Қуқық
Алматы облысында агроөнеркәсіпке 44,6 млрд теңгенің 7 жобасы іске асады 19.03.2026
Алматы облысында биыл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында жалпы құны 44,6 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.Жобалар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтіп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аталған жобалар агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – «СҚО тәжірибесімен АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды несиелеу бағдарламасы». Бағдарлама аясында 4 млрд теңге қарастырылып, екі жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда, су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған «Alfalfa» ЖШС жобасына 1,5 млрд теңге, ал жүгеріні қайта өңдеу зауытын кеңейту жобасына «Азия агро фуд» АҚ-на 2,5 млрд теңге бөлінді.Бұдан бөлек, 2026 жылы осы бағдарлама шеңберінде 5 млрд теңгеге тағы 4 жобаны іске асыру жоспарланған.Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Сыдықовтыңайтуынша, өңірде агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту – ауыл шаруашылығын жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі.«Биыл іске асатын жобалар өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік әлеуетін арттырып, заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өнім көлемін ұлғайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады», – деді Димаш Сыдықов.Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі бірлесіп қалыптастырған «Инвестицияға тапсырыс» аясында жалпы құны 708,7 млрд теңгені құрайтын 26 жобаны қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.Айта кетейік, 2025 жылы Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешеніне тартылған инвестиция көлемі (алкогольді сусындарды есепке алмағанда) 178,2 млрд теңгені құрап, жоспар 145,4%-ғаорындалды. Жоспар бойынша 122,6 млрд теңге көзделген еді.Сондай-ақ, бекітілген Жол картасы аясында өткен жылы жалпы құны 29 млрд теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылды. Олардың қатарында 9 сүт фермасы, 1 жылыжай кешені, 1 балық шаруашылығы, 1 көкөніс қоймасы, 1 вафельді нан өнімдерін өндіретін зауыт және 1 құс фабрикасы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1184704?lang=kk
Іле ауданында 30 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылуда 19.03.2026
Іле ауданында көгалдандыру жұмысы қарқынды жүруде. Ақши ауылынан бастап, 15 шақырымға созылған жол жиегіне 30 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылуда.Одан бөлек 10 мың қылқанжапырақты ағаш елдімекендер көркін аушға пайдаланылмақ.Іле ауданы әкімінің орынбасары Алмас Бөкенаевтың айтуынша, өткен жылы мамыр айында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға «Алматы» стансасы торабын айналып өтетін теміржол желісін салу жобасы аясында 8500-ге жуық ағашты кесуге рұқсат берген.Аталған жұмыстар соның өтемі ретінде жүргізілуде. Мердігер мекеме – ¬«Ақбастау Gardens» ЖШС. Келісімге сәйкес ағаш биіктігі 2,5 метрден, ал қылқанжапырақты түрі 2 метрден кем болмауы керек.– Осы уақытқа дейін 6 мың ағаш көшеті отырғызылды. Біз табиғат ерекшелігін де назарға алдық. Бұл ағаш түрі ыстық ауа райына бейімделген. Ылғал ұстап тұратын гидрогель қоспасын пайдаланудамыз. 30 жұмысшы еңбек етуде.Бірнеше техника жұмыс істеп тұр. Күніне 2000-ға жуығын отырғызып жатырмыз. 1 жарым айда толық бітеміз деген жоспар бар. Сондай-ақ біз 3 жыл бойы күтіп-баптау шараларын да жүргізетін боламыз. Кейін жергілікті әкімдікке тапсырамыз, – деді «Ақбастау Gardens» ЖШС-ның учаске басшысы Сәбит Қарақұлов. Осылайша жұмыс толық аяқталған соң аудан жасыл желекке оранып, тұрғындар игілігіне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1184693?lang=kk
Қорғаныс министрлігі мен отандық ІТ-компаниялар киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды 18.03.2026
Қорғаныс ведомствосында министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің жетекшілігімен ақпараттық қауіпсіздік жедел орталықтары және киберқауіпсіздік саласында шешімдер әзірлеу мен қызмет көрсетуге маманданған отандық компаниялар басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.Кездесуде қорғаныс ведомствосы мен қазақстандық технологиялық компаниялар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл құжаттар елдің киберқауіпсіздік қабілетін нығайтуға ықпал етпек.Сонымен бірге, тараптар Қорғаныс министрлігі мен бизнес құрылымдар арасындағы әріптестіктің перспективалық бағыттарын талқылады. Оның ішінде киберқауіпсіздік саласына мамандар даярлау, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларды іске асыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қорғауға арналған заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне айрықша назар аударылды.Мемлекет пен отандық ІТ-сектор арасындағы белсенді ынтымақтастық Қарулы күштердің киберқорғаныс әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ұлттық құзіреттер мен технологиялық шешімдерді дамытуға мүмкіндік береді.«Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамымен, «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» заңды тұлғалар бірлестігімен, сондай-ақ «Seven hills of Kazakhstan», «MSSP.GL» және «RTEAM» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен меморандумдарға қол қою арқылы тараптар киберқауіпсіздікті тұрақты қорғауды қамтамасыз етуге және инновацияларды дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға ниетті екенін айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1184052?lang=kk
Қазақстан 7 жылдан кейін алғаш рет Моңғолияға бизнес-миссия жіберді 18.03.2026
Қазақстан 7 жылдан кейін Моңғолия нарығына қайта шықты. Бұл жай іссапар емес. Бұл экспортты қайта қарау, жаңа нарық іздеу. Сауда миссиясы Улан-Баторда өтеді. Оған Сауда және интеграция министрлігі мен QazTrade қатысады. Делегацияда әртүрлі сала бар. Азық-түлік, фармацевтика, өнеркәсіп. Неге Моңғолия? Иә, нарық үлкен емес. Бірақ дәл осындай нарықтар қазір маңызды бола бастады. Ең бастысы логистика түсінікті әрі жақын. Сондай-ақ, Қазақстан Моңғолияға негізгі керек азық-түлік, құрылыс материалдары, отын және жабдықтар ұсына алады. QazTrade-тің соңғы статистикасына сүйенсек, 2025 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 133 млн доллардан асқан. Оның ішінде Қазақстанның экспорты 123 млн доллар. Болжауымыз бойынша, алдағы жылдары бұл көрсеткіш өседі. Жалпы көлемі 500 млн долларға дейін жетуі мүмкін. Моңғолияға шығарылған экспорттың шамамен 90%-ы дайын өнім екенін атап өткен жөн. Яғни, біз шикізат емес, дайын тауар жеткіземіз. Моңғолия бізден күнделікті қажет өнімдерді алады. Олар ұн, астық, май, тәттілер, сусындар. Сонымен қатар, құрылыс материалдары, металл және отын да жеткізіледі. Тау-кен саласына арналған жабдық, химия және қаптамаға да сұраныс бар. Кімдер барады? Моңғолия нарығындағы сұранысты ескере отырып, миссияға экспортқа дайын қазақстандық компаниялар дайындалды. Олар нақты өніммен және дайын ұсыныспен шығады. QazTrade бұған дейін нарықты зерттеп, негізгі бағыттарды анықтаған болатын. Сондықтан делегация құрамы да соған сай қалыптастырылған. Атап айтқанда азық-түлік, сусын өндірушілер, құрылыс материалдарын шығаратын компаниялар, сондай-ақ медициналық жабдық өндірушілер бар. Бұл бизнес кездесу танысу миссиясы емес. Сапардың негізгі мақсаты нақты келісімдерге шығу. Аграрлық және өнеркәсіптік байланыс Қазақстанның негізгі артықшылықтарының бірі – астық өндірісі. Соңғы жылы елде 27,1 млн тонна рекордтық өнім жиналғанын білеміз. Ал Моңғолияда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Осы екі бағытта бірін-бірімізді толықтырып, бірлесіп жұмыс жасау деген жоспарымыз бар. «Яғни, әңгіме тек Қазақстан экспорттайды деген сөз емес. Екі ел бірге өңдеп, кейін өнімді үшінші нарықтарға да шығара алады. Сондықтан бұл миссия уақытша сапар емес, ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың бастамасы»,-деді QazTrade бас директоры Айтмухаммед Алдажаров. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1184185?lang=kk
Алматы облысында дәрігерлер ауыр тамыр патологиясы бар 64 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды 18.03.2026
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында шұғыл түрде жеткізілген науқасқа күрделі ота сәтті жасалды. Дәрігерлер оған қолқа аневризмасының жарылу қаупімен асқынған жедел аорталық синдром диагнозын қойды. Сонымен қатар, ішкі ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылып, төменгі аяқта сыни ишемия дамыған.Шұғыл түрде дәрігерлер консилиумы өтіп, хирургиялық араласу туралы шешім қабылданды. Мамандар аневризманы алып тастап, заманауи тамырлық протезді қолдана отырып, аорто-сандық бифуркациялық шунттау операциясын жүргізді.Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында аневризманың жарылу қаупі жойылып, науқастың жағдайы тұрақтандырылды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, екі аптадан соң науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.Барлық тексеру мен емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1184320?lang=kk
«Көктал» оқу-жаттығу орталығында десантшылар шеберліктерін пысықтауда 18.03.2026
Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерінің жиыны 74261 әскери бөлімінің «Көктал» оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылды.Оқу-жаттығу шаралары топ командирлері мен сержанттарының міндеттерді орындауды ұйымдастырудағы практикалық дағдыларын жетілдіруге, далалық машықтарын арттыруға және жауынгерлік үйлесімді іс-қимылды нығайтуға бағытталған.Десантшылар қару-жарақ пен әскери техниканы пайдаланып, далалық жағдайда әрекет ету дағдыларын пысықтау үстінде.Бөлімшелерді біріктіруге бағытталған іс-шаралар жарыс түрінде өтті. Әрқайсының құрамында 15 әскери қызметші бар 18 топ құрылды. Десантшылар өздерінің ең үздік жауынгерлік қасиеттерін, яғни тапқырлықты, төзімділікті және тосын жағдайда үйлесімді әрекет ету қабілетін көрсетті.20 шақырымдық марш барысында «көк береттілер» жауынгерлік даярлық нормативтерін орындады. Топ командирлері шұғыл шешім қабылдап, жауынгерлік бұйрық беру шеберлігін көрсетті. Әскери қызметшілер миналы-жарылғыш бөгеттер мен су кедергілерін еңсеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ұрыс алаңынан жараланғандарды эвакуациялап, бұзылған техниканы қысқа мерзімде жөндеді.Сонымен қатар десантшылар радиостанцияларды орналастырып, бөлімшенің командалық пунктімен байланысқа шықты, одан өзге жару жұмыстарын орындап, пышақ пен сапер күрегін лақтыру арқылы нысаналарды дәл көздеді.Сабақтар 20 наурызға дейін жалғасатын болады. Мұндай жаттығулар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілеріне шеберліктерін шыңдап, жауынгерлік үйлесімділікті нығайтуға және күрделі жауынгерлік міндеттерді орындауға толық әзір екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1184334?lang=kk
Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі 18.03.2026
Жаңа Конституцияның нормаларын жүзеге асыру шеңберінде Астана мен Алатау қаласы үшін ерекше құқықтық режимді айқындайтын заң жобалары әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.Заң жобалары Алатау үшін «қарқынды даму қаласының» режимін енгізеді және қалалық ортаның сапасын арттыру үшін Астана мәртебесін нақтылайды. Алатауда озық халықаралық стандарттарды енгізу, пилотсыз көлік пен цифрлық активтерді дамыту жоспарлануда. Елорда үшін қала құрылысы, көші-қон және көлік салаларында басқарудың ерекше тетіктері көзделген. Екі құжат та инвестициялар тартуға және жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.«Алатау қаласы бойынша заң жобасы салық салудың ерекше режимін қолдануды және инвестицияларды қорғауды көздейді. Астана бойынша біз елорданың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басқару ерекшеліктерін бекітеміз. Алатау бойынша Парламентте екінші оқылым 27 наурызға жоспарланған, ал елорда мәртебесі бойынша заң жобасы осы жылдың сәуір айының соңына дейін Мәжіліске енгізілетін болады»,— деп атап өтті Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1184339?lang=kk
Астанада экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосқан үздік мектептер марапатталды 18.03.2026
Астанада Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында EcoQolday цифрлық жүйесін пайдалана отырып қайта өңдеуге жіберілген қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруда және оқушылар арасында экологиялық білім беруді дамытуда жоғары нәтиже көрсеткен елорданың мемлекеттік мектептері марапатталды.Шараға 300-ге жуық адам қатысты, олардың қатарында білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, мектеп парламенттерінің өкілдері және экология саласының сарапшылары болды. Бағдарлама «Таза табиғат - жарқын болашақ» атты тақырыптық көрмеден басталып, онда қалдықтарды қайта өңдеу мен қайта пайдаланудың мүмкіндіктерін көрсететін жобалар ұсынылды.Астана қаласы мектептері арасындағы байқау жеңімпаздары: бірінші орын - Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы (1825 кг қалдық жиналды),екінші орын - Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы (1236 кг),үшінші орын - Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейі (570 кг).Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жобаға Астана қаласының 107 мектебі қатысты.Жоба аясында оқушыларға арналған экологиялық білім беру іс-шаралары өткізілді, сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинауға арналған 2730 экоурна орнатылды. Бұл оқушылардың экологиялық белсенділігін айтарлықтай арттырды.Құттықтау сөз сөйлегендер қатарында Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары Абылай Алмұханов, сондай-ақ «Халықаралық экологиялық академия» мекемесінің президенті Айгүл Абдуалиева болды.«Экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру - бұл ел болашағына салынған стратегиялық инвестиция. Бүгінгі оқушылар қоғамда экологиялық жауапты мінез-құлықтың насихаттаушыларына айналуда», - деп «Жасыл даму» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің директоры Серікбол Қалиақбаров атап өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты - қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесін ілгерілетуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген білім беру ұйымдарын ынталандыру, сондай-ақ жас ұрпақ арасында экологиялық жауапкершілікті нығайту болды. Байқау үздік тәжірибелермен алмасуға және білім беру үдерісіне тұрақты шешімдерді енгізуге тиімді алаңға айналды.«Таза Қазақстан» бастамасы мектеп оқушыларында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға, тұрақты тұтыну дағдыларын дамытуға және ұлттық экологиялық күн тәртібін қолдауға бағытталған. Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті. Биылдың өзінде облыстық маңызы бар 15 ірі қаладағы мемлекеттік оқу орындарында білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланған. Ерекше назар мектеп оқушыларын кеңінен қамтуға және экологиялық ағартудың жаңа, заманауи форматтарын енгізуге аударылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1184360?lang=kk
Наурызнама: әскерилер ұлттық киімді ұлықтады 18.03.2026
Ұлттық киім күні Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде рухани, мәдени және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тақырыптық іс-шаралар, челлендждер мен ағартушылық акциялар өтті.Көптеген әскери қызметшілер қызметке қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерімен – бешпент, шапан және қамзолдармен келді.Шараға қатысушылар ғасырлар бойы көшпенділердің өмір салтымен қалыптасқан дәстүрлі киімнің тарихымен танысты. Әр өңір шеберлерінің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы киімдер өзіндік ерекшелігімен және әр түрлі сәнімен бөлек.Әскери қызметшілердің погондары, Құрмет қарауыл ротасы жеке құрамының бас киімдері және Ұлттық әскери-патриоттық орталығы орталық әскери оркестрі музыканттарының концерттік костюмдері де ұлттық ою-өрнекпен безендірілген.Мұндай көркем нақыш мәдени кодымыз бен ұлттық бірегейлікті білдіреді. Ондағы қолданылатын «қошқар мүйіз» элементі қазақ халқының салт-дәстүрді қастерлейтінін және қазіргі әскери форманың бай тарихи мұрамен байланысын көрсетті.Наурызға арналған театрландырылған қойылымдар, шеберлік сыныптары, дефиле және шығармашылық қойылымдар әскери қызметшілердің ұлттық дәстүрлерге деген құрметін айшықтады. Олардың түсінігінде қызмет пен Отанға деген адалдық ата-бабалардың мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға деген ұмтылыспен астасып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1184406?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік әдеп стандарттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту семинары өткізілді 18.03.2026
2026 жылғы 18 наурызда Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесуімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік әдеп стандарттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту семинары өткізілді.Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен белгіленген негізгі құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қызметтік мінез-құлықтың негізгі стандарттары түсіндірілді.Іс-шара барысында тексерулер жүргізу кезіндегі қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол бермеу, тексерілетін субъектілерге артық талаптар қоймау, заңдылық, объективтілік және қызметтік әдеп қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.Сонымен қатар қызметтік іссапарлар кезінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық талаптары түсіндірілді. Қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, сыйлықтар мен өзге де артықшылықтарды алмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау қажеттігі атап өтілді.Мереке және демалыс күндері қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау талаптарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде пайда болуға жол берілмейтіні, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін сақтау қажеттігі түсіндірілді.Семинар қорытындысы бойынша Әдеп кодексі талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік мінез-құлық стандарттарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1184428?lang=kk
ЕАЭО-да бояу-лак материалдарының қауіпсіздігі туралы жаңа техникалық регламент қабылданды 18.03.2026
13 наурызда Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) «Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қабылданды. Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.Аталған құжатты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген. Техникалық регламент 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағында қолданылатын лак-бояу материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптарды, сондай-ақ оларды таңбалау тәртібін белгілейді.Регламент талаптары бояулар, лактар, грунтовкалар, грунт-эмальдар, су-дисперсиялы лак-бояу материалдары, олифалар, сәндік сылақтарға және басқа да осы санаттағы өнім түрлеріне қолданылады. Жаңа құжат лак-бояу материалдарының адам денсаулығы қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтеді.Атап айтқанда, оларды өндіру барысында сынап, кадмий сияқты ауыр металдарды, жартылай металл болып саналатын мышьякты, сондай-ақ ЕАЭО елдері аумағында тыйым салынған оңай буға айналатын органикалық қосылыстарды пайдалануға жол берілмейді. Сонымен қатар өнім құрамындағы қорғасынның шекті рұқсат етілген мөлшері белгіленеді.Бұдан бөлек, лак-бояу материалдары нарыққа шығарылар алдында міндетті түрде санитариялық-химиялық, токсикологиялық, одориметриялық және басқа да зертханалық сынақтар мен бағалаудан өтуі тиіс. Бұл талаптар өнімді тұрмыста және құрылыс саласында пайдалану кезінде адам денсаулығына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге бағытталған.Жиын барысында қаптамадағы жекелеген кондитерлік өнімдерді таңбалау енгізу туралы шешім де қабылданды. Бұл тізімге шоколад және какао өнімдері, имбирь печеньесі, какаосыз қанттан жасалған кондитерлік өнімдер, тәтті құрғақ печенье, вафли, тәтті қоспалары бар ұн және нан-тоқаш өнімдері, қантқа батырылған жемістер, жаңғақтар мен көкөністер және басқа да өнім түрлері енгізілген.Басқа таңбаланатын тауар санаттарындағыдай, таңбалау жүйесі ЕАЭО-ға мүше барлық елде бір мезгілде енгізілмейді. Әр мемлекет бизнес қауымдастықпен талқылау жүргізіп, инфрақұрылымның дайындық деңгейін талдағаннан кейін енгізу мерзімі мен тетіктерін дербес айқындайды.Сонымен қатар 2026–2030 жылдарға арналған ЕАЭО-ның статистика саласындағы интеграциясын дамыту бағдарламасы бекітілді. Құжат Одақтың статистикалық жүйесін одан әрі жетілдіруге және мүше мемлекеттерді тауарлар, қызметтер, капитал мен еңбек ресурстарының ортақ нарықтарының жұмыс істеуі мен дамуын талдау үшін сапалы статистикалық деректермен қамтамасыз етуге бағытталған.Жалпы отырыста тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кедендік реттеу, кедендік-тарифтік саясат, техникалық реттеу, сондай-ақ ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту бағыттарындағы интеграциялық үдерістерді жетілдіруге қатысты бірқатар мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1184433?lang=kk
Астанада ТХКМ дамыту, ЭЫДҰ ұсынымдарын енгізу және RES 2026-ға дайындық талқыланды 18.03.2026
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия басқармасының басшысы Уильям Томпсонмен кездесуі өткізілді.Келіссөз барысында Асан Дарбаев Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы тұрақты әріптестікті дамытудағы жәрдемі үшін Уильям Томпсонға алғыс білдіріп, мемлекеттік саясаттағы ынтымақтастықтың дәйекті түрде нығаюын атап өтті. Өткен кездесу сәтінен бастап, Қазақстан ЭЫДҰ-ның бірқатар, оның ішінде тиісті статистикалық практика және жария парасаттылық бойынша ұсынымына қосылды.«Біз ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылды мемлекеттік институттардың сапасын арттырудың және орнықты экономикалық дамудың маңызды құралы ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті Асан Дарбаев. Еуропалық Одақтың қолдауымен Транскаспий халықаралық көлік бағытының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жобаны қосқанда, бірлескен бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Атап өткендей, маршруттың дамуы Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік әлеуетті және экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал етеді.Қазақстандық тарап осы ретте реформаларды тиімді іске асыруға, ЭЫДҰ-ның озық стандарттарын енгізуге жәрдемдесу үшін Қазақстанда ЭЫДҰ-ның Орталық Азия өңіріне қатысуын арттыруға болатынын атап өтті.Институционалдық дамуға, мемлекеттік қызметшілерді оқытуға және ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыруға жәрдемдесуге баса назар аударатын 2026-2030 жылдарға арналған жаңа іс-қимыл жоспарын дайындауға ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта оны мемлекеттік органдардың қатысуымен талқылау процесі басталды.Бұдан басқа, жасанды интеллект технологияларын дамыту секілді жаңа бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттырудың болашағы айқындалды. Қазақстан ЖИ-ді жауапкершілікпен енгізуге мүдделілік білдіріп, мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде ЭЫДҰ-ның тәсілдері мен қағидаттарын ескеруге ниетті.Тараптар, сонымен қатар, Өңірлік экологиялық саммитке дайындықты талқылады (RES 2026). Уильям Томпсон ЭЫДҰ 2026 жылғы 22-23 сәуірде Астанада өтетін саммиттің ресми әріптесі екенін хабарлады. Ұйым іс-шараға дайындықты қолдап, тұрақты энергетика, көлік және инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар береді.Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1184466?lang=kk
Облыс әкімі емхана құрылысымен танысты 18.03.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай ауданының Заречный кентінде салынып жатқан емхана құрылысын тексерді.Мемлекет Басшысы денсаулық сақтау саласы еліміздің жаңару сатысындағы негізгі бастамаларының бірі болып қалатынын атап өтті.Ағымдағы жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 129,4 млрд теңге қаржы бөлінді, бұл 2022 жылға қарағанда 1,6 есеге жоғары.Бүгінгі таңда облыста 440 медициналық ұйым жұмыс істейді. Маңызды мәселелердің бірі – ауылдық жерлерде сапалы медициналық қызмет көрсету. Облыс халқының 36%-ын немесе 296 мыңнан астам адамды ауыл тұрғындары құрайды.Соңғы 3 жылда ауылдық жерлерде 34 бастапқы медициналық көмек нысаны салынды, оның ішінде 11 нысан сіздің ауданда орналасқан. Олар ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттарымен, зертханалармен, оңалту жабдықтарымен және физиотерапиялық аппараттармен жабдықталған. Бұрын мұндай мүмкіндіктер ауыл деңгейінде болмаған.Бүгінде Қостанай ауданының Заречный ауылында 250 адам қабылдауға арналған емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаның құны – 3,3 млрд теңге.Жалпы ауданы 4,7 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты емхана рентген аппаратымен, флюорографпен, маммографпен, ультрадыбыстық диагностика аппаратымен, ЛОР-комбайнмен, стоматологиялық қондырғымен, биохимиялық анализатормен жабдықталады.Жаңа емхана бастапқы қабылдаудан бастап кешенді диагностикаға дейінгі амбулаториялық көмектің толық циклін қамтамасыз етеді.Мұнда кардиологтар, хирургтар, онкологтар, невропатологтар, эндокринологтар және басқа да бейінді мамандар кең ауқымда қабылдау жүргізеді, сонымен қатар балаларға ерекше көңіл бөлінеді.Емхана келесі функционалдық бөлімдерге бөлінеді:келушілерге арналған жалпы орындар;жалпы дәрігерлік практика бөлімі;оңалту бөлімшесі бар күндізгі стационар;консультациялық-диагностикалық көмек бөлімі;зертхана, биохимиялық бөлім;жалпы қызметтік бөлмелер;функционалдық диагностика;ультрадыбыстық зерттеу кабинеті;рентген-флюорографиялық және рентген-маммографиялық кабинеттер;орталық стерилизация бөлімі.Бұл мекемеде шамамен 300 адам жұмыс істейтін болады.Айта кету керек, қазіргі уақытта емхана бейімделген ғимараттарда орналасуға мәжбүр.Жаңа емхананың пайдалануға берілуі халыққа медициналық қызметтерді қолжетімді етіп, облыс орталығына бару қажеттілігін азайтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1184558?lang=kk
Түркістан облысының алғашқы шақырылушылар тобы Шекара қызметіне аттанды 18.03.2026
Жастарды әскерге шығарып салу рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Енді Түркістан облысынан шақырылған 41 азамат Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы бөлімшелерінде мерзімді қызметін өтейді. Іс-шараға жергілікті әскери басқару органдарының және ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің өкілі, әскерге шақырылушылардың туыстары, сондай-ақ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты. – Бүгін біз әскерге шақырылушылардың алғашқы тобын Алакөл және Зайсан аудандарына шығарып салдық. Көктемгі науқан аясында өңірімізден 18-27 жас аралығындағы екі жарым мыңнан астам адамды әскерге шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 200-ден астам шақырылушы Шекара қызметіне жіберіледі. Бір жылдық қызмет қас-қағымда өте шығады. Әйтсе де жастарға жақсы мүмкіндіктер қарастырылған. Әскерден соң бірқатар жастар ақысыз негізде жоғары білім ала алады. Енді бірі келісімшарт бойынша қызметін жалғастыруға құқылы, – деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Қуанышбек Құлымбаев.Сонымен қатар ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма бастығы полковник Е. Рафиков те жастарға ақжол тіледі. Ол жас сарбаздардың мемлекеттік шекараны қорғау міндетін абыроймен атқаратынына сенім білдірді.Шақыру науқанының алғашқы айларында ҰҚК Шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталады. Одан кейін Қарулы күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Ұлттық ұланның әскери бөлімдерін толықтыру жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1184559?lang=kk
Астанада Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштері үшін цифрлық шешімдер таныстырылды 18.03.2026
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жауынгерлік даярлық жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.Отырыс барысында Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлығын цифрландыру жобалары мен Әскери-теңіз күштерінің жауапкершілік аймағындағы ахуалды жария ету ақпараттық жүйесінің таныстырылымы, яғни Әскери-теңіз күштерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құрудың бірінші кезеңі қаралды.Жауапты мамандар оқу-жауынгерлік қызметті цифрландырудың ағымдағы жай-күйі төңірегінде баяндап, жеке құрамды даярлаудың тиімділігін арттыруға бағытталған перспективалық шешімдерді таныстырды. Соңғы үлгіде жасалған үдеткіш кешендерді, оқытуды басқарудың автоматтандырылған платформаларын және бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін бағалаудың талдамалық құралдарын енгізуге жіті назар аударылды.Қорғаныс министріне Әскери-теңіз күштерінің жауапкершілік аймағындағы жағдайды жарықтандырудың ақпараттық жүйесі көрсетілді. Әзірленіп жатқан цифрлық кешен теңіз бағытындағы ахуалды мониторингілеуге және талдауға арналған. Сонымен қоса бұл әрі қарай Әскери-теңіз күштерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуге негіз болмақ.Қорғаныс ведомствосының басшысы цифрландыру Қарулы күштерді заманауи дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.– Цифрлық технологияларды енгізу әскери қызметшілерді даярлау сапасын едәуір арттыруға, уақыт пен ресурстық шығындарды қысқартуға, одан бөлек оқу процесін жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің барынша шынайы жағдайына жақындатуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Кеңес соңында Қорғаныс министрі Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық жүйесінде цифрлық шешімдерді одан әрі дамытып, ауқымын кеңейту және Әскери-теңіз күштерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін кезең-кезеңімен енгізу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.Қарулы күштердің оқу-жауынгерлік қызметін цифрлық трансформациялау жөніндегі жұмыс қазіргі заманғы технологиялық мүмкіндіктер мен елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қойылатын талаптарды негізге ала отырып жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1183794?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Мысыр Елшісімен кездесу өтті 18.03.2026
Астана, 2026 жылғы 17 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мысыр Араб Республикасының Елшісі Ибтиссам Ракха Хассанмен кездесті.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Кездесу барысында екі ел арасындағы серіктестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлардың дайындық барысына ерекше назар аударылды.Сұхбаттастар Астана мен Каир арасындағы ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1183835?lang=kk
Үкімет тарапынан жаңа Конституциялық заңдардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет: Олжас Бектенов жоспарды жүзеге бойынша жан-жақты әрі түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды 18.03.2026
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыруға бағытталған жаңа Конституциялық заңдардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет екеніне назар аударды.«Үкімет тарапынан «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» жаңа Конституциялық заңдардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 15 сәуірге дейін конституциялық заңдардың жобаларын әзірлеп, Үкіметке енгізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар жаңа Конституцияға сәйкес, кейбір өңірлердің жедел экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимі белгіленуі мүмкін екені атап өтілді.«Парламентте “Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы” Конституциялық заң жобасын қарауды жеделдетіп, Мемлекет басшысына наурыз айының соңына дейін қол қоюға ұсыну қажет. Президент “Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды. 7 сәуірге дейін жаңа Конституцияны ілгерілету жоспарын бекітуіміз керек. Әділет министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жоспар жобасын әзірлеп, 1 сәуірге дейін Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырамын. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жоспарды іске асыру бойынша жан-жақты әрі түбегейлі шараларды қабылдасын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1183886?lang=kk
Астанада дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған дәстүрлі «Наурыз балы» өтті 18.03.2026
Елорданың театрында Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен жыл сайынғы «Наурыз балы» өтті.«Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара бірлік пен жаңаруды айшықтайтын мәдени дипломатияның маңызды платформасына айналды.Салтанатты кештің ашылуында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Наурыз мейрамының биылғы ерекше маңызына тоқталды. Ол мерекенің жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдуммен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті. Министр халықтың реформаларды қолдауы Қазақстанның әділдік пен инклюзивті қоғам құру принциптеріне адалдығын дәлелдейтінін жеткізді.ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев өз сөзінде Наурыздың халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтудағы мәдени дипломатияның негізгі элементі ретіндегі рөлін баса айтты. Дипломаттың айтуынша, мерекенің басты құндылықтары – ынтымақ пен жаңару халықаралық ынтымақтастықтың іргетасы.Сонымен қатар іс-шара бағдарламасы шетелдік қонақтарды қазақтың мәдени кодымен таныстыруға бағытталды. Қонақтар киіз үй құру үдерісін тамашалап, ұлттық билер бойынша шеберлік сағаттарына қатысты. Сондай-ақ, дипломаттар дәстүрлі сайыстарға қатысып, қазақ дастарқанының ерекшеліктерімен танысты, бұл оларға халқымыздың қонақжайлылық атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді. Музыкалық бөлімде әлемдік классика мен қазақ фольклорының синтезі ұсынылып, танымал туындылар ұлттық аспаптарда орындалды.Мерекелік кешке дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЮНИСЕФ, ДДСҰ, ХКҰ, ЕҚЫҰ және Дүниежүзілік банк) 70-тен астам басшылары мен өкілдері қатысты.Салтанатты шара соңында дипломатиялық миссия басшылары мұндай мәдени бастамалар халықаралық қоғамдастықты жұмылдыруда және ортақ құндылықтарды ілгерілетуде зор маңызға ие екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1183995?lang=kk
Стратегиялық серіктестер кеңесінің отырысында жоғары білімнің жаңа басымдықтары талқыланды 17.03.2026
Стратегиялық серіктестер кеңесінің отырысында жоғары білімнің жаңа басымдықтары талқыландыБүгін, 17 наурыз күні, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және жоғары оқу орын өкілдерінің қатысуымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Стратегиялық серіктестер кеңесінің IV отырысы өтті. Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Стратегиялық серіктестер кеңесінің атқарушы құрамының мүшелері, шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының басшылары, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік университет филиалдарының өкілдері қатысты.Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асырып жатқан негізгі шешімдер мен бастамаларға шолу ұсынылды. Вице-министр ведомство жоғары білім беру жүйесін тұрақтылығын және халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жүйелі трансформацияны кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Басым бағыттардың қатарында Қазақстанды халықаралық білім беру орталығы ретінде қалыптастыру бар. Бұл шетелдік серіктестіктер мен филиалдар желісін кеңейтуді, жаңа ілгерілету құралдарын енгізуді, жоғары оқу орындарының қаржылық тұрақтылығын нығайтуды және саланы қаржыландырудың жаңартылған моделін әзірлеуді қамтиды.Күн тәртібі аясында жоғары білім беру жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері де қаралды. Атап айтқанда, «Қазақстандағы қабылдау жүйесінің болашағын қалыптастыру» атты баяндамада ETS ұйымындағы NAEP бағдарламасының атқарушы директоры Терран Браун әзірленіп жатқан Admissions Insight Test (AIT) заманауи әрі халықаралық деңгейде салыстырмалы қабылдау жүйесін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл жүйе тек білімді тексерумен шектелмей, XXI ғасырдың негізгі құзыреттерін, соның ішінде сыни ойлау, коммуникациялық және аналитикалық дағдыларды бағалауға бағытталады.Өз кезегінде «Ұлттық тестілеу орталығы» директорының бірінші орынбасары Нұрсейіт Байжанов жобаны 2026-2028 жылдары кезең-кезеңімен іске асыруға назар аударды. Бұл үдеріс жаңа модельді әзірлеуді, пилоттық сынақтан өткізуді және кейіннен енгізуді қамтиды, сондай-ақ оның бүкіл білім беру жүйесін трансформациялаудағы стратегиялық маңызы атап өтілді.Күн тәртібінің жеке тармағы ретінде Стратегиялық серіктестер кеңесінің жұмыс жоспарлары қарастырылып, оларды хатшылық басшысы Олгун Чичек таныстырды.Сонымен қатар Қазақстанды Орталық Азиядағы CIMEA өңірлік кеңсесін орналастыру үшін стратегиялық орталық ретінде позициялау мәселесіне ерекше назар аударылды. CIMEA ұйымының бас директоры Лука Лантеро еліміздің өңірлік білім беру орталығы ретіндегі жоғары әлеуетін, шетелдік студенттер санының артуын және шетелдік университеттермен ынтымақтастықтың қарқынды дамуын ерекше атап өтті.Отырыс тәжірибе алмасу, бірлескен бастамаларды қалыптастыру және халықаралық серіктестікті одан әрі нығайту үшін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1183442?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты 17.03.2026
Ақордада өткен іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1183402?lang=kk