Қуқық
Астанада қыс мезгілінің басынан бері 2,5 млн текше метрден астам қар шығарылды 09.01.2025
Астанада коммуналдық қызметкерлер қар күреу бойынша тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Жол жұмысшылары бір күнде қаладан 50 мың текше метрге жуық қар шығарды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жол жұмысшылардың күшімен қаладан 49726 текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 198 506 рейспен 2 583 547 текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/914895
Астанада қар күреуге 2 600-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды 09.01.2025
Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмысын күшейтілген үздіксіз режимде жалғастыруда. Күн сайын олардың күшімен қаладан ондаған мың текше метр қар шығарылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.9 қаңтарда күндізгі ауысымға қар тазалау жұмысына 2600-ден астам жол жұмысшы мен 1700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.9 қаңтарға қараған түні елордадан қар полигондарына 55 мың текше метрден астам қар 4 068 рейспен шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 2 638 609 текше метр қар 205 297 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/915048
Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу үшін Астанада қандай шаралар қабылданып жатыр 09.01.2025
2025 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Осы мамандықтарды дәріптеу мақсатында елордада Халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша бірқатар іс-шара жоспарлануда. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және техникалық әрі кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру, қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік идеясын ілгерілету мақсатында 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандвқтары жылы болып жарияланды."Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде іс-шаралар, соның ішінде халықты жұмыспен қамту саласы бойынша іс-шаралар жоспарланған. Жұмыссыз азаматтарды елорданың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша, оның ішінде 8 мыңнан астам адамды қамтитын JOLTAP жобасы бойынша кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, оның 5 мыңнан астамы электр газбен дәнекерлеуші, автомобиль жүргізушісі, ағаш ұстасы және жиһаз өндірісінің шебері, аспаз, шаштараз, тігінші, флорист, сәнгер-конструктор сияқты жұмыс мамандықтары бойынша, аяқ киімді жөндеу және кілттер жасау, корпустық жиһаз жасау негіздері, май мен автошиналарды ауыстыру бойынша АВТО маман және басқалар", - деді Илья Скуб.Сонымен қатар елордада Бос орындар жәрмеңкесі, оның ішінде түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша тұрақты негізде өткізілетін болады.Қаланың 3000-нан астам оқушысын қамти отырып, жұмысшы мамандықтарын таңдау бойынша 9-11 сынып түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу жалғасады.Сондай-ақ елорданың өндірістік және коммерциялық нысандарында "Менің мамандығым" ашық есік күндері және бірқатар іс-шара ұйымдастырылады."Мақсат - жоғары сынып оқушыларына елорданың өндірістік және коммерциялық нысандарында сұранысқа ие жұмыс процестерімен және олардың ерекшеліктерімен танысудың бірегей мүмкіндігін беру. Бұл іс-шаралар жастардың әртүрлі мансап жолдары туралы түсініктерін қалыптастыруға, техникалық және коммерциялық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауда практикалық көмек көрсетуге бағытталған", - деді қалалық басқарма басшысы.Айта кетсек, Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталы өтетін Еңбек күніне орай Астанада еңбек форумы, еңбек ардагерлері мен өндірістің озаттарын мамандықтар/салалар бойынша танымал ету үшін құрметтеу өткізіледі. Сондай-ақ "Үздік еңбек династиясы", "Өндірістің үздік жас қызметкері" және "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациялары бойынша "Еңбек жолы" конкурсы ұйымдастырылады."Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын", "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын", "Үздік ұжымдық шарт" номинациялары бойынша "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстың қорытындысы шығарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/915371
Алматы әкімі Ерболат Досаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады 09.01.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылық православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады. Қала басшысы бұл күннің православ христиандары үшін ең маңызды әрі жарқын күндердің бірі екенін атады.«Терең рухани мағынаға толы бұл мереке сүйіспеншілікті, мейірімділікті және игіліктің салтанат құруына деген сенімді білдіреді. Қоғамдағы келісім мен татулықтың маңыздылығын, өзара құрмет пен ынтымақты нығайтуды еске салады», – делінген қала әкімінің құттықтауында.Әкім Қазақстанның Православ шіркеуі конфессияаралық келісімді дамытуға және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға баға жетпес үлес қосып келе жатқанын жеткізді.«Бұл жарқын Рождество күндері барлық православ христианына шын жүректен шаттық, бейбітшілік және амандық тілеймін», – деді Ерболат Досаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914856
Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті 09.01.2025
8 қаңтардан бастап қар жауады деген болжамға байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 8 қаңтар күні түнде және таңертең қалада қардың қалыңдығы 9 мм-ге дейін жетіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -5…-7 °С-қа дейін төмендеп, күндіз -2…0 °С шамасында болады. 7 қаңтар күні 438 арнайы техника мен 968 жұмысшы дайындалды. 2024-2025 жылдары қысқы маусым басталғалы бері 220 мың м³ қар шығарылды. Жолды уақытылы әрі тиімді тазарту үшін Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қала тұрғындарына мынадай ескерту жасайды:•Автокөліктерді, әсіресе түнгі уақытта, жол жиегінде қоймауға.•Жолдар мен автотұрақтар бойына орнатылған ескерту конустарына назар аударуға. Қар шығару жұмыстары таулы және тау бөктеріндегі аудандарда ерекше назарға алынып, қар күреу жұмыстары белсенді жүргізіледі. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге ұсыныстар:Көктайғаққа байланысты көлік жүргізушілерінен жылдамдық режимі мен көліктер арасындағы қашықтықты сақтау және қар шығару техникасы жұмыс істеп жатқан аумақтарда көлік қоймауға шақырады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткенде, әсіресе көше дұрыс көрінбей қалған кезде және жол тайғақ болған жағдайда, аса сақ болғаны жөн. Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914857
Алматыда қалың қар: 1 115 жұмысшы мен 475 техника жұмылдырылды 09.01.2025
Алматыда 8 қаңтар түнгі 12-ден бастап жауған қар сағат 11:00-ге дейін жалғасады.Таңғы 9-дағы мәлімет бойынша қалада 14 см, Каменск үстіртінде – 22 см, Шымбұлақта – 20 см қар жауды. Жауын-шашын мөлшері 9 мм болып, айлық норманың (35 мм) 26%-ын қамтыды.Күндізгі уақытта 475 арнайы техника мен 1 115 жұмысшы жұмылдырылды.Қар жауа бастаған сәттен бастап 194 құмсепкіш техниканың күшімен көктайғаққа қарсы материал себіліп жатыр.Таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша 3 600 тонна материал пайдаланылды. Сағат 4:30-дан бастап жол патрульдік полиция көліктерінің бастап жүруімен қар күрейтін 25 техника колоннасы ұйымдастырылды.Жанармай мен көктайғаққа қарсы материалдармен қамтамасыз етуге байланысты қар жаууы тоқтағаннан кейін сағат 12:00-де қайтадан тазалау жұмыстары жоспарланған.Жол жиектеріндегі қар үйінділерін шығару жұмыстары басталды.Көліктердің тұрақта тұрып қалмас үшін уақытша тұрақ «қалталарын» жартылай жабу тәжірибесі енгізілді, бұл қарды тез әрі сапалы шығаруға мүмкіндік береді.75 шағын техниканың көмегімен тротуарлар, қоғамдық орындар, әлеуметтік маңызды нысандар, тұрақ «қалталары» тазалануда. Қоғамдық көлік аялдамалары мен жаяу жүргіншілер өткелдерін қолмен тазалау жұмыстары да қолға алынған.«Қазгидромет» РМК болжауынша, күндіз ауа температурасы 0…-2 °С, ал 12:00-ден кейін -5…-7 °С-қа дейін төмендейді. Түнде -11…-13 °С болады. 13 қаңтарға дейін жауын-шашын болмайды.Мұз қату қаупіне байланысты жүргізушілерге жылдамдықты асырмауға, көліктер арасындағы қашықтықты сақтауға және қар тазалау жұмыстары жүріп жатқан аумақтарға көлік қоймауға кеңес беріледі.Жаяу жүргіншілерге, әсіресе көру мүмкіндігі шектеулі және тайғақ жолдарда, жолдан өткенде сақ болу қажет.Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914861
Алматыда қуаттылығы тәулігіне 1200 текше метрге дейінгі алғашқы қар еріту пункті іске қосылды 09.01.2025
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қар еріту пункті ашылды, онда Қазақстанда алғаш рет экологиялық таза еріту технологиясы және қарды тиімді кәдеге жарату қолданылды.Жаңа пункт бұрын «Алматы Тазалық» КМК көктайғаққа қарсы реагенттері сақталған базада салынған. Оны құру қажеттілігі қаланың инфрақұрылымына жүктеменің артуымен және соңғы жылдары қардың көп түсуіне байланысты.Қар еріту пунктінің жұмыс процесі қолданыстағы кәріз желісі арқылы келетін ағынды сулардың жылуын пайдалануға негізделген. Қысыммен жылы су сорғы қондырғылары мен құбырлар жүйесінен өтіп, қарды ерітеді. Осыдан кейін пайда болған еріген су сүзгіге түседі, құм мен қоқыстардан тазартылады, содан кейін қалалық кәріз желісіне жіберіледі. Пункттің қуаты - тәулігіне 1200 текше метрге дейін қ арды ерітеді.Қар еріту пунктіне Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандарының аумақтарынан қар жеткізіледі. Бұл аудандарда қар үйіндісі мәселесі өте өткір, ал трафик орталық көшелерден қарды тиімді шығаруға мүмкіндік бермейді.Сонымен қатар, мұндай шешім қарды қаладан тыс жерлерге шығаруға кететін уақыт пен ресурстарды едәуір азайтуға, сондай-ақ экологияға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді.«Алматы тазалық» МКК директорының орынбасары Ертай Қасенов атап өткендей, қар еріту пунктін енгізу — экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және мегаполисте өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам.«Соңғы жылдары қыста жауын-шашын күшейе түсті және біз қарды тиімді утилизациялау үшін жаңа шешімдер іздеуге мәжбүрміз. Қар еріту пункті — полигондарға қар шығарылатын дәстүрлі әдіске заманауи балама», - деп толықтырды сөзін Ерсай Қасенов.Айта кетейік, жоба қала көшелерінің қысқы күтімін жақсартуға және қыс мезгілінде Алматы тұрғындары үшін жайлылықты арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/915122
Алматыда жүздеген техника мен 1 800 жұмысшы қаланың көшелері мен аулаларын қардан тазартуда 09.01.2025
Алматыда коммуналдық қызметтердің 1 800-ден астам қызметкері мен жүздеген техника бірлігі 7-8 қаңтар аралығында қаланы қалыңдығы 16 сантиметр қалың қардың салдарымен күресуде. Барлық қызметтер қаланың әдеттегі режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.Қар тазалау жұмыстары қала көшелерінде де, тұрғын аудандарда да тәулік бойы жүргізіледі.«Жол төсемі көктайғаққа қарсы құралдармен өңделді, сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамалары тазартылды. Осыдан кейін біз қарды сыпырамыз және тырмалаймыз. 2 түн ішінде қала бойынша 15 200 текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды», - деді «Алматы Тазалық» МКК бас инженері Әсет Төлегенов.Ол тазалау процесі ауа-райының көлік қозғалысына әсерін азайту үшін ұйымдастырылғанын атап өтті.«Біздің бригадалар үйлесімді жұмыс істейді, ал заманауи техника процесті жылдамдатуға және тазалаудың жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.Медеу ауданының жол жұмысшыларының аға бригадирі Дина Мұнарбаева, осы салада сегіз жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр, қиын жағдайларға қарамастан, оның командасы жедел әрекет етуге ұмтылатынын айтты.«Қала көшелерін қауіпсіз ұстау үшін қарды тез тазалаймыз. Аязға және түнгі ауысымға қарамастан, біздің бригадада жаңа жылдық көңіл-күй бар. Бұл командалық рухты сақтауға және тапсырмаларды тиімді орындауға көмектеседі», - деді ол.Дина Мұнарбаева әріптестері арасында сарқылмас шабыт көзі ретінде танымал. Ол ән айтқанды ұнатады және оның репертуарында қарапайым және сүйікті әндер бар. Оның ән айтуының арқасында жұмыс атмосферасы аязды күндерде де жылы және жағымды болады, ал монотонды жұмыс ұжымды біріктіретін бірлескен іс-әрекетке айналады.«Қар, Аяз – бұл жай ғана табиғат, Ал біздің оптимизміміз кез келген қолайсыз ауа – райынан күшті», - деп әзілдейді Дина Мунарбаева. Ол әрқашан әріптестеріне әзілдер мен жылы сөздермен қолдау көрсетеді, оларға суық ауысымдарды жеңуге көмектеседі. Сонымен қатар, оның ұйымдастырушылық шеберлігі оған ең қиын жағдайлардың шешімдерін тез табуға мүмкіндік береді: жабдықтың бұзылуы, күтпеген қардың түсуі — мұның бәрі ол үшін еңсеруге болатын жаңа міндеттер.«Біз алғыс үшін емес, қала тұрғындары өз өмірлерін өзгеріссіз жалғастыра алатындай етіп жұмыс істеп жатырмыз», - деп қосты ол, оның командасы Алматы көшелерін тазалауды жалғастырып жатқан кезекті әуенді шырқай бастады.Қалалық қызметтер қар тазалау үзіліссіз жалғасады деп сендіреді. Алдағы күндері шағын көшелер мен кварталаралық жолдарды тазалау жоспарлануда. Дина Мунарбаева сияқты мамандардың арқасында,Алматы тіпті ең қатал ауа-райында да таза және қауіпсіз болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/915129
КАТКО Арал теңізінің құрғаған ұлтанын қалпына келтіруге қолдау көрсетуде 09.01.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында орман отырғызуды ұйымдастыру үшін ұлттық және жеке компаниялар тартылды.Министрлік Францияның "Orano Mining SA" мемлекеттік компаниясы мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, сондай-ақ Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері арасындағы бірлескен кәсіпорын КАТКО-мен келісімге қол қойды. KATCO қаржыландыруының арқасында жоба бойынша жұмыс 2024 жылдан бастап басталды. Оны жүзеге асыру 2025 жылы жалғасады.Қазіргі кездегі нәтижелер:• 522 тонна тұқым жиналды.• 2024 жылдың 16-30 желтоқсаны аралығында 12 000 гектарға егу жұмыстары жүргізілді.• 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 108 000 гектарға егу жұмыстары жоспарланудаЖоба аймақтың экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіруге, климаттық жағдайларды жақсартуға және жергілікті қауымдастықтарды қолдауға бағытталған. ODAM-дағы екпелер одан әрі шөлейттенудің алдын алуға және Арал өңіріне өмірді қайтаруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/915583
Коянды ауылындағы жаңа жайлы мектеп – өңірдегі ең үлкен білім ордасы 09.01.2025
Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында 2000 орындық жаңа мектеп ашылды. Жаңа білім беру мекемесінің жұмысымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысып, оның инфрақұрылымы мен жабдықталуын бағалады. Қазіргі заманғы төрт қабатты ғимаратта 96 оқу кабинеті бар, олар интерактивті тақталармен, мультимедиялық құралдармен және жаратылыстану ғылымдарына арналған зертханалармен жабдықталған. Мектепте төрт спорт залы, акт залы, асхана және оқу залы бар кітапхана қарастырылған. Әр блокта оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделген коворкинг аймақтары, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы орта жасалған.Мектеп аумағында спорт алаңдары, жүгіру жолақтары, футбол алаңы және бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын алаңы салынған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары мен қолжетімділікті бақылау жүйесі орнатылған.Өңір басшысы мұндай білім беру нысандарының құрылысын балалардың білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын азайтуға және балалардың білім алуына тең жағдай жасауға бағытталған. Елорданың маңында орналасқан елді мекендерде осындай нысандардың салынуы астанадағы білім беру мекемелерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді. Білім беру инфрақұрылымын жақсарту – адами капиталды және ел болашағын дамыту жолындағы маңызды қадам», - деп атап өтті М.Ахметжанов.«Ауылымызда жаңа мектеп ашылғанына өте қуаныштымын. Ұлым Райанды осында еш күмәнсіз ауыстырдым. Бұған дейін ол Астанада туыстарымыздың үйінде тұруға мәжбүр еді. Енді отбасымыз барлық мүшелері бірге тұрып жатырмыз, ал ұлым жақсы жағдайларда сапалы білім алуда», – деді Қоянды ауылының тұрғыны Ұлболсын Ибрагимова. Айта кетсек, Ақмола облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жалпы сыйымдылығы 12 200 орын болатын 9 жайлы мектеп салынды. Оның жетеуі Целиноград ауданында, ал екеуі Көкшетау қаласында орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/915343
ТМД қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің қолдауымен жыл сайын өтетін Медиаконкурс 09.01.2025
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағында Ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросы жыл сайынғы медиаконкурс өткізеді.Конкурс Халықаралық полиция ынтымақтастығының ақпараттық және әлеуметтік-мәдени кеңістігін кеңейту, Достастық елдерінің ішкі істер органдарының мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен, ТМД органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылын жандандыру, жеке құрамды мәдени – эстетикалық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу, құқық қорғау қызметін танымал ету, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.Конкурсқа ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкерлері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ІІМ қызметкерлері мен қызметшілері (азаматтық қызметкерлер), сондай-ақ 18 жастан асқан, қатысуға ниет білдірген өзге де адамдар қатысады.Конкурсқа қатысу үшін конкурс номинацияларының тақырыптарына сәйкес фото және бейне жұмыстар қабылданады.Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ҮЙЛЕСТІРУ БЮРОСЫНЫҢ ресми сайтынан білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/914703
Су ресурстары және ирригация министрлігі 84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жобаны іске асыруда 09.01.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 580 мың тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.Жобалар аясында жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салу қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл жұмыстардың шамамен 40%-ы орындалды.«Осыған дейін министрліктің бассейндік инспекциялары ТЖМ және әкімдіктермен бірлесіп еліміз бойынша 1502 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Көктемгі су тасқынын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің солтүстігі, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/914126
Бесқарағай аудандық ауруханасына медициналық құрал-жабдықтар алынды 09.01.2025
Бесқарағай аудандық ауруханасына заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынды. Жаңа жабдықтар тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге септігін тигізбек.Алынған құрал-жабдықтардың қатарында Versana Premier диагностикалық ультрадыбыстық жүйесі, импедансометрия және аудиологиялық скринингке арналған AudioSmart жүйесі, көз алмасының алдыңғы бөлігін зерттеуге арналған S260S маркалы жарық шамы бар. Флюорографиялық техника да жаңартылды. Цифрлық құрылғының жаңа үлгісі ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе тиімді диагностика мен алдын алу үшін маңызды.Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағдарламасы аясында биыл төрт дәрігерлік амбулатория, алты медициналық пункт пен бір фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталды.Бұл шаралардың барлығы халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/915587
Қазақстанда көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады 09.01.2025
Еліміздің көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамуын ескере отырып, орта мерзімді перспективада 25 жаңа мамандық қажет болады деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы іс-шаралар жоспары қаралды, деп хабарлады көлік министрі Марат Қарабаев. Атап айтқанда, ол жаңа жобаларды іске асыру кезінде жобаның цифрлық аналогын және 3D-модельдеуді пайдалануды көздейтін BIM технологиясы бойынша автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жобалау көзделгенін хабарлады. Бұл бағытта «ақылды жолдар» бойынша тиісті инженер-жобалаушылар, BIM технологиясында жұмыс тәжірибесі бар прорабтар, құрылыс роботтарының операторы және цифрлық жобалаушы қажет болады. Көлік-логистика саласындағы ірі тораптарды басқару үшін цифрлық логистикалық карталар конструкторы мен операторы керек. Азаматтық авиацияда сыртқы пилоттандырылатын авиациялық жүйелердің пилоттары сұранысқа ие болады. Осыған орай, алдағы уақытта уәкілетті орган мен білім беру мекемелерімен бірге осы мамандықтарды ашу мәселесі қарастырылады. Бүгінгі таңда 9,7 млн жұмыспен қамтылған халықтың 772 мыңы көлік секторында жұмыс істейді, оның басым бөлігі теміржол және автомобиль көлігі, логистика және қоймалау салаларына тиесілі. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/914395
Абай облысында балалардың қысқы демалысы ұйымдастырылды 09.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына орай өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері үшін қысқы демалыстың қызықты бағдарламасы ұйымдастырылды. Іс-шараға Семей қаласы мен Бородулиха ауданынан 155 бала қатысты.Бағдарлама аясында Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 60, білім беруді қажет ететін орталықтың 50 және Новая-Шүлбі ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 45 тәрбиеленушісіне үлкен экранда анимациялық фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.Сонымен қатар балалар биологиялық орталықта серуендеді. Жуырда пайдалануға берілген балалар пойызымен «Бейбітшілік»аралына саяхат жасады.Бұдан бөлек балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.Іс-шараның мақсаты - жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қуаныш сыйлай отырып, қысқы демалысты көңілді өткізуге мүмкіндік беру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/914420
Қазақстандағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайтылды 09.01.2025
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері ұлғайды. Қазір ол - 2,5%. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жұмыс берушілер зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға қатысып, БЖЗҚ-ға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) өз қызметкерлерінің пайдасына аудара бастады. Осылайша, Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш бөлікпен толықтырылды. Әлеуметтік кодекске сәйкес, қызметкерлер өз кірістерінен төлейтін 10% міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) айырмашылығы – ЖМЗЖ-ны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен аударады. Жыл сайын ЖМЗЖ мөлшері кезең-кезеңімен өсіп отырады (2024 жылы 1,5%, 2025 жылы 2,5%, 2026 жылы 3,5%, 2027 жылы 4,5%) және 2028 жылы 5% жетеді. Жұмыс берушінің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылдайтын жұмыскердің табыс сомасы тиісті күнтізбелік жылға белгіленген ең төменгі жалақының (ЕТЖ) кем дегенде біреуін және көп дегенде 50-еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс берушілер зейнет жасындағы, 1-ші және 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар, әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған адамдардың пайдасына ЖМЗЖ төлеуден босатылды. Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ-ны уақытылы және толық төлеп отыруын бақылау ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген. Қызметкерлердің жеке зейнетақы шоттарына түсетін МЗЖ-дан тағы бір ерекшелігі, ЖМЗЖ шартты зейнетақы шоттарына есептеледі және қызметкерлердің меншігі болып саналмайды. Тиісінше, ЖМЗЖ есебінен қалыптасқан жинақтарды қызметкерлер мұраға қалдыра алмайды. ЖМЗЖ зейнетақыны ортақ (таратушы) қағидаты бойынша төлеуге арналған. Сондықтан, Қазақстан азаматтығынан айырылған немесе қайтыс болған адамдар үшін төленіп келген ЖМЗЖ қалған қатысушылар арасында бөлініп, өмір бойы төленетін болады. ЖМЗЖ енгізу 1975 жылы және одан кейін туған жұмысшылардың ортақ зейнетақы алуға мүмкіндік беретін 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілінің жоқтығын немесе мүлде аз екендігін ескере отырып, осы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға бағытталған. Болашақта олардың жиынтық зейнетақысы үш құрамдауыш көзден, яғни базалық - мемлекеттен, жинақтаушы - БЖЗҚ-ға аударған міндетті зейнетақы жарналары және шартты-жинақтаушы - жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптасатын болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/915325
Премьер-министр авиация, теміржол және кеме қатынасында қажетті мамандар даярлауды, сондай-ақ ауылдық жерлерге мамандар тарту жоспарын әзірлеуді тапсырды 09.01.2025
Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын жүзеге асыру аясында көлік саласындағы, атап айтқанда, авиация, теміржол және кеме қатынасы сияқты жоғары технологиялық салалардағы кадр тапшылығы мәселелеріне назар аударылды. Көлік министрлігіне компаниялармен бірлесіп осы салалар үшін мамандар даярлаудың нақты жоспарын әзірлеу тапсырылды. Агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамыту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, ауылдағы мамандарға тартымды жағдай жасау мәселелерін белсенді түрде пысықтап, осы бағытта жаңа бағдарламаларды іске қосуы қажет. Энергетика министрлігі компаниялармен бірлесе жер қойнауын пайдаланушылармен, жұмыс берушілермен, салалық колледждермен өзара тығыз қарым-қатынас жасай отырып, жұмысшы кадрлар даярлау бойынша үлкен жұмыс жүргізу керек. Сонымен қатар кадр даярлау және қайта даярлау процесіне бизнес те белсенді атсалысуы қажет. Елімізде жұмыс беруші есебінен біліктілігін арттыруға баратын қызметкерлер үлесі тек 6%-ды құрайды. Сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 48%-ға жетеді. Осыған байланысты Премьер-министр бизнесті жұмысшы кадрлардың біліктілігін арттыруға, оларды әлеуметтік қолдауға және лайықты еңбек жағдайларын жасауға күш салуға шақырды. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/914406
Өзбекстан Республикасына халықаралық автотасымалдарды жүзеге асыратын қазақстандық тасымалдаушылардың назарына 09.01.2025
Әлеуметтік желіде Өзбекстанның аумағына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керек екендігі туралы ақпарат шығуда. 2007 жылғы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған. Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/914959
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу 09.01.2025
Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтыЖРВИ мен тұмаудың алдын алуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/914440