Қуқық
Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 70-ке жуық түлегіне алғашқы офицерлік атақ берілді 21.09.2026
Ақтөбе қаласында облыс әкімдігі ғимараты алдындағы алаңда екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 29-шы түлектерін шығарып салу рәсімі өтті.Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров, әскери институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.– Отан қорғаушы мамандығын таңдау – өмір жолындағы абыройлы шешім. Сіздердің міндеттеріңіз – аға буын офицерлерінің ерлігі мен батылдығын үлгі ету. Ол үшін өз ісін жетік білетін кәсіби маман ғана емес, нағыз командир әрі тәлімгер болу қажет. Қызметте табандылықтың өнегесін көрсетіңіздер, – деді авиация генерал-майоры Р. Қоңыров.Биылғы түлектер қатарында 42 ұшқыш пен 25 инженер бар. Салтанатты рәсім барысында жас лейтенанттарға дипломдар мен төсбелгілер табысталды.Бұл күн лейтенант Мыңжасар Қуаныш үшін ерекше есте қалды. Салтанатты шара кезінде ол сүйіктісі Әйгерімге үйленуге ұсыныс жасап, бойжеткен келісімін берді. Осылайша әскери оқу орнынан түлеп ұшқан жас офицердің қызмет жолында ғана емес, махаббатқа, өзара қолдауға және ортақ арманға негізделген жас отбасының өмірінде де жаңа кезең басталды.Айта кетейік, Әуе қорғанысы күштері әскери институты Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне авиациялық мамандар даярлайды. Оқу орны құрылған сәттен бастап 5 мыңнан астам маманды даярлап, сапқа қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1295410?lang=ru
Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге – 30 жыл 21.09.2026
Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.Жиынға Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов, Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев, Қарулы күштердің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов, ардагерлер, колледж түлектері мен жеке құрамы қатысты.Салтанатты шара Шоқан Уәлихановтың бюстіне Құрмет қарауылының сүйемелдеуімен гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Колледждің оқу-жаттығу алаңында бірінші курс кадеттері Әскери ант қабылдап, кедергілер жолағында дене дайындығы мен әскери машығын көрсетті.Құрметті қонақтар колледжде қызмет еткен жылдарынан естеліктерімен бөлісті. Қарулы күштердің ардагері генерал-майор Жомарт Қуанғалиев оқу орнының құрылуы мен қалыптасуының бастауында тұрып, оның алғашқы бастығы болды. Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов әскери оқу орнын аяқтағаннан кейін лейтенант шенінде офицерлік қызмет жолын осы жерде бастады. Ал Қарулы күштердің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов колледжде кадет болды.– Отыз жыл – колледж тарихындағы маңызды кезең. Осы жылдар ішінде оқу орны әскери білім беру жүйесінің маңызды буынына айналып, мыңдаған білікті сержант мамандарын даярлады. Бүгінде колледж түлектері әскери бөлімдерде абыроймен қызмет етіп, жауапты лауазымдарда еңбек етіп, Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға үлес қосып келеді, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов.Іс-шара барысында Шоқан Уәлихановтың мұрасы мен ғылыми-зерттеу қызметіне арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ әскери техника, қару-жарақ, байланыс және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдары көрсетілді. Қонақтар казарма, медициналық пункт, спорт залы, кітапхана, FPV-дрондар сыныбы орналасқан зертханалық корпус пен колледж мұражайын аралады.Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1996 жылы құрылған. Алғашқы 63 кәсіби сержанттың оқу бітіру рәсімі 1999 жылғы 29 шілдеде өтті. Сол жылы колледжге Жауынгерлік Ту табысталып, 2000 жылы оқу орнына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.1996-2025 жылдар аралығында колледжде 4 мыңға жуық кәсіби сержант даярланды. Бүгінде мұнда әскери-кәсіби және дене даярлығымен қатар курсанттардың көшбасшылық, жауапкершілік және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға басымдық беріледі. Сондай-ақ әскери бөлімдерден келген сержанттардың біліктілігін арттыруға бағытталған курстық даярлық жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1295043?lang=ru
Қарулы күштердің әскери қызметшілері жалпықалалық сенбілікке қатысты 19.09.2026
Дүниежүзілік тазалық күні аясында әскери қызметшілер мен азаматтық персонал өкілдері жалпықалалық экологиялық акцияға қосылып, “Таза Қазақстан” бастамасын қолдады.Еліміздің барлық өңірлеріндегі гарнизондар аумақтарды абаттандыруға өз үлестерін қосып, көшелерді, аулалар мен саябақтарды тазалауға атсалысты.Астанадағы сенбілікке Қорғаныс министрлігінің, Бас штабың, Құрлық әскерлерінің құрылымдық бөлімшелері мен әскери оқу орындарының қолбасшылығы және жеке құрамы қатысты.Қорғаныс ведомствосының басқармалары мен департаменттеріне бекітілген аумақта Ақмешіт көшесінің Сығанақ, Жәнібек хандар және Керей хандар көшелері аралығы абаттандырылды. Ал Қарулы күштер Бас штабының құрылымдық бөлімшелері Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимараты айналасындағы аумақты ретке келтірді. Сонымен қатар ведомствоның жеке құрамы әскери қызметшілер тығыз орналасқан елді мекендердегі аумақтарды да тазалады.Ортақ жұмыс әртүрлі құрылымдардағы әскери қызметшілерді біріктіріп, елорда аумағын абаттандыруға үлес қосуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге сенбілік әскери ұжымдардың ұйымшылдығы мен бірлігін, командалық рухын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1294875?lang=ru
Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері World Cleanup Day акциясына қатысты 19.09.2026
19 қыркүйек күні Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері бүкіл ел бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында өткен Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day акциясына қатысты.Министрліктің 250-ден астам қызметкері Астанадағы Орынбор көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аумағын тазалауға шықты. Бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде қоғамдық аумақ абаттандырылып, елорданың тазалығына үлес қосылды.World Cleanup Day акциясына еліміздің түкпір-түкпірінен мемлекеттік органдардың қызметкерлері, волонтерлер, бизнес өкілдері, жастар мен тұрғындар қатысты.Осындай ортақ бастамалар қаланы таза ұстауға ғана емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1294828?lang=ru
Төрт айлық қызмет: қазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде 470 жедел іс-шара өткізді 19.09.2026
19 қыркүйекте Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясы (UNDOF) құрамында үшінші ұлттық бітімгерлік контингентінің қызмет атқара бастағанына тура төрт ай толды. Осы кезеңде қазақстандық әскери қызметшілер 470 жедел іс-шара өткізіп, оның ішінде жауапкершілік аймағында 379 патрульдеу жүргізді. Сонымен қатар 350 жарылғыш зат пен атыс қаруына арналған 1 800 оқ-дәрі жойылды.БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес бітімгерлік ротаның әскери қызметшілері жауапкершілік аймағын патрульдеп, ахуалды бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ жедел әрекет ету күштерінің тұрақты әзірлігін қамтамасыз етеді.Қажет болған жағдайда әскери қызметшілер бақылау бекеттерін күшейтуге, БҰҰ персоналын эвакуациялауға, сондай-ақ Ұйым өкілдері мен жүктерін алып жүруге тартылады.Ұлттық контингенттің инженерлік-саперлік тобы да маңызды міндеттерді атқаруда. Төрт ай ішінде әскери қызметшілер 350 жарылғыш зат пен атыс қаруына арналған 1 800 оқ-дәріні анықтап, жойды.Маусым-қыркүйек аралығында ұлттық контингент барлығы 470 жедел іс-шара өткізді. Оның ішінде жауапкершілік аймағын патрульдеумен қатар, 49 уақытша түнгі бақылау бекеті ұйымдастырылып, жедел әрекет ету күштерінің 11 оқу-жаттығуы және жергілікті қауымдастық өкілдерімен 11 кездесу өткізілді.Қазақстандық бітімгерлік контингент БҰҰ мандатына сәйкес міндеттерін орындауды жалғастырып, жауапкершілік аймағында тұрақты қатысуын және кез келген жағдайға жедел ден қою әзірлігін қамтамасыз етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1294829?lang=ru
Қазақстан СІМ қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты 19.09.2026
Астана, 2026 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» ауқымды жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Астана қаласында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты.Іс-шара мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен елорда тұрғындарының өкілдерін біріктіріп, бекітілген аумақтарды тазалау және абаттандыру жұмыстарын бірлесіп жүргізуге бағытталды. Сыртқы саясат ведомствосының қызметкерлері министрлік ғимаратына іргелес аумақты тазалауға белсенді қатысты.Сенбілікке қатыса отырып, дипломаттар қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік бағдарламалардың міндеті ғана емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі екенін атап өтті.«Таза Қазақстан» акциясы тұрақты негізде өткізіліп, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелеуге, сондай-ақ қазақстандық қоғамда тазалық, тәртіп пен абаттандыру дәстүрлерін нығайтуға бағытталған. Мұндай бастамалар азаматтарды ортақ мақсат төңірегіне біріктіріп, экологиялық жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1294820?lang=ru
Жапонияда өтіп жатқан XX Азия ойындарына 32 армиялық спортшы қатысады 19.09.2026
Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы «Paloma Mizuho» стадионында «Біртұтас Азияны елестет» ұранымен өтетін XX Азия ойындарының ашылу салтанаты болады.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының спортшылары Азия ойындарында спорттың 11 түрінен ел намысын қорғайды.Бокстан — Алуа Балқыбекова мен Оразбек Асылқұлов, таэквондодан — Сомирхан Абабакиров, Батырхан Тлеуғали және Бейбарыс Қабылан, кураштан — Рауза Нұрмұхаметова мен Зарина Сәріпова, спорттық құзға өрмелеуден — Әмір Маймұратов, жеңіл атлетикадан — Давид Ефремов, Ясмина Тоқсанбаева және Георгий Шейко, оқ атудан — Ислам Сәтпаев, Әсем Орынбай, Елизавета Безрукова, София Шульженко, Валерия Попелова, Валерий Рақымжан және Эльдар Иманқұлов, грек-рим күресінен — Мейіржан Шермаханбет пен Демеу Жадыраев, дзюдодан — Ғұсман Қырғызбаев, Бақытжан Абдурахманов, Айдар Арапов, Марат Байқамуров және Ерасыл Қажыбаев, спорттық гимнастикадан — Нариман Құрбанов, Ілияс Әзизов және Дмитрий Патанин, еркін күрестен — Нұрқожа Қайпанов, ауыр атлетикадан — Сайрамкез Ақмолда, Любовь Ковальчук және Нұрғиса Әділетұлы бақ сынайды.2026 жылғы Азия ойындарына әлемнің 45 елінен 15 мың спортшы қатысады. Байрақты бәсекелер 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Нагоя, Токио, Осака қалаларында, сондай-ақ Айти, Сидзуока және Гифу префектураларында өтеді. Жарыс бағдарламасына спорттың 43 түрі мен 71 спорттық дисциплина енгізілген. Барлығы 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады.Армия спортшыларына сенім, рух мықтылығын, жоғары нәтижелер мен жарқын жеңістер тілейміз! Жеңіс тұғырында көк Туымыз көкке көтеріліп, Азия ойындарының ареналарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мүмкіндігінше жиі шырқала берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1294815?lang=ru
Ауылға қолдау көрсетуге 7 млрд теңге: Ерлан Сагнаев Жуалы ауданының тұрғындарымен бизнесті қолдау шараларын талқылады 19.09.2026
18 қыркүйек күні Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы ауылында аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында халықты мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлікті және ауылдық аумақтарды дамыту, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне баса назар аударылды.Жуалы ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамиканы сақтап отыр. 2026 жылғы қаңтар–шілде айларында ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 20,5 млрд теңгені, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7 млрд теңгені құрады.2026 жылы Жамбыл облысының ауылдық елді мекендеріндегі тұрғындарды қолдауға «Ауыл аманаты» жобасы аясында 7 млрд теңге көзделген. Қаражат кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға, ауыл шаруашылығын дамытуға және халық үшін жаңа табыс көздерін құруға бағытталады.Ауылдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де жеке талқыланды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2025 жылы Жамбыл облысында жобаларды іске асыруға 4 млрд теңге бөлінді. Жалпы бағдарлама аясында 18,1 млрд теңге сомасына 72 жоба іске асырылды. Жуалы ауданында мектептерге қосымша ғимарат құрылыстары мен мәдениет үйлерін салу, сондай-ақ спорт мектептерін реконструкциялауды қамтитын төрт жоба іске асырылды.Кездесу барысында шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері де қозғалды. 2026 жылғы қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша ауданда шамамен 5,9 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде қаржыландыру және субсидиялау құралдарын пайдалана алады.Ерлан Сағынаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында мобильді фронт-офистерді дамытуды жалғастырып жатқанын атап өтті. Олар Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоспағанда, барлық 17 өңірде жұмыс істейді және шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультация алуға мүмкіндік береді. Бүгінде Жуалы ауданының 25 тұрғынына консультация берілді. Тұрғындар кредиттеу және кәсіпкерлікті қаржыландырудың өзекті мәселелеріне, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алу шарттарына, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау құралдарының қолжетімділігіне белсенді қызығушылық танытты. Сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру, бизнестің жаңа бағыттарын дамыту және аудан тұрғындары үшін мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру мәселелері көтерілді.Бұған қоса, аудан тұрғындары елді мекендердің инфрақұрылымы мен абаттандырылуын дамыту, коммуналдық қызметтердің сапасы және мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігіне қатысты мәселелерді атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1294796?lang=ru
Дағдарыстық көмектен тәуелділіктің алдын алуға дейін: әскери психологтар кәсіби дағдыларын жетілдіруде 19.09.2026
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастамасымен Қарулы күштердің психологиялық қызмет мамандарының оқу-әдістемелік жиыны өтті.Жиын барысында әскери қызметшілерге психологиялық қолдау көрсету, тәуелді мінез-құлықтың алдын алу және мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері талқыланды.Жиынға қатысушыларға психология саласындағы азаматтық және әскери мамандар өздерінің практикалық білімдері мен тәжірибелерін бөлісті. «Тұран» университетінің профессоры Мұрат Асимов өзін-өзі бақылау әдістері мен дағдарыстық немесе суицидтік жағдайда тұрған адамдармен жұмыс істеу тәсілдерін таныстырды. Әуе қорғанысы күштері әскери институты психологиялық қызметінің бастығы Әлия Жақыпова әскери қызметшілер арасында алаңдаушылық жағдайлардың алдын алу әдістері туралы айтып берді.Психологтардың кәсіби ресурсына да ерекше көңіл бөлінді. Гештальт-терапевтер Юлия Мазунина мен Лилия Горнова маманның өзін-өзі қолдауы және ашуды басқару бойынша практикалық сабақтар өткізді. Сабақ барысында ашуды байқаудан бастап, жеке құндылықтарды сақтауға дейінгі мәселелер қамтылды.Негізгі тақырыптардың бірі тәуелді мінез-құлықтың алдын алу болды. «Танаис» психологиялық көмек орталығының негізін қалаушы әрі жетекшісі, Практикалық психология және аддиктология академиясының президенті Айгүл Магаматова ойын және алкогольдік тәуелділіктің қалыптасуының нейрофизиологиялық моделін таныстырды.Жиын барысында сондай-ақ, әскери бөлімдердегі психологтардың практикалық жұмысын ұйымдастыру, күзгі шақыру науқаны кезеңіндегі міндеттер және Қазақстан Республикасының «Психологиялық қызмет туралы» заңының негізгі ережелері қарастырылды.Жиын тәжірибе алмасуға және мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге арналған маңызды алаңға айналды. Жинақталған білім мен практикалық құралдар психологиялық қызметтің күнделікті жұмысында әскери қызметшілердің психологиялық қиындықтарын дер кезінде анықтау, дағдарыстық жағдайлардың алдын алу және қажетті көмек көрсету мақсатында қолданылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1294798?lang=ru
Қазақстан Елшісі Бутан Короліне сенім грамоталарын тапсырды 19.09.2026
Тхимпху, 2026 жылғы 18 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы және Бутан Корольдігіндегі қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Есқараев Бутан Королі Джигме Кхесар Намгьял Вангчукке сенім грамоталарын табыс етті.Салтанатты рәсім барысында Елші Корольге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласы мен ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ қазақстандық тараптың достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту үшін барлық қажетті күш-жігерін жұмсауға дайын екенін растады.Рәсімнен кейін Елші А.Есқараевтың Бутан Королімен жеке кездесуі өтті. Король Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз ізгі тілектерін білдіріп, Қазақстанның дамуы мен жетістіктерін мұқият қадағалап отырғанын атап өтті. Ол цифрландыру процестері, жаңа технологияларды дамыту және Astana Hub халықаралық технопаркінің қызметі, сондай-ақ цифрлық экономика, инновациялар мен ақпараттық технологиялар салаларындағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше қызығушылық білдірді. Осыған байланысты Бутанның оңтүстігінде, Үндістанмен шекарада іске асырылып жатқан «Gelephu Mindfulness City» (GMC) жобасы шеңберінде қолдану үшін аталған салалардағы қазақстандық тәжірибені зерделеуге деген қызығушылық та аталып өтті.Бутан Королі таяу болашақта Қазақстан Республикасына келуге қызығушылық білдірді.Бутанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Дина Натх Дхунгелмен бөлек кездесу өтіп, онда басты назар қазақ-бутан қатынастарының қазіргі жай-күйіне, оларды одан әрі дамытудың перспективалық бағыттарына, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейтуге аударылды.Тараптар сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды, соның ішінде туризмді, академиялық ынтымақтастықты және жастар алмасуын одан әрі дамытудың маңыздылығын баса айтты.Сапар қорытындысы бойынша саяси диалогты одан әрі нығайту, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сауда-экономикалық, технологиялық және гуманитарлық салалардағы практикалық өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ тұрақты байланыстарды ұстану бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1294723?lang=ru
Қазақстанда спорттық және гимнастикалық жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер бекітілді 19.09.2026
Жекелеген спорттық жабдықтар мен мүкәммалдың, сондай-ақ гимнастикалық жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін екі техникалық регламент бекітілді.Құжаттарды әзірлеудегі маңызды кезең тиісті өнім түрлерін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде оларға қатысты міндетті талаптар белгіленуі мүмкін өнімнің Бірыңғай тізбесіне енгізу болды. Бұл спорттық жабдықтар мен мүкәммалға қатысты ұлттық техникалық регламенттерді әзірлеу және қабылдау үшін қажетті құқықтық негіз қалыптастырды.Атап айтқанда, реттелетін тізбеге спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру жабдықтары мен мүкәммалдың жекелеген түрлері, оның ішінде спорттық қақпалар, стендтік атуға және спортингке арналған нысаналар, сондай-ақ гимнастикалық жабдықтардың әртүрлі түрлері — қоссырықтар, кермелер, батуттар, сақиналар, гимнастикалық снарядтар, төсеніштер және басқа да жабдықтар енгізілді.Техникалық регламенттерді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі әзірледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті салааралық үйлестіруді жүзеге асырды.Құжаттарды әзірлеуге сараптамалық кеңестер, стандарттау жөніндегі бейінді техникалық комитеттер, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ сала және бизнес өкілдері қатысты.Тиісті талаптар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрықтарымен бекітілді:- 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 175 бұйрықпен — спорттық жабдықтар мен мүкәммалға қатысты техникалық регламент;- 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 169 бұйрықпен — гимнастикалық жабдықтарға қатысты техникалық регламент.Техникалық регламенттерде өнімді мақсаты бойынша пайдалану кезінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптар белгіленді.Өнімнің регламент талаптарына сәйкестігін бағалауды өтініш беруші (дайындаушы, импорттаушы немесе уәкілетті тұлға), сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар жүзеге асырады.Техникалық регламенттерде өнімді сәйкестендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сәйкестендіру өнімнің атауы, ілеспе құжаттамада қамтылған мәліметтер, сондай-ақ визуалды әдістер негізінде жүргізіледі. Бұл ретте ЕАЭО СЭҚ ТН коды, өнімнің мақсаты мен қолданылу саласы, оның шығу тегі мен құрамы, сондай-ақ өндіру және пайдалану технологиясының ерекшеліктері ескеріледі.Техникалық регламенттер алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң күшіне енеді. Белгіленген өтпелі кезең өндірушілер мен импорттаушыларға жаңа міндетті талаптарды қолдануға дайындалуға және өнімнің белгіленген нормаларға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Техникалық регламенттердің қабылдануы балалар мен ересектер пайдаланатын спорттық жабдықтар мен мүкәммалдың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ тиісті өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға бірыңғай міндетті тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған.Міндетті талаптарды енгізу спорттық және гимнастикалық жабдықтарды пайдалану кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау деңгейін арттыруға, сондай-ақ өндірушілер, импорттаушылар және нарықтың өзге де қатысушылары үшін неғұрлым түсінікті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.Техникалық регламенттер және белгіленген талаптар туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ресми сайтынан танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1294670?lang=ru
«Төретам» теміржол вокзалы : Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды 19.09.2026
Бүгін «Төретам» теміржол вокзалының да ашылу салтанаты өтті. Оған Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Аймақ басшысы теміржол инфрақұрылымын дамытудағы жұмыстарға тоқталып, вокзалдарды заман талабына сай жаңғырту тұрғындар үшін де, аймағымызға келетін қонақтар үшін де маңызды екенін атап өтті.«Сыр өңірі – тоғыз жолдың торабында орналасқан, өңірлерді бір-бірімен жалғаған маңызды көлік дәлізі. Облыс аумағынан 15жолаушы пойызы өтеді. Облыс орталығынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей,Түркістан қалаларына пойыз қатынайды.Бүгін – қасиет қонған, Қорқыт баба дүниеге келген Қармақшы ауданында қуанышты күн!Өздеріңізбен бірге аймағымыз үшін маңызы зор жобалар – Төретам және Жосалы теміржол вокзалдарын пайдалануға береміз. Ел игілігі жолындағы барлық бастамаға сәттілік тілейміз!Сондай-ақ осы нысанды күрделі жөндеуден өткізуге үлес қосқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді Мұрат Ергешбаев.Рәсімде Құрылтай депутаты Мағжан Ералиев сөз сөйлеп, Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ақ батасын берді. Теміржол саласының және мердігер мекеменің қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Төретам теміржол вокзалының тарихы Байқоңыр ғарыш айлағының құрылу және қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Станция арқылы айлаққа қажетті құрылыс материалдары, жабдықтар және жүк тасымалданған.Жаңғыртылған вокзал тәулігіне 250 жолаушыға қызмет көрсетеді. Күрделі жөндеу кезінде ғимараттың қасбеті мен іргетасы қапталып, шатыр жабыны, есік-терезелері ауыстырылды. Электр желілері жаңартылып, жылу жүйесі жүргізілді,заманауи талапқа сай жабдықталды. Мұнда жолаушыларға арналған күту залы, мүгедектігі бар және балалы жолаушыларға арналған арнайы бөлмелер, медициналық пункт қарастырылған. Қайта жаңғырту жұмыстарына 1 млрд теңге қаржы бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1294628?lang=ru
Астанада B5+ITALY платформасы ресми іске қосылды 19.09.2026
18 қыркүйекте Астанада «Орталық Азия + Италия» бизнес-платформасының форумы өтіп, оның аясында B5+ITALY ресми түрде іске қосылды. Алаңда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды. Олар – Қазақстанның Италияға шикізаттық емес экспортын ұлғайту, бірлескен өндірістер ашу, өңірлік сауда-логистикалық хабтарды дамыту және тікелей көлік қатынасын кеңейту. Форум жұмысына Италия, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанның салалық министрліктері басшыларының орынбасарлары, Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қатысты.Бүгінде Италия Қазақстанның сыртқы саудасында ерекше орын алады. Ол Қазақстанның әлемдегі үшінші ірі сауда серіктесі және Еуропалық одақ елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 16,9 млрд АҚШ долларын құрады. Оның шамамен 15,6 млрд доллары Қазақстанның экспортына тиесілі.Серіктестіктің келесі кезеңі сауда көлемін арттырумен ғана шектелмейді. Ендігі міндет – оның құрылымын өзгертіп, өңдеу өнеркәсібі мен жоғары қосылған құны бар тауарлардың үлесін көбейту. Қазақстан Италияға экспортты қосымша 307 млн долларға арттыруға мүмкіндік беретін әлеуеті бар шамамен 100 тауар позициясын анықтады. Олардың қатарында металлургия, химия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс және машина жасау салаларының өнімдері бар.«Біз бұл платформаның италиялық бизнестің Орталық Азия елдерімен тікелей өзара іс-қимылына мүмкіндік беретін практикалық тетікке айналғанын қалаймыз. Бұл сауда мен инвестициядан бастап өнеркәсіптік кооперация, көлік, логистика және жаңа технологияларға дейінгі бағыттарды қамтиды», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.Негізгі мақсат – дәстүрлі сауда моделінен бірлескен өндірістік базаны қалыптастыруға көшу. Қазір Қазақстанда италиялық капиталы бар 300-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Тәуелсіздік жылдарындағы Италия инвестицияларының жалпы көлемі 9,5 млрд АҚШ долларынан асты.«Біздің міндетіміз – “жеткізуші – сатып алушы” моделінен өндірісті жергілікті жерде орналастыру, бірлескен кәсіпорындар құру, технология трансфері және жаңа өндірістік тізбектерді қалыптастыруды көздейтін тереңірек әріптестікке көшу», – деді Арман Шаққалиев.Сонымен қатар Шымкент қаласының базасында сауда-өнеркәсіптік хаб құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл хаб арқылы италиялық және қазақстандық тауарларды еліміздің басқа өңірлеріне тарату жоспарлануда.«Шымкентте сауда-өнеркәсіптік тауарларға арналған хаб құру мәселесі қарастырылып жатыр. Кейін бұл жерден өнімді еліміздің басқа өңірлеріне тарату жоспарланады», – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов.Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты – Қазақстан мен Италия арасындағы тікелей көлік қатынасын дамыту. Тараптар тікелей әуе рейстерін ашу мәселесі бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл іскерлік байланыстар мен туристік қатынастарды дамытуға қосымша мүмкіндік береді.Келіссөздердің арнайы бөлігі логистика мәселесіне арналды. Қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту және өңірлік өндірістік әрі логистикалық хабтар құру мәселелерін талқылады. Италиялық бизнес үшін Қазақстан Еуропа мен Азия нарықтарын байланыстыратын маңызды буын ретінде қарастырылады. Инфрақұрылымды дамыту транзит мүмкіндіктерін кеңейтумен қатар, қойма кешендерін, логистикалық орталықтар мен өңірлік тарату алаңдарын орналастыруға жол ашады.Агроөнеркәсіп кешені де перспективалы бағыттардың бірі болып отыр. Қазақстан астық пен майлы дақылдар экспортын ғана емес, өсімдік майы, ақуыз өнімдері, ұн және басқа да жоғары қосылған құны бар терең өңделген өнімдердің жеткізуді арттыруға мүдделі.Форум аясында аса маңызды минералдар, жасыл энергетика және орнықты даму, агробизнес, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, энергетика және мұнай сервистері салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Іскерлік байланыстарды дамытудың тағы бір маңызды тетігі – 2026 жылғы ақпанда Алматыда ашылған Қазақстан-Италия сауда үйі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1294610?lang=ru
Қазақстан ШЫҰ шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды 19.09.2026
Душанбеде сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер министрлерінің 25-ші кеңесі өткізілді. Кездесуде Қазақстанды ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев таныстырды.Қатысушылар өзара сауданы, инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты, көліктік-логистикалық байланысты дамытуды, сауданы цифрландырып, сауда рәсімін жетілдіруді талқылады. Өндірістік кооперацияны және қосылған құнды құрудың өңірлік тізбегін дамытуға ерекше назар аударылады.Асан Дарбаев Қазақстан ШЫҰ-ны сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру үшін маңызды алаң ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, ұйым елдері арасындағы өзара сауданың әлеуеті елеулі болып қала береді.2025 жылы Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы бір жылда 7%-ға артып, 72,5 млрд АҚШ долларына жетті. 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өзара сауда көлемі 35,9 млрд доллар. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 9,8%-ға артық.«Осыған байланысты сауда рәсімдерін жеңілдету, тауарлардың шекара арқылы өту уақытын қысқарту және бизнеске әкімшілік жүктемені азайту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру маңызды. Бұл өзара сауданың одан әрі өсуі үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті вице-министр.Қазақстан сондай-ақ қағазсыз және электрондық сауданы одан әрі дамытуды, сауда рәсімдерін цифрландыруды және электрондық құжаттарды өзара тануды жақтады. Еліміз ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімін дайындауға ерекше назар аударады.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар кейіннен ұйым елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысында бекіту үшін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын келісті. Сондай-ақ, Креативті экономиканы дамыту жөніндегі арнайы жұмыс тобы туралы ереже бекітілді.Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер министрлерінің келесі кеңесі 2027 жылы Өзбекстанда өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1294404?lang=ru
Қазақстанда ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды 18.09.2026
13-18 қыркүйек аралығында «Көктал» полигонында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери қызметшілері заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау және жою, елді мекенді азат ету, сондай-ақ бейбіт тұрғындарды эвакуациялау бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады.Оқу-жаттығу барысында бөлімшелер шартты қарсыластың мемлекеттік шекара арқылы өтіп, резервтерін жеткізу әрекетінің жолын кесті. Сондай-ақ басып алынған елді мекенді қоршауға алып, азат етті. Оқу-жаттығуға армиялық авиация, ұшқышсыз ұшу жүйелері, радиоэлектрондық күрес құралдары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері мен дүркін оқ атудың реактивті жүйелері жұмылдырылды. Тактикалық әуе десантын түсіру және шартты жаралыларды эвакуациялау да пысықталды.ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл Тойтарыс-2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуымен бірыңғай жоспар бойынша өткізілгенін атап өтті. Бұл басқару органдары мен ұлттық контингенттердің өзара іс-қимылын пысықтауға мүмкіндік берді.Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің айтуынша, оқу-жаттығу шынайы жағдайға барынша жақын жағдайда өтті.Маневрлерге 1 500-ге жуық әскери қызметші мен ҰҚШҰ-ның жедел топтары қатысты. 300-ден астам әскери және арнайы техника, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы 115 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.Оқу-жаттығуға Қазақстан Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы полковник Мақсұт Гусейнов басшылық етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1294367?lang=ru
«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді 18.09.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Арал қаласына жұмыс сапары барысында қайта жаңғыртылған «Арал теңізі» теміржол вокзалының ашылу салтанаты өтті. Оған ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Қызылорда облысындағы 7 теміржол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті және Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы бар.Аймақ басшысы жаңғыртылған вокзалдарда жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалғанын, бұл өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға жаңа серпін беретінін атап өтті.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр. 2024 жылы Қызылорда теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп, оған іргелес аумақ толық абаттандырылды. Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Сексеуіл теміржол вокзалдарындағы, Талап бекетінің жолаушылар платформасындағы жұмыс толық аяқталып, бұл нысандарда келушілерге қызмет көрсетілуде.Биыл өңіріміздегі 80 шақырымнан астам теміржол күрделі жөндеуден өтуде. Жалағаш және Тереңөзек кенттеріндегі қызмет көрсету пункттері де жаңғыртылып жатыр. Бүгін Төретам, Жосалы теміржол вокзалдарын да ел игілігіне табыстаймыз. Вокзалдарды қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жаңа ғимараттардың сапасы, қызмет көрсету деңгейі облыс аумағынан өтетін қонақтар мен туристердің оң бағасын алып, өңіріміз туралы жақсы әсер қалыптастырады деп сенеміз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Рәсімде Құрылтай депутаты Ирина Тен сөз сөйлеп, Арал ауданының құрметті азаматы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Алдаберген Жоланов ақ батасын берді.Теміржол саласында ұзақ жыл еңбек еткен сала қызметкерлері мен вокзал құрылысын салған мердігер мекеме өкілдеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Айта кетейік, «Арал теңізі» теміржол вокзалы 1905 жылы «Орынбор – Ташкент» теміржол желісінің құрылысы кезінде бой көтерген. Бір ғасырдан астам уақыттан соң жаңарған ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда тәулігіне 600, бір мезетте 224 жолаушыға қызмет көрсетіледі. Қайта жаңғыртуға 1,7 млрд теңге қаржы бөлінген.«Техоснастка ремсервис» компаниясы құрылысты өткен жылы қараша айында бастаған. Вокзалда ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, жүк сақтау қоймасы, күту залы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға лифт қарастырылған. Одан бөлек шағын асхана, кафетерий және санитарлық-тұрмыстық орындар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1294371?lang=ru
Сауда министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық өңірінде «Дала дәмі» ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді 18.09.2026
19 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі еліміздің барлық өңірінде «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін өткізе бастайды. Жәрмеңкелер әр демалыс сайын ұйымдастырылып, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тауарларын тұтынушыларға тікелей ұсынатын бірыңғай заманауи форматқа айналады.Алғашқы демалыс күндері, 19 және 20 қыркүйекте, еліміздің барлық өңірінде өтетін жәрмеңкелерде 2 000 тоннадан астам отандық ауыл шаруашылығы өнімі саудаға шығарылады.Астанада «Дала дәмі» жобасы еліміздің өңірлерінен келген фермерлердің өнімдерін таныстыратын негізгі алаңдардың біріне айналады. Елордада әр апта сайын әртүрлі облыстардың фермерлері мен өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Астана мен Алматы қалаларында жәрмеңкелер сенбі және жексенбі күндері екі күн бойы өтеді. Қалған өңірлерде жәрмеңкелер сенбі күндері ұйымдастырылады.Жәрмеңкелерде көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, дәнді дақылдар және басқа да маусымдық тауарлар фермерлер мен өндірушілерден тікелей делдалсыз сатылады.Жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жәрмеңкелердегі сауда орындары тегін беріледі. Бұл фермерлерге өнімін тұтынушыға тікелей ұсынуға, ал тұрғындарға маусымдық тауарларды қолжетімді бағада сатып алуға мүмкіндік береді.Енді жәрмеңкелер барлық өңірде бірыңғай тұжырымдама аясында ұйымдастырылады. Сауда арнайы жабдықталған сөрелер мен сауда орындарында жүргізіледі. Автокөліктерден, жүк көліктері мен тіркемелерден сауда жасауға жол берілмейді. Сауда орындары «Дала дәмі» жобасының бірыңғай стилінде безендіріліп, күзгі өнім маусымын, қазақ жердің берекесін және отандық өндірушілердің еңбегін көрсетпек.«Дала дәмі» жәрмеңкесі тек сауда жасайтын орынмен шектелмейді. Жоба демалыс күндері отбасымен бірге уақыт өткізуге арналған қоғамдық кеңістік ретінде ұйымдастырылады. Жәрмеңке алаңдарында маусымдық безендіру, ұлттық нақыштағы элементтер, өнімдердің дәмін тату, балаларға арналған ойын-сауық және басқа да іс-шаралар өткізіледі.Күз – дәстүрлі түрде егін жинау, молшылық және көктем мен жаздағы еңбектің нәтижесін қорытындылайтын кезең. Осыған байланысты «Дала дәмі» жобасы дайын өнімді ұсынумен қатар, оның өндірушінің еңбегі мен жердің берекесінен бастап, тұтынушы дастарханына дейінгі жолын көрсетуге бағытталған.«Дала дәмі» жәрмеңкелері 2026 жылдың 19 қыркүйектен бастап әр демалыс сайын өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1294269?lang=ru
Астанада Десанттық-шабуылдау әскерлерінің тұңғыш қолбасшысы атындағы әскери-патриоттық сынып ашылды 18.09.2026
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде генерал-майор Уәли Еламанов атындағы әскери-патриоттық сыныптың салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шараға университеттің басқарма төрағасы – ректор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Қанат Тіреуов, профессорлық-оқытушылар құрамы, жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедра өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ генералдың туған-туыстары мен жақындары қатысты.Уәли Бисақанұлы Еламанов ел тарихында есімі қалған көрнекті әскери қолбасшылардың бірі. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұтқыр күштерінің алғашқы қолбасшысы болды. Сонымен қатар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің негізін қалаушы ретінде танымал. Жоғары кәсіби білімі мен талапшылдығы арқылы әскери құрылымның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Оның ұйымдастырушылық қабілеті, адами қасиеттері және Отанға деген адалдығы көптеген әскери қызметшілерге үлгі болды.Салтанатты іс-шара барысында ректор Қанат Тіреуов бұл бастаманың болашақ Отан қорғаушыларын тәрбиелеудегі ерекше маңызын атап өтті. Ол жастардың бойында патриотизмді, жауапкершілікті және елге деген адалдықты қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, генерал-майор Уәли Еламанов секілді көрнекті тұлғалардың өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа әскери қызметтің мәнін терең түсінуге және елдің болашағы үшін жеке жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік береді.Іс-шараға Уәли Еламановтың туған-туыстарының қатысуы ерекше әсерлі атмосфера қалыптастырды. Олар генерал туралы естеліктер айтып, оның есімін ұлықтап, өнегелі жолын сақтап келе жатқан университет ұжымына алғыстарын білдірді. Сондай-ақ Уәли Еламановтың мол кәсіби тәжірибесін, өмірлік ұстанымдары мен Отанға қызмет ету үлгісін кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1294246?lang=ru
2025 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде инвестициялық модель қалай өзгеруде 18.09.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде инвестициялық саясатты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.2025 жылғы желтоқсанда 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданып, «Бәйтерек» холдингі ұлттық инвестициялық холдинг болып қайта құрылды. Жаңа модель жеке және шетелдік капиталды тартуға, отандық өндірісті, инфрақұрылымды, технологияларды және шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған. 2029 жылға дейін холдинг құралдары арқылы қосымша $150 млрд инвестиция тарту жоспарланып отыр.Капитал тарту тәсілдері де жетілдірілуде. Мемлекет инвесторларды белсенді іздеу және нысаналы түрде тарту моделіне көшуде. Мәселен, өңірлер басым салалық бағыттарды айқындап, алдын ала пысықталған инвестициялық ұсыныстар әзірлейді.Инвесторларды сүйемелдеу жүйесі қайта құрылып, енді сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлерде жұмыс істейді. Жобаларды жедел жүзеге асыру үшін Fast Track тетігі қолданылып, Үкімет жанындағы Инвестициялық штабтың мүмкіндіктері кеңейтілуде. Инвесторлардың құқықтарын қорғау күшейтілді: «прокурорлық сүзгі» қолданылады, проблемалық мәселелер мен шағымдардың бірыңғай тізілімі қалыптастырылуда, инвестициялық дауларды сотқа дейін реттеу тетіктері жетілдірілуде. 2025 жылы инвестициялар туралы 30 келісім жасалса, 2026 жылы жалпы сомасы шамамен 5,2 трлн теңге болатын 26 келісім жасалды.Сонымен қатар негізгі шетелдік әріптестерді сүйемелдеу үшін task force жұмыс топтарының тетігі қалыптастырылып, қажетті рәсімдерден жедел өтуге арналған «жасыл дәліз» қолданылады. Жаңа модельдің цифрлық бағыты Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны дамытуды, сондай-ақ деректерді талдау құралдары мен жасанды интеллект элементтерін қамтитын инвестициялық жобаларды мониторингтеудің интеграциялық талдау жүйесін әзірлеуді көздейді.2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 16,7%-ға арттыҚазақстандағы инвестициялық белсенділік оң қарқынын сақтап отыр. 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 19,4 трлн теңгеден асып, нақты өсім 8%-ды құрады. 2025 жылы бұл көрсеткіш шамамен 23,5 трлн теңгеге дейін ұлғайып, нақты өсім қарқыны 16,7%-ға жетті.2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға 13,5 трлн теңгеден астам инвестиция салынды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға көп. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың ЖІӨ-дегі үлесі 2024 жылғы 14,2%-дан 2025 жылы 14,7%-ға дейін өсті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 13,4%-ды құрады.Сонымен қатар жаңа инвестициялық портфель қалыптастырылуда. Kazakh Invest базасында Астанада «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Kazakhstan Investment House бірыңғай ақпараттық орталығын құру көзделген. Бүгінде жалпы инвестиция көлемі $162,5 млрд болатын 667 нақты жоба іріктелді. Бұдан бөлек, шикізат базасын дамытуға бағытталған жалпы құны $42,6 млрд болатын жобалар пулы қалыптастырылуда.2024-2025 жылдары тартылған жаңа жобалардың қатарында терең өңдеу, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені және көлік инфрақұрылымы салаларындағы өндірістер бар. Жамбыл облысында Fufeng Group құны $350 млн болатын жүгеріні терең өңдеу жобасын жүзеге асыруда. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылы басталды, жобаның бірінші кезеңін 2026 жылы іске қосу жоспарланған.Ақмола облысында Dalian Hesheng Holding Group құны $500 млн болатын бидайды терең өңдеу кешенін салуда. Испаниялық Roca Group Қызылорда облысында құны $70 млн болатын санитариялық-техникалық өнім өндіру және құрастыру зауытының жобасын жүзеге асыруда.Алматы облысында Solico Group тәулігіне 155 тонна өнім өндіруге қауқарлы, құны $58,8 млн болатын ірімшік өндірісінің құрылысын бастады. 400-ге жуық жұмыс орны ашылатын кәсіпорынды 2027 жылы іске қосу жоспарланған. Guoyou Materials Group Қазақстанның Каспий теңізі жағалауында жылына 15 млн тоннаға дейін жүк өткізуге қауқарлы, құны $1,1 млрд болатын жаңа порт салу жобасын пысықтауда. Швейцариялық Harvest Group SA құны $700 млн болатын агроиндустриялық кластерді іжүзеге асыруға кірісті. Жоба аясында 300 мың гектар жерді кезең-кезеңімен суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына айналдыру көзделген. Бюджет қаражатының үлесі 14%-ға дейін төмендеді, бюджеттен тыс қаржы көздер 86%-ға дейін өстіЕлеулі өзгерістердің бірі – инвестициялардың қаржылық құрылымы. 2024 жылы мемлекеттік бюджет қаражатының үлесі негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 21,6%-ын, 2025 жылы 21,5%-ын құрады. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында ол 14%-ға дейін төмендеді.Осы кезеңде бюджеттен тыс қаржы көздері инвестициялардың 86%-ына жетті. Оның негізгі көзі, яғни 66,7%-ы кәсіпорындардың меншікті қаражаты болып қалып отыр. Банк несиелерінің үлесі – 5,6%, өзгедей қарыз қаражатының үлесі – 13,7%.Ағымдағы динамика бюджеттен тікелей қаржыландыру азайғанын, ал бизнестің меншікті және қарыз қаражаттарының үлес салмағы ұлғайғанын көрсетеді. Бұл модель мемлекеттік құралдарды капиталдың жалғыз көзі ретінде емес, қосымша жеке ресурстарды тарту механизмі ретінде пайдалану міндетіне сәйкес келеді.Инвестициялардағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 14,1%-ға дейін өсті2025 жылы инвестициялардың ең жоғары нақты өсу қарқыны энергетикада 61,8%, агроөнеркәсіп кешенінде 51,8%, өңдеуші өнеркәсіпте 39%, ақпарат және байланыс секторында 32% болды.Бұл үрдіс 2026 жылы да жалғасты. Қаңтар-тамыз айларында энергетикадағы нақты инвестициялар 49,3%-ға, ақпарат және байланыста 45,3%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 39,9%-ға, АӨК-те 17,6%-ға өсті.Инвестициялардың жалпы көлемінде жекелеген салалардың үлесінің өзгеруі ерекше байқалады. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш 2024 жылғы 10,7%-дан 2025 жылы 12,7%-ға және 2026 жылғы қаңтар-тамызда 14,1%-ға дейін жетті. АӨК-те 3,8%-дан 5,6%-ға, энергетикада 6,9%-дан 9,7%-ға, ақпарат және байланыста 1,8%-дан 2,3%-ға дейін көтерілді.Десе де тау-кен өнеркәсібінің үлес салмағы 2024 жылғы 18,7%-дан 2026 жылғы сегіз айда 13,9%-ға дейін қысқарды.Өзгерістер экономиканың құрылымында да көрініс тапты. ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2024 жылғы 12,4%-дан 2025 жылы 12,8%-ға дейін өсті, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 14%-ға жетті. Осы кезеңде мұнай-газ секторының үлесі ЖІӨ-нің 8,1%-дан 7,8%-ға дейін, жалпы тау-кен өнеркәсібінің үлесі 12%-дан 11,7%-ға дейін қысқарды.Нақты секторға 8 трлн теңге: «Бәйтерек» холдингі қаржыландыру жүйесін қайта құрудаЖаңа инвестициялық архитектурада басты рөл «Бәйтерек» холдингіне берілмек. 2026 жылы нақты секторды оның құралдары арқылы қаржыландыру көлемін 8 трлн теңге деңгейінде сақтау жоспарлануда, оның ішінде Холдингті капиталдандыру есебінен қосылатын 1 трлн теңге де бар.Бұл ретте қаржыландыру параметрлері де өзгереді. Қазақстан Даму банкі ірі стратегиялық бастамаларға ерекше ден қоя отырып, инвестициялық жобаларды қаржыландырудың ең төменгі шегін 15 млрд теңгеге дейін, экспорттық операциялар бойынша 3 млрд теңгеге дейін арттырды. Өнеркәсіпті дамыту қоры машина жасауға баса назар аударып отыр: мұндай жобаларды қаржыландырудың ең аз сомасы 1 млрд теңге деңгейінде болады деп айқындалды, ал машина жасаудан тыс жүзеге асатын құр инвестициялық жобаның өзінің ең төменгі жалпы құны 15 млрд теңге болмақ.Жыл басынан бері тұрғын үй секторын қоса алғанда қолдаудың жалпы көлемі 7,4 трлн теңгеге жетті, оның 5,4 трлн теңгесі кәсіпкерлікке бағытталған. «Даму» қоры арқылы 1,4 трлн теңгеге 5 мыңға жуық ШОБ жобасына қолдау көрсетілді. Аграрлық кредиттік корпорация мен ҚазАгроҚаржы желісі бойынша АӨК-ке 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазақстанның Даму банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры және Qazaqstan Investment Corporation арқылы шамамен 2,5 трлн теңге ірі бизнес пен инвестициялық бастамалардың 504 жобасын қаржыландыруға бағытталған. Экспорттық-кредиттік агенттіктің 522 млрд теңгеден астам қолдауына 78 экспорттаушы ие болды.Жобаға 7 млрд теңгеге дейін қаржы және 85%-дық кепілдік: шағын бизнесті қолдау кеңейтілдіШағын және орта бизнес үшін негізгі бағыт қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту болып қала бермек. Кепілдік қоры шеңберінде 7 млрд теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржыландыру сомасының 85%-на дейін кепілдік беріледі, бірақ ол 3,5 млрд теңгеден аспауы керек. Бұл тетікті инвестициялық мақсаттар үшін, айналым қаражатын толықтыру және қайта қаржыландыру үшін пайдалануға болады.«Өрлеу» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы жалғасуда: қаржыландыру 7 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде, жылдық 12,6% түпкілікті мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Басым бағыттардың қатарында өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустриялар бар. Өндірістік қуаттарды жаңғырту үшін бір қарыз алушыға 500 млн теңгеге дейін қаржыландыру қарастырылған «Өрлеу Лизинг» бағдарламасы жұмыс істейді.Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы – «Іскер аймақ» іске қосылды. Бағдарлама бойынша несиенің ең жоғары сомасы – 200 млн теңге. Қаражат инвестициялық мақсаттарға да, айналым капиталын толықтыруға да бағытталуы мүмкін. Субсидиялау мөлшері номиналды пайыздық мөлшерлеменің 40%-ын, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін 50%-ын құрайды. Субсидиялау мерзімі – үш жылға дейін. Бағдарламаның негізгі бағыты ретінде өңдеу және қайта өңдеу салалары айқындалған.Сонымен қатар бизнестің даму институттарымен өзара іс-қимылы жеңілдетілуде. Бірыңғай фронт-офис құрылып, 1408 байланыс орталығы, CRM жүйесі және бірыңғай ЖИ көмекші іске қосылды. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформамен интеграция қамтамасыз етілді.Жалпы құны 884,6 млрд теңге болатын 346 жоба коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталдыХолдингтің инвестициялық тетіктері инфрақұрылымды жаңғыртуға да бағытталған. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Бәйтерек» еншілес ұйымдар, екінші деңгейдегі банктер және халықаралық қаржы институттары арқылы қаржыландыруды ұйымдастырып, үйлестіре отырып, қаржы операторы қызметін атқарады.Бүгінде осы тетік аясында жалпы құны 884,6 млрд теңгені құрайтын 346 жоба мақұлданды. Олар коммуналдық желілерді жаңартуға, апат деңгейін төмендетуге, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған.Жарты жылда 250,5 млрд теңге: агролизинг көлемі былтырғы көрсеткіштен екі есеге жуық арттыТағы бір бағыт – ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту. 2025 жылы «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша 10 393 бірлік техника сатып алуға 268,9 млрд теңгеге лизинг келісімшарттары жасалды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржыландыру көлемі 250,5 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 126,6 млрд теңгеден екі есеге жуық жоғары. Компания қызметтерін 3 931 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші пайдаланды.Машина-трактор паркін жаңарту үшін лизингтік бағдарламалар желісі жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген лизинг жылдық 6% мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тағы бір бағдарлама бойынша жылдық 5% мөлшерлемемен 7 жылға дейінгі мерзімге, кемінде 10% аванспен қаржыландыру ұсынылады.«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша отандық техника мен көлік жылдық 6% мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді. Дәл осындай шарттармен «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы жемшөп дайындайтын техника мен жылжымалы суару жүйелерін қамтиды. Жеңілдетілген бағдарламаларға жатпайтын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жылдық мөлшерлемесі 12,6%-бен 10 жылға дейінгі мерзімге «Агролизинг» бағдарламасы қарастырылған.Лизинг алу процесі толықтай онлайн форматта қолжетімді: ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінімді қашықтан бере алады, ал ЖИ-сервис құжаттарды сараптап, өтінім бойынша 10 минут ішінде шешім шығарады. Сондай-ақ жеңілдетілген бағдарламалар бойынша Telegram-бот арқылы электронды кезек және жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, лизинг нысандарына онлайн мониторинг жүргізу жүйесі іске қосылды.2025 жылдың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингінің құралдары арқылы барлық бағыт бойынша көрсетілген қолдаудың жалпы көлемі 10,4 трлн теңгені құрады. 2026 жылы негізгі басымдық нақты секторды қаржыландыруға, өндірістерді іске қосуға, инфрақұрылымдық жобаларға, кәсіпкерлікті, АӨК және экспортты қолдауға бағытталуда.#ЗАҢменТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1294087?lang=ru
QazTrade кореялық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуде 18.09.2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында 15 қыркүйекте Сеулде «Қазақстан – Корея Республикасы» Іскерлік кеңесінің отырысы өтті, оның аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық өнімнің Корея нарығына экспортын кеңейтуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылды. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Кореяның шағын және орта бизнес пен стартаптарды дамыту агенттігі (KOSME) шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейтуге және қазақстандық экспорттың инновациялық құрамдас бөлігін дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат бірлескен жобаларды іске асыруды, тәжірибе және сараптама алмасуды, білім беру және акселерациялық бастамаларды дамытуды, сондай-ақ отандық компаниялардың халықаралық нарықтарға шығуының перспективалық құралдарының бірі ретінде электрондық сауданы белсенді ілгерілетуді көздейді. QazTrade пен KOSME ынтымақтастығы екі ұйымның жүйелі жұмысының жалғасы болып табылады. 2025 жылы тараптар қазақстандық IT-компаниялар үшін бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асырды, оның аясында кәсіпкерлер цифрлық трансформацияға, технологиялық бизнесті ауқымдауға және жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізуге корейлік тәсілдермен танысу мүмкіндігіне ие болды. Өзара іс-қимыл қорытындысы бойынша тараптар сондай-ақ сараптамалық қолдауды одан әрі дамыту, бірлескен жұмыс тобын құру және қазақстандық компанияларды тиісті корейлік акселерациялық бағдарламаларға интеграциялау туралы уағдаласты.Сол күні қазақстандық компаниялардың қатысуымен бірқатар коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, Kusto Logistics Management және Seojoong Logistics екі ел компаниялары арасындағы сауда-логистикалық ынтымақтастықты дамыту және іскерлік байланыстарды кеңейту туралы уағдаласты. «Merke-Et» ЖШС және Jung Ho Park - Highland Innovation жылына 1 000 тоннаға дейінгі көлемде ет консервілерін қоса алғанда, қазақстандық ет өнімдерін Корея Республикасының нарығына жеткізуді көздейтін уағдаластықтар жасасты. Сонымен қатар, Samsar Investment және «Coupaju» АҚ жалпы құны 3 млн АҚШ доллары болатын қазақстандық күнбағыс майын жеткізуге келісім жасасты. Металлургия саласы өнімдерін жеткізуді кеңейту жеке бағыт болды. «Ekibastuz FerroAlloys» ЖШС және Uni Metal Co., LTD тараптар келіскен шарттарда «Ekibastuz FerroAlloys» ЖШС өндіретін ферросилицийді Uni Metal Co., LTD мекенжайына ұзақмерзімді өзара іс-қимыл және тұрақты жеткізуді ұйымдастыру үшін негіз құруды көздейтін Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Уағдаластық аясындағы әлеуетті жеткізу көлемі 50 млн АҚШ долларына бағаланады. Осылайша, 15 қыркүйекте қол қойылған құжаттар қазақстандық-корейлік сауда өзара іс-қимылының бірнеше негізгі бағыттарын – логистиканы, азық-түлік экспортын және металлургия өнеркәсібі өнімдерін жеткізуді қамтиды, отандық өндірушілердің Корея Республикасының нарығына шығуына қосымша мүмкіндіктер жасайды. 16 қыркүйекте Сеулде «Орталық Азия – Корея Республикасы» (ОА+5) Саммиті аясында Кореяның сауда мен инвестицияларды ілгерілету агенттігі (KOTRA) мен QazTrade арасында Сауда ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Корея Республикасымен екіжақты тауар айналымын екі есеге арттыру қажеттігін атап өтті. 2025 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 3,17 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 1,3%-ға артық. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында, өзекті деректер бойынша, тауар айналымы 1,57 млрд АҚШ долларына жетті. «Өзара сауданың ағымдағы көлемінде Қазақстан мен Корея Республикасының әлеуеті айтарлықтай жоғары. Біздің міндетіміз – қазақстандық экспорттың номенклатурасын кеңейту, Корея нарығында ұсынылған отандық компаниялардың санын арттыру және қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты экспорттық келісімшарттарға айналдыру» - Айнұр Әмірбекова, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары QazTrade Қазақстанның шикізаттық емес экспортын ілгерілету бойынша бірыңғай оператор болып табылады және отандық өндірушілердің шетелдік нарықтарға шығуы кезінде кешенді қолдау көрсетеді. Өз қызметі шеңберінде Орталық экспорттаушыларға әлеуетті сатып алушыларды іздеу және таңдау, B2B-келіссөздер ұйымдастыру, халықаралық көрмелер мен сауда-экономикалық миссияларға қатысу, өнімді мақсатты нарықтардың талаптарына бейімдеу, ұлттық тауарларды ілгерілету және бизнестің экспорттық құзыреттерін дамыту бойынша жәрдем көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1294078?lang=ru