Enbekshi QazaQ

Қуқық

Облыс әкімі Арал ауданындағы Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты 10.01.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданындағы Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.ҚР Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігінің сәуір айындағы алқа кеңесінде бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қалалық және аудандық полиция бөліністерінде кіші жедел басқару орталықтарын қаржыландыру тапсырылған болатын.Осыған байланысты өңірдің 7 аудандық полиция бөлімінде Жедел басқару орталығын құруға облыс әкімдігінен қажетті қаражат бөлінді. Ақпараттарды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыратын, қоғамдық орындарда тәртіпті бақылайтын 77 бейнекамера, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 7 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы сатып алынған, «ЖБО 2.0» бағдарламасы да қамтамасыз етілген.Жедел басқару орталықтарындағы бейнекамералар пилоттық режимде жұмысын бастады, стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғылар мен «ЖБО 2.0» бағдарламасын іске қосу үшін мердігер мекеме тексеру жүргізуде.Аймақ басшысы орталықтың басты мақсаты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтіп, тексеруді толыққанды жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/914911
Облыс әкімі «Қамқорлық» оңалту орталығындағы жұмыс барысымен танысты 10.01.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жұмыс сапары кезінде «Қамқорлық» оңалту орталығындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бұл орталық А.Байтұрсынов ауылдық емханасының жанында, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен қайта жаңғыртылуда. Құрылысты «Жылу-ХХІ» серіктестігі жүргізуде. Жалпы ауданы 1060,7 шаршы метрлік, екі қабатты ғимарат толық жөндеуден өтуде. Орталықта Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңнан астам бала медициналық оңалтудан өтеді. Нысан биыл наурыз айында іске қосылады.Облыс әкімі жұмысқа қойылатын басты талап сапа мен мерзім екенін айтты. Жауапты басшылар жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі керек.Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 27 нысан салынды. Бұдан бөлек, 4 көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыс салу жоспарланған.Оның ішінде Шиелі ауданында 30 төсектік инфекциялық бөлімше, Шиелі көпбейінді ауруханасының қосымша құрылысы басталды. Қалған қосымша құрылыстарды биыл бастау жоспарға қойылған. 2022 жылы облыстық балалар ауруханасы базасында «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларының қолдауымен "Қамқорлық" оңалту орталығы жұмысын бастады. Мұндай орталық тамыз айында республикада алғашқы болып аудандық аурухана деңгейінде Жаңақорған ауданында ашылды.Орталықта заманауи, сапалы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жағдай жасалған. Онда Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы 1,5 мыңнан астам бала ем алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/914915
Жұмысшы мамандықтарының жылы: қазақстандық мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады 10.01.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітті, оған қоса Министрлік кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасын бекітті. Іс-шаралар жоспары 7 бағыт пен 70 қадамды құрайды, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, Жаңа мамандықтар атласын әзірлеу, кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасын жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, кәсіби білікті кадрлар даярлау, сапалы жұмыс орындарын құру, жұмысшы кадрлардың құқықтарын қорғау, және мәртебесін көтеру қамтылған. Кәсіпорындармен бірлесіп мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады. «Кәсіптік бағдар берудің реформасы оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушылар толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. Бүгінде елімізде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда жарты миллионнан астам студент оқиды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынға ұлғайды, ал студенттердің стипендиясы екі есеге өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/914263
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғаяды 10.01.2025
ҚР Үкіметінің отырысында Ғани Бейсембаев жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.Оның айтуынша, мемлекет колледждерді қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады. Қазіргі уақытта бір студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, келесі оқу жылынан бастап нақты көрсеткіштерге жеткен колледждер үшін ол 2 еседен артыққа өсіп, орташа есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.«Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау және педагогтердің біліктілігін арттыру біз үшін басты басымдық», – деді оқу-ағарту министрі.Дуальды оқыту жүйесін дамыту және кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы негізінде мамандар даярлау үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторларды белсенді түрде тарту жоспарлануда. Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда, кәсіптік стандарттардың, МЖМБС және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл колледждер мен жұмыс берушілер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын дайындайды, сондай-ақ өндірістік базада 1,5 мың педагогтің тағылымдамадан өтуі жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/914274
Қазақстанның 10 колледжі халықаралық тәжірибе үшін есігін айқара ашады – Ғани Бейсембаев кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау туралы 10.01.2025
ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу арқылы еліміздің 10 колледжін интернационализациялау туралы айтты.Шетелдік колледждермен тәжірибе алмасу педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлық шеңберінде өз білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік береді.Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылады.«Орталық студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру және WorldSkills чемпионаттарын өткізу базасына айналады», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.Жұмысшы мамандықтар жылындағы маңызды шаралардың бірі - биылғы жылы Ақтау қаласында түркітілдес елдер арасында Turkiskills – 2025 алғашқы кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/914283
Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен танысты 10.01.2025
EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе елімізде қолға алынған реформалар мен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру ісіне үлес қосуды көздейді. Жоғары билік органы жанындағы мұндай құрылымдар әлемнің бірқатар елінде бар. Мәселен, Ұлыбританияда Премьер-министрдің жобалық кеңсесі (Prime Minister`s Delivery Unit), Малайзияда PEMANDU, Біріккен Араб Әмірліктерінде Акселерация кеңсесі қызмет көрсетеді. Жобалық кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады. Президентке фискалдық орнықтылықты арттыруға арналған платформалық шешімдер енгізу, Маңғыстау облысын өркендету, адами капиталды қалыптастыру және дамыту секілді стратегиялық маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды. Бұдан бөлек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік-логистика, денсаулық сақтау, білім беру және ағарту ісі, энергетика, су, өнеркәсіп және құрылыс, цифрлық, инновациялық әрі өңірлік даму секілді бағыттармен шұғылданатын ведомствоаралық командаларды жасақтады. Бұл нақты саладағы белгілі бір міндетке баса назар аударып, анағұрлым жылдам әрі сапалы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/915409
2024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді 10.01.2025
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2024 жылы 642 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 263 мың адам пайдаланды.Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/915290
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс саласында кадрлық әлеуетті дамыту 10.01.2025
39 мыңнан астам адам – бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға деген қажеттілік. Бұл деректерді министр Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты.Оның айтуынша, ең үлкен тапшылық құрылыс пен сумен жабдықтауда (17 мыңнан астам маман қажет), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде (6,8 мың), металлургияда және тау-кен өндірісінде (4,6 мың) байқалады.Аталған мәселені шешу үшін Жаңа мамандықтар атласына 75 жаңа мамандық енгізілді. Мысалы, роботтандырылған тау-кен техникасының операторы, виртуалды прототиптеу жөніндегі маман және «Ақылды үй» жобалаушысы. Бизнес-процестерді автоматтандыру үдерісінде 40-тан астам мамандық түрлендірілді.Биыл индустрияландыру картасының 190 жобасы шеңберінде машина жасауда 8 жаңа мамандық пайда болады: 3D-басып шығару және дәнекерлеу жөніндегі инженер, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы және басқалары бар. Олар Алматы мен Қостанайдағы негізгі өндірістік жобаларда жұмыс істейтін болады.336 кәсіпті қамтитын сегіз салада жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, 60 кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде.Өнеркәсіп саласында дуальды оқытуды пайдалана отырып, кадр даярлау 284 колледжде жүргізіледі, 700-ден астам кәсіпорын жұмылдырылған. Шарттар мен меморандумдар шеңберінде олар 30-дан астам білім беру бағдарламасын іске асыруда. Жыл сайын 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.Геолог мамандығын дәріптеу мақсатында «Жас геолог» қоғамдық қоры құрылды, «Еңбек сіңірген геолог» наградасы ведомстволықтан мемлекеттік мәртебеге қайта ауыстырылды. Құрылыс саласында да жұмыс жүргізілуде.2019 жылдан бастап Отбасы банкі жұмысшыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік бағдарламаны іске асыруда. Соңғы 2 жылда кәсіпорындардың 122 қызметкері пәтер кілтіне ие болды. Ауылдан кадрлардың кетуін азайту үшін өз қызметкерлеріне тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындары субсидияланады. Сонымен қатар 400-ден астам маман «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» және BI University біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Өткен жылы WorldSkills Kazakhstan чемпионатында 108 жеңімпаз еліміздің жетекші компанияларынан жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар алды.Ақпарат https://primeminister.kz/ сайтынан алынғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/914423
Астанада Талғат Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицей жөнделеді 10.01.2025
«Мемсараптама» РМК Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицей ғимаратын күрделі жөндеу жобасы бойынша оң қорытынды берді.Мектеп Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Желтоқсан 9 көшесінде орналасқан.Жобаның паспортына сәйкес, жалпы ауданы 9325,5 м2 мектеп 2001 жылы салынған. Жұмыс жобасында үй-жайларды қайта жоспарлауды орындау, ғимараттардың сыртқы және ішкі әрлеуін, еден конструкцияларын, есік блоктарын ауыстыру көзделген. Сонымен қатар, шатырды ауыстыру, жаңа автоматты өрт дабылын беру, электрмен жабдықтау, электр жарығы, жылыту, су құбыры және кәріз жүйелерін ауыстыру, сондай-ақ желдету жүйесін қарастыру жоспарлануда.Сонымен қатар, жұмыс жобасы аясында интернет, телефондандыру және цифрлық бақылау және қол жеткізуді басқару жүйелерін орнату қарастырылған.Тапсырыс беруші Астана қаласы әкімдігінің «Талғат Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицейі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Бас жобалаушы - "КостСтандарт"ЖШС болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/915313
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады 10.01.2025
Ірі теміржол вагондарын шығаратын компаниялар өндіріс көлемімен және берік келісім-шарттарымен локализацияны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Осындай пікірді бүгін елорданың индустриалды аймағында өткен теміржол құрылысын локализациялауды арттыруға арналған форумға қатысушылар білдірді. Сонымен қатар қатысушылар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамытудың алдағы жоспарларын көрсететін тиісті Жол картасын әзірлеуді ұсынды.Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отандық темір жол машина жасау өндірісін оқшаулау деңгейін арттыру мәселелеріне арналған жиында сөз сөйледі. Кездесу Астана қаласының индустриялық аумағындағы «Электровоз құрастыру зауытында» өтті.«Сектор Қазақстандағы машина жасау саласының шамамен 13%-ын құрайды. Өндіріс көлемі жарты триллион теңгеден асады. Салада 8,4 мың адам жұмыс істейтін 59 кәсіпорын бар», – деді Министр.Қанат Шарлапаев 2024 жылы отандық зауыттар Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш болып табылатын 124 локомотив пен 2 155-ке жуық түрлі вагон шығарғанын атап өтті. Соңғы жылдары бизнес теміржол машинасын жаңғыртуға және дамытуға белсенді түрде инвестиция салуда. Ең үлкен қадамдардың бірі вагондар мен оның бөлшектерін шығаратын жаңа зауыттар құру және жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғырту болды.Жалпы, 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жылжымалы құрам өндірісінің көлемі 5,1 есеге, оның ішінде вагондар мен платформалар – 6,5 есеге, жол жөндеуге арналған құралдар – 4,9 есеге, локомотивтер – 12,4 пайызға, цилиндрлік роликті мойынтіректерді өндіру көлемі 49,7%-ға, доңғалақтар мен беріліс – 5,2 есе ұлғайды.Іс-шарада сондай-ақ ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы А.Панбаев, ҚР Көлік министрлігі Темір жол және су көлігі комитетінің төрағасы Ж.Тайжанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директоры Б.Орынбасаров, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқармасы орынбасары Е.Мақанов сөз сөйледі.Одан бөлек, шара барысында «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС (Alstom), «Локомотив құрылыс зауыты» АҚ (Wabtec), «Штадлер Қазақстан» ЖШС, «Қазақстан вагон өндіруші компаниясы» ЖШС және «ЗИКСТО» ЖШС кәсіпорындары қызметтерінің таныстырылымын өткізді. Сондай-ақ «Востокмашзавод» АҚ, Қостанай пружина зауыты және «Qarmet» АҚ өкілдері сөйледі.«14 жыл ішінде біз өндірістік және адамдық әлеуетімізді арттырып келеміз. Бүгінгі таңда бізде 1 200 білікті қызметкер жұмыс істейді, олардың барлық қызметі электровоздың өзінің жоғары сапалы бөлшектері мен тораптарын шығаруға ғана емес, сонымен қатар локомотивтер мен электровоздар талаптарға толық сәйкес келетіндей етіп локомотивтерге қызмет көрсетуге және техникалық қызмет көрсетуге бағытталған», – деді Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жером Бойе.Одан әрі «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ өндірістік жетекшісі Нұрлыбек Ахметов өз сөзінде қазіргі уақытта зауыттың өнім желісінде магистральдық жүк, жолаушылар және т.б. локомотивтер барын атап өтті. Бұдан кейін ол компанияда 800-ге жуық адам жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ, «Штадлер Қазақстан» ЖШС директоры Владимир Русак компания арбалар, вагон дәнекерлеу, соның ішінде электрлік басқару жүйелерін шығаруды жоспарлап отырғанын баса айтты. Одан бөлек, кәсіпорын тек жергілікті құрамдас жеткізушілермен жұмыс істеу жоспарлануда.Өз кезегінде «Атырау жүк вагондарын жасау зауыты» ЖШС Texol компаниялар тобының негізін қалаушы Шота Абхазов «Ірі теміржол вагондарын шығаратын компаниялардың өндіріс көлемі мен нақты келісім-шарттары локализацияны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өткен.«Қазіргі уақытта біз тек үйінді жүктерді тасымалдауға арналған әмбебап жартылай вагондарды шығарамыз. Модельдер қазіргі уақытта сұранысқа ие. Теміржол көлігінің шамамен 60%-ы осы вагон түрінде жүзеге асырылады. Зауыттың қуаттылығы 3000 жартылай вагонға жетеді», – деді «SMP Group» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Талғат Лесов.«Railways Systems KZ» ЖШС коммерциялық директоры Павел Рудовский қазіргі таңда шығарылып жатқан өнімдермен қоса 2028 жылға қарай енгізілуге жоспарланып отырған қуаттылығы 1 000 000 т.г. құрайтын электрометаллургиялық зауыт құрылысының жобасы туралы айтты. Зауыт дөңгелек және төртбұрышты дайындамаларды, швеллерлерді, қоставрлы арқалық, вагон тірек профильдері және т.б. шығаратын болады.Одан кейін «Пружина» ғылыми-өндірістік компаниясы» ЖШС атқарушы директоры Сергей Усенко компанияның қаңтар айында сериялық өнім шығара бастағанын және локомотивтер мен вагон өндірушілерімен бірлесіп, қазақстандықтарға қажетті өнімді шығаруға дайын екенін атап өтті.Темір жол машина жасау саласын одан әрі дамыту және жаңғырту үшін Министрлік жаңа технологияларды инвестициялау және өндірісті оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл импортқа тәуелділікті азайтады. Жылжымалы құрамның жаңа түрлерін дамыту бойынша да шаралар қабылдануда. Жаңа үлгідегі локомотивтер мен вагондарды, соның ішінде электровоздар мен заманауи энергия тиімділігі мен қауіпсіздік талаптарына жауап беретін экологиялық таза көліктерді шығару жоспарлануда. Экспортты ұлғайту стратегиясы аясында Қазақстанда серіктестікті дамыту арқылы өзінің экспорттық әлеуетті нығайту қажет. Бұл экспорттық жеткізілімдерді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар отандық кәсіпорындарды халықаралық жеткізу тізбегіне біріктіруге мүмкіндік береді.Қазақстандық вагон зауыттары қалқымалы вагондарға, борттық вагондарға және рефрижераторлық вагондарға, ал 2027 жылдан бастап жабық вагондар мен мұнай цистерналарына деген қажеттілікті өтеуге дайын екенін ескеру қажет. Вагон құрылысы саласын дамыту бойынша ұсыныстарды іске асыру арқылы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері артады, жүк вагондарының отандық паркін жаңарту үшін отандық машина жасау кластерін дамытуға жаңа серпін және жеке меншік иелері-операторлар үшін қолайлы жағдайлар пайда болады.Форум соңында қатысушылар әрбір ірі негізгі кәсіпорынның жоспарын ескере отырып, Темір жол машина жасауда оқшаулауды дамытудың жол картасын әзірлеуді ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/915471
В Уральске завершена реконструкция канализационно-насосной станции, которая обслуживает более 200 тысяч жителей 09.01.2025
В рамках поручения Главы государства в Западно-Казахстанской области ведется активная работа по модернизации важных объектов ЖКХ. В Уральске завершена реконструкция канализационно-насосной станции №2.КНС предназначена для перекачки и сброса санитарно-бытовых и близких по составу производственных невзрывоопасных сточных вод от жилых районов центральной части города Уральска.Коммунальный объект обеспечит стабильное водоотведение для 226 700 жителей и 139 социальных объектов города.КНС была построена в 1966 году. До сегодняшнего дня она находилась в изношенном и аварийном состоянии.Работы по реконструкции проводились 1,5 года. За счет средств республиканского и местного бюджетов выполнены соответствующие мероприятия.В рамках проекта установлены:5 насосов;3 дробилки;система воздухоочистки;бытовые комнаты для сотрудников;операторская с видеонаблюдением;дизельная станция и другие необходимые объекты инфраструктуры.Аким Западно-Казахстанской области Нариман Турегалиев отметил, что в регионе, в соответствии с поручением Главы государства, проводится масштабная работа по модернизации коммунальной сферы.«С начала 2023 года мы начали работу по реконструкции коммунальных объектов. Завершили ремонт КНС №19, №3 и №2 в Уральске. В этом году завершаем ремонт станций №18 и №21. Работа по модернизации КНС №29 начнется в ближайшее время. Мы реализуем шесть проектов по обновлению канализационных систем города и решению проблем с питьевой водой. Одним словом, вопрос обеспечения питьевой водой и модернизации канализационной системы будет полностью решен в ближайшие год-два», — подчеркнул аким области Нариман Турегалиев.Сотрудники ТОО «Батыс Су Арнасы» выразили благодарность за проведенные работы.«Раньше все установки здесь были старыми. Теперь мы будем работать в обновленном здании. Очень рады. В городе активно ведется работа по модернизации коммунальной сферы. Благодарим Главу государства за внимание, которое он уделяет регионам», — отметил сотрудник ТОО «Батыс Су Арнасы» Олег Белов.Данная КНС окажет положительное влияние на социально-экономическое развитие г. Уральск и будет способствовать развитию региона. Пресс-служба акимата ЗКОАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/914900
Таза Қазастан: БҚО-да экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары жалғасуда 09.01.2025
Батыс Қазақстан облысында «Сервис және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК базасында өткен жылы колледжде «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру қорытындысын шығару және түсіндіру бойынша іс-шара өткізіледі, сондай-ақ 2025 жылға арналған бастама жоспарлары талқыланды.Мемлекет басшысы 2025 жылғы 3 қаңтардағы сұхбатында Бұл бағдарламаны іске асыру барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, әсіресе жергілікті атқарушы органдар тарапынан жауапкершілікті талап ететін ұлттық идеологияның маңызды бөлігі болуға тиіс екенін атап өтті.Бұл бағдарламаны іске асыруда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, патриотизмге тәрбиелеу, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологияны сақтау болып табылатын құрал ретінде білім беру ұйымдары маңызды рөл атқарады.«Таза Қазақстан» бағдарламасында экологиялық мәдениетті дамытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қамтитын кешенді тәсіл көзделген. Негізгі бағыттарға экологиялық ойлауды, жауапкершілікті қалыптастыру, оның ішінде жастарды ынталандыру, экологиялық білім беру және ақпараттандыру шаралары кіреді.Колледж қабырғасында бағдарламаны іске асыру студенттердің экология туралы хабардарлығы мен білімін арттыруға, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және олардың экологиялық бастамаларға қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді.Іс-шара барысында Сервис және жаңа технологиялар колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Б.М. Беркалиеваның есебі, сондай-ақ колледждің студенттік «Жастар рухы» бөлімінің басшысы, бірінші курс студенті Азиза Матякупова тыңдалды. Іс-шараға колледж ұжымы мен белсенді студенттері қатысты.«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша өз жұмысында Сервис және жаңа технологиялар колледжі «Біздің Жайық – біздің Орал» экологиялық қозғалысы» қоғамдық бірлестігімен тығыз ынтымақтастықты қолдайды және олардың бастамаларына жиі қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/915369
Асфальтобетонды сынақтан өткізу кезінде нормаларды бұзғаны үшін Қарағанды зертханасына айыппұл салынып, аккредитация куәлігі тоқтатылды 09.01.2025
Қарағанды облысындағы зертхана асфальтобетон қоспасынан жасалған керн материалдарын сынау бойынша хаттамаларды аккредитациялық нормаларды бұза отырып шығарған. Бұл бұзушылық Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті департаменті қызметкерлері жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында анықталды.Сот шешімі бойынша зертханаға 801 164 теңге көлемінде айыппұл салынып, «Құрылыс және жол материалдары» саласында аккредитация куәлігі 6 айға тоқтатылды. Сынақ хаттамаларының күші жойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/915219
Мемлекет басшысы ЕАЭО мен Сингапур арасындағы келісімдерді ратификациялау туралы заңға қол қойды 09.01.2025
Мемлекет басшысы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/915601
ТЖ министрлігінде үздік аумақтық мемлекеттік өртті бақылау бөлімшесі анықталды 09.01.2025
ТЖ министрлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлардың кәсіби шеберлігін арттыру және жұмысын ынталандыру мақсатында жыл сайынғы «Үздік мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау басқармасы» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды. Аумақтық бөлімшелердің жұмысы бақыланатын объектілерді есепке алуды ұйымдастыру, профилактикалық бақылауды орындау, әкімшілік практика көрсеткіштері және инспектор жұмысының басқа да негізгі критерийлері бойынша бағаланды. 2024 жыл қорытындысы бойынша Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы үздік деп танылды. Негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін екінші орынды Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы иеленді. Жеңімпаздарға марапаттарды Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев табыстады. «Әрбір инспектордың өрт қауіпсіздігі мәселелеріндегі құзыреттілігі, эрудициясы мен принциптілігі өрттердің санын азайтуға көмектеседі. Жеңімпаздарды құттықтаймын және кәсіби қызметте одан әрі табыс тілеймін», - деп вице-министр атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/914710
Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді 09.01.2025
Астанада 11-12 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/915052
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты 09.01.2025
Жаңа жыл қарсаңында Алматының медициналық жедел жәрдем қызметінің автопаркі JAC Sunray маркалы 48 заманауи автокөлік алды. Оның 12-сі «С» класты және 36-сы «В» класты көлік.Жаңа көліктер реанимациялық құрылғылар, дефибрилляторлар, электрокардиографтар, өкпені жасанды желдету аппараттары және т.б. құралдар сынды әлемдік брендтердің заманауи медициналық жабдықтарымен жабдықталған. Бұл медициналық жедел жәрдемді жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.Автопарк Алматы қаласы әкімдігінің және Қоғамдық денсаулық басқармасының қаржыландыруы арқасында жаңарды. Келесі жылы тағы 50 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарланған.Күн сайын 186 бригада кезекшілік атқарып, 3 мыңнан астам шақыртуға жауап қызмет көрсетеді.2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 990 мыңнан астам шақыру орындалды. Бірінші және үшінші санаттағы шақыруларға жету уақыты орта есеппен 12,6 минут, бұл ұлттық стандарттарға сәйкес келеді. Осы кезеңде 142 сәтті реанимация жасалды.Бүгінде Алматы қаласының жедел жәрдем қызметі қаланың әр ауданында орналасқан 13 қосалқы станциядан тұрады, бұл шақыруларға жылдам жауап беруді қамтамасыз етеді. 2024 жылдың жазында Алтай-1 шағын ауданында жаңа қосалқы станция ашылды, бұл жедел көмек көрсету қызметін одан әрі қолжетімді етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/915163
Астанада алдағы демалыста жаппай жүгіру іс-шарасы өтеді 09.01.2025
Астанада 11 қаңтар күні жаппай жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Өтетін орны – Ботаникалық саябақ. Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 км. Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сол күні күні сағат 08:30-10:00-ге дейін өтеді.Жарыстың басталуы сағат 10:00-де. Финиш сызығында қатысушылардың бәріне естелік медальдар беріледі.Жаппай жүгіруге кез келген адам қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/914418
Астанада қала көшелерінің қарын күреуге 2600 жол жұмысшы шықты 09.01.2025
Астанада коммуналдық қызметкерлер қар күреу бойынша тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Жол жұмысшылары бір түнде қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 8 қаңтар күні күндізгі ауысымға қала көшелерінің қарын күреуге 2600 жол жұмысшы мен 1694 арнайы техника шықты. Олардың күшімен қаладан 34713 текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 194 723 рейспен 2 533 794 текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/914532