Enbekshi QazaQ

Қуқық

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы демографиялық ахуал туралы 15.05.2026
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Абай облысының халық саны 594,3 мың адамды құрады, оның ішінде қалалық халық – 374,2 мың адам (63%), ауылдық халық – 220,1 мың адам (37%). 2026 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 1,4 мың адамға немесе 0,2%-ға азайды.Халықтың табиғи қозғалысыЖалпы Абай облысы бойынша 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында халықтың табиғи өсімі 553 адамды құрады. Бұл 2025 жылғы қаңтар-наурыз кезеңімен салыстырғанда (684 адам) 19,2%-ға төмендеді. Халықтың 1000 адамына шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 3,78 адамды құрады.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілеріндегі мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында туғандар саны 1797 адам болды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (1926 адам) 6,7%-ға аз. Туу коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 12,29 туған баланы құрады.Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 1244 адамды құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда (1242 адам) 0,2%-ға көп. Жалпы өлім-жітім коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 8,51 адам болды.2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында облыста 1 жасқа дейінгі нәрестелердің өлімінің 9 жағдайы тіркелді және бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (15 нәресте) 40%-ға азайды. Нәресте өлімінің коэффициенті 1000 тірі туғандарға шаққанда 5,01 жағдайды құрады.Халықтың көші-қоныКөші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында облысқа келгендер саны 3940 адамды, облыстан кеткендер саны 5893 адамды құрады. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде халық санының көші-қондық азаюы 1953 адам болды.Негізгі сыртқы көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендер саны 39 адамды немесе 65%-ды, кеткендер саны 179 адамды немесе мигранттардың жалпы санының 84,23%-ын құрады. Облысқа келгендер мен кеткендердің негізгі бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі.Алыс шетел елдерімен оң көші-қон сальдосы қалыптасты: облысқа 21 адам келіп, 3 адам кетті. Келгендердің негізгі бөлігі Қытайдан, кеткендердің негізгі бөлігі Германияға тиесілі.Өңіраралық көші-қон бойынша келгендер саны 3880 адамды, кеткендер саны 5874 адамды құрады, теріс сальдо – 1994 адам._________________________________________________________________________________________________________________Әдіснамалық түсіндірмелерХалықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы  айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа  шаққанда есептеледі.Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға  есептелінеді.Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың)  орын ауыстыруы.Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны. www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика Әлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің басшысы: С.А. КондратьеваТел. +7 7222 36-25-49 Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1221037?lang=kk
Облыс әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды 15.05.2026
Облыс әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  вице-министрі қызметін атқарған.1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.Мынадай мамандықтар бойынша білімі бар:экономист;заңгер;мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі;мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар магистрі.Мыналарды:М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін;Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін;Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын;Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмәмдады.Еңбек қызметі:1998-2001 жылдары - «Қазнұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің валюта айырбастау пунктінің менеджері;2003-2007 жылдары - «Профиль-Lux» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;2007-2013 жылдары - Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген;2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды;2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі департаменті директорының орынбасары;2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары;2018-2019 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;2019-2021 жылдары – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - Басқарма мүшесі;2023-2026 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1220954?lang=kk
QazTrade: ТМҰ елдері Қазақстанның шикізаттық емес экспорты өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналып келеді 15.05.2026
Түркі мемлекеттерінің ұйымы елдері бүгінде Қазақстан үшін ең қарқынды дамып келе жатқан әрі стратегиялық маңызы жоғары экспорттық бағыттардың біріне айналып келеді. Бұл туралы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров Астанада өткен ТМҰ елдерінің экономикалық интеграциясы мен кооперациясы: өнеркәсіп, АӨК, логистика және цифрландыру салаларындағы жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форум барысында мәлімдеді.Форумға мемлекеттік органдардың, даму институттарының, сауда палаталарының, іскерлік бірлестіктердің, кәсіпкерлер қауымдастығының, логистикалық компаниялардың, инвестициялық құрылымдардың, халықаралық серіктестердің, сондай-ақ түрік кооперативтері мен шетелдік бизнес өкілдерінің қатысушылары жиналды.Іс-шара аясында «Инвестиция тартудың практикалық тетігі ретінде өндірістік, ауыл шаруашылығы, логистикалық және сауда кооперациясының бірыңғай платформасын іске қосу» тақырыбында панельдік сессия өтті.Өз сөзінде Айтмұхаммед Алдажаров экспорттаушыларды қолдау шаралары мен QazTrade-тің қазақстандық өнімдерді сыртқы нарықтарға ілгерілетуге бағытталған практикалық тәсілдерін таныстырды.«Біздің міндетіміз - тек жеткізілім көлемін ұлғайту емес, Қазақстанды тұрақты сапалы өнім ұсынатын сенімді серіктес ретінде қалыптастыратын орнықты экспорттық тізбектер құру», - деді ол.2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен тауар айналымы 12,9 млрд АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,2%-ға өсті. Ал қазақстандық экспорт көлемі 19,9%-ға артып, 9,49 млрд АҚШ долларына жетті. Өсімнің негізгі драйверлері ретінде қосылған құны жоғары өнімдер бидай, күнбағыс майы, металл өнімдері, кондитерлік тауарлар, дайын азық-түлік және минералды су жеткізілімдері бар.Сондай-ақ жиын барысында QazTrade жүзеге асырып жатқан экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары таныстырылды. Олардың қатарында экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу, «Экспорттық акселерация» бағдарламасы, сауда-экономикалық миссиялар, B2B форматындағы кездесулер, цифрлық экспорт құралдары және отандық компанияларды халықаралық маркетплейстерде ілгерілету шаралары бар.2025 жылы іске қосылған «QazTrade Alliance» ұлттық экспорттаушылар альянсына да ерекше назар аударылды. Альянс өндірушілерді, ритейлерлерді, салалық сарапшылар мен мемлекеттік институттарды біріктіріп, отандық компанияларды сыртқы нарықтарға кешенді түрде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Бұл қолдау маркетинг пен сертификаттаудан бастап логистика мен шетелдік серіктестерді іздеуге дейінгі барлық бағыттарды қамтиды.QazTrade өкілдерінің айтуынша, ТМҰ елдері арасындағы кооперацияны дамыту тек саудамен шектелмеуі тиіс. Ол бірлескен инфрақұрылым қалыптастыру, бірыңғай цифрлық шешімдерді енгізу, келісілген логистикалық тәсілдер мен тұрақты өндірістік байланыстарды дамыту арқылы жүзеге асуы қажет.Форум барысында қатысушылар ТМҰ елдерінің бірыңғай кооперациялық платформасын құру перспективаларын да талқылады. Аталған платформа өндірушілерді, фермерлерді, қайта өңдеушілерді, логистикалық операторларды, сауда желілері мен инвесторларды біріктіретін тиімді тетікке айналуы мүмкін.QazTrade бұл бастаманы іске асыру үшін экспортқа дайындық диагностикасынан бастап экспорттық мәмілелерді цифрлық сүйемелдеуге дейінгі өз әдіснамасы мен платформалық шешімдерімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1220955?lang=kk
300-ден астам жауынгерлік ұшу: 15 мамыр — тұңғыш қазақ әйел-ұшқышы Хиуаз Доспанованың туған күні 15.05.2026
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары туралы тарихи жадыны сақтауға ерекше мән береді. Солардың ішінде ерлігі, қайсарлығы және Отанға адал қызмет етудің символына айналған қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың есімі ерекше орын алады.Аты аңызға айналған Хиуаз Доспанованың есімі елдің қаһармандық шежіресімен тығыз байланысты.Ол 1922 жылғы 15 мамырда Гурьев (қазіргі Атырау) облысында дүниеге келген. Жастайынан Хиуаз аспанды арман еткен. Ол Орал қаласындағы №1 орта мектепті үздік тәмамдап, жергілікті аэроклубтан запастағы ұшқыш куәлігін қатар алып шыққан өжет қыз. Осылайша оның арманына бастар алғашқы қадамы жасалды.Ұшқыш болуды мақсат еткен Хиуаз Доспанова Мәскеудегі Н. Е. Жуковский атындағы Әскери-әуе академиясына түсуге талпынды. Алайда тағдыр оны Бірінші Мәскеу медицина институтына алып келеді. Ол оқуға үздік түлектердің бірі ретінде емтихансыз қабылданды.Екінші дүниежүзілік соғысы басталғаннан кейін Хиуаз Доспанова 588-ші түнгі бомбалаушы әуе полкының штурманы болып қабылданды. Ол Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украина мен Беларусь аумағында жауынгерлік тапсырмалар орындады. Соғыс жылдарында батыр ұшқыш үш жүзден астам жауынгерлік ұшу жасады. Екі рет ауыр жараланғанына қарамастан, қайтадан сапқа оралып отырды. Жеңіс күнін Берлин түбінде қарсы алды.Оның ерлігі мен батылдығы Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл ту ордендерімен, «Кавказды қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталды. 2004 жылы оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.Соғыстан кейін Хиуаз Қайырқызы қоғамдық қызметін белсенді жалғастырып, азаматтық авиацияны дамытуға және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге зор үлес қосты. Ол қайсар ерік-жігер мен борышқа адалдықтың символына айналды.Хиуаз Қайырқызы 2008 жылғы 20 мамырда дүниеден өтіп, Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді. Оның өмір жолы ұлттық тарихи жадының бір бөлігіне айналып, Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандық әйелдердің жанқиярлығының жарқын үлгісі болып сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1220576?lang=kk
Астана мен Әбу-Даби консулдық саладағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады 15.05.2026
Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрлігі арасында кезекті консулдық консультациялар өтті. Аталған іс-шараға екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ведомстволарының өкілдері қатысты.Қазақ делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, ал Әмірліктер делегациясын БАӘ СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Рашид Рахма басқарды.Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы консулдық саладағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, өзара сенім, стратегиялық серіктестік және халықаралық құқық қағидаттарына негізделген байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады. Сондай-ақ, ҚР мем БАӘ азаматтарының визасыз жүріп-тұруы туралы келісімнің сауда-экономикалық, инвестициялық және іскерлік байланыстарды дамытудағы маңызды рөлі ерекше атады.Консультациялар аясында көші-қон, консулдық заңдастыру, құжаттарды өзара тану және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерімен қатар, консулдық қызметтерді цифрландыру, ЖИ элементтерін енгізу және смарт-сервистерді дамыту тақырыптарына ерекше назар аударылды.Осы тұрғыда тараптар мемлекеттік қызметтерді заманауи технологиялар арқылы жетілдіру, азаматтарға көрсетілетін консулдық көмектің жеделдігі мен тиімділігін арттыру және де цифрлық шешімдер арқылы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасып, Астана мен Әбу-Даби цифрлық трансформация және интеллектуалды мемлекеттік сервистерді дамыту бағытындағы тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделілік танытты.Консультациялар қорытындысы бойынша делегация басшылары келіссөздердің сындарлы әрі мазмұнды өткенін атап өтіп, тұрақты ақпарат алмасуды жалғастыруға уағдаласты.Тараптар келесі консулдық консультацияларды өзара келісілген мерзімде Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізу ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1220496?lang=kk
Қазақстан армиясы заманауи қауіп-қатерлерге сай жауынгерлік даярлық жүйесін жаңғыртуда 15.05.2026
Алматы өңірлік гарнизонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің жетекшілігімен оқу-әдістемелік жиындар өтуде.Іс-шара барысында заманауи қарулы қақтығыстар жағдайына бейімделген жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру мәселелеріне басымдық берілу үстінде. Жиынға Қарулы күштердің әртүрлі түрлерінің, Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің өкілдері қатысып жатыр. Жұмыс орындалатын міндеттердің ерекшеліктеріне қарай бес бағыт бойынша ұйымдастырылған. «Бітімгер» оқу орталығында әскерлерді даярлаудың жаңартылған тәсілдері таныстырылып, бригаданың күнделікті қызметін жоспарлау тәртібі бойынша көрсетілім сабақтары өткізілді.Сержанттық құрамды дамытуға ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілер үшін бөлімшелерді басқарудағы цифрлық шешімдерді қолдану бойынша практикалық сабақтар және қазіргі заманғы ұрыс жағдайындағы байланыс пен басқаруды ұйымдастыру мәселелеріне арналған дәрістер ұйымдастырылды.Жиын аясында Қорғаныс министрлігі, Бас штаб және Қарулы күштер басшылық құрамының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар әуе шабуылына қарсы қорғаныс, тактикалық бөлімшелер мен зымыран әскерлерін қолдану, радиоэлектрондық күрес және ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану мәселелерін талқылады.Сонымен қатар қазіргі қауіп-қатерлерді ескере отырып, әскерлерді инженерлік, техникалық және тылдық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.Жиын қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров қазіргі заманғы ұрыс қимылдары әскерлерді даярлау жүйесін үздіксіз жетілдіруді, жауынгерлік машық деңгейін арттыруды және жеке құрамның дене дайындығын жаңа жағдайларға бейімдеуді талап ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1220542?lang=kk
Алматы облысында қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласына 148,8 млрд теңге инвестиция салынады 14.05.2026
Алматы облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласында жалпы құны 148,8 млрд теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Димаш Қожабеков мәлімдеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңірде санитарлық тазалау және стихиялық қоқыс үйінділерін жоюмен қатар, жеке инвестицияларды тарта отырып, қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи толыққанды жүйесін қалыптастыруға басымдық берілуде. Жоспарланған жобалар қатарында электр энергиясын өндіретін қоқыс жағу зауытының құрылысы, тағам қалдықтарын өңдеу кешенін іске қосу, қоқысты сұрыптау кешені мен биоэлектр станциясын салу көзделген.Сонымен қатар өңірде қайталама шикізатты қайта өңдеумен айналысатын бірқатар кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда Алматы облысында пластик, макулатура, шыны және тозған автодөңгелектерді сұрыптап, қайта өңдейтін 6 ірі және бірнеше шағын кәсіпорын бар. Олар жыл сайын 184 мың тоннадан астам қалдықты сұрыптап, қайта өңдейді. Атап айтқанда, пластик қалдықтарын «P.T.Z.» компаниясы, макулатураны — «Kz.Recycling» кәсіпорны өңдейді. Шыны қалдықтарын жинау және қайта өңдеумен «Almaty Steklo» мен «Qazaq Glass Company» айналысады. Ал тозған автодөңгелектерді «Эко Технология» және «Urban Core Beverly Hill Group» компаниялары қайта өңдейді.Бұдан бөлек, өңірде жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. «KazRez» компаниясы автодөңгелек қалдықтарын қайта өңдеу өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Жобаның құны – 48 млрд теңге. Жаңғырту жұмыстарынан кейін кәсіпорын жылына 40 мың тоннаға дейін қалдық өңдей алады.Еңбекшіқазақ ауданында «Guangdong Suchun» компаниясы құны 3 млрд теңге болатын қоқыс өңдеу зауытын салып жатыр. Сондай-ақ Қарасай ауданында «Kaz Waste Conversion» компаниясы құны 15,5 млрд теңге болатын қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу кешенінің құрылысын жүргізуде.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы көгалдандыру және экологиялық инфрақұрылымды дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері облыста 103 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бүгінде өңірде жалпы аумағы 69 мың гектардан асатын 20-дан астам экопарк жұмыс істейді. Сонымен қатар экологиялық және туристік аймақтарды құру бойынша жаңа жобалар іске асырылуда.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматы облысында 2024–2029 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде: елді мекендерді санитарлық тазалау, стихиялық қоқыс орындарын жою, қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамыту және көгалдандыру. Экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыс аумағында 9 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды. Ал 2026 жылы аумақтарды санитарлық тазалауға жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жаңа инвестициялық жобалар іске асырылуда», – деді Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Димаш Қожабеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1220417?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жоғары деңгейдегі сапардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 14.05.2026
Қазақстанға Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келуіне байланысты қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және салтанатты қарсы алу рәсіміне Әуе қорғанысы күштерінің, әскери полицияның және Арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері, әскери техникасы мен авиациясы тартылды.Бөлімшелер күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Міндеттерді орындауға заманауи әскери және арнайы техника, сондай-ақ авиация жұмылдырылды. Түркия мемлекеті басшысының әуе кемесін Қазақстанның әуе кеңістігінде алып жүру үшін Әскери-әуе күштерінің үш Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы тартылды. Сонымен қатар Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары көрсетілімдік ұшу орындап, аспанды Түркия туының түстеріне бояды. Ал елордалық авиациялық базаның тікұшақтары Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік туларын салтанатты түрде әуеде алып өтті.Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері жол қозғалысын реттеуді, делегацияларды бағыттар бойынша алып жүруді және маңызды нысандарды күзетуді қамтамасыз етуде.— Біздің бөлімшелер жол қозғалысын реттеу, нысандарды күзету және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді толық көлемде орындауда. Жеке құрам кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын және қойылған міндеттерді мінсіз орындауға бағытталған, — деді Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының бастығы полковник Нұрбол Алтынбеков.Іс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі және басқа да құқық қорғау органдарымен тығыз үйлесімде өткізіліп, мемлекеттік қауіпсіздік жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1220431?lang=kk
Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесте апелляциялық комиссиялардың жұмыс қорытындылары мен бағалау қызметіне қатысты заң жобасы талқыланды 14.05.2026
ҚР Қаржы министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында апелляциялық бөлімшелердің қызметі мен «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыруларды жетілдіру мәселелері пысықталды. Отырысқа қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ министрлікке қарасты құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.Оның барысында Ішкі мемлекеттік аудит апелляциясы департаментінің 2025 жылдағы қызмет нәтижелері қаралды. Айталық, былтыр 100 отырыс өткізіліп, камералды бақылауға байланысты 621 қарсылық және аудиторлық есептерге қатысты 139 қарсылық берілді.Комиссия жұмысының басты назары аудит нысандарының өтініштері мен қарсы шағымдарды объективті және ашық қарауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот дауларының санын азайтуға бағытталғанын айта кеткен орынды. Жыл қорытындысы бойынша даулы мәселелердің дені сотқа дейінгі кезеңде реттеліп, бұл 229 жағдайда жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.Бұған қоса апелляциялық қарау процестерін цифрландыру, апелляциялық комиссияның құзыреттерін жетілдіру мен ішкі мемлекеттік аудиттің сапасын арттыру шаралары талқыланды.Апелляциялық департамент директоры 2024-2025 және 2026 жылдың 1 тоқсанындағы салық және кеден дауларына қатысты жұмыс қорытындыларын таныстырды. Мәселен, ашықтықты нығайту мақсатында Қаржы министрлігінің ресми сайтында 1 116 шешім, сондай-ақ «Қазақстандағы салықтар» бизнес қауымдастығының интернет-ресурстарында, «Учет KZ», «Параграф» ақпараттық жүйесінде және Қазақстандық кеден брокерлері (өкілдері) қауымдастығында 732 шешім орналастырылды. Ал отырыстарда салық төлеушілердің 377 өкілі мен СЭҚ қатысушылары тікелей өздері болған.Қолға алынған кешенді шаралар аясында мәмілелерді салықтық тексерулер үшін дәрменсіз деп тануға байланысты өлшемшарттардың тізбесі әзірленді. Бұдан басқа салық және кеден тексерулерін жүргізу кезінде жіберілген кемшіліктер үшін 35 лауазымды тұлға, оның ішінде тексеру жүргізген 19 маман, басқармалардың 5 басшысы және бөлімдердің 11 басшысы жауапқа тартылды. Одан бөлек заңнамадағы кереғарлықтың алдын алуды көздейтін ҚҚС қайтару ережелері мен тұтастай ҚҚС қайтару мәселелеріне қатысты Салық кодексіне енгізілген өзгерістер де қаралғанын атап өткен жөн.Сонымен қатар «Бағалау қызметі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы да таныстырылды. Заң жобасы кедергісіз, тәркілеусіз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз қызметтердің бірыңғай нарығының жұмысын қамтамасыз ететін жалпы тәсілдер нормаларын имплементациялауға, сондай-ақ бағалау қызметі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.Маңызды құжат заңнаманы жақсартуға бағытталған құқық қолдану практикасына сәйкестендіруді қамтамасыз ететін нормаларды нақтылау мен оңтайландыру бөлігіндегі басқа да түзетулерді қамтиды.Мүлікті бағалау жөніндегі қызметтердің бірыңғай нарығына байланысты түзетулерді қабылдау отандық бағалаушылардың халықаралық нарыққа шығуына, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеңістігінде кәсіби қызмет мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ отандық мамандардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1220464?lang=kk
Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісін дамытуға 39 млрд теңге инвестиция тартылады 14.05.2026
Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-ның директоры Шен Яшар өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Келісім Астана қаласында өткен «Қазақстан – Түркия» бизнес-форумы аясында жасалды. Келіссөз негізінде аталған фармацевтикалық зауытты кеңейту үшін қажетті іс-шаралар айқындалды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды өндіретін түркиялық компания Іле ауданында орналасқан. Зауытта жылына 24 млн дана дәрі-дәрмек өндіріледі. Қазірдің өзінде 250 адам тұрақты жұмыс істеуде. Бүгінгі келісім барысында жобаны одан әрі дамыту мәселесі пысықталды. Яғни, 2026-2032 жылдар аралығындағы инвестиция көлемі кемінде 39 млрд теңге болады деп жоспарланған. Оның ішінде, 8,85 млрд теңге қатты дәрі-дәрмек өндірісін жаңғыртуға, 30,15 млрд теңге инновациялық биотехнологиялық дәрілерді шығаратын модульдік блок құрылысына жұмсалады. Жылына 300 млн қатты және 1,5 млн биотехнологиялық дәрі өндірілмек. Бұл онкология, аутоиммундық, жүрек-қантамыр, сирек және психоневрологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі.Жоба негізгі капиталға ұзақ мерзімді инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми-технологиялық құрылғыларды дамытып, мамандардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік маңызы бар дәрілерді жергілікті жерде өндіруге, импортқа тәуелділікті азайтып, экспорт әлеуетін арттыруға оң ықпал етеді деп күтілуде.Айта кетейік, 2022-2026 жылдар аралығында Алматы облысы мен Түркия елі арасында 53 кездесу өткізілді. Нәтижесінде логистика, тұрмыстық техника өндірісі, кондитерлік және фармацевтикалық өнім өндіру салалары бойынша құны 97,9 млрд теңге болатын 5 жоба іске асырылып, 2 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында «Kucukler Holding», «Якар», «Хамле Компани ЛТД», «СП Кока-Кола Алматы Боттлерс» сияқты ірі компаниялар бар. Сондай-ақ «MES Story Invest» ЖШС-мен бірлескен жоба іске асырылу сатысында.Өткен жылы Алматы облысы мен Түркия Республикасы арасындағы тауар айналымы 230,8 млн АҚШ долларына жетті. Импорт көлемі 222,8 млн АҚШ долларын, ал экспорт 7,9 млн АҚШ долларын құраған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1220166?lang=kk
Қазақстан мен Ұлыбритания сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады 14.05.2026
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың Ұлыбританияның Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі сауда комиссары Дэвид Ридпен кездесуі өтті.Кездесу барысында қазақ-британ сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестігін одан әрі нығайту перспективалары, сондай-ақ Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы отырысы күн тәртібінің басым бағыттары талқыланды.Екіжақты сауданың оң серпіні және оны одан әрі арттырудың айтарлықтай әлеуеті атап өтілді. Осы тұрғыда Қазақстан Ұлыбританияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі екені атап көрсетілді: Ұлыбританияның өңір елдерімен шамамен 5 млрд фунт стерлинг көлеміндегі саудасының 2,7 млрд фунт стерлингке жуығы Қазақстанға тиесілі.Маңызды пайдалы қазбалар, энергетика, инфрақұрылым, көлік және логистика, қаржылық қызметтер, цифрландыру, жасанды интеллект және білім беру салаларындағы инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды. Қазақстанның стратегиялық орналасуын және Еуропа мен Азия арасындағы орнықты жеткізу тізбектерін қамтамасыз етудегі рөлін ескере отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытудағы ынтымақтастық әлеуеті жеке атап өтілді.Сонымен қатар Қазақстандағы инфрақұрылымдық, энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру үшін британдық тәжірибе мен қаржылық құралдарды тарту мүмкіндіктері қарастырылды. Осы тұрғыда ратификацияланған Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім нақты өзара тиімді жобаларды ілгерілетуге, институционалдық өзара іс-қимылды кеңейтуге және екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттары бойынша уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға қолайлы негіз қалыптастыратыны атап өтілді.Кездесу барысында гуманитарлық және білім беру салаларындағы байланыстардың жандануы, соның ішінде Қазақстанда британдық университеттердің қатысуының кеңеюі атап өтілді. Білім беру, кадрлар даярлау және инновациялық экожүйені дамыту ұзақ мерзімді экономикалық әріптестіктің маңызды элементтері ретінде белгіленді.Кездесу қорытындысы бойынша қазақ-британ стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдетуге, өзара сауданы кеңейтуге және қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға дайындық расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1220051?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті 14.05.2026
2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі заң департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерді адал орындау, заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау бөлігіндегі негізгі талаптар қарастырылды. Заңдылық қағидаттарын сақтау, мемлекеттік мүдделердің басымдығы, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі нормаларын сақтау, тексерулер жүргізу және іссапарлар кезіндегі мінез-құлық мәдениетіне қатысты талаптар қосымша түсіндірілді. Сонымен бірге қызметкерлерге кемсітушілікке жол бермеу, еңбек тәртібі мен жұмыс режимін сақтау, құмар ойындарға қатысуға және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуға тыйым салу туралы еске салынды.Іс-шара аясында әрбір мемлекеттік қызметшінің адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаттарын сақтау жөніндегі жеке жауапкершілігінің маңыздылығына назар аударылды. Қосымша ретінде адалдық, ар-ождан және қоғамға қызмет ету туралы белгілі ойшылдардың өнегелі бағдарлары мен нақыл сөздері келтірілді.Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті одан әрі нығайту, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1220009?lang=kk
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Жамбыл облысының өндірістік әлеуетімен танысты 14.05.2026
Жұмыс сапары аясында Айдар Ахметбекұлы өңір кәсіпкерлерімен кездесіп, бірқатар өндіріс орындарын аралады, сондай-ақ «Ауыл Береке Көтерме» орталығының жұмысымен танысты.Кездесу барысында сауда саласын дамыту, отандық өнім өндірушілерін қолдау, цифрлық шешімдерді енгізу және экспорт көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.Вице-министр «Сәуле» кондитер фабрикасы» ЖШС, «Полиэтилен Агро» ЖШС және «Rano comfort service» ЖШС кәсіпорындарын аралап, олардың жұмыс барысымен танысты. Аталған кәсіпорындар ішкі нарықты өніммен қамтып қана қоймай, өз тауарларын шетел нарығына да экспорттап келеді.Сапар қорытындысында вице-министр Жамбыл облысында өнеркәсіп саласының қарқынды дамып келе жатқанын әрі өңірдің инвестициялық әлеуеті жоғары екенін атап өтті.Бүгінде аймақта жүзеге асып жатқан жобалар нақты нәтиже беруде: экспортқа бағытталған өнім түрлері артып, жергілікті өндірушілердің ТМД және алыс шетел нарықтарындағы бәсекеге қабілеті күшейіп, жаңа жұмыс орындары құрылуда.Министрлік алдағы уақытта да мұндай бастамалардың ауқымын кеңейтуге қолдау көрсетуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1219950?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына Алматының бір жарым мыңнан астам оқушысы қатысты 14.05.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы қаласында бір жарым мыңнан астам оқушы мен жастардың қатысуымен ауқымды патриоттық акция өткізді.Кездесулер Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде, №48 лицейде және Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы филиалында өтті. Іс-шараларға қалалық білім басқармасының өкілдері, Қарулы күштер мен Ауған соғысының ардагерлері, педагогтер және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.Қорғаныс ведомствосының өкілдері оқушыларға әскерге шақыру және әскери қызмет өткеру шарттары, мерзімді қызмет сарбаздарына берілетін жеңілдіктер, әскери оқу орындарына түсу тәртібі мен армиялық мансаптың мүмкіндіктері туралы айтып берді.Ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі полковник Даулет Бейсековтің айтуынша, бүгінде әскери қызмет жастарға кәсіби және тұлғалық дамуға кең мүмкіндік береді.– Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім беру жеңілдіктері қарастырылған. Ал жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер мемлекеттік грант есебінен тегін жоғары білім ала алады, – деп атап өтті ол.Акция қатысушылары Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейіне ерекше назар аударды. Мұнда аты аңызға айналған қолбасшыға арналған музей жұмыс істейді және робототехника бағыты қарқынды дамып келеді. 5–8 сынып оқушылары бағдарламалау, құрастыру және түрлі механизмдердің жұмыс істеу қағидаларын меңгеруде.Оқу орнында «Жас сарбаз» сыныбы да жұмыс істейді. 7-сынып оқушысы Алина Серіктің айтуынша, әскери-патриоттық сыныпта оқу оны тәртіпті әрі жауапты болуға үйреткен.Оқушылар үшін Армия үйінде қару-жарақ пен әскери киімдердің көрмесі ұйымдастырылып, Жауынгерлік даңқ музейіне экскурсия өткізілді. Музей басшысы Алуа Байкадамова мұндай іс-шаралардың жастардың патриоттық тәрбиесіне және тарихи жадыны сақтауға қосатын үлесін атап өтті.Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғашқы әскери дайындық пәнінің бірқатар оқытушылары Қорғаныс министрлігі басшылығы атынан алғыс хаттармен марапатталды.Акция Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Алматы филиалы шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен аяқталды.Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы алдағы уақытта Қонаев және Талғар қалаларында жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1219798?lang=kk
Алматы облысында балық зауыты ашылды 14.05.2026
Алматы облысының Жамбыл ауданында «Kargaly Fish» балық шаруашылығы іске қосылды. Бұл кәсіпорында жылына 200 тоннаға дейін ханбалық (форель) және бекіре тұқымдас балықтар өсіріледі. Жобаның жалпы құны – 450 миллион теңге. Шаруашылықта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Кешеннің ашылу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, жаңа нысан өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстардың бірі екенін атап өтті.«Үкімет қаулысымен бекітілген 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында өңірде инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір облыста тауарлы балық өсірумен 53 шаруашылық айналысады. Олардың жалпы өндірістік қуаты – 11 мың тонна. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығы жыл сайын артып келеді», – деді ол.Кәсіпорында тұйық сумен жабдықтау қондырғысы орнатылған. Көпсатылы сүзгіден өткізу, озондау және ультракүлгін сәулемен залалсыздандыру жүйелері енгізілген. Бұл аурулардың алдын алып, экологиялық таза әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Яғни су сапасы, оттегі мөлшері, температура мен санитарлық жағдай тұрақты бақылауда болады.Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап балық өсіру саласында мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері енгізіліп, акваөсіруді дамыту үшін арнайы субсидия қарастырылған. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктері кеңейтілуде. Өткен жылы бұл салаға жергілікті бюджеттен 380 миллион теңге бөлініп, қаражат толық игерілді. Ал биыл 315 миллион теңге қаржы қарастырылған.Жаңа кешен – Алматы облысында балық өсіру ісінің қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Бұл жоба өңір экономикасын ілгерілетуге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және отандық балық өнімдерінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1219692?lang=kk
Арқалықта «Таза Қазақстан – Таза бұлақ» республикалық форумы өтті 14.05.2026
Арқалық қаласында «Таза Қазақстан – Таза бұлақ» республикалық форумы өтті. Ауқымды іс-шараны Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті ұйымдастырды. Форумға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, еліміздің жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, департамент басшылары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Қалалық мәдениет сарайында өткен форумның салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, қатысушыларға университеттің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін қамтыған арнайы бейнебаян ұсынылды.Форумның ашылуында Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Абзал Ташимов, ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан және университет ректоры Талғат Ещжанов сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының қоғамдағы маңызына тоқталды.Пленарлық мәжіліс барысында экологиялық мәдениет, жастар тәрбиесі, рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамдық жауапкершілік тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасалды.Форумға қатысушылардың бірі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Еркебұлан Нұғыманов мұндай тағылымдық шаралардың жастар тәрбиесіндегі рөлі ерекше екенін атап өтті.Форум аясында ғылым, білім және қоғамдық бастамаларға белсенді үлес қосқан қатысушылар Арқалық қаласы әкімінің және университет ректорының алғыс хаттарымен марапатталды.Сонымен қатар белгілі қолөнер шебері, өлкетанушы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдаұлы жастарға ақ батасын беріп, ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесі жөнінде тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.Пленарлық мәжілістен кейін форум қонақтары университеттің жаңа оқу корпусын аралап, білім ордасының материалдық-техникалық базасымен және инфрақұрылымымен танысты.«Таза Қазақстан – Таза бұлақ» республикалық форумы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қоғамдық алаңдардың бірі болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1219545?lang=kk
Әскери-техникалық мектептің 250-ге жуық курсанты жүргізуші куәлігін алды 13.05.2026
2026 жылдың бірінші кезеңіндегі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК филиалдарында мамандар даярлаудың нәтижелері осындай.Аттестаттау қорытындысы бойынша оқытудан кейін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 248 адам «В», «С» және «С1» кіші санаттағы жүргізуші куәліктерін алды. Бұл оқытылғандардың жалпы санының 95% құрайды.Әскери-техникалық мектептер оқытушыларының үйлесімді және әдістемелік жұмысымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн.Корпорация қызметкерлері тарапынан уақтылы және кәсіби қолдаудың арқасында болашақ Отан қорғаушылардың жүргізуші куәліктерін алу үшін емтихан тапсыру рәсімдерінің өзара тиімді іс-әрекеті мен жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.Мемлекеттік корпорация өкілдерімен кездесуде Әскери-техникалық мектеп басшылығы Қарулы күштерге мамандар даярлау ісіне қосқан зор үлесі мен өзара тығыз іс-қимылы үшін ерекше ризашылығын білдірді.2026 жылдың бірінші кезеңінде әскери-техникалық мамандарды даярлау нәтижелері бойынша Әскери-техникалық мектептердің 13 филиалы арасында рейтингте Талдықорған филиалы көш бастады. Екінші орында – Өскемен, үшінші орында – Қарағанды филиалы алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1219238?lang=kk
Алматы облысының әкімі Үкімет басшысына «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндады 13.05.2026
Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді. Жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, өңірде экологиялық бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарды баяндады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңірде 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан бері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға 271,1 мың адам қатысып, 6,4 мың тонна қоқыс жиналған. Облыстағы жалпы 8,8 мың кәсіпорын мен бизнес субъектілері үшін өз аумақтарын күтіп ұстау және тазарту жұмыстары бойынша кесте бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.– «Тазалық күндері» деп жарияланған мерекелік демалыс күндері өңірдегі демалыс орындарында, саябақтар мен аулаларда 70 мың адамның қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1,4 мың тонна қоқыс жиналып, 20 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Сондай-ақ акциялар аясында 98,1 мың түп ағаш егілді. Бұл ретте, жыл сайын қарағаш тұқымдарын жинау жұмыстары қолға алынған. Биыл 15 тонна тұқым жиналып, елді мекендерде отырғызу кезеңі басталды, – деді Марат Елеусізұлы. Сондай-ақ облыс басшысы экопарк құру жұмыстарына да тоқталды.Айтуынша, бүгінде облыс аумағында 69,5 мың гектар аумақты қамтитын 20 экопарк жұмыс істейді. Биыл аумағы 10 гектарды құрайтын «Барыс», сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен 8,5 гектар жерге «Aykan Resort» және аумағы 5,5 гектар болатын «Tal Resort» экопарктері пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, 2027 жылы 4 гектар аумақты қамтитын «Көшпенділер» экопаркін іске қосу жоспарлануда.Облыс әкімінің мәлімдеуінше, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты сақтау үшін медиажоспар бекітілген. 2026 жылдың басынан әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жалпы 8,5 мыңнан аса ақпарат жарияланып, 129 баннер орнатылған. Сонымен қатар экологиялық білім беруді дамыту мақсатында бір мезетте өңірдегі 439 мектептің 360 мыңнан астам оқушысы «Болашақты бірге отырғызайық» акциясына қатысып, ағаш тұқымдарын септі. Бұл үрдіс жыл сайын дәстүрге айналып, үшінші жыл қатарынан өткізілді. Қазіргі таңда себілген тұқымның 60 пайыздан астамы өніп шығып, мектеп аулаларына отырғызылды.– Экологиялық волонтерлікті дамыту және жастарды қоғамдық бастамаларға тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері 8 мыңнан астам жастың қатысуымен 120-дан аса экологиялық іс-шара өткізілді. Бұдан бөлек, биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Ауыл айнасы» байқауын өткізу жоспарлануда. Тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатылып, бүгінде телеграм-ботқа 1446 өтініш түссе, оның 1177-сі орындалды, 263-і қайтарылды, 6 өтініш – орындалу сатысында, – деді Марат Сұлтанғазиев. Сондай-ақ инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру бағытында атқарылған жұмыстар жайын да баяндады. Мәселен, өткен жылы «Freedom Holding» компаниясының жеке қаражаты есебінен Қонаев қаласындағы №5 жағажайдың 1 шақырым аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ №6 және №7 коммуналдық жағажайлары және Қаскелең өзенінің бойында абаттандыру ісі қолға алынған. Биыл Кеген ауданындағы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Райымбек ауданындағы «Тас Төбе» жотасы және «Тұзкөл» көлінде абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Марат Сұлтанғазиев қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытындағы инвестициялық жобаларды да таныстырды.Өңірдегі «Kaz Rez» компаниясы – шина қалдықтарын толық цикл бойынша өңдейтін кәсіпорын. Жылына 30 мың тонна қалдықты өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлауда. Бұдан бөлек, Еңбекшіқазақ ауданында «Гуандун Сучунь» компаниясы қоқыс өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 2026 жылдың соңында іске қосылады. Сондай-ақ Қарасай ауданы Әйтей ауылында «Kaz Waste Conversion» компаниясы қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытының құрылысын бастады. Сонымен қатар Іле ауданындағы «Food Waste» компаниясы тағам қалдықтарын өңдейтін кешен салуды көздеуде. Осы жылдың соңында іске қосылады деп жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1219268?lang=kk
Еңбек ардагері Стахан Белғожаев I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды 13.05.2026
Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, «Мойнақ» ГЭС-інің салынуына ұйытқы болған инженер-энергетик Стахан Белғожаев I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев табыстап, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Стахан Белғожаев еңбек жолын 1962 жылы Шардара су электр стансасының құрылысында бастап, кейінгі жылдары еліміздегі бірқатар ірі стратегиялық нысандардың жүзеге асуына тікелей атсалысты. Оның қатысуымен және басшылығымен Қапшағай, Мойнақ, Ақтоғай су электр стансалары, Бестөбе, Бартогай су қоймалары, Үлкен Алматы каналы секілді ел үшін маңызы зор жобалар іске асырылды. Бұл нысандар энергия, су ресурстарын тиімді басқаруға, суармалы егіншілікті дамытуға және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыруға үлкен серпін берді.Сонымен қатар ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында да елеулі еңбек етті. Оның басшылығымен ірі өндіріс кешендері, заманауи жылыжайлар, қайта өңдеу кәсіпорындары салынды. Осы еңбегі ескеріліп, Президент жарлығымен мемлекеттік марапат табысталды. Қасым-Жомарт Тоқаев қарт құрылысшыны 90 жас мерейтойымен құттықтап, зор еңбегін ерекше атап өткен.«Жұртшылық өзіңізді еңбек ардагері, ел ағасы ретінде ерекше құрметтейді. Сіз ұзақ жыл бойы түрлі жауапты қызметті абыроймен атқарып, Жетісу өңірін көркейтуге мол үлес қостыңыз. Көптеген нысандардың бой көтеруіне ұйытқы болып, құрылыс саласында жемісті жұмыс істедіңіз. «Мойнақ» су электр стансасын іске қосуға атсалысып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға зор еңбек сіңірдіңіз. Ғибратты өмір жолыңыз өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болары сөзсіз. Әрдайым халықтың сый-құрметіне бөлене беріңіз», – делінген Ақордадан келген хатта. Марат Елеусізұлы өз сөзінде еліміздің энергетика және құрылыс саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдеріне алғысын жеткізіп, Стахан Белғожаевқа «Барыс» орденін тақты. «Алматы облысы – бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары, инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқан өңірлердің бірі. Алайда бұл жетістіктер бір күнде қалыптасқан жоқ. Оның негізінде ондаған жылдар бойы жүргізілген жүйелі жұмыс, өндірістік мәдениет және сіздердің қажырлы еңбектеріңіз жатыр.Энергетика мен құрылыс – кез келген мемлекеттің дамуын айқындайтын стратегиялық салалар. Осы бағыттарда жүзеге асқан ірі жобалар өңірдің ғана емес, тұтас елдің экономикалық әлеуетін айқындады. Өткен ғасырда қолға алынған Қапшағай және Мойнақ су электр стансаларының құрылысы – соның айқын дәлелі. Осындай игі істерге үлесін қосқан азаматтардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.Осы орайда өмірін Қазақстанның құрылыс және гидроэнергетика салаларын дамытуға арнаған көрнекті инженер, білікті ұйымдастырушы және тәжірибелі басшы Стахан Белғожаевты ерекше атап өткен жөн. Оның еңбек жолы – кәсібіне адалдықтың, жоғары жауапкершіліктің және елге қызмет етудің жарқын үлгісі. Берілген марапат тек бір азаматтың ғана емес, тұтас буынның еңбегіне берілген құрмет деп білемін. Бұл – көпжылдық қажырлы қызметтің, кәсіби шеберліктің және ел дамуына қосқан зор үлестің жоғары бағасы. Осындай тұлғалардың табанды еңбегі мен өмірлік тәжірибесі бүгінгі болашақтың негізін қалыптастырды», – деді облыс әкімі.Шара барысында Стахан Белғожаевтың замандас достары, шәкірттері естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілегін арнады. Ал марапат иесі қуанышымен бөлісіп, құттықтаған жандарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.Ғұмыр жолын ел дамуына арнаған, қажырлы еңбек пен табандылықтың үлгісі болған Стахан Белғожаевтың ерен еңбегі жас ұрпаққа үлгі және қашанда құрметке лайық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1218980?lang=kk
Серік Жұманғарин ТМҰ елдерінің бизнес-форумын ашты 13.05.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ТМҰ елдерінің экономикалық интеграциясы және кооперациясы: өнеркәсіптегі, АӨК-тегі, логистика мен цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форумның ашылуына қатысты.Форум Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің мемлекеттік органдарының, қаржы институттарының, сауда-өнеркәсіп палаталарының, халықаралық ұйымдардың, бизнестің өкілдерін біріктірді.Серік Жұманғарин өз сөзінде ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыттың бірі болып қала беретінін атап өтті.Оның айтуынша, ТМҰ елдері 170 млн-нан астам халқы бар нарық қалыптастырып, айтарлықтай өнеркәсіптік, көліктік, аграрлық және адами әлеуетке ие болып отыр.Әлемдік экономиканың жаһандық трансформациясы және инвестиция, технология мен логистикалық маршрут үшін бәсекелестік күшейген кезде, іс жүзіндегі экономикалық кооперация ерекше маңызға ие. Осыған байланысты, вице-премьер атап өткендей, декларациялардан бірлескен жобаға, жаңа өндіріске, технологиялық альянстар мен өзара инвестицияларға көшу негізгі міндет болып саналады.«Қазақстан түркі мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын тереңдетуді дәйекті түрде қолдайды. Біз өнеркәсіптік кооперацияны, бірлескен агроөнеркәсіптік жобаларды, көлік-логистикалық дәліздерді, цифрлық платформаларды және электрондық сауданы дамытуда үлкен әлеуетті көріп отырмыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. Сөз сөйлеу барысында Түркі инвестициялық қорының қызметіне ерекше назар аударылды. Вице-премьердің айтуынша, Қазақстан ТИҚ-ты ТМҰ елдерінің бірлескен жобаларын қолдаудың негізгі қаржылық тетігінің бірі ретінде қарастырады. «Қазақстан үшін Түркі инвестициялық қоры тек қаржы институтына ғана емес, өзара сауданың өсуіне, жаңа өндіріс құруға және елдеріміз арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін толыққанды экономикалық интеграция платформасына айналуы маңызды», — деп атап өтті ол.Бастапқы кезеңде Түркі инвестициялық қоры бірлесіп қаржыландыру жобаларына $20 млн-нан бастап бағыттауға дайын. Қазіргі уақытта Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруға қордың қатысуы бойынша келіссөз жүргізілуде.Серік Жұманғарин Транскаспий халықаралық көлік бағытын қосқанда, тұрақты көлік маршрутын дамытудың, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы транзит пен сауданың мүмкіндігін кеңейтетін теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғыртудың маңыздылығына назар аударды.Вице-премьер цифрландыру саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті. Оның айтуынша, ТМҰ елдері IT-секторды, стартап-экожүйелерді, цифрлық сервистерді, жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді бірлесіп дамыту үшін көптеген мүмкіндікке ие. Осыған байланысты ол форумға Astana Hub, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және басқа да даму институттары өкілдерінің қатысуын құптады.Серік Жұманғарин атап өткендей, ТМҰ елдерінің бизнес-қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше баса мән беру қажет.«Кәсіпкерлер осы интеграциялық процестердің негізгі қозғаушы күші болып саналады. Сондықтан бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасап, кедергілерді азайту, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, бірлескен бастамаларды қолдап, іскерлік байланыстарды нығайту маңызды», — деп атап өтті ол.Вице-премьер сөзінің соңында Түркі мемлекеттері ұйымына, Түркі мемлекеттері сауда-өнеркәсіп палаталары одағына, «Атамекен» ҰКП-ға, сондай-ақ форумның барлық әріптестері мен ұйымдастырушыларына бірлескен жұмысы және аймақ елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1218873?lang=kk