Қуқық
«Үміт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Астана қаласының намысын «Айбын» халықаралық жиынында қорғайды 02.07.2026
Мұндай мүмкіндікке елордалық №115 орта мектептің оқушылары Қарулы күштердің Тыл бастығы басқармасының әскери қызметшілерінің қамқорлығының арқасында ие болды.Әскери бөлім мен білім беру мекемесі жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Осы мақсатта құрылған клубта оқушылар әскери-қолданбалы пәндерді меңгеріп, дене дайындығын нығайтып, командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамытып келеді.– Бірнеше айлық дайындықтың қорытындысы бойынша команда құрамына 15 оқушы іріктелді. Олар «Айбын» халықаралық жастар жиынында Астана қаласының атынан қатысады. Команданы дайындау – жұмысымыздың жалғыз бағыты емес, меморандум басқа да бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деп нақтылады Қарулы күштердің Тыл бастығы басқармасының қамтамасыз ету ротасының сержант-нұсқаушысы 3-сыныпты сержант Дидар Жанылхан.Әскери-патриоттық клубтағы сабақтар оқушылардың нағыз команда болып қалыптасуына ықпал етті. Халықаралық жарыстарға қатысу оларға құнды тәжірибе жинақтап, өз мүмкіндіктерін сынауға ғана емес, сондай-ақ әртүрлі өңірлер мен елдерден келген құрдастарымен танысып, достық қарым-қатынас орнатуға жол ашады.– Жарысқа күн сайын дайындалып жатырмыз. Бастапқыда қиын болды. Қазір үйреніп, жаттығу ырғағына түстік. Оңай болмайтынын түсінеміз, бірақ жоғары нәтиже көрсету үшін бар күшімізді саламыз, – деді №115 мектептің 8 «А» сынып оқушысы Ахат Жәкенов.Естеріңізге сала кетейік, XII Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны 21–27 маусым аралығында Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында өтеді. Оған күштік құрылымдардың әскери-патриоттық клубтары, әскери оқу орындарының және Қазақстан өңірлерінің құрама командалары, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген командалар қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1239748?lang=ru
Қазақстан, Ресей және Беларусь кәсіподақтары Қарулы күштердегі азаматтық персоналдың еңбек құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады 02.07.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Қарулы күштер қатарындағы азаматтық персоналдың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті өрбіту: халықаралық тәжірибе мен заманауи көзқарас» тақырыбында халықаралық конференция өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Кәсіподақтар федерациясының өкілдері, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан келген сала мамандары қатысты.Конференция азаматтық персоналдың еңбек құқықтарын қорғау, халықаралық тәжірибе алмасу және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң болды.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев ашып, азаматтық персоналдың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігін атап өтті.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басқарма бастығы подполковник Арман Қалышев «Әлеуметтік серіктестік – мемлекеттік саясаттың басым бағыты» тақырыбында баяндама жасап, әлеуметтік әріптестіктің тұрақты еңбек қатынастарын қалыптастырудағы рөліне және Қазақстан Қарулы күштеріндегі азаматтық персоналға қарастырылған әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің маңызына тоқталды.Сондай-ақ Қарулы күштердің және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар кәсіподағының төрағасы Төрехан Ерденбеков «Азаматтық персонал – мемлекеттің қорғаныс жүйесінің маңызды бөлігі» тақырыбында баяндама жасап, азаматтық мамандардың әскери құрылымдар жұмысындағы маңызды үлесін атап өтті. – Конференция барысында азаматтық персоналдың әскери құрылымдар жүйесіндегі рөлі кеңінен талқыланды. Бұл мамандардың күнделікті қызметті қамтамасыз етудегі үлесі ерекше екені атап өтілді. Қатысушылар азаматтық қызметкерлердің әлеуетін арттыру және олардың еңбегін қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды, – деп атап өтті ол.Халықаралық сарапшылар Ресей мен Беларусь елдеріндегі еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесін бөлісіп, әлеуметтік диалогты дамыту, кәсіподақтардың рөлін күшейту және жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.Іс-шара қорытындысы бойынша азаматтық персоналдың еңбек құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік әріптестік институттарын нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде ұсынымдар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1239669?lang=ru
Жамбыл облысында 120 әскери міндетті ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы мамандығын меңгереді 02.07.2026
Бірегей оқу-жаттығу жиыны 14157 әскери бөлім базасында өтіп жатыр. Онда әскери міндеттілер далалық жағдайда дрон операторы кәсібін игереді.Жиындар тарихында алғаш рет резервтегілер дәстүрлі әскери даярлықтың негізгі курсын меңгерумен қатар, дрондарды басқаруды да үйренеді.Бұл жиындарды өткізу үшін 14157 әскери бөлімі кездейсоқ таңдалған жоқ. Аталған бөлім ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеуге маманданған. Запастан шақырылған азаматтарды оқытуға тәжірибелі нұсқаушылар тартылған.Бір айлық жиынға Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы, Жуалы ауданы және Байзақ ауданынын 120 азамат келді. Қабылдау пунктінде әскери міндеттілер тіркеуден өтіп, құжаттары рәсімделеді, қажетті заттармен және әскери киіммен қамтамасыз етіледі.– Бұл жиындардың ерекшелігі – резервтегілер тек бастапқы әскери дайындықтан өтіп қана қоймай, дрондардың құрылымын және оларды басқару негіздерін де меңгереді. Бізде жеке құрамды қабылдауға толық дайындық жасалған, оқу алаңдары мен шатырлы лагерь жабдықталған, – деді 14157 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Әлімжін Қуантай.Жергілікті әскери басқару органдары бұл жиындарға әскери міндеттілерді ерекше мұқият іріктеген.– Біздің міндетіміз азаматтарды сапалы іріктеу, дұрыс ақпарат беріп, жиын өтетін орынға жеткізу болды. Шақырылғандардың арасында фермерлер, жүргізушілер, инженерлер, заңгерлер мен бухгалтерлер бар. Олардың барлығы шақыруды дұрыс дайындықпен қабылдады. – деді Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жұмылдыру ресурстарын тағайындау бөлімінің бастығы полковник Алмас Чункунов.Отыз күн ішінде олар қайта даярлықтан өтіп, соның ішінде дрондарды басқаруды үйренеді.– Бұл бағыт маған өте қызық. Қазіргі уақытта елді заманауи технологиялардың көмегімен қорғап үйрену қажет. Оқуға дайынмын, сондықтан жиынға еш қарсылықсыз шын ықыласпен келдім, - деді Жуалы ауданынан келген әскери міндетті азамат Рауан Сапарбай.Осылайша, әскери міндеттілерді даярлау жүйесі ұрыс алаңындағы өзгерістерге сай қарқынды түрде жаңарып келеді. Себебі уақыт өткен сайын ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларының жұмысы үлкен маңызға ие болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1239613?lang=ru
Таиландтан келетін туристер саны артты 02.07.2026
Алматы облысы мен Таиланд Корольдігі арасындағы ынтымақтастық нығаяды. Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пияпин Нийомреркспен кездесу өткізді. Жиын барысында туризм, өңдеу өнеркәсібі, тамақ өндірісі, цифрлық технологиялар және құрылыс саласындағы байланысты арттыру барысы талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 34 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде екіжақты байланыс барлық негізгі бағыттар бойынша тұрақты дамып, нығая түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекесімен құттықтаса, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Таиландқа ресми сапармен барды. Бұл әріптестікті одан әрі дамытуға қос тараптың да қызығушылығы жоғары екенін көрсетті. Ал өткен жылдың қаңтар айында Пхукет қаласында Қазақстан Республикасы Консулдығы ашылды. Алматы облысы да Таиланд Корольдігімен іскерлік байланысты ілгерілетіп келеді. Мәселен, биыл мамыр айында өңір делегациясы Таиланд Корольдігіне барып, THAIFEX – Anuga Asia 2026 халықаралық көрмесіне қатысты. Сапар нәтижесінде Алматы облыстық Туризм басқармасы Таиландтың бірқатар туристік қауымдастығымен меморандумдарға қол қойды. Туризмнен бөлек, сауда және инвестиция салаларында да ынтымақтастықты кеңейтуге зор мүмкіндік бар. Себебі 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 15 млн АҚШ долларын құраған. Марат Елеусізұлы өз сөзінде Алматы облысы Таиланд инвестицияларын агроөнеркәсіптік кешенге, тамақ өнеркәсібіне, логистикаға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, қонақ үй бизнесіне және қызмет көрсету саласына тартуға мүдделі екенін айтты. «Алматы облысы – Қазақстандағы ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Облыс экономикасы тұрақты оң өсім көрсетіп отыр. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес, өңірлік өнім көлемі бойынша елімізде 10-нан 5-орынға көтерілді. Туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бірегей табиғи ландшафттар, ұлттық саябақтар мен бай тарихи-мәдени мұраның арқасында Алматы облысы Орта Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналды. Былтыр облысымызға 147 мыңнан астам шетелдік турист келді. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 13 пайызға жоғары. Шетелдік қонақтар саны бойынша Алматы облысы елдің барлық аймақтары арасында үшінші орынды иеленеді.Өңірімізге Таиланд азаматтарының қызығушылығының артып келе жатқаны қуантады. Егер 2025 жылы Алматы облысына Таиланд Корольдігінен 45 турист келген болса, 2026 жылдың алғашқы бес айының өзінде олардың саны 414 адамға жетті. Бұл үдерісте көлік қатынасының дамуы мен визасыз режимнің енгізілуі маңызды рөл атқарады. Бүгінде Қазақстан мен Таиланд арасында аптасына 23 тұрақты әуе рейсі ұшады», – деді аймақ басшысы. Кездесу барысында Пияпин Нийомреркс өңірдің экономикалық, өндірістік және туристік әлеуетін жоғары бағалап, алдағы уақытта Таиланд Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрінің Қазақстанға келетіні туралы хабарлады. Айтуынша, бұл сапар Қазақстан Сыртқы істер министрінің шақыруымен Алматы қаласында болады.«Алматы облысының көрікті келбеті ерекше әсер қалдырды. Осында атқарылып жатқан ауқымды істерді өз көзіммен көру мен үшін үлкен мәртебе. Әсіресе Қонаев және Алатау қалаларының даму жоспары қайран қалдырады. Болашақта екі тараптың арасында тығыз әріптестік қатынас орнайды деп сенемін. Жақын күндері Алматыда «Қазақстан – Таиланд» бизнес форумы өтеді. Оған Таиландтың жетекші 12 компаниясының 30-дан астам өкілі қатысады. Сондай-ақ форумда B2B кездесулері өткізіліп, екі тарап нақты міндеттері мен болашақта бірлесіп атқаратын жобаларын талқылайды. Бұл шаралар екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға жол ашатыны сөзсіз», – деді Пияпин Нийомреркс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1239448?lang=ru
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Канада Елшісін қабылдады 02.07.2026
Астана, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагганды қабылдады.Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы саяси, сауда-экономикалық және шарт-құқықтық салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Жоғары денгейдегі байланыстарға және көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1239453?lang=ru
Теориядан тәжірибеге: ҚазТБУ-дың 400-ден астам студенті әскери даярлықты аяқтауға жақын 02.07.2026
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің әскери кафедрасында запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламаларын бітіргелі жатқан студенттердің әскери-оқу практикасы жалғасуда.Әскери кафедра атыс қаруының оқу үлгілерімен, мамандандырылған жаттықтыру кешендерімен, автокөлік және сауытты техникамен, сондай-ақ білім беру процесін нақты ұрысқа барынша жақын жағдайды көрнекілейтін өзге де оқу құралдарымен жабдықталған. Әскери-оқу тәжірибесі кезінде студенттер теориялық білімдерін бекітіп, қызметтік міндеттерді орындауға қажетті сенімді практикалық дағдыларды қалыптастырады.– Әскери-есептік мамандық алуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді. Бұл әскери даярланған резервті дайындау жүйесінің сұранысқа ие әрі маңызды екенін көрсетеді. Сабақтарды қызметтік және практикалық тәжірибесі мол кәсіби офицерлер жүргізеді. Біз тәртіпті, сауатты және кәсіби тұрғыдан жақсы даярланған кадрларды тәрбиелеуді мақсат етеміз, – деді әскери кафедра бастығы запастағы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов.Әскери кафедрада заманауи Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қажеттіліктеріне бағдарланған әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлық жүргізіледі. Практикалық сабақтар барысында студенттер тактикалық, атыс, саптық және арнайы даярлық элементтерін пысықтап, ұрысқа барынша жақын келтірілген жағдайда әрекет ету дағдыларын жетілдіреді.Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша кафедрада запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 440-тан аса студент әскери даярлықты аяқтамақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1239425?lang=ru
Халық табысын арттыруға арналған жаңа жоспар алты бағыт бойынша 59 іс-шараны қамтиды 02.07.2026
2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар алты негізгі бағыт бойынша 59 іс-шараны жүзеге асыруды көздейді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.Оның айтуынша, олардың арасында жалақыны көтеру, инфляцияны төмендету, нақты табыстың өсуі, адами капиталды дамыту және жұмыспен қамтуды арттыру, сапалы жұмыс орындарын ашу, салықтық және әлеуметтік шаралар, сондай-ақ борыштық жүктемені азайту және халықтың қаржылық белсенділігін жақсарту бар.Құжаттың негізгі мақсаты – азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жеке секторды тартуды жандандыру, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мен экономикалық өсудің инклюзивті моделін қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1239356?lang=ru
Халықтың табысы инфляциядан да тез өсуі керек 02.07.2026
Кешенді жоспарды жүзеге асырудың нәтижесі азаматтардың әл-ауқатын тұрақты арттыру болуы тиіс. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.Оның айтуынша, негізгі мақсатты көрсеткіштердің қатарында халық табысының инфляция деңгейінен 2–3 пайыздық тармаққа жоғары өсуі, жыл сайын 240 мыңға дейін сапалы жұмыс орындарын құру және 2029 жылға қарай инфляцияны 5–7% деңгейіне дейін төмендету бар.Сондай-ақ ауылдық жерлерде 30 мыңнан астам микрокредит беру, дуальды оқытумен қамтуды ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру және халықтың тамақ өнімдеріне жұмсайтын шығыстарының үлесін тұтыну шығыстарының жалпы көлемінің 40%-на дейін қысқарту жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1239359?lang=ru
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды 02.07.2026
Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар» өзектендірілді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.Оның айтуынша, құжат алты бағыт бойынша 59 іс-шараны қамтиды және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сапалы жұмыс орындарын құруға және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған.«Жаңа жоспар 2022 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның орнын алмастырады және экономиканың ағымдағы сын-қатерлерін де, адами капиталды дамыту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттерді де ескереді. Өңірлік нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу тетігін күшейту үшін әкімдіктер халықтың табысын арттырудың өңірлік бағдарламаларын әзірледі», — деді Азамат Әмрин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1239342?lang=ru
Бордақылау алаңдарында ЖИ енгізу: Үкімет канадалық TELUS Agriculture компаниясымен пилоттық жобаларды пысықтауда 02.07.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин канадалық TELUS Agriculture компаниясының басшылығымен кездесті. Тараптар Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) цифрландыруға халықаралық ЖИ көшбасшыларын тарту, өнімділікті арттыру үшін жасанды интеллект енгізу, сондай-ақ секторды цифрлық трансформациялаудың жол картасын бірлесіп әзірлеу мәселесін талқылады.Канадалық тарап data-centric (деректерге бағдарлану) моделі бойынша дамып, үш негізгі вертикальға бөлінген өзінің цифрлық экожүйесінің құрылымын ұсынды, олар – өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және тұтыну тауарлары. Компанияның бағдарламалық жасақтамасы мен жасанды интеллектіге негізделген шешімдері бүгінде әлемнің 60 елінде шамамен 101 миллион гектар егістік алқабын қамтиды және агрономдар мен әлемдегі ең ірі азық-түлік брендтеріне технологиялық қолдау көрсетеді.Келіссөздер барысында Серік Жұманғарин отандық АӨК алдында дәстүрлі экстенсивті әдістерден заманауи қарқынды технологияға көшудің стратегиялық міндеті тұрғанын атап өтті.«Ет пен мал шаруашылығы өнімі – тарихи тұрғыдан біздің халқымыздың бірнеше буыны тұтынып келе жатқан негізгі асы. Бүгінгі таңда ішкі нарықта және іргелес мемлекеттердің нарығында сұраныс қарқынды өсуде. Бұл жағдайда біз өндіріс көлемі мен тиімділігін сапалы түрде арттыруымыз керек. Біздің миссиямыз – Қазақстанға жетекші халықаралық технологиялық чемпиондарды тарту және олардың тәжірибесін тікелей өндірісте тоғыстыру. Біз қазірдің өзінде цифрлық шешімдерді енгізу үшін негіз болатын 4-5 өңірлік алаңды анықтадық. Олардың қатарында «Қамыстыбас» (Қайбатар) кәсіпорнының 50 мың басқа арналған пилоттық жобасы, сондай-ақ Қарағанды облысында іске қосылған жоба бар. Біз сондай-ақ әр өңірдің ерекшелігі мен жағдайына қарай бірегей технологиялық сәйкестендіру үшін Шығыс Қазақстаннан серіктес қарастырып жатырмыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Канадалық инвесторлар Ақмола облысы мен Канаданың Альберта провинциясының климаттық жағдайы көп ретте екенін атап өтті. Бұл сынақтан өткен цифрлық хаттамаларды тиімді түрде бейімдеуге мүмкіндік береді. TELUS Agriculture басшылығы Ақмола облысында топырақтың құнарлылығын бақылау, өсімдіктерді қорғау және дақылдарды дәл іріктеу үшін ЖИ және мамандандырылған бағдарламалық пилоттық жобаны іске қосуға дайын екендігін білдірді.Компанияның мәліметінше, Небраскадағы 200 мың бас ірі қара малға арналған ірі бордақылау алаңында осыған ұқсас цифрлық кешеннің енгізілгені бордақылау алаңдарының аумағын және астықты пайдалану көлемін едәуір қысқарта отырып, малдың орташа салмағын бір келі жемге шаққанда 60 грамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берген (жалпы көрсеткіштердің өсуі 70%).Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Ақмола облысындағы пилоттық жобаны егжей-тегжейлі пысықтау туралы уағдаласты. Зерттеу жүргізу және жаңа технологиялық хаттама енгізу үшін ғылыми-талдамалық және білім беру базисі ретінде ҚР АШМ-ның Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (ҰКО) белгіленуі мүмкін. Пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда, бұл тәжірибе республиканың басқа өңірлеріне таратылады.Анықтама:TELUS Agriculture – канадалық ІT және телекоммуникациялық алпауыт TELUS компаниясының мамандандырылған бөлімшесі. Компанияның цифрлық экожүйесі өсімдік, мал шаруашылығы, ветеринария және бөлшек саудаға қатысушыларды біріктіреді. Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету АӨК-тің негізгі процестерін автоматтандырады, мәселен, ірі қара малдың саулығы мен өнімділігін бақылайды, сауу көлемін тіркейді, азықтандыру рационын оңтайландырып, фермадан тұтынушыға дейінгі бүкіл құн тізбегі дерегінің түпкілікті интеграциясын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1239321?lang=ru
Қорғаныс министрі «Қазақстан ГАЖ орталығының» дамыту басымдықтарын айқындады 02.07.2026
Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қазақстан ГАЖ орталығы АҚ-на барып, ұжыммен кездесіп, мекеменің перспективалық даму бағыттарымен танысты.«Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Исмағұлов компания қызметінің негізгі нәтижелері, жүзеге асырылып жатқан жобалар және Қарулы күштер мен басқа да мемлекеттік органдардың мүддесін көздейтін орта мерзімді даму жоспарлары туралы баяндады.Қорғаныс министріне басқару тиімділігін арттыру, процестерді автоматтандыру және қорғаныс ведомствосын жетілдіруге бағытталған заманауи цифрлық әзірлемелер таныстырылды.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов мамандардың жұмыс жағдайымен танысты. Ұжыммен кездесу барысында білікті кадрларды даярлау, цифрлық құзыреттерді дамыту, озық тәжірибелерді зерделеу және кадрлық әлеуетті нығайту мәселелері қаралды.Ведомство басшысы Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында қойылған міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау қажеттігіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ орталық мамандарына цифрлық технологияларды дамыту және оларды қорғаныс саласына тиімді енгізу бағытындағы жұмысты одан әрі жетілдіруді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1239307?lang=ru
Алматы базарында 13 мыңнан астам заңсыз әкелінген тауық жұмыртқасы анықталды 02.07.2026
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен және Қазақстан құс өсірушілер одағымен бірлесіп, қаланың сауда нысандарында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өткізді.Анықталған заңсыздықтар мен тәркілеу Инспекция мамандары «Барыс-IV» базарын тексеру барысында ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ, тиісті таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылымға шығарылған тауық жұмыртқаларын анықтады. Заңсыз айналымнан жалпы саны 13 680 дана өнім алынды.Қолданылған әкімшілік шаралар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.Өнімді жою процесі адам мен жануарлардың денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін тағам өнімдерін жою ережелеріне (ҚР Үкіметінің №140 қаулысы) сәйкес, 2026 жылдың 10 маусымында тәркіленген 13 680 жұмыртқа қалалық мал қорымындағы «Беккер шұңқырына» тасталып, биотермиялық әдіспен консервацияланды.Алдын алу шаралары оқиғадан кейін көтерме және бөлшек сауда ұйымдарының басшыларына ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өзге елдерден заңсыз әкелінген өнімдерді сатуға тыйым салу туралы ресми хаттар жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1239202?lang=ru
Қызылордалық делегация «Alem AI» халықаралық жасанды интеллект орталығында болды 02.07.2026
Бүгін аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев бастаған облыс делегациясы Астана қаласына жұмыс сапарымен барып, жаңадан ашылған «Alem AI» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысын көрді.«Astana Hub» халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев орталықтың негізгі бағыттары мен инфрақұрылымын таныстырды. Делегация мүшелері жасанды интеллект саласындағы инновациялық жобаларды біріктіретін сегіз қабатты бірегей экожүйені аралады.Айта кетейік, Мұрат Ергешбаев – бұл бірегей орталыққа арнайы барған облыс әкімдерінің алғашқысы.Орталықта жасанды интеллект әлеміне арналған иммерсивті көрмелер мен интерактивті кеңістіктер, жасөспірімдердің технологиялық дағдыларын дамытуға бағытталған «TUMO Astana» бағдарламасы, Қазақстандағы алғашқы «Tomorrow School» жасанды интеллект мектебі, ғылыми зерттеулер жүргізуге және стартаптарды қолдауға арналған ЖИ-кампус, халықаралық технологиялық компаниялардың зертханалары орналасқан.Кездесуде өңірдегі жобаларды жүзеге асыруда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану мәселелері қаралды. Қазіргі уақытта «Kyzylorda Hub» өңірлік технопаркі базасында инновациялық жобаларды қолдау, жергілікті ІТ-қоғамдастықты дамыту және жастардың цифрлық дағдыларын арттыруда жүйелі жұмыс жүргізілуде.Жұмыс сапары кезінде цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға, тәжірибе алмасуға қатысты мәселелер де талқыланды.Бұдан бөлек, облыс әкімі Astana Smart City жобасының Ситуациялық орталығындағы қалалық инфрақұрылымды бақылау, деректерді талдау және қала қызметтерінің жұмысын нақты уақыт режимінде үйлестіру мүмкіндіктерімен танысты.Сонымен қатар, қаладағы процестерді басқаруға және түрлі ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған жасанды интеллект негізіндегі платформа көрсетілді.Astana Smart City жобасы қаланы тиімді әрі қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін жаңа буын интеллектуалды инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1239193?lang=ru
Алматы қорығы 01.07.2026
Солтүстік Тянь-Шаньның асқақ шыңдарына көз салсаңыз, аспанмен тілдескен мұзарт таулар мен әсем табиғат әлемі алдыңыздан шығады. Осы биіктік пен сұлулықтың жүрегінде табиғаттың қазынасын мәңгі сақтап келе жатқан ерекше мекен бар – ол Алматы мемлекеттік табиғи қорығы.Бұл қорық 1931 жылы құрылған. Содан бері ол табиғаттың байлығын, өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігін, қарлы шыңдар мен мөлдір бұлақтардың көркін өз қалпында қорғап келеді. Алматы қорығы – тек қана табиғатты қорғау аумағы емес, бұл – ата-бабадан қалған асыл аманат, болашақ ұрпаққа жолданған табиғат сыйы.Қорықтың аумағы – 71 700 гектар. Биіктік 1200 метрден басталып, Талғар шыңына дейін, яғни 5017 метрге дейін көтеріледі. Ауданда 160 мұздық бар, оның ішінде Корженевский, Шокальский және Богатырь мұздықтары. Осы мұздықтардан бастау алған көшпелі өзендер – Талғар, Есік, Шелек – тау шатқалдарына қарай ағып кетеді. Шатқалдардың ішінде жасырынған әсем көлдер бар – Есік, Бозкөл, Ақкөл, Мұзкөл. Әсіресе Есік көлі мөлдір суымен және табиғи әсемдігімен ерекшеленеді.Табиғат қорығы барлық биіктік белдеулерді қамтиды. Төменде – жапырақты ормандар, одан жоғары – шыршалы ормандар, кейін – альп‑және субальп шалғындар, ең соңында – мәңгі қар басқан тас шыңдар. Әр белдеу – өзінше бір әлем, өзінше бір тіршілік мекені.Өсімдік әлемі таң қалдырады: 1440‑тан астам өсімдік түрі, олардың 29‑ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың қатарында – Островский тюльпаны, Альберт ирисі, Недзвецкий алма ағашы және аңызға айналған Сиверс алма ағашы – қазіргі алма сорттарының ата‑бабасы. Осы өңірде 14 реликт және 18 эндемик өсімдік түрі сақталған – олар тек осы жерде кездеседі, әлемнің басқа бөлігінде жоқ.Жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Қорықта 1100‑ден астам жануар түрі мекендейді, олардың ішінде – 41 сүтқоректі түрі, оның төртеуі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген: Қайсарлықтың иесі – қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, Түркістан сілеусіні мен тас сусары осы өңірдің асқақ табиғатын толықтырады. Таутекелер тік шыңдарды еркін кезсе, еліктер мен маралдар жасыл алқаптарды сәндейді.Құстар әлемі – қорықтың әуезді үні. Мұнда 177 құс түрі бар, оның 12-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың ішінде – беркут, сақалтай, орақтұмсық және көк құс бар. Қорықта мекендейтін 2000-ға жуық жәндік түрі – көбелектер, қоңыздар, аралар мен құмырсқалар – экожүйедегі тіршіліктің нәзік тепе-теңдігін сақтауға ықпал етеді.2020 жылы Алматы мемлекеттік табиғи қорығы өзінің бірегей рельефі, əсем табиғаты мен бай биоəртүрлілігінің арқасында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтары қатарына енді. Бұл – қазақстандық табиғаттың әлемдік деңгейде мойындалған асыл қазынасы.Алматы қорығы – асқақ шыңдар әуені, мөлдір көлдер жыры, орман мен даланың табиғи үндестігі. Ол – табиғаттың жүрегінен туған мәңгілік ән, халқымыздың болашаққа қалдырған аманаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1238739?lang=ru
Арқалықта жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді 01.07.2026
Арқалық қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа шағын футбол алаңы ел игілігіне берілді. Нысан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Әуелбеков көшесінде ашылды.Спорт алаңы жергілікті әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес өкілдерінің қолдауымен салынды. Жобаны жүзеге асыруға «Арқалық құс» ЖШС демеушілік көрсетіп, өз қаражаты есебінен 8 миллион теңге бөлді.Ашылу салтанатына қала әкімдігі өкілдері, компания басшылығы және жергілікті тұрғындар қатысты. Жаңа спорт нысаны көпқабатты тұрғын үйлер ауласында орналасқан және бірнеше үйдің балаларына қызмет көрсетеді.Алаңның салынуы тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар салауатты өмір салтын насихаттауға және қаладағы спорт инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.Жергілікті билік өкілдері демеушілік көрсеткен компанияға алғыс білдіріп, әлеуметтік жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті.Арқалық қаласында бұқаралық спортты дамыту және балаларға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1238672?lang=ru
Алматы облысы мен Қытайдың Цзянсу провинциясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды 01.07.2026
Алматы облысына алғаш рет Қытайдың Цзянсу провинциясы партия комитетінің хатшысы Синь Чансин бастаған делегация келді. Цзянсу – көрші елдегі экономикасы қарқынды дамыған, құрылыс, білім беру, туризм салалары бойынша ірі жобаларды жүзеге асырып, озық технологияларды енгізу бойынша алдыңғы орынға ие провинция. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай делегациясымен кездесу өткізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Жүздесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Марат Елеусізұлы өз сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы 34 жылдық дипломатиялық қатынас өзара сенімге, тату көршілік және стратегиялық әріптестікке негізделгенін атап өтті. «Екі ел арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және гуманитарлық салаларда ауқымды бірлескен бастамалар іске асырылуда. Ал елдің шығысында орналасқан Алматы облысы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстың маңызды көпірі саналады. Өңір мен ҚХР арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары 1 млрд АҚШ долларынан асып, тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта Алматы облысы аумағында Қытай және бірлескен капиталдың қатысуымен 287 кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы 4 жыл ішінде менің тікелей басшылығыммен Қытай Халық Республикасының 16 өңірінде 7 жұмыс сапары ұйымдастырылып, оған өңірдегі 75-тен астам бизнес өкілі қатысты.Алматы облысы мен Цзянсу провинциясы арасындағы ынтымақтастық жүйелі түрде дамып, мазмұны да тереңдеп келеді. Цзянсу – Қытайдың экономика және инновация саласындағы жетекші өңірлерінің бірі. Сондықтан біз өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, логистика, инвестиция, жоғары технология салалары мен «жасыл» экономика бағытында ұзақмерзімді, тиімділігі жоғары жобаларды дамытуға ниеттіміз», – деген аймақ басшысы түрлі бағыттардағы бірлескен жұмыстарға тоқталды.Айтуынша, қазіргі таңда өңірде жалпы қаражаты 6,2 трлн теңге болатын, 216 инвестициялық жоба мониторингте тұр. Ал Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 3,1 трлн теңгені құрайтын 45 инвестициялық жоба бар. Бұл бастамалардың нәтижесінде 16 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Жыл басынан бері Қытайдан келген инвесторлармен 90 кездесу өткізілген. Бұл жалпы инвестициялық кездесулердің – 46,9%-ы.Бүгінде Қытай тарапы облыс жастары үшін гранттар ұсынып отыр. Қытайдың провинцияларында өңірден шыққан 56 талапкер тегін оқып жатыр. Олар бакалавриат, магистратура және орта кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алуда.Екі ел азаматтары үшін енгізілген визасыз режим туризм саласының белсенді дамуына ықпал етті. 2025 жылы Алматы облысына 147 000-нан астам шетелдік турист келді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13,19%-ға артық. Оның ең үлкен бөлігін Қытай азаматтары құрайды. Биыл Шанхай қаласында облыс әкімдігінің Сервис орталығы ашылды. Бұл – өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған ресми өкілдік. Алматы облысы халықаралық туристік алаңдарда, оның ішінде ITB China және ITB Asia көрмелеріне қатысып, сондай-ақ қытайлық туроператорлармен, әуе компанияларымен, медиа өкілдерімен белсенді жұмыс істеуде.Жиын барысында Синь Чансин провинцияның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру, технология және табиғи энергия көзін игеру бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстарын таныстырды.«Цзянсу провинциясында 83 миллионнан астам халық тұрады. Экономикалық көрсеткіші бойынша Қытайда 2-орында. Нақтырақ айтсақ, өңірлік өнім көлемі 2 трлн АҚШ долларынан асады. Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы ең ірі серіктестерінің бірі әрі логистикалық әлеуеті халықаралық жүк тасымалында маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, өзара тиімді байланыс орнату. Қол қойылған меморандум екі тарап арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге негіз болады деп сенемін», – деді мәртебелі мейман.Осылайша, Алматы облысы мен Цзянсу провинциясы арасындағы ынтымақтастық жаңа кезеңге қадам басты. Сапар барысында қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін мазмұнды көрме ұйымдастырылды. Қонақтар назарына облыс аумағынан табылған Алтын адам мен өзге де құнды археологиялық жәдігерлер ұсынылып, олардың тарихи құндылығы мен ғылыми маңызы жан-жақты баяндалды. Өңірдің алдағы уақытта жүзеге асырылатын ірі жобалары таныстырылып, бірлескен бастамаларды дамыту мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1238642?lang=ru
Қазақстанның Сыртқы істер министрі ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты 01.07.2026
Қазан, 2026 жылғы 10 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік ахуал, сондай-ақ оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері жөнінде пікір алмасты.Қазақстан Сыртқы істер министрі өз сөзінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін атап өтті. Ұйымға мүше мемлекеттер бірлескен күш-жігердің арқасында заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге тиімді қарсы тұрып, қорғаныс саласындағы іс-қимылдарын үйлестіріп, дағдарыстық жағдайларға жедел ден қоюда.Сондай-ақ министр ҰҚШҰ форматындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстанның ұстанымы мен тәсілдері туралы хабардар етіп, Ұйымды одан әрі жан-жақты дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.Ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда қатысушыларды Қазақстандағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласының дамуымен таныстырды. Атап айтқанда, Цифрлық кодекстің қабылдануы, «Alem AI» жасанды интеллект орталығының және суперкомпьютерлік кластердің іске қосылуы, сондай-ақ «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру және «Astana Smart City» жобасын жүзеге асыру жөнінде ақпарат берді.Сондай-ақ Алматы қаласында Тұрақты даму мақсаттары бойынша цифрлық шешімдердің Азия-Тынық мұхиты өңірлік орталығын құру бастамасын қолдағаны үшін ҰҚШҰ-дағы серіктестерге алғысын білдірді.Отырыс қорытындысы бойынша министрлер ҰҚШҰ-ның 2030 жылға дейінгі Терроризмге қарсы стратегиясының жобасын мақұлдады.Сыртқы істер министрлері кеңесі ғарыш кеңістігінде қарулану жарысының алдын алу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды диверсиялық және террористік мақсаттарда пайдалану қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасау қажеттілігі, халықаралық құқықтың рөлін нығайту және БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділік, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының басталғанына 85 жыл толуына байланысты саяси мәлімдемелер қабылдады.Жалпы алғанда, тараптар ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимылды дамытуға және Ұйымды одан әрі нығайтуға бейілді екендіктерін растады.Ресей Федерациясының төрағалығын ескере отырып, Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2026 жылғы қарашада Мәскеу қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1238550?lang=ru
БҰҰ инспекциясы қазақстандық бітімгерлер қызметінің деңгейін жоғары бағалады 01.07.2026
Голан жоталарындағы «БҰҰ-ның ажыратуды бақылау күштері» миссиясы командирінің резервтік бітімгерлік ротасының үшінші құрамымен миссия штабының бастығы полковник Ануп Бикрам Рана кездесті.Сапар барысында миссия өкілі инфрақұрылым нысандарын, инженерлік техниканы, операциялық құралдарды қарап шығып, жауапкершілік аймағындағы БҰҰ бақылау бекеттерінің жұмысымен танысты.Қазақстандық әскери қызметшілермен өткен кездесуде полковник Ануп Бикрам Рана қызметті ұйымдастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қойылған міндеттерді одан әрі орындау мәселелерін талқылады. Тараптар миссия мандатын орындауға байланысты басым бағыттарға ерекше назар аударды.Еске сала кетейік, қазақстандық бітімгерлік контингент халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға елеулі үлес қосып келеді. Олар жауапкершілік аймағындағы ахуалды тәулік бойы бақылап, аумақты патрульдейді және қақтығыс тараптары арасындағы атысты тоқтатуды қамтамасыз етуге қатысады.Бітімгерлер жергілікті аумақты жедел минасыздандыру, жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жою міндеттерін орындайды.Сонымен қатар олар миссия нысандары мен бекеттеріне қызмет көрсетіп, БҰҰ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, гуманитарлық жүктерді алып жүреді және жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетеді.Бітімгерлердің өз міндеттерін кәсіби, адал әрі мінсіз орындауы Қарулы күштердің және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1238374?lang=ru
«Сапарбаев тұлғасы» – елге қызмет етудің өнегелі жолы 01.07.2026
Бүгін «Достық үйінде» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының таныстырылымы өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ағайын-туыс қатысты.Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ел дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, оның мемлекеттік қызметтегі өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Әкімдер мектебі» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Сапарбаев тұлғасы» атты кітаптың тұсаукесері өткен болатын.Бұл – елге қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған ардақты азаматтың өнегелі жолын бейнелейтін тағылымды туынды. Қарапайымдылық пен адамгершілікті, кісілік пен кішілікті, талапшылдық пен әділдікті бір бойына сыйдырған ардақты азаматтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріппен жазылды.Уақыт оны арамыздан алыстатқанымен, рухани мұрасы ешқашан жоғалмайды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Басқосуда кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ел ағалары Самұрат Имандосов, Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов сөз сөйледі.Бердібек Машбекұлы мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларында абыройлы еңбек етіп, сындарлы кезеңде халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары, Қызылорда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі ретінде ел дамуына зор үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1238315?lang=ru
«Әкімшілік әділет – мемлекет пен қоғам арасындағы диалог кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті 01.07.2026
Бүгін Қазақстан Республикасы әкімшілік соттарының құрылғанына 5 жыл толуына арналған «Әкімшілік әділет – мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалогтың кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық сот төрағасы Әділхади Шығамбаев, құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, адвокаттар, мемлекеттік органдар қызметкерлері, ғалымдар мен құқық саласының мамандары қатысты.Аймақ басшысы бес жыл бұрын қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа стандарттарын қалыптастырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы: «Әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын айқындайтын сынақ болды. Оның нәтижесі сотқа деген сенімнің арта түскенін көрсетті. Әкімшілік әділет рөлі нығайып келеді», – деді.Бұл мемлекеттік органдардың жұмыс мәдениетін өзгертіп, қабылданатын шешімдердің сапасы мен заңдылығына қойылатын талаптарды күшейтті. Азаматтардың сотқа деген сенімі – құқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіштерінің бірі. Осы ретте өңіріміздегі сот қауымдастығы заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келеді.Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз еліміздегі құқық үстемдігін нығайту ісінде маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта да Президентіміздің Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құру жолындағы ортақ жұмысымыз жалғаса беретініне сенімдімін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында облыс прокуроры Ризабек Ожаров, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті экономика және құқық институтының директоры, PhD докторы Айнұр Исаева сөз сөйледі.Аймақта әкімшілік әділет институтының тиімділігі нақты нәтижелерімен көрініс тапты. Кейінгі бес жылда облыс соттарына 6 мыңға жуық әкімшілік талап қою арызы түсіп, 5 мыңнан астамына тиісті шешім қабылданған.Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтерген маңызды бастамалардың бірі «е-Өтініш» бірыңғай платформасы. Аталған жүйе азаматтардың өтініштерін ашық әрі тиімді қарауға, өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды құралына айналды.2021 жылдан бері өңірдің мемлекеттік органдарына 220 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа мәдениеті қалыптасып, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі арта түскенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1238281?lang=ru