Қуқық
Әскери есепке алу саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту ұсынылуда 16.11.2024
ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.Аталмыш өзгерістер 2017 жылғы 24 қаңтардағы «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» және 2019 жылғы 9 шілдедегі «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» екі бұйрыққа қатысты.Нормативтік құқықтық құжат қағидаларды «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген ҚР Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 176) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында дайындалды.Ережелердегі кейбір техникалық түзетулермен қатар қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күніне дейін қысқарады. Бұл әскери міндеттілерге әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын беруге және әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қоюға қатысты. Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 14 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15264085 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/876101
Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру қағидаларына өзгерістер енгізіледі 16.11.2024
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі департаменті нормативтік құқықтық актілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.Өзгерістер нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды жіктеу мен есепке алу тәртібін жетілдіру мақсатында енгізіледі.Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 12 қарашасына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15258203 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/876102
Алматыда әскер балуаны Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатынан жеңіспен оралды 16.11.2024
Халықаралық әуежайда әлем чемпионы ефрейтор Нұрқожа Қайпановты Армияның орталық спорт клубының басшылығы, әріптестері мен достары қарсы алды.Спортшы олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде күрес түрлері бойынша әлем чемпионаты өткен Албаниядан ұшып келді, онда ол әріптесі кіші сержант Жәмилә Бақбергеновамен бірге ел намысын қорғады.Еркін күрестен Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі ефрейтор Нұрқожа Қайпанов 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Қызылорда облысы Арал қаласының тумасы. 2021 жылы АОСК ротасында мерзімді әскери қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Алматыдағы Армия орталық спорт клубы филиалы оқу-жаттықтыру орталығы штаттық командаларды даярлау бөлімі еркін күрес командасы бөлімшесінің спортшы-нұсқаушысы болып қызмет етеді.Қазір Нұрқожа Қайпановтың қоржынында Азия чемпионатының екі "алтыны" және "күмісі", әлем чемпионатының "алтыны" мен "күмісі" бар. Айта кетейік, Нұрқожа еркін күрестен қазақстандық екінші әлем чемпионы.Кіші сержант Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтынға таласта Жапониядан келген спортшы Ами Ишииге есе жіберіп, "күміске" ие болды. Бұл спортшының күрестен әлем чемпионаттарынан алған төртінші медалі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/876143
Аймақ басшысы Энергетик шағын ауданы тұрғындарымен кездесті 16.11.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Энергетик» шағын ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан тұрғындарының өтініштеріне құлақ түріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.«Энергетик» - облыс орталығындағы жаңа аудандардың бірі. Соңғы жылдары ауданда көпқабатты тұрғын үйлердің қатары көбейіп, халық саны да артып келеді. Шағын аудандағы жол асфальтталып, жылу жүйесі қалыпты беріліп тұр. Десе де, тұрғындарды мазалаған мәселелер бар.«Мен бұл ауданда көп жылдан бері тұрамын. Жағдайымызды айтуға сізге дейін қаншама басшыларды шақырдық. Алайда, бірі де келген емес. Қала бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды көріп жатырмыз. Қуаныштымыз. Сол үшін өзіңізге, сіздің командаңызға алғыс айтамыз. Енді біздің де ауданға көңіл бөлсеңіздер екен», -деді Гүлмира Садыққызы есімді тұрғын.Аудан тұрғындарының әкімге жеткізген өтініштерінің қатарында абаттандыру, ыстық су, балалар алаңын ретке келтіру сынды мәселелер бар. Сондай-ақ суық судың ара-тұра ажыратылатыны да айтылды.«Сіздердің тараптан көтерілген әрбір сұрақ жауапсыз қалмайды. Бірақ бір жайтты жақсы түсінуіміз керек. Ұзақ жылдар бойы жиналған мәселелер бір күнде шешілмейді. Біртіндеп жолға қоятын боламыз. Қала бойынша 500-дің үстінде аула бар. Олардың бірқатарын былтыр жөндесек, биыл тағы да көптеген ауланы қалпына келтірдік. Бұл жұмыс жалғаса береді. Солардың қатарында сіздердің шағын аудан да бар. Мен бұл жұмыстардың барлығын өз бақылауымда ұстаймын», -деді облыс әкімі.Облыс әкімі тұрғындармен кездесіп қана қоймай, шағын ауданды аралап, жағдайды өз көзімен көрді. Сапар соңында орынбасары Димитрий Гариков пен өзге де жауапты тұлғаларға шағын ауданнның мәселесін шешуге қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876130
Оңтүстік Корея компаниясы Батыс Қазақстан облысына 81 млрд теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр 16.11.2024
Астанада ағымдағы мәселелерді талқылау және перспективалы инвестициялық стратегияларды қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар мен халықаралық инвестициялық қоғамдастықтың басын қосатын жыл сайынғы ең маңызды оқиғалардың бірі – KGIR-2024 жаһандық инвестиция бойынша қазақстандық дөңгелек үстел өтті..Дөңгелек үстел ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өтті. Оған мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, облыстар мен қалалардың әкімдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі инвесторлар, сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысуда.Бұл іс-шараның басты тақырыбы жаһандық инвестициялық үрдістерді талқылау және әлемдік нарықтардың болашағын болжау болды.Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев инвестиция тарту және бизнеске қолайлы жағдай жасау Мемлекет басшысы айқындаған негізгі басымдықтар болып қала беретінін атап өтті.Ол бүгінгі дөңгелек үстел әлеуетті инвесторлармен өзара әрекеттесу және өңірлердің инвестициялық әлеуетін көрсету үшін бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті. "Батыс Қазақстан облысында біз инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайларды жасадық: қолайлы климат, дамыған инфрақұрылым және қуатты өнеркәсіптік және логистикалық әлеует. Өңірде жоғары технологиялық өндірістер ашылды, бұл одан әрі өсу үшін нақты экономикалық әлеует пен тұрақтылықты көрсетеді", - деп атап өтті Нариман Төреғалиев.Оның айтуынша, соңғы үш жылда облыстың негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 1,6 трлн теңгені құрады, оның ішінде 2023 жылдың қорытындысы бойынша 645,6 млрд теңге, бұл алдыңғы көрсеткіштерден 16,4 пайызға жоғары.KGIR-2024 аясындағы маңызды оқиға БҚО әкімдігі мен оңтүстіккореялық Hyundai Solar KZ 777 компаниясы арасында меморандумға қол қою болды. Компания төрт жобаны жүзеге асыруға 81,4 млрд теңге инвестициялауды жоспарлап отыр, бұл 120 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жоспарланған жобалардың қатарында қалдықтарды өңдеу және өртеу кешені, жылыжай кешені, сондай-ақ күн панельдерінен электр қуатын өндіретін стансаның құрылысы бар. Бұл бастамаларды іске асыру мерзімі 2024-2026 жылдарға жоспарланған. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/876104
Алмасадам Сәтқалиев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен телефон арқылы сөйлесті 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгін Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Қазақстан әлемдік мұнай нарығын тұрақтандырудағы ОПЕК+ ұйымының маңызды рөлін, ынтымақтастық пен келісімдерді сақтау, оның ішінде өндіруді ерікті түрде қысқарту және артық өндіруді өтеу қажеттілігін атап өтті. Қазақстан өз тарапынан келісімге және ерікті қысқартуларға, сондай-ақ ОПЕК Хатшылығына ұсынылатын жаңартылған кестеге сәйкес өтемақы жасауға толық бейілді екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/876085
Ақордада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды 16.11.2024
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрлерінің, Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ өкілдерінің, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, буллингтің алдын алу және білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.Сондай-ақ, кеңес барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша жүйелі және жедел шараларды іске асыру барысы талқыланды.Мемлекеттік кеңесші балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан мемлекеттің назарында екенін атап өтті. Жалпы, мемлекеттік органдар аталған бағытта қажетті институционалдық шешімдер әзірледі, алдын алу тетіктері мен ден қою алгоритмдерін құрды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876074
Ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес Жетісу облысының Көпбірлік ауылында кітапханасы бар мәдениет үйі салынады 16.11.2024
Жетісу облысының Көпбірлік ауылында кітапханасы бар жаңа мәдениет үйі салынады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Қаратал ауданына жасаған жұмыс сапары барысындағы ауыл тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Ауылдықтардың айтқан өтініші негізінде өңір басшысы тиісті лауазымды тұлғаларға аталған нысанның құрылысына дайындық жұмыстарын бастау туралы тапсырма берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Көпбірлік ауылының тұрғындары облыс әкімімен кездесуге жуырда пайдалануға берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің алдына жиналды. Кездесуде тұрғындар ауылға келетін жолдың жөнделіп біткеніне және ауыз судың сапасы жақсартылғанын атап өтті. Облыс басшысы өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатындағы осындай жұмыстар әлі де жалғасатынын жеткізді:- Көпбірлік – облыстың ең шалғайдағы ауылының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз облыс орталығына жақын елді мекендерді ғана емес, алыс жатқан ауылдарды абаттандыру мен дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ең бірінші сапалы ауыз су, жол, жарық және әлеуметтік нысандар керек. Тұрғындар тұрмыстың жақсарғанын сөз жүзінде емес, іс жүзінде сезінуі тиіс. Сіздердің ауылға келетін жолды жөндеп бітірдік, ауыз судың сапасын жақсарттық, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, ауылдық әкімдік салып бердік. Енді сіздердің өтініштеріңізге сәйкес кітапханасы бар мәдениет үйі тұрғызылады. Екі ауылдық округке ортақ өрт сөндіру депосын құрып, қажетті техникамен қамтамасыз етеміз. Сол сияқты көшелерді жөндеуге, жарықтандыруға назар аударылады, - деді облыс әкімі Б. Исабаев.Тұрғындар ауылға жасалып жатқан игі шараларға ризашылығын білдіріп, бірқатар өз өтініштерін де айтты. - Ұзақ жылдардан бері біздің шалғайдағы ауылға арнайы келген бірінші облыс әкімісіз. Бұл ауылдықтардың мәселесі назардан тыс қалмайтынын көрсетеді деп ойлаймын. Мысалы, ауылымызда заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Мұнда балаларымыз дзюдо, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисінен секцияларға барып жүр. Бұл олардың денсаулығын нығайтуға да пайдалы. Осы жерден мықты чемпиондар шығады деп сенеміз. Ендігі бір тілегіміз, осы спорт кешенінің артында орын бар, сол жерге балалар үшін воркаут алаңын салып берсеңіздер, - деді ауыл тұрғыны Нұрлан Бердахметов.Тағы бір тұрғын ауыл балаларын түрлі жарыстарға апару үшін шағын автобус бөлінсе деген тілегін жеткізді. Облыс әкімі айтылған ұсыныстарды қолдап, аудан әкіміне және басқа да тиісті лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.Сол сияқты осы кездесуде ауылдан Балқаш көлінің жағалауына апаратын 2,5 шақырымдық жолдың мәселесі де көтерілді. Ауылдықтардың айтуынша, әсіресе жаңбырлы күндері жағалауға жету қиындық тудырады. Өз кезегінде облыс әкімі аталған жолға қиыршық тас төсеуге қаржылай көмек көрсетілетінін айтты.Атап өтсек, осы күні Көпбірлік ауылындағы биыл қолданысқа берілген ауылдық әкімдік ғимаратында болды. Сол сияқты Үштөбе қаласындағы аудандық емхананың «Б» блогындағы күрделі жөндеудің барысымен танысты, сондай-ақ жақында ашылған жаңа үлгідегі әскери комиссариат ғимаратына барды. Сондай-ақ аймақ басшысы Ескелді ауылындағы блокты-модульді медициналық пункт пен мәдениет үйінің құрылысы барысын тексерді. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/876043
KGIR-2024: ақтөбелік делегация бірқатар инвестормен кездесу өткізді 16.11.2024
Астанада Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2024) өтіп, оған 500-ден астам делегат, оның ішінде халықаралық компаниялар мен сарапшылардың өкілдері қатысты. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жетекшілігімен өткен шарада негізгі инвестициялық трендтер және олардың халықаралық стратегияларға әсері талқыланды. Өңірлерді индустриялық дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. KGIR-2024 аясында Ақтөбе облысында техникалық метанол өндіру зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру үшін Ақтөбе облысының әкімдігі мен «МКС Восток» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Жаңа жоба жергілікті метанол өндірісін дамытуға мүмкіндік беріп, өңірдің импортты алмастыруына және экономикалық әлеуетін нығайтуына ықпал етеді.Сондай-ақ, іс-шара барысында Үкімет басшысы өңірлік экономиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін үздік инвесторларға марапаттар табыс етті. Ақтөбе облысының құрылыс индустриясына қосқан үлесі үшін«Зерде Керамика» ЖШС компаниясы атап өтілді.KGIR-2024 аясында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Әбдікәрімов АҚШ, Испания, Иран бизнес өкілдерімен, сондай-ақ электротехникалық машина жасау, құрылыс индустриясы, автомобиль жасау және т.б. салалардағы қазақстандық және халықаралық өндірушілермен бірқатар кездесу өткізді.«KGIR-2024» тәжірибе алмасу және өсу, инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылау бағытындағы бірегей платформа болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/876055
Қазақстанда кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу талқыланды 16.11.2024
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың төрағалығымен кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.Күн тәртібінің негізгі тақырыбы нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау шеңберінде кемсітушілікке қарсы заңнамаларды әзірлеу мәселелері бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді талқылау болды.Жұмыс тобының мүшелері биылғы қорытынды отырысқа одан әрі ұсынымдар беру үшін мемлекеттік органдардың ұстанымдарын білдірді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/876067
КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУ ҮШІН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОО-ЛАРДЫҢ ТҮЛЕКТЕРІН БӨЛУ ТЕТІГІН ЖАҚСАРТУДЫ ҰСЫНАДЫ 16.11.2024
Денсаулық сақтау министрлігі медицина кадрларының тапшылығын шешу жолдарының бірі ретінде медициналық ЖОО-лардың түлектерін бөлу тетігін тиімдірек етуді ұсынады.«Қазіргі уақытта медициналық ЖОО-лар түлектерінің үштен біріне жуығы бөлу бойынша жұмыс істемейді, негізінен жұмысқа орналасу үшін жеке медициналық ұйымдарды артық көреді. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде кадрларды даярлау мен жергілікті бюджет қаражатының есебінен кадрларды даярлаудың арасында үйлесімділік жоқ (ЖАО гранттары), бұл медицина кадрларын тиімді жоспарлауға әсер етеді, мамандардың жергілікті жерге жетуі бойынша мониторинг те әлсіз жүргізілуде»,-деп атап өтті Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев өз сөзінде Абай облысындағы Парламент Сенатының көшпелі отырысында.Жағдайды өзгерту үшін пәрменді шаралар ретінде Денсаулық сақтау министрлігі кадрлармен қамтамасыз етуде нақты үйлестіруді белгілеу қажет болған жағдайда жас мамандарды жұмысқа дербес бөлуді уәкілетті органның деңгейіне қайтаруды ұсынады.Екінші - түлектердің жекелеген санаттары үшін жұмыс істеуді кейінге қалдыру, резидентурада оқуды жалғастыруды енгізу, МСАК деңгейінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар медицина қызметкерлері үшін ерте (алдын ала) бөлу рәсімін енгізу.Сонымен қатар, кадрларды бөлуді реттеу және әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін жергілікті жерлерде өңірлік комиссиялар құрған жөн.Бұдан басқа, ведомство кадрларды жергілікті жерлерде ұстап тұру және ауылдық жерлерде дәрігерлік қызметтің беделін арттыру үшін қосымша ынталандыру шараларының тұтас пакетін бастамашылық етеді. Олардың қатарында интерн дәрігерлеріне арналған білім беру бағдарламаларын жаңарту, психологиялық қолдау бағдарламаларын ұйымдастыру және ұзақ тәжірибесі бар медицина қызметкерлерін ынталандыру жүйелерін енгізу және басқа да материалдық емес ынталандыру шаралары бар.Бұл бастамалар денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және ауылдық жерлерден медицина кадрларының кетуін азайтуға жағдай жасауға бағытталған.Хирургиялық топтың ең көп сұранысқа ие 5 мамандығына анестезиолог-реаниматологтар кіреді, қажеттілік – 306-ны, хирургтар – 210-ды, офтальмологтар – 112-ні, оториноларингологтар – 83-ті, ангиохирургтар – 44-ті құрайды. Босандыру қызметінің ең сұранысқа ие мамандары: акушер-гинекологтар – 253, неонатологтар – 87.Дәрігерлерге деген жоғары қажеттілік Астана (702 дәрігер), Алматы (497 дәрігер), Шымкент (234 дәрігер) сияқты ірі қалаларда бар. Ауылдық елді мекендер деңгейінде медицина қызметкерлеріне ең үлкен сұраныс Ақмола (116 дәрігер), Түркістан (135 дәрігер), БҚО (89 дәрігер) байқалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/876050
Жетісу облысында 30 жылдай жөнделмеген шалғайдағы ауылға апаратын жол жасалды 16.11.2024
Жетісу облысында шалғайдағы Көпбірлік ауылына апаратын жолдың жөндеуі аяқталды. Қаратал ауданына барған жұмыс сапары барысында «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» автомобиль жолының жөндеу жүргізілген учаскелерін жүріп өткен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құрылыс жұмыстарының нәтижелерін көріп қайтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 176 км, соның 137 шақырымы жөнделді, оның 78,5 шақырымына жөндеу биыл жүргізілді. Жолдың қалған бөлігі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.Атап айтқанда, Көпбірліктен Алмалы ауылына дейінгі ұзындығы 28 км жол учаскесіне 2021 жылы орташа жөндеу жасалды. Жолдың қалған бөлігінің құрылысы төрт бөлікке бөлінген.- Өткен жылы жалпы ұзындығы 30 км болатын 5 км-ден 35 км-ге дейінгі учаске жөнделді. Бүгінде автотрассаның 40 шақырымына, яғни 90-147 шақырым учаскесіне асфальт төселді. Қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, жол жиегі нығайтылып, белгілер орнатылуда. Жұмыстар 10 қарашаға дейін бітеді. Жөндеу жұмыстары трассаның екінші және үшінші учаскелерінде де аяқталды. Бұл нысандар пайдалануға берілді. Сөйтіп «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» жолының барлық аталған учаскелеріне асфальт төселді. Жобаның құны 4,9 млрд. теңгеден асады. Жол 3-ші санатты, жүру бөлігінің ені 7 метр, - деді Бейбіт Исабаевқа жол құрылысы туралы баяндаған облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.Басқарма басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімі жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылғанын атап өтіп, мердігер компания жұмысшыларына істі уақытылы аяқтағаны үшін ризашылығын жеткізді.- Халықпен кездесу кезінде тұрғындар Көпбірлік ауылына баратын жолдың мәселесін көтерген болатын. Осыған байланысты жолды жөндеуге қатысты нақты шаралар қабылдадық. Қазір жол толық жөнделіп бітті. Бұл трассамен жүк көліктері көп жүрмейтіндіктен және жұмыс сапалы орындалғандықтан, жол кемінде он жыл қызмет етеді. Көпбірлік – шалғайда жатқан ауыл. Алдымен оның жолытн жасадық, сосын ауыз су сапасын жақсарттық. Біздің бұдан әрі де шалғайдағы және шекаралық ауылдарды дамытуға бағытталған нақты жоспарларымыз бар, - деді Б. Исабаев.Бұл ретте тұрғындар да пікір білдірді:- Өзім Байшегір ауылында тұрамын. Отыз жыл көлемінде жолымыз жөндеу көрмеді. Біздің де, Көпбірлік ауылы тұрғындарының да жолдың сапасына көңіліміз толды. Қазір мен сияқты көлік жүргізушілері аудан орталығына 1 жарым сағатта жетеміз, - дейді тұрғын Түтінтай Мүсәпіров.Атап өтсек, келесі жылы «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» жолының 145-ші учаскесіндегі Алмалы көпірі жаңғыртылады.Жалпы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар жолдардың үлесі жылдың соңына қарай 94% жетеді. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/876022
Жетісудың Қаратал ауданындағы шалғай Көпбірлік ауылында ауыз су сапасының мәселесі шешілді 16.11.2024
Жетісудағы Қаратал ауданының ең шалғай елді мекені – Көпбірлік ауылының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді. Ауылда орталықтандырылған су құбыры болғанымен, соңғы жылдары тұрғындар тұзды су ішуге мәжбүр болған еді. Мәселенің қалай шешілгенін бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қаратал ауданына барған жұмыс сапары барысында арнайы көріп қайтты, - деп хабарлайды Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі.Еске салсақ, 2010 жылы ауылда сумен жабдықтау жүйесі қайта жаңғыртылған еді, атап айтқанда жаңа желілер салынып, тереңдігі 100 метрден асатын ұңғыма қазылып, тұщыландыру қондырғысы орнатылды, ысырмалары ауыстырылды. Қабылданған шараларға қарамастан, соңғы жылдары судың тұздылығы литріне 5,9 грамнан 8 грамға дейін өскен, сондықтан бұл ауыл халқын мазалаған мәселеге айналған болатын.Осыған байланысты облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес бюджеттен қаражат бөлініп, мәселені шешуге қажетті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 2 км желіге қайта жаңғырту жүргізіліп, жаңа су мұнарасы тұрғызылды, оған қоса тұздану деңгейі литріне тіпті 12 граммға жеткен күнде де суды тұщыландыруға қуаты жететін жаңартылған тұщыландыру қондырғысы орнатылды.Облыс әкімі Көпбірлік ауылына барған сапарында судың сапасын көріп, тұрғындармен жолықты. Осы орайда кездесуге қатысқан ауыл тұрғындарының бірі Зәмзәгүл Несіпбаева:- Ауыз су – тіршіліктің негізі көзі, денсаулықтың кепілі. Сондықтан оның сапасының жақсы болғаны маңызды. Бізде бірнеше жылдан бері ауыз су сапасы нашар болатын. Биыл бұл мәселе сіздің қолдауыңызбен шешімін тапты, халық риза. Ауылымызға бұдан былай да көңіл бөлінеді деп сенеміз, - деді.Атап өтсек, Көпбірлік ауылда 179 аула бар, соның 168-і орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылған. Ауылда тұратын халық саны 900-ден асады. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/876033
Жетісу облысының Алмалы ауылында жаңа мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория мен спорт кешені салынады 16.11.2024
Қаратал ауданының Алмалы ауылында үш бірдей әлеуметтік нысан салынады. Атап айтқанда, мәдениет үйі, блокты-модульді дәрігерлік амбулатория және спорт кешені бой көтермек. Бұл туралы бүгін Қаратал ауданына барған жұмыс сапарында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алмалы ауылының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бәйшегір ауылдық округінде 1200 адам тұрса, округ орталығы Алмалы ауылында 800-ден астам тұрғын бар. Ауылдағы ескі мәдениет үйі 2000 жылдан бері қолдануға жарамсыз күйде тұрған болатын. Бұл тозығы жеткен нысан сүріліп, ауылда халықтың өтініші негізінде биылғы жылы блокты-модульды конструкциядан мәдениет үйі тұрғызыла бастады. Енді ауыл тұрғындары мәдени іс-шаралар өткізуге, ал балалар мен жастар түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алады. Бейбіт Исабаев ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында мәдениет үйінің құрылысы келесі жылы жазда аяқталатынын айтты.Сонымен қатар ауылдық аурухананың жанынан бір ауысымда 50 адам қабылдай алатын дәрігерлік амулатория бой көтереді. Қазіргі кезде конкурстың қорытындысы шығып, құрылысын жүргізетін мердігер ұйым анықталды.Жаңа дәрігерлік амбулаторияның салынатынын ауылдық аурухананың мамандары қуана құптаған:- Елді мекендегі ауылдық аурухананың ғимараты 1980 жылы салынған. Оған тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Ғимараттың өзі ескіріп, материалдық-техникалық базасы тоза бастағандықтан, жанынан жаңа стационар дәрігерлік амбулатория салу туралы шешім қабылданғанын естіп қуандық. Енді қазіргі аурухана ғимараты стационар ретінде, ал жаңа нысан ауылдық емхана ретінде қолданылады. Қазір ауруханада 14 медициналық персонал жұмыс істейді, - дейді Алмалы ауылдық ауруханасының меңгерушісі Мақпал Сұлтан.Сол сияқты оөңір басшысы келесі жылы «Үштөбе – Алмалы - Көпбірлік» автожолының 145-ші шақырымындағы Алмалы көпірі де жасалатынын жеткізді.- Ауылдарыңызда мектеп пен аурухана бар, енді замауани дәрігерлік амбулатория мен мәдениет үйі салынады. Өткен жылы Көпбірлік ауылына, биыл Алмалыға жедел жәрдем көлігін бердік. Сонымен қатар ауылдың ішкі көшелерін жөндеуге, жарықтандыруға көңіл бөлеміз. Оған қоса сіздердің өтініштеріңізге орай типтік жобамен халық санына сәйкес спорт кешенін саламыз деп шештік. Осылайша ең алдымен ауылдың инфрақұрылымын жақсарттық, екінші кезекте қажетті әлеуметтік нысандар салынуда, ендігі кезекте шағын және орта бизнесті және ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аудару керек. Ол үшін «Ауыл аманаты» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың қолдау мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет, - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/876037
Костанай облысы: Инвестициялар мен дамуға жаңа серпін 16.11.2024
Костанай облысы өзінің зор мүмкіндіктері мен қарқынды дамып келе жатқан инфрақұрылымының арқасында инвесторлардың назарын аударуды жалғастыруда. Жақында ALUMCRAFT брендімен алюминий қорытпасынан жоғары сапалы пруттар мен профильдер шығаратын зауыт салуға байланысты бастама осының айқын мысалы болып табылады.Бүгін Астана қаласында өткен 2024 ЖЫЛҒЫ ЖАҺАНДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ аясында облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен қытайлық серіктес Yin Xingqian (Ин Синцьен) арасында қуаттылығы жылына 29 000 тонна алюминий пруттары мен профильдерін өндіретін зауыт салу туралы меморандумға қол қойылды. Жобаның серіктесі — Қытайдың алюминий бұйымдарын өндіру саласындағы көшбасшысы болып табылатын Conglin Aluminium Technology (Shandong) Co., Ltd. деп күтілуде. Зауыт аймақ экономикасының дамуына елеулі үлес қосып, бюджетке қосымша түсімдер мен өнім экспорттау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыратын маңызды фактор — жаңартылатын энергия көздерін енгізу және Ақтөбе облысынан газ құбырын тарту жобалары.Бұл инфрақұрылымдық жобалар сенімді энергетикалық ағындарды қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде жаңа өндірістердің дамуына және инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай жасайды.Костанай облысы жаңа өнім түрлерін дамытуға және озық технологияларды енгізуге ұмтылған инвесторлар үшін орталыққа айналуда. Мұндай тәсіл тек өңір экономикасын нығайтып қана қоймай, жергілікті тұрғындар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/876017
Жас көшбасшылар әлеуметтік бастамаларды талқылау үшін Астана мәслихатының депутаттарымен кездесті 16.11.2024
Астана қаласы мәслихатының депутаттары «Әрекет ету уақыты» өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық құрылтайына қатысушылармен кездесіп, әлеуметтік бастамаларды талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараға ҚР өңірлерінен мектеп парламенттерінің 20-ға жуық президенті мен елордалық мәслихат депутаттары қатысты. Ашылу салтанатында Астана қаласы мәслихаты төрағасының м.а. Асқар Смағұлов құттықтау сөз сөйледі.«Бүгін біз жастарды, мектеп қауымын толғандыратын мәселелерді талқылау үшін жиналдық. Әріптестерім мәслихаттың қызметі туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Сіздердің әрқайсыңыз өз мектебіңізде түрлі мәселелер мен қиындықтарға кезігіп, оларды шешудің бірегей жолдарын тауып, жаңа идеялар енгізіп, мектеп өмірін қызықты әрі мазмұнды етуге көмектесетін іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастырып жатқандарыңызға сенімдімін. Сіздердің күш-жігерлеріңіз қазірдің өзінде жемісін беріп жатыр, бірақ бұл сапардың басы ғана екенін түсіну маңызды», - деді ол.Асқар Смағұлов сондай-ақ мұндай кездесулер жастар үшін өзекті мәселелерді жақсы түсінуге ықпал ететінін және қалалық деңгейде шешім қабылдау жүйесі туралы білуге көмектесетінін атап өтті.«Құрметті қатысушылар, осы уақытты белсенді пайдалануға шақырамын: жобаларыңызбен, тәжірибелеріңізбен бөлісіңіз, сұрақтар қоюдан қорықпаңыз, толғандыратын тақырыптарды талқылаңыз. Бұл кездесу сізге жаңа достар мен пікірлестерді табуға, сіздің ұмтылыстарыңызда жалғыз емес екеніңізді, әлемді жақсырақ етуді қалайтын және басқа жігіттердің бар екенін көруге мүмкіндік болсын. Ал біз өз кезегімізде сіздердің идеяларыңыздың жүзеге асуын жеңілдетіп, істеріңізде табысқа жетуге бар күшімізді саламыз», – деп түйіндеді сөзін Асқар Смағұлов.Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, кездесудің негізгі мақсаты – жастар мен мәслихат өкілдері арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысуы үшін жағдай жасау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/875938
Елордада БАҚ өкілдері арасында «Таза Қазақстан – таза Астана» байқауы өтеді 16.11.2024
«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері арасында «Таза Қазақстан – таза Астана» байқауын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Байқаудың мақсаты – Астана қаласының, оның маңындағы және елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, қалдықтарды жинау және кәдеге жарату (көшелерді, жолдарды, алаңдарды, тротуарларды, көлік жүретін жолдарды және басқа да қоғамдық орындарды қолмен және механикаландырылған тазалау); су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу (жылжымалы сорғы қондырғыларының көмегімен су басқан аумақтардан суды айдау; елді мекендерден қарды қар полигонына шығару); «Таза Қазақстан» мемлекеттік экологиялық бағдарламасы шеңберінде «Астана Тазалық» қызметінің қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту.Конкурсқа қатысуға қазақстандық БАҚ өкілдері, авторлар мен блогерлер шақырылады.Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:1) «Үздік телевизиялық материал»;2) «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»;3) «Баспа басылымындағы үздік мақала»;4) «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым».Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылғы 7 қазан мен 10 желтоқсан аралығында шыққан мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі жұмыстар қабылданады. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.Жұмыстарды тәуелсіз комиссия бағалайды, оған қаланың коммуналдық қызметтері саласындағы сарапшылар мен мамандар және беделді журналистер кіреді. Қазылар алқасы келесі критерийлерді басшылыққа алады:1) берілген тақырыптың өзектілігі мен сәйкестігі;2) тақырыпты ашу тереңдігі және ұсынылған ақпараттың дұрыстығы;3) презентация стилі;4) авторлық пайымдаудың өзіндік ерекшелігі.Конкурсқа қатысу үшін материалдар мына электрондық пошта арқылы қабылданады: astana_tazalyk@mail.ru. Байланыс телефоны: +7 778 700 4324.Жұмыстар 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін Астана уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін қабылданады.Байқау қорытындысы 2024 жылғы 11-13 желтоқсанда шығарылады.Жүлде қоры 3 млн теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/875946
Ескерту және алдын алу: Астанада жастар арасындағы есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары талқыланды 16.11.2024
Астанада мәслихат депутаттарының оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларымен кездесуі өтті. Қала мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Азамат Айтқожин қатысушыларға есірткі қылмыстарымен күрес туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Депутаттың айтуынша, есірткі трафигіне көбірек жастар тартылуда."Надандық пен заңнама туралы білімнің болмауы жауапкершіліктен босатпайды. Сіз біздің мектептердің оқушылары есірткі трафигіне қатысып, бұл үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын алған жағдайлар туралы естіген шығарсыз", - деді ол жастарға.Оның айтуынша, есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімділігін арттыру және алдын алу әдістерін өзгерту қажет."Біз жастарға есірткіні қолдану тұлғаның деградациясына және денсаулықтың ауыр проблемаларына әкелетінін жеткізуіміз керек. Нашақорлық адамның денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, айналасындағыларға да қауіп төндіреді, өйткені ол азғындық пен агрессивті мінез-құлыққа әкелуі мүмкін", - деді ол.Қорытындылай келе, Азамат Айтқожин жастарға бос уақытын тиімді өткізуге, дамуға, жаңа білім алуға кеңес берді."Әр ауданда сіз спорт алаңдары мен өнер орындарын таба аласыз. Сіздің міндетіңіз - осы артықшылықтардың барлығын пайдалану", - деп түйіндеді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/876039
Үкіметте ветеринария жүйесін реформалау мәселелері қаралды 16.11.2024
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар қаралды.Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған тұрақты және барлық жерде дамыған ветеринария жүйесін құру тәсілдері іс жүзінде соңғы жылдары басталған ветеринария жүйесін реформалаудың жалғасы саналады. Екі негізгі құрамдас бөлікке негізделген – БАБЖ және АЖС цифрлық жүйелері арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын толық сәйкестендіру және жергілікті жерлердегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты бақылау. Соңғы жылдары кезең – кезеңімен қабылданған шаралардың арқасында ветеринария саласында белгілі бір жақсартуларға қол жеткізілді – бұл бруцеллез, сібір жарасы, пастереллез сияқты қауіпті аурулардың 2022 жылмен салыстырғанда 2,3 есе және 2023 жылмен салыстырғанда 28,5%-ға төмендеуі. Қазақстанның бес өңірінде Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымында әл-ауқат мәртебесі қалпына келтірілді және Ресейге, ҚХР-ға, Түркияға, Беларуське ет экспортына шектеулер алынып тасталды. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру АЖ-да (АЖС) «ӘАЭ» модульдері (жануарлардың орнын ауыстыруды, союды және ет сапасын тұтынушыға дейін бақылау), «процессингтік орталық» (жануарлардың жеке нөмірлерін беруді бақылау) құрылды. Бұдан әрі импорттық-экспорттық операцияларды кейіннен ел бойынша бақылаумен цифрландыру, сондай-ақ «өндіруші – қайта өңдеу – нарық – тұтынушы» қағидаты бойынша қадағалауды ұйымдастыру жоспарлануда.Сонымен қатар қолданыстағы материалдық-техникалық проблемалар, ветеринарлық дәрігерлердің жалақысы мен біліктілігінің төмендігі, ветеринарлық нысандардың интернетпен нашар қамтылуы өңірлерде ветеринарияның тиімді жүйесін құруға елеулі кедергілер туғызады.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин атап өткендей, қазіргі уақытта 75 ветеринарлық стансада (жалпы санының 36%) және 1607 ветеринарлық пунктте (жалпы санының 77%) жеке ғимараттар жоқ. Ветеринариялық стансалар мен пункттердің теңгеріміндегі арнайы техниканың 70%-дан астамы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Мысалы, жақында сібір жарасы анықталған Алматы облысының Ақсу ауылында ветеринариялық пункт ауылдық округ әкімдігі ғимаратының бір кабинетінде орналасқан, дегенмен бұл ретте 25,5 мыңнан астам мал басына қызмет көрсеткен.«Ветеринарлық дәрігер жұмысының үлкен көлемімен – бұл шаруашылықтарды аулалық аралау, жануарларды қарау, АЖС базасын жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету, ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық зерттеулер және басқалар, жоғары білімі бар ветеринардың жалақысы 175 мың теңгені құрайды. Өңірлерде қаражаттың болмауына байланысты ветеринарлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндігі жоқ, бұл сөзсіз диагнозды анықтауда, эпизоотиялық талдау жүргізуде және өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды болжауда қателіктерге әкеледі», — деп атап өтті вице-министр.Уақтылы диагностика және сапалы зертханалық зерттеулер елдің эпизоотиялық әл-ауқатының екінші құрамдас бөлігі саналады. Бүгінгі таңда елімізде 167 ветеринариялық зертхана және 21 сынама алу пункті жұмыс істейді. Олардың жартысына жуығы жөндеуді қажет етеді, 167 бірлік зертханалық жабдық қажет. Мұның бәрі елдің биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін қажет. Бұдан басқа, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында жүк автотасымалдарының өсуіне және теңіз порттары арқылы және шекарадағы азық-түлік және биологиялық қауіпсіздікті бақылауды күшейтуге байланысты ветеринариялық зертханаларды салуға және жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жергілікті жерлерде ветеринариялық бақылауды күшейту үшін облыстардағы және Республикалық маңызы бар қалалардағы қолданыстағы ветеринария басқармаларынан басқа, аудан орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда тиісті бөлімдер құрылғанға дейін ветеринария желісін каскадтау ұсынылады. Бұл ауылдар мен елдімекендердегі ветеринариялық-санитариялық объектілердің (мал қорымдары, сою пункттері, ветстансалар және т.б.) қызметіне бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/876018
«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңдағы отандық бизнесті қолдау жолдары 16.11.2024
ҚР Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның ерекшеліктерін түсіндіруге байланысты жұмысты Қарағанды қаласында жалғастырды. Кездесуге қатысқан өңірдің бизнес қауымдастық өкілдері, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ ШОБ пен «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалының өкілдері сатып алу процесін жеңілдету арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктері туралы тың мәліметпен танысты.Аталған заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. «Сондықтан да бұл өзгеріске дайын болу үшін оның ерекшеліктерін қазірден бастап білу маңызды», деді ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.«Тұтастай алғанда, заң сатып рәсімдерін жеңілдетіп, мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Мысалы, Заңның бірінші бөлімі сатып алу процедураларын жеңілдетуге және оларды қысқартуға бағытталған. Осылайша, сатып алуды жедел жүргізу, тапсырыс берушілерге үлкен өкілеттіктер беру, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің ұзаққа созылуының алдын алу мақсатында шағымдарды енді сатып алуды ұйымдастырушының өзі тікелей қарайтын болады. Сатып алу қорытындыларына шағымдану веб-портал арқылы және конкурстық комиссиямен айқындалған жеңімпаздың сатып алулар бойынша ғана жүзеге асырылады», деді Мәди Төкешұлы.Өнім беруші туралы ақпарат мемлекеттік органдардың жүйелерінің ақпараттарын кеңінен пайдалану арқылы қалыптастырылатын болады.Тиісті реформадағы тағы бір жаңашылдық бәсекелестікті дамытуға арналған. Мәселен, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторы – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ базасында Бірыңғай сатып алу платформасы заңнамалық түрде енгізілді. Бұл арқылы мемлекеттік әрі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларының электронды қызметтерін пайдаланудың бірыңғай нүктесі жолға қойылады. Сонымен қатар тендерлерді өткізу мерзімі 2 айдан 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне шағымдану тәртібі қайта қаралып, жеңілдетілді.«Мемлекет басшысының құрылыс нарығын монополиядан арылту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жаңа заңды іске асыру аясында экономика салаларындағы монополияны төмендету жөніндегі шаралар көрініс тапты. Атап айтқанда, шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі (1 пайыздан 2 пайызға дейін көтерілді) мен теріс мәндер (0.1 пайыздан 0.2пайызға дейін көтерілді) түріндегі баға критерийлерін қолдану жалғасын тапты. Аталған шаралар мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге және жекелеген ірі компаниялардың монополиясын болдырмауға септігін тигізеді», деді Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.Бұдан бөлек отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қаржы министрлігі тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген тізбесін бекітті.Бұл ретте «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігін күшейтуге және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге жол ашатынын айта кетейік. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/875914
