Қуқық
Ақмола облысында Аймақтық инвестициялық штабтың отырысы өтті 20.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Ақмола облысының аймақтық инвестициялық штабының отырысына қатысты. Отырысты облыстық әкімдік ұйымдастырды, оған Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының қатысты.Өңірлік инвестициялық штаб үкімет пен бизнестің тиімді өзара әрекеттесуіне арналған алаң ретінде қызмет етеді, онда инвесторлардың сенімі қалыптасады және жобалар жүзеге асырылады.Сыртқы істер министрінің орынбасары кездесуде сөз сөйлеп, аймақтың берік экономикалық негізін атап өтті, оны жаңа инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру үшін пайдалануға болады.«2025 жылдың соңына қарай Ақмола облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар 926,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ақмола облысы өңірлер арасында инвестициялардың өсуі бойынша бірінші орында, бұл аймақтың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін қалайды», – деп мәлімдеді Ә.Қуантыров.Кездесуден кейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, азық-түлік өндірісін дамытуға, логистикаға және құрылыс индустриясына баса назар аудара отырып, аймақта инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Аймақтың туристік әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылды, бұл жаңа инвестицияларды тарту жолдарын тудырады.Сапар барысында министрінің орынбасары Ақмола облысының әкімі М.Ахметжановпен кездесті.Сұхбат барысында қатысушылар аймақтың инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ облыс экономикасының өсуі мен дамуын қамтамасыз ету жобаларын іске асыру және қолдау артықшылықтарын талқылады.Сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақмола облысындағы «Kazrost Engineering», «Qazaq Kaolin» және «КирЗавод» өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды. «Kazrost Engineering» ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын негізгі компания. Компания меншікті әзірленген дестелегіштер (ЖВУ-9) сериясын шығару үшін металл өңдеу жабдықтарын сатып алуды және тракторлар мен комбайндар желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, компания қосалқы бөлшектер мен компоненттерді сатумен айналысатын «Механика KZ» филиалын ашты. «Qazaq Kaolin» компаниясы «Ақмола облысындағы Алексеев кен орнынан каолин негізінде кен-байыту комбинатын салу» инвестициялық жобасы жылына 80-100 мың тонна өнім өндіру қуатына ие. Жобаның жалпы құны шамамен 12 500 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын қағаз және шыны өндірісі, керамика өнімдері, бояу және лак толтырғыштары, резеңке-техникалық бұйымдар, мұнай-газ өнеркәсібі және басқа да салалар үшін қам каолинді шығарып, өңдейді. Жоба ішкі және халықаралық нарықтардың каолинге деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын кәсіпорын құрады. «КирЗавод» компаниясы «Көкшетау қаласында кірпіш зауытының құрылысы» жобасын да аралап көрді. Зауыттың жоспарланған қуаты жылына 60 млн кірпіш, ал қажетті инвестиция шамамен 13,7 млрд теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1185946?lang=kk
Қорғаныс министрінің орынбасары Алматы облысындағы әскери гарнизондарды тексерді 20.03.2026
Қорғаныс ведомствосының ақпараттық-түсіндіру тобы министрдің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеді. Сонымен қатар басшылықтың әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жұмысы бағалады.Қорғаныс ведомствосының өкілдері Жаркент, Сарыөзек гарнизондарында әскери бөлімдердің инфрақұрылымымен, казармалардың, асханалардың, тұрмыстық нысандардың жай-күйімен, сондай-ақ әскери қалашықтарда тұратын әскери қызметшілердің тұрмысымен танысты.Қорғаныс министрінің орынбасары мерзімді әскери қызметшілерге арнайы уақыт бөлді. Жеке әңгімелесу барысында сарбаздардың денсаулығын, рухани-психологиялық ахуалын, қызметі мен тұрмыс жағдайын сұрап білді. Жауынгерлерге өз құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, олардың барлық өтініштері мен ұсыныстары қаралып, тиісті тапсырмалар беріліп, шешімдер қабылданды.Офицерлер және сержанттар құрамымен өткен кеңесте тәртіпті нығайту мәселелері талқыланып, жоғары патриоттық рухты қалыптастырудың және Отанды қорғауға дайындықтың маңыздылығы атап өтілді.Жеке құраммен өткен кездесулерде генерал-майор Асқар Мұстабеков мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына, оның ішінде конституциялық реформаның маңыздылығына кеңінен тоқталды. Ол әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына қамқорлық жасау Қорғаныс министрлігі қызметінің басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.Бұл ақшалай үлес деңгейін арттыру, демалыс кезінде теміржол көлігімен барып-қайтуға тегін жол жүру мүмкіндігі, сондай-ақ «Әскери баспана» тұрғын үй бағдарламасына қатысу секілді әлеуметтік қолдаудың нақты шаралары арқылы жүзеге асырылады.– Әрбір әскери қызметші мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды сезінуі тиіс. Әскердің әлеуеті лайықты қызмет жағдайын қамтамасыз етуге және жеке құрамның рухани-психологиялық ахуалын сақтауға негізделеді. Отан қорғаушы өз отбасына алаңдамай, ертеңгі күніне сенімді болуы керек Сонда ғана ол қойылған міндеттерді толыққанды орындай алады, – деп атап өтті генерал-майор А. Мұстабеков.Кездесу соңында Қорғаныс министрінің орынбасары жеке құрамды Наурыз мерекесімен құттықтап, әскери қызметшілерге мықты денсаулық, отбасыларына амандық және Отан игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша генерал-майор Асқар Мұстабеков жеке құрамды әлеуметтік қолдау шараларын одан әрі дамыту, тәрбие және идеологиялық жұмысты жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185852?lang=kk
«Құрмет» ордені 20.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президенті атынан ел өміріндегі қоғамдық жұмыстарға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды. Бұл – жерлестеріміздің еңбегіне берілген жоғары баға әрі қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 наурыздағы Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен марапатталғандар: Важничая Ирина Михайловна −Денисов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы; Қожабеков Ержан Иманжанұлы −«Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;Мамедов Рихсибай Абдурахманович −«М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» жеке мекемесінің президенті; Темірбеков Нұрлыхан Мұқанұлы −«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамның проректоры; Өтебаева Динара Қайырбекқызы − «Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық Альянсы» қоғамдық қорының басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185794?lang=kk
Бас штаб комиссиясы Қазақстанның батысындағы әскери бөлімдерді тексерді 20.03.2026
Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Атырау және Ақтау гарнизондарының әскери бөлімдерін аралады.Батыс өңірде ол әскери инфрақұрылым нысандары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің жағдайын тексерді.Атырау облысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қауіпсіздік шараларына, күзетті күшейтуге және төтенше жағдайларға ден қоюды жетілдіруге жіті назарға алып, аса маңызды объектілерді инспекциялады.Бөлімшелердің даярлығын бағалау оқу-жаттығу сабақтары түрінде іске асырылды. Әскерлер орналасқан жерлерде генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров кезекші күштердің жай-күйін, радиолокациялық станциялардың техникалық жарамдылығын, сондай-ақ әуе нысандарын анықтау және оларды зақымдау құралдарын тексерді.Бас штаб бастығы одан бөлек, бөлімшелердің үйлесімді әрекет ету деңгейін және олардың бірыңғай басқару жүйесі шеңберінде іс-қимыл қабілетін зерделеді. Атап айтқанда, іс-қимылды нақты үйлестіруді, шұғыл шешім қабылдауды және тез өзгеретін жағдайда әскерді ұдайы басқаруды қамтамасыз ететін алдын ала әзірленген және жан-жақты тексерілген алгоритмдер негізінде міндеттер пысықталды.Ақтау гарнизонының Әскери-теңіз базасына барғанда генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров зымыранды-артиллериялық кемелердің жауынгерлік даярлығын, кезекшілік атқаруын және навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды бағалады. Сол жерде зениттік зымыранды кешендерінің есептоптары берілген алгоритмдер бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтады және Әскери-теңіз күштері теңіз жаяу әскерлері шабуылдау батальонының десанттық мүмкіндіктері тексерілді.Дене шынықтыру дайындығындағы жоғары көрсеткіштері үшін генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров 51809 әскери бөлімінің мерзімді қызмет жауынгерлері – ефрейторлар Яссин Бостан мен Әлимұса Әбілбекұлын 10 күндік демалыспен марапаттады.Комиссияның гарнизондардағы жұмысының қорытындысы бойынша Қорғаныс министріне әскери инфрақұрылымның әлеуетін арттыру, бөлімшелердің әзірлігін одан әрі нығайту және жеке құрамның жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен баяндама жасалатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185757?lang=kk
Қостанай облысында AI-mektep мультисервистік платформасы іске қосылмақ 20.03.2026
AI-Mektep — жасанды интеллект негізінде құрылған жаңа буындағы білім беру платформасы. Ол мектеп оқушыларын емтихандарға (ҰБТ) дайындауға және заманауи оқу дағдыларын дамытуға арналған. Жоба цифрлық AI-платформаны және білім беру кеңістігін біріктіреді, мұнда оқушылар виртуалды AI-тәлімгердің көмегімен пәндерді өз қарқынымен меңгере алады.Платформа интерактивті сабақтарды, бейне және аудио түсіндірмелерді, тесттердің автоматты түрде жасалуын және оқу үлгерімін талдауды ұсынады. Жобаның негізгі мақсаты — сапалы білімге қолжетімділікті арттыру, оқушылардың ынтасын күшейту және өңірдің білім беру ортасына жасанды интеллекттің заманауи технологияларын енгізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185647?lang=kk
Абай облысында әскери қызметші әйелдер «Көктем аруы – 2026» байқауында жеңіске жетті 19.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында Семей қаласында дәстүрлі мәдени және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Көктем аруы – 2026» байқауы өтті. Оған отбасын, жұмысын, қызметі мен шығармашылығын қатар алып жүрген нәзік жандылар қатысты. Олардың арасында екі әскери қызметші болды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы медициналық қамтамасыз ету бөлімінің офицері медицина қызметінің майоры Назерке Нысан және Ұлттық әскери-патриоттық орталық филиалының аға маманы ефрейтор Гүлдана Әріпова өңірлік әскер атынан өнер көрсетті.Байқауға қатысушылар көрермендерді көрнекі ұлттық киімдерімен, шығармашылық өнерімен, өзіндік ерекшеліктерімен және импровизациялық қабілетімен баурап алды.Қазылар алқасы олардың таланттарын жоғары бағалады. Байқау қорытындысы бойынша Гүлдана Әріпова Бас жүлде иегері атанса, ал Назерке Нысан бірінші орын еншіледі.Іс-шара әскери қызметтің отбасына деген қамқорлықпен және мәдени дәстүрлерді қастерлеумен қатар үйлесетінін айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185542?lang=kk
Қазақстан Моңғолиямен бір күнде $62,6 млн көлемінде экспорттық келісімшарттарға қол қойды 19.03.2026
Қазақстандық компаниялар Улан-Батордағы бизнес-миссия барысында Моңғолиямен жалпы сомасы $62,6 млн болатын экспорттық келісімшарттарға қол қойды. Қазақстан делегациясын ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бастап барды. «Біз Моңғолияны экспорт үшін өте перспективалы нарық деп санаймыз. Қазірдің өзінде дайын өнімдердің үлесі жоғары, бизнес тарапынан нақты қызығушылық бар»,-деді Айжан Бижанова Улан-Батордағы бизнес-форумда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы үш есеге өскен. Моңғолияға экспорттың 90%-дан астамы дайын өнімдер, яғни шикізат емес тауарлар. Оның ішінде азық-түлік пен өнеркәсіп тауарлары басым. Бұл Қазақстан экспортының жоғары қосылған құны бар өнімдерге ауысып жатқанын көрсетеді. Вице-министрдің айтуынша, ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі де жаңа мүмкіндіктер ашады. Құжат 367-ге жуық тауарға қатысты. Ол күшіне енгеннен кейін бұл өнімдерді жеткізу жеңілдейді. Соның арқасында қазақстандық экспорттаушыларға Моңғолия нарығына шығу оңай болады. «Қазір келісімді күшіне енгізу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жақын уақытта іске асады деп күтеміз. Бұл отандық компаниялар үшін экспортты ұлғайтып, Моңғолиямын бірлескен жобаларды іске қосуға жол ашады»,- дейді Айжан Бижанова. Келесі қадам - Қазақстанның транзит мүмкіндіктерін пайдалану. Бұл Моңғолияға жүк жеткізуді жылдамдатып, жаңа бағыттарға шығуға жол ашады. Соның ішінде ЕАЭО, Кавказ, Түркия және Еуропа нарықтары бар. Сауда миссиясы Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың Қазақстанға сапары қарсаңында өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185502?lang=kk
CycleLab: Болашақ экологиясы - студенттік байқаудың финалистері экологиялық жобаларын ұсынды 19.03.2026
Астанада Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы мен «Жасыл даму» АҚ ұйымдастыруымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлескен ұйымдастыруымен және бас демеуші - ЦентрКредит Банкі қолдауымен «CYCLELAB: Болашақ экологиясы» атты студенттік жобалар байқауының финалдық кезеңі өтуде. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 31 өтінімнің ішінен сарапшылар комиссиясы таңдаған 10 үздік жоба финалға шықты.Байқауға Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының колледждері мен жоғары оқу орындарының 16 мен 30 жас аралығындағы студенттері қатысты. Қатысушылар тұрақты даму бағыттары бойынша жобаларын ұсынды: қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары, бөлек жинау шешімдері, ақылды сұрыптау жүйелері, экологиялық қаптама дизайны, логистикаға арналған цифрлық құралдар және экологиялық ағарту.Сарапшылар алқасының бағалау нәтижесі бойынша 10 финалистің ішінен ең перспективалы әрі жан-жақты әзірленген үш жоба жеңімпаз атанады. Финалда қатысушылар жүлде қоры үшін өз бастамаларын қорғайды.Байқау жұмыстарын бағалауды қайта өңдеу саласының, мемлекеттік сектордың, бизнестің және экологиялық қауымдастықтың өкілдерінен құралған кәсіби қазылар алқасы жүргізеді: Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Аубакиров, ЦентрКредит Банкі корпоративтік бизнес филиалы директорының орынбасары Асет Құсайынбеков, «Жасыл даму» АҚ қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру департаментінің бас менеджері Рустем Ускенбаев, эколог және эко-белсенді Айдана Қыдырова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Коммуналдық қалдықтар басқармасының сарапшысы Дамигуль Рахманбердиева, сондай-ақ тұрақты даму саласының сарапшысы Асыл Оқапова.«Біз жастардың жоғары деңгейдегі белсенділігін және ұсынылған идеялардың сапасын көріп отырмыз. Әсіресе жобалардың практикалық қолданысқа бағытталғаны және Қазақстандағы қалдықтарды басқару жүйесін дамытуға нақты үлес қоса алатыны маңызды», — деп атап өтті Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Аубакиров.CYCLELAB байқауы экологиялық мәдениетті қалыптастыруда және жас жаңашылдарды қолдауда маңызды рөл атқарады. Ол қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инновациялық шешімдерді дамытуға, тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға және мемлекет, бизнес пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.Жалпы жүлде қоры 3 700 000 теңгені құрайтын марапаттау рәсімі 2026 жылдың сәуір айында өтеді. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы кеңейтіп, CYCLELAB платформасын экологиялық жобаларды қолдаудың және Қазақстанның «жасыл» экономикасы үшін мамандар даярлаудың тиімді құралы ретінде дамытуды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1185445?lang=kk
Сенат Қазақстанның орнықты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік банкпен келісімді ратификациялады 19.03.2026
Сенаторлар «Бір тараптан ҚР Үкіметі және екінші тараптан ХҚДБ, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігі көпжақты агенттігі арасындағы ҚР орнықты дамуы мен өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңын қарастырып, мақұлдады. Әңгіме шығындарды неғұрлым шұғыл және әлеуметтік бағдарланған жобаларға қайта бөлу арқылы мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту туралы.Құжат қарыздар мен гранттық жобаларды мемлекеттік кепілдікпен іске асыру кезінде ұлттық заңнамадан өзгеше нормаларды қолдануды көздейді. Атап айтқанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық, әлеуметтік, еңбек, гендерлік стандарттарды және Дүниежүзілік банк тобының ақпаратты ашу нормаларын пайдалану ұсынылады.Келісім жобаларды қаржыландыру құралын кеңейтуге және оларды іске асыру кезіндегі рәсімді оңтайландыруға, сондай-ақ мемлекеттің шығыстарын басым жобаларға қайта бөлу есебінен бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1185447?lang=kk
Қазақстан мен Грузия инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады 19.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Грузияның Елшісі Леван Диасамидземен кездесті.Келіссөздер барысында агроөнеркәсіптік кешен, логистика және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін, әсіресе өзара қатысу арқылы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) логистикалық инфрақұрылым жобаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кооперация жобаларын талқылауға ерекше назар аударды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1185376?lang=kk
Ағымдағы жылдың 19 наурызында облыстың мемлекеттік органдары басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті 19.03.2026
Күн тәртібінде ұлттық экстремизмнің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар және кәмелетке толмағандар арасында және дене шынықтыру және спорт саласында 2024 – 2026 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол карталарын іске асырудың аралық нәтижелері туралы мәселелер талқыланды.Өткізілген іс-шаралар бойынша облыс әкімдігінің мемлекеттік органдары мен басқармаларының басшылары тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185300?lang=kk
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінде міндеттерді пысықтады 19.03.2026
Қазақстанның Каспий теңізіндегі секторында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері кемелерінің қатысуымен оқу-жаттығу өтті.Әскери-теңіз күштерінің күш-құралдары жедел режимді қамтамасыз ету шараларын орындау аудандарына жіберілді.– Теңіздегі экономикалық қызмет нысандарын қорғау және бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселелеріне жіті назар аударылды, – деді оқу-жаттығу жетекшісі – Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-ші дәрежелі капитаны Қанат Ниязбеков.Теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальоны мен суасты диверсиялық күштеріне қарсы күрес ротасының жеке құрамы шартты түрде террористер басып алған азаматтық кемені босату тапсырмасын орындады.Аталмыш оқу-жаттығу командирлердің күш-құралдарды басқарудағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Маневрлер барысында бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, қойылған міндеттерді орындауға толық әзір екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185199?lang=kk
Көктемгі шақыру: Астанада және өңірлерде мерзімді әскери қызметке алынғандардың алғашқы лектері жіберілді 19.03.2026
Республикалық маңызы бар қалалардың және елдің облыс орталықтарының жинау пункттерінен әскерге шақырылушылардың бірінші легі ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелеріне жөнелтілді.Астана қаласының қорғаныс істері жөнініндегі департаментінде өткен салтанатты шығарып салу рәсіміне жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскер қатарына алынғандардың туған-туыстары қатысты.Елордалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров маусым айының соңына дейін елорда 1 400-ден астам астаналықты мерзімді әскери қызметке жіберуді жоспарлап отырғанын атап өтті.Алматыда Шекара қызметі бөлімшелеріне 46 азаматты салтанатты түрде шығарып салды. Аталмыш рәсімге тоғыз баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Айжан Шанашова қатысты.– Әскерде ұлым шыңдалып, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен орындап келеріне күмәнім жоқ. Ол саналы түрде және еш ойланбастан әскерге баратынын айтты, – деді көп балалы ана.Шығыс Қазақстан облысында да әскерге шақыру науқаны қарқын алуда. Биыл өңір мерзімді әскери қызметке 650-ге жуық азаматты жібермек. Армияда олар әскери істің негіздерін үйреніп, әскери-есептік мамандық меңгереді. Тәртіп пен жауапкершілікке қалыптасады.Маңғыстау облысында бірінші болып 22 әскерге шақырылушы әскерге аттанды. Алдымен олар Алматы облысындағы шекара қызметінің оқу-жаттығу орталығында алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Көктемгі науқан аясында облыстан барлығы 800-ге жуық азаматты әскер сапына алу жоспарланып отыр.– Әскердегі қызмет – мен үшін шымыр, тәртіпті болуға және Отанды қорғауға өз үлесімді қосуға берілген мүмкіндік. Бұл қызметті мақтанышпен әрі абыроймен атқаруға тырысамын, – деп атап өтті Маңғыстау облысынан әскерге шақырылушы Бекзат Әбілханұлы.Ақтөбе облысында да Алматы облысына қарайтын Шекара қызметінің әскери бөлімшелеріне алғашқы 23 әскерге шақырылушыны жөнелту рәсімі өтті. Алдағы уақытта бұл өңір 1000-нан аса адамды әскерге шақырады.Мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде, сондай-ақ запасқа шығарылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметшілер үшін кредиттік демалыс қолданылады. Бұдан өзге жауынгерлік даярлықтан үздік сарбаздар мемлекеттік грант бойынша ҰБТ тапсырусыз еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185057?lang=kk
Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу өткізу кестесі жарияланды 19.03.2026
ҚР Сауда және интеграция министрлігі ағымдағы аптадан бастап бейнеконференцбайланыс режимінде Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына қатысуға ниет білдірген кандидаттармен әңгімелесу өткізілетінін хабарлайды.Әңгімелесуді өткізу уақыты мен күні кандидаттарға қосымша хабарланатын болады.Әңгімелесу барысында кандидаттардың кәсіби деңгейі және олардың Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі – Сауда және интеграция министрі 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларының» 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланатын боладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185029?lang=kk
“Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері” семинары өтті 19.03.2026
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында ағымдағы жылғы 17 наурызда «Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.Аталған семинарға Министрлікке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер қатысты. Сонымен қатар аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері онлайн форматта қатысу мүмкіндігіне ие болды.Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс және сауатты ресімдеу қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ құжаттарды әзірлеу кезінде жиі кездесетін қателіктерге тоқталып, оларды болдырмау жолдары бойынша нақты мысалдар келтірілді.Іс-шара барысында қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетіліп, практикалық тапсырмалар берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.Аталған семинар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оны іс жүргізуде кеңінен қолдануға және қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185037?lang=kk
«Алатау аманаты» жобасы аясында жүйелі жұмыс жүргізілуде 19.03.2026
Алматы облысында «Алатау аманаты» жобасы аясында өңірдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Қастек шатқалынан бастап, Шарын ұлттық табиғи паркінің аумағына дейін жалпы ұзындығы 1 500 шақырымнан асатын туристік маршрут кешенді түрде зерттелді.Зерттеу барысында табиғи нысандар, тарихи-мәдени көрікті жерлер, инфрақұрылым мүмкіндіктері толық қамтылып, барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Зерттеу қорытындысы бойынша маршруттар жүйеленіп, 2GIS, Yandex Maps және Google Maps сияқты заманауи цифрлық платформаларға енгізілді.Аталған жобаның іске асырылуы маршруттарды оңай жоспарлауға, нақты бағыт-бағдарды айқындауға және қауіпсіз саяхат жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бастама экологиялық туризмнің дамуына, табиғи мұраны сақтауға және жергілікті халықтың табысын арттыруға ықпал етеді.«Алатау аманаты» жобасы тұрақты даму қағидаттарына негізделген және халықаралық стандарттарға сәйкес өңірдегі туризмді дамытудың кешенді тәсілінің үлгісі болып есептеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1185010?lang=kk
Мерзімді әскери қызметке шақыру: Қорғаныс министрлігінде көктемгі науқанды ұйымдастыру мен өткізуге арналған кеңес өтті 19.03.2026
Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.Президент Жарлығына сәйкес, 17 наурыздан бастап қалалық және аудандық шақыру комиссиялары әкімдердің орынбасарларының төрағалығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады.Осыған орай Қорғаныс министрлігінде 2026 жылғы көктемде азаматтарды Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді қызметке шақыруды ұйымдастыруға арналған кеңес өтті.Аталған жиынға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров төрағалық етті.Кеңеске Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық ұланның және ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысты. Облыс және республикалық деңгейдегі қала әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ әскерге шақыру науқанына жауапты лауазымды тұлғалар видеоконференцбайланыс арқылы қосылды.Жиын барысында 2026 жылғы көктемгі шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу, шақыру пункттерінде бірыңғай тәсілдер мен талаптарды қалыптастыру, шақыру комиссияларының жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды. Сонымен қатар әскерге шақыру науқаны кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру бағыттары, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды.Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау әскердің жауынгерлік даярлық деңгейіне, жасақталуы мен кадрлық әлеуетіне тікелей байланысты екенін атап өтті. – Мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтар әскери-оқытылған резервтің негізін қалайды және осы резерв ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда елімізді қорғауға шұғыл тартылады. Сол себепті азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып қала береді, – деді генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.Кеңесте Бас штаб бастығының орынбасары – Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Алмас Исабеков баяндама жасады. Ол өз сөзінде 2025 жылғы әскерге шақыру нәтижелері мен биылғы көктемде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру шаралары туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.Биылғы көктемгі науқан аясында 30 маусымға дейін 18-27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азаматты Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 11 мыңнан астам адам Қарулы күштерге, 7 мыңнан астам адам ІІМ Ұлттық ұланына, 2 мыңға жуық адам ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ге жуық адам Төтенше жағдайлар министрлігіне, 300 адам Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады.Кеңес соңында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров мерзімді әскери қызметті ұйымдастыру жұмыстарын оңтайландыру және сапалы жүзеге асыру аясында жауапты адамдарға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, Президент Жарлығын орындау мақсатында барлық мемлекеттік органдарды өзара тығыз іс-қимыл мен бірлескен жауапкершілікке шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1184976?lang=kk
Әскери гарнизондарда Жаңару күніне орай ағаш егу акциясы өткізілді 19.03.2026
Наурызнама аясындағы Жаңару күні – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды күндердің бірі. Бұл күні өңірлерде жаппай ағаш отырғызу акциялары ұйымдастырылып, тазалық сенбіліктері өткізіледі. Табиғатты қорғау идеясын дәріптеп, қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал ететін мұндай іс-шаралар Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде де жүзеге асырылды.Жаңару күніне орай Жетісу гарнизонында өткен көгалдандыру акциясына Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков қатысты.«Жұлдыз» ықшам ауданындағы әскери жатақхана маңында ұйымдастырылған аумақты абаттандыру және ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері бір кісідей жұмылдырылды.Министрдің орынбасары Наурыз мерекесінің тағылымы мол тәрбиелік маңызының бірі – табиғатты аялап, жасыл желекті сақтау екенін атап өтті.– Табиғатты қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Ұлыстың ұлы күні дәстүр бойынша арықтар тазаланып, жас ағаш көшеттері отырғызылады. «Жаңа күн», «жаңару» деген мағынасына сәйкес, барлық жақсылық осы күннен бастау алып, жан тазалығымен қатар қоршаған ортаның тазалығын сақтаудан көрініс табады. Әскери қызметшілермен бірге қала тұрғындары да осы игілікті іске бір кісідей атсалысты, – деді ол.Акция барысында 20-ға жуық түрлі жеміс ағашы отырғызылды. Әскери қызметшілер мұндай бастамалардың табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғам бірлігін нығайтуға ықпал ететінін дәлелдеді.Мұндай игі іс-шара Ақтау гарнизонында да жалғасын тапты. Әскери-теңіз күштері гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің жеке құрамы әскери бөлім аумағында және Түпқараған ауданындағы Қызылөзен маягы маңында жүзге жуық тал мен гүл отырғызып, аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді.– Бүгінгі акция барысында өңірдің климатына сай келетін жас ағаштар мен гүлдер егілді. Көшеттерді дұрыс отырғызу олардың тез тамыр жайып, өсіп кетуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жаңару күніне орай ұйымдастырылған бұл іс-шарада жеке құрам өздерінің еңбекқорлығын, бірлігі мен достық қарым-қатынасын тағы бір мәрте көрсетті, – деді гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары 3-дәрежелі капитан Ерлан Сабиғат.Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінде де ағаш егу акциясы ұйымдастырылды. Жеке құрам бөлім аумағына 100-ден астам ағаш отырғызды.Әскери қызметшілердің қатысуымен өткізілетін тазалық акциялары мен көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1184905?lang=kk
ҚР Қаржы министрлігі орнықты дамудың халықаралық стандарттарын енгізуді қолға алды 19.03.2026
Қазақстанның Қаржы министрлігі орнықты даму саласындағы ақпарат ашықтығының халықаралық стандарттары – S1 және S2 ХҚЕС (IFRS) енгізу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Атап айтқанда, видеоконференция форматында өткен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында осы бағыттағы өзекті мәселелер пысықталды.S1 және S2 IFRS стандарттары халықаралық есеп берудің жаңа ережелері болып саналады. Жаңа талаптар арқылы кез келген компания өз қызметінің экология мен қоғамға қалай әсер ететіні жайлы, сондай-ақ ұйымның жұмысына қандай климаттық сын-қатер төнуі мүмкін екенін айтуға міндетті болады.Кеңестің күн тәртібінде Қазақстанда 2027-2028 жылдарға арналған S1 және S2 ХҚЕС стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелері қаралды. Аталған құжат БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп дайындалған әрі онда 37 іс-шара қамтылып, бұл стандарттарды елімізде енгізу үшін нормативті, институционалды және әдіснамалық негізді қалыптастыруға байланысты бірізді қадамдар айқындалған.Жұмыс тобы аталған стандарттар қай уақыттан бастап міндетті түрде қолданылатынын анықтауды, осы бағыттағы тиісті ұйымдарды іріктеу үшін өлшемшарттар мен шектерді белгілеуді, S1 және S2 ХҚЕС сәйкес дайындалған есептілік аудитіне тәсілдерді қалыптастыруды, сондай-ақ бұл талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуді қоса алғанда, оның болашақтағы қолдану өлшемдерін пысықтап шықты.«S1 және S2 ҚЕХС енгізу Қазақстанның корпоративті есептілік жүйесін дамытудағы маңызды кезең. Бұл ақпарат ашықтығының сапасын арттыруға, орнықты даму мәселелеріне назар аударуды күшейтуге және еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Біз практикалық шешімдер ұсыну үшін бизнеспен тығыз ведомствоаралық байланыс жасауға дайынбыз», деді отырыс соңында ҚР Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1184782?lang=kk
Екібастұз экономиканы табысты әртараптандыруды көрсетіп, моноқала санатынан шықты 19.03.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартты. Тиісті өзгеріс «Қазақстан Республикасы моноқалаларының тізбесін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы №248 бұйрығына енгізілді.ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 10 наурыздағы №75 бұйрығына сәйкес Екібастұз қаласы моноқалалар тізбесінен шығарылды.Тізбені жаңарту Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін жүргізілді. Құжатта елдің басқа моноқалаларын дамыту үшін Саран қаласының экономикасын әртараптандырудың табысты тәжірибесін тарату міндеті қойылған болатын.Осы жұмыс шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өнеркәсіп өндірісінің серпіні, инвестициялық белсенділік, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту құрылымы және экономиканың орнықтылығының басқа да параметрлері секілді 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізді.Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз экономиканы әртараптандырудың тұрақты үрдісін, дамудың монопрофильді моделінен біртіндеп шығуды көрсетті. Қала экономикасы теңдестірілген салалық құрылыммен, өнеркәсіптің тұрақты өсуімен және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады.Бүгінгі таңда Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында шешуші рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп орталығы болып отыр. 2025 жылғы қорытынды бойынша қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 629,4 млрд теңге. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 28,1%-ға артық. Негізгі капиталға салынған инвестиция 429,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2 есе өскен.Халықты жұмыспен қамту экономиканың бірнеше секторы арасында бөлінген. Бұл бір қала құраушы кәсіпорынға тәуелділіктің төмендеуін және монофункционалдылық белгінің жоғалуын көрсетеді. Осыған байланысты, оң әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, Екібастұзды моноқалалар тізбесінен шығару туралы шешім қабылданды.Жаңартылған бұйрықпен 19 моноқаланың тізбесі бекітілді: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау. Осылайша, елдегі моноқала саны 20-дан 19-ға дейін қысқарды.Тізбені өзектендіру моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясаттың атаулылығын арттыруға және экономиканың қала құраушы кәсіпорындарға жоғары тәуелділігі сақталатын аумақтарда қолдау шараларын шоғырландыруға бағытталған.Екібастұзды тізбеден шығару қала экономикасының табысты трансформациясының көрсеткіші. Оны әртараптандырудың, кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тартудағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1184714?lang=kk