Қуқық
Қызмет бабында қаза тапқан полицей III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды 15.01.2025
Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Алматы облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы Шалхар Байжомартов «Айбын» ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысы полиция департаментіне жұмыс сапары барысында табыстады. Ол отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігі мен қызметіне адалдығын атап өтті. – Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді, – деді Айдар Сайтбеков. Қайғылы оқиға өткен жылдың 20 желтоқсанында болды. Жол-көлік оқиғасын тіркеу кезінде көліктердің бірі тізгінге ие бола алмай, полицейді қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды. – Полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартов мәңгілікке өз қызметіне адал, ерлікке толы офицер ретінде есте қалады. Оның ерлігі – азаматтардың қауіпсіздігі үшін күнделікті тәуекелге бел буатын полиция қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын еске салатын үлгі, – деп түйіндеді А. Сайтбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/917687
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында Әскери кеңес отырысы өтті 15.01.2025
Астанада Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың төрағалығымен ІІМ Ұлттық ұланының Әскери кеңесінің отырысы өтті. Жиынға өзара іс-қимыл жасайтын органдардың басшылары мен әскери бөлімдердің командалық құрамы қатысты.Отырыс барысында өткен жылғы қызметтік және жауынгерлік жұмыс нәтижесі қаралды. Министр Ұлттық ұланның ведомство жүйесіндегі маңызды рөлін атап өтіп, елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде жауапты міндет атқаратынын тілге тиек етті.– Ұлттық ұлан жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындады. Оның ішінде су тасқынының салдарын жоюда да үлкен жұмыс атқарды. Былтыр Мемлекет басшысы ведомстволық авиациялық базаны ашты. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету де жоспарлы түрде жақсарып келеді, – деді полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов.Баяндамамен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары, Бас штаб бастығы генерал-майор Қайрат Ақтанов сөз сөйледі. Ол әскери қызметшілердің бірлескен жаттығулар мен басқа да оқу-жаттығуларға қатысуы, маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар кезінде құқық тәртібін қамтамасыз етуі, патрульдік-бекеттік қызметті орындауы, құқық бұзушылықтардың алдын алуы, арнайы мақсаттағы бөліністердің жауынгерлік әлеуетін арттыру мәселесі жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.Сонымен қатар өңірлік қолбасшылықтардың командирлерінің есептері тыңдалды.Әскери кеңес отырысының қорытындысын шығара отырып, министр әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктілігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.Өз кезегінде Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Ансаған Балтабеков барлық тапсырмалар толық көлемде орындалатынына сенім білдірді.Іс-шара соңында полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов ардагерлер мен жеке құрамды Ұлттық ұлан күнімен құттықтап, қызметтік және жауынгерлік міндеттерді орындауда табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/917176
2024 жылы ІІМ криминалистері 50 мыңнан астам тексеру жүргізді 15.01.2025
Өткен жылы Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистік бөліністері оқиға орындарында 50 мыңға жуық тексеру жүргізді. Бұл тергеу үшін «құнды» дәлелдемелер жинауға мүмкіндік берді.41,4 мың тексеруден іздер мен басқа да заттай айғақтар алынды. Сонымен қатар 43 мыңнан астам сараптама жүргізіліп, олар қылмыстарды ашуда маңызды рөл атқарды.Криминалистикалық тіркеу нәтижесінде 10,5 мың оң нәтиже анықталып, бұл тергеудің жеделдетілуіне және қылмыскерлердің әшкереленуіне септігін тигізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/917200
Ішкі істер министрінің орынбасары Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барды 15.01.2025
Ішкі істер министрінің орынбасары Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барды.Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Сапар барысында ол облыс активі мен полиция департаментінің жеке құрамына өңірдің жаңа полиция бастығын таныстырды.Сәкен Сәрсенов жаңа басшыны таныстырды.– Серік Ергешов ішкі істер органдарында 2000 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Әр жылдары жауапты басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Бұған дейін ол Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметінде болған, – деп атап өтті.Облыс активінің жиналысы барысында СәкентСәрсенов өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаевқа ҚР Ішкі істер министрінің «Алғыс хатын» табыстады.Сонымен қатар жұмыс сапары аясында министрдің орынбасары облыстық полиция департаменті басшылығы мен жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өткізді. Кеңесте Ішкі істер министрі жариялаған 2025 жыл – «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп белгіленгенін айтып, осы бағыттағы негізгі міндеттерді түсіндірді. Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шараларды күшейту және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру қажеттігі айтылды. Жеке құрамға қойылған талаптар мен нақты тапсырмалар жеткізіліп, жұмыс тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.Министрдің орынбасары кеңестен кейін қылмыстың алдын алу мен оларды ашуда заманауи технологияларды қолдану мәселесіне назар аударды. Ол облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, орталықтың озық техникалармен жабдықталғанын және қызметкерлердің нәтижелі еңбегін жоғары бағалады.Айта кетейік, Қызылорда облысы республикада алғаш болып барлық аудандық полиция бөлімдерінде жедел басқару орталықтарын іске қосты. Бұл жоба Ішкі істер министрінің бастамасымен және облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асырылды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 7 ауданға жалпы саны 588 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде әр ауданда 77 камера және 7 жылдамдық өлшегіш құрал жұмыс істеп тұр.Өткен жылы бейнебақылау жүйесінің көмегімен 138 қылмыс ашылып, 50 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.Жұмыс сапары барысында Сәкен Сәрсенов Шиелі ауданы мен Байқоңыр қаласында да болып, жергілікті полиция бөлімдерінің қызметімен, материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Жеке құраммен кездесіп, Мемлекет басшысының ішкі істер органдарына қойған міндеттері мен талаптарына тоқталды. Ол қоғамдық тәртіпті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, халықтың полицияға деген сенімін арттыру және қызметкерлердің заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтауы қажеттігін ерекше атап өтті.Бұл сапар құқық қорғау органдары қызметінің сапасын арттыруға және заманауи технологияларды тиімді пайдалануға серпін беретін маңызды шаралардың бірі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/917214
ІІМ-де Интерпол Штаб-пәтерінің өкілдерімен кездесу өтті 15.01.2025
Астана қаласында ІІМ қызметтері басшыларының Интерпол Бас хатшылығының өкілдерімен кездесуі өтті.Кездесудің мақсаты – Қазақстан ІІМ мен Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерпол арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыта түсу, сондай-ақ жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша өзара белсенді іс-әрекеттерді нығайту.Шетелдік әріптестермен кездесу барысында ұйыммен екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі мәселелері, халықаралық іздестіру, трансұлттық қылмысқа, терроризмге, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды одан әрі нығайту перспективалары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқыту мен біліктіліктігін арттыру және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.Қазақстандық Интерпол ҰОБ-ның бастығы Мерей Мақұлжан Ұйымның халықаралық дерекқорларын ІІМ ақпараттық дерекқорларымен интеграциялау және оларды Қазақстан полициясы қызметкерлерінің күнделікті қызметте қолдануы тәжірибесіне назар аударды.Шетелдік әріптестер Қазақстан Интерполы ҰОБ-ның Бас Хатшылықпен және жоғары деңгейдегі қылмыстық полиция ұйымына қатысушы барлық елдермен өзара белсенді іс-қимылдарына арнайы тоқталды.Кездесу соңында Интерпол штабының өкілдері қазақстандық әріптестеріне тиімді ынтымақтастыққа бағытталған бастамаларын белсенді қолдағаны үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/917585
ТӨЛЕБИЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ 15.01.2025
Төлеби ауданы мен Шымкент қаласының шекарасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезекшілігінде жүрген қызметкерлер жергілікті азаматтан көше бойында кәмелет жасқа толмаған қыздың есінен танып қалғанын байқап, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дереу қалалық ауруханаға жеткізіп беруін сұранған.Хабарламаны қабылдаған полиция қызметкерлері, полиция аға лейтенанты Асылбек Мырзахметов, полиция капитандары Абзал Рахматуллаев және Мадияр Сенгирбаев жасөспірім қызды шұғыл түрде ауруханаға жеткізу жұмыстарын атқарды. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан жасөспірімді жедел ауруханаға жеткізу мақсатында жол қозғалысын реттеп, арнайы көліктің кедергісіз жылжуын қамтамасыз етсе, Мырзахметов басқарған көліктің ішінде Рахматуллаев ауруханаға дейін алғашқы медициналық көмек көрсетіп отырды. Қысқа уақытта жасөспірім қыз ауруханаға жеткізіліп, қажетті емдік шараларын қабылдадыӘкесі қызына көмек көрсетуге септігін тигізген Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің кәсіби әрекеттеріне алғысын білдірді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/917679
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ ШАҚЫРТУ АЛДЫ 15.01.2025
Түркістан қаласында орналасқан химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бітіруші түлектері үлкен жетістіктерге жетуде. Нақтырақ айтқанда, 12 «К» сыныбының оқушылары – Гайдаенко Алихан мен Каримжанова Дильнура әлемдік университеттердің QS рейтингісінде топ 50-ге кіретін беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды.Гайдаенко Алихан Канаданың Ванкувер қаласында орналасқан Британдық Колумбия университетіне (UBC) қабылданды. Бұл білім ордасы – Канададағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі, білім беру мен зерттеулер саласындағы көшбасшы. UBC ғылым мен технология саласында білікті мамандар дайындайды.Ал, Каримжанова Дильнура Азияның үздік университеттерінің бірі – Гонконг политехникалық университетінен (PolyU) шақырту алды. PolyU – әлемге танымал инновация және технология орталығы. Бұл оқу орны болашақ мамандарды заманауи ғылым мен өнеркәсіптің ең озық талаптарына сай дайындайды.Айта кетейік, биыл Түркістан NIS-те алғашқы бітірушілер мектептен түлеп ұшпақ. Қазіргі таңда оқушылар сыртқы жиынтық бағалау емтихандары мен жоғары оқу орындарына түсу рәсімдеріне қызу дайындық үстінде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/917681
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 15.01.2025
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастық нысанындағы бірлестіктің президенті Инара Намазбаевамен кездесті.Кездесуде үкіметтік емес ұйымның өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстары талқыланып, алдағы жоспарлары мен маңызды жобалары сараланды. Сонымен қоса, Конститутция күніне орай XII Азаматтық форумын ұйымдастыру және алдағы уақытта жұмыс қарқынын күшейту мәселелері көтерілді.Облыс әкімінің орынбасары іс-шараларды креативті өткізуді қолға алып, жоғары деңгейде және тұрақты ұйымдастыру қажеттігін айтып, бұл саланы дамыту басты назарда екенін атап өтті. Іс-шараларды есеп үшін емес, қоғамға пайдалы етіп, жастар үлгі алып, ой түйетіндей деңгейде өткізу маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар осы салада креативті ұсыныстарға ашық екендігін жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/917683
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ ТУРИСТІК НЫСАННЫҢ ҒИМАРАТЫ КЕҢЕЙТІЛІП, ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ 15.01.2025
Түлкібас ауданын дамытудың негізгі бағдарламасының бөлігі болып табылатын "Түлкібас саясат" шипажайының екінші ғимаратында құрылыс толығымен аяқталды. Аудан әкімі Асқар Естібаев нысанға жауапты мамандармен барып, оның қазіргі жағдайымен танысты. Бастапқыда 86 орынмен қамтамасыз етілген 2021 жылы ашылған сауықтыру кешені қазір сыйымдылығын 180 орынға дейін арттырды.Жоба екі кезеңде іске асырылды және оның жалпы құны 420 млн теңгені құрады. Осы сомадан 170 млн теңге мемлекеттік қолдау арқылы жеңілдетілген несие түрінде алынды, ал қалған бөлігі өз қаражаты есебінен қаржыландырылды. Бүгінгі таңда мұнда 50 қызметкер жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/917779
Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ту ұстаушыларының есімдері белгілі болды 15.01.2025
Қазақстан құрамасы Қытайдағы IX қысқы Азия ойындарының 10 жарыс тәртібі бойынша барлық алты спорт түріне қатысады. Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов алдағы бәсекеге команданың дайындығы туралы айтып берді.Оның айтуынша, команданың құрамы бекітілді. Азия ойындарына 138 спортшы аттанады. Олар 51 медаль жиынтығы үшін күресуі керек. Биатлоншыларға, шаңғышыларға, конькимен жүгірушілерге, сондай-ақ қазіргі Азия чемпиондары болып саналатын хоккейшілерге үлкен үміт артылады.IX қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-тректің өкілі Ольга Тихонова ту ұстайды.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917540
Олжас Бектенов: спорт нысандары қарапайым халыққа қолжетімді болуы керек 15.01.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қысқы IX Азия ойындарына дайындық барысы қаралды. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндама жасады.Премьер-министр ірі спорттық іс-шаралар өткізу халықтың қысқы спорт түрлерімен айналысуға деген қызығушылығын арттыра түсетінін, сондай-ақ туризмге тың серпін беретінін атап өтті. Бұл ретте қазақстандықтар үшін спорт инфрақұрылымы қолжетімділігінің маңыздылығы атап өтілді.«Барлық спорт объектілері қалың көпшілікке қолжетімді болып қалуға тиіс. Бұл спортпен шұғылданушылар санын арттырып, осы нысандар айналасында бизнестің дамуына жол ашады. Әкімдіктер мен кәсіпкерлер аталған бағытта белсенді жұмыс істеуі керек», — деді Олжас Бектенов.Сонымен қатар Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп инвесторлар тартып, спорт инфрақұрылымын салу үшін қолайлы жағдай жасау, оның ішінде Алматымен қатар Алматы облысында, Шығыс Қазақстанда және басқа аймақтарда жаңадан тау шаңғысы трассаларын жасау жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бүгінде ең танымал қысқы демалыс орындарының бірі – Шымбұлақтың тәуліктің жүктемесі жобалық қуатынан асып түсті. 2024 жылы келушілер саны 1,5 млн-нан асты. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917548
Үкіметте қысқы IX Азия ойындарына дайындық шаралары қаралды. Премьер-министр: Бәріміз қазақ спортының бәсекеге қабілеттіболуы үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға тиіспіз 15.01.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында олимпиадалық стандарттарға бағдарланған тиімді дайындық бағдарламаларын құру бойынша қарқынды жұмыс қажет екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы жоғары жетістіктер спортына қатысты нақты міндеттер қойды. Бұл ретте спорт түрлерін таңдау ғылыми тұрғыда негізделіп, елімізге тән ерекшеліктерге сүйене отырып жасалуы керек. Аталған мәселенің шешімі спорт федерацияларының қызметін, олардың халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі жұмысын да реттеуге тиіс. Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт мектептері мен секцияларын құру және қолдау жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Спорттық медицинаны дамыту жұмысын жандандыру керек. Бәріміз қазақ спортының бәсекеге қабілетті болуы үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға тиіспіз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Жалпы еліміз бойынша Мемлекет басшысы тапсырмасымен салауатты өмір салтын дамытып, халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту үшін кешенді шаралар қабылдануда. Республика бойынша 5 жыл ішінде 215 дене шынықтыру кешені, 17 жүзу бассейні, 57 спорт манежі және 1,5 мыңнан астам спорт алаңы салынды. Жеке инвесторлар есебінен 92 жоба іске асырылды.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917553
Премьер-министр қысқы IX Азия ойындарына дайындық бойынша бірқатар тапсырма берді 15.01.2025
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді.Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктер, барлық мүдделі ұйым мен компанияларға – Қазақстан құрамасының Қытайда сәтті нәтиже көрсету үшін спортшыларымызға барлық жағдай жасау тапсырылды. Сыртқы істер министрлігіне ұлттық құрамаға дипломатиялық желі бойынша тиісті қолдау көрсету міндеті қойылды. Мәдениет және ақпарат министрлігіне қазақстандық спортшылар қатысатын Азия ойындарының үздіксіз әрі сапалы көрсетілімін қамтамасыз ету тапсырылды.Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен, Ұлттық Олимпиада комитеттерімен, федерациялармен бірлесіп, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын барынша күшейтуі қажет. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917555
Олжас Бектенов Қазақстан ұлттық құрамасы спортшыларына Харбинде өтетін қысқы IX Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектестік білдірді 15.01.2025
Үкімет отырысында Премьер-министр көрнекті олимпиада спортшыларының сіңірген еңбегі мен жетістіктерін атап өтіп, ұлттық құрама мүшелеріне Харбинде өтетін қысқы IX Азия ойындарында табысты өнер көрсетулеріне тілектестік білдірді.«Біздің ұлттық құрама алдағы Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп, қазақстандықтарға нағыз спорт мерекесін сыйлайды деген үміттеміз.Әйгілі спортшылар – олимпиада жеңімпаздары Владимир Смирновтың, Людмила Прокашеваның, Елена Хрусталеваның, Денис Теннің, Юлия Галышеваның аттары қазақ спортының тарихында алтын әріптермен жазылған.Спортшыларымыздың осы даңқты жолды Харбинде өтетін алдағы ойындарда жалғастырып, жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектеспін», — деді Олжас Бектенов.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917564
Әділет министрлігі алаңында заң консультанттарының қызметін реттеу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді 15.01.2025
2025 жылғы 10 қаңтарда Әділет министрлігі алаңында заң консультанттарының қызметін реттеу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді, оның шеңберінде заң консультанттары институтын жетілдіру жөніндегі мәселелер талқыланып, реттеушілік әсерге талдау материалдарымен танысу ұйымдастырылды.Реттеушілік әсерге талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобына заң консультанттар палаталарының төрағалары, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы және заң консультанттары кірді.Реттеушілік әсерге талдау жүргізудің тиімділігі мақсатында Министрлік қажетті статистикалық деректерді жинауды жүзеге асырып, заң консультанттарының практикалық қызметіне талдау жүргізді.Талқылау барысында жұмыс тобының қатысушылары заң консультанттары институын дамытудың ұсынылған баламалары бойынша ұсыныстарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/917505
Облыс әкімі азық-түлік бағасына бақылауды күшейтуді тапсырды 15.01.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарттық кеңесте азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі кеңінен талқыланды.Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, облыста соңғы бір апта ішінде 5 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының (ӘМАТ): тауық еті, қырыққабат, жұмыртқа, күнбағыс майы, картоп бағасы көтерілген. Ұн мен қарақұмық бағасы төмендеген.Бүгінде өсім көрсеткен тауарларға тұрақтандыру қоры арқылы интервенция жүруде.Жалпы 2025 жылдың маусымаралық кезеңінде 8 тауар түрі бойынша ірі сауда желілеріне, дүкендерге, базарларға 746,1 тонна, 2566,8 мың дана және 75,6 мың литр тауарға интервенция жүргізу жоспарланған.Азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорында тікелей сатып алу арқылы және форварттық келісімшарт негізінде 13 569,5 тонна және 4 731,6 мың дана тауар қоры қалыптасты.Арнайы құрылған жұмыс тобы 2 аптада 1 рет ӘМАТ бағасына мониторинг жүргізеді.Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еркін Елшібековтің сөзінше, өткен жылы азық-түлік тауарларына сауда үстемеақысын 15 пайыздан асырған 72 кәсіпкерге ескерту беріліп, жетеуіне айыппұл (627 640 теңге) салынған. Сонымен бірге сөредегі тауар құны мен кассадағы баға айырмашылығы үшін 9 сауда нүктесі 1 956 760 теңге көлемінде айыппұл арқалады.Облыс әкімі ӘМАТ бағасына жүргізілген мониторингтен нақты нәтиже көрмей отырғанын баса айтты.- Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру - өте маңызды. Бұл бағыттағы шараларға ерекше назар аудару қажет. Сауда департаменті мониторинг, ал жергілікті әкімдіктер түсіндіру жұмыстарын күшейту тиіс, – деді ол.Ербол Қарашөкеев азық-түлік тауарлары бағаларының шекті межеден аспауын жіті бақылауды, өңір тұрғындарын арзандатылған азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін тұрақты түрде ұйымдастыруды жүктеді. Сондай-ақ жауапты басшыларға дүкендерді өздері аралап, бағалардың нақты жай-күйімен көзбе-көз танысуды тапсырды.Аппарттық кеңесте коммуналдық қызметтердің тарифі сараланды.Облыс әкімі табиғи монополияларды реттеу департаменті, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшыларының алдына нақты міндеттер қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/917798
Жамбыл облысында тауық көңінен органикалық тыңайтқыштар өндіру жобасы іске асырылуда 15.01.2025
«Кемер Агро» ЖШС өңірде тауық көңінен және қой жүнін қосу арқылы органикалық тыңайтқыштар өндіру жобасын жүзеге асыруда.Жобаның құны 221 миллион теңгені құрайды және ол СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында ішінара қаржыландырылған.Өндірістік қуаты – жылына 6 000 тонна тыңайтқыш.Жаңа кәсіпорынның өнімі өңірде органикалық егіншілікті дамытуға ықпал етеді, бұл тұрақты ауыл шаруашылығына жасалған маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/917720
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕДІ 15.01.2025
«Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жылы» бастамасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі бастапқы буын мамандарының - дәрігерлер, фельдшерлер, мейіргелер, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылар құрамының білімі мен кәсіби дағдыларының деңгейін арттыру бойынша «Кадрлық қолдау: теңгерім және қолжетімділік» кешенді жоспарын әзірледі.Мемлекет басшысы 2025 жылы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде денсаулық сақтау саласында практикаға бағдарлана отырып, медициналық колледждердегі білім беру бағдарламаларының деңгейіне және орта медициналық персоналдың кәсіби құзыреттеріне ерекше назар аударылатын болады.Білім және ғылым ұйымдарымен бірлесіп МСАК мамандарының біліктілігін арттыру іс-қимылдарының жоспары әзірленді, ол 5 негізгі бағыттан тұрады:- МСАК мамандарының біліктілігін арттыру бойынша нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;- МСАК мамандарының (жалпы практика дәрігерлері мен мейіргелердің) біліктілігін арттыру;-медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру- біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру;- жас мамандарға бейімдеу және тәлімгерлік орталықтарын құру.Оқыту бағдарламалары соңғы медициналық жетістіктер мен технологияларды, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік актілердегі өзгерістерді ескере отырып әзірленген. Әр курс теориялық және негізінен практикалық сабақтарды, сонымен қатар өзін-өзі оқытуды қамтиды.Оқытудың жаңа бағдарламасымен 3 жылдан аз жұмыс өтілі бар 2,5 мыңнан астам жалпы практика дәрігерлерін қамту жоспарлануда. Оқытуға арналған модульдердің тақырыптары тыңдаушылардың осы санатын тестілеуді талдаудың негізінде медициналық жоғары оқу орындарының базасында әзірленетін болады.Осы жоспардың шеңберінде 3,5 мыңнан астам мейіргер біліктілігін арттырады. Орта медициналық персоналды оқыту модулдері профилактика және диспансерлік бақылау, ерте шақтағы балаларды патронаждау және күтім жасау, ауыр жағдайларда көмек көрсету, ЖОО-ны іске асыруда мейіргердің жұмысы, иммунопрофилактика және цифрлық технологиялар сияқты негізгі бағыттар бойынша әзірленген.Біліктілікті арттыру курстарынан медициналық колледждердің 1 600-ден астам педагогы өтеді. Олардың оқуы тәуелсіз емтихан бағаларының нәтижелерін ескере отырып өтеді. Медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларын педагогикалық өтіліне, педагогикалық құзыреттеріне және білімді тәуелсіз бағалау нәтижелеріне қарай оқыту көзделеді.«Медицина қызметкерлерін кәсіби даярлау еліміздегі медициналық көмек сапасының негізі болып табылады. Біліктілікті арттыру жылы шеңберінде біз МСАК мамандарына, біздің педагогтарға өз құзыреттерін арттыруға және медициналық көмек көрсетудің және болашақ дәрігерлерді даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге көмектесетін тиімді және қолжетімді бағдарламаларды құруға бағытталғанбыз», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың кешенді жоспарының тұсаукесері барысында.Жаңа курстар 2025 жыл бойы жетекші медициналық орталықтардың, саланың бейінді штаттан тыс мамандарының және білім беру платформаларының қолдауымен ұйымдастырылатын болады. Бағдарламаның барлық қатысушылары денсаулық сақтау жүйесінде танылатын біліктілікті арттыру сертификаттарын алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/917332
ҰАҒББО импортқа тәуелділікті азайту үшін тұқым өндірісін арттыруды көздеп отыр 15.01.2025
Қазақстан ауыл шаруашылығы бағытында жоғары әлеуетіне қарамастан, тұқым импортына тәуелді. Еліміздің дәнді және бұршақ тұқым дақылдарына қажеттілік 2,0 млн тоннаны құрайды, нақтырақ айтсақ, майлы дақылдар бойынша 87 мың тонна, мал азықтық дақылдары бойынша 23 мың тонна, картоп бойынша 289 мың тоннаны қажет етеді. Аталған мәселені шешу үшін Қазақстан Үкіметі селекция және тұқым шаруашылығын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.Қазірдің өзінде елімізде 284 сертификатталған түпнұсқа және элиталық тұқым өндірушілер жұмыс істейді, селекциямен 27 мамандандырылған мекеме айналысады.Бұл бағытта биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтетін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жетекші рөл атқаруда. Институт стресс факторларына төзімді және бәсекеге қабілетті сорттар мен будандар жасаумен, сондай-ақ органикалық егіншілікті дамытумен айналысады. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары 650-ден астам сорттар мен будандар жасап шығарды, оның 206-сы аудандастырылған.Қазіргі таңда элиталық тұқым өсіретін шаруашылықтармен серіктестік мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, Алматы облысында осындай тоғыз шаруашылықтың төртеуі Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-мен тығыз байланыста. Алайда, сарапшылар көптеген шаруашылықтар әлі күнге дейін сортты жаңартумен айналыспайтынын немесе шығу тегі белгісіз тұқымдарды сатып алатынын атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін институт жыл сайын фермерлерді оқыту және жаңа технологияларды енгізу үшін демонстрациялық алаңдар әзірлеп тұрады.Тұқым шаруашылығын дамытудағы маңызды қадам 2023 жылдың қазан айында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ базасында жоғары сапалы тұқым өндіру орталығының ашылуы болды. Мұнда тұқымдар бес сатылы тазартудан және калибрлеуден өтеді.Биыл шведтік «ThermoSeed» жабдығы арқылы тұқымдарды сұрыптау және термиялық өңдеу бойынша өндіріс орнының құрылысы басталады. Тұқымдарды өңдеудің органикалық әдістерін, оның ішінде қыша ұнтағы мен тимьян майы сияқты табиғи қосылыстарды қолдануды енгізу жоспарлануда.Бұрынғы «Агропарк Оңтүстік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жер ресурстары институтына қосылуының арқасында элиталық тұқым өндірісі 4,5–5 есеге ұлғайтылатын болады. Айта кетейік, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ жыл сайын 1500 тоннадан астам дәнді масақ дақылдарының тұқымын, 300 тонна дәнді-жемшөп және 100 тонна дәнді-бұршақты дақылдарды, сондай-ақ жүгері, мақсары және жемшөп дақылдарының тұқымын өндіреді және өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/917156
ҰАҒББО суперэлиталық тұқым өндірісін 40 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр 15.01.2025
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту стратегиясы шеңберінде үш негізгі бағыт айқындалды, олардың ішінде отандық тұқым шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.2015 жылдан бастап Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен оның еншілес ұйымдары 686 ғылыми жоба әзірледі, оның 465-і өсімдік шаруашылығы саласында.Соңғы сегіз жылда ғалымдар дақылдардың 326 сорттары мен будандарын өсірді, олардың 37% - ы дәнді дақылдар. Барлық сорттар мемлекеттік сынақтан өтіп, мемлекеттік тізімге енгізілді.Отандық селекцияның тұқымдары фермерлер арасында үлкен сұранысқа ие. Мысалы, Қарағанды облысында егіс алқаптарының 99%-да отандық тұқым егілді.Биылғы жылы жоғары нәтиже көрсеткен «Таймас», «Дамсинская 2017» астық нарығындағы танымал сорттардың қатарына енді, сондай-ақ «Алтай 1» күздік бидай және «Өскемен» күздік қара бидайлары жақсы көрсеткішке ие болды.Қазақстандағы егіс алқаптарының 80 пайызын отандық тұқыммен қамту мақсатында ҰАҒББО 14 мың тонна суперэлиталық тұқым өндірді. Алдағы екі жылда бұл көлемді 40 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/917453