Қуқық
Жасанды интеллект әскерге шақырылушыларды әскер түрлері мен тектері бойынша бөлуге көмектеседі 16.09.2026
Қазақстанда әскерге шақыру комиссияларының жұмысына жасанды интеллект (ЖИ) енгізіле бастады. Жаңа цифрлық шешімдер әскерге шақырылушыларды әскер түрлері мен тектері бойынша қызмет өткеруге неғұрлым оңтайлы бағыттау жөнінде ұсынымдар беруге, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдары жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Цифрландыру және жасанды интеллект жылында Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жергілікті әскери басқару органдарының (ЖӘБО) қызметіне заманауи технологияларды кезең-кезеңімен енгізіп келеді.Қоғамдық маңызы мен атқаратын міндеттерінің кең ауқымын ескере отырып, жергілікті әскери басқару органдары Қорғаныс министрлігінің азаматтармен тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін өзіндік «қабылдау бөлмесі» болып табылады.Ағымдағы жылдың басынан бастап барлық деңгейдегі әскерге шақыру комиссиялары отырыстарының хаттамаларын электрондық форматта жүргізу енгізілді. Цифрлық формат құжаттарға қашықтан қол жеткізуге, қабылданған шешімдерді жедел бақылауға және олардың заңдылығын тексеруге мүмкіндік береді.Аудандық және облыстық әскерге шақыру комиссияларының цифрлық хаттамаларын қалыптастыру кезінде жасанды интеллект қолданылады. Жүйе әскерге шақырылушының антропометриялық деректері мен білім деңгейі негізінде оны тиісті әскер түрлері мен әскер тектерінде қызмет өткеруге неғұрлым оңтайлы бағыттау жөнінде ұсынымдар қалыптастырады.Бұл құрал барлық деңгейдегі әскерге шақыру комиссияларына қолжетімді және әскерге шақырылушыларды бөлудің объективтілігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте әскерге шақыру және әскери қызмет өткеру орнына тағайындау туралы түпкілікті шешімді заңнамада белгіленген тәртіппен әскерге шақыру комиссиясы қабылдайды.Цифрландырудың маңызды нәтижелерінің бірі – азаматтарды денсаулық жағдайына байланысты мерзімді әскери қызметке шақырудан босату рәсімін электрондық форматқа көшіру. Рәсімді автоматтандыру қажетті процестерден өту мерзімін қысқартып, шешім қабылдаудың жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.Сонымен қатар мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды қызмет өткерудің бүкіл кезеңінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босату процесі автоматтандырылды. Бұған дейін тиісті мәліметтер «e-Saqtandyru» цифрлық жүйесіне қолмен енгізілетін.Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу еңбек шығындарын азайтуға, әкімшілік рәсімдерді оңайлатуға және жергілікті әскери басқару органдары жұмысының жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.Электрондық құралдар сондай-ақ әскерге шақыру процесінің барлық кезеңдерінде жүйелі мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға жағдай жасап, рәсімдердің ашықтығын арттырады және қабылданатын шешімдердің тиімділігін қамтамасыз етеді.Сонымен бірге рәсімдерді автоматтандыру әскерге шақырылушылардың жинақтау пункттеріне жеке келу қажеттілігін жоймайды. Заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру туралы шешімді тек медициналық куәландыру нәтижелері негізінде әскерге шақыру комиссиясы қабылдайды. Ал медициналық куәландыруды онлайн форматта өткізу мүмкін емес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1292588?lang=ru
Сеулде «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті аясында ҚР Әділет министрлігі мен Кореяның Зияткерлік меншік министрлігі зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды 16.09.2026
Меморандум екі ел арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған. Құжат ақпарат пен тәжірибе алмасуды, құзыретті органдар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды, мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруді, сондай-ақ осы саладағы бірлескен іс-шаралар мен бастамаларды іске асыруды көздейді.Меморандумға қол қою Қазақстан мен Корея арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам және озық тәжірибелермен алмасу мен заманауи тәсілдерді енгізу үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.Меморандум ережелерін іске асыру екі елдің тиісті мемлекеттік органдары арасындағы институционалдық және кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1292416?lang=ru
Қарағанды гарнизонында «Айбалта-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды 16.09.2026
«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Спасск» оқу орталығының полигонында «Айбалта-2026» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.Оқу-жаттығуға «Астана» өңірлік қолбасшылығының құрамалары мен әскери бөлімдері қатысу үстінде. Оған 600-ге жуық әскери қызметші және 50-ден астам қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылған.Негізгі міндет – әскерлердің мақсатқа сай міндеттерді орындауға әзірлігін тексеру, командирлер мен штабтардың жоспарлау және шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ бөлімшелердің өзара іс-қимылын арттыру.Оқу-жаттығу барысында штабтар әскерлерді басқару, бөлімшелерді жылжыту және қайта топтастыру, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ жағдайдың өзгеруі барысында басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтайды.Практикалық кезеңде әскери қызметшілер полигонда қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана отырып, қазіргі заманғы қарулы күрестің даму үрдістерін ескере отырып, оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін орындайды.– «Айбалта-2026» – республика аумағында өткізіліп жатқан стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың кезеңдерінің бірі. Оның барысында әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін, басқару органдарының үйлесімділігін және әскерлердің шынайы жағдайға барынша жақын ортада тиімді әрекет ету қабілетін тексереміз, – деді Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Бас жедел басқармасының бастығы полковник Қанат Жәнкеев.Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша басқару органдары мен әскерлердің әзірлігі бағаланып, жауынгерлік даярлықты жетілдірудің одан арғы бағыттары айқындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1292412?lang=ru
VIII «NEW SILK WAY» БИЗНЕС-ФОРУМЫ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ АЛАҢЫ 16.09.2026
2026 жылғы 15-16 қазанда Астана қаласында Қазақстанның Көлік апталығы аясында, XXIX «TransLogistica Kazakhstan 2026» халықаралық көрмесімен қатар, VIII «NEW SILK WAY» бизнес-форумы өтеді.Форум мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, көлік-логистика саласындағы бизнестің және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдерін біріктіреді.Форумның іскерлік бағдарламасы ЕАЭО, ЭЫҰ және ТМД шеңберінде көлік министрлері мен бейінді органдар басшыларының кездесулері мен отырыстарын, сондай-ақ негізгі халықаралық көлік дәліздерін, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ), Трансауған көлік дәлізін және «Солтүстік – Оңтүстік» ХКД дамытуға арналған іс-шараларды қамтиды.Форумның негізгі іс-шарасы «Цифрлық Жібек жолы: жасанды интеллект және логистиканың цифрлық технологиялары» тақырыбындағы стратегиялық сессия болады.Мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес өкілдері мен сарапшыларды Форумның іскерлік бағдарламасына белсенді қатысуға шақырамыз.Тіркелу үшін сілтеме: https://newsilkwayforumkz.com/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1292399?lang=ru
"Тіл шебері" байқауы 15.09.2026
5 қыркүйек ұлы ұстаз, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының туған күні және еліміздегі Тілдер күні мерекесі.Аталмыш мерекені атап өту мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Тіл шебері» республикалық байқауын ұйымдастырды. Байқауға Министрлік атынан Сауда саясаты және стратегиялық жоспарлау департаментінің басқарма басшысы Улькеева Меруерт қатысты.Байқау барысында Меруерт «Болашақтың мемлекеттік қызметшісі» атты үш тілдегі бейнеролигін әлеуметтік желілерде жариялап, эссе жазды. «Бүгінгі мемлекеттік қызметші – мемлекеттік тіл – цифрлық әлем» бағытында дайындалған еңбегімен алғыс хатқа және ақшалай марапатқа ие болды.Министрлік қызметкерлері алдағы уақытта да осындай іс-шараларға қатысып, өз жетістіктерімен көріне береді деп сенеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1292328?lang=ru
Оман Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 15.09.2026
Астана, 2026 жылғы 15 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Оман Сұлтандығының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Салах Джабубтан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.А.Исағалиев Оман Елшісін тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі Қазақстан мен Оман арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және көпқырлы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Тараптар алдағы жоғары және биік деңгейлердегі сапарларға дайындық барысын, Қазақстан-Оман ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен нығайту мәселелерін талқылап, саяси диалогтың жоғары деңгейі мен экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілікті растады.Елші С.Джабуб Астана мен Масқат арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға бар күшін салатынын білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1292320?lang=ru
Танк тізгіндеген 22 жыл: әскери кафедра курсанттары ардагермен кездесті 15.09.2026
Танкистер күніне орай Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің студенттері Қарулы күштердің ардагері отставкадағы генерал-майор Геннадий Носоновскийдің шаңырағына барып, тағылымды кездесу өткізді.Ташкент жоғары танк командалық училищесінің түлегі Геннадий Носоновский әскерге қырық жылдан астам ғұмырын арнаған. Соның 22 жылын, ардагердің өз сөзімен айтқанда, «сауыт ішінде» өткізген. Әскери қызметін Бас штаб бастығының орынбасары лауазымынан аяқтап, запасқа шыққан. Кейін қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде сауытты техникаларды жөндеу және жаңғырту бағытында еңбек етті.Ардагерді атаулы мерекемен Қазақ технология және бизнес университеті әскери кафедрасы басшылығының атынан полковник Ғани Лесов құттықтады. Оған ел алдындағы мінсіз қызметі, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдірілді.Геннадий Владимирович студенттерге өзінің әскери жолы, Қарулы күштердің қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдері және Отан қорғаушысына тән қасиеттер жайында айтып берді. Жастар да ардагердің айтқан естелік әңгімелерін қызыға тыңдады.Болашақ запастағы офицерлер мен сержанттар үшін бұл кездесу табандылық, тәртіп және әскери борышқа адалдық туралы тағылымды сабақ болды. Студенттер ардагерге сұрақтар қойып, ашық әрі мазмұнды пікір алмасты.Кездесудің ерекше жылы сәті студенттер Аяулым Кеңесова мен Камила Юсупованың көрсеткен өнері болды. Қыздар Геннадий Носоновскийдің өз қаламынан шыққан өлеңдерін оқыды. Поэзия жолдары ұрпақтар сабақтастығын жалғап, жастарға Отанға деген сүйіспеншілікті, әскери қызмет пен оны абыроймен жүріп өткен жолды құрметтеу сезімін жеткізді.Кездесу соңында Геннадий Владимирович студенттерге өмірдегі және кәсіптегі жолдарын абыроймен қалыптастырып, адал әрі жауапты еңбек етіп, Отан қорғаушысы деген жоғары миссияны әрдайым есте сақтаңдар деді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1292310?lang=ru
Цифрлық активтер саласын дамыту мәселесі қаралды 15.09.2026
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, Мемлекет басшысының цифрлық активтер индустриясын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Отырысқа облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режимде қатысты.Одан кейін өткен мәжілісте күн тәртібіндегі және әлеуметтік көмектің атаулылығын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.Аймақта мемлекеттік қызметтер, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, IT, өнеркәсіп және көлік-логистика салаларын цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Мамыр айынан бастап енгізілген цифрлық активтер айналымын реттеу шаралары Ұлттық Банкпен және орталық атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылады.Мемлекет басшысының әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, республикалық бюджеттен көрсетілетін 14 әлеуметтік көмек түрінің құқықтық актілеріне скоринг жүйесі енгізілді. Аталған жүйе цифрлық карта арқылы отбасылардың әлеуметтік жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Цифрлық картада әлеуметтік жағдайы жақсы және қанағаттанарлық деп бағаланатын А және Б санатындағы отбасылар бойынша верификация жүргізу қажет. Бұл жұмысты 20 қыркүйекке дейін аяқтау тапсырылған.Қазіргі таңда облыстың цифрлық картасында 221 341 отбасы немесе 850 747 адам туралы мәлімет қамтылған. Оның ішінде верификациядан өткізілуі тиіс 25 689 отбасы анықталған. Тапсырманы белгіленген мерзімде сапалы орындау үшін аудан және қала әкімдіктеріне күнделікті меже көрсетілген тиісті кесте бекітіліп жолданды. Бүгінде жұмыс осы жоспарға сәйкес жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1292162?lang=ru
Маңғыстаудағы «Оймаша» полигонында теңіз жаяу әскерлері штаттық атыс жүргізді 15.09.2026
«Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскерлері бригадасының танк экипаждары жауынгерлік машиналардың штаттық қаруынан атыс жүргізді.Бақылау атысы барысында танк экипаждары штаттық оқ-дәрілерді қолдана отырып, арнайы жаттығуларды орындады. Әскери қызметшілер 1600 метр қашықтықтан шартты танкілерге, 900 метрге дейінгі қашықтықтан қол гранатаатқыштары мен автокөлікке орнатылған зеңбірекке, сондай-ақ 700 метр қашықтықтан қол гранатаатқышына оқ атты.Танк экипаждары танкке оқ-дәрі жиынтығын орналастыру, бөлімше мен жауынгерлік машинаның қару-жарағын жорықтық жағдайдан ұрыс жағдайына және кері ауыстыру бойынша нормативтерді де орындады. Экипаждардың өзара үйлесімді қимылына, нормативтерді орындау жылдамдығына және қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінді.– Десантшы секірмесе, оны десантшы деп санамайды. Сүңгуір суға түспесе, ол сүңгуір емес. Бізде де, танкистерде, дәл солай. Әскери қызметші атыста штаттық оқ атпаса, өзін нағыз танкистпін деп айта алмайды. Сондықтан бүгінгі штаттық атыс біз үшін танкистер қатарына қабылданудың өзіндік бір рәсімі, – деді танк батальонының командирі капитан Әсет Саламат.Атыс қорытындысы бойынша капитан Сунатулла Раджапов басқаратын 2-танк ротасының нәтижесі ерекше атап өтілді. Рота экипаждары кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін, қимылдарының дәлдігі мен үйлесімділігін көрсетті. Олар белгіленген нормативтерді жедел орындап, барлық нысаналарды дәл жойды. Ерекше көзге түскен мерзімді әскери қызметшілер қол сағаттарымен марапатталды.Танк бөлімшелерінің әскери қызметшілері үшін Танкшілер күні – кәсіби мереке ғана емес, сонымен қатар Отан алдындағы әскери борышына адалдығын, шеберлігі мен жүктелген міндеттерді орындауға әзірлігін тағы бір мәрте дәлелдейтін мүмкіндік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1292120?lang=ru
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді 15.09.2026
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай-ақ мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін еске салады.Еске сала кетейік, жасына байланысты зейнетақыны жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар ала алады: ерлер – 63 жасқа, әйелдер – 2026 жылы 61 жасқа толғанда.БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа толуына байланысты тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Алушы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға өтінішпен бірге қажетті құжаттарды тапсыра алады. Осы мерзімді қатаң сақтауға кеңес береміз, өйткені бұл мемлекеттік зейнетақыны алу үшін аса маңызды. Оны тағайындау кезінде ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру талап етіледі.Зейнетақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш зейнеткерлік жасқа толғанға дейін берілген жағдайда, өтініш берген күн зейнеткерлік жасқа толған күн болып есептеледі. Ал зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін жүгінген жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында өтініштің тіркелген күні өтініш берген күн болып есептеледі. Сонымен қатар, телефон нөмірлері eGov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толуына 2 ай қалғанда SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарламада зейнетақы төлемдерін уақытылы тағайындату үшін жақын жердегі Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінуге болатыны туралы ескертіліп, egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізбесінің сілтемесі көрсетіледі. Яғни зейнетақы төлемдерінің белгіленген мерзімде рәсімделуі үшін мемлекеттік органдар тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды. Сонымен бірге, зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша төлем алу үшін жүгінбеген азаматтарға қатысты Қор «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, осы азаматтарға жыл сайын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалған-тағайындалмағанын тексеру мақсатында салыстырып тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша БЖЗҚ төлемдерді проактивті форматта, яғни өтінішсіз жүзеге асырады. Бұдан бөлек, 2026 жылғы наурыздан бастап дәл осындай өтінішсіз тәртіп ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қатысты да енгізілді. Бұл тәртіп зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға қолданылады.ЕЗЖ есебінен (болған жағдайда) зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі:зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы;ЕЗЖ есебінен төлемдерді проактивті қызмет шеңберінде жүзеге асыру.Мүгедектік белгіленуіне, 50 жасқа толуына байланысты ЕЗЖ есебінен төлем алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе ресми сайтындағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы жүгіну қажет.Мүгедектігі бар адамдар үшін БЖЗҚ-да көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес беріліп, қызметтерді қашықтан алу мүмкіндігі тексеріледі.enpf.kz сайтында зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттар тізбесі, құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған. «Электрондық сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1291903?lang=ru
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты 15.09.2026
Батыс Қазақстан облысында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, әскери қызметке және елдің тарихи мұрасына деген құрметті арттыруға бағытталған тақырыптық кездесулер өткізіп жатыр.Орал қаласында Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар, Әскери білім және ғылым департаменттерінің өкілдері облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына, сондай-ақ №47 және №19 білім беру мектептеріне барып, оқушыларға Ерлік сабақтарын өткізді.«Сити центр» сауда-ойын-сауық орталығында Қарулы күштердің Орталық ансамблі оралдықтарға концерттік бағдарлама көрсетті. Сауда орталығына келушілер әскери қызмет туралы және Отан қорғаушыларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер жөнінде де ақпарат алды.«Біртұтас ел – біртұтас жер» атты ауқымды акция «Атамекен» мәдениет сарайында өтіп, оған жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, колледж білім алушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері қатысты.Облыс орталығының тұрғындарына заманауи қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Келушілер еліміздің әскери тарихы мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігіне арналған Әскери-тарихи музей экспозициясымен де танысты.Кездесу барысында Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысушыларға әскерге шақыру тәртібі, мерзімді әскери қызметті өткеру, еліміздің әскери оқу орындарына түсу шарттары және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып берді. Мектеп оқушылары іс-шараға белсенді қатысып, әскери қызметшілерге сұрақтар қойып, әскери мамандықтардың ерекшеліктеріне қызығушылық танытты.Акция аясында Сырым ауданы Аралтөбе ауылының жас тұрғыны марапатталды. Ол биыл қыста өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, өртеніп жатқан үйден кішкентай екі бауырын алып шыққан. Бейбіт күннің батырына Қорғаныс министрлігінің өкілі алғыс хат пен бағалы сыйлықтар, велосипед табыс етті.Іс-шара соңы Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.Алдағы күндері Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Ақсай және Теректі қалаларында кездесулер өткізетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1291833?lang=ru
Ұлттық экономика вице-министрінің Түркістан облысының халқымен кездесуі 15.09.2026
Құрметті, Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғындары!2026 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев халықпен және бизнес өкілдерімен кездеседі.Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Түркістан облысы, Төле би ауданы, Леңгір қаласы, Әйтеке би көшесі, 28 үй.Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 15:00-де басталады.Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: WhatsApp +7 776 662 6575 (ҰЭМ)Азаматтарды белсенді қатысуға және Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевқа сұрақтар қоюға шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1291611?lang=ru
Ұлттық экономика вице-министрінің Жамбыл облысының халқымен кездесуі 15.09.2026
Құрметті, Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындары!2026 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді.Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 10 үй.Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 11:00-де басталады.Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: WhatsApp +7 776 662 6575 (ҰЭМ)Азаматтарды белсенді қатысуға және Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевқа сұрақтар қоюға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1291607?lang=ru
Әскери қызметшілер арасында күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар 12 медаль жеңіп алды 14.09.2026
Ташкентте Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен әскери қызметшілер арасында ұлттық күрес – құраштан тұңғыш әлем чемпионаты өтті.Жарысқа 15 мемлекеттің командалары қатысты. Қазақстанның құрама командасы Қарулы күштер, Мемлекеттік күзет қызметі және Ішкі істер министрлігінің спортшыларынан жасақталды.Жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орынды Өзбекстан балуандары иеленді. Екінші орын Қазақстан құрамасына бұйырса, үшінші орын Иран спортшыларына тиесілі болды.Қазақстандық спортшылардың қоржынында барлығы 12 медаль бар. Әйелдер арасында +70 келі салмақта Толқын Тұрсынақынова әлем чемпионы атанды.Ерлер арасында Сұңғат Нұрланұлы (60 кг), Мәди Амангелді (81 кг), Ақылжан Тұрсынбек (100 кг) және Айдар Бескемпір (120 кг) күміс медаль иеленді. Әйелдер арасында Сағат Байғараева (57 кг) мен Бақыт Құсақбаева (63 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді.Ерлер арасында Ернұр Сүлеймен (66 кг), Нұрсаят Абдуқас (73 кг), Ерасыл Тұрсынбеков (90 кг) және Көркем Орымбек (70 кг) қола медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Айжан Жылқыбаева (52 кг) қола жүлдеге ие болды.Қазақстандық әскери қызметшілердің бұл нәтижесі әскери спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі болып, отандық спортшылардың халықаралық аренадағы жоғары дайындық деңгейін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1291290?lang=ru
Төрт жүзден астам секіру: Алматы облысында елдің үздік парашютшілері анықталды 14.09.2026
Алматы облысында классикалық парашют спортынан Қазақстан мен Қарулы күштердің 32-ші чемпионаты мәресіне жетті.Елдің үздік әскери қызметшілері мен парашютшілерін біріктірген жарыс «Байсерке» оқу-жаттығу аэродромында өтті. Оған 15 ерлер командасы мен 45 спортшы қатысты. Олардың қатарында 39 ер адам, 6 әйел және 2 жасөспірім бар.Жарыс бағдарламасына 900–1200 метр биіктіктен дәл қонуға секіру, сондай-ақ 2200–2500 метр және 2500–3000 метр биіктіктен жеке және топтық акробатикалық секірулер енгізілді.Чемпионат барысында барлығы 400-ден астам парашютпен секіру орындалды. Нәтижелерді бағалаудың объективтілігі мен дәлдігіне ерекше мән берілді. Секіру нәтижелерін тіркеу үшін электронды жүйе қолданылды. Ал жеке акробатика жаттығуларын орындау кезінде арнайы оптикалық құралдар пайдаланылды.– Жарыс бағдарламасы толық орындалды. Авиациялық және басқа да қамтамасыз ету түрлеріне байланысты секірулердің тоқтатылуына жол берілген жоқ. Чемпионаттың барлық кезеңі штаттық режимде өтті, – деді жарыс жетекшісі подполковник Азамат Әбдірайымов.Чемпионат қорытындысы бойынша жекелеген жаттығуларда ҚР Қарулы күштерінің Парашюттік даярлық орталығының әскери қызметшілері Денис Исламов, Мирас Сейітжапаров және Жақсылық Ерназар жеңімпаз атанды.Жарысқа қатысушылар спорттық разрядтарға – үшінші разрядтан бірінші разрядқа дейін, сондай-ақ жеке дәлдікпен қону жаттығуы бойынша спорт шеберлігіне кандидат нормативтерін орындады.Жарыс нәтижелері бойынша парашют спортынан Қазақстан Республикасының және Қарулы күштердің құрама командалары жасақталады. Олар еліміздің намысын халықаралық жарыстарда қорғайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1291062?lang=ru
Нұрлан Кұлбатыров «QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның бас директоры болып тағайындалды 14.09.2026
Еңбек қызметін 2009 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да бастады. Әр жылдары аға сарапшы, инвестициялық процестерді талдау басқармасының бастығы, Стратегиялық әзірлемелер және экономикалық зерттеулер орталығы директорының орынбасары, Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры лауазымдарын атқарды.2016 жылдың мамыр айынан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. Сауда талдамасы, ДСҰ және ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл, интеграциялық процестер және санкциялық комплаенс мәселелері бағыттарына жетекшілік етті.Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастықтың Елдік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жобалық топты басқарды, сондай-ақ Халықаралық сауда орталығының Ready for Trade Central Asia өңірлік жобасын үйлестірді.Назарбаев Университеті базасындағы Global Entrepreneurship Monitor халықаралық зерттеу жобасының ұлттық командасының мүшесі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1291014?lang=ru
1,5 трлн теңге: Алматы облысы биыл салық түсімін рекордтық деңгейге жеткізбек 14.09.2026
Алматы облысы биыл мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден 1,5 трлн теңге түсіруді жоспарлап отыр. Бұл – өңір тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Былтыр облыс алғаш рет 1,1 трлн теңгеден астам түсім қамтамасыз еткен. Оның ішінде республикалық бюджетке – 490,5 млрд, жергілікті бюджетке 628,6 млрд теңге түсті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салық түсімдерінің тұрақты өсуі өңір экономикасының да алға жылжып келе жатқанын көрсетеді. Соның бір мысалы – облыстық бюджетке қаржы аударатын донор аудандар санының көбеюі. Алматы облысы қайта құрылғанға дейін Іле және Қарасай аудандары ғана донор болса, қазір олардың қатарына Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалалары қосылды. Осылайша донор аумақтар саны 2-ден 7-ге жетті.Донор аумақтардың көбеюіне жаңа өндірістердің іске қосылуы, инвестицияның артуы және кәсіпкерліктің дамуы әсер етті. Соңғы жылдары облыста KT&G, PepsiCo, ТехноНИКОЛЬ және «Жетісу Вольфрамдары» сияқты ірі компаниялардың жаңа өндірістік жобалары іске қосылды. Сондай-ақ, Іле ауданында ФМК мен JTI кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын кеңейтуі де салық түсімдерінің өсуіне ықпал етті.«Донор аудандардың саны ғана емес, облыстық бюджетке аударатын қаржы көлемі де артып келеді. 2024 жылы донор аудандардан облыстық бюджетке 276,5 млрд теңге түсті. 2025 жылы бұл көрсеткіш 292,5 млрд теңгеге жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында 241,9 млрд теңге түсті. Биылғы жылдық жоспар – 542,6 млрд теңге. Ең көп түсім түсіретін аудан – Іле ауданы. Былтыр аудан облыстық бюджетке 249,3 млрд теңге аударса, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында – 165,2 млрд теңге түсті. Бұл облыстық бюджет кірістерінің 42,4 пайызын құрайды», – деді Алматы облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз.Салық түсімдерінің қазіргі өсім қарқыны сақталса, Алматы облысы 2029 жылға қарай республикалық бюджетке қаржы аударатын донор өңір мәртебесін алуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1290991?lang=ru
Қазақстанда ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуының белсенді кезеңі басталды 14.09.2026
Жетісу облысындағы «Көктал» оқу-жаттығу полигонында Орталық Азия өңірінің Ұжымдық жедел өрістету күштерімен бірлескен «Шеп-2026» оқу-жаттығуы басталды.Оқу-жаттығу барысында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери қызметшілері бірлескен даярлық, басқару органдары мен ұлттық контингенттердің өзара іс-қимылы мәселелерін пысықтауда.Оқу-жаттығу жыл сайын өткізіледі және Ұжымдық жедел өрістету күштерінің өзара іс-қимыл деңгейі мен бірлескен міндеттерді орындауға әзірлігін арттыруға бағытталған.Салтанатты ашылу рәсіміне Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мирлан Тұрғынбеков, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Асқар Жоламанов, ҰҚШҰ Біріккен штабы бастығының орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев және шақырылған лауазымды тұлғалар қатысты.Оқу-жаттығу 13-18 қыркүйек аралығында ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы полковник Мақсұт Гусейновтің басшылығымен өтуде. Оған 1500-ге жуық әскери қызметші және 300-ден астам қару-жарақ, әскери және арнайы техника, оның ішінде 115 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған.Практикалық іс-қимылдар таулы-шөлейт жерлердің ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақстанның Шекара қызметі мен Ұлттық ұланы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауға баса назар аударылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1290935?lang=ru
Батыс Қазақстан облысы «Сарбаз жолы» эстафетасын қолдады: әскерге шақырылушылар Алматыға қызмет өткеруге аттанды 14.09.2026
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара Қорғаныс министрлігі бастамашылық еткен жаңа армиялық дәстүр – «Сарбаз жолы» аясында Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алау стеласының жанында ұйымдастырылды.Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, әскери қызметшілер, ардагерлер, қоғам өкілдері, әскерге шақырылушылардың ата-аналары мен жақындары қатысты.Батыс Қазақстан облысынан шақырылған азаматтар Алматыда орналасқан Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 5571 әскери бөліміне мерзімді әскери қызмет өткеруге аттанды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев әскерге шақырылушыларға әскери жолды абыроймен өтіп, Отан алдындағы борышын адал атқаруды және елге аман-есен, шыңдалып оралуды тіледі.«Әскери қызмет – жауапкершілікке, тәртіпке және батылдыққа тәрбиелейтін мектеп. Мұнда сіздер жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, топпен жұмыс істеуге және шешім қабылдауға үйренесіздер. Бір-біріңізге қамқор болып, Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқарыңыздар», – деді өңір басшысы.Ата-аналар мен жақындары үшін бұл күн толғаныс пен қуаныш қатар өрбіген маңызды сәт болды. Жас сарбаздарды алда әскери даярлықтан өту, Әскери ант қабылдау, әскери-есептік мамандықты меңгеру және туған жерден жырақта қызмет етудің алғашқы айлары күтіп тұр.Қорғаныс министрлігінің өкілдері әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар әскери қызмет өткеру тәртібі, әлеуметтік кепілдіктер және әскери қызметшілерге берілетін мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынды.Қызмет барысында әскери қызметшілер дене даярлығын жетілдіріп, қару-жарақ пен әскери техниканы меңгереді, практикалық дағдыларын шыңдайды және қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілік алуға үйренеді.Мерзімді әскери қызметті лайықты өткерген және белгіленген талаптарға сәйкес келетін әскери қызметшілер үшін заңнамада көзделген жеңілдіктер мен білім беру гранттарын пайдалана отырып, оқуын жалғастыру мүмкіндіктері қарастырылған.Салтанатты шараның көркін Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрі мен шығармашылық ұжымдары айшықтай түсті.Оралдағы әскерге шығарып салу рәсімі Абай облысында бастау алған «Сарбаз жолы» жаңа армиялық дәстүрінің жалғасы болды. Оның негізгі мақсаты – армияны, отбасын және қоғамды ел қорғауға дайын, жауапты, тәртіпті әрі отансүйгіш азамат тәрбиелеу жолында біріктіру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1290849?lang=ru
Қарулы күштер әскери қызметшілері Отбасы күнін атап өтті 13.09.2026
Қазақстанда әр жылдың қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Әскери қызметші үшін отбасы – оның басты тірегі әрі күш-қуат беретін сенімді ортасы. Осыған байланысты Қарулы күштерде әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл бағыттағы міндеттер тәрбие құрылымдарының офицерлері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі мамандарға жүктелген. Әскери қызметтің ерекшелігі мен жағдайларын ескере отырып, отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге, балалардың білім алуына, тәрбиесі мен денсаулығын нығайтуына қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.Биыл республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығының филиалдарында әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың 800-ден астам баласы демалды. Ал «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы және қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларынан 4 мыңнан астам бала қамтылды. Қазіргі таңда еліміздің Қарулы Күштерінде 33 мыңнан астам әскери қызметшілер отбасы бар. Оның ішінде шамамен 9 мыңы – жас отбасылар, 7 мыңнан астамы – көпбалалы отбасылар.– Әскери қызмет жиі қоныс аударуды, ерлі-зайыптылардың ұзақ мерзімді іссапарларға жіберілуін талап етеді. Мұндай жағдайда біз отбасылардың жаңа ортаға бейімделуіне көмектесіп, әйелдерін жұмысқа орналастыруға және балаларын білім беру ұйымдарына орналастыруға қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар бітімгерлердің, жас отбасылардың шаңырақтарына барып, отбасылық құндылықтарға арналған психологиялық тренингтер ұйымдастырамыз, – деді Қарулы күштердің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Тәтігүл Смағұлова.Мерекеге орай гарнизондарда ашық есік күндері, экскурсиялар, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылды. Олардың барлығы әскери қызметшілер отбасыларының дәстүрлерін сақтап, өзара бірлігін нығайтуға бағытталды. Мәселен, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде жеті команда қатысқан «Әке, ана, мен – спорттық отбасымыз» атты спорттық жарыс өтті.– Отанға деген сүйіспеншілік отбасына деген махаббаттан, жақындарыңа қамқорлық жасаудан және отбасылық құндылықтарды құрметтеуден басталады. Жауапкершілік, өзара көмек пен адалдық сияқты маңызды қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасады. Барлық жарыс қатысушыларына зор денсаулық, спорттық жігер және жеңіс тілеймін. Әр шаңырақта махаббат, өзара түсіністік, келісім мен жылулық орнасын, – деді жарысқа қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов.Отбасын қолдау Қарулы күштер қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Өйткені әр әскери қызметшінің артында оның қызметтегі қиындықтарын бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өзіне деген сенімін нығайтатын отбасы тұр. Сондықтан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл бөлу – тек қамқорлықтың көрінісі ғана емес, әскери ұжымдардың бірлігін нығайтып, ұйымшылдығын сақтаудың маңызды тетігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1290679?lang=ru