Enbekshi QazaQ

Қуқық

Абай облысында «Қоғамдық кеңес-азаматтық диалог алаңы» семинары өтті 11.12.2024
Диалог алаңына азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ қала мен облыстың қоғамдық кеңестерінің өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар азаматтық қоғам саласын одан әрі дамытуға қатысты пікір алмасып, облыстағы өзекті мәселелерді талқылады.Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев диалог алаңын өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті.«Бүгінгі семинар бірлескен сындарлы диалогтың арқасында өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі деп сенемін. Біздің азаматтар әрқашан белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетеді. Бүгінгі алаңда Сіздердің идеяларыңыз бен бастамаларыңызбен бірлесіп жұмыс істеу және пікір алмасу үшін жаңа бағыттар әзірлейміз деп ойлаймын», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Елдар Сапаров қоғамдық кеңестер жаңа функцияларға ие болып, олардың өкілеттіктері кеңейтіліп жатқанына тоқталды.«Қоғамдық кеңестердің негізгі міндеті - халықтың пікірін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешудің мүмкін нұсқаларын ұсыну. Өздеріңіз білетіндей, елімізде қоғамдық бақылау туралы заң бар. Бұл қоғамдық кеңестерге жүктелген тағы бір мүмкіндік. Абай облысында қоғам өкілдерімен жұмыс жақсы деңгейде қойылғанын атап өткім келеді»- деп атап өтті Елдар Сапаров.Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев қоғамдық кеңестердің мүшелері азаматтық қоғамды қалыптастыру және нығайту жолында аса маңызды функцияны атқаратындығынабаса назар аударды.«Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі абыроймен арқалап жүрген әлеуметтік жүктен бөлек, гендерлік теңдік, этносаралық және конфессияаралық келісім, өскелең ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне баса назар аудару керек маңызды салалар бар. Мұның барлығы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында жатыр. Біздің алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біршама жұмыс атқарылды, бірақ әлі көп нәрсе істеу керек», - деп түйіндеді сөзін Айдар Садырбаев.Сонымен қатар, семинар барысында нәтижелі идеялар мен креативті жобаларды ортаға салып, көзге түскен қоғамдық кеңес өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901205
Жерлесіміз Азия чемпионатының жүлдегері 11.12.2024
Бүгін Тайландта бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.Кіл мықтылар бас қосқан додада 80 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Ерасыл Жакпеков қола медаль жеңіп алды.Ерасыл бұған дейін мамыр айында 21 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901206
Қазақстан мен Иорданияның Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысында энергетика және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты тереңдету талқыланды 11.12.2024
2024 жылғы 10-11 желтоқсанда Иорданияның Амман қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Н.С. Байбазаровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимит Корольдігі арасындағы үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы өтті.Отырысқа Энергетика вице-министрі Ә.Ж. Жамауовтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің делегациясы қатысты.Тараптар энергетика секторын қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын талқылады және жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ниет білдірді.Тараптар өзара түсіністік туралы келесі меморандумдарға қол қою жоспарларын құптады:- Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Иорданияның атом энергиясы жөніндегі комиссиясы арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы;- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Иордания уран өндіруші компаниясы Jordan Uranium Mining Company (JUMCO) арасында.Сонымен қатар, сутегі энергетикасы және энергетикалық ауысу саласында ақпарат және тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Бұл отырыс екі елдің де негізгі секторлардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысын растады, бұл тұрақты энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/900826
Жезқазған қаласын газдандыру шеңберінде 3 кезектен 2 кезек аяқталып, пайдалануға берілді 11.12.2024
2024 жылдың 11 желтоқсанында Энергетика вице-министрі Бақытжан Ильяс Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып, Жезқазған қаласын газдандыру барысымен танысты.Ұлытау облысын газдандырудың аймақтық схемасына сәйкес 2030 жылға дейін 9 елді мекенді (Жезқазған, Атасу, Жәйрем, Қаражал, Кеңгір, Сәтбаев, Ұлытау, Жезді, Қарсақбай) газдандыру жоспарланған.Бұл бірқатар өнеркәсіп және коммуналдық-тұрмыстық нысандарды табиғи газға көшіруге, сондай-ақ оны тұрғын үй секторында жылыту және тамақ дайындау үшін пайдалануға мүмкіндік беріп, жекелеген аудандарда және тұтастай облыста отын-энергетикалық теңгерімді және экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартады.Жезқазған қаласын газдандыру жобасы 3 кезектен және 7 іске қосу кешенінен тұрады, жобаның құны 14,3 млрд. теңге. Ұзындығы 199,8 км. Ағымдағы жылы 2 кезек аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта газға қосылған 1493 үй, техникалық шарттар 1705 үйге берілді.Қаражал қаласы, Жәйрем кенті және Кеңгір ауылындағы газификация бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды.«Облысты газдандырудың өңірлік схемасын іске асыру халықтың тұрмыс сапасын айтарлықтай арттырып қана қоймай, бүкіл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай туғызады деп күтілуде», - деп айтты вице-министр.Сонымен қатар Бақытжан Ильяс өңірде энергия өндірісі жаңартылатын көздер технологияларын қолдана отырып, белсенді дамып келетінін атап өтті.Бүгінгі таңда Ұлытау облысында қуаты 10 МВт болатын қолданыстағы бір күн электр станциясының объектісі бар.Сонымен қатар қуаты 100 МВт жел электр станциясының жобасын іске асыру жоспарланып отыр.Өңірдің тұрғындарымен кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/901109
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізді 11.12.2024
Бүгін Жамбыл облысында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев жергілікті тұрғындармен және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде өңірдің экологиялық жағдайы және оны жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Негізгі тақырыптардың бірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу болды. Өңірде мұндай жүйелер 5 ірі нысанда орнатылған (Жамбыл ГРЭС, «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы, «ҚДФЗ» фосфор зауыты, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС және «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС). Олардың екеуі (Т.И. Батуров атындағы «Жамбыл ГРЭС» АҚ, «ҚазФосфат» ЖШС Тараз филиалы Минералды тыңайтқыштар) деректерді экология министрлігіне бере бастады, ал қалғандары іске қосу-реттеу жұмыстары сатысында тұр. Орманды қалпына келтіру жобаларына ерекше назар аударылды. Президенттің Жамбыл облысында орман алқаптарын құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде 25,9 млн көшет отырғызылды, бұл бүкіл ел бойынша 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі ауқымды бағдарламаның бөлігі болып табылады. Вице-министр сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың ең үздік қолжетімді технологияларға (ҮҚТ) көшуінің маңыздылығын атап өтті. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қауіптіліктің бірінші санатындағы кәсіпорындар кешенді экологиялық рұқсат шеңберінде ҮҚТ енгізуге міндетті болады, бұл зиянды шығарындылар көлемін едәуір азайтуға және халықаралық экологиялық стандарттарға жақындауға мүмкіндік береді. Жамбыл облысында «Қазфосфат» ЖШС Тараз минералды тыңайтқыштар филиалы белгіленген мерзімде ҮҚТ орнатуы тиіс.Қалдықтарды басқару мәселелері де талқыланды. Қазіргі уақытта қалдықтарды басқару бағдарламалары Жамбыл облысының 11 қаласы мен 3 ауданында ғана бекітілген. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде 31,3 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болды, оның 20% - ы қайта өңделді. Рұқсат етілмеген полигондардың болуы мәселесі де бар. Биыл өңірде 319 заңсыз полигон анықталды, оның 252-сі жойылды. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін уақтылы таратпағаны үшін аудандар мен ауылдық округтердің 12 әкіміне 359,97 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында азаматтарға экологияға байланысты проблемалар туралы хабарлауға мүмкіндік беретін жеделхат-чат-бот іске қосылғанын атап өтті. Іске қосылған сәттен бастап Жамбыл облысының тұрғындарынан 259 өтініш келіп түсті, оның 225-і қаралып, шешілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/901169
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жартас су қоймасының бетон және жер бөгетінің жоғарғы беткейін ұлғайту және нығайту жұмыстарын аяқтады 11.12.2024
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жартас су қоймасының бетон және жер бөгетінің жоғарғы беткейін ұлғайту және нығайту жұмыстарын аяқтады. Сондай-ақ, су қоймасын тұнба мен өсімдіктерден тазартты. Бұл іс-шаралар нысанның қауіпсіздігін арттырып, тасқын суынан қорғауды қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/901045
ПЕТРОПАВЛДА АГРОСЕКТОРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ 11.12.2024
ПЕТРОПАВЛДА АГРОСЕКТОРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» АҚ және Қозыбаев университеті Солтүстік және Орталық Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындарын дамыту бойынша ғылыми-технологиялық сессия ұйымдастырды.Биылғы жылы жетінші ғылыми-технологиялық сессия Қозыбаев университетінің алаңында негізгі міндеттерді шешу және агроөнеркәсіпке инновацияларды енгізу үшін өңірлік ауылшаруашылық ғалымдарын, сарапшыларын, өкілдерін, Германия мен ҚХР серіктестерін жинады.«Жоғары ғылыми-техникалық комиссияда ҚР Премьер-министрі О.А.Бектенов берген тапсырмасы бойынша өткізілетін ғылыми-технологиялық сессиялар мемлекеттік маңыздылықтың біршама түйінді мақсаттарына қол жеткізу үшін стратегиялық құрал. Біріншіден, олар ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыттарын қалыптастырудың жаңа тетіктерін әзірлеуге көмектеседі. Екіншіден, ғылыми-технологиялық сессиялар ғалымдар мен өндірушілерге инновациялық шешімдерді жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін алаң құрып, экономиканың нақты сұраныстары мен қажеттіліктерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Өзара іс-қимылдың бұл форматы ғылым мен бизнес арасындағы кооперацияны жақсартып, жаңа, экспортқа бағдарланған өнім өндіру үшін коммерцияландыру жобаларын ілгерілетуге ықпал ететіні ерекше маңызға ие. Бұл қазақстандық экономиканың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін қажет нәтиже», - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан өңірінде ауылшаруашылық саласының әлеуеті бар екені және университет оның ғылыми және академиялық орталығы деп атап өтілді.«Өңірдің салалық ерекшеліктерін ескерсек, хакатонның өткізілуі біз үшін өте маңызды оқиға. Министрлік ғылым, өндіріс қызметкерлері мен сарапшылардың басын қосу туралы бастамасын ұсынды. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында технология қарқынды дамып келеді. Өз технологияларын, өнімділігін жақсартып, шаруашылық жүргізудің органикалық тәсілдерін қалыптастырғысы келетін көптеген кәсіпорындар пайда болды. Ғылымсыз және жаңа серпінді зерттеулерсіз мұны жүзеге асыру мүмкін емес екені мәлім. Сондықтан бүгінгі міндет – ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен тікелей айналысатын кәсіпорындардың мәселелерін анықтап, ғалымдармен бірлесіп шешімін табу. Сессия аясында Қытай, АҚШ, Германиядан келген ғалымдарды қарсы алдық. Бұл бірлескен талқылау мен пікірталастарға толы нәтижелі алаң», - деді Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев.Шешімдерді талқылауға және әзірлеуге бейінді министрліктер мен мекемелердің өкілдері де қатысты – ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, «Атамекен Агро» АҚ Басқарма төрағасы Кинтал Исламов, Area Director Eastern Europe, Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогы жобасының жетекшісі Olga Hunger, профессор, мал шаруашылығы және технологиялар колледжі, Солтүстік-Батыс Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (ҚХР) Jiang Zhongliang.Ғылыми-технологиялық сессияның қорытындысы бойынша негізгі проблемалар тұжырымдалып, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялар үшін негізгі бағыттар анықталды, сондай-ақ болашақта коммерцияландыру үшін ұсынылатын бірінші кезектегі ғылыми-техникалық міндеттер мен болашақ зерттеулердің тақырыптары айқындалды. Олар негізінен агросектордағы мәселелерді шешуге, атап айтқанда, су ресурстары және суару жүйелері; топырақты үздіксіз талдау және дәнді дақылдарды өсіруді жақсарту факторларын анықтау; жемшөп дайындау базаларында астықты сақтау мен басқаруды автоматтандыру және ЖИ пайдалана отырып, жемшөп дайындау процестерін оңтайландыру; селекция және тұқым шаруашылығы; АӨК саласындағы әкімшілендіруге бағытталған.Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар «Зенченко и К» ЖШС, «AVAGRO» ЖШС, «Радуга» ЖШС сүт зауытының өндірістік алаңдарын аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/900574
ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ ЕЛДІҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДА 11.12.2024
ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ ЕЛДІҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДАҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы көрнекті ғалым, белгілі академик, ірі мемлекет және қоғам қайраткері Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ғылымды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев алғы сөзінде академияның ғылым саласындағы өзіндік орны мен маңыздылығын атап өтті: «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлемдегі 20 жетекші академияның тәжірибелерін талдай отырып, біз академияның миссиясын, пайымдауын және алдағы 10 жылға (2035 жылға дейінгі) даму стратегиясын нақты индикаторлармен айқындадық. Бұдан басқа, халықаралық тәжірибе негізінде академия жұмысының нақты моделі жасалды. Әлемдегі жетекші академиялардың даму құпиясы – ситуациялық-болжамды талдаудың дұрыс құрылған жүйесі, бұл – Ғылым академиялары жұмысының негізгі арқауы. Егер біз осы заманауи ақпараттық базаны қолданысқа енгізе алсақ – академия ғылым саласындағы орын алған барлық жүйелік олқылықтарды анықтап, ғылымның басымдықтарын дұрыс негіздей алады».Академия Президенті осы жылы атқарылған жұмыстар бойынша ауқымды баяндама жасады. Баяндама барысында алғаш рет ғылымды дамытудың басымдықтарын анықтау бойынша ауқымды форсайт-зерттеулер жүргізілгенін, отандық ғылымның нақты жай-күйін бағалау үшін арнайы талдау орталығы құрылғанын, ол орталықтың нақты жұмыстарының нәтижелерін келтірді.Дөңгелек үстел барысында барлық қатысушылар еліміздің алдында тұрған ғылыми-технологиялық даму саласындағы міндеттерді шешу тәсілдерін әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс атқару туралы шешімдер қабылдап, тың ұсыныстарын берді. Іс-шара нәтижесінде ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясымен бірлескен қызмет туралы қоғамдық, салалық академиялар мен еліміздің ғылыми бірлестіктері арасында екіжақты меморандумдарға сәйкес жүйелі түрде отандық ғылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/900732
АЛМАТЫДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ КАДРЛАР ДАЯРЛАУДАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 11.12.2024
АЛМАТЫДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ КАДРЛАР ДАЯРЛАУДАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫАлматыда бүгін, 11 желтоқсан күні, Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыру сапасының индикаторы ретінде жұмыс берушінің кәсіби даярлықтағы рөлін арттыру» атты III Халықаралық форум өтті.Форумға білім беру сапасын арттыру және университеттер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту мәселелерін талқылау үшін Түркия, Қытай, Корея, Қырғыз Республикасы және Ресей елдерінің жетекші сарапшылары, оқытушылар және бизнес өкілдері қатысты. Форум кәсіби даярлық саласында тәжірибе алмасу және инновациялық әдістерді енгізу үшін маңызды алаңға айналды.Форумның салтанатты ашылуында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Сәрсенбекова сөз сөйлеп, университеттер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтудың білім сапасын арттыру және динамикалық дамып келе жатқан салалар үшін жоғары білікті кадрларды даярлаудағы маңыздылығын атап өтті.Спикерлер арасында Huatec (Қытай) халықаралық білім беруді жоспарлау жөніндегі директоры Тони Сан болды, ол инновациялық білім беру тұжырымдамалары мен біліктілікті арттыру туралы тоқталып өтті. Global Korea Center (Корея) орталығы директоры Хон Джин Сон Қазақстанда цифрлық индустрияны дамыту үшін экожүйе құру стратегиясын ұсынды. Қазақстандағы және Орталық Азиядағы АССА өкілдігінің басшысы Жанна Ескенова студенттерді халықаралық стандарттар бойынша даярлау тәсілдеріне тоқталды. «Атамекен» ҰКП директорының орынбасары Жанар Туребекова еңбек нарығы мен бизнестің өзекті мәселелерін талқылады. «Академсеть» компаниясының бас директоры Тахир Такабаев IT-мамандықтары үшін өндірістік-практикалық базалар туралы баяндама жасады.Форум барысында ХИТУ-дағы заманауи зертханалардың ашылуы маңызды кезең болды. Шара аясында бағдарламалық инженерия, биохимиялық инженерия, азық-түлік өндірісі технологиялары және смарт-технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларының салтанатты ашылуы өтті. Бұл инновациялық кеңістіктер студенттер мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, нарықтың қазіргі талаптарына сәйкес мамандарды практикалық даярлауға мүмкіндік береді.Іс-шарада зертханалар мен зерттеу орталықтарын дамыту, халықаралық стандарттар мен заманауи салалардың талаптарына сәйкес келтіру сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Форум сарапшылары биохимиялық инженерия, смарт-технологиялар және экономика сияқты әртүрлі бағыттар бойынша жұмыс сессияларына қатысып, өз пікірлерін білдірді.Форум аясында «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты», «Korean Global center», «Prosnab-service», «Ifc colos», «Byte Machine» кәсіпорындарымен келісімшарттарға қол қойылды.Форум академиялық қауымдастықты, жұмыс берушілер мен студенттерді әлемдік стандарттарға сәйкес келетін тиімді кәсіби оқыту жүйесін құру үшін біріктіретін білім беру саласындағы маңызды оқиға болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/901122
«Адвокаттың, нотариустың және жеке сот орындаушысының кәсіби қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткені немесе өтпегені туралы хабардар ету бойынша пилоттық жоба туралы» НҚА жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру 11.12.2024
Осымен 2024 жылғы 10 желтоқсанда «Ашық НҚА» интернет-порталында жария талқылау үшін «Адвокаттың, нотариустың және жеке сот орындаушысының кәсіби қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткені немесе өтпегені туралы хабардар ету бойынша пилоттық жоба туралы» НҚА (https:legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15340827) орналастырылғанын хабарлаймыз.Жария талқылау 2024 жылғы 25 желтоқсанға дейін өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/901061
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады 11.12.2024
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Астана қаласының және Қостанай облысының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.Қабылдауға келген азаматтар адвокаттар мен нотариустардың іс-әрекеттеріне және департамент директорының қабылдауға жазудан бас тартуына қатысты өз шағымдарын айтты.Ботагөз Жақселекова әрбір өтінішті жекелей қарап шығып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына көтерілген мәселелерді шешуге тапсырмалар берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін мәселелер Ботагөз Жақселекованың жеке бақылауына алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/901112
Олжас Бектенов трансшекаралық хабтар құру және инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Үкімет ауқымды 5 жобаны іске қосуға дайындалуда 11.12.2024
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі қаралды. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев шекара маңындағы сауда-экономикалық хабтар желісін құру, инвестиция тарту және еліміздің экспорттық әлеуетін нығайту шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, Semurg Invest компаниясының бас директоры Нұржан Марабаев баяндама жасап, бірқатар өңір әкімдері тыңдалды.Мемлекет басшысының Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі көлік хабына айналдыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет тиісті жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл бағытта трансшекаралық хабтар құру – шекара маңындағы сауданы дамытып, өнеркәсіптік кооперация мен еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін кеңейту үшін ерекше маңызға ие.Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Премьер-министрге бүгінде аумақтары теміржол және автожолдары арқылы арқылы қосылған 5 трансшекаралық хабты қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады:«Қорғас торабы» Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі элементіне айналады; «Каспий торабы» Транскаспий бағытын байланыстырушы буын рөлін атқарады; «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы Ресей Федерациясымен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға серпін береді; «Орталық Азия» ХӨКО Өзбекстанмен шекарада өндірістік кооперацияны дамытуға және тауарларды таратуға ықпал етеді.Индустриялық сауда-логистикалық кешен Қырғызстанмен шекарадағы жобаларды іске асыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хабтар мен Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары әуежайларында мультимодальды әуе хабтарын құру пысықталуда. Жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің жетекшілігімен Жедел жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта жобалар жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне берілді, іс жүзінде инвесторлармен бірлесіп іске асыру қамтамасыз етіледі. Премьер-министр инвесторларды іздеу және хабтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Барлық жоспарланған жобаларды толыққанды іске қосу жүктердің өту уақытын қысқартуға, өнеркәсіптік өндіріс көлемін арттыруға, салық түсімдерін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. «Өзбекстанмен шекарадағы «Орталық Азия» хабы жобасының өзі теміржолдың өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Ақтау портында контейнерлік хаб құру жүкті ауыстЫрып-тиеу көлемін жылына 92 мыңнан 300 мың контейнерге дейін ұлғайтуға жағдай жасайды. Жалпы, хабтар жүйесі біздің сауда серіктестерімізбен біртұтас сауда-көлік кеңістігін қалыптастыруы тиіс. Бұл – мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай арттырып, көршілес елдермен стратегиялық қарым-қатынасты нығайта түседі. Осындай жоспарлы нәтижелерге қол жеткізу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің барлық ресурстарын жұмылдыру қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.Сонымен қатар Қытай, Парсы шығанағы, Кавказ және Еуропа нарықтарына шығуды қамтамасыз ететін Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік және Транскаспий халықаралық көлік бағыты дәліздерінің әлеуетін тиімді пайдалану маңызды.Премьер-министр Сыртқы істер, Сауда және интеграция министрліктері әкімдіктермен бірге әрбір хаб үшін әлеуетті шетелдік инвесторлардың пулын құрып, олардың жобаларға қатысуын пысықтауды, сондай-ақ хабтарды басқаратын компаниялардың жұмыс жағдайларын айқындауды тапсырды. Ең бастысы, хабтарды перспективалы жобалармен сапалы толтыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп отыру қажет.Өнеркәсіп министрлігі Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, трансшекаралық хабтарды дамыту үшін арнайы экономикалық аймақтарды құру және кеңейту жөніндегі қажетті шараларды бір айдың ішінде қабылдауы қажет. Әкімдіктерге хабтардың барлығын базалық инфраҚұрылыммен, соның ішінде электр энергиясымен, сумен, көлік жолдарымен және коммуникациялармен қамтамасыз ету тапсырылды.Олжас Бектенов индустриялық сауда-логистика кешенін электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Энергетика министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігіне Қордай ауданында қосалқы станса құрылысын қысқа мерзімде қамтамасыз ету тапсырылды.Сауда және интеграция министрлігіне трансшекаралық хабтар құру мен дамыту жөніндегі процеске қатысушылардың барлығын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету міндеті қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/899758
ЕАЭО елдерінің көрікті орындары бір картаға жиналды 11.12.2024
Туристік қызметтер нарығын дамыту мақсатында мүше мемлекеттер Евразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірлескен Еуразиялық туристік маршруттарының карталарын әзірледі.Ортақ туристік маршруттарды әзірлеу кезінде ЕАЭО-ға мүше әр мемлекеттің туристік әлеуеті, соның ішінде табиғи ресурстары, бірегей туристік нысандары және басқалары көрсетілген.Карталар мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде жасалған және 419 еуразиялық туристік нысан, 38 маршрут және қозғалыс тәсілдері туралы ақпаратты қамтиды.Мысалы, барлық қатысушы елдердің аумағын қамтитын маршрут әзірленген: Қырғыз Республикасы (Бішкек-Токмақ) – Қазақстан Республикасы (Алматы) – Ресей Федерациясы (Мәскеу) – Беларусь Республикасы (Минск-Жодино-Мир-Несвиж) – Армения Республикасы (Ереван).Қазақстан Республикасының географиялық ерекшелігі мен тарихи құндылығының арқасында ұсынылған маршруттардың 50%-дан астамы біздің ел арқылы өтеді.ЕАЭО елдерінің туристік маршруттарын дамытудың мультипликативті әсері ішкі туристер мен үшінші елдерден келетін туристер ағынын арттыруға, саланың қарқынды дамуына, туризммен байланысты экономика салаларына қосымша серпін беруге бағытталған. Бұған қонақ үй бизнесі, көлік, медицина, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар кіреді.Алдағы уақытта мүше мемлекеттер картаға түзетулер енгізу және оны жаңарту туралы өз ұсыныстарын енгізе алады. Бұл құжатты ЕЭК Алқасы ағымдағы жылдың 12 қарашасында қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/900266
Өткен демалыс күндері астаналықтар жәрмеңкеде 100 тонна соғым сатып алды 11.12.2024
Астанада өткен аптаның сенбі, жексенбі күндері «Соғым Fest» жәрмеңкесі өтті. Онда астаналықтар 100 тоннадан астам соғым сатып алды. Жәрмеңкені ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков аралады. Соғым жәрмеңкесіне Ақмола, Абай және Павлодар облысының шаруалары қатысты.Жәрмеңкеде сиыр етінің келісі 2300 теңгеден, қой еті мен жылқы етінің келісі 2300-2500 теңге аралығында саудаланды. «Соғым Fest» әр сенбі, жексенді күндері Астанадағы «Koktal» сауда үйінде өтеді. Онда еттен бөлек азық-түлік өнімдері де саудаланады.«Біз жәрмеңкелерді белсенді өткізуге назар аударып келеміз. Өйткені бұл қысқы мерекелер қарсаңында азық-түлік бағасының өсуін тежеуге мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Әрі мәдениетіміздегі дәстүрлі, тарихи сауда форматы», - деді Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.Жалпы жергілікті әкімдіктердің кестесіне сай желтоқсан айында түрлі деңгейдегі 400-ге жуық жәрмеңке өткізу жоспарланған. Мұнда тұрғындар тауарды делдалсыз, өндірушіден тіке ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/900363
Өзбекстанда қазақстандық өнімдер павильоны ашылды 11.12.2024
Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан арасындағы сауда байланыстарын нығайту мақсатында Өзбекстан Республикасындағы «Айритом» АЭА аумағында орналасқан «Термез» халықаралық сауда орталығында қазақстандық өнімдер ұсынылған павильон ашылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ қолдауымен өтті.Салтанатты рәсім аясында қазақстандық тарап пен «Айритом» АЭА дирекциясы арасында сауда павильонын жалға алу туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісім қазақстандық өнімдердің сыртқы нарықтардағы үлесін арттыруға және сауда-саттықты дамытуға жасалған маңызды қадам болды.«Термез» Халықаралық сауда орталығы кәсіпкерлер үшін қолайлы іскерлік ортаны қалыптастыру, логистиканы жақсарту және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету үшін құрылған. Жаңа павильон қазақстандық тауарларды Өзбекстан мен Ауғанстан нарығына шығаруға арналған маңызды платформаға айналып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.Қазақстандық компаниялар павильон базасында өзара келісімдер жасап, ынтымақтастық орнатады. Мұнда бизнесті кеңейтуге және көрші елдердің нарығында өнімдерді ілгерілетуге барлық жағдай жасалған. Отандық өндірушілер өз өнімдерін павильонға орналастыру үшін «QazTrade» АҚ-ға хабарласа алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/900299
Трансшекаралық көлік-логистика хабтарын құру шикізаттық емес тауарлар экспорты көлемін 30%-ға арттырады 11.12.2024
Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтардың дамуы туралы сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев баяндады.Мемлекет басшысы Орталық Азия мен Каспий өңірінде Қазақстанды толыққанды көлік-логистикалық хаб ретінде қалыптастыру міндетін қойды. Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін ел шекараларында – Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Каспий аймағында – көлік-логистикалық және сауда тораптары құрылуда. Трансшекаралық хабтарды құру мен дамытудың мақсаттары, міндеттері және тәсілдері Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген. Хабтар құру шекара маңындағы елдермен сауда қарым-қатынастарын жеделдетіп, шикізаттық емес экспорт көлемін 30%-ға арттырады және бизнесті жүргізудегі логистикалық рәсімдерді жеңілдетеді.Индустриялық сауда-логистикалық кешені жобасының орналасу орны ретінде Қазақстан жағындағы «Қарасу» мен Қырғызстандағы «Ақ-Тілек» транзиттік өткізу бекеттерінің маңайы таңдалды. Бұл – Қырғызстанмен ең қарқынды транзиттік пункттердің бірі. Кешен «Алматы – Бішкек» бағытының бойында орналасады, бұл – халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы дәлізінің бір бөлігі. Индустриялық сауда-логистикалық кешен қызметтерді сақтау, тауарларды алдын ала сату үшін дайындау, консолидациялау және көтерме партиялар бойынша қайта бөлу қызметтерін ұсынады.Қазіргі уақытта Индустриялық сауда-логистикалық кешенінің әлеуетті резиденттер пулы қалыптасып жатыр. Оған ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда саласындағы компаниялар кіреді.«Кешен аумағында жеңілдетілген шекаралық жүйе мен автокөлік құралдары мен жүктерді тіркеу жүйесі жұмыс істейді, ал тауарлар жаңа көпір арқылы тасымалданады, бұл қолданыстағы өткізу пункттеріндегі жүктемені айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Кешенді 2026 жылға дейн іске қосылады деп жоспарланған», — деп атап өтті министр.«Орталық Азия» халықаралық өндірістік кооперация орталығы өңірдегі ең ірі жүк ағындарын консолидациялау, өңдеу және тарату, сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі аясында өндірістік кооперацияны дамыту орталығы болады.Орталық «Атамекен» (Қазақстан) және «Гулистан» (Өзбекстан) бақылау-өткізу бекеттеріне жақын орналасады және өндірістік алаңдардан, сақтау қоймаларын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымынан тұрады. Бұл жүк тасымалдауды жылдамдатуға, логистикалық шығындарды азайтуға, жеткізу тізбегіндегі қатысушылар санын қысқартуға, өнімнің соңғы тұтынушы үшін құнын төмендетуге және жеткізілімдердің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.«Орталық жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруды, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдерді қайта өңдеу, машина жасау мен металды өңдеу, фармацевтика, электротехника, химия, тері өңдеу, тоқыма және тігін өнеркәсібі саласындағы өндірісті дамытуға қолдау көрсетеді. Оған қоса, Global Textile компаниясының дайын тоқыма өнімдерін өндіру жобасы жүзеге асырылады. “Орталық Азия” халықаралық өндірістік кооперация орталығының құрылуы шекара маңындағы елдермен екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі артуына оң әсерін тигізіп, екі елдің өндірушілері мен кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыстарды жандандырады. Өз кезегінде, арадағы тауар айналымды алдағы 5 жылда $10 млрд-қа дейін арттыруға ықпал етеді», — деп түсіндірді спикер. «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы Орынбор, Саратов, Самара қалаларына және Ресейдің ең ірі федералды округтеріне және Шығыс Еуропа елдеріне шығатын бағыттармен байланыс орнатылған жүк ағындарының түйінді нүктесі саналатын – Орал қаласының әуежайына жақын аумақта орналасады.Орталықты жүзеге асыру үшін бояулар, полимерлі жабындар, пластикалық қаптамалар/контейнерлер және 3D декор-панельдер өндірісі бойынша инвестициялық жобаларға арналған индустриалды аймақ құрылған.«Еуразия» орталығының іске қосылуы Батыс Қазақстан облысына макроэкономикалық әсер береді, яғни:жүк және тауарларды жеткізудің халық шаруашылығындағы үлесін 5-10%-ға төмендету;логистикалық шығындардың төмендеуі есебінен инфляция деңгейін төмендету;өндірістерді орналастыру жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру.«Евразия» трансшекаралық сауда орталығының іске қосылуы 2026 жылға жоспарланған. Қорғас торабы – Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін кеңейтуде ажырамас элемент, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының «Бір белдеу – бір жол» ғаламдық концепциясының бір бөлігі, мұнда географиялық орналасу, инфрақұрылымдық әлеует, Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне шығу мүмкіндігі ескеріледі.«Қорғас торабы» жобасын жүзеге асыру инфрақұрылымдық нысандарды («Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы» арнайы экономикалық аймақ, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы, «Нұр-Жолы» бақылау-өткізу бекеті, «Алтынкөл» т/ж стансасы және «Құрғақ порт» т/ж терминалы) біріктіру және интеграциялау арқылы экспорт, транзит көлемін арттыру және өндірістік кооперацияны дамытуға бағытталған. Қорғас торабы Қазақстан мен Қытай шекарасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға серпін береді. Каспий торабы 100 млн халқы бар Каспий маңы аймағының елдеріне (Әзербайжан, Түрікменстан, Иран, РФ) бағытталады. Жобаның практикалық іске асуы контейнерлерді сақтауға және теміржол вагондарынан теңіз контейнерлеріне қайта тиеуге арналған алаң салу, сондай-ақ олардың сапалы өңдеу қызметтерін ұсынуды қамтиды. Каспий торабы Қытайдан Еуропаға транзиттік жүктердің Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы арқылы көлемін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ “Түркменбашы – Ақтау – ҚХР” контейнерлік желісін дамытуға жол ашады», — деді министр.Өз кезегінде спикер Каспий торабында хабтарды дамыту аясында іске асырылатын жобалардың бірі – «Ақтау теңіз портында контейнерлік хаб салу» жобасы екенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда жобаны іске асыру бойынша жұмыстар басталған, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағынан 19 гектар жер учаскесі бөлінген. Жобаның әлеуетті инвесторы – «ГК Порт Ляньюньган» портымен инвестициялар тарту туралы келісім жасалды.Сонымен қатар «PSA International» (Сингапур), «Abu Dhabi Ports Group» (БАӘ), «Adani Group» (Үндістан), «Rhenus» (Германия) сияқты халықаралық компаниялар жобаны іске асыруға қызығушылық танытты. Жобаны ҚР Көлік министрлігі Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп іске асыруда. Ақтау портындағы контейнерлік хаб құрылысы 2025 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады.«Тағы бір жоба – Құрық портының дамуы мен өркендеуіне серпін беретін “Саржа” көпфункционалды теңіз терминалын салу. Жоба инвесторы – «SEMURG INVEST» компаниясы. Жобаны іске асыру аясында жалпы қуаты шамамен 10 млн тонна болатын жалпы жүк терминалын, әмбебап терминалды, сұйық жүк терминалын, сондай-ақ көлік-логистикалық орталық пен өндірістік кешен салу көзделген. 2023 жылдың қарашасынан бастап жалпы жүк ауыстырып тиеу жұмыстары басталды, қазіргі уақытта 73 мың тоннадан астам металл мен тыңайтқыш өңделді. Жобаның аяқталу мерзімі – 2026 жыл. Бүгінгі таңда хабтарды құруға қажетті ұйымдастыру және өкімдік құжаттарды қабылдау бойынша іс-шаралар мен рәсімдер толық аяқталды», — деп баяндады Арман Шаққалиев. Атап айтқанда, Өзбекстан және Қырғызстанмен 2 үкіметаралық келісімге қол қойылып, индустриялық аймақтар құрылған.Шекара маңы елдерімен бірлескен өндірістерді құру және шекаралық хабтар жүйесін қалыптастыру арқылы дамушы аймақтарды құру келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда:Қазақстанның құрлықаралық және мемлекетаралық экономикалық дәліздер жүйесіндегі рөлін күшейтуге;елдер арасындағы тауар айналымының өсуіне және стратегиялық қатынастарды нығайтуға;өнеркәсіптік кооперация мен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға;еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға;халықаралық жүк тасымалы ағындарын қамтамасыз ету үшін заманауи мультимодальды хабтар ұйымдастыруға ықпалын тигізеді. Дереккөз: https://primeminister.kz/news/transshekaralyk-kolik-logistika-khabtaryn-kuru-shikizattyk-emes-tauarlar-eksporty-kolemin-30-ga-arttyrady-29451 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/900516
Астанада ӘМАТ баға индексі 0,3%-ға төмендеді 11.12.2024
Астанада өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 99,7% құрады. Рожки (-7,6%), гречка (-2,1%), күріш (-1,3%), қырыққабат (-0,7%), қант (-0,5%) және сүзбе (-0,3%) сияқты тауарлар бағасы арзандады.Көктемгі-күзгі кезеңде көкөніс бағаларын тұрақтандыру мақсатында Павлодар (ТОО «КазПромАгро», ТОО «Arthur&Company») және Түркістан облысындағы шаруалармен (КХ «Нурбек») 14 мың тонна көкөніс жеткізу туралы форвардтық келісімшарттар жасалды.Ұлттық статистикасы бюросының мәліметтері бойынша, Астанада кейбір көкөністердің бағасы басқа өңірлермен салыстырғандаарзан.Сондай-ақ, 100 тонна сары май және 528 тонна ұн жеткізу туралы келісімшарттар жасалды, олар қаладағы сауда орындарында бекітілген бағамен сатылуда.Бұл шаралар нарықтағы бағаның өсуін бақылау және халықтың қажетті тауарларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.Баға саясатын және заңнаманы сақтау үшін қаладағы сауда департаменті жергілікті әкімдікпен бірлесіп тұрақты мониторинг жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/900827
Жаслан Мәдиев Мемлекет басшысына жасанды интеллект жобаларын таныстырды 11.12.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Hub инновациялық экожүйесіне барды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект негізіндегі жобаларды көрсетті.Президент экономикада цифрландыруды жалғастырып, жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануды тапсырды. Кездесуде министр Жаслан Мадиев жасанды интеллект тұжырымдамасын жүзеге асыру кезеңдері туралы баяндады.«Біздің алдымызда интеллектуалды, креативті және озық құралдармен жабдықталған технологиялық тұрғыдан дамыған қоғам құру міндеті тұр. Біз оны болашақ қоғамын қалыптастыруға бағытталған жаңа тұжырымдама ретінде «Generative Nation» деп атаймыз. Мұндай тәжірибе қазірдің өзінде басқа елдерде сәтті қолданылуда: мысалы, Сингапурда ақылды технологияларға бағытталған «Smart Nation» немесе Израильде инновациялық кәсіпкерлікке басымдық берілген «Startup Nation».» – деп атап өтті Жаслан Мәдиев.Министрдің айтуынша, GenNation.kz негізінде үш негізгі бағыт бар: институционалдық орта, инфрақұрылымды құру және адами капиталды дамыту.Биыл мамыр айында Жасанды интеллект комитеті құрылды. Комитеттің жетекші құрамы Президенттік жастар кадрлық резервінің резервистерінен жасақталды. Шілде айында жасанды интеллектті дамытудың алдағы бес жылға арналған тұжырымдамасы қабылданды.Бұл құжат негізгі сын-қатерлерді, оларды еңсеру стратегияларын, Қазақстанның аймақтық ерекшеліктері мен әлеуетін ескере отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған нақты шараларды қамтиды.Сондай-ақ, институционалдық ортаны дамыту аясында «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленуде.Инфрақұрылымды дамыту бөлігінде Президенттің тапсырмасы бойынша елде технологиялық инфрақұрылым белсенді түрде қолға алынуда. Бұдан бөлек, академиялық ұйымдардың бизнеспен әріптестігі арқылы министрліктің үйлестіруімен Қазақстандық суперкомпьютерлік кластер іске қосылды. Бұл кластер KazLLM дамыту және модель негізінде жасанды интеллект өнімдерін жасау үшін құрылған.«ЦДИАӨМ мен ҒЖБМ қолдауымен Назарбаев Университетінің ISSAI зертханасы KazLLM моделін қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде 148 миллиард токен негізінде оқытуды аяқтады. Бұл модель ғылыми қауымдастыққа, стартаптарға және ірі корпорацияларға қолжетімді болады. Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес KazLLM тюрк тілдес кеңістікте табиғи тілді өңдеу технологияларын дамытуға бағытталған ірі жоба TurkLLM-нің негізіне айналады. Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде тиісті келісімге қол қойылды», – деп мәлімдеді министр.Бұл жоба ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын құрудағы маңызды кезең және Қазақстанның аймақтағы технологиялық көшбасшы ретіндегі мәртебесін нығайтудың дәлелі болмақ.Мемлекеттік қызметтерді трансформациялаудың басым бағыттарының бірі eGov жүйесінде жеке AI-көмекшілер құру болып табылады. Кәсіби тілде оларды AI-агенттер деп атайды. Мұндай AI-агенттер арқылы азаматтарға қайда жүгіну керектігін іздеудің немесе кезек күтудің қажеті болмайды. AI-агенттер азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер үшін пайдалы болады, ал күнделікті процестер автоматтандырылып, қызметкерлердің күш-жігерін стратегиялық маңызды міндеттерге бағыттауға мүмкіндік береді.Мұның бәрі қорғалған контурда кез келген мемлекеттік орган үшін AI-шешімдерді тез жасауға арналған Ұлттық жасанды интеллект платформасын құруға негіз болды. Бұдан басқа, экономика салаларында жасанды интеллектті қолдану бойынша жобалар іске қосылды.Бұл бағдарламалар мемлекеттік органдар мен жеке сектор кәсіпорындары үшін AI-шешімдерді қабылдау процесін жеңілдететін және жеделдететін бірыңғай әдіснаманы қалыптастырады және Generative Nation тұжырымдамасын дамытуға ықпал етеді.AI-индустриясына тұрақты кадрлар ағынын қамтамасыз ету үшін министрлік AI-қозғалысты іске қосты. Оның аясында 5 жыл ішінде 1 миллион адамды оқыту жоспарлануда. Орта және жоғары сынып оқушылары үшін TUMO және Tomorrow School базасында ойын әдістерін қолдана отырып, бағдарламалау мен жасанды интеллектке бағытталған білім беру бағдарламаларын кеңейту ұсынылады.Нәтижесінде жыл сайын 100 мың оқушы математика, бағдарламалау бойынша білімдерін жетілдіріп, креативті технологияларды үйреніп, сыни ойлау қабілеттерін дамыта алады.Бұл Tomorrow School-да келесі кезеңде оқуға қажетті таланттардың сыни массасын құруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметшілердің деректерге негізделген шешімдер қабылдау құзыреттілігін арттыру үшін жасанды интеллект бойынша міндетті негізгі курсты енгізу ұсынылады. Корпоративтік сектор үшін жетекші IT жоғары оқу орындары базасында біліктілікті арттыру орталықтарын құру жоспарлануда. Бұл жобалар пилоттық режимде сәтті сыналған және 2025 жылдан бастап ел бойынша кең көлемде енгізу жоспарлануда.Әр түрлі кезеңдегі AI-стартаптарды қолдау үшін Astana Hub инкубациялық және акселерациялық бағдарламалар, мысалы, AI’preneurs, Google компаниясының Silk Way акселераторы, Draper University-дің Hero Training және басқа да жобаларды жүзеге асыруда. Astana Hub BigTech компаниялары үшін тартымды алаңға айналды, олардың кеңселері ынтымақтастық үшін ашылуда.AI-қозғалысының негізгі кезеңі – Президенттің тапсырмасымен құрылып жатқан Халықаралық жасанды интеллект орталығы – alem.ai болады.Alem.ai – үздік ақыл-ойлар мен озық технологиялар қоғам игілігі үшін жұмыс істейтін, адамның әлеуетін ашуға, экономиканың негізгі салаларын дамытуға және жасанды интеллектті өмірдің түрлі салаларына енгізуге көмектесетін платформаға айналады.Alem.ai Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы әлемдік картада орнын нығайтып қана қоймай, елдің трансформациясының символы болмақ.Осылайша, институционалдық ортаны қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту және адами капиталды дамыту «Generative Nation» жаңа тұжырымдамасын іске асырудың негізі болады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/901023
Ақмола облысында Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 30 жыл толуын атап өтті 11.12.2024
Көкшетауда Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Парламенті Сенатының, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, ардагерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқару мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан маңызды үлесін атап өтті.«Халық қалаулылары аймақтың өзекті мәселелерін шешуде елеулі үлес қосып келеді және сайлаушылардың мүдделерін қорғауда. Мәслихаттар мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді тиімді шешуде», – деді Марат Ахметжанов.Салтанатты жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқыды.Іс-шара барысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, халықтың өмірін жақсартуға және өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге үлес қосқан бірқатар депутаттар «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, «Құрметті депутат» төсбелгісімен, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.Мерекелік іс-шара Ақмола облыстық филармониясы әртістерінің концертімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/901143
Самар ауданының жаңа әкімі тағайындалды 11.12.2024
ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Самар ауданының әкімі лауазымына Жеңісов Серік Жеңісұлы тағайындалды.Жеке меншік сектор мен мемлекеттік қызмет саласында үлкен тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде бастаған. Әр жылдары ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде, ШҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, «Шығыс ақпарат» ЖШС басқарма төрағасы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласы «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ басқарушы директоры, Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.Бұл тағайындауға дейін Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымын атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/900546