Enbekshi QazaQ

Қуқық

Орнықты даму мақсаттары қабылданған соңғы он жыл ішінде көптеген бағыт бойынша оң динамика байқалып отыр 24.12.2025
Орнықты дамудың стратегиялық мақсаттарын жергілікті деңгейге бейімдеу Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қолданыста. Осы жүйеге сәйкес Орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторлары бағдарламалық және стратегиялық жоспарлау құжаттарына, соның ішінде өңірлік құжаттарға локализациялау арқылы  енгізіліп жатыр. ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев ОКҚ алаңында осылай деді.ҚР Ұлттық экономика министрлігінің талдауы бойынша, олардың шамамен 94,2%-ы мемлекеттік органдардың Даму жоспарларына енгізілген, ал облыстардың даму жоспарларында өңірлер үшін өзекті индикаторларды қамту деңгейі 100%-ды құрайды.«Орнықты даму мақсаттары қабылданған соңғы он жыл ішінде көптеген бағыт бойынша оң динамика байқалып отыр. Мысалы, Мектепке дейінгі біліммен қамту 2015 жылы 53,8% болса, 2024 жылы 95,9%-ға жетті. Өз кезегінде, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу көрсеткіштерін жақсарту стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара тығыз байланысын қамтамасыз етуді талап етеді», – деді спикер.Осылайша, стратегиялық құжаттарға енгізілген Орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторлары бюджеттік бағдарламалармен тікелей байланысты. Бұл өз кезегінде олардың практикалық іске асырылуын қамтамасыз ететін қажетті қаржыландыру көзделгенін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1131565?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Оңтүстік Корея Елшісін қабылдады 24.12.2025
Астана, 2025 жылғы 24 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Корея Республикасының Елшісі Чжо Тэ Икті қабылдады.Сыртқы саяси ведомствосының басшысы кеңейтілген стратегиялық серіктестік аясында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму серпінін жоғары бағалап, Астананың Сеулмен өзара тиімді ынтымақтастығының барлық бағыттарын одын әрі жан-жақты дамутыға ұмтылысын жеткізді.Өз кезегінде Елші өзінің қызметі кезінде көрсетілген жан-жақты қолдау мен қонақжайлық үшін шын жүректен ризашылығын білдіріп, өзара құрмет пен сенімге негізделген қазақ-корей қатынастарының дәйекті дамуына сенім білдірді.Сұхбаттастар «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматы аясында бірлескен іс-қимылдарды одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы бағытта биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларды табысты өткізу мақсатында үйлесімді күш-жігер жұмылдыруға уағдаласты.Кездесу соңында Министр екіжақты қатынастарды нығайту мен дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Елшіге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хат пен төсбелгісін табыстады және оның кәсіби қызметіне сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1131570?lang=kk
Алматы облысына Даниядан 956 бас Голштин-Фриз сиырлары жеткізілді 24.12.2025
Бірінші рет шетелден аймаққа әуе көлігі арқылы 956 бас жоғары өнімді «Голштин-Фриз» және «Джерси» ірі қара мал жеткізілді.Буаз сиырлар Алматы халықаралық әуежайы арқылы жеткізіліп, Талғар ауданындағы «Алматинский племенной завод» өндірістік кооперативінің базасына орналастырылды. Бұл шаруашылық бірнеше жыл бойы сүтті мал шаруашылығын дамыту және сүт өндірісін ұлғайту бағытында жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді.Қазіргі уақытта кооперативте 2 593 бас асыл тұқымды ірі қара мал бар. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша кәсіпорында 7 420 тонна сүт өндірілді, ал бір сиырға шаққандағы орташа өнімділік 4 230 келі болды, бұл көрсеткіш малдарды ұстау және азықтандыруда қолданылатын технологиялардың тиімділігін дәлелдейді.2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында кооператив 3,5 млрд теңге мөлшерінде жеңілдікпен несие алды, бұл саудаға арналған сүт фермерлік шаруашылығын кеңейту бойынша ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берді.Ағымдағы жылдың желтоқсанында жоба аясында Ресей Федерациясынан 443 бас ірі қара мал жеткізілді, оның ішінде 152 бас «Голштин-Фриз» асыл тұқымды сиыр және 291 бас «Джерси» сиыры бар. Сонымен қатар, Дания Корольдігінен қосымша 513 бас асыл тұқымды ірі қара жеткізілді, оның ішінде 161 бас «Джерси» және 352 бас «Голштин-Фриз» тұқымдары бар.Жобаны толық жүзеге асыру Талғар ауданында сүт өндірісін екі есе арттыруға, ал Алматы облысы бойынша сүт өнімдерінің өндірісі мен жеткізілімін 20%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.Болашақта «Алматинский племенной завод» шетелден сатып алынатын асыл тұқымды бұзаулардың жалпы санын 2 000 басқа жеткізуді жоспарлап отыр.Тағы да жоспарланып отырған бірнеше партия асыл тұқымды ірі қара мал өңірде сүтті мал шаруашылығын тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1131480?lang=kk
Қарулы күштер Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алды 24.12.2025
Астанада аты аңызға айналған Панфилов дивизиясы батальонының командирі Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.Жиналғандар Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын бір минут үнсіз тұрып еске алды. Туды алып жүруші топпен, Құрмет қарауыл ротасының және әскери оркестрдің әскери қызметшілерімен бірге Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Халық қаһармандары армия генералы Мұхтар Алтынбаев, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев даңқты қолбасшының ескерткішінің жанында батырға құрмет көрсетті.Қорғаныс министрі өз сөзінде Кеңес Одағының Батырларының мерейтой күндері – Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.– 2025 жыл – бейбіт өмір жолында күрескен батырларымызға құрмет көрсетіп, еске алу жылы болды. Біз үшін Әлия Молдағұлова адалдық пен қайсарлықтың символы болса, Бауыржан Момышұлы – тәртіптің, табандылықтың және әскери рухтың темірқазығы. Бауыржан Момышұлы майдан даласында ғана емес, бейбіт өмірде де халыққа адал қызмет етті. Ол сарбазға ерлік пен намысты, тәртіп пен жауапкершілікті үйретті. Оның «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген өсиеті бүгінгі күні де әрбір әскери қызметшінің рухани тірегі, – деді ол.Бұл күні Тараз гарнизонында Бауыржан Момышұлы атындағы 85395 әскери бөлімде батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Өңірлерде Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері әскери және жалпы білім беретін оқу орындарында ерлік сабақтарын ұйымдастырды. Қорғаныс ведомствосының әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде аты аңызға айналған командир, жазушы және публицист Бауыржан Момышұлына арналған челлендж жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1131366?lang=kk
Жыл қорытындысы: Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді 24.12.2025
2025 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери басқару органдарын, құрамаларды, әскери бөлімдер мен мекемелерді жоспарлы даярлау жүйелі түрде жүзеге асырылды.  Оқу жылы барысында жауынгерлік даярлық бойынша шамамен 60 мың іс-шара өткізілді, олардың 17 мыңнан астамы түнгі жағдайларда ұйымдастырылды. Іс-шаралардың негізгі бөлігі Құрлық әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің үлесіне тиесілі болды.  Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің ұшқыш құрамын даярлау деңгейінің оң серпіні атап өтіледі. Жыл ішінде күндізгі және түнгі уақытта шамамен мың ұшу ауысымы орындалды. Әуе әскерлерінің түрлі тектегі экипаждары ұшқыштық техникасын жетілдіру, күрделі метеорологиялық жағдайларда оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау, сондай-ақ жер үсті және әуе нысандарына қарсы жауынгерлік қолдану бойынша жаттығуларды кезең-кезеңімен пысықтады.  Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері мен әскери бөлімдерінде 760 жауынгерлік үйлестіру іс-шарасы өткізілді. Әскери-теңіз күштерінде есепті кезеңде 188 рет теңізге шығу жүзеге асырылып, кеме экипаждарының жалпы жүзу қашықтығы 25 мың теңіз милінен асты.  Қарулы Күштердің түрлері, әскер тектері мен арнайы әскерлер бөлімшелерін үйлестірудің қорытынды кезеңдерінде шамамен 4,5 мың жауынгерлік атыс пен тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шаралар барысында әртүрлі жағдайларда оқу-жауынгерлік міндеттерді тікелей орындау мәселелері арналымына сәйкес пысықталды.  Сонымен қатар жыл ішінде «Айбалта», «Десант», «Жауынгерлік достастық», «Каспий бризі» сынды ірі жедел-стратегиялық, жедел-тактикалық және арнайы оқу-жаттығулар өтті. Олардың аясында Қарулы Күштердің түрлері мен әскер тектерінің бөлімшелерінің өзара іс-қимылы пысықталып, соңғы жылдардағы әскери қақтығыстар тәжірибесін талдау негізінде әзірленген бөлімшелерді қолданудың жаңа нысандары мен тактикалық тәсілдері сынақтан өткізілді. Бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1131153?lang=kk
Аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл 24.12.2025
Жыл бойы Қарулы күштерде даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған іс-шаралар өткізілді. Ол 1910 жылғы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген. 1932 жылы әскерге шақырылды. Орта Азия әскери округі 3-ші Түркістан атқыштар дивизиясының 14-ші таулы атқыштар полкінде бір жылдық курсты тәмамдағаннан кейін взвод командирі қызметін атқарды.1936 жылы Қиыр Шығыста 105-ші атқыштар дивизиясының 315-ші атқыштар полкінде артиллериялық дивизион командирі болып қызмет етті. 1938 жылы Хасан көлі маңында жапондықтармен болған шайқастарға қатысты. 1940 жылғы ақпанда Киев айрықша әскери округіне ауыстырылып, 24-ші атқыштар дивизиясының 406-шы атқыштар полкінде штаб бастығының көмекшісі қызметін атқарды. 1941 жылғы қаңтарда Орта Азия әскери округіне жіберіліп, Қазақ КСР әскери комиссариатының әскерден тыс даярлау бөліміне аға нұсқаушы болып тағайындалды.1941 жылы қазақтың 316-шы дивизиясы генерал Панфиловтың қолбасшылығымен Волоколамск бағытында Мәскеуді қорғады. 1941 жылғы 16-18 қарашада аға лейтенант Бауыржан Момышұлының батальоны Матренино ауылында дивизиядан бөлініп қорғаныс жасады. Комбат шебер басшылығының арқасында жауды осы шепте үш күнге тежеп, төртінші күні батальонды қоршаудан аман алып шықты.Қараша айының соңында полк командирі болып тағайындалды. Капитан Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылса да, бұл атақ оған тек дүниеден өткеннен кейін ғана берілді. 1945 жылғы қаңтарда К. Е. Ворошилов атындағы жоғары әскери академия жанындағы офицерлер құрамын жетілдіру курстарын аяқтаған соң, 2-ші Балтық майданы, 6-шы гвардиялық армия, 2-ші гвардиялық атқыштар корпусы, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Алайда 1945 жылғы 28 қаңтардан соғыстың соңына дейін дивизия командирінің міндетін атқарды.1946 жылғы қаңтарда К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери академияға жіберілді. 1950 жылғы қарашадан бастап В. М. Молотов атындағы Кеңес армиясының тыл және жабдықтау әскери академиясында жалпы тактика және операциялық өнер кафедрасының аға оқытушысы болды.1955 жылғы желтоқсанда запасқа шығарылды. Алматыға оралған соң өмірін толықтай әдеби шығармашылыққа арнады. 1982 жылғы 10 маусымда Алматыда қайтыс болды. Кенсай зиратына жерленді. Кеңес Одағының Батыры атағы 1990 жылғы 11 желтоқсанда берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1131079?lang=kk
Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне халықты тарту бойынша өңірлік штаб отырысы өтті 24.12.2025
Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов төрағалық етті. Жиынға облыстық басқарма басшылары қатысты, ал аудан әкімдері мен орынбасарлары селекторлық режимде байланысты.Кедесуде үш негізгі мәселе қаралды. Олар: МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы халықты хабардар ету, жүйеге қатысу динамикасы және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың жарна төлеу тетігі.Шара барысында Қанат Есболатов халықты МӘМС жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы уақытылы хабардар ету жоспарлары бекітілгенін жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Аида Ғалымқызы Балаеваның 8 желтоқсанда өңірлермен әлеуметтік мәселелер бойынша өткізген кеңесінің хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары сапалы жүргізілуі тиіс екенін ерекше атап өтті.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – азаматтардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына бағытталған маңызды әлеуметтік тетік екеніне баса назар аударды.«Алматы облысында тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта, негізгі басымдық медициналық ұйымдар арқылы халыққа тікелей және түсінікті ақпарат жеткізуге беріліп отыр. Call-орталықтар, әлеуметтік желілер және медициналық ұйымдардың ресми сайттары арқылы дәрілік қамтамасыз ету, МӘМС шеңберінде қызмет алу, сақтандыру мәртебесін тексеру және қарызды өтеу тәртібі жан-жақты түсіндірілуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде созылмалы аурулары бар сақтандырылмаған азаматтар саны 18,7 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Алдағы уақытта да тұрғындарды толық ақпараттандыру және МӘМС жүйесіне тарту бағытындағы жұмыс жалғастырылады»,- деді басқарма басшысы.Сонымен қатар, жиын барысында басқарма басшыларының ұсыныс-пікірлері жан-жақты қаралып, басты назарға алынды. Қатысушылар өз өңірлеріндегі МӘМС жүйесін тиімді жүзеге асыру бойынша негізігі мәселелерді талқылады. Негізгі жұмыс тетіктері бойынша әр тарап өз міндеттерін жалғастыруға және жоспарланған іс-шараларды кезең-кезеңімен орындау үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Ұсынылған шаралар мен шешімдердің сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы айтылды.Айта кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге және қаржылық жауапкершілікті басқарудың әртүрлі деңгейлері арасында қайта бөлуге бағытталған. Алдағы кезеңде ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың МӘМС жүйесіне қатысуы сақталады. Алайда 2026 жылдан бастап аталған санат үшін сақтандыру жарналарын төлеу жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Осыған ұқсас қаржыландыру тетігі табысы төмен, D және E әлеуметтік санаттарына жататын азаматтарға да қолданылады.Сондай-ақ, жұмыс істемейтін D және E санаттарына жататын тұлғалар үшін жарналарды төлеу процесі ай сайын жүзеге асырылады. Айдың бірінші күні Еңбек ресурстарын дамыту орталығы көрсетілген санаттарға жататын жұмыс істемейтін тұлғалардың тізбесін қалыптастырып, Saqtandyrý ақпараттық жүйесіне жолдайды. Алынған деректер негізінде Қор аталған тұлғаларға «сақтандырылған» мәртебесін береді. Одан кейін ақпараттық жүйеде олардың D және E санаттарына тиесілі екенін көрсететін белгі қалыптастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1131077?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады 23.12.2025
23 желтоқсанда Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Фомич Шипилев 102 жасқа толды.Қарияны Алматы қаласы Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері туған күнімен құттықтады. Олар майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен сыйлықтар табыс етті.– Соғыс ардагерлері ерекше назар мен құрметке лайық. Олардың біздің игілігіміз үшін жасаған еңбегін бағалап, алғыс білдіру өте маңызды, – деді Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының топ бастығы капитан Гүлсім Бакирова.Егде тартқанына қарамастан, ардагер қонақтарды жақсы көңіл-күймен қарсы алып, соғыс жылдарынан естеліктер айтты.Василий Фомич 1923 жылы 23 желтоқсанда Алтай өлкесінің Карпово ауылында дүниеге келген. Ол кіші авиация мамандары мектебінде оқып, әуе атқышы және радист мамандықтарын меңгерген.Жауынгерлік жолын 1944 жылғы сәуірде бастаған. Ол дербес Приморск армиясының барлау полкіне жіберіліп, кейін III Беларусь майданы радиоторабының бастығы болып тағайындалған.Василий Фомич I дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» және басқа да медальдармен марапатталған. Василий Шипилев соғыстан кейін де әскери қызметін жалғастырып, 1950 жылы запасқа шыққан.Василий Фомич бұрғылау қондырғысында жұмысшы, кейін шебер болып жұмыс істеген. Макарон фабрикасында барлық мамандықтарды меңгеріп, 6-шы дәрежелі слесарь болған. Осы жерде ол әйелі Валентинаны кездестіріп, отау құрды. Екеуі 62 жыл бірге өмір сүріп, Римма, Ольга және Ирина атты үш қызды дүниеге әкелді. Олардан  алты немере және шөберелері бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1131015?lang=kk
Өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі соңғы 3 жылда 1,6 есеге өсіп 642,1 млрд теңгеден 1,1 трлн теңгеге жетті 23.12.2025
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумы барысында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған орай өңірде ауыл шаруашылығын дамыту және саланың тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.Соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1,6 есеге өсіп, 642,1 млрд теңгеден 1,1 трлн теңгеге жетті. Еңбек өнімділігінде де айтарлықтай өсім байқалады: 2024 жылдың қорытындысы бойынша бір қызметкерге шаққанда 5,6 млн теңгені құрап, 2022 жылғы деңгейден (4,7 млн теңге) 20% жоғары болды. Бұл нәтижеге кешенді мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізілді.Биыл ауыл шаруашылығын дамытуға шамамен 207 млрд теңге бағытталды, бұл 2024 жылмен (175 млрд теңге) салыстырғанда 20% көп. Қаражат техника лизингіне, субсидиялауға және фермерлерді несиелендіруге жұмсалуда.Алғаш рет 2025 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарына қажетті қаржы алдын ала — 2024 жылдың соңында бөлінді. Бұл аграрларға егіс науқанына уақтылы дайындалуға мүмкіндік берді. Орақ науқанының қорытындысы бойынша 7 млн тонна астық жиналды — бұл көлем бойынша республикада Ақмола облысынан (7,6 млн тонна) кейінгі екінші көрсеткіш. Астық жинау көлемі 2022 жылғы деңгейден 1,2 есеге (5,7 млн тонна) жоғары.Агроөнеркәсіптік кешенге инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Басым бағыттар ретінде ет, сүт және астықты терең өңдеу айқындалған.Салада бірқатар маңызды инвестициялық жобалар іске асырылуда:* 2024 жылы жылдық қуаты 19 мың тонна болатын 3 сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді;* шілде айында Федоров ауданында 600 басқа арналған МТФ ашылды;* Меңдіқара ауданында 1 200 басқа арналған ферма құрылысы аяқталды;* жыл соңына дейін Алтынсарин ауданында тағы 2 МТФ іске қосылады.Бұған қоса, Алтынсарин, Әулиекөл, Б.Майлин және Қостанай аудандарында 5 жаңа сүт-тауар фермасын салуға 20,7 млрд теңге бөлінді.Заманауи фермалардың құрылысы ауылдық аумақтардың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және тұрғындардың сапалы табиғи өніммен қамтылуына ықпал етеді. Жаңа технологиялық жабдықтар өндірістік шығындарды азайтуға, сүттің сапасын арттыруға және ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1130534?lang=kk
Алматы облысында мемлекеттік қолдауды цифрландыру: ұйымдар «ЕЦП» платформасына қосылып жатыр 23.12.2025
Алматы облысында мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар ұйымдарды «ЕЦП» бірыңғай цифрлық платформасына көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай, жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Фарида Сағындыққызы арнайы қатысып, өңірдегі басқарма басшыларымен бірге платформаны енгізу мәселесін талқылады.Кездесу барысында облыстық басқармалар басшылары «ЕЦП» платформасына қосылу үдерісіне қатысты ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жүйені өңірлік деңгейде тиімді іске асыру жолдарын ортаға салды.Фарида Сағындыққызы өз сөзінде платформаны енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл бастама Мемлекет басшысы мен Премьер-министрдің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқанын атап өтті.“ЕЦП” платформасына көшу арқылы білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік саладағы барлық мемлекеттік қолдау шаралары ашық әрі тиімді бақылауға алынады. Платформаға өту үшін ұйымдар өз бизнес-процестерін жүйелеп, штаттық кестелерін бекітіп, қызмет алушылар туралы нақты деректерді енгізуі, сондай-ақ материалдық-техникалық базасын көрсетуі қажет. Осы талаптар толық орындалған жағдайда ашық әрі тиімді басқару жүйесі қалыптасады”, – деді министр кеңесшісі.Қазіргі уақытта Талғар ауданы мен Қаскелең қаласында екі топ ұйымдарды платформаға енгізу бойынша пилоттық режимде өз жұмыстарын бастап кетті.Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Алматы облысы бойынша 596 ұйым платформаға тіркеліп, бес саланы қамтып отыр. Оның басым бөлігі білім беру ұйымдарына тиесілі. Атап айтқанда, мектептер, арнайы білім беру ұйымдары, мектеп-интернаттар мен реабилитациялық орталықтар жүйеге қосылған. Соның ішінде 119 ұйым штаттық кестелерін толық енгізіп, келісімшарттарын тіркеп, кадрлық тағайындау жұмыстарын аяқтаған. Алдағы уақытта аталған ұйымдар толықтай бірыңғай цифрлық платформаға көшірілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1130485?lang=kk
Кепілдік беру қорлары отандық бизнеске 448 млрд теңгеге қолдау білдірді 23.12.2025
Кепілдік берудің жаңа тетіктері банктердің қаражатын экономиканың нақты секторына бұруға мүмкіндік бердіМемлекет басшысының экономиканың нақты секторына банк қаражатын тарту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде «Даму» қорының базасында екі мамандандырылған кепілдік беру қоры құрылды. Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин олардың қалай жүзеге асып жатқаны туралы баяндап берді.Оның айтуынша, жаңа құралдар бизнестің басты проблемасы – кепілге қоятын затының жетіспеушілігін тиімді шешеді:Бірінші қор (ШОБ-қа арналған): бүгінде 2,4 мыңнан астам жобаны қамтып, олаға қарыз сомасының 85%-ы көлемінде кепілдік берді. Бұл кәсіпкерлерге жалпы сомасы 424 млрд теңге көлемінде несие алуға мүмкіндік туғызды.Екінші қор (ірі инвестициялық жобалаға арналған): 7 млрд теңгеден асатын қарыздарға бағдарланған. Бүгінгі таңда сомасы 24 млрд теңге болатын екі жобаға қолдау көрсетілді. Мемлекет 15 жылға дейінгі мерзімге жоба құнынының 30%-ына дейін жаба отырып, банктерді өз қаражатын ұзақ мерзімді индустриальды және инфрақұрылымдық жобаларға бағыттауға ынталандырады.«Біздің мақсатымыз – технологиялық жаңару арқылы экономика құрылымын өзгерту. Кепілдік беру қорлары қазірдің өзінде-ақ бизнестің қолындағы кепілге қоятын заттары жеткіліксіз болса да капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін пәрменді құралға айналды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Вице-премьердің ақпараты бойынша, процестерді автоматтандыру және портфельдік әдісті қолдану арқасында өтінімдерді қарау мерзімі 2 жұмыс күніне дейін қысқартылған, бұл мемлекеттік қолдауды барынша қолжетімді ете түседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1130493?lang=kk
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдеріне Жауынгерлік тулар табысталды 23.12.2025
Алматы және Қонаев гарнизондарындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 12881, 68602, 44013, 26363, 99300 әскери бөлімдеріне Жауынгерлік тулар салтанатты түрде табысталды.Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы аүштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов салтанатты рәсімде десанттық-шабуылдау бөлімшелерінің күші жауынгерлік бауырластықта, бір-бірін өзара қолдауда және кез келген жағдайда елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзір екендігінде деп атап өтті.Жауынгерлік туды тапсыру – бұл мемлекет, Жоғарғы Бас қолбасшы және Қарулы күштер басшылығы тарапынан ерекше сенім білдіру. Мұндай сенім көптеген жылдар бойы қарқынды жауынгерлік оқу-жатығулардан өткен соң барып қалыптасады. Бұл оқу-жауынгерлік қызметтегі жоғары көрсеткіштері, темірдей тәртібі және әскери ұжымның бірлігі үшін берілетін рәсім.Десанттық-шабуылдау әскерлері Қарулы күштердің элитасы болып саналады. Олар қашанда жоғары дәрежеде жауынгерлік әзірлікте тұрады. Бірінші дабыл қағылысымен аталған бөлімшелер алдыңғы шепті алу үшін межелі ауданға жедел түрде жөнелтіледі. Әскерлер жоғары ұтқырлықпен, жедел шешім қабылдаумен және қойылған міндеттерді тиімді орындаумен ерекшеленеді. Төрт жыл қатарынан Десанттық-шабуылдау әскерлері көш бастап келеді. Бұл жылы да жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша олар әскер тектері арасында бірінші орын еншіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1130494?lang=kk
Өңірлерде шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 400 млрд теңге бөлінеді 23.12.2025
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет отырысында ауылдар мен шағын қалалардағы өндірісті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын таныстырды.«Бағдарлама ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу, шағын наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру сияқты тез нәтиже беретін, технологиялық жағынан қарапайым, жылдам жүзеге асырылатын жобаларға бағытталған», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. Қаржылық шарттарБағдарламада екінші деңгейлі банктер арқылы жыл сайын 400 млрд теңге несие бөлу қарастырылған.Несие: бір жобаға 200 млн теңгеге дейін.Мөлшерлемесі: ~8,8% (40%-ы мемлекеттен субсидияланады).Мерзімі: 3 жылға дейін.«Даму» беретін кепілдік: кепілге қоятын заты жоқ немесе  жеткіліксіз болған жағдайда қарыз сомасының 85%-ына дейін.Ресурстар мен инфрақұрылымСерік Жұманғариннің айтуынша, бизнес ақшаны ғана емес, нақты ресурстарды да ала алады, олар – жеңілдікпен үй-жайларды, жер телімдерін жалға алу және коммуникациялар жүргізу. Өндірісті тиімді іске қосу үшін сервистік сүйемелдеу және сол салаға бағытталған онлайн-оқыту курстары енгізілуде. Бұл ретте мемлекеттік қолдауды алуда басымдық «Ауыл аманаты» және «Бір ауыл – бір өнім» жобаларына қатысушыларға беріледі.Өтінімді қалай беруге болады?Өтінімдерді беру egov.business және Damu Online порталдары арқылы автоматтандырылған түрде жүргізіледі. Шалғай аудандар үшін көшпелі формат қарастырылған: арнайы мобильді кеңселер (автобустар) жергілікті жерлерде кеңес беріп, құжаттарды қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1130406?lang=kk
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын ұсынды 23.12.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әсіресе моно және шағын қалаларда, сондай-ақ ауылдық жерлерде шағын және микробизнесті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы қаралды.«Қуатты әрі бәсекеге қабілетті кәсіпкерліктің дамуы – орнықты экономикалық өсудің негізгі факторы.Өздеріңізге мәлім, жуырда Мемлекет басшысы іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін жедел түрде шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды.Үкімет шағын және микробизнесті нақты қолдауға, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, өндірісті дамытуға бағытталған кешенді құжатты әзірледі», — деп атап өтті Премьер-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1130398?lang=kk
Астанада Қорғаныс министрі жаңа жылдық шыршаны жақты 23.12.2025
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Жаңа жылдық таңертеңгілік кеші өтті. Онда қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов балалармен бірге Қарулы күштердің бас шыршасын жақты.Мерекеге әскери қызметшілер мен орталықтың азаматтық персоналының балалары ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киіп келді. Жаңа жыл ғажабын асыға күткен олар Аяз ата мен Ақшақармен бірге «Жаңа жыл» әнін орындады.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қорғаныс министрлігі атынан балалар мен ата-аналарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.– Сендер – еліміздің жарқын болашағысыңдар. Әрқайсыңның бойыңда талант пен үлкен мүмкіндіктер бар. 2026 жыл сендерге жаңа жетістіктер, қуаныш пен сәттілік әкелсін. Баршаңа зор денсаулық, бақ-береке мен бақыт тілеймін, – деді ол. «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері балаларға керемет көңіл күй сыйлап, жаңа жылдық би биледі. Шараға қатысушылар да өз өнерлерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Олар жаңа жылдық әндер айтып, билеп, өлең оқыды. Әдеттегідей дәстүрлі сыйлықтарды балаларға ертегі кейіпкерлері табыстап, олармен естелікке суретке түсті.Одан кейін концерт залында жаңа жылдық қойылым көрсетіліп, балаларға жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ертегі кейіпкерлерінің рөлін Ұлттық әскери-патриоттық орталық шығармашылық взводының сарбаздары орындағанын айта кету керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1130404?lang=kk
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери музыканттары Дохада өткен І Халықаралық әскери музыка фестивалінде сәтті өнер көрсетті 23.12.2025
Астанада Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының музыканттары мен әртістері және Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері Катарда өткен І Халықаралық әскери музыка және марштар фестивалінде өнер көрсетті.19132 әскери бөлімінің әскери аэродромында оларды Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен Ұлттық әскери-патриоттық орталығынан әріптестері қарсы алды. – Елге аман-есен оралуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жемісті еңбектеріңіз үшін алғысымды айтамын. Сіздер халықаралық аренада еліміздің жоғары кәсіби деңгейін, ұлттық рухын, Қазақстанның және оның Қарулы күштерінің бай мәдени мұрасын көрсетіп, абыройын асқақтаттыңыздар, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары полковник Виталий Адамович. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстаннан музыкалық фестивальде Орталық әскери оркестр, би тобы, Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің фольклорлық-этнографиялық оркестрі, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасы өнер көрсетті. Фестивальді ұйымдастырушылар қазақстандық делегация мүшелерінің шеберліктерін мойындап, алғыс ретінде кәдесыйлар табыс етті.Делегация басшысы, Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Асеновтың айтуынша, фестиваль өзге елдердің мәдениетімен танысу және халықаралық байланыстарды нығайту үшін маңызды алаңға айналды.Қазақстандық ұжымның өнеріне фестиваль ұйымдастырушылары мен көрермен қауымы жылы лебізін білдірді. Швейцария делегациясының өкілі генерал Эрик Джуллиард әскери және ұлттық әуен нақыштарын, саптық сымбат пен хореографияны үйлестіре білген әртістердің кәсібилігін атап өтті.Әскери қызметшілер репертуар мен ұлттық нақышқа ерекше назар аудара отырып, өнер көрсетуге алдын ала дайындалды. Бағдарламада Нұрғиса Тілендиевтің, Темірхан Қожабековтің «Легенда о табуне», Бақытжан Желдербаевтың «Шабыт шыңында» шығармалары, сондай-ақ Allah Ya Omri Qatar патриоттық әні орындалды.– Осындай жоғары деңгейдегі фестивальге қатысу – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Көрермендердің әсеріне қарап, ел атынан абыроймен өнер көрсеттік деп ойламйын, – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің бастығы подполковник Мақсат Шәкенов.Фестивальге Ұлыбритания, Йордания, Ирландия, АҚШ, Оман, Түркия шығармашылық ұжымдары және Катардың элиталық әскери-музыкалық оркестрлері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1130300?lang=kk
Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын арттыру бойынша ОДМ-ға қол жеткізуде ілгерілеу көрсетуде 23.12.2025
ЮНИСЕФ пен Ұлттық статистика бюросы бірлесіп ұйымдастырған жұмыс тобының көшпелі отырысы аясында балалардың жағдайына қатысты негізгі индикаторлар мен бала құқықтарын қорғау саласындағы деректер жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.Талқылау барысында соңғы он жылда Қазақстанда балаларды тәрбиелеудің физикалық әдістерінің қолданылу деңгейі 52 пайыздан 37 пайызға дейін төмендегені атап өтілді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарованың айтуынша, қол жеткізілген бұл ілгерілеу БҰҰ-ның балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған Орнықты даму мақсаттарын жүйелі түрде іске асырудың нәтижесі болып табылады.Білім беру, денсаулық сақтау және өскелең ұрпақты әлеуметтік қорғау салаларына салынатын инвестициялар елдің адами капиталын қалыптастырып, орнықты дамудың негізгі факторы екені ерекше атап өтілді.Өз сөзінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің орынбасары Рамиз Бехбудов диалог алаңын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін Ұлттық экономика министрлігіне және Ұлттық статистика бюросына алғысын білдіріп, Орнықты даму мақсаттарын іске асыру аясында алдағы уақытта да нәтижелі ынтымақтастық жалғасады деген үмітін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1130291?lang=kk
Сауда және интеграция вице-министрі Батыс Қазақстан өңірінің кәсіпкерлермен кездесті 22.12.2025
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Сапар аясында ірі кәсіпорындарды аралады. Вице-министр «Кублей» ЖШС мен «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ қызметімен танысып, өңірдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өткізді. «Кублей» ЖШС құрамына екі зауыт кіреді, онда 700-ден астам қызметкер еңбек етеді. Консерві зауыты 1992 жылы іске қосылған, бүгінде кәсіпорынның өнім ассортименті шамамен 100 атауды құрайды. 2015 жылы тәулігіне 400 басқа дейін ірі қара малды және шамамен 700 басқа дейін ұсақ малды өңдеуге қауқарлы ет өңдеу кешені пайдалануға берілді. Кешен жаңа салқындатылған және мұздатылған ет, сондай-ақ жартылай фабрикаттар өндіреді. Екі зауыт та еуропалық өндірістің заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Сонымен қатар кәсіпорында қалдықтарды (сүйек пен қанды) өңдеп, ет-сүйек және сүйек ұнын өндіретін цех жұмыс істейді. Бұл өнім жануар тектес ақуызды-минералды жем болып табылады және құс фабрикаларында жоғары сұранысқа ие. Ол бройлерлердің тірек-қимыл аппараты мен сүйек жүйесін нығайтуға, сондай-ақ жұмыртқалаушы тауықтардың жұмыртқалау деңгейі мен жұмыртқа қабығының сапасын арттыруға ықпал етеді. «Кублей» ЖШС өнімдері Қазақстанның ішкі нарығында сатылады және Қырғызстанға, Түрікменстанға және Өзбекстанға экспортталады. Бұған дейін экспорт Иранға, ҚХР-ға және Ресейге де жүзеге асырылған. Кублейдің өндірісін аралап шыққан соң, Әсет Нүсіпов «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстан филиалына барып, оның қызметімен танысты. Филиал өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растауға, менеджмент жүйелерін бағалауға, өнімдерді сынақтан өткізуге және өлшеу құралдарын тексеруге маманданған. Филиал директоры Римма Шунаева ұйымның қазіргі жағдайы және сынақ бөлімінің аккредиттеу саласын кеңейту жоспарлары туралы мәліметімен бөлісті. Атап айтқанда, стратегиялық даму бағыттарының бірі — жарылыс қауіпті ортада жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнімдердің сәйкестігін растау қызметін кеңейту. Бизнес өкілдерімен кездесу барысында вице-министр сауданың негізгі көрсеткіштері, отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары, ішкі нарықты қорғау мәселелері, жәрмеңкелерді ұйымдастыру үдерістері және қосылған құны жоғары өнімдердің экспортын ілгерілету шаралары туралы баяндады. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында ішкі тауар айналымы 1,2 трлн теңгені құрады. Жалпы республика бойынша 2025 жылдың 11 айында ішкі тауар айналымы 14,5 %-ға өсіп, 69,4 трлн теңгеге жетті (2024 жылдың сәйкес кезеңінде — 60,6 трлн теңге), оның ішінде көтерме сауда — 46,6 трлн теңге, бөлшек сауда — 22,8 трлн теңге. Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов биыл жергілікті тауар өндірушілермен көкөніс-жеміс өнімдерінің, соның ішінде қант пен күріштің 50 %-ына дейін келісімшарт жасалғанын хабарлады. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын қойма салу жоспарланған. Облыста жергілікті тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие жәрмеңкелер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұдан бөлек, әкім орынбасары өңірге тұз жеткізілімін тұрақтандыруға көрсеткен көмегі үшін «Анвар» және «Пешеход» сауда желілеріне алғыс білдірді. Кездесу соңында Әсет Нүсіпов кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, оның ішінде Ұлттық тауарлар каталогына (тауарлардың мемлекеттік базасына) қатысты толыққанды мәліметімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1130131?lang=kk
Таразда резервтегі әскери қызметке үміткерлерді қабылдау басталды 22.12.2025
Жамбыл облысында резервтегі әскери қызметті іс жүзінде енгізу басталды. Жергілікті әскери басқару органдары негізгі еңбек қызметінен қол үзбей жаңа форматта қызмет етуге дайын азаматтарды қабылдауды бастады.Шаралар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қатысуымен өтіп жатыр. Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында резервтік бөлімшелерді аумақтық принцип бойынша толықтыру мәселелері қаралды. Сол арқылы азаматтар қызметті тұрғылықты жерінде атқарып, жұмыс орнын, жалақысын және әлеуметтік жеңілдіктерін сақтай алады.Болашақ резервистермен кездесулерде қызметке қабылдау шарттары мен қойылатын талаптар түсіндірілді. Бұл бастамаға бұрын командалық және басқарушылық лауазымдарда қызмет еткен және әскери тәжірибесі мол азаматтар белсенді қатысуға қызығушылық танытты.– Резервтегі әскери қызмет форматына офицерлік резерв қызметкерлерінің қызығушылық танытуы осы форматқа деген сұранысты көрсетеді. Біз кәсіби және ынталы құрамды қалыптастыруға ниеттіміз, ол қорғаныс мәселелерінде сенімді тірек болады, — деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы  әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ибраев.Әскери резервті қалыптастыру заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Қызметке  денсаулығы жақсы, әскери есептік мамандыққа ие және қызмет тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Медициналық тексеріс, күш-қуат және психологиялық дайындықты бағалау, сондай-ақ кәсіби сұхбат қарастырылған.Құжаттарды қабылдау жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырылып, кейін материалдар комиссиямен қаралады.Резервтегі әскери қызмет үш жыл мерзімге келісімшарт негізінде өткізіледі және ай сайынғы жалақы мен әлеуметтік кепілдіктерді қарастырады. Резервистер айына үш рет жаттығуларға, жылына бір рет 30 күндік оқу жиындарына қатысады. Қызметтегі шекті жас шегі: офицерлер үшін – 60 жасқа дейін, қатардағы және сержанттық құрам үшін – 50 жасқа дейін белгіленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1129628?lang=kk
Бүгін әскери архив саласының мамандары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді 22.12.2025
Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві 1997 жылғы 20 наурызда қорғаныс ведомствосы басшысының директивасымен құрылған.Мекеме мамандары Қорғаныс министрлігіне, оған бағынысты ұйымдар мен әскери бөлімдерге тиесілі архивтік құжаттарды жинақтаумен, олардың тарихи құндылығын сараптаумен және сақталуын қамтамасыз етумен айналысады. Сонымен бірге архив материалдарын қызметтік, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік-құқықтық мақсаттарда пайдалануды ұйымдастырады.Орталық архив қызметінің маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік органдарға, әскери бөлімдерге, ұйымдар мен азаматтарға әскери қызметтен өту фактілерін растауға, еңбек өтілін анықтауға, өмірбаяндық және тарихи деректерді қалпына келтіруге жәрдем көрсету. Осы арқылы архив мамандары әскери тарихтың шынайы деректерін сақтауға және азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға үлес қосады.Құжаттарды қалыптастыру, есепке алу және сақтау архив ісінің талаптарына сай, қорлар, тізімдемелер және сақтау бірліктері бойынша жүзеге асырылады. Мұндай жүйе құжаттардың сақталуын, реттелуін және қажетті ақпаратты жедел табуды қамтамасыз етеді. Процестерді кезең-кезеңмен цифрландыру мақсатында 2025 жылдың соңында Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта мамандар архив құжаттарын цифрландыруға, электрондық тізімдемелер жасауға және цифрлық ресурстар қалыптастыруға кірісті.Архив қорларының бірегейлігі – елдің Қарулы күштерінің қалыптасуы, дамуы мен қызметін бейнелейтін түпнұсқа құжаттардың сақталуында. Олардың қатарында басқарушылық құжаттар, бұйрықтар, директивалар және өзге архив мекемелерінде баламасы жоқ материалдар бар.Орталық архив тәжірибе алмасу, архив қызметін жетілдіру, үздік тәжірибелерді енгізу және мамандардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында Ресей, Беларусь және Өзбекстанның архив мекемелерімен ынтымақтастық орнатқан.Жалпы алғанда, Қорғаныс министрлігі Орталық архивінің қызметі Қарулы күштердің құжаттық мұрасын сақтауға, объективті тарихи дерекқор қалыптастыруға және мемлекет пен қоғамның ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1129500?lang=kk