Enbekshi QazaQ

Қуқық

Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды 11.12.2024
ҚР Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ақышов Алмат Талғатұлы Өскемен қаласы әкімінің лауазымына тағайындалды.Ол - Шығыс Қазақстанның тумасы. Өскеменде өсіп, еңбек жолын да осында бастаған. Әр жылдары туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында, ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет атқарды. Ұлан ауданы аппаратының басшысы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды. Соңғы екі жылда Күршім ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді. Еңбек өтілі 14 жылды құрайды, оның 12 жылы мемлекеттік қызметте өтті. Сондай-ақ Алмат Талғатұлы Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, оның өңірлерді дамыту саласы бойынша магистрлік дәрежесі де бар.Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Алмат Ақышовтың экономика, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мол тәжірибесін ескеріп, оған облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамытуды қамтамасыз етуде зор жауапкершілік артылатынын атап өтті.Аймақ басшысы жаңа тағайындалған әкімге экология мен көшелерді жарықтандыру мәселелерін назарға ала отырып, қаланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар экономика, құрылыс, абаттандыру және әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды аяқтауды жүктеді.Туристік әлеуетті арттырып, облыс орталығының келбетін жақсарту үшін бизнес нысандардың бірыңғай дизайн-кодын енгізу туралы ұсыныстар дайындау тапсырылды.Сондай-ақ облыс әкімі қаланың маңызды әрі серпінді жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартып, осы және басқа да тапсырмалар жөнінде тиісті жол картасын дайындап, тез арада бекітуге ұсынуды жүктеді.- Қала тұрғындары өз ауызбіршілігін көрсетіп, Өскеменнің өзекті мәселелерін шешуге белсене атсалысады деп ойлаймын, - деді Ермек Көшербаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/900757
Үржар ауданында медицина пункті ашылды 11.12.2024
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Үржар ауданының Лайбұлақ ауылында жаңа медициналық пункт ашылды. Бұл медпункттің ашылуы ауыл тұрғындарына сапалы амбулаториялық медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді. Жаңа нысан өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ.Медициналық пункт бір мезетте 25 адамды қабылдайды. Нысан дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.Заманауи стандарттарға сай салынған ғимарат ем-шара қабылдау мен физиотерапия кабинеттері, дәріхана және науқастар мен қызметкерлер жайлылығы үшін қажетті басқа да бөлмелермен жабдықталған. Пункт су, жылу желілері, электрмен жабдықталып, пандустар орнатылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/900703
Олжас Құрманбек Абай облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды 11.12.2024
Олжас Құрманбекұлы 1986 жылы 23 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 2008 жылы ҚазГЗУ Алматы заң академиясында «Құқықтану» мамандығын, 2011 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Менеджмент» мамандығын, 2013 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын тәмамдаған, заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілген. Францияның Париж қаласында тағылымдамадан өткен.Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы болып бастаған. Астана қаласында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі заң басқармасының сарапшысы және бас сарапшысы болып жұмыс атқарған. 2014-2020 жылдары «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да заң департаментінің бас заңгері, сатып алу әдіснамасы қызметінің басшысы лауазымдарында еңбек етті. 2021-2022 жылдары Алматы қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды дамыту қызметінің бас инспекторы, 2022 жылы Алматы қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.Тағайындалғанға дейін Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/900750
Астанада «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының есептік концерті өтті 11.12.2024
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өткен мәдени шараға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қолбасшылығының өкілдері, ардагерлер, мәдениет қайраткерлері мен ата-аналар қатысты. Ұйымдастырушылар концертті Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қолбасшы полковник Бауыржан Момышұлының туғанына 114 жыл толуына орайластырды. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов студия тәрбиеленушілерін, педагогтар мен ата-аналарды құттықтап, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелеуде мәдениеттің маңыздылығын атап өтті. – Армия Ұлттық әскери-патриоттық орталығының атынан жас азаматтарға патриотизм рухын оятуға, олардың таланттарын дамытуға белсенді атсалысады. Орталық және оның филиалдарының педагогтары орындайтын миссия болашақ Отан қорғаушыларды тұлға ретінде қалыптастыру және олардың рухын нығайту үшін жұмыс істейді, – деп атап өтті ол.Шығармашылық студияның көркемдік жетекшісі 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекованың айтуынша, «Жас сарбаз» балалар студиясында барлық күш құрылымдарының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының балалары үйірмелерге тегін қатысады. Олармен балетмейстер Ержан Құдайбергенов, вокалдан педагогтар Гүлмира Сейітова, домбыра тартуды – Бауыржан Жолдыбеков, «Шешендік шеберлік» курсының жетекшісі Бақыт Тәжинов жұмыс істейді. – Бұл біздің есеп беру концертіміз. Шараны ұйымдастыруға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Орталық әскери оркестр мен Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблі атсалысты. Балалардың шығармашылыққа бейімділігін дамытуға ұмтылатын ата-аналарға да алғысымыз шексіз, – деді А. Асылбекова.Концерт бағдарламасында «Сарыарқа» және «Адай» күйлері тартылды. «Атшабыс», «Сезім» «Қылықты қыздар», «Киелі қазақ», «Гүлдер», «Дәстүр», «Полет чмеля» хореографиялық композициялары орындалды. Студия вокалистері мен бишілері «Көңілді ән» нөмірін тарту етті. Одан өзге, «Болашақ» вокалдық тобының орындауында «Мама» әні шырқалды. «Он алтын қыз» музыкалық туындысын «Самға» тобының солистері республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Сағын Өмірбайұлымен бірге шырқады. «Достар» вокалдық тобы көрермендерге «ABBA» әнінің әуендерін еске салды. ҰӘПО-ның Орталық ансамблі мен «Жас сарбаз» балалар студиясының би топтары көрермендерді «Ақсауыт» хореографиялық композициясымен тәнті етті. Концерт соңында «Жайна ұлы дала» әнінің әуенімен іс-шараның барлық қатысушылары сахнаға шығып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Естеріңізге сала кетсек «Жас сарбаз» шығармашылық студиясы – қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері. 2024 жылдың маусым айында студияның би ұжымы Қырғызстандағы «Нәресте» халықаралық фольклорлық фестивалінде сәтті өнер көрсетсе, ал тамыз айында 20 би ұжымы арасында Көкшетау қаласында өткен Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпазы атанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/900489
Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа бастық тағайындалды 11.12.2024
Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Турабай Талғат Сайлауұлы Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.Талғат Турабай 1977 жылы Көкшетау облысы, Ленинград ауданында дүниеге келген. Көкшетау университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген. "Қорғау" жұмылдыру курстарынан өтті.1996 жылдан 1998 жылға дейін мерзімді әскери қызметін өтеген. Қарулы күштердегі қызметін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру бөлімінің бастығы болып бастады. Осы бағыт бойынша өңірдің Тайынша ауданындағы бөлімшесін де басқарды.Осы тағайындалғанға дейін Талғат Турабай Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментін басқарған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/900734
Мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен алғаш рет секірді 11.12.2024
Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері 800 метр биіктіктен парашютпен секіруді орындады.Бөлім командирінің әуе-десанттық дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Данияр Сыдықов атап өткендей, парашютпен секіру десанттық-шабуылдау бөлімшелерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына кіреді.– Секіруге жіберілген барлық әскери қызметшілер алдын ала дайындықтан өтті. Парашютті ретке келтіру, әуедегі және қону кезіндегі іс-қимылдарды егжей-тегжейлі зерделеді, – деді подполковник Д. Сыдықов.Арнайы әуе-десанттық кешенінде жаттыққан десантшылардың моральдық-психологиялық жағдайын психологтар бағалады.– Ми-17 тікұшағының бортында бірлесе толқып, біресе бойымды мақтаныш сезімі кернеді. Парашютпен секіргенде өзімді нағыз десантшы сезіндім. Бұл биіктіктен төменге құлдилау сәтін ешқашан ұмытпайтын шығармын, – деді кіші сержант Ержан Лұқпан.Парашютпен секіру – әуе-десанттық дайындығының ең күрделі әрі жауапты кезеңі. Оның сәтті орындалуы жоғары шеберлікті, нұсқаулық ережелерін бұлжытпай сақтауды, батылдықты қажет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/900737
Т. Оспанқұлов мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының жұмысы туралы хабарлады 11.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасы Төлеген Оспанқұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында 2024 жылғы мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының жұмысы туралы айтты.Сөз басында ол әлеуметтік инспекторлар институттары көптеген елдерде бар екенін және азаматтарды әлеуметтік қолдау сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын, сондай-ақ осы саладағы стандарттардың сақталуын нақты бақылай отырып, тиімді және ашық әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Қазақстанда әлеуметтік инспекторлар институты көрсетілетін қызметті берушілердің әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы сақтауын бақылауды күшейту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін 2023 жылғы 1 шілдеде Әлеуметтік кодекс күшіне енген сәттен бастап енгізілді. Бүгінгі таңда халықты әлеуметтік қорғау саласында 111 мемлекеттік инспектор қызмет етуде.«Әлеуметтік қорғау инспекторлары қызметінің негізгі бағыты мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.Әлеуметтік инспекторлардың функцияларына олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік қорғау туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кіреді», - деді Төлеген Оспанқұлов.Әлеуметтік инспекторлар тексеру нәтижелері негізінде бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою, алдын алу, болдырмау және алдын алу бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар шығарады және өрескел бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұл салады.«Бүгінде елімізде 730 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, олар жалпы халық санының 3,6%-н құрайды.2024 жылдың 11 айында әлеуметтік инспекторлар 2 474 тексеру жүргізді, оның ішінде 2 307-і мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша және 167-і арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі –АӘҚ) көрсету бойынша болды. 629 тексеру профилактикалық бақылау шеңберінде, 655 жоспардан тыс және прокуратураның талабы бойынша 1190 тексеріс жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге 949 ұйғарым беріліп, 215 млн теңгеден астам сомаға 961 айыппұл салды. Тексерулермен: 174 әкімдік, 167 АӘҚ көрсету орталығы, 88 емхана мен аурухана, 11 оңалту орталығы, 468 балабақша, 802 мектеп, 144 лицей мен колледж, 110 жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары, 39 сауда үйі, 12 банк және т. б. қамтылған», – деді Төлеген Оспанқұлов.Комитет төрағасы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік бойынша негізгі бұзушылықтар: пандустың болмауы; пандустың көлбеу бұрышының, сондай-ақ есік енінің нормативтерге сәйкес келмеуі; кіру тобында тұтқалардың болмауы; санитариялық-тұрмыстық орындардың бейімделмеуі; мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы тұрақ орындарының, көрсеткіштердің, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қарама-қарсы бағыттаушылардың болмауы болып табылатынын атап өтті.АӘҚ көрсететін кейбір ұйымдарда ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі, сондай-ақ тұрғын үй-жайлар алаңының талап етілетін стандарттарға сәйкес келмеуі анықталды. Бұдан басқа, тамақтану нормалары мен талаптарын сақтау, дәрілік заттарды тағайындау және беру, бейнебақылау камераларын орнату, көрсетілетін қызметті алушылардың жеке істерін жүргізу, штаттық персоналды толтыру, жиһазды, жабдықты, қатты және жұмсақ құралдарды, киім мен аяқ киімді, көлік құралдарын ауыстыру қажеттілігі бөлігінде бұзушылықтар анықталды.Төлеген Оспанқұлов мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғаудың негізгі бағыты объектілерді бейімдеу болып табылатынын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, 2023-2027 жылдарға арналған «Аманат» партиясының жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20%-ы бейімделуге жатады. 2024 жылы 40% немесе 17 325 нысанды бейімдеу жоспарланған 2025 – 60%, 2026 – 80%, 2027 жылы – 100%.«Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 22 166 нысан немесе қол жетімділік картасына енгізілгендер санының 51,8% (жоспар бойынша 40%) толығымен бейімделген. Оның ішінде 3,4 мыңға жуық денсаулық сақтау объектілері, 7,5 мыңнан астам білім беру объектілері, 3,3 мың мекемелер мен ұйымдар, 1,8 мыңнан астам мәдениет объектілері, 4 мыңнан астам сауда, қызмет көрсету, ойын-сауық салалары объектілері және т. б.Сонымен бірге өңірлік аспектіде жоспарлыдан төмен көрсеткіштер Маңғыстау (36%) және Ұлытау (28%) облыстарында байқалды», – деді Комитет төрағасы.Төлеген Оспанқұлов осы жылдың тамыз айында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тексеру парағы бекітілгенін айтты. Осы бағыттар бойынша тексерулер 2025 жылдың басынан басталады.«Әлеуметтік төлемдерді алушыларға уақтылы және дұрыс тағайындау және аудару бөлігінде халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласы тексерілетін болады. Бақылау субъектілері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, сондай-ақ олардың филиалдары болып табылады, олардың қызметі 12 критерий бойынша бағаланатын болады», – деді ол.Қорытындылай келе Төлеген Оспанқұлов Комитет жұмысының тағы бір бағыты 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсететін ұйымдарды лицензиялау болатынын хабарлады.«Лицензиялауды енгізу халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Лицензия беру кезінде материалдық-техникалық база мен жабдықтың, медициналық лицензияның, өрт қауіпсіздігі лицензиясының болуы, бейімделген ғимараттың болуы, қызметкерлердің толық штаты және т. б. ескерілетін болады. Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында сапалы қызмет көрсетуге мүдделі емес ұйымдар сүзіледі.Қазіргі уақытта әлеуметтік инспекторлар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, АӘҚ көрсететін ұйымдардың лицензиялауға дайындығын талдау бойынша жұмыс жүргізуде. Лицензиялауға өтінімдер 26 желтоқсаннан бастап қабылданады», – деп түйіндеді Төлеген Оспанқұлов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/900720
QR-код құтқарушылардың профилактика құралы ретінде 11.12.2024
Өңірлерде өрт қауіпсіздігі желісі бойынша үгіт-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Мерекелік күндер қарсаңында елордалық ТЖД қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Елорда қонақтары мен тұрғындарына мереке күдерін қауіпсіз өткізу керектігі туралы айтылуда. «Мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында адамдар көп жиналатын объектілерде елордалық Департамент әзірлеген жадынамалар орналастырылды. Жадынамаларда орналастырылған QR-кодтар Қазақстан ТЖМ «112KZ» ресми Telegram-каналына өтуге мүмкіндік береді және түрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты іс-әрекетке оқытуға қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Астана қаласы ТЖД МӨББ бастығының орынбасары Евгений Гутяр. Рейдтік іс-шаралар EXPO халықаралық көрме орталығында, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-да, «Барыс-Арена», «Алау» көпфункционалды мұз сарайында, «ASIA PARK» СОО-да, онкологиялық орталықта және теміржол вокзалында өткізілді. Мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары шұғыл қызмет телефондарын, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салып, өрт туындаған жағдайда іс-қимыл алгоритмін егжей-тегжейлі талдап, мереке қайғылы жағдайға айналмас үшін шыршаны безендіру және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде сақталуы тиіс ережелер туралы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/900844
Кореяда 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолулар бойынша алғашқы жаһандық семинар өтті 11.12.2024
Инчхон қаласындағы семинарда шолуларды әзірлеу кезінде қабылдауға қажетті принциптер мен қадамдар, шолулардың ғылыми негізділігі, сондай-ақ Орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы прогресті көрсету үшін нақты деректердің шектелуі мәселелері талқыланды.Іс-шара барысында ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолуды ұсыну бойынша Қазақстанның тәсілдерін таныстырып, сондай-ақ 2019, 2022 жылғы шолуларды ұсыну тәжірибесі туралы баяндады.Оның айтуынша, Қазақстан 2019 жылғы 16 шілдеде БҰҰ-ға мүше басқа 51 мемлекеттің қатарында жоғары деңгейдегі Саяси форум барысында алғашқы шолуды ұсынған еді. Негізгі назар 6 тақырыптық мақсатқа аударылды: «Сапалы білім беру», «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», «Теңсіздікті азайту», «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес», «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар», «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік».Екінші шолу 2022 жылғы шілдеде ел үшін орнықты дамудың 5 басым мақсаты бойынша ұсынылды: «Кедейлікті жою», «Денсаулық пен әл-ауқат», «Сапалы білім», «Таза су және санитария», «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу».Еске салсақ, Қазақстан 2025 жылғы Нью-Йорктегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда БҰҰ бекіткен, биылғы жылы қазанда Ерікті ұлттық шолуды ұсынатын елдер тізіміне енді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/901026
Министрлік қызметкерлеріне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. 11.12.2024
Негізгі баяндамашы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жылқышиева болды.Лектор сыбайлас жемқорлық превенциясын жақсартуға бағытталған заңнамадағы негізгі өзгерістер туралы, оның ішінде озық халықаралық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу маңыздылығы жөнінде жасалып жатқан алғышарттарға тоқталды.Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылауға кеңес берді. Себебі тиісті органдар тарапынан аталған бөлік бойынша жіті тексерістер жасалатынын ескертті.Лектор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға енгізілген соңғы 4 пакет өзгерістердегі түзетулердің мәні мен мағынасын түсіндірді. Маман семинар соңында "Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысты болдырмау — ол қызметкердің адал еңбекті таңдауымен қашанда байланысты" деп түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/900806
СҚО-да ғалымдар мен мамандар агрохакатонда ауыл шаруашылығының мәселелерін талқылады 11.12.2024
Облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған Қазақстандағы бірінші ғылыми-технологиялық сессия өтті, оның жұмысына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки және ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүректов қатысты. Отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, шаруалар мен бизнес жетекшілері инновацияларды енгізуге және агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді бірлесіп іздеуге жиналды.Мемлекет басшысы аграрлық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын, бұл сессия қорытындысында көрініс тапты. Ғалымдар мен кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өнімділігін ұлғайтуға арналған идеяларын ортаға салды. Қатысушылар жаңа технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады. Агрохакатонда саладағы негізгі проблемалар айқындалып, жаңа шешімдердің бағыттары, зерттеулердің міндеттері айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/900719
Облыста тағы да бір медициналық нысан іске қосылды 11.12.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында БҚО, Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті халық игілігіне пайдалануға берілді.Ашылу салтанатына қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның ашылу салтанатымен құттықтады.“Президенттің бастамасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары аралығында осындай 50 нысан салынып, ел игілігіне берілмек. Бұл ауылдық елді-мекендерде тұратын азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттырып, сапалы медициналық көмек көрсету - басты мақсатымыз. Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауда, алғашқы көмек көрсетуде фельдшерлік-акушерлік пункт маңызды рөл атқарады. Енді Ащысай ауылының тұрғындары да медициналық көмекті уақытылы және қолайлы жағдайда ала алады”,-деді облыс әкімінің орынбасары.Жаңадан бой көтерген медициналық нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде 20-ға жуық денсаулық сақтау ғимараттары ашылады. Бұл ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын арттырып, медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жаңарту және сапалы медициналық көмек көрсету үлкен қолдау болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/900705
Астаналық жастар аязды күні көше тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шай ұсынды 11.12.2024
Игі істер марафоны аясында елорда жастары «Байқоңыр» ауданымен қала тазалығы үшін еңбек етіп жүрген коммуналдық сала қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, ыстық шай мен бауырсақ ұсынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде қала көшелерін қар мен мұздан тазарту жұмыстарын жалғастыруда. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қала тазалығы үшін еңбек етіп жүрген коммуналдық сала қызметкерлеріне елордалық жастар қолдау көрсетіп, ыстық шай мен бауырсақ таратты. Аязды күндері қаладағы қауіпсіз және кедергісіз қозғалысқа зор үлес қосып жүрген коммуналдық қызмет мамандарына жастар осылайша алғыс білдірді.Қала көшелерінің тазалығын сақтау үшін коммуналдық сала қызметкерлері ауысымдық режимде тәулік бойы қызмет етеді.Айта кетейік, 11 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.10-ынан 11 желтоқсанға қараған түнде елордадан 545 рейспен 7 мың текше метр қар жиналып, шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 75 703 рейспен 961 мың текше метр қар шығарылды.Естеріңізге сала кетейік, елордада игі істер марафоны жалғасып жатыр. Акцияның басты мақсаты – еріктілер мен тұрғындарға халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарына, қарт адамдарға, мұқтаж зейнеткерлерге барынша көмек көрсетуге мүмкіндік беру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900706
Еліміздің өңірлерінде өрт профилактикасы күшейтілуде 11.12.2024
Елімізде 1 желтоқсанда басталған өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру. Республикалық өрт қауіпсіздігі айлығы аясында өңірлерде өрттің алдын алу бойынша ауқымды рейдтер ұйымдастырылды. Тұрғын үй секторын аралау барысында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына және зейнеткерлерге ерекше көңіл бөлінді. Жетісу облысы ТЖД айлық аясында жылыту маусымында және алдағы мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кешенді алдын алу шараларын жүргізуде. Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да құрылымдардың қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды. Бұл топтар пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сату орындарын, сондай-ақ жаңа жылдық алаңдарды қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру үшін рейдтер өткізуде. Халықпен жұмыс істеуге ерекше назар аударылуда. Жеке үйлерге он мыңдаған тексеру жүргізіліп, пештерді, электр жылытқыштарды пайдалану ережелері және балалардың қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне газ бен түтін концентрациясын анықтайтын датчиктер орнатылды, бұл қауіпті жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Жаңа жылдық іс-шараларға дайындық аясында мектеп, медицина мекемелерінің басшыларымен және халық көп жиналатын нысандар иелерімен кездесулер мен нұсқаулықтар өткізілді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау және қызметкерлердің іс-әрекеттері тәжірибелік түрде пысықталуда. «Қабылданған шаралардың арқасында өрттер мен зардап шеккендер саны азайды. Тұрғын үйлердегі өрт саны қысқарды, бірақ шаруашылық құрылыстарда, шөп қораларда және моншаларда өрт санының өсуі байқалады. Өрттің негізгі себептері – электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу, қасақана өртеу және отты абайсыз пайдалану», - деп ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Сергей Огай түсіндірді. Ұлытау облысында әлеуметтік 365 әлеуметтік осал топқа жататын отбасы тұрады, оларға ерекше көңіл бөлінуде. ТЖД қызметкерлері облыс аумағында айлық аясында ауқымды «Қауіпсіздік әрбір үйге» атты акция өткізілді. Профилактикалық іс-шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган және «Бірлік» волонтерлік ұйымы, БАҚ өкілдері де қатысты. Профилактика барысында облыстағы пешпен жылытылатын үйлерді, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мұздағы қауіпсіздік шараларын ұстану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топтағы үйлерге иісті газды анықтайтын датчиктерді орнату кезең-кезеңімен жалғасады, бүгінгі күнге дейін 93 датчик орнатылған. 673 тұрғын үйді аралау мен 1349 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Аталған іс-шара тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға, сондай-ақ түрлі төтенше жағдайлар кезінде Ұлытау облысының тұрғындарының өрт кезіндегі білімдерін арттыруға бағытталған», - деп ТЖД бастығының орынбасары Ч.Самиев атап өтті. Атырау облысы ТЖД, ПД, «QazaqQazAimaq» АҚ қызметкерлерімен және волонтерлер бірлесіп қала аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Жеңіс саябағында авариялық және өрт сөндіру техникалары сапқа қойылды. Кейін құтқарушылардың бір тобы әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлерді аралауға, екінші тобы мұздағы қауіпсіздік ережелерін насихаттауға жұмылдырылды. Іс-шара барысында қала аумағындағы «Көктем» ықшам ауданының 20 астам тұрғын үйіне үйге түтін датчигі орнатылды. ТЖМ тұрғындарды жылыту маусымында және мереке күндері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Қырағылық пен жауапкершілік жазатайым оқиғалардың алдын алуға және өмір мен денсаулықты сақтауға көмектеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/900578
КЕЗДЕСУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫНЫҢ АУЫСУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА! 11.12.2024
Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары! Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің 11 желтоқсан сағат 10:00-ге жоспарланған Жезқазған қаласының халқымен кездесуі тұрғындар өтініші бойынша 2024 жылғы 12 желтоқсан сағат 18:00-ге ауысқанын хабарлаймыз! Өтетін орны: С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ-музыкалық драма театры Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/900560
«Таза Қазақстан»: Астанада абаттандыру мәселелерін онлайн-платформа арқылы қалай шешеді 11.12.2024
Астанада тұрғындардан «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы өтінімдер қабылдануда, онда әркім қаланы абаттандыруға байланысты проблемамен жүгіне алады. Бүгінгі таңда жүйеде 1000-нан астам өтінім тіркелген, олардың 900-ге жуығы орындалған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Өтінімдердің негізгі санаттарына аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру мәселелері, жолдарды жөндеу, көгалдандыру, рұқсат етілмеген полигондарды жою және кіреберістердің санитарлық жағдайын жақсарту кіреді, бұл осы мәселелерді шешуге жүйелі көзқарастың қажеттілігін көрсетеді.Нұра ауданы бойынша 1 маусым мен 8 желтоқсан аралығында «Таза Қазақстан» платформасы арқылы 221 өтініш түсті. Олардың барлығы пысықталды. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша тұрғындар мемлекеттік органдардың жұмысын бағалай алады.Мысалы, аялдама павильонының санитарлық жағдайына шағым түсті. Мердігер ұйымдар павильонды ретке келтірді.«Аялдамаларды күнделікті тазалау бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Алайда егер өтінімдер iKomek кол-орталығы немесе «Таза Қазақстан» порталы арқылы келіп түссе, біз әрқашан жедел түзетулер енгіземіз. Портал жұмысының басынан аялдамаларды жинау мәселелері бойынша 221 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы уақтылы өңделеді және тұрғындардың кері байланысы мен бағалауының арқасында біз қала тұрғындарының атқарылған жұмыстарға қаншалықты қанағаттанғанын көреміз.Қыста өтініштер саны артады, өйткені қардың еруіне байланысты аялдамаларды жиі тазарту қажет. Бұдан басқа, аялдамалардағы жылумен жабдықтау жүйелерінің жұмысына байланысты өтінімдер келіп түседі. Барлық ескерту уақтылы өңделеді, бұл тұрғындарға қолайсыздықты азайтуға мүмкіндік береді.«Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы - тұрғындармен жылдам әрі ашық кері байланыс», - деді Нұра ауданы әкімдігінің инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Салавди Арықбеков.Бүгінгі таңда тұрғындармен белсенді байланыс орнатылуда, олардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/899606
Smart Astana: қала тұрғындарының жайлы өмір сүру үшін қандай қызмет түрлері қолжетімді 11.12.2024
Smart Astana тегін мобильді қосымшасында елордалықтардың жайлы өмір сүруіне қажетті қызмет түрлері толық қамтылған. Қосымшадағы 70-тен астам онлайн қызмет арқылы денсаулық пен білім, коммуналдық және қалалық қызметтер бойынша маңызды ақпараттарға бірден қол жеткізуге мүмкіндік жасалған, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы мәліметінше, Smart Astana мобильді қосымшасындағы функционалдығы жоғары әрі өте пайдалы сервистердің бірі ретінде жүргізушілердің күнделікті әрекетін ыңғайлы етуге арналған «Көлік» бөлімін мысалға алуға болады. Мұнда автокөлік құралын техникалық байқаудан өткізу және жолдағы трафик жүктемесі туралы өзекті ақпарат жарияланады.Ал «Радио» қолданбасы арқылы автокөлік иелері әр күнін көтеріңкі көңіл күйде бастап, жол үстінде сергек отырады. Көліктегі жолаушылар да әлемдегі және еліміздегі маңызды жаңалықтардан құлағдар болып, әсем әуеннің ырғағымен жол қысқартады.Ал «Көлікті техникалық байқау» бөлімінде автокөлік құралының техникалық тексеру күйі туралы ақпаратты шұғыл түрде алуға болады. Ол үшін көлік құралының мемлекеттік нөмірін енгізу жеткілікті. Техникалық байқау мерзімі қашан аяқталатыны да осы жерде көрсетілген. Сонымен қатар жақын маңдағы көлікті тексеру пунктерін тез табуға мүмкіндік бар.Ақылы тұрақ картасы бөлімінде қала бойынша ақылы автотұрақтардың орналасуы, тұрақ нөмірі мен жалпы орындар саны көрсетіледі, бұл уақыт үнемдеуге және оңтайлы орынды таңдауға көмектеседі.Трафик жүктемесі туралы ақпарат бөлімі де жүргізушілер үшін аса тиімді. Жолдағы кептеліс туралы өзекті ақпарат автокөлік иесіне бағытын алдын ала жоспарлауға және жолдағы жағдаймен нақты уақыт режимінде танысуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар,аталған бөлімде жол жабындары туралы хабарламалар үнемі жаңартылып отырады, ал бұл қаланың жол жағдайындағы кез келген өзгерістер туралы білуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/899777
Елордада «Барлығына арналған қоғам» халықаралық инклюзивті форумы өтіп жатыр 11.12.2024
Халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында «Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры, QORGAU заңгерлері мен медиаторларының зияткерлік клубы Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігімен бірлесіп Астанада «Барлығына арналған қоғам» инклюзивті форумын ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Форумның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған түрлі саладағы бағдарламалармен танысу.Талқылауға мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар, сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, психологтар, заңгерлер мен медиаторлар қатысты.Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы реформаларға ерекше назар аударылды. Қатысушылар Балалардың құқықтарын қорғауды және волонтерлік инклюзивті бағдарламаларды дамытуды қарастырады, мүгедектерді қоғамдық өмірге интеграциялауға бағытталған мәдениет пен спорт саласындағы өзгерістер, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тұрғын үйге қолжетімділік, осы саладағы мемлекеттік бағдарламаны жақсарту және тұрғын үйге кедергісіз қол жеткізу үшін жағдай жасау талқыланды.«Біз екінші жыл инклюзивті қоғам форумын өткізіп келеміз. Қоғам оның ерекшеліктеріне қарамастан барлығына ашық және қолжетімді болуы керек. Мемлекеттік бағдарламалардың адамдарға нақты жетуі маңызды. Мұндай іс-шаралар тәжірибеде не болып жатқанын көруге көмектеседі», - деді «Ерекше мерекелер» қоғамдық қорының президенті Ботагөз Игенбаева.Ұйымдастырушылар «Барлығына арналған қоғам» форумы инклюзивті тәсілдерді дамытудағы маңызды қадам болғанын атап өтті. Бұл іс-шара мемлекет пен қоғам арасындағы диалог пен мүгедектерді өмірдің әртүрлі салаларына біріктіру үшін шешімдер іздеудің маңызды платформасы ретінде қызмет етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900384
Astana Invest фронт-кеңсесі қандай жобаларға қолдау көрсетеді 11.12.2024
Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов пен ведомстволық ұйымдардың өкілдері: Astana Invest және Астананы дамыту орталығының басшылығы Astana Invest фронт-кеңсесінде кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Кездесуде ағымдағы жобалар мен келер жылдың жоспарлары талқыланды.«Елімізде инвесторлар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Инвестициялық штаб құрылып, өңірлік Инвестициялық штабтың тұрақты отырыстары өтуде. Жергілікті және атқарушы органдар, сондай-ақ коммуналдық қызметтер елорда аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайын», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов.Astana Invest фронт-кеңсесі жыл басынан бері жұмыс істеп келеді. Қалада инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан жергілікті және шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеді.Ә.Мәмбетов көшесіндегі «Аффари» бизнес орталығында орналасқан кеңсенің жұмысы «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған, бұл инвесторларды тарту мен сүйемелдеу үдерісін және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жеңілдетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900439
Заң және тәртіп: Елордалық маман құмар ойындарынан қалай арылуға болатынан айтты 11.12.2024
Астанада құмар ойынға құнығудың алдын алуға бағытталған күрес кешенді түрде жүргізіледі. Бүгінгі таңда лудоманиямен күрес мақсатында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен Jarqyn bolashaq жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Jarqyn bolashaq жобасы жасөспірімдер мен жастарға құмар ойындарға пайдалы балама табуға және алаяқтардан қорғануға көмектеседі. Жоба аясында психологтар мен аддиктологтар дәріс оқиды.«Кездесуде құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу жолдары тақырыбы қаузалады. Өмірлік құндылықтар жайлы да айтамыз. Құндылықтар жеке тұлғаның белсенді позициясын дамытуға, өзін-өзі тануға, өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруға негіз болады. Мұндай дәрістер жастардың құқықтық сауатын арттырады», - деді аддиктолог Азамат Жаманқараев.Оның сөзінше, көп жағдайда баланың жағымсыз әдетінің пайда болуына бірден-бір себеп – жаман орта. Құмар ойындарға тәуелділік қалтаны жұқартумен қоса, ата-анасы мен жақындарына да қиындық алып келеді.«Бала өзіне жауапкершілік алмайды, яғни ойнауды жалғастырады. Ал қарызды ата-анасының мойнына іле береді. Тіпті қарызы барын жасыруы да мүмкін. Тығырықтан шығу үшін несиеге қолма-қол ақша алады. Бір сөзбен айтқанда, қарызға белшесінен батқанын білмей қалады. Оның түбі есірткіге апарады. Бүгінгі таңда 16-17 жастағы балалар құмар ойындарға тәуелді болып жатыр. Егер адам өзінің іс-әрекетін бақылай алса, онда ол ойынды тоқтатады. Ал бақылау жасай алмайтындар – тәуелді адам. Егер ол күніне 2-3 сағат компьютерлік ойындар ойнап, сабағына үлгеріп, достарымен араласып, қоғаммен байланыста болса, онда оны тәуелді адам деп айта алмаймыз», - деді маман.Аддиктолог жастар арасындағы құмар ойындарға тәуелділікпен қалай күресу керектігін де айтты. Оның айтуынша, адам өзіне толық жауапкершілік алу керек, барлығын ата-ананың мойнына асып қоймаған жөн. Тапқан ақшасын дұрыс мақсатта жұмсап, жоспарлай алуы қажет. Күнделікті уақытының бір бөлігін спортқа арнауды ұмытпағаны дұрыс. Бастысы араласатын ортасын дұрыс таңдауы тиіс.Жылдам байып кету бағытындағы мотивациялық үгіт-насихаттар мен букмекерлік компаниялар жарнамасының көп болуы да адамға әсер ететінін тілге тиек етті.«Баланың құмар ойындарға тәуелділігін мынандай белгілерден білуге болады. Біріншіден, ол ойын ойнау уақытын бақылай алмайды. Мысалы, ата-анасы жарты сағат ойын ойнауға рұқсат берсе, ал бала екі сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалады. Екіншіден, оның көңіл-күйі құбылмалы болады. Тіпті агрессия танытуы мүмкін. Үшіншіден, баланың виртуалды достары пайда болуы. Төртіншіден, баланың күн тәртібі бұзылады», - деді ол.Азамат Жаманқараев ата-ана баласының ойынға тәуелділігін байқаған кезде арнайы мамандарға жүгінуге кеңес береді. Жалпы, аддиктолог маман астаналық оқушыларға тренингтер өткізіп, лудоманияның зияны туралы түсіндіреді.«Құмар ойындарға тәуелділікті жеңуге болады. Ол үшін соңына дейін күресу керек. Ал егер күреспесе, оның соңы аурухана, түрме, өліммен аяқталады. Әсіресе өзге емес, өзі үшін құмар ойындарға тәуелділікпен күрескісі келетін жандар қалыпты ортаға тез оралады. Егер ойыншының қарызы болса, онда оны жасырмай, ата-анасына болмаса жақынына айтып, түсіндіру керек. Ешқашан өтірік айтпау қажет. Тәуелділіктің түрлері көп қой. Мәселен, әлеуметтік желіде көп уақыт өткізетін болса, онда алғашқы кезеңде бақылау қойғаны жөн. Салауатты өмір салтын ұстану қажет. Жоспармен жүрген адам өмірде өз орнын табады. Күнделікті кешкілік дастархан басында ата-ана баласымен тілдесіп, күні бойы немен айналысқанын сұрап отыру қажет. Сондай-ақ мұнда олар бір-бірімен алдағы жоспарларын бөліседі. Бір қарасаңыз, бұл көп уақытты қажет етпейді, бірақ ол баланың дұрыс бағытта болуы үшін маңызды рөл ойнайды. Одан бөлек, ата-ана баласымен табиғат аясында серуендеп, бірге уақыт өткізуі тиімді. Бір сөзбен айтқанда, «мұғалім-оқушы-ата-ана» үштік одағы мықты болуы тиіс», - деді Азамат Жаманқараев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900442