Қуқық
Қала әкімдігі жаңа ғимаратқа көшті 25.01.2025
Семей қаласының әкімдігі жаңа ғимаратқа қоныстанды. Облыс орталығындағы бұрынғы «Ертіс» қонақ үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, әкімдіктің салалық бөлімдері мен кейбір басқармаларға берілді. Бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев әкімшілік ғимаратына барып, аралап көрді.Көп қабатты ғимарат адам танымастай өзгерген. Тұрғындарға қолайлы болу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Нысанның іші мен сырты талапқа сай жаңартылып, жылу, желдету, су, кәріз жүйелері ауыстырылған. Жарықтандыру да назардан тыс қалған жоқ. Ғимарат ішіне бейнебақылау камералары да орнатылған. Есік, терезелер ауыстырылып, еден мен төбе жөнделді. Жаңа жеделсаты қойылды.Ғимаратқа сондай-ақ ардагерлер кеңесі, азаматтарды қабылдау орталығы, өңірлік коммуникациялар қызметі де орналасты.«Біздің міндетіміз – жерлестеріміз тарапынан түсетін өтініштерге дер кезінде ден қою. Осыны ескере отырып, қалалық әкімдіктің бөлімдерін бір ғимаратқа орналастыруды жөн деп ұйғардық. Ғимаратқа келген қала мен облыс тұрғындары жергілікті атқарушы билік өкілдеріне жолдаған сауалдарына бір жерден жауап алады. Бұл халықтың уақытын үнемдеп, қалаған қызметтерін алуға мүмкіндік береді», - деді облыс әкімі.Сонымен қатар, аймақ басшысы ғимараттың ауласын абаттандыруды аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924074
Еңбек ұжымдарымен кездесулер: Ермағанбет Бөлекпаев жаңа форматта диалог өткізді 25.01.2025
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде. Басқосулар зауыттар мен кәсіпорындардың қызметкерлерін жұмыстан үзбеу үшін жұмыс орындарында өткізіледі.
Мұндай алғашқы кездесу Maker компаниясының машина жасау зауытында өтті, онда өңір басшысы негізгі басқармалар мен ведомстволардың басшыларымен бірге келді.
– Біз сіздермен кез келген тақырыптағы мәселелерді талқылауға дайынбыз. Кәсіпорын қызметкерлері, әдетте, менің тұрақты кездесулеріме келе алмайды. Сондықтан мен әріптестеріммен осылай кездесу өткізу туралы шешім қабылдадым, – деді Ермағанбет Бөлекпаев еңбек ұжымына. – Президент биылғы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл қарапайым жұмыскерлердің, мамандардың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді: онсыз мықты өнеркәсіп пен тұрақты экономиканы елестету қиын. Біздің міндетіміз – лайықты еңбек жағдайларын, әлеуметтік қорғауды және әрбір қызметкердің кәсіби өсуі үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Ол өңірдегі еңбекке қабілетті халықтың жартысына жуығы жұмысшы мамандықтарымен айналысатынын атап өтті.
Облыс әкімі колледждерді кластерлеу және бұл жұмысшы кадрларды даярлауға қалай әсер ететіні туралы да айтып берді. Әрбір салада тірек колледждері анықталған, бар-жоғы өңірде осындай 8 колледж бар. Олардың материалдық-техникалық базасын жақсартып, шеберханалар мен зертханалар үшін заманауи жабдықтар сатып алатын болады.
Басқармалар мен департаменттердің басшылары өз бағыттары бойынша: кәсіптік және техникалық білім беруді трансформациялауға, жұмысшы кәсіптерін қолдау мен дамытуға, еңбек қауіпсіздігін жақсартуға және т. б. бағытталған шаралар туралы баяндады.
Зауыт жұмысшыларына «Отбасы банкі» мен облыс әкімдігінің бірлескен жеңілдікті ипотекалық бағдарламасы таныстырылды. Қазір ол шахтерлар мен металлургтер үшін қол детімді. Оған машина жасаушыларды да қосылуға шақырды. «Отбасы банк» пен әкімдік кез келген ірі компаниялардың ұсыныстарын қарауға дайын.
Жұмысшылар Үлкен Михайловканы дамыту мәселесіне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, қаладағы кәріздің жағдайына да алаңдаулы. Облыс әкімі қазіргі міндет – қаланы орталықтандырылған сумен 100% қамтамасыз ету, содан кейін коллекторларды жөндеуді қолға алатынын атап өтті. Биыл жұмыстарды бастау жоспарланған.
Кездесуде апатты деп танылғаннан кейін бұзылған 44 мектеп туралы сұрады. Олардың орнына жаңасы салынады. Қазір ЖСҚ жасалуда.
Зауыт қызметкерлері осындай кездесу үшін алғыс айтып, өз жетістіктерімен бөлісті.
«Maker» ЖШС директоры Жәнібек Байғабеловтың айтуынша, кәсіпорын өндіріс көлемін арттырған, зауытта 822 адам еңбек етеді, жағдайлары жақсы, сондықтан қызметкерлер өз орындарын сақтап қалуға тырысады, кадрлар ағымы аз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923643
ӨҢІРДЕГІ КАРТОП БАҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ 25.01.2025
Құрметті жерлестер, облыс әкімдігі, сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті және «Ұлытау» ӘКК жүргізген мониторинг, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде халық көп тұтынатын көкөніс түрі – картоптың бағасы тұрақталып келеді.
Қазіргі таңда аталған көкөніс түрі Кеңгір елді-мекенінде орналасқан «Жанұя» гипермаркетінде 220, Жезқазған қаласындағы «Органик» БК 217, «Самаз» супермаркетінде 220 және Сәтбаев қаласындағы «Жанай» мен «Нұртай» супермаркеттерінде 218 теңгеден саудалануда.
Сонымен қатар, «Ұлытау» ӘКК Павлодар қаласының «Ақтоғай Агро» ЖШС келісім шарт негізінде 38 тонна картоп жеткізу қарастырылуда. Қазіргі таңда картоп жүк көліктеріне тиеліп, облыс орталығы Жезқазғанға тасымалданып жатыр. Қалаға жеткізілген картоп ірі сауда нүктелеріне 198 теңгеден өткізіліп, тұтынушыларға сауда сөрелерінде 218 теңгеден сатылымға түсетін болады.
Сондықтан, облыс тұрғындарына картоп бойынша уақытша туындаған қымбатшылыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Жергілікті билік тарапынан бағаны тұрақтандыру бағытында шаралар қолға алынып, бағаны негізсіз өсірмеуге қатысты түсіндірме іс-шаралары жүргіліп жатқандығын жеткіземіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/923753
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА 2 ІРІ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ 25.01.2025
Түркістан облысы, Отырар ауданында 2 мақта өңдеу зауытының капсуласы салынды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, бастамаға сәттілік тіледі. Инвесторлармен кездесіп, мақта-тоқыма кластерін дамыту жобасымен танысты. Аймақ басшысы инфрақұлыммен қамту жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізіп, мәселелер туындаған жағдайды дер кезінде хабардар етуді ескертті.
Отырар ауданында қолға алынған бұл жоба «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС бастамасымен және «Түркістан» ӘКК» АҚ бірлесе жүзеге асырылуда. Бірегей жоба заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жоғары стандартты шикізат базасын қалыптастыруды, соңғы үлгідегі мақта өңдеу зауыттарын, тамшылатып суару таспаларын шығаратын өндіріс орнын және басқа да инфрақұрылымдық нысандарды қамтиды. Мұнда әкімшілік ғимараты, шаруашылық базасы, сорғы станциялары салынуда. Жалпы инвестициялық құны – 80 млрд тенге.
Жоба арқылы қуаттылығы жылына 160 мың тонналық 4 заманауи мақта өңдеу зауытын іске қосу, 6 мың тонна мақта тұқымын шығаратын өндірістік желісін құру көзделген. Оның ішінде, биыл 2 зауыт іске қосылса, 2026 жылы тағы 2 зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Жоба толық жүзеге асқанда, жақын маңайдағы аудан, қалалардың 1500-ге жуық тұрғыны жұмыспен қамтылады.
Отырар ауданында өндірілген шикізат Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында бой көтеріп жатқан жіп иіру, тоқыма, мата өңдеу, бояу және дайын өнім шығару фабрикаларына жеткізіледі.
Су үнемдеу технологияларын қолданатын еліміздегі ірі масштабтағы алғашқы жоба өндірістік процесстің барлық кезеңдерін қамтиды. Үздік технологияларды қолдану есебінен су мөлшерін 3-4 есеге дейін үнемдеуге, жоғары өнімділік алуға мүмкіндік береді.
Жобаның экономикалық тиімділігі орасан. Мақта-тоқыма кластерін дамытуға ықпал етіп қана қоймай, өңір бюджетіне кіріс әкеліп, салық түсімдерін арттырмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923693
Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды 25.01.2025
Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді.
Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.
Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.
Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.
Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейтін болады, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.
«Президентіміз 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері бізді негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу – қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді», — деді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/923547
Қазақстан СІМ басшысы Жапония Елшісімен кездесті 25.01.2025
Астана, 2025 жылғы 24 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жаңадан тағайындалған Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Ясумаса Ииджиманы қабылдады.Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылап, 2025 жылға жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне ерекше назар аударды.Екіжақты сауда айналымының және жапондық тікелей инвестициялардың елеулі көлемін ескере отырып,сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығы ерекше назарға алынды.Қазақстан мен Жапония арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық және жекеменшік секторларындағы бірлескен комиссиясының өзара тиімді серіктестігін ілгерілетуге бағытталған үлесі аталып өтті.Өз кезегінде Я.Ииджима екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін белсенді өзара ықпалдастыққа дайындығын білдірді.ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы М.Нұртілеу Жапонияның Елшісіне оның Қазақстандағы қызметіне сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/924116
Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары бағасын алды 25.01.2025
Женева, 2025 жылғы 23 қаңтар - БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап кезеңдік шолу Жұмыс тобының 48-сессиясы барысында Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы міндеттемелері мен алдыңғы шолу бойынша ұсынымдардың орындалуы туралы төртінші ұлттық баяндамасы қаралды.Жоғары деңгейдегі Қазақстан делегациясының құрамына адам құқықтары саласындағы міндеттемелердің орындалуына мемлекеттік саясат пен мониторингті тікелей жүргізетін еліміздің тоғыз мемлекеттік органының өкілдері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары кірді.Шолуға 100-ден астам мемлекеттің делегациялары қатысып, елімізбен ашық және сындарлы диалог құруға жоғары қызығушылық танытты. Іс-шара интерактивті талқылау форматында өтті, оның барысында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер еліміздің құқық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша өз сұрақтарын, пікірлері мен ұсынымдарын берді.ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы ауқымды реформаларына, азаптаулар мен қатыгездікті жою, бейбіт жиналыстар мен қауымдастықтар еркіндігі, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін қамтамасыз ету және журналистердің құқықтарын кеңейту, адам саудасына қарсы іс-қимыл және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін қазақстандық заңнаманың негізгі новеллаларына назар аудара отырып, кең ауқымды ақпарат ұсынды. ҚР делегациясының мүшелері БҰҰ-ға мүше елдердің сұрақтарына толық жауаптар бере отырып, адам құқықтары мәселелері бойынша диалогты нығайтуға және тәжірибе алмасуға ықпал етті.ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко өз сөзінде еліміздің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасымен, Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Арнайы рәсімдерімен және БҰҰ шарттық органдарымен ынтымақтастық бойынша тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген адам құқықтары бойынша Арнайы баяндамашылармен өзара іс-қимыл қағидалары және жеке шағымдар бойынша шарттық органдардың хабарламаларын қарау бойынша ведомствоаралық тетігі туралы, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен техникалық ынтымақтастық туралы хабарлады. Құқық қорғау сарапшыларының пікірінше, БҰҰ-ның құқық қорғау тетіктерімен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі Қазақстанның адам құқықтары мен демократиялық процестерді қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтудағы басымдықтарын көрсетеді.Үкіметтің азаматтық қоғаммен диалогын нығайту туралы сұрақтарға жауап ретінде Р.Василенко ҚР СІМ алаңында тұрақты өтетін «Адами өлшем бойынша диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының рөлін атап өтті. Ол осы алаңның сындарлы сипатына тоқталып, бұл жұмыстың көрнекі нәтижесі адам құқықтары мен заң үстемдігі бойынша үш жоспарды қабылдау, сондай-ақ елдің саяси және әлеуметтік өмірінің кең ауқымды мәселелері бойынша құқықтық актілерге бастамашылық жасау болғанын айтты.Қазақстандық делегациямен диалог барысында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өршіл реформаларды жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шараларға, сондай-ақ Қазақстанда адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын нығайту жөніндегі нақты қадамдардың қабылдануына қолдау білдірді. Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Ұлттық алдын алу тетігінің мандатын күшейту, халықты, әсіресе неғұрлым осал топтарды әлеуметтік қорғау саласында қабылданған заңдар халықаралық қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болды.Сонымен қатар, мемлекеттер өлім жазасының күшін жоюды, 2023 жылғы 8 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтары мен заң үстемдігі жөніндегі іс-қимыл жоспарын, сондай-ақ Қазақстанның 2022-2024 жылдардағы мүшелігі шеңберінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қосқан үлесін ерекше атап өтті.Әмбебап кезеңдік шолу БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің бірегей тетігі бола отырып, Ұйымға мүше барлық мемлекеттерге адам құқықтары саласындағы жағдайға тұрақты сараптамалық бағалаудан өтуге мүмкіндік береді.Жұмыс тобының БҰҰ-ға мүше елдердің ұсынымдарын қамтитын Қазақстан бойынша баяндамасы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 2025 жылғы маусымдағы 59-шы сессиясында бекітілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/924252
Қазақстан Сыртқы істер министрі Кипр Елшісін қабылдады 25.01.2025
Астана, 2025 жылғы 24 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанда дипломатиялық қызметінің басталуына орай Кипр Республикасының Елшісі Петрос Накузисті қабылдады.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-кипр ынтымақтастығының ағымдағы аспектілерін, оның ішінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының арасында бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруын талқылады.Астана мен Никосияда екі елдің елшіліктері ашылуының маңыздылығы аталып өтті. Бұл қадам қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деген жалпы пікір білдірілді.Кездесу соңында Министр М.Нұртілеу Кипр Елшісіне Қазақстандағы қызметінде табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/924378
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 25.01.2025
Цифрлық даму министрлігі Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистеріне қолжетімділік бойынша қазіргі мәселелер ғаламдық сипатқа ие екенін хабарлайды.Бұндай ақаулар әлемнің көптеген елдерінде тіркелді.Қосымша ақпарат қолжетімді болған кезде хабарланатын болады.Айта кету керек, бұл ақаулар «ҰАТ» АҚ қызметімен байланысты техникалық ақауларға қатысы жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/924028
ҰЭМ мен ЕҚДБ ШОБ-ты қолдау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 25.01.2025
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) ШОБ-ты қаржыландыру және дамыту департаментінің басқарушы директоры Жужанна Харгитай ШОБ кәсіпорындары үшін іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімге қол қойды.Қазақстанда ЕҚДБ-ның қатысуымен ел экономикасы өсімінің әртараптандырылған, тұрақты және инклюзивті моделін дамытуға ықпал еткен бірқатар табысты жобалар іске асырылды.Құжатта елімізде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, оның ішінде бірқатар іс-шаралар мен өз тиімділігін көрсеткен қолдау құралдары арқылы дамыту мәселелері қамтылған. ЕҚДБ бағдарламаларының негізгі мақсаттарының бірі бәсекеге қабілетті, әртараптандырылған әрі инклюзивті жеке секторды құру, сондай-ақ қосылған құн мен жұмыс орындарын құру болып табылады.ЕҚДБ өз қызметтері шеңберінде қолданатын жеке тәсіл өндірісті 2-3 есе ұлғайтуға, сыртқы нарықтарға шығуға және отандық нарықты сапалы өнімдермен толтыруда бәсекеге қабілетті компанияларды өсіруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/921326
Серік Жұманғарин ЭЫДҰ өкілі Антонио Капобьянкомен кездесті 25.01.2025
ЭЫДҰ өкілі Антонио Капобьянко және БҚДА-мен кездесу Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуын дайындау бойынша ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы миссиясы аясында өтті. Кездесуде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин атап өткендей, бүгінде Бірінші шолу шеңберінде берілген ЭЫДҰ ұсынымдары 80%-ға орындалды. «Мемлекет басшысы алдымызға Қазақстанның экономикалық саясатын ЭЫДҰ жоғары стандарттарына сәйкестендіру мақсатын қойды және біз ұсыныстардың басым бөлігін іске асырдық. Бүгін сіздерді қызықтыратын мәселелерді Екінші шолу аясында талқылауға дайынбыз», — деді вице-премьер жиынға қатысушыларға. Тараптар Қазақстанның бәсекелестікті дамыту және Қазақстан экономикасын ырықтандыру саласындағы жуырдағы бастамаларын талқылады. Атап айтқанда, БҚДА жанынан Ұлттық жекешелендіру кеңсенің құрылуын әрі оның кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі жоспарларын оң атап өтті. ЭЫДҰ өкілдері Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуын дайындауға материал жинау үшін басқа да мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/922950
Петропавлда еңбек ресурстарын дамыту мәселелері талқыланды 25.01.2025
Петропавлда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ұйымдастыруымен «Қазақстан өңірлеріндегі еңбек ресурстарын дамыту: қазіргі жағдайы және келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков баяндама жасап, солтүстікте өңдеу өнеркәсібін нығайту, оңтүстікте сервистік сектордың өсуі мен батыс аймақтар үлесінің өзгеруі сынды соңғы он жылдағы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзекті талдау ұсынды.Сонымен қатар ол шағын және орта бизнесті ынталандыру, ауыл шаруашылығы машиналары мен автомобиль жасауды дамыту, инновацияларды енгізу және кадрларды қайта даярлау сияқты өңірлік дамудың жаңа тәсілдерін атап өтті.Б. Омарбековтың айтуынша, соңғы жылдары өңірлердің экономикалық құрылымында айтарлықтай өзгеріс байқалды. Атап айтқанда, солтүстік облыстар өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы өз позицияларын нығайтты. Дегенмен, демографиялық құлдырау, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымның тозуы сияқты сын-қатерлер әлі де бар. Осыған байланысты өңірлердің экономикалық және әлеуметтік дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік саясаттың негізгі бағыттары кеңейтіліп, күшейтілетін болады.Бұдан бөлек, ҰЭМ қазіргі уақытта 2030 жылға дейінгі өңірлік саясат тұжырымдамасын әзірлеуде, оның мақсаты инфрақұрылымды біркелкі дамыту, өмір сүру сапасын жақсарту және еңбек ресурстары үшін жаңа мүмкіндіктер жасау болып табылады.«Өңірлік саясатты іске асыру – бүкіл елдің тұрақты дамуының кепілі. Ұлттық экономика министрлігі еңбек ресурстарын қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа тәсілдерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/924301
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды 24.01.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғани Айдарұлы Майлыбаев 2025 жылғы 3 қазанынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.Ғани Айдарұлы 1987 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетін «қаржы» мамандығы, 2018 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын «аймақтық және муниципалды басқару» мамандығы бойынша бітірген, 2010 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінде «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.Еңбек жолын 2008 Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі болып бастаған.Әр жылдары Алматы қаласы "Нұр Отан" партиясы Алатау аудандық филиалының заңгер-консультанты, Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы қаласы Медеу, Наурызбай аудандары әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы туризм басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы лауазымында қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080977?lang=kk
Ерлікті дәріптейтін экспозиция: Әскери-тарихи музейдің көшпелі көрмесі қала мектептерінде 24.01.2025
Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі «Мемориалдық аймақ» іздестіру тобымен бірлесіп, Астана мектептерінде «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты көшпелі көрмелер өткізуді бастады.Алғашқы көрме Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School мектеп-лицейінде өтті. Іс-шараға «Мемориалдық аймақ» іздестіру тобының командирі Майдан Құсайынов, Ауған соғысының ардагерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары және әскери-тарихи музейдің қызметкерлері қатысты.Экспозицияға Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің, Халық қаһармандары Тілеуғали Әбдібеков пен Хиуаз Доспанованың жеке заттары мен архивтік құжаттары, бірегей фотосуреттері мен майдан алаңдарынан табылған басқа да жәдігерлер қойылды.«Мемориалдық аймақ» іздестіру тобының мүшелері қазақстандық жауынгерлер қатысқан ірі шайқастардан театрландырылған қойылым көрсетті. Музей қызметкерлері қазақстандық батырлардың жеке заттарымен және архивтік құжаттармен таныстырды. – Көшпелі көрмелер бұған дейін еліміздің түрлі өңірлерінде өткізілді. Биыл Астана мектептерінде өткізуді бастап кеттік. Біз мұнда болашақ Отан қорғаушыларына қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы айтамыз. Бұл олардың жоғары патриоттық және азаматтық сезімдерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әрине, мұндай іс-шараларды өткізу мүмкіндігінің арқасында адамдардың мұражай ісіне деген қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз, – дейді Әскери-тарихи музейдің бастығы капитан Дәулет Қадыров.Әскери-тарихи музей ұжымы мен қонақтарға ризашылығыын білдірген мектеп басшылығы Әскери-тарихи музеймен ынтымақтастық жастардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, патриоттық тәрбиесіне ықпал ететінін атап өтті.Көрме Астана қаласының мектептерінде мамыр айына дейін жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924257
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу туралы 24.01.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Министрлік жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды.Қағидалардың 7-т. сәйкес мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын электрондық нысанда ұсынады:1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;2) құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін.Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 20 қаңтардан бастап 31 қаңтар сағат 18.30-ды қоса алған мерзімде).Жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуге қатысуға арналған құжаттар мына электрондық пошталарға ұсынылады: g.kenzhebay@energo.gov.kz.Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 78-68-58, 78-68-93.Қажетті формаларды толтыру үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/782649?lang=kk ссылкасы арқылы өтуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/920654
Қазақстан АЭС құрылысына арналған технологияларды іріктеу шеңберінде сапарларды аяқтады 24.01.2025
2025 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің басшылығымен қазақстандық делегация Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды.Сапардың негізгі мақсаты - атом электр станцияларын пайдалану тәжірибесімен танысу және ВВЭР-1200 реакторлары бар 3+ буынды энергетикалық блоктардың технологияларын зерттеу болды. Делегация Ленинград АЭС-іне барып, станция жұмысының негізгі техникалық аспектілерімен танысты, соның ішінде блоктық басқару пунктінің құрылғысы, турбина цехы, зертханалық кешен және энергоблоктардың салқындату жүйесі ұсынылды. ВВЭР-1200 реакторы «Росатом» мемлекеттік корпорациясының флагмандық жобасы болып табылады.Ресей Федерациясына сапар Қазақстанда АЭС салу үшін технологиялардың әлеуетті жеткізушілерімен бәсекелестік диалогтың қорытынды кезеңі болды.Бұған дейін, 2024 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында, осындай жұмыс сапарлары Корея Республикасына, Француз Республикасына және Қытай Халық Республикасына жасалған болатын. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы корейлік KHNP, қытайлық CNNC және француздық EDF компанияларымен бірге «шорт-тізімге» енген.Сапар барысында делегация Ленинград АЭС басшылығымен консультациялар өткізіп, станцияның инфрақұрылымымен танысты. Сондай-ақ, АЭС-тің серіктес қаласы – Сосновый Борға бару жүзеге асырылды, ол заманауи ғылыми қаласы және ғылыми-инженерлік құзыреттер орталығы болып табылады.Анықтама: Ленинград АЭС-і – Ресейдегі орнатылған қуаты бойынша ең ірі және екі түрлі типтегі энергоблоктар жұмыс істейтін жалғыз АЭС: уран-графитті каналды (РБМК) және су-су (ВВЭР). ВВЭР-1200 жобасының басты ерекшелігі – станцияны сыртқы және ішкі әсерлерге барынша төзімді ететін белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерінің бірегей үйлесімі.«Бүгін біз ядролық энергетика саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді зерттеуге бағытталған жұмыс сапарларымызды аяқтадық. Ленинград АЭС-іне бару қоршаған ортаны қорғау және жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын қамтамасыз ететін технологиялар мен қауіпсіздік шараларымен терең танысуға мүмкіндік берді», - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.АЭС салу жобасы үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау бойынша соңғы шешім ағымдағы жылы қабылданатын болады. Шешім ұлттық мүдделерді, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді, сондай-ақ Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (АЭХА) ұсыныстарын ескере отырып қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/922018
Қаржы министрі Мәди Такиев азаматтардың жеке қабылдауын өткізді 24.01.2025
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын іске асыру азаматтармен ой бөлісіп, пікір алысуға қолайлы платформалар арқылы қоғаммен белсенді өзара байланысты дамытуды қарастырады. Қазақстандықтардың кез келген сұрақ бойынша түсініктеме алып, өзекті мәселелерді шешуге септесетін орындардың бірі Азаматтарды қабылдау орталығы болып саналады. Дәл осында ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Қабылдауға жазылған азаматтардың тарапынан әртүрлі салаларға қатысты өтініштер айтылды: салық салу, аудит, жекешелендіру, салықтық тексерулер және әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ қабылдау барысында Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер жайлы да түсіндірілді.Сұрақтарға жедел жауап қайтарып, министрдің тапсырмаларын орындау үшін кездесуге Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Н.Т. Мыңжасаров, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Н.Т. Әділбеков Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. С.А. Ахметов және министрліктің басқа да қызметкерлері қатысты.Ведомство басшысының халықпен кездесуге қатысты жұмыс кестесін министрліктің сайтынан көріп, танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/922922
Қазақстан СІМ басшысы Қытайдың жаңа Елшісін қабылдады 24.01.2025
Астана, 2025 жылғы 23 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.Бұған қоса, ағымдағы жылы жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына ерекше назар аударылды.Кездесу соңында Министр М.Нұртілеу Қытай Елшісіне Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/923393
Қазақстан Сыртқы істер министрі Аустрия Елшісімен кездесті 24.01.2025
Астана, 2025 жылғы 23 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің басталуына орай Аустрия Республикасының Елшісі Андреа Бахерді қабылдады.Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-аустриялық ынтымақтастығының ағымдағы ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.Тараптар екі елдің іскер топтарының тиімді өзара іс-қимылын кеңейту және байланыстарын арттыру тұрғысында Қазақстан-Аустрия экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының және Іскерлік кеңестің маңызды рөлін атап өтті.Кездесудің соңында Министр М.Нұртілеу Аустрия Елшісіне Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/923590
Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесуі туралы 24.01.2025
Астана, 2025 жылғы 23 қаңтар – Мысыр тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер министрі Бадр Әбделатымен телефон арқылы сөйлесті.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ алдағы іс-шаралардың кестесін талқылады.Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/923767