Қуқық
Ақтөбе облысының әкімдігі мен Башқұртстан Үкіметі арасында меморандум бекітілді 28.11.2024
Екіжақты келісім өзара тиімді ынтымақтастыққа жол ашпақ. 26-27 қараша күндері Уфа қаласында Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастығы форумы өтті. Ауқымды шара аясында ұйымдастырылған пленарлық отырысқа Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, екі елдің, соның ішінде Ақтөбе өңірі мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстар жөнінде баяндама жасады. Аймақ басшысы өз сөзінде Ресей өңірлерімен әріптестікті жандандыруға және мұндағы ірі логистикалық компанияларды инвестициялық жобаларды бірлесе іске асыруға шақырды. Ол екі елдің стратегиялық әріптестігі ғасырларға жалғасқан тарихи және экономикалық байланыстарға негізделгенін атап өтті.«Ақтөбе облысы ынтымақтастыққа әрқашан ашық және түрлі салаларда бірлескен жобаларды дамытуға әзір. Біздің серіктестігіміз екі тарап үшін де айтарлықтай тиімді болатынына сенімдіміз және жаңа жобаларды табысты жүзеге асыру үшін барлық қажетті мемлекеттік қолдауды ұсынуға дайынбыз», - деп сендірді әкім.Асхат Шахаров Ақтөбе облысы Қазақстанның ірі аграрлық-индустриялық өңірі екенін, Ресеймен саудада тұрақты өсім көрсетіп отырғанын алға тартты. Биылғы жылдың тоғыз айында ғана біздің тауар айналымы 23%-ға өсіп, 1,2 млрд АҚШ долларына жетті.Облыс Ресейдің 47 өңірімен белсенді ынтымақтастықта. Негізгі серіктестер - Свердловск, Челябі, Орынбор облыстары, Мәскеу және Башқұртстан. 700-ден астам ресейлік компания Ақтөбе облысында жұмыс істейді.Соңғы бес жылда Ақтөбе өңірінің экономикасына 12 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды. Новотроицкий хром қосылыстары зауыты, Тихвин ферроқорытпа зауыты және Ключев ферроқорытпа зауытымен қолға алынған жобалар - табысты ынтымақтастықтың үлгісі. Облыс жаңа ірі логистикалық және өнеркәсіптік жобаларға барынша мемлекеттік қолдау көрсетуге дайын. «Ақтөбе облысы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сияқты маңызды магистраль өтеді. Өткізу пункттерін, атап айтқанда, «Жайсаң-Сағаршын» және «Жиренқопа-Первомайское» жаңғырту жүргізілуде. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы аймақтың транзиттік әлеуетін нығайтады. Сонымен қатар, өңірдегі Хромтау қаласында 150 га аумақта индустриялық аймақ және әуежай ауданында 858 га аумақта арнайы экономикалық аймақ құрылуда, ол мультимодальді көлік-логистикалық хабқа айналады. Ақтөбе әуежайы жыл сайын айналымы 10 мың тонна жүк тасымалы бойынша Қазақстанда екінші орында тұр және жаңа бағыттармен әуе қатынасын дамытуды жалғастыруда», - деді өңірдің инвестициялық тартымдылығын атап өткен әкім. Өңір басшысы атап өткендей, Ақтөбе облысы экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды дамытуға ашық болып қала бермек.Форум соңында Ақтөбе облысының әкімдігі мен Башқұртстан Республикасының Үкіметі (Ресей Федерациясы) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қойылған құжат тараптардың өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және экономикалық, мәдени және әлеуметтік салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/891888
Қауіпсіз демалыс! 28.11.2024
2024 жылғы 27 қарашада, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен туризм саласының басшылары үшін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жүргізілді.Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 29 шiлдедегi № 141 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы қызметтерді жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- штаттық және қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/891963
Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті: Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған азаматтарға түсініктеме 28.11.2024
Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2024 жылғы 15 қарашада таратқан баспасөз релизін кейбір БАҚ және әлеуметтік желі қолданушылары қате түсініп, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде (ББТ) тұрған азаматтар букмекерлік кеңселерге аударылған қаражаттарын қайтарып ала алады деген жалған ақпарат таратқан.🔴 Комитет бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарады және түсіндіреді:🔹 «Ойын бизнесі туралы» Заңның талаптары:Заңның 15-бабы, 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ББТ-да тіркелген азаматтарға құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға толық тыйым салынған.🔹 Жауапкершілік және бақылау:Егер құмар ойындарға немесе бәс тігуге заңсыз қатысу анықталса, ойын бизнесін ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алайда, бұл әкімшілік шаралар аударылған ақшаны мәжбүрлеп қайтаруды қарастырмайды.🔹 ББТ-дағы азаматтарға үндеу:Комитет ББТ-да тұрған азаматтарды құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан аулақ болуға шақырады және олардың мұндай әрекеттерден өздерін қорғау қажеттігін ескертеді.🔹 Қаражатты қайтару мәселелері:Комитет букмекерлік кеңселердің шоттарына аударылған қаражаттарды қайтарумен айналыспайды және мұндай қызмет көрсетуге уәкілетті емес. Егер қаражатты қайтаруға қатысты даулар туындаса, азаматтарға:🔺 Сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне жүгіну.🔺 Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, сотқа шағымдану ұсынылады.🔹 Лицензияланған букмекерлерді таңдау:Азаматтарға тек лицензияланған букмекерлік кеңселердің ресми сайттарында тіркелуге кеңес беріледі. Лицензияланған кеңселердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.https://www.gov.kz/memleket/entities/olr/documents/details/736429?lang=kk ‼️ Комитет барлық азаматтарды ақпаратқа мұқият болуға және заң бұзушылықтардың алдын алуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/891908
Қазақстан мен Ресей 2024-2026 жылдарға арналған өңіраралық бағдарламаны бекітті 28.11.2024
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Решетников 2024-2026 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Қол қою рәсімі РФ Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.Құжат Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының өңірлері арасындағы достық және серіктестік қатынастарды кеңейту әрі нығайту, кооперациялық, сауда-экономикалық, гуманитарлық, мәдени, ғылыми байланыстарды дамыту, трансшекаралық сипаттағы проблемаларды шешу есебінен екі елдің өңірлері халқының өмір сүру деңгейін арттыру үшін әзірленген.Іс-шаралар жоспарында ынтымақтастықтың мынадай басым салалары көзделген: сауда-экономикалық сала, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, сәулет, тұрғын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік саясат, ақпараттық технологиялар мен байланыс, ғылым мен білім, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, спорт және жастар саясаты.Іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен РФ Экономикалық даму министрлігі мониторинг жүргізіп, қажет болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/891960
Пусан қаласының қалдықтарды басқару жүйесімен танысу 28.11.2024
Қазақстан Республикасының Пусандағы (Оңтүстік Корея) Бас консулдығының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиев Пусан қаласының қалдықтарды басқару жүйесімен танысу мақсатында қалалық ТҚҚ полигонына және қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарына барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/891941
СҚО әкімі Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумына қатысты 28.11.2024
Ресейдің Уфа қаласында бейнебайланыс бойынша екі елдің басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Пленарлық отырыста СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сөз сөйлеп, аймақаралық ынтымақтастықтың маңызды тұстарын атап өтті.ҚР Премьер — Министрінің орынбасары — Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және облыс әкімдері Башқұртстан Республикасын басқару орталығы мен ұлттық білім орталығының жұмысымен танысты.Форум алаңында Ғауез Нұрмұхамбетов Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады. СҚО әкімдігі мен Омбы облысы үкіметі арасында меморандумға қол қойылды. Құжат сауда — экономикалық, ғылыми — техникалық, әлеуметтік, мәдени салалардағы халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бұл шекаралас өңірлер арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтып, ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.СҚО әкімі Уфа қаласындағы «Алға» арнайы экономикалық аймағындағы «Ultra Decor» зауытында болды. Бүгінгі таңда ағашты терең өңдеу зауыты жылына 1.6 млн. текше метр өнім өндіретін ОСБ және ДСП панельдерін өндіру бойынша Ресейдегі ең үлкен зауыт болып табылады. 200 гектар аумақты алып жатыр. Зауытта 300 адам жұмыс істейді. Австриялық компания біздің облыста бағдарланған тақталар шығаратын дәл осындай кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Өңір басшысы инвестормен перспективалық жобаны жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/891713
ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН “QH” ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ 28.11.2024
Қаладағы №2 оңалту орталығынан ашылған мекемеде нейро-ортопедиялық ақаулары бар балаларға кешенді оңалту жұмыстары жүргізіледі. Бұл үшін орталыққа емдік дене шынықтыру және механотерапия залында аяқ-қолдарды дамытуға арналған «Балу жүйесі», «Террастейшн», «Тиго жүйесі», «Бос аппарат RT-300», «Корвит» нейросенсорлық медициналық құрылғылар орнатылды. “Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ашылған оңалту орталығында сенсорлық, интерактивті, шунгитті және тұзды шахта, кәсіптік терапия, физиотерапия және бальнеотерапия кабинеттері бар. Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 оңалту орталығында жыл басынан бері 1843 балаға кешенді оңалту ем-шаралары жүргізілді. Мұнда неврологиялық ақауы бар 18 жасқа дейінгі балалар кардиохирургиялық, ортопедиялық оталардан кейін оңалту процедураларын қабылдайды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/891781
Теректі ауданында медициналық пункт ашылды 28.11.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап жүзеге асқан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Теректі ауданы, Ақсоғым ауылдық округіне қарасты Үлкен Еңбек ауылында тұрғындар бірнеше жыл бойы асыға күткен медициналық пункт халық игілігіне қолданысқа берілді.Ашылу салтанатына қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.Жалпы ауданы 139 шаршы метр болатын медициналық нысан бір ауысымда 15 адамды қабылдау мүмкіндігі бар. Медициналық пункт қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.Бақытжан Хаберұлының айтуынша, жыл соңына дейін өңірде 20-ға жуық денсаулық сақтау ғимараттары ашылады. Бұл ауыл медицинасын қалпына келтіріп, халықтың денсаулығын жақсартып, сапалы медициналық көмек көрсету үлкен қолдау болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/891876
Мемлекеттер басшылары ғылыми және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа үлкен мән береді 28.11.2024
Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев келесі көктемде Астанада «Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достығы» аллеясын ашу жөнінде шешім қабылдағанын айтты. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары сейіл құратын көрікті орынға айналады. Сондай-ақ ол Астанада қыркүйек айында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді қатысқаны үшін Ресей тарапына ризашылығын білдірді. Қазақстан Президенті 2026 жылы елімізде спорттың дәстүрлі түрлері мен киберспортты ұштастыратын Үшінші «Болашақ ойындары» ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Бұл бірегей сайыстың әуелгі бастамашысы – Ресей.– Биыл тамыз айында өткен Астананың Мәскеудегі мәдениет күндері көпшіліктің зор ықыласына бөленгенін атап өткім келеді. Қазан қаласында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының ескерткіш бюсті ашылды. Бұл – айтулы оқиға. Бұдан бөлек, Мәскеудегі Үлкен театр сахнасында қазақ ұлттық классикасының жауһары – «Абай» операсы қойылды. Таяу жылдары әйгілі Третьяков галереясында және Эрмитажда Қазақстанның мәдени-тарихи жәдігерлерін паш ететін көрмелер ұйымдастырылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдадыСонымен қатар президенттердің қатысуымен екі ел делегацияларының мүшелері төмендегідей құжаттармен алмасты:1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы;2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігін және инфрақұрылымын, автомобиль жолдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы автомобиль және теміржол өткізу пункттерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы келісім;4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы «Сырым» (Қазақстан Республикасы) және «Маштаково» (Ресей Федерациясы) өткізу пункттері арасындағы Таловая өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін және оған кірер жолдарды реконструкциялау, күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау тәртібі туралы келісім;5. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипажы мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісім;6 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын нөмірлеуді пайдалану туралы келісім;8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;9. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Челябинск мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің Қостанай филиалының қызметі туралы келісім; Сонымен қатар президенттердің қатысуымен екі ел делегацияларының мүшелері төмендегідей құжаттармен алмасты:10. 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданысын ұзарту және оған өзгеріс енгізу туралы хаттама;11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;12. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;13. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы коммерциялық емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;14. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;15. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі арасындағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандум;16. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Российские железные дороги» ААҚ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;17. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co. Ltd және «Славтранс-Сервис» АҚ арасындағы жобаны іске асыру туралы келісім;18. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «ФинИнвест» ЖШҚ арасындағы ниеттестік туралы меморандум;19. «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Фирма ОРГРЭС» ААҚ арасындағы екінші Екібастұз ГРЭС-інің №3 және №4 энергия блоктарында тиімді технологияларды пайдалана отырып, ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім.https://t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/891853
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты 28.11.2024
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде аштыҚасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалын ресми түрде ашу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысты.Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Ресейдің Жоғары білім және ғылым министрінің орынбасары Константин Могилевский қатысып, екі ел арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық жөнінде баяндама жасады.Мұнан соң мемлекет басшылары университет филиалын ашуға рұқсат берді. Сондай-ақ жиынға ҚазҰУ басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев пен ОмМУ ректоры Сергей Замятин қатысты.Ресейде тұңғыш рет ашылған қазақстандық жоғары оқу орнының филиалына талапкерлерді қабылдау 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Қазақстан мен Ресей үкіметтері студенттерді оқыту үшін арнайы 200 грант бөлді.ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалы «Халықаралық құқық», «Қазақ филологиясы» және «Кеден ісі» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр мен магистрларды даярлайды. Болашақта қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылмақ.Филиалдағы оқу үдерісін ұлттық университеттің профессор-оқытушылар құрамы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізеді. Алдағы уақытта шетелдік ғалымдарды тарту көзделіп отыр.Қазіргі уақытта филиалда оқу-әдістемелік қызметке арналған 10 кабинет жасақталған. Атап айтқанда, студенттер Шоқан Уәлиханов атындағы кеден ісі, Абай атындағы қазақ тілі және Нәзір Төреқұлов атындағы халықаралық құқық кабинеттерінде дәріс тыңдайды. Бұдан бөлек, басшылық пен профессор-оқытушылар құрамы үшін 5 кабинет, 7 оқу аудиториясы және коворкинг орталығы қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/891692
Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының мамандары кәсіби мерекелерін атап өтуде 28.11.2024
2000 жылғы 28 қарашада Қорғаныс министрінің кейіннен зейнетақымен қамсыздандыру орталығы болып қайта құрылған Қарулы күштердің зейнетақымен қамсыздандыру басқармасын құру туралы директивасы қабылданды.Орталық мамандары зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Олардың күш-жігерінің арқасында 2016 жылдың 1 қаңтарында әскери қызметшілердің барлық санаттары толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырылды.Әскери зейнеткерлерді әлеуметтік қолдаудың маңызды шарасы зейнетақы жинақтарының қалдықтарын біржолғы алу жөніндегі шешім болды. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емдеу ақысын төлеу үшін пайдалануға құқылы болды.Қорғаныс министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында орталық мамандары деректерді автоматты режимде салыстырып, өзектендіруді жүргізіп келеді. Сонымен қатар, еңбек сіңірген жылдарын есептеуге, зейнетақы төлемдерін тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға байланысты процестер де толықтай автоматтандырылған.Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау күшейтілді. 2022 жылғы қаңтардан бастап жұбайына және отбасы мүшелеріне кәмелетке толғанға дейін ақшалай қамтудың бір жалақысына дейінгі мөлшерде ай сайынғы төлем белгіленді. Сондай-ақ, әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде мертігу салдарынан әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерге ақшалай қамтылым жалақысының 50% мөлшерінде ай сайынғы төлем көзделген.Қолданыстағы құқық нормаларына сүйене отырып, Орталық қызметкерлері әскери зейнеткерлердің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда. Бұл күнделікті қажырлы еңбек олардан заңнама негіздерін, қаржылық сауаттылықты, ең бастысы, әскери қызметке қандай да бір қатысы бар адамдарға жанашырлықпен қарауды талап етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/891704
ҚР Ұлттық қорғаныс университетіне Корея Республикасының өкілдері келді 28.11.2024
Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарының Корея Республикасы дипломатиялық ведомствосының өкілдерімен кездесуі өтті.Делегация құрамында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик және әскери атташе өкілдері бар.Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков шетелдік қонақтарға оқу-материалдық база, ЖОО бағдарламалары және білім беру мекемесінің ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары жайлы айтып берді. Корея Республикасының Елшісі Чжо Тэ-ик университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарына Корей түбегі мен Солтүстік-Шығыс Азияның қауіпсіздігі тақырыбында дәріс оқыды.Іс-шара екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2024 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/891745
Алматыда әскери топографтар жиыны өтті 28.11.2024
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде Қарулы күштердің түрлерін, әскер тектерін, өңірлік қолбасшылық әскерлерін, әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарын геоақпараттық қамтамасыз ету қызметтерінің бастықтарының жиыны өтті.Басқосуда ҚР ҚК Бас штабы Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы полковник Серік Жолдыбаев қызмет басшыларына Қарулы күштерді геоақпараттық қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру және орындау сапасын арттыру туралы тапсырма қойды.Жиын бағдарламасы топогеодезиялық ақпаратты есепке алуды және сақтау шарттарын ұйымдастыру бойынша теориялық және нұсқаушы-әдістемелік сабақтарды қамтыды. Әскери топографтар зымыран әскерлері мен артиллерияның, жоғары дәлдіктегі топогеодезиялық аспаптары бар әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің атыс және ұшыру позицияларын топогеодезиялық байлауды дайындау және жүргізу мәселелерін іс жүзінде пысықтады. 92835 әскери бөлімінің баспаханасы негізінде жиынға қатысушылар карта басу процесінің ерекшеліктерін зерделеді.Жиынға алғаш рет аумақтық қорғаныс бригадаларының топографтары тартылды. Бұл бірыңғай әдістеме бойынша топографиялық дайындықты жүргізуге мүмкіндік береді.Іс-шара барысында проблемалық мәселелер талқыланып, геокеңістіктік ақпарат алудың заманауи құралдарын қолдану бойынша ұсыныстар айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/891766
Астанада виртуалды платформада курсанттар сайысы өтті 28.11.2024
Алғаш рет қазақстандық «Геотактика» үдеткішінің платформасында азаматтық жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттері, Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындары мен колледждерінің курсанттары арасында әскери-тактикалық жарыстар өтті. Astana IT университетінің базасында ұйымдастырылған жедел штабта Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева 23 команданың іс-әрекетін қадағалап, бақылады.Қорғаныс ведомствосының өкілі мамандарды оқытуда жаңа технологиялардың маңыздылығын атап өтті. Ол жарысқа қатысушыларға алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін командалық жұмыстың табысты болуын тіледі. – «Геотактика» үдеткіші әскери істің негіздерін, ұрыс тактикасын игеруге мүмкіндік береді, әртүрлі қару-жарақ түрлерін, сондай-ақ ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды басқаруды үйретеді. Сонымен қатар, бұл виртуалды шолу көзілдірігінің көмегімен компьютердегі аудиторияда жасалады. Одан бөлек «Геотактика» компьютерлік бағдарламасын пайдалана отырып әскери-тактикалық жарыстар кеңестік кеңістіктегі елдер арасында алғаш рет өткізіліп отырғанын және бұл отандық бағдарламашылардың әзірлемесі екенін атап өткім келеді, – деді А.Төлембаева. Виртуалды полигондағы дистанциялық жарыстар екі кезеңде өтті. Іріктеу турында қатысушылар әскери топография және атыс дайындығы бойынша жаттығуларды орындады. Финалға сегіз команда шықты, олар турнирді playoff форматында жалғастырды. Конкурсқа қатысушылар елді мекенді қорғау, шабуылдау және тазарту жөніндегі сценарийлерді пысықтай отырып, ұрыс тактикасында бағын сынасты.Киберқауіпсіздік циклі бойынша әскери кафедрада оқитын Astana IT University 3 курс студенті Алмас Мағзұмов жарыстан алған әсері жайлы былай деді: – Біз ақпараттық қауіпсіздік негіздерін, ақпаратты қорғау әдіс-тәсілдерін, шифрлау әдістемесін және т.б. зерделейміз. «Геотактика» бағдарламалық жасақтамасы теориялық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Тапсырмалар әр түрлі деңгейде болды. Олар нақты ұрыс қимылдарын имитациялайтын ортаға енуге мүмкіндік берді. Мұндай жаттығу оқу материалдарын тез игеруге мүмкіндік береді, – деді сайыскер. «Финист» компаниясының басшысы Денис Зиновьев 2023 жылы қорғаныс саласындағы Defence Tech Battle стартаптар байқауында үздік инновациялық технология деп танылған үш өлшемді «Геотактика» тренажерінің мақсаты мен мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті. – «Геотактика» үдеткіші әскери білім беру процесін кезең-кезеңімен цифрландыруға бағытталған. Бұл жаттығу құрылғысы әскери кафедралардың студенттеріне тәжірибеге бағытталған дағдыларды үйретеді. Бүгінгі таңда бағдарлама топография, атысқа дайындық және тактика бойынша сабақтар өткізуге, джостиктер мен виртуалды шындық көзілдіріктерін қолдана отырып, ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды басқаруға мүмкіндік береді, – деді Д.Зиновьев. Әзірлеме халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, Торайғыров университетінің, Satbayev University, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің, Astana IT University және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әскери кафедраларында нәтижелі қолданылып жүр. Әскери-тактикалық жарыстың қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды. Олар ойын шарттары бойынша қала ішінде ұрыс жүргізді. Satbayev University әскери кафедрасының командасына үйлесімді және тиімді әрекеттері үшін бірінші орын берілді. Екінші орынды Торайғыров университетінің студенттері еншіледі. Үшінші орын Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттарына бұйырды. Әскери-тактикалық ойынның белгілі бір кезеңдеріндегі үздік көрсеткіштері үшін Щучинск қ. Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының командаларына номинациялар берілді.Жарысқа қатысушылар тәжірибе құнды жинап қана қоймай, Қорғаныс министрінің орынбасарынан алғыс хаттар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/891820
Қазақстан мен Ресейдің агроөнеркәсіптік кешендерді дамыту үшін зор мүмкіндіктері бар 28.11.2024
2024 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары өтті.Мемлекеттердің басшылары дәстүрлі түрде Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарына тән өзара толық түсіністік, ашықтық пен сенім жағдайында, екіжақты ынтымақтастықтың барлық кешені бойынша жемісті келіссөздер жүргізді, өзекті халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша пікір алмасты, екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің перспективаларын қарастырды.Тараптар өндірістік кооперацияны тереңдету, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, химия, фармацевтика, құрылыс сияқты басым салаларда және басқа да салаларда бірлескен өзара тиімді жобаларды дамыту, өзара қолайлы шарттарда өнеркәсіп өнімдерін өзара жеткізуді реттейтін ішкі рәсімдерді жеңілдетуге жәрдемдесу ниетін растайды.2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 10 жылдық мерейтойы жылында Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін сенімді түрде атап өтіп, Шарт шеңберіндегі еуразиялық экономикалық интеграция Тараптардың ұлттық мүдделеріне жауап беретініне, барлық мүше мемлекеттерге бәсекелес артықшылықтар жасайтынына және даму үшін зор әлеуетке ие екеніне сенім білдіреді.Тараптар екіжақты сауда-экономикалық кооперацияны ұлғайту және тиімді, сенімді, қауіпсіз және жіксіз жеткізу тізбектері есебінен тауарлар ағынын әртараптандыру арқылы жүк жөнелтушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өңірлік өзара байланысты нығайту жөніндегі өзара іс-қимылдың басымдығын қолдайды. Осы күш-жігердің шеңберінде еуразиялық кеңістіктегі түрлі көліктік-логистикалық жобаларды ұштастыру идеясы оң бағаланады.Тараптар өзара тауар айналымы құрылымындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсу үлесін қанағаттанушылықпен атап өтеді. Қазақстан мен Ресей агроөнеркәсіптік кешендерді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие және халықаралық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен нығайтудағы өзінің маңызды рөлін түсінеді.Аграрлық ғылым, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемін жолға қою және арттыру, трансшекаралық су ресурстарын үнемді және үйлестірілген пайдалану саласындағы ынтымақтастық алдыңғы кезектегі маңызға ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/891770
Телекоммуникация саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойылды 28.11.2024
Қазақстан мен Ресей 7-ші әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.Қол жеткізілген келісімге сәйкес, диапазондарды бөлу келесідей анықталды: - Қазақстан Республикасы +7 0, +7 6, +7 7 кодтарын пайдаланады. - Ресей Федерациясына +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтары бекітілді. Бұл процесс тату көршілік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген конструктивті диалогтың нәтижесі болды. Қазақстан мен Ресей бөлінген ресурстарды азаматтардың игілігі үшін тиімді және ашық пайдалану мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастырады. Айта кеткен жөн, 2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында халықаралық телефон коды +997 резервке қойылды.Байланыс операторларымен жаңа кодқа көшу мәселесін талқылау барысында, жаңа кодқа көшу мүмкін екені, бірақ бірқатар қаржылық және технологиялық проблемалар туындайтыны анықталды.Сонымен қатар, отандық байланыс операторларының барлық абоненттері мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды алу үшін өз деректерін жаңартуы қажет болады. Осыған байланысты көшу кезеңінде ақаулар мен жағымсыз тәжірибенің ықтималдығы жоғары.Осыған байланысты, азаматтардың ыңғайлылығы үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық электр байланысы одағымен қайта келіссөздер жүргізіп, +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/891746
2024 жылғы IV тоқсандағы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 28.11.2024
Үздіксіз әрі сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.Осыған байланысты, 2024 жылғы 29 қарашада (сағ. 03:00-ден 17:00-ге дейін) телерадио хабарларын таратуды өшіріп, кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.Сall-сenter: 193, +7 (727) 2 581 500, 8 8000 800 193e-mail: abonent@otautv.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/891756
Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған оныншы электрондық аукцион аяқталды 28.11.2024
2024 жылғы 27 қарашада Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған оныншы электрондық аукцион өткізілді.Аукцион ҚР ҚМ «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ-тың электрондық аукцион операторының: www.e-qazyna.kz сайтында өткізілді.Аукционда қол қою бонусының ең көп мөлшерін ұсынған 6 жер қойнауының учаскесі бойынша жеңімпаздар анықталды.Аукцион қорытындысымен Құзыретті органның сайтында таныса аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/756024?lang=kz«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 100-бабына сәйкес аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары жарияланған күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде (1) қол қою бонусын төлейді және (2) құзыретті органға қол қойылатын бонустың төленгенін растауды және өз тарапынан қол қойылған құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жібереді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/891695
Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 2,4 мыңнан астам тексеру жүргізді 28.11.2024
2024 жылдың басынан бері Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2 474 тексеру жүргізді, оның 629-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 655-ы жоспардан тыс, 1 190-ы прокуратураның талабы бойынша.Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 949 ұйғарым берілді, сондай-ақ жалпы сомасы 215,8 млн теңгеден астам айыппұл түрінде 961 әкімшілік жаза қолданылды.Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 174, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 99, ДК – 49, мектептер – 802, дүкендер – 21, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 110, мәдениет үйі – 12, мұрағаттар, мұражайлар – 12, банктер – 12, балабақшалар – 468, колледждер, лицейлер – 144, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 33, нотариустар – 4, мемлекеттік мекемелер-114, ауруханалар, емханалар-88, санаторийлер – 8, сауда үйлері – 39, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері – 9, полиция пункттері – 8, стомалогия – 4, оңалту орталықтары – 11, автобус паркі, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар – 9, кітапхана – 4, БЖСМ, спорт мектептері – 16 және басқалар қамтылды.Мәселен, Абай облысында қоғамдық бірлестіктің өтініші бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаның болмауына байланысты сауда үйлерінің біріне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.Бұл ретте инспекторлар мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістерді атап өтеді.«Жылдан жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жақсарып келеді. Жаңа объектілірде пандустар, тұтқалар, тактильді құралдар, лифттер қарастырылып, қол жетімді болуда. Бұрыннан жұмыс істейтін нысандар да жаңғыртылуда. Мысалы, Grand Bazar базарында мүгедектігі бар адамдарға арналған 20 тұрақ бар, енді ешкімнің көмегінсіз екінші қабатқа көтерілуге болады. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарыт да қол жетімді болды: пандустар талаптарға сай жасалып, есіктер кеңейтіліп, табалдырықтар алынып тасталды. Бұл бағыттағы жұмыс тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр деп санаймын», – деп атап өтті Тараз қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедектігі бар Астанағұл Керімқұлов.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енген кезден бастап, елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/891703
"Рухтастар" республикалық жастар сыйлығына өтініш қабылдау жүріп жатыр 28.11.2024
"Рухтастар" республикалық жастар сыйлығына өтініш 5 желтоқсанға дейін қабылданады. Жеңімпаздар алты номинация бойынша таңдалады. "Жастар Рухы" ЖҚ филиалдары мен бөлімшелерін марапаттау үшін тағы екі санат бөлінген."Рухтастар" – AMANAT партиясы жанындағы "Жастар Рухы" Жастар қанаты құрылтайшысы болып табылатын жыл сайынғы республикалық жастар сыйлығы. Оны алты санаттың бірінде алуға болады: - Еңбек адамы – "Ыстық қайрат". Бұл номинацияда өз қызметі саласында жоғары кәсібилігімен танылған кандидатқа артықшылық беріледі. Мұнда күрделі және өмірлік маңызды мамандықтар ең өзекті болып саналады: шахтер, металлург, инженер, слесарь және басқалар. Осы номинацияға үміткерлердің өз кәсібіне енгізген инновациялары құпталады.- Жыл еріктісі – "Жылы жүрек". Бұл номинацияда еріктілер мен қоғам қайраткерлері марапатталады. Өрттің, су тасқынының немесе жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан кандидаттар, жануарларға арналған баспана жасаушылар және қаңғыбас мысықтар мен иттерді құтқарушылар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне көмектесетіндер қатысады. - Үздік жас ғалым – "Нұрлы ақыл". Бұл номинацияда ірі ғылыми журналдарда жарияланымдары бар жас ғалымдарға, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысушыларға артықшылық беріледі. Сондай-ақ өнертапқыштардан, ғылымды танымал етушілерден және зерттеушілерден өтінімдер қабылданады.- Жыл батыры – "Қайсар". Бұл номинация ерлік жасағаны, жанқиярлығы және төтенше жағдайларда көрсеткен батылдығы үшін беріледі. Мұнда әр түрлі құтқару және гуманитарлық операцияларға, апаттардың салдарын жоюға қатысушылар басымдыққа ие.- Жылдың әлеуметтік жобасы. Бұл номинацияға жеке де, команда да қатыса алады. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды табысты іске асырған авторлар танылады. Экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жобалар да өзекті: Қалдықтарды кәдеге жарату, көгалдандыру, су айдындарын қорғау және биоәртүрлілікті сақтау.- Жыл белсендісі – "Белсенді рухтас". Бұл номинация ұйымның жұмысына белсенді қатысқан, жастар бастамаларын іске асырған және қолдаған, іс-шаралар ұйымдастырған және өз қатарына жаңа мүшелерді тартқан "Жастар Рухы" ЖҚ мүшелеріне беріледі. Екі бөлек номинация "Жастар Рухы"ЖҚ үздік бөлімшесі мен филиалын анықтау және марапаттау үшін бөлінген.18–35 жас аралығындағы барлық адамдар сыйлықақы алуға өтініш бере алады. Мұны ресми сайттағы google формасын толтыру арқылы жасауға болады https://jastarruhy.kz.Өтінімде конкурсант туралы ақпаратты көрсету, оның жарияланымдарына немесе ол туралы және оның БАҚ-тағы қызметі туралы жаңалықтарға сілтеме жасау қажет.Сондай-ақ, өтінімге презентация форматында портфолио тіркелуі керек. Онда үміткердің неге сыйлыққа лайық екендігі туралы егжей-тегжейлі дәлелдер болуы керек. Сондай-ақ, үміткер жұмыста немесе волонтерлік қызмет барысында көрсетілген фотосуреттерді қосу керек.Жеңімпаздарды марапаттау 2024 жылдың 20 желтоқсанында өтеді. Финалистер салтанатты рәсімге қатысуға жеке шақырылады. Әр номинацияның жеңімпаздары диплом, мүсін және ақшалай сыйлық алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/891671