқты өңір үшін маңызды мерекелерге орайластырылған матчтар ұйымдастырылады. Бұл да жас дарынды футболшыларды іздеуге көмектеседі.Еске салайық, Қарағандыда УЕФА стандарттарына сәйкес заманауи стадион, жыл бойы жаттығуға арналған футбол манежін салу жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл обоыс орталығында бас стадионды және өңірдің бірқатар қалаларындағы стадиондарды жаңғырту жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923880
Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында бейнебақылау камералары орнатылды 25.01.2025
Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында биыл 25 бейнебақылау камерасы орнатылды. Жабдықтар аудан орталығының негізгі көшелерінде, сондай-ақ елді мекенге кіреберістерде және адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан.Ақсу-Аюлы әкімі Дархан Смаиловтың айтуынша, қондырылған құрылғылар замануи функциялармен, соның ішінде адамдардың беті мен автомобильдерді дәл тану атқарымымен жабдықталған. Камералар автономерлерді талдау арқылы көлік құралының немесе оның иесінің іздеуде екенін анықтауға қабілетті.Камералардан барлық ақпарат полиция бөліміне келіп түседі, онда қызметкерлер тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қадағалайды.Жаңа бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері мен жұмыс алгоритмін көрсету үшін Дархан Смайылов жергілікті полиция бөлімі мен аудандық прокуратураның басшылығына арнайы тұсаукесер ұйымдастырды.– Мұндай жүйелерді енгізу оқиғаларға жедел ден қоюға, қылмыстың алдын алуға және біздің тұрғындарымызға неғұрлым қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді, – дейді аудан орталығының басшысы. – Сонымен қатар, камералар халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға көмектеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923934
Саран қаласының қазақ тілі курсының тыңдаушысы облыстық байқауда бірінші орын алды 25.01.2025
Тілдерді дамыту басқармасының мамандары TilQazynaKaragandy өңірлік жобасы аясында қазақ тілін білуге арналған онлайн-байқау ұйымдастырды. Саран тілдерді дамыту орталығының курстарында оқитын Анастасия Абрамович және «Мәміле» сөйлесу клубының қатысушысы жеңімпаз атанды.Орталықта ол қазақ тілін небәрі жарты жыл оқыған. Осы уақыт ішінде ол мемлекеттік тілді А2 деңгейінде игере алды.Анастасия байқау туралы естіген бетте, оған қатысу туралы шешім қабылдаған. Байқауға қатысушылар Дулат Исабековтың «Гауһар тас» әңгімесін түпнұсқада оқып, оның мазмұны бойынша 25 сұраққа жауап беруі тиіс еді.– Әрине, мен кейде сөздікпен оқуыма тура келді, бірақ бұл тек оң нәтижесін берді деп есептеймін. Бұл тәжірибе менің сөздік қорымды және жалпы қазақ тілін түсінуімді кеңейтті. Әңгіменің өзі маған өте ұнады. Ол бүгінгі таңда өзекті проблемаларды сипаттайды және бізді қолымызда барды бағалауға үйретеді, – дейді Анастасия.Жеңімпазды Қарағанды облысының Тілдерді дамыту басқармасынан құттықтап, диплом мен естелік сыйлық табыс етілді.Анастасияның өзі қазақ тілін үйренуді жалғастыра беруге ниетті екенін айтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923931
Балқашта әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда 25.01.2025
Балқашта әуежайды қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту қала мен туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді деп күтілуде. Жоспар бойынша жолаушылар ағыны жылына 13 мыңнан 40 мыңға дейін үш есеге өсуі тиіс.Жоба екі негізгі кезеңнен тұрады: рульдік жолдар мен перронды реконструкциялау, сондай-ақ аэровокзал ғимаратын күрделі жөндеу және арнайы автокөлік қызметі үшін нысан салу. Бірінші кезең бойынша жұмыстар өткен жылдың желтоқсан айының соңында аяқталды.Құрылысшылар бетон жабынының екі қабатын, яғни шамамен 114 мың шаршы метр төседі, заманауи жарық-сигналдық жабдықтар орнатылды, қауіпсіздік жолақтары, дренаж жүйелері мен тазарту құрылыстары орнатылды. Қыркүйектен бастап аэровокзалды қайта жөндеу және арнайы көлік қызметі ғимаратының құрылысы жалғасуда. Барлық жөндеу-құрылыс жұмыстарын аяқтау осы жылға жоспарланған.Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында түсіндіргендей, жобаны іске асыру әуежайдың өткізу қабілетін сағатына 60-тан 80 жолаушыға дейін арттыруға, оларға қолайлы жағдай жасауға және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әуеайлақ құрылыстарының сипаттамалары мен параметрлерін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ұсынатын тәжірибеге сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.Бұдан басқа, жер бетінде қызмет көрсетудің толық спектрін көрсету үшін бюджет қаражаты есебінен мамандандырылған әуеайлақ техникасын кезең-кезеңімен сатып алу мәселесі пысықталуда. Бірінші кезекте қажетті арнайы техниканы сатып алу жоспарланған: әуеайлақтық өрт сөндіру автомобилі, жүк тартқыш, отын құюшы және өздігінен жүретін трап.Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Балқаштан Шымкент, Жезқазған және Түркістан қалаларына ұшу географиясын кеңейту жоспарланып отыр. Әуежайды қайта құру ұшуларды ыңғайлы және қолжетімді етеді.Еске салайық, әуежайды ауқымды жаңарту қажеттілігі бұрыннан туындаған: ол 1967 жылы салынған, соңғы рет әуе айлағы 2007 жылы жөнделген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/924105
Ермағанбет Бөлекпаев кеншілермен кездесті 25.01.2025
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс орындарындағы кездесулерін жалғастыруда. Бұл жолы ол басқармалар мен ведомстволардың басшыларымен бірге «Қазақстан» шахтасына келді.
Ашық диалогқа кәсіподақ өкілдері, Qarmet компаниясының басшылығы қатысты.
– Өздеріңіз білетіндей, жыл бойы тұрғындармен кездесулер өткіземін, бірақ қатысушылар арасында кәсіпорындардың қызметкерлері аз екенін байқадым. Біз еңбек ұжымдарына келіп, мәселелерді ашық диалог барысында талқылау керек деп шештік, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Мен сіздердің мамандықтарыңызда тәуекелдер бар екенін түсінемін және біздің міндетіміз, басшылықтарыңыздың міндеті – оларды барынша азайту. Сондықтан біз әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік және еңбек жағдайын жақсарту шараларын дамытуды жалғастырамыз.
Атқарылған жұмыс туралы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Медеу Ахметов есеп берді. Жұмысшы мамандықтарын қолдау және дамыту шаралары туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Төлеу Мұхтар баяндады.
«Қазақстан» шахтасында көбінесе Шахтинск өңірінің тұрғындары жұмыс істейді, сондықтан әңгіме негізінен осы аймақты дамыту туралы қозғалды.
Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинскіні жылумен жабдықтауды жақсарту үшін не жасалып жатқанын айтты. Өткен жылы ЖЭО-ын жөндеуге арналған қаржыландыру бірнеше есеге арттырылды. Бүгінде станция тұрақты жұмыс істеп тұр. Үйлердің жылы болуы үшін 4 шақырым жылу желілерін ауыстырып, жылу оқшаулағыштар қалпына келтіріле бастады. Бұдан басқа, Шахтинск қаласын газдандыруға дайындық жүріп жатыр. Су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасуда. Көлік инфрақұрылымы да жақсартылып келеді: соңғы екі жылда қала мен іргелес ауылдардың 30 км жолы жөнделді.
Кездесуге қатысушылар тұрғын үй мәселесін көтерді. Облыс әкімдігі «Отбасы банкімен» бірлесіп іске қосқан жеңілдікті ипотека бағдарламасы бойынша 116 шахтер мен 113 металлургтер Қарағанды, Саран, Теміртау, Шахтинск, Абай қалаларынан пәтер сатып алды. Облыстық бюджеттен бұл бағдарламаға 2 млрд теңге бөлінді.
«Отбасы банкі» филиалының директоры Бауыржан Жуасбаев жұмысшы мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы туралы айтып берді. Ол 2025 жылдың 17 наурызында басталады. Артықшылықтары: бастапқы жарна – 10% -дан (әрленген бастапқы нарықтағы тұрғын үй), 20%-дан (жартылай әрленген және қайталама нарықтағы тұрғын үй); мөлшерлеме - әлеуметтік осал санаттар үшін 7%, қалғандары үшін 9%.
Кездесуде сондай-ақ Шахтинскідегі абаттандыру, қоқыс жинау, жарықтандыру, балалар алаңдарын абаттандыруға қатысты сұрақтар қойылды. Оларға қала әкімі Мұрат Қыдырғанбеков бірден жауап берді. Таңертең Шахтинскіден Қарағандыға дейін автобустардың жетіспеушілігіне шағымдар айтылды. Ермағанбет Бөлекпаев шешуді қажет ететін мәселелер бойынша тапсырмалар берді.
Шахтерлер Шахтинск ауруханасында медициналық қызмет көрсету мәселесін көтерді. Сондықтан, кездесуден кейін облыс әкімі сол жерге барып, медицина нысанын көріп қайтты.
Кеңес заманында салынған ғимарат бірнеше жылдан бері жаңартуды қажет етіп келеді. Өткен жылы емхананы күрделі жөндеу басталды.
Қазір 4 және 5-ші қабаттар дайын, 3-ші жартылай дайын. Оны биыл аяқтау көзделіп отыр.
Аурухана директоры Талғат Жүкен жабдықтардың жаңартылуы туралы айтып берді.
Реанимация, операциялық бөлме, сондай-ақ жүрек ауруларын диагностикалау үшін жаңа техника алынған.
Ермағанбет Бөлекпаев медицина мамандарының жетіспеушілігі мәселесін шешуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/924158
Парламент Мәжілісі тауардың шығарылған елін айқындау мәселері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады 25.01.2025
Жалпы отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады.Осы заң жобасы аясында қолданыстағы СТ-KZ және Индустриалды сертификаттарды алмастыратын, сондай-ақ қолданыстағы барлық электрондық жүйелерді біріктіретін қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі енгізіледі.Әзірленіп жатқан Тізілім тауар өндірісін растау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Ол сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіріледі.Тізіліммен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері мыналарды қамтиды: 1) өтініш беру; 2) цифрлық растау; 3) өндірістік бағалау; 4) Тізілімге енгізу немесе енгізбеу туралы шешім қабылдау.Жүйе қолданыстағы тізілімдер мен сертификаттарды ауыстыра және біріктіре отырып, отандық өндірушілер туралы ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай нүктесін жасайды.Одан бөлек, мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде реттелетін сатып алулар Тізілімге енгізілген өндірушілерге ғана көрсетілетін болады.Осылайша, қазақстандық тауар өндірушілердің жаңа Тізілімі бизнесті қолдау мен ұлттық экономиканы дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/922502
Азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру талаптарын жеңілдету 25.01.2025
2025 жылғы 21 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру ережесіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына қол қойды.Қаулымен бұрын сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы тұрғынжайларды және жалғыз тұрғынжайы апатты деп танылған тұрғынжайларды азаматтарға жекешелендіру құқығын беру көзделген.Жекешелендірудің қолданыстағы тетіктеріне сәйкес азаматтар тұрғынжайды қалдық құны бойынша толық сатып ала алады немесе артық төлемсіз бөліп төлеуді ресімдей алады.Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «бөліп төлеу» тетігін таңдау кезінде бастапқы жарна 30% -дан 10% -ға дейін төмендетілді, сондай-ақ қалдық құны 15 млн теңгеден асатын тұрғынжайлар үшін бөліп төлеу мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды. Қағида алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Бөліп төлеу тетігі кезінде есептеу мысалдары:Тұрғынжайдың қалдық құны - 9 млн. теңге, бастапқы жарна - 900 мың теңге. 10 жылға дейін бөліп төлеу мерзімін таңдау кезінде ай сайынғы төлем 67,5 мың теңгені құрайды.Тұрғынжайдың қалдық құны - 16 млн. теңге, бастапқы жарна - 1,6 млн. теңге. Бөліп төлеу мерзімін 15 жылға дейін таңдау кезінде ай сайынғы төлем 80 мың теңгені құрайтын болады.Құжатты толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/922600
Мемлекеттік сараптама Алматыда емхана салу жобасын мақұлдады 25.01.2025
«Мемсараптама» РМК емхана құрылысына жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді.Алматы қаласы Наурызбай ауданының "Құрамыс" шағын ауданында күн сайын 500-ден астам адамды қабылдай алатын жаңа емхана ашылады.Емхананың 3 қабатты ғимаратының жалпы құрылыс алаңы 4126, 71м2 құрайды.Ғимарат бір-бірімен біріктірілген 5 блоктан (A, B, C, D, E) тұрады. Бірінші мен екінші блокта функционалдық диагностика кабинеттері, физиотерапиялық емдеу және профилактика бөлімшелері, жалпы практика, конференц зал қарастырылған. С, D блогында –стоматологиялық, хирургиялық, қабылдау бөлімі, сондай-ақ педиатрия әйелдер бөлімі. Е блогында – жаппай тексеруге арналған флюрографиялық кабинет, ересектер мен балалар бөлімшелері бар. Барлық блоктар инженерлік және техникалық үй-жайлармен, жуынатын бөлмелермен жабдықталған.Тапсырыс беруші «Алматы қаласының құрылыс басқармасы» КММ, бас жобалаушы – «ЖОБА» ЖШС болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/923286
Металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға салынған қолданыстағы тыйым 6 айға ұзартылды 25.01.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының аумағынан түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды темір жол көлігімен әкетуге тыйым салуды енгізу туралы бұйрықтың жобасын жариялады.Бұл норма отандық металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету және тиеу мақсатында қабылданды, өйткені ел ішінде қайталама металдарды барынша қайта өңдеу неғұрлым жоғары қосылған құны бар өнім өндірудің, сондай-ақ экологиялық тазалық пен ең аз энергия шығыны үшін стратегиялық маңызды бағыт болып табылады. Министрлік өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган ретінде соңғы бірнеше жыл ішінде ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарлана отырып, болат өнеркәсібі өндірісін кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстарды жүргізіп келеді. Бұл ұлттық өнеркәсіптік саясатты дамытудың негізгі элементі болып табылады.Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/923563
«Энергетикалық және коммуналдық саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында отандық тауарлар өндірушілерін қолдау 25.01.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков энергетикалық және коммуналдық саласын жаңғырту тақырыбындағы брифингте сөз сөйледі.Ол ұлттық жоба аясында отандық тауарларды барынша пайдалану жоспарларына тоқталды. «Энергетикалық және коммуналдық саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында отандық тауарларды қолдануға және инвестициялар тартуға бағытталған. Бұл бәсекеге қабілеттілікті арттырып, отандық кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлгайтуға мүмкіндік береді», – деді Олжас Сапарбеков.Құжат шеңберінде жеткізушілер арасында отандық өндірілген өнімнің үлесін 2025 жылы шамамен 20% деңгейінде қамтамасыз ету, 2029 жылға дейін 60% шамасындағы шекке жету үшін міндеттер белгіленген.Көрсеткішке қол жеткізу мақстында, елде жаңа өндiрiс қуаттарын ашу мақсатында оффтейк келісім-шарттар жасау, жеткізушілер мен мердігерлер арасындағы өзара ашық әрекеттесу үшін электрондық сатып алу алаңын әзірлеу сияқты отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары әзiрлендi.Энергетика және коммуналдық салаларды жаңғырту шеңберінде қажетті өнім түрлерінің тізбесі әзірленді. Алдын ала мәліметтер бойынша, тізім сомасы шамамен 4 трлн теңге құрайтын 1 000-нан аса тармақтан тұрады. Бұл өнімдер желілерді, станцияларды, жылумен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және кәрізді жаңғыртуда қажет.700-ден астам өнім түрін шығаратын 187 кәсіпорынның тізімі құрылды.«Отандық кәсіпорындардың темір-бетон бұйымдарына, полиэтилен құбырларына және трансформаторлардың, қазандықтардың, кабельдік бұйымдар мен ажыратқыштардың жекелеген түрлеріне сұранысты толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар», – атап өтті вице-министр.Вице-министр бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы сұраныстың ішінде 330-дан астам өнім түрі бойынша өндірісті оқшаулау мүмкіндігі бар екенін айтты.Тауарлардың бұл түрлерін локализациялау үшін офтейк келісім-шарттар жасасу тетігі қарастырылады. Осылайша, табиғи монополия субъектілерінің тауарлардағы қажеттілігі техникалық оператор тарапынан сарапталатын болады. Сарапталған көлем «Казахинвест» және «Qazindustry» ұлттық институттарына ұсыналады. Бұл институттар өндірістің жаңа түрлерін жолға қоюға дайын инвесторларды немесе жұмыс істеп тұрған отандық өндірушілерді іріктеу бойынша жұмыс жүргізеді.Ұлттық жоба аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау механизмдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативті-құқықтық актілерінде бекітуді көздеп отырмыз. Фото Үкіметтің баспасөз қызметіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/924035
Ашықтық және сенімділік: Tañba-ның цифрлық таңбалауы Қазақстанның экспортына қалай көмектесуде 25.01.2025
Еске салайық, 2024 жылдың 1 қазанынан бастап Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор (Tañba) қазақстандық жеңіл өнеркәсіп тауарларын экспорттаушыларына арналған бақылау сәйкестендіру белгілерін (БСБ) алу қызметін ұсынып келеді. Жаңашылдық 120 қазақстандық экспорттаушыға Wildberries, Ozon және басқа да танымал маркетплейстерінде тоқыма өнімдерін сату үшін оны таңбалауға мүмкіндік берді. Бұрын қазақстандық экспорттаушыларында мұндай мүмкіндік болмаған және олардың тауарларын Ресей Федерациясының аумағындағы маркетплейстері арқылы сату қолжетімсіз болды.2023 жылдың 1 наурызынан бастап Ресейдегі маркетплейстерінде жеңіл өнеркәсіп тауарларын сату алдында оның әрбір таңбалау кодын тексеру міндетті болды. Таңбалау кодын тексермеу бұзушылық болып табылады және ондай жағдай маркетплейс те, таңбаланбаған жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатушыларға айыппұл салуына әкеп соғады.Бүгінгі таңда тауар айналымына қатысушылар цифрлық таңбалау жүйесіне белсенді түрде қосылуда, бұл экспортқа, оның ішінде танымал маркетплейстерде тауарларды сатуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі таңда тапсырыс берілген БСБ-ның жалпы саны 196 мыңнан астам бірлікті құрады.«Тауарларды таңбалау халықаралық нарықтардағы қазақстандық тауарлардың позициясын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Бұл нарықтағы ашықтық пен біздің өнімдерге деген сенімді арттырып қана қоймай, олардың халықаралық стандарттарға сай болуына көмектеседі. Бұл экспортты дамыту және Қазақстанның сенімді сауда серіктесі ретіндегі имиджін нығайту үшін маңызды қадам», - деді аяқ киім таңбалау жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаев.Жеңіл өнеркәсіп тауарларына БСБ қолданумен қатар, экспорттаушы тауарды жөнелту құжаттарын ресейлік оператордың таңбалау жүйесі арқылы тауар қабылдушыға жіберуі керек, осылайша ол БСБ-ны алушы елде айналымға енгізеді.Өнімді таңбалау бірқатар елдердегі нарықтар мен маркетплейстерге шығудың міндетті талабы болып табылады. Бұл құрал қазақстандық экспорттаушыларға халықаралық нарыққа шығуды қамтамасыз етеді және тұтынушылардың брендке деген сенімін арттырады.Анықтама үшін: 2020 жылдан бастап «Қазақтелеком» Қазақстандағы тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор болып тағайындалды. Бүгінгі таңда үш өнім тобына міндетті таңбалау енгізілді: аяқ киім, темекі бұйымдары және дәрі-дәрмек. Ал келесі өнім топтары үшін таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске қосылды: мотор майлары, сыра қайнату өнімдері, зергерлік бұйымдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/924212
Атырау гарнизонында аумақтық қорғаныс бригадасының оқу-жаттығуы өтті 25.01.2025
Командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы штаб бастығы – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Бағлан Өсербаевтың басшылығымен өтті.ҚР Қарулы күштері Бас штабы Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы генерал-майор Асқар Жоламанов пен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов жұмылдыру мәселелерін ұйымдастыру және қойылған міндеттерді орындау жеделдігін қадағалады.Басшылық Аумақтық қорғаныс бригадасы қолбасшылығының жергілікті әскери басқару органдарымен өзара іс-қимыл деңгейін, оның тіркелген құрамды белгіленген мерзімде қабылдау және маңызды объектілерді күзету жөніндегі міндеттерді орындау қабілетін тексерді. Аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Нұржан Дәуітов атап өткендей, жеке құрам жауынгерлік және моральдық-психологиялық даярлықтың жоғары деңгейін көрсете отырып, қойылған міндетті толық орындады.– Үш күн ішінде маңызды іс-шаралар өткізілді, атап айтсақ, жұмылдыру барысын басқару жөніндегі штабты ашу, дабылмен көтеру, жұмылдыру ресурстарын қабылдау пункттерін ашу, оларды дайындау үшін оқу орталығын қалыптастыру, әскери қалашық аумағын күзету ұйымдастырылды, – деді ол.Жұмылдыру резервтерін дайындау үшін оқу-жаттығу орталығын қалыптастыру және жауынгерлік іс-қимылдар жүргізуде бөлімшелерді толық жасақтауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Қорытындылау кезінде басшылық аумақтық әскерлердің дағдарыстық жағдайда жедел әрекет етуге дайындығының маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924267
Ұлттық қорғаныс университеті ғалымдармен және өндірушілермен байланысты дамытуда 25.01.2025
Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков Алматыдағы жоғары оқу орындары мен конструкторлық бюрода болды.Satbaev University-де ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Ержан Күлдеевпен кездесу өтті. Сұхбаттасушылар инновациялық әзірлемелерді қорғаныс саласына интеграциялау мүмкіндіктерін талқылады. Генерал-майор А. Мұстабеков технопарк пен зертханада ғалымдардың бірегей ізденістерімен танысты. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен ҚР Ұлттық қорғаныс университеті виртуалды шындық технологиясы негізінде әскери қызметшілер мен тактикалық деңгейдегі жалпы әскери бөлімшелерге жауынгерлік даярлықтың интерактивті кешенін құру жөніндегі бірлескен ғылыми жобаны іске асыруда. Аталмыш жобаны әзірлеушілерімен кездесу барысында жобаның мақсаттары, міндеттері, талаптары және кейбір техникалық аспектілері нақтыланды. Алматыдағы «Алатау» арнайы конструкторлық бюросының ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС-де сериялық өндірістің тұйық технологиясы мен механикалық және климаттық пайдалану сынақтарын жүргізуге арналған зертхана бар. Бұл кәсіпорынның әскери техника мен арнайы техникалық құралдарды әзірлеу және өндіру құқығына лицензиялары бар. Осы артықшылықтарды ескеріп генерал-майор Асқар Мұстабеков өзінің басшылығымен ғылыми жобаларды бірлесіп іске асыруды және қорғаныс бағытындағы тәжірибелік-конструкторлық зерттеулер аспектілерін талқылады.Осылайша, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті әскери ғалымдар мен азаматтық сектор өкілдерінің қорғаныс саласындағы күш-жігерін бір арнаға тоғыстырып, жоспарлы жұмыс жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924329
ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ ТҰРҒЫН АЛАБЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ 25.01.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге Қайтпас-1 және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарына газ беруге қатысты. Тұрғын алаптары мен шағын аудандарды кезең-кезеңімен газдандыру аясында 1250-ден астам абонент табиғи газға қол жеткізді.Бұл бағыттағы жұмыстар 5000-нан астам адамның өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Тұрғын үй алаптарында газ құбырларының құрылысы өткен жылдың көктемінде басталып, олардың жалпы ұзындығы шамамен 40 шақырымды құрады.Мегаполис басшысы қала тұрғындарының қуанышына ортақтасып, жауаптыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ күнделікті өмірде табиғи газды пайдалану ережелерін сақтау және газ жабдықтарының жай-күйін уақтылы тексеру қажеттігіне тоқталды.Айта кету керек, тұрғын алаптарын газдандыру көмірге тәуелділікті азайтып, ластаушы заттар шығарындыларының деңгейін төмендетуге және мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Газға қосылуды жеделдету үшін тұрғындар «QazaqGaz Aimaq» АҚ-на өтінімдері мен құжаттарын ұсыну қажет.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/923857
В Атырау планируется начать строительство завода по переработке сахара 25.01.2025
Аким Атырауской области Серик Шапкенов встретился с руководством ТОО «Голдбридж международная компания». Стороны обсудили проект по производству сахара в Атырауской области, сообщает пресс-служба акима области.Глава компании Лина Тайкен рассказала, что они намерены построить завод, который будет производить 144 тысячи тонн сахара в год.– Проект призван покрыть потребность в сахаре не только в регионе, но и в стране в целом. Мы обменялись опытом с ведущей китайской компанией по производству дрожжей из свеклы и досконально изучили ее технологию. Они поддержали наш проект и готовы вложить 80% инвестиций. Реализация нашего проекта в Атырауской области займёт полтора года. Если официальные документы будут готовы вовремя, летом 2026 года запустим завод и, кроме сахара, будем выпускать ещё четыре вида продукции. Просим вас предоставить для этих целей земельный участок, – сказала Л. Тайкен.Серик Шапкенов отметил, что на сегодня 90% сахара завозится из других стран. Глава региона поддержал проект, представленный компанией «Голдбридж», и заверил, что окажет необходимую поддержку.– Для нас это нужный и эффективный проект. Земли Атырау пригодны для выращивания свеклы. Уверен, что благодаря таким проектам мы обеспечим своей продукцией внутренний рынок и откроем путь для развития аграрного сектора. Со своей стороны готовы обеспечить необходимой инфраструктурой, – сказал С. Шапкенов.В завершение глава региона поручил рассмотреть варианты предоставления земельного участка и подготовить необходимые документы для заключения трехстороннего меморандума.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/924021
Атырауда жерасты суын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды 25.01.2025
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов «Qatar su» ЖШС копаниясының өкілдерімен кездесіп, жерасты суын өндіру жобасын талқылады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Жобаны ұсынған «Qatar su» ЖШС-нің атқарушы директоры Николай Еньшин бұл бағыт бойынша арнайы лицензиялар алғанын айтып, өңірдегі су қорларын зерттеу және бағалау үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудегі жоспарымен бөлісті.- Біз «Атыраугидрогеология» компаниясымен келіссөздер жүргізуді бастадық. Мемлекеттік қорлардан қажетті құжаттардың пакетін алып, өңірлік гидрогеология мәліметтер базасын құрып, «Жаңасу», «Бали»кен орындары туралы мәліметтерді енгізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, тарихи деректер негізінде судың сапасы мен өндірушілік әлеуетін бағалауға мүмкіндік беретін алдын ала гидрогеологиялық цифрлық модель жасаймыз. Бұл жоба ауыз су мен техникалық суды өндіру және оны тиімді тасымалдау мақсатында құрылатын инфрақұрылымды қамтиды. Су тасымалдау жүйесі магистральдық су құбырларына қосылатын болады, ал оны Теңізшевройл компаниясымен ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар мен серіктестік жобалары аясында жүзеге асырғымыз келеді,-деді Н.Еньшин.Бұл кездесуде сөз сөйлеген ТШО-ның бас директоры Кевин Лайон Келешек кеңею жобасының аяқталуына байланысты өндіріс нысандарын сумен қамтамасыз ету ең маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.-Әлеуметтік жауапкершілігі мол компания ретінде біз осы бағытта сумен қамтуды жақсарту мүмкіндіктерін қолдаймыз. Өндірістегі қауіпсіздік – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. ТШО әрдайым ынтымақтастыққа ашық, алайда әлеуетті мердігерлерге қойылатын компанияның талаптары да ескерілуі қажет, – деді Кевин Лайон.Серік Шәпкенов өңірді сумен қамтудағы қиындықтарға тоқталып, жерасты суын пайдалануға бағытталған жобаның өңірге тиімділігіне тоқталды.- Сумен қамту елімізде стратегиялық маңызы бар мәселе. Біз суды Жайық және Қиғаш өзендерінен алып отырмыз. «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырымен тұрғындарды және өндіріс орындарын сумен қамтимыз. Сіздің жобаңызғе туралы қызығушылық танытып, келісім бердім. Себебі, жерасты суын тиімді пайдалану маңызды. Оның сапасы жақсы, пайдалану әлдеқайда тиімді. Құрамын минералдау мәселесі шешілсе, халыққа таза ауыз су ретінде де беруге болады. Инвестициялық жобаңыз көңілге қонымды, егер жұмыс бастауға дайын болсаңыз, қолдаймыз,-деді С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/924031
Нұрдәулет Қилыбай ауыл мәртебесін көтеру мақсатында “Үздік ауыл әкімдігі” рейтингін өткізуді тапсырды 25.01.2025
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі ауыл әкімдіктерінің жұмыс сапасын арттырып, аймақ халқының өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында “Ең үздік ауылды” анықтап, “Үздік ауыл әкімдігі” рейтингін өткізуді тапсырды.-Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айқындалған ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін көтеру мақсатында облысымыздағы ауыл әкімдіктері арасында байқау жариялауды жөн санадық. Негізгі мақсат - ауыл мәртебесін көтеру, жағдайын ілгерілету, экономикасын дамыту, ауыл әкімдері мен қызметкерлерін жігерлендіру, дербестігін және жауапкершілігін арттыру, - деді аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай.“Үздік ауыл” жобасы ауылдың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағдайы (газ, су, тоқ, интернет, қоқыс),қаржылық тұрақтылық, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығының өркендеуі, жұмыспен қамтылған халық саны, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік сала көрсеткіштері, ауылдағы мектеп түлектерінің ҰБТ нәтижесі негізінде қорытындыланады.Үздіктерді мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия анықтайды. Байқау жылдың соңында қорытындыланып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталады.Өңірде алғаш рет бастау алатын жоба жыл сайын өткізілмек. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 46 елді мекен бар.Көрсеткіштері жоғары үздік ауыл әкімдері мен әкімдіктерге:- 1 орынға - коммуналдық шаруашылық техникасы беріледі және әкімшілік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 6 лауазымдық жалақымен марапатталады, ауыл әкіміне қызметтік автокөлік беріледі;- 2 орынға - әкімдік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 4 лауазымдық жалақымен марапатталады;- 3 орынға - әкімдік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 2 лауазымдық жалақымен марапатталады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/924008
ШҚО әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды 25.01.2025
Ерлан Текешов ШҚО әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бүгін облыс активіне жаңа аппарат басшысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды.Ерлан Хасенұлы Текешов - Шығыс Қазақстанның тумасы. Ол Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтын және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген.Ол әр жылдары геолог, Сауда және қызмет көрсету департаментінің штаттан тыс инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Іс басқармасы» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметтерін атқарды.Сондай-ақ Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін, құрылыс бөлімін басқарды. Кейін Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы болды. Ерлан Текешов Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, Тарбағатай ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС-нің бас директоры қызметтерінде жұмыс істеген.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/924018
Колледж түлектері студенттер мен педагогтерге шеберлік сағатын өткізді 25.01.2025
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Абай облысында колледж студенттері мен педагогтеріне арналған «Табыс формуласы» шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шарада Электротехникалық колледждің түлектері, бүгінде өңіріміздегі ірі кәсіпорындарда жетекші қызметтер атқарып жүрген кәсіби мамандар өз тәжірибелерін бөлісті.Спикерлер өз салаларындағы кәсіби талаптарды, мотивацияның рөлін және еңбек жолында кездескен қиындықтарды қалай еңсергендерін айтып, қатысушыларға нақты мысалдар келтірді.Шеберлік сынып барысында «Абай Аймағы» АҚ филиалының директоры Ринат Елубаев энергетика саласындағы мамандарға қойылатын талаптар туралы баяндады. Ал «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының қызметкерлермен жұмыс бөлімінің басшысының орынбасары Бекзат Каримханов теміржол мамандарының кәсіби құзыреттері жайлы әңгімелеп берді.Электротехникалық колледждің ақпараттық технологиялар бойынша директор орынбасары Никита Лобанов өз баяндамасында «Технопарк концепциясы» тақырыбында сөз қозғады. Ол салалар бойынша технопаркті құрудың мүмкіндіктерін, оның білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтудағы рөлін атап өтті. Лобановтың айтуынша, мұндай технопарктер жаңа технологияларды енгізуге және болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.Шараға 200 студент пен 100-ден астам педагог қатысты. Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, олардың студенттік өмірі мен кәсіби жетістіктері туралы қызықты мәліметтер алды. Шеберлік сыныптар интерактивті форматта өтіп, жас мамандарға білім мен кәсіби даму жолындағы бағыт-бағдарын айқындауға зор мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924066