Enbekshi QazaQ

Қуқық

Құрылтай депутаттарына 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы таныстырылды 18.09.2026
Құрылтай депутаттарына 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы таныстырылды. Жоба Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечинаның төрағалығымен өткен отырыста таныстырылды. Жиынға Құрылтай Төрағасының орынбасары Дания Еспаева және Үкіметтің жауапты мүшелері қатысты.Өз сөзінде Дания Еспаева 2027–2029 жылдар бюджет тапшылығын қысқарту және мұнай кірістеріне тәуелділікті біртіндеп төмендету арқылы қатаңырақ бюджет саясатына көшу кезеңі ретінде белгіленгенін атап өтті. Жаңадан құрылған Құрылтай үшін бұл алғашқы бюджеттік цикл әрі ең жауапты заң шығару процестерінің бірі.Вице-спикердің айтуынша, Құрылтайға жаңа Бюджет кодексінде көзделген ауқымды материалдар ұсынылды. Бұл депутаттарға тек кірістер мен шығыстарды ғана емес, жалпы мемлекеттік қаржы жүйесінің тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының елді дамыту жөніндегі барлық тапсырмаларын мүлтіксіз әрі тиімді орындауға ерекше назар аударылатын болады, - деді Дания Еспаева.– Біздің мақсатымыз проблемалар туралы айтып қана қоймай, оларды шешуге өз үлесімізді қосу. Кәсіби Құрылтай тарапынан бақылау одан әрі кеңейе түсуі керек. Егер біз қандай да бір мәселені көтерсек, оны шешудің ықтимал жолдарын да ұсынуымыз қажет. Үкіметтен де осындай жұмыс тәсілін күтеміз. Егер депутаттар есептеулерге, шығыстардың тиімділігіне немесе белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге қатысты күмән келтірсе, біз мазмұнды жауап күтетін боламыз: мұндай шешім неге қабылданды, қандай балама нұсқалар бар, қандай нәтиже күтіледі және оған кім жауап береді, -деді Құрылтай Төрағасының орынбасары.Өз кезегінде Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина республикалық бюджет жобасын қарау барысында депутаттар қаражаттың игерілуіне қатаң бақылау жүргізуді талап ететінін атап өтті. Алдағы үш жылға арналған бюджеттің негізгі басымдықтары макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу, сондай-ақ мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау болып айқындалды.Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырған Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин оның негізіне экономиканың жыл сайын орта есеппен 5%-дан астам өсуі алынғанын хабарлады. Негізгі өсім көздері мұнай емес салалар болуы тиіс. Азамат Әмриннің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны (орташа жылдық өсім – 5,9%) тау-кен өнеркәсібінің өсімінен (2,0%) жоғары болады. Экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің бірі ауыл шаруашылығы да болмақ, оның өсімі кемінде 5% деңгейінде болжанып отыр.«2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының негізгі ережелерін депутаттарға Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы таныстырды. Оның мәліметінше, 2027 жылға арналған түсімдер 25,4 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Оның 19,9 трлн теңгесі трансферттерді есепке алмағанда түсетін кірістер. Бюджет шығыстары 30,2 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Осылайша, бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,3%-ын құрайды. Бұл ретте 2029 жылға қарай бюджет тапшылығын 0,4%-ға дейін төмендету, ал меншікті кірістерді 23,4 трлн теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр.– Бюджет шығыстарының бірінші әрі негізгі бағыты – адам капиталына инвестиция салу. 2027 жылы адами капиталды дамытуға 10,5 трлн теңге немесе бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 35%-ы қарастырылған. Бұл цифрлардың артында нақты адамдар тұрғанын түсіну өте маңызды. Әлеуметтік сала бюджеті адамға бағдарланған, яғни оның әлеуметтік қорғалуын, денсаулығын, білім алуын және даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаражаттың негізгі бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтауға жұмсалады, деді қаржы вице-министрі.Презентация қорытындысы бойынша заң жобасы талқыланды. Депутаттар Үкіметтің экономикалық өсім болжамдары мен халықаралық сарапшылардың бағалауы арасындағы айырмашылықтарға, бюджет тапшылығын жоспарлы түрде төмендетуге, Ұлттық қордан берілетін трансферттер есебінен қаржыландырылатын жобаларды іріктеуге және олардың қажетті бюджеттік рәсімдерден өтуіне қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын қаржыландырудың тиімділігіне, «Аграрлық несие корпорациясының» жарғылық капиталын ұлғайтудан күтілетін нәтижелерге, сондай-ақ ғылымға жұмсалатын шығыстардың тиімділігіне, ғылыми әзірлемелерді енгізу мен коммерцияландыруға назар аударылды.– Ресурстар шектеулі болған кезде тиімсіз шығындарға жол беруге құқымыз жоқ. Бюджет қаражаты нақты бағыттарға жұмсалуы тиіс: экономика мен азаматтарға барынша пайда әкелу, толық ашықтық және негізгі міндеттерді қатаң іріктеу қажет. Түзетулер енгізу кезінде барлық әріптестерімді осы тәсілді басшылыққа алуға, сондай-ақ бюджеттің теңгерімділігін ескеруге шақырамын: егер сіз «плюс» ұсынсаңыз, онда қандай да бір бағыттағы шығысты қысқартуға тура келеді, деп атап өтті бейінді комитет басшысы Ольга Перепечина.Құрылтайда республикалық бюджет жобасы бойынша одан әрі жұмысты депутат Татьяна Савельева басқарады. Талқылау барысында депутаттар айтқан ұсыныстар мен пікірлер ескерілетін болады.Заң жобасының таныстырылымынан кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. Журналистердің сұрақтарына жұмыс тобының жетекшісі Татьяна Савельева, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин және қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы  жауап берді.#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1294071?lang=ru
Субсидиялар, 5 млн-ға дейінгі гранттар мен жеңілдікті кредиттер: "Іскер аймақ" бағдарламасының жаңа шарттары 18.09.2026
Бүгінгі таңда аудан кәсіпкерлерінің қандай мүмкіндіктері бар, мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады және қандай жобалар жаңа жұмыс орындарын құрады деген мәселе Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевтың Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғындарымен және бизнес өкілдерімен кездесуіндегі негізгі тақырыпқа айналды.Кездесуде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту сөз болды. 31 тамыздан бастап, әлеуметтік кәсіпкерлер "Іскер аймақ" бағдарламасына салалық шектеулерсіз қатыса алады. Бағдарлама шеңберінде үш жыл мерзімге 200 млн теңгеге дейінгі кредиттер сыйақысы номиналды мөлшерлемесінің 50% - на дейін субсидиялауды, сондай-ақ 5 млн теңгеге дейінгі гранттарды, жеңілдікті үй-жайларды және қаржылық емес қолдауды алуға болады. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігінің жанынан қолдау шараларын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайтын жұмыс тобы құрылды.Кәсіпкерлерге тікелей қатысты тағы бір мәселе заңнаманың талаптарына қол жеткізумен байланысты. Кездесуде жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптар тізілімі ұсынылды. Яғни белгілі бір қызмет түріне қатысты талаптарды бір жерден табуға мүмкіндік бар.Ауданда бизнесті дамыту нақты жобалармен қатар жүруде. Төлеби ауданында құны 1,5 млрд теңге болатын "KazPlast" тігін фабрикасы жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 90 мыңға дейін қысқы арнайы жұмыс киімін шығарады.Ірі жобалардың бірі - "QazCoilPro" ЖШС алюминий орамдарын шығаратын зауыт салу. Жобаға салынған инвестиция 115 млрд теңге. Кәсіпорын Киелітас ауылдық округінде 120 жұмыс орнын құрып, 24 га аумаққа орналастырылмақ.Аудан экономикасының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығына арналған. Өндірілген өнім көлемі 17,4 млрд теңге. "Fish House" ЖШС балық шаруашылығы мен жалпы құны 5,1 млрд теңге "Abzal Group" ЖШС құс сою пункті 2025 жылы іске қосылды. 2026 жылы осындай сомаға тағы екі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін суды тиімді пайдалану мәселесі де маңызды. Бүгінгі таңда су үнемдеу технологиялары 2 761 гектарға қолданылса, биыл оны тағы 412 гектарға енгізу жоспарлануда.Тұрғындар мен кәсіпкерлердің сұрақтары "Ауыл аманаты" жобасына да қатысты. Кездесуге қатысушылар қатысу шарттарына, мемлекеттік қолдау тетіктеріне және өз ісін бастау және кеңейту мүмкіндігіне қызығушылық танытты.#ЗАҢменТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1293976?lang=ru
Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда 18.09.2026
Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов «B5+Италия» диалог алаңының алғашқы отырысына қатысу үшін Астанаға келген Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Мария Триподимен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар саяси диалогтың жоғары қарқынын атап өтіп, қазақ-итальян стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.А.Исетов Қазақстанның итальяндық компаниялармен өнеркәсіп, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.Өз кезегінде М.Триподи Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, қазақ-итальян қатынастарын нығайтудағы парламенттік дипломатияның маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ ол Италия тарапының Қазақстанмен практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа жобаларды ілгерілетуге ниетті екенін растады.Бұл тұрғыда тараптар Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен құрылған «B5+Италия» диалог алаңының Орталық Азия мен Италия арасындағы іскерлік байланыстарды дамытудағы маңызын атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша дипломаттар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға өзара бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1293936?lang=ru
Қазақстан СІМ-де Нигерия Федеративтік Республикасының жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 18.09.2026
Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Нигерия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Джозеф Олусола Иджимен кездесті.Кездесу аясында Нигерия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстап, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-қимылды тереңдетуге күш-жігерін жұмсайтынын растады.Өз кезегінде А. Исағалиев Елшіні жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның миссиясы Астана мен Абуджаның дәстүрлі достық пен сенімге негізделген қатынастарды одан әрі ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.Тараптар саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық әріптестікті арттыру, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1293923?lang=ru
Қазақстан Италия нарығына экспортты 307,5 млн долларға ұлғайта алады 18.09.2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Италия Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасарымен кездесті. Кездесуде тараптар екіжақты сауда айналымын жақсартуды, шикізаттық емес экспортты ұлғайту мүмкіндіктерін және өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.«Италия – Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Сонымен қатар өзара сауда құрылымын кеңейтуге айтарлықтай мүмкіндік бар. Біздің бағалауымыз бойынша, қазақстандық өнімдерді Италия нарығына қосымша жеткізу қарқыны шамамен 307,5 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл ретте металлургия, мұнай-химия, тамақ және химия өнеркәсібі, сондай-ақ машина жасау өнімдеріне басымдық беріледі», – деді Арман Шаққалиев.2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Италия арасындағы өзара сауда көлемі 16,9 млрд АҚШ долларын құрады. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында тауар айналымы 9,79 млрд долларға жетті. Оның ішінде Қазақстанның экспорты 9 млрд долларды, Италиядан импорт 789,6 млн долларды құрап отыр.Италия тарапы сауда-экономикалық байланыстардың тұрақты өскенін атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін айтты.«Италия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың деңгейін және екіжақты саудадағы оң динамиканы жоғары бағалаймыз. Италия Қазақстан экономикасын әртараптандыруға қолдау көрсету үшін өз технологиялары мен тәжірибесімен бөлісуге дайын. Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты – логистика. Бұл саланы одан әрі жаңғырту үшін тәжірибе және технология алмасуға дайынбыз», – деді Мария Триподи. Ертең Астанада «Орталық Азия + Италия» бизнес-платформасының форумы өтеді. Іс-шара барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттары, сондай-ақ Қазақстан мен Италия компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1293889?lang=ru
Қазақстан СІМ басшысы Қытай Елшісімен екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін талқылады 18.09.2026
Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігінің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазіргі ахуалы мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.Биыл екі ел арасындағы саяси диалогтың бұрын-соңды болмаған серпінін атап өтіп, сұхбаттасушылар Қазақстан мен Қытай көшбасшыларының тұрақты кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.Сондай-ақ тараптар алдағы биік және жоғары деңгейлердегі екіжақты және көпжақты іс-шаралардың кестесін, сондай-ақ көпжақты және өңірлік алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру мәселелері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1293891?lang=ru
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қырғызстан Елшісін қабылдады 18.09.2026
Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кудайберген Базарбаевты қабылдады.Кездесу барысында қазақ-қырғыз өзара іс-қимылының саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы өзекті мәселелер қаралды.Министр Қазақстанның Қырғызстанмен достық, тату көршілік және одақтастық рухындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.Өз кезегінде, Қырғызстан Елшісі Бішкектің Астанамен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға берік бейілділігін растады және Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері жан-жақты өзара іс-қимылды нығайту жөнінде қойған міндеттерді іске асыру үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.Әңгіме барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасу өтті. Көпжақты құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екендіктері білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1293892?lang=ru
ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстандағы Ресей Елшісімен кездесті 18.09.2026
Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, ең жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ алдағы өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар кестесін талқылады.Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1293879?lang=ru
Қазақстан СІМ-де Мажарстанның жаңа Елшісінен сенім грамотасының көшірмесі қабылданды 18.09.2026
Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстан Республикасындағы Мажарстанның жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Ференц Цомбоштың сенім грамотасының көшірмесін қабылдады.А. Исетов мажар дипломатын Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын Елші  ретінде жалғастыруымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.Кездесу барысында тараптар өзара құрметке негізделген қазақ-мажар стратегиялық қатынастарының достық және сенімге негізделген сипатын атап өтті.Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.Кездесу соңында дипломаттар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге тараптардың дайындығын  растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1293782?lang=ru
Эстонияның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті 18.09.2026
Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Эстония Республикасының Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі Марье Лууптан сенім грамотасының көшірмесін қабылдады.А. Исетов Елшіні тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Дипломаттар 2025 жылғы қарашада Эстония Республикасының Президенті Алар Каристың Астанаға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Эстония әріптестігінің барлық спектрін дамыту перспективаларын талқылады.Елші М. Лууп жылы қабылдау үшін алғыс айтып, Астана мен Таллинн арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға күш-жігерін салатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1293759?lang=ru
Инвестициялар тарту кеңесінің отырысы өтті 18.09.2026
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Инвестициялар тарту кеңесінің отырысы өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Аймақта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жобалары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының айналма жолы, «Қызылорда – Сексеуіл», «Бейнеу – Сексеуіл» және «Ұлғайсын – Сексеуіл» бағыттарында жол салынып жатыр.Қала маңындағы айналма жолдың құрылысы басталды. Мердігер «Қыран» ЖШС тас, қиыршық тас төседі. Свай қағылып, көпір тіреулері бетондалып, су құбырлары орнатылуда. Мемлекет басшысының қатысуымен «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысы телекөпір арқылы басталып, қазір қарқын алды. «Қызылорда – Сексеуіл» автомобиль жолының мердігері «Integra Construction KZ», қосалқы мердігерлері «ЭлитСтройКомплект» және «АРЕ-2013», «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолының мердігері «Integra Construction KZ», қосалқы мердігері «Коммерческая фирма «УНА», ал «Ұлғайсын – Сексеуіл» автомобиль жолының мердігері «Integra Construction KZ», қосалқы мердігерлері «E.S.T. Construction» және «СТАНДАРТ-1» серіктестіктері. Қазір геодезиялық және топографиялық жұмыстар жүргізіліп, топырақ төселуде. Құрылыс алаңдарында жұмысшылар, арнайы техникалар жұмылдырылған.Аталған жобалар өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін, елді мекендер арасындағы жол қатынасын жақсартуға және аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1293696?lang=ru
Қазақстан Орнықты даму мақсаттарын ілгерілету тәжірибесін ЭСКАТО форумында таныстырды 18.09.2026
16–17 қыркүйек күндері Алматы қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) ұйымдастырған Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыру жөніндегі Солтүстік және Орталық Азияның оныншы көпжақты форумы өтті.Форумға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын Ұлттық экономика вице-министрі Бекболат Молдабеков басқарды.Форум барысында сөз сөйлеген вице-министр Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын ұлттық стратегиялар мен бағдарламаларға енгізу жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті. Ол инклюзивті өсуді қамтамасыз ету мен инновацияларды дамытудағы цифрлық трансформацияның рөліне ерекше тоқтады.«Осы тұрғыда біз ЭСКАТО аясында Цифрлық шешімдер орталығын құру бастамасын ұсындық», – деді Бекболат Молдабеков.Форумның негізгі тақырыптарының бірі Қазақстанның ОДМ-ды іске асыру тәжірибесі болды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Орнықты даму мақсаттарын үйлестіру басқармасының басшысы Гүлзира Ерболова елдің Ерікті ұлттық шолуларды дайындау тәсілдерін таныстырды. Атап айтқанда, ол үшінші шолуды әзірлеу барысы туралы айтып, онда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына және жаһандық мақсаттарға өңірлік деңгейде қол жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылғанын жеткізді.Бас сарапшы Ербол Жұмабай Қазақстанның ОДМ 10 – «Теңсіздікті қысқарту» мақсатына қол жеткізу тәжірибесін таныстырды.Форум қатысушылары Қазақстанның Ерікті ұлттық шолуды әзірлеу, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасау және орнықты дамудың басымдықтарын қалыптастыру, сондай-ақ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету шаралары жөніндегі тәжірибесін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1293628?lang=ru
Қостанайда Кеңшілік Мырзабектің 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті 17.09.2026
Ақынның 80 жылдық мерейтойы ерте көктемде Торғайда жас таланттардың байқауынан басталған болатын. Дүбірлі той облыс орталығында «Іңкәр дүние» атты үлкен кешке ұласты. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ізгі лебізін  арнайы жолдады. Хатты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев көпшілік қауым алдында оқып берді. Бұл – қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, сөз өнеріне көрсетіліп отырған жоғары құрметтің айқын көрінісі деп білеміз.«Кеңшілік Мырзабек – қазақ поэзиясына айрықша қолтаңбасымен келіп, төл әдебиетімізді дамытуға елеулі үлес қосқан дарынды тұлға. Оның сыршыл жырларында туған жерге деген сүйіспеншілік, ел тағдырына деген жауапкершілік және адам болмысының терең иірімдері шебер суреттелді. Ақынның азаматтық үні мен көркемдік ізденісі ұлттық сөз өнерінің өрісін кеңейтті. Кеңшілік Мырзабектің тағылымды мұрасы – халқымыздың руханиятына қосылған құнды қазына. Ақынның шығармаларын жинақтау, жан-жақты зерттеу- баршамыздың ортақ міндетіміз. Сөз зергерінің есімі ел жадында сақталып, шоқтығы биік шығармалары халқымен бірге жасай беретініне сенімдімін», – делінген Президенттің жолдаған хатында.Кеште Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құттықтауын жеткізіп, Кеңшілік ақын қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, шығармашылық ғұмыры ізденіске толы қаламгер екенін атып өтті. Аймақ басшысы руханиятты дамыту, әдеби мұраны дәріптеу және қаламгерлер еңбегін кеңінен насихаттау жұмыстарын жүйелі жалғастырып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, рухани шараға лебізін жеткізген Ел Президентіне, арнайы келген құрметті қонақтарға зор алғысын білдірді.«Тобыл-Торғай өңірінен шыққан талантты тұлғалар аз емес. Кеңшілік Ағытайұлы – соңында оқырман сүйіп оқитын жыр мұрасы қалдырған дарын иесі. Поэзия әлемінде туған жерді, елдің тарихын, адамның жанын терең жырлап өтті.  Жерлесіміз журналистика саласына зор үлес қосты. Аударма еңбектері әдебиетімізге жаңа серпін әкелді. Сөзбен сурет кестелеген Кеңшілік ақынның кеңдігі барша қазақ еліне ортақ екені даусыз. Оның жырлары мен өнегесі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, рухани мұра болып қала бермек», – деді облыс әкімі.Тағылымды шараға Алматы, Астана шаһарларынан ақынның көзін көрген, аралас болған қаламдас іні-бауырлары арнайы келіп қатысты. Құрметті меймандар қатарында Алаштың ардакүрең ақыны, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай, жазушы Нұрғали Ораз, «Мұқағали» журналының бас редактор Дүйсен Мағлұмов, ақын Қадірбек Құныпияұлы бастаған тұлғалар бар.Кеңшілік ақынның ұрпақтары да осындай мәні зор, тағылымы терең шараны ұйымдастырған аймақ басшылығына шынайы риза екендерін жеткізді. Дана халқымыздың «Әкеге қарап ұл өсер» деген нақылын Кеңшілік Ағытайұлының ұрпақтары растайтыны анық. Көрнекті ақынның ізін жалғап келе жатқан белгілі әдебиет сыншысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, бірнеше кітаптың авторы, «Құрмет» орденінің иегері Амангелді Кеңшілікұлы сияқты тұлғалар осы сөздің айқын дәлелі.Кеңшіліктің ақындығы – ұранға емес, ұлттың рухани өзегіне сүйенетін, сыртқы әсерден гөрі ішкі қуатқа арқа сүйейтін ақындық. Оның шығармашылығы уақыт өткен сайын өз бояуын жоғалтпай, керісінше, ұлттық сөз өнерінің табиғи болмысын танытатын көркем құбылыс ретінде биіктей береді.Танымал қаламгер Ғалым Жайлыбай Кеңшілік туралы кең көсіліп, қызықты естеліктерін бөлісті, өлеңдерінен оқыды.«Киелі Торғайда туған ақын-жазушылар – қазақ әдебиетінің алып тұлғалары. Кеңшілік ағамыздың 60, 70 жылдықтарында үлкен баяндамалар жасаған, соңына ерген, сол мектепке түлек болған, содан тәрбие алған інілерінің біріміз. Кеңшілік – ұлттың ақыны. Үлкен ақын. 45 жасқа жетер-жетпес ғұмырында осындай биікке көретілді. Кез келген өлеңін оқысаңыз, жаның жайлауына қонғандай, айдының шайқалғандай керемет әсер аласың. Бала күнімізде әр жырын жатқа оқитынбыз. Ол «Иманжүсіп», «Қоянды жәрмеңкесі», «Біржан сал», «Сарытерек сағынышы» секілді соңына үлкен поэмалар қалдырды. Сондықтан ұлы ақынды жиі-жиі еске алып тұру керек деп ойлаймын. Қостанайда келешекте Кеңшілік атында бір көше тұрса немесе бір мектепке аты берілген болса біз қатты қуанар едік. Жалпы, бүгінгі кешке қатысып отырғаныма ерекше қуаныштымын», – деді ақын Ғалым Жайлыбай.Өмірдегі досы, замандасы, өнердегі серігі болған Алақша танымал ақын, ыбырайтанушы ғалым Серікбай Оспанұлы да Кеңшілік жайында көпшілікке мәлім де беймәлім, қызықты естеліктер айтып, өлеңдерін оқыды.Көрнекті ақынның ұлы, әдебиет сыншысы Амангелді ағамыз ағайын алдына шығып, әке мұрасын ұлықтап жатқан ел басшыларына алғысын айтты.«Биыл әкемнің 80 жылдығы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ол үшін алдымен Президентімізге зор ризашылығымды білдіремін. Қасым-Жомарт Кемелұлы әкемнің 50, 60, 70 жылдықтарында құттықтауын жолдаған еді. Бүгін де үлкен ілтипатын білдіргеніне разымын. Торғай жерін көркейту жолында орасан жұмыстар атқарып жатыр. Әкемнің 80 жылдығы осындай игіліктермен сәйкес келгенін жақсылық нышанына баладым. Облыс басшысы Құмар Іргебайұлына да алғысым зор. Торғайды, Арқалықты көтеруге сіңіріп жатқан еңбегі ерекше. Биыл шын мәнінде де торғайға айналып, аспанға ұшып кете жаздадық, себебі – Арқалық әуежайы ашылды. Ізгі жұмыстарға көз қуанып, көңіл тояды. Кешке жиналған барша жұртқа басымды иемін», – деп тебіренді Амангелді Кеңшілікұлы.«Поэзияның ғұмыры – оны оқитын оқырманмен өлшенеді. Кеңшілік ақын мұрасы бүгінде болашақпен бірге жасап келеді. Кеште арынды ақынның жалынды жырлары асқақтады. І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әртістері де, биыл Торғайда мектеп оқушылары арасында өткен «Кеңшілік оқулары» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және Қостанайдағы нөмірі 27-ші Абай атындағы мектептің шәкірттері тұма жырдан тарту етті. Шайырдың мәңгілік мұраларын келешекке жалғайтын жас буын сұңғыланың сұлу өлеңдерін нәшіне келтіре оқып, көпшіліктің көңілін толқытты. Ақынның сөзіне жазылған «Ғашықтық – азап», «Телефоннан тіл қатшы маған» әндері әуеледі. Ал кеш Тобыл төрінде өткендіктен, ақынның досы Серік Тұрғынбекұлының сөзіне жазылған ән падишасы көрнекті композитор Әбілахат Еспаевтың «Толқиды Тобыл» туындысын тарту етілді.Кеңшілік Ағытайұлы Мырзабек 1946 жылы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. 42 жыл ғұмыр кешкен қаламгер артына көл-көсір мұра қалдырды. «Іңкәр дүние», «Дүбірлі дәурен», «Сәруар», «Балалық шақ балладалары», «Дәуір – дастан», «Бір мысқал» атты жыр жинақтары оқырманға кеңінен танылды. «Балалық шақ балладалары» жинағы үшін ақын 1987 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.Ақынның жақұт жыры, өрнекті өлеңі туған жерімен, халқымен, қазағымен мәңгі жасай беретіні анық. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1293440?lang=ru
Ұлтқа қызмет – ұлы мұрат 17.09.2026
5 қыркүйек – ұлы ұстаз, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бұл күн елімізде Қазақстан халқының Тілдер күні ретінде аталып өтеді.Осы атаулы күндерге орай Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Назарбаев университетінің профессоры Айгүл Ісмақовамен кездесу өтті.Кездесуде Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани өміріндегі орны мен ұлттық тілдің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі сөз болды. Ғалым ұлт ұстазының қазақ тіл білімінің негізін қалыптастырудағы еңбегіне, тілдің ғылыми жүйесін қалыптастырған зерттеулеріне, әліпби мен емле мәселесіне қатысты ұстанымдарына тоқталды.Кездесу барысында ғалымның ағартушылық қызметі мен ел болашағы үшін атқарған қоғамдық жұмыстары да кеңінен қозғалды. Ахмет Байтұрсынұлының тіл, білім және ұлт мәселелерін бір-бірінен бөле қарамай, оларды елдің болашағымен сабақтастыра қарағаны атап өтілді.Ұлт ұстазының «ұлтқа қызмет ету» ұстанымы бүгінгі күні де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Ана тілін құрметтеу, оны дамыту және кейінгі ұрпаққа жеткізу – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осы тұрғыдан алғанда, Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және қоғамдық мұрасы қазіргі қоғам үшін де маңызды рухани бағдар болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1293182?lang=ru
Алматы облысындағы егіс алқабынан 1,5 миллион тоннадан астам өнім жиналды 17.09.2026
Алматы облысында күзгі жиын-терім науқаны қарқынды жүріп жатыр. Биыл өңірде 440 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Бүгінде шаруалар оның 334 мың гектарын орып, өнімін жинап үлгерді. Қажырлы еңбектің арқасында қамбаға 1,5 миллион тоннадан астам сапалы өнім түсті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мәселен, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау бойынша жоспардың 60%-дан астамы орындалды. Оның ішінде, арпа алқабындағы қызу жұмыс толығымен тәмамдалып, 152 мың тоннадан астам өнім жиналды. Бидай мен сұлы дақылын жинау аяқталуға жақын болса, жүгері мен күріш өнімін жию енді басталды. Биыл 5,2 мың гектар жерден 22,2 мың тонна күріш алу жоспарланып отыр.Майлы дақылдардың 32,5 мың тоннасы жиналып, егістіктегі қарқынды жұмыс жалғасуда. Ал бақша дақылдары бойынша 73,7 мың тонна өнім алынып, жұмыстар толығымен аяқталды. Сонымен қатар қысқы мал азығы үшін 765 мың тоннадан астам өнім дайындалды.Ал көкөніс, оның ішінде картоп алқабындағы қарбалас тірлік әлі толастаған жоқ. Дала төсінде техника үні дамылдамай, шаруалар атыраптағы өнімді шашау шығармай жинап алуға бар күшін салып жатыр. Мәселен, Райымбек ауданындағы «Алтын дән-1» өндірістік кооперативі «PepsiCo» компаниясымен жасалған келісімшарт негізінде чипсы дайындауға арналған картопты өндіріске жөнелтуді бастады. Демек жергілікті өнімнен әзірленген қытырлақ тіскебасардан дәм тататын күн де алыс емес. Бұл – шаруалардың тынымсыз еңбегі мен су үнемдеу технологиясын тиімді пайдаланудың нақты нәтижесі.«Биыл 200 гектар жерге картоп ектік. Оның 160 гектары чипсы шығаратын өндіріске бағытталды. Ал қалған 40 гектары тұқым өсіруге арналған. Қазіргі таңда «PepsiCo» компаниясына 20 тонна алғашқы өнімімізді жібердік. Енді әр екі күн сайын картоп толы екі жүк көлігі кәсіпорынға жол тартады. Келісімшарт бойынша жалпы 3 000 тонна картоп тапсыруымыз керек. Жұмысты енді бастап жатырмыз. Әлі 2 900 тоннадан астам өнім жібереміз. Картоп жинау шамамен бір жарым айға, яғни қазан айының ортасына дейін жалғасады. Өнімділік әр гектарына шамамен 20 тоннадан айналып жатыр. Биыл құрғақшылық болғанына қарамастан, жаңбырлатып суғару жүйесін орнатып, су тапшылығын сезінген жоқпыз. Өнім көңілдегідей жақсы шықты», – деді «Алтын дән-1» кооперативінің төрағасы Дулат Құлмамыров.Картоптың отаны саналатын Райымбек ауданында биыл 2400 гектар алқапқа өнім егілген. Шаруалар күн суытып, қар түспей картопты жинап үлгереміз дейді. Ол үшін қажетті техника мен жанар-жағармай қоры жеткілікті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1293163?lang=ru
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Бөрілі және Теректі аудандарының жастарымен кездесті 17.09.2026
Батыс Қазақстан облысында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) Бөрілі және Теректі аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына «Міндет! Абырой! Ерлік!» атты ерлік сабақтарын өткізді.Атап айтқанда, Ақсай қаласындағы №3, №4 және №6 мектептерде, сондай-ақ Теректі ауылындағы №1 және №2 мектептерде әскери ведомство өкілдері жастармен кездесті.Кездесу барысында оқушыларға әскери оқу орындарына түсу тәртібі, талапкерлерге қойылатын талаптар, Қарулы күштер қатарындағы қызметтің перспективалары, сондай-ақ әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді.Мектеп оқушылары мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі, әскери қызмет өткеру ерекшеліктері және әскери борышын өтеген азаматтарға берілетін білім беру жеңілдіктері туралы да білді. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қорғаныс министрлігінің бейінді департаменттері өкілдерінен толық жауап алды.– Көптеген оқушы әскери мамандыққа қызығушылық танытып, дене дайындығы нормативтерін тапсыруға мақсатты түрде дайындалып жүр. Саптық дайындықты жетілдіріп, алдағы оқуына қажетті дағдыларды меңгеруде. Сондықтан олар үшін әскери қызметті өз тәжірибесімен білетін мамандарға тікелей сұрақ қою маңызды болды, – деді Ақсай қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектептің бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Бақытжан Үмбетов.Оның шәкірттерінің арасында сабақтар мен практикалық жаттығуларда ерекше белсенділік танытып жүрген 10-сынып оқушысы Мирас Болатов та бар.– Бастапқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарында қаруды бөлшектеу және жинауды, саптық дайындықты, сондай-ақ Әскери ант қабылдау тәртібін үйренеміз. Әскери қызметшілермен кездесу армия туралы түсінігімізді кеңейтті. Бізге Қорғаныс министрлігінің колледждері мен жоғары оқу орындары, сондай-ақ әскери мамандықтар туралы толық ақпарат берілді, – деді оқушы.Әскерге дейінгі жастармен кездесулер барысында отансүйгіштік, елге қызмет етуге дайын болу, ел болашағына деген жауапкершілік және оны жақсартуға ұмтылу тақырыптарына да ерекше мән берілді.Патриоттық тәрбие тақырыбы «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысы өкілдерінің әңгімесімен жалғасты. Олар оқушыларға қозғалыстың қызметі мен жастар арасындағы «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынының дәстүрлері туралы айтып берді.Ақпараттық-түсіндіру тобының өңірдегі мазмұнды бағдарламасы Бөрілі ауданындағы және Подстепное ауылындағы мәдениет үйлерінде Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.Әртістер мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарына Отан, әскери борыш және патриотизм тақырыбындағы музыкалық және вокалдық шығармаларды орындады.Іс-шаралар жастармен жұмыстың түрлі бағыттарын қамтыды. Атап айтқанда, әскери қызмет пен әскери білім туралы практикалық ақпарат беріліп, өнер арқылы патриоттық құндылықтарды дәріптеуге басымдық берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1293154?lang=ru
Алматы облысында таулы аймақтағы туристік нысандарға баратын жолдар жөнделуде 17.09.2026
Алматы облысының Райымбек ауданында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр. Инфрақұрылымның жаңаруы Шалкөде, Шұбартал, Байынқол және Көккемер жайлауына кедергісіз жетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында тұмса табиғатты тамашалауға келетін туристер саны да артады. Кәсіпкерлікті дамытып, жергілікті халықтың табысын арттыруға оң ықпал етеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мәселен, Көккемер жайлауындағы сұлулығы жан тербететін туристік нысанның бірі – теңіз деңгейінен 3600 метр биіктікте орналасқан Текес сарқырамасы. Жергілікті халық Күркілдек деп те атайды. Сарқырама қарағайлы орманмен көмкеріліп, жасыл-желекке оранған таулы аймақтың ажарын ашып, сәнін келтіріп тұр. Нысан «Нарынқол орман шаруашылығы» мекемесінің қарамағында. Күн санап бұл жерге қызығушылық танытатындар саны артып келеді. Алдағы уақытта туристер аталған аумаққа оңай жете алады. Себебі Көккемер жайлауының кіреберісіндегі 21 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Ол үшін 10 техника мен 25 қызметкер жұмылдырылған. Бүгінде жұмыстың 30% атқарылды. Келесі жылы толығымен аяқталады.Одан бөлек атақты Шалкөде жайлауының кіреберісіндегі автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысы қолға алынды. Жалпы ұзындығы – 32,5 шақырым. Қазіргі уақытта 26 шақырым жол негізі дайындалды және 10 су өткізгіш құбыр ауыстырылып, 4 шақырым асфальт жабыны төселді. Бүгінде жөндеу жұмысының жартысынан көбі орындалды. Жыл соңына дейін тәмамдалады.Шұбартал жайлауы да – туризмді дамытуға ыңғайлы таптырмас аймақ. Мұнда ұзындығы 28,5 шақырым болатын жол салыну үстінде.Көркі көз тұндырар тағы бір нысан – Байынқол аңғары. Бүгінде 13 шақырым жолдың орташа жөндеуі 30%-ға бітті. Сонымен қатар жол бойында арнайы автотұрақ қарастырылған. Жоба 2027 жылы аяқталады деп жоспарлануда.Бұл игі жұмыстар туризмі түлеп келе жатқан Райымбек ауданының дамуына серпін береді. Сапалы жол – аудан тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен туризмді тұрақты ілгерілетудің кепілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1293106?lang=ru
Гвардейск гарнизонында төтенше жағдайларды жою бойынша арнайы оқу-жаттығу өтті 16.09.2026
Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тылдық қамтамасыз ету күштері мен құралдарының арнайы оқу-жаттығуы өтті. Оған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері және «Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдері қатысты.Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, Отар – Шу теміржол учаскесінде шартты қарсылас жауынгерлік техника, жанар-жағармай материалдары мен әскери мүлік тиелген әскери эшелонға FPV-дронымен шабуыл жасады. Соның салдарынан жабық вагонда өрт шығып, жалынның жанар-жағармай тиелген цистернаға таралу қаупі туындады.Әскери қызметшілер, құтқарушылар мен теміржолшылар шартты төтенше жағдайды жоюға жедел кірісті. Өртті сөндіру кезінде алғаш рет шынжыр табанды платформадағы мобильді роботтандырылған кешеннің прототипі қолданылды. Ол суды және өрт сөндіретін көбікті қашықтан шашуға мүмкіндік береді. Бұл жеке құрамның өте қауіпті аймақта жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Әуе барлауын жүргізіп, жасырын өрт ошақтарын анықтауды жылу камерасымен жабдықталған ТЖМ дроны жүзеге асырды. Ал жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын эвакуациялау үшін «Қазақстан темір жолының» 150 тонналық краны бар қалпына келтіру пойызы тартылды.– Оқу-жаттығу теміржол көлігінде төтенше жағдай туындаған кезде Қарулы күштердің мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталды. Алынған дағдылар жедел әрекет етуді арттырып, әскерлерді үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді ҚР ҚК ТББ материалдық қамтамасыз ету бас басқармасы өртке қарсы қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Ермек Қақабаев.Үйлесімді іс-қимыл нәтижесінде өрт оқшауланып, жалынның жанар-жағармай материалдары тиелген цистернаға таралу қаупі жойылды. Әскери техника қауіпті аймақтан эвакуацияланды.Оқу-жаттығу теміржол көлігі нысандарында төтенше жағдайлар туындаған кезде күштер мен құралдардың бірлесіп әрекет етуге дайын екенін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1292996?lang=ru
Көшпенділер ойындарының жеңімпаздары марапатталды 16.09.2026
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғап, жүлделі оралған Алматы облысының спортшылары марапатталды. Қырғызстанда өткен халықаралық додада бабы мен бағы қатар жанған жүлдегерлерге Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов алғыс айтып, ілтипат білдірді, -  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.“Көшпенділер ойындары – халқымыздың ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, ат үстіндегі өнерін әлемге танытатын аса маңызды халықаралық жарыс. Әлемнің 100-ден астам елінен кіл мықтылар қатысқан дүбірлі додада ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл – еліміз үшін үлкен мақтаныш. Біз үшін тағы бір ерекше қуаныш – ел құрамасының сапында Алматы облысы атынан өнер көрсеткен спортшылардың жүлделі орындарға ие болуы. Бұл ретте спортшыларымыздың жеңісіне жол ашқан бапкерлердің де еңбегін ерекше атап өткім келеді. Өңірде ұлттық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдер арасынан спорт резервін қалыптастыруға ерекше басымдық беріліп келеді. Соңғы жылдары ұлттық спортқа бет бұрған жастардың қатары айтарлықтай артты. Алдағы уақытта ұлттық спортты кеңінен дәріптеуге, оны бұқаралық сипатқа жеткізуге, жас таланттарды іріктеп, мықты спорт резервін қалыптастыруға және ел абыройын асқақтататын саңлақтарға жан-жақты қолдау көрсетуге басымдық береміз. Ұлттық спорттың өркендеуі заманауи әрі қолжетімді инфрақұрылымға да тікелей байланысты, – деді Шыңғыс Сайранұлы.Сондай-ақ спорт нысандарын салу мен жаңғырту және әрбір тұрғынның спортпен шұғылдануына қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын тілге тиек етті. Аймақ басшысы санаулы күндерден соң жалауы желбірейтін ХХ Азия ойындарына Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысының 24 өкілі спорттың 13 түрінен бақ сынайтынын айтып, барша тұрғындарды осы байрақты бәсекеге қатысатын жерлестерімізге қолдау көрсетуге шақырды.Бүгінгі іс-шара барысында «Алатау» федерациясының президенті Сәбит Қасенов, көкпардан VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төрешісі Елдос Тілебалдиев және аламан бәйгеден, көкпардан, көкбөріден жүлделі орындарға ие болған спортшыларға Президентің “Алғыс хаты” табысталды. Өзге спортшылар мен бапкерлер де облыс әкімінің “Құрмет грамотасы” және “Алғыс хатпен” марапатталды.Дүбірлі додада көк байрақты желбіретіп, жеңіспен оралған спортшылар өздерін елеп-ескерген Мемлекет басшысы мен облыс әкіміне алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1292980?lang=ru
Жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды 16.09.2026
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық жайы талқыланған кеңес өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты. Жиында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның әзірлігі, энергия көздері мен жылу желілерін жөндеу, отын қорын қалыптастыру мәселелері қаралды.Аймақта жауапты кезеңге дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту, 1 газтурбиналық қондырғыны күрделі жөндеу, 1,3 шақырым жылу желісін, 1 қазандық, 1 турбина және 10 автономдық қазандықты, негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілуде.Сонымен бірге алдағы жауапты маусымда тұрғындар жаңа жылу-электр орталығының 4 қазандығы арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.Жалпы 7,6 млрд. теңгеге 460 шақырым электр желілері мен 134 қосалқы станция жөндеуден өтті.Аймақтағы 1 074 әлеуметтік нысан 100 пайыз дайын. Бүгінде энергетикалық және әлеуметтік нысандардың дайындық паспорты алынып жатыр. Қажетті көмір қоры – 80 мың тонна, тұрғындарға 68 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 12 мың тонна керек. Өңірлік операторлар көмір қорын жасақтауды бекітілген кестеге сәйкес жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1292885?lang=ru