Қуқық
Алматыда журналистерді Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарындағы дайындық ерекшеліктерімен таныстырды 17.12.2025
Алматыда Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өздерінің білім беру және ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін таныстырды.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында журналистерге заманауи әскери технологиялардың оқу үдерісіне қалай енгізілгені, сондай-ақ оқу орны қабырғасында жасалып жатқан әзірлемелер көрсетілді. Институттың оқу-материалдық базасы мен профессор-оқытушылар құрамының инженерлік және ғылыми шешімдері таныстырылды.Олардың қатарында ел Қарулы Күштерінің қарулануына қабылданған және тәжірибелік қолдану барысында жоғары тиімділігін дәлелдеген «Меруерт» антидрондық мылтығы бар. Сонымен бірге тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен сынақ кезеңіндегі үлгілер, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын радиоэлектрондық басу бойынша стационарлық кешен көрсетілді. Аталған жүйе дрондарды анықтап, сәйкестендіріп, басқару және навигация арналары арқылы залалсыздандыруға арналған. Қазіргі уақытта кешен жетілдіру сатысында.Мемлекеттік қаржыландыру аясында институтта технопарк құрылған. Мұнда профессор-оқытушылар құрамы өздерінің ғылыми жобаларын іске асыруда. Перспективалы жобалардың бірі — тік ұшып-қонуға арналған көпмақсатты гибридті «Дегелек» ұшқышсыз ұшу аппараты. Ол барлау жүргізу, жүк жеткізу, оқу-жаттығу мақсатында пайдалану мүмкіндіктеріне ие. Жоба әрі қарай дамытылу кезеңінде.Сондай-ақ журналистерге 2025 жылдың Қазақстандағы үздік инженері, радиотехника және электроника саласындағы жетекші инженер-конструктор, институт оқытушысы подполковник Нұржан Зікіряевтің әзірлемелері таныстырылды. Оның ғылыми еңбектері оптикалық-электрондық кешендерден бастап радиоэлектрондық күрес құралдары мен ұшқышсыз авиацияға дейінгі заманауи әскери техниканың негізгі бағыттарын қамтиды. Ең елеулі жетістіктерінің қатарында әскери техниканың көрінуін арттыратын оптикалық-электрондық модуль, мамандандырылған SDR-кешен, сондай-ақ Wing Loong-1 ҰҰА аспа тораптарын жаңғырту жұмыстары бар.Институттың оқу үдерісіне радиотехникалық және зениттік-зымыран әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасының виртуалды үлгілерінде тәжірибе жасауға мүмкіндік беретін инновациялық көпсалалы жаттықтыру кешені енгізілген. Сонымен қатар электронды тир мен ҰҰА операторларын даярлау алаңы жұмыс істейді.Курсанттардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған ғылыми әзірлемелері де ерекше қызығушылық тудырды.Бағдарлама аясындағы екінші нысан — Бауыржан Момышұлы атындағы Әскери-спорт колледжі. Мұнда дене шынықтыру және спорт нұсқаушылары, сондай-ақ барлау және десанттық-шабуылдау бөлімшелерін басқару бойынша мамандар даярланады.Ағымдағы жылы колледжде сержанттық құрамды даярлау бойынша алғашқы кадеттер қабылданды. Оқу орнына 9-сынып түлектері қабылданады. Оқу кезеңінде олар толық мемлекеттік қамтамасыз етіліп, шәкіртақы алады. Түлектерге Қарулы Күштерде және басқа да күштік құрылымдарда жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар олар әскери институттарда ҰБТ тапсырмай, қысқартылған бағдарлама бойынша білімін жалғастыра алады.Колледжде оқу кабинеттері, спорт және жаттығу залдары, күштік даярлық аймағы, жүзу бассейні және казарма қоры көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1126935?lang=kk
Құрметті Батыс Қазақстан облысының бизнес өкілдері! 17.12.2025
2025 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді.Өтетін орны: Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 179, “Ықсанов” залыХалықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 10:00 - 11:00;Азаматтарды қабылдау – сағат 11:00 - 11:20;Сіз Сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 3919 (СИМ).Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 3919 (Азиза Нұрпейісова).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1126876?lang=kk
Развитие дорожной инфраструктуры: в Алматинской области за 9 месяцев отремонтировано 154 км дорог 17.12.2025
В Алматинской области планомерно и системно продолжается работа по развитию дорожно-транспортной инфраструктуры. По итогам девяти месяцев 2025 года в регионе реализован ряд масштабных проектов, направленных на ремонт автомобильных дорог областного значения, повышение безопасности дорожного движения и улучшение транспортной доступности для населения.В текущем году было запланировано проведение дорожных работ общей протяжённостью 185,3 километра, из которых на сегодняшний день завершено 154 километра, что составляет 83 процента от запланированного объёма. В частности, в рамках 9 проектов на 154 километрах дорог выполнен средний ремонт, из них 130,4 километра, или 85 процентов, уже завершены. Кроме того, в рамках 3 проектов был предусмотрен капитальный ремонт 31,3 километра дорог, из которых полностью завершены работы на 23,6 километра.В целях комплексного развития инфраструктуры в области запланировано проведение капитального ремонта двух мостов, а также установка трёх автоматизированных станций весового контроля для мониторинга движения тяжёлых грузовых автомобилей. В Уйгурском районе на автомобильной дороге «Кокпек–Калжат–Кіші Дехан» завершены работы по капитальному ремонту водопропускных труб, объект введён в эксплуатацию. В Карасайском районе продолжается капитальный ремонт моста через реку Каскелен, завершение проекта запланировано на июль 2026 года.Для предотвращения преждевременного износа дорожного покрытия особое внимание уделяется усилению системы весового контроля. В 2025 году в Талгарском районе предусмотрена установка трёх автоматизированных станций, завершение работ планируется до конца ноября. Следует отметить, что в 2024 году на территории области уже были введены в эксплуатацию две аналогичные станции.В целях обеспечения безопасности дорожного движения на автомобильных дорогах областного значения установлено 980 дорожных знаков, размещено 20 информационных панно и 15 различных макетов. Кроме того, выполнен ямочный ремонт на площади 54 тысячи квадратных метров, нанесена дорожная разметка на 800 километрах дорог. Обновлены пешеходные переходы, установлены барьерные ограждения и искусственные неровности. Для обеспечения бесперебойной работы водоотводных систем очищено 720 водопропускных труб и 56 мостовых переходов.В настоящее время работы по ремонту улично-дорожной сети ведутся в 9 районах и 2 городах области. Всего запланировано 163 объекта общей протяжённостью 638,7 километра, из которых 377,4 километра, или 84 процента, выполнены в текущем году.Положительные изменения наблюдаются и в сфере пассажирских перевозок. На территории области функционируют 7 автостанций, а перевозку пассажиров и багажа осуществляют 24 автотранспортных предприятия. В настоящее время 526 автобусов обслуживают 141 маршрут. В результате общественным транспортом охвачены 223 из 266 населённых пунктов области, что составляет 83,8 процента.Обновление автобусного парка осуществляется поэтапно. В 2025 году в эксплуатацию введены 33 новых автобуса, большинство из которых произведены отечественными предприятиями. В целях поддержки 49 социально значимых маршрутов из государственного бюджета выделены соответствующие средства, что позволяет обеспечить населению доступное и стабильное транспортное сообщение.Кроме того, в целях контроля за соблюдением законодательства в сфере пассажирских и грузовых перевозок на постоянной основе проводятся рейдовые мероприятия. По итогам совместных проверок, проведённых в 2025 году, были выявлены ряд правонарушений, по которым приняты соответствующие административные меры.В целом реализуемые мероприятия направлены не только на модернизацию транспортной инфраструктуры Алматинской области, но и на стимулирование социально-экономического развития региона, а также на повышение качества жизни населения.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1126627?lang=kk
Шымкентте әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының жас жауынгерлері әскери ант берді 17.12.2025
Шымкент гарнизонының 10216 әскери бөлімінде 40-қа жуық жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Әскери ант беру рәсімі қатаң әскери дәстүрлерге сай, салтанатты жағдайда өтті. Іс-шараға бөлім командирлері, қызметтестері, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.Жас сарбаздар Отанға адал қызмет етуге және әскери борыштарын абыроймен атқаруға серт берді. Әскери анттың маңыздылығын өзінің құттықтау сөзінде 10216 әскери бөлімінің командирі подполковник Дәулетбек Қоғабаев та атап өтті.– Әскери ант беру – әрбір әскеридің өміріндегі маңызды рәсім. Отан сіздерге елдің оңтүстігіндегі әуе шебін қорғауды сеніп тапсырды. Осы антқа адал болып, өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, Отан қорғаушы атағына лайық болуларыңызды тілеймін, – деді ол.Айта кетерлік жайт, жас сарбаздар бір ай ішінде жас жауынгер курсын меңгеріп, жалпыәскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын үйреніп, саптық, атыс және күш-қуат дайындығынан өтті.– Бүгін ұлым әскери ант берді. Мен оған өте қуаныштымын. Бізге казарма, асхана және оқу сыныптарын көрсетті. Балаларымызға жасалған жағдай жақсы әсер қалдырды. Ұлым қызметін лайықты атқарып, аман-есен ораларына сенемін, – деді әскери ант берген сарбаздың анасы Ұлбике Жанарова.Ал жас сарбаз Иманғали Нұрғалиұлы әскери антқа дайындық барысында қатарластарымен және достарымен жақсы қарым-қатынас орнатқанын, негізгі әскери дағдыларды меңгергенін және оқ атуды үйренгенін айтты.– Әскери антқа дайындық бір айға созылды. Командирлер бізбен көп жұмыс істеді. Көңілде аздап қобалжу болды. Бұл тек бастамасы ғана, алда әскери мамандықты меңгеру мен жауапты қызмет күтіп тұр, – деп атап өтті жас сарбаз.Салтанатты шара бөлім плацында жеке құрамның сап түзеп жүріп өтуімен аяқталды. Отан қорғаушылар қатарына қосылған жас сарбаздар еліміздің әуе шебін қорғауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1126592?lang=kk
Қарағандыда әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Андреевич Шелудяковты 100 жылдық мерейтойымен құттықтады 16.12.2025
"Астана" өңірлік қолбасшылығы мен Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері және Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледждің тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Андреевич Шелудяковты 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.Ардагерге қорғаныс министрінің атынан құттықтау хаты табысталды. Әскери қызметшілер соғыс жылдарындағы әндерді орындап, ардагер оларға қосылып бірге шырқады.Қарт майдангер жас кезіндегі майдан естеліктерін еске алды.— Мұндай тосынсый үшін рахмет. Мен осы әндерді әлі күнге ұмытқан емеспін. Сіздерге жақсы қызмет, әрине, ашық аспан тілеймін, — деп алғысын білдірді Виктор Андреевич қонақтарға.Бұл кездесуге әскери колледждің тәрбиеленушілері ерекше қызығушылық танытты. Олар ардагердің майдандық фотосуреттерін мұқият қарап, оның ұлы Сергей Викторовичтің әкесінің соғыс жылдарындағы және кейінгі өмірі туралы әңгімелерін тыңдады. Сол қиын кезеңдегі әскери қызметі туралы сұрақтар қойды.Қазіргі таңда Виктор Андреевичтің үлкен және тату отбасасы бар. Ұлы мен қызы, төрт немересі, тоғыз шөбересі және бір шөпшегі — өмірінің жарқын жалғасы.Виктор Андреевич Шелудяков 1925 жылы 16 желтоқсанда Саратов облысының Ершов ауданындағы Перекопное ауылында дүниеге келген. 1931 жылдан бері Қарағанды қаласында тұрады. 1943 жылы майданға шақырылды. 1944 жылдың мамырынан 1945 жылдың наурызына дейін ұрыс қимылдарына қатысып, 4-ші Украина, 1-ші Балтық және 2-ші Белоруссия майдандарында радиобайланыс бөлімшесінің командирі болды. 1945 жылы Кенигсберг қаласы маңындағы ұрыстарда ауыр жарақат алып, қыркүйек айына дейін емделді.Ерлігі үшін I дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Кенигсбергты алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Беларусьті азат еткені үшін», «Украинаны азат еткені үшін» медальдарымен және мерейтойлық наградалармен марапатталған. 1945 жылы жарақат алып, әскерден босатылды.Виктор Андреевичтің бейбіт еңбек қызметі 1949 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың желтоқсан айына дейін Қарағандыдағы кәсіпорнында әр түрлі лауазымдарда өтті. Адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.Осындай кездесулер — бұл жеңіс ұрпағына деген терең құрметтің белгісі ғана емес, жастар үшін патриотизмнің маңызды сабағы, бейбіт өмірдің құнын және Отанға қызмет етудің мәнін еске салатын маңызды оқиға.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1126523?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады 16.12.2025
Алматы қаласында қазақтың әйгілі опера әншісі, ұстаз, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың үйінің ауласында әскери оркестр әуен төкті.Алматы қаласы Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының және армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшілері әйгілі әншіні Тәуелсіздік күнімен және 96 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Олар өнер иесіне гүл шоқтары мен құттықтау хатын табыстап, көпжылдық шығармашылық еңбегі үшін алғыстарын білдірді.Туған күні еліміздің Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген Бибігүл Ахметқызы үйінің терезесінен концертті жылы жүзбен тамашалады. Әскери оркестрдің әуенін тек әншінің өзі мен жақындары ғана емес, көпқабатты үйдің тұрғындары да ерекше ықыласпен қабылдады. Танымал өнер иесі әскери қызметшілерді әрдайым ерекше қуанышпен, ыстық ықыласпен қарсы алады.Көңіл-күйі көтеріңкі болған Бибігүл Ахметқызы әскери қызметшілер мен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап.— Әскери киімдегі жандарға деген құрметім ерекше. Қызметтеріңіз үшін және осындай әсерлі сыйлық үшін алғыс айтамын. Елімізге бейбітшілік, әрбір қазақстандыққа денсаулық, тыныштық пен ертеңгі күнге деген сенім тілеймін, — деді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1126524?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ 16.12.2025
Құрметті отандастар!Тәуелсіздік күні құтты болсын!Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады.Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз.Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды.Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз.Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Тәуелсіздік күнін атап өтті 16.12.2025
Қарулы күштердің түрлерінде, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтарда, әскери бөлімдерде, мекемелер мен әскери оқу орындарында салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.Бітімгерлік операциялар орталығында мемлекеттік мерекеге орай полковник Уәлихан Бәйкеновтің басшылығымен салтанатты митинг өтті. Онда Қорғаныс министрінің жеке құрамға арналған құттықтау хаты оқылып, қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, жоғары кәсібилігімен және адал қызметімен көзге түскен әскери қызметшілер мен қызметкерлер марапатталды.Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы мен Жауынгерлік даңқ мұражайы «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты көшпелі іс-шара ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде әскери қызметшілер тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, жауынгерлік даңқы мен Отан қорғаушылардың ерлігіне арналған экспозиция ұсынды.Генерал-майор Иван Панфиловтың немересі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алуа Байқадамова іс-шараның құрметті қонағы болды. Бұл ұрпақтар сабақтастығын және ел тәуелсіздігі мен бостандығын қорғаған батырлар туралы тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын айқындады.Мерекелік бағдарламаны Құрлық әскерлері әскери институтының оркестрі мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлері қарумен орындаған дефиле толықтырды.Ақтау қаласында 29011 әскери бөлімінің оркестрі теңіз базасының әскери қызметшілері үшін концерт ұйымдастырды. Концерттік бағдарламада «Қазақтай ел қайда?», «Атамекен» және басқа да патриоттық әндер орындалды. Көрермендер таныс әуендерді бірге шырқап, әртістерге қолдау көрсетті. Бұл халық пен армияның бірлігін, елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғаудағы бірлескен күш-жігерін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1126481?lang=kk
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Түркістан облысындағы кәсіпорындарды аралап, халық және бизнес өкілдерімен кездесті 16.12.2025
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, «Turan» АЭА аумағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындардың, өңірдің индустриалды аймақтарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ бизнес өкілдері мен экспорттаушылармен кездесу өткізді.Сапар барысында вице-министр ірі өндірістік жобаларды іске асырып жатқан бірқатар кәсіпорындарға барды. «Turan» АЭА аумағында Айдар Әбілдабеков толық циклді тоқыма кластерін, яғни мақта өсіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі процесті дамытып отырған «Kazakhstan Lihua» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Жоба мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту және озық агротехнологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған. Жоба аясында Отырар және Арыс аудандарында 60 мың гектар суармалы алқапта Орталық Азиядағы ең ірі мақта кешенін құру, 1,4 мыңнан астам тұрақты және 300-ден астам уақытша жұмыс орнын ашу жоспарланған. Сонымен қатар экспортқа бағытталған өнім өндіру де көзделіп отыр.Бұдан бөлек, вице-министр полиэтилен қаптары және бір реттік пластик ыдыстарды шығаратын «ER-QAN GROUP» ЖШС-не барды. Сауран ауданының өндіріс алаңында Әбілдабеков «UBC Group» ЖШС-нің өнеркәсіптік тоңазытқыштар өндірісімен және пластмасса өнімдерін шығаратын «Сауран Пласт» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорындар өз өнімдерін экспорттап үлгерген. Сонымен қатар вице-министр жаңа көпфункционалды «Turan mall» кешенін аралап, оның жұмысымен танысты.Ордабасы ауданының индустриалды аймағында вице-министр құрылыс материалдарын өндіретін «Altyn bricks» ЖШС және алюминий өнімдерін, оның ішінде экспортқа бағытталған тауарларды шығаратын «Central Asia aluminum» ЖШС жобаларымен танысты.Сапар қорытындысы бойынша өңірдің экспорттаушылары және кәсіпкерлерімен кеңейтілген кездесу өтті. «Ұлы дала елі» орталығында өткен кездесуге 100-ден астам кәсіпкер қатысты. Жиында балаларға арналған гигиеналық құралдарды экспортқа шығару үшін CE (Conformite Europeenne) және FDA (Food and Drug Administration) сертификаттарын алу, мемлекеттік сатып алуға қатысу, Өзбекстанға жиһаз экспорттау, Қытаймен шекарада экспорттаушыларға арналған бөлек электронды кезек құру, шот-фактура нөмірлерін дұрыс көрсету, Ресей Федерациясына өнім шығару кезіндегі кедергілер сияқты мәселелер қаралды. Көтерілген мәселелердің бәрі вице-министрдің бақылауына алынды.Жалпы Түркістан облысында кәсіпкерлік белсенділік жоғары, қажетті өндірістерді іске қосу өңір үшін маңызды екені атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1126469?lang=kk
Алматы облысының жаңа бренді: Қазақстандағы ең үлкен мұз айдыны туристерді қабылдайды 16.12.2025
Алматы облысы — табиғат пен заманауи өркениет үндескен, саяхатшыны бірден баурап алатын өлке. Мұнда қысқы туризм жаңа сипат алып, демалушыға өзгеше серпін сыйлары анық.Көркем табиғатымен ғана жанды баурап қоймай, жаңашылдыққа жаны құмар әрбір адамды өзіне тартатын ерекшеліктер бұл өлкеде жетерлік. Ал биыл, аймақтағы қысқы туризм ерекше сипатқа ие болмақ. Өйткені, Алматы облысында - Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны ашылады. Аумағы 22 100 шаршы метр мұз айдыны Қонаев қаласынан орын тепкен. Ашық аспан астындағы мұз айдынында ырғақ пен қозғалыс үйлесім тауып, қысқы маусымды белсенді өткізетіндер үшін таптырмас орынға айналары сөзсіз.Ал, таулы аймақтарды тамашалауды қалайтындарға Oi-Qaragai құшағын ашуға дайын. Теңіз деңгейінен 2140 метр биіктіктегі бұл курорт қар жамылған шыңдарымен, көкжиекке ұласқан аумағы жаныңды баурайды. Бұл да Орталық Азиядағы ең ұзын тау шаңғысы трассасы деп саналады.Алматы облысының туристік бейнесін айшықтайтын бұл мекендер, бірі — энергия мен эмоцияға толы, екіншісі — табиғатпен үндескен тыныштық мекені. Бұл жерлерге келген жан тек демалып қайтпайды, ол жаңа әсер, жаңа тыныс, жаңа шабытпен оралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1126462?lang=kk
Алматы облысының логистика саласы қарқын алуда 15.12.2025
Алматы облысында логистика саласының қарқынды дамуы бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашып, өңірлік инфрақұрылымды нығайтып, заманауи тауар айналымы жүйесін қалыптастыруда. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Іле ауданында А санатты жоғары технологиялық қойма кешенінің бірінші кезегінің іске қосылуы болды.Жоспарланған 36 000 шаршы метрдің ішінде 10 000 шаршы метрі пайдалануға беріліп, толыққанды жұмыс істеп тұр. Алғашқы резиденттер ұсынылған алаңдарды белсенді қолданып, барлық логистикалық процестер тұрақты түрде орындалуда. Жоба осы кезеңнің өзінде айтарлықтай экономикалық нәтиже көрсетіп отыр, ал екінші және үшінші кезектері әлі алда.DSF Trading Co ЖШС-нің бас директоры Нурмат Сөркелов бірінші кезектің іске қосылуы өңірдегі заманауи логистикалық инфрақұрылымға деген жоғары сұранысты дәлелдейтінін атап өтті және өңір басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.«Кешеннің бірінші кезегі толық жүктемемен жұмыс істеп тұр, бұл нарықтың А санатты қоймаларға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін айғақтайды. Клиенттерімізге жүктерді сақтаудың және өңдеудің заманауи талаптарға сай жағдайлары қолжетімді, ал өңір үшін бұл – сауданың және e-commerce бағытының дамуына қосымша серпін. Алматы облысының әкімдігіне жобаны белсенді қолдағаны, соның ішінде инженерлік инфрақұрылымды жеткізу мәселелерін шешуге көрсеткен көмегі үшін ерекше алғыс білдіремін. Мұндай үйлесімді жұмыстар бізге жобаны сенімді түрде жалғастыруға мүмкіндік береді. Біз келесі кезектерді аяқтауға және кешенді жоспарға сәйкес кеңейтуге нық қадаммен жүріп келеміз», – деді Нурмат Сөркелов.Өз кезегінде, Алматы облысының өңірлік дамыту орталығының директоры Ақжол Исақов логистика секторын дамыту облыстың экономикалық саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін, және мұндай жобалар ұзақ мерзімді өсуге негіз қалатынын атап өтті:«Бұл жоба Алматы облысында заманауи логистикалық инфрақұрылымның қаншалықты сұранысқа ие екенін көрсетеді. Бірінші кезектің іске қосылуы – нарыққа берілген маңызды сигнал және өңірдің әлеуетінің айқын дәлелі. Мұндай жобалар сауданың, өндірістің және экспорттық операциялардың дамуына берік негіз қалыптастырып, облыстың басты логистикалық торап ретіндегі рөлін күшейтеді», – деді Ақжол Исақов.Құрылыс жұмыстарын келесі кезеңдерде аяқтау кешеннің қуатын айтарлықтай арттырып, өңірге жаңа резиденттер мен ірі логистикалық операторларды тартуға мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асуы Алматы облысының экономикалық инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып, қосымша жұмыс орындарын ашуға, ішкі және сыртқы сауданың өсуін ынталандыруға және өңірдің елдегі жетекші логистикалық орталық ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1126115?lang=kk
Инвестициялық жобаларды іске асыру: заманауи машина жасау кластерін қалыптастыру 15.12.2025
Өңірде индустриялық әлеуетті дамыту және толық циклді заманауи машина жасау кластерін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте инвестиция тарту, жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу және жаңа жұмыс орындарын ашу негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.2024 жылы облыста машина жасау саласындағы маңызды жобалардың бірі – «KamLitKZ» ЖШС-нің шойын құю зауыты іске қосылды. Жобаның инвестиция көлемі 78,2 млрд теңгені құрайды. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 45 мың тоннаға дейін шойын құю өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында 500 тұрақты жұмыс орны құрылды. Аталған жоба жергілікті компоненттік базаны дамытуға және өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға елеулі үлес қосты.2025 жылғы ірі инвестициялық жобаларАғымдағы жылы облыста жалпы құны 312,1 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Солардың ішіндегі ең ауқымды жобалардың бірі – KIA автокөлік зауыты. Жобаның инвестиция көлемі 131,5 млрд теңге, жобалық қуаты – жылына 70 мың автокөлік.21 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Телемост барысында автокөлік өндірісіне ресми түрде старт берілді. Зауыттың өндірістік қуаттары KIA брендімен 13 модельге дейін автокөлік шығаруға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде Sorento (MQ4), Sportage (NQ5) және Cerato модельдерін шығару жоспарлануда. Жоба аясында 1 500 жаңа жұмыс орны ашылды.Аталған зауыттың іске қосылуы өңірдегі өңдеу өнеркәсібі көлемін 46,5%-ға арттыруға мүмкіндік береді.Компоненттік өндірісті дамытуАғымдағы жылы «KamLitKZ» ЖШС тағы екі ірі жобаны іске асыруда. Жүк автомобильдерінің жетекші көпірлерін өндіру зауыты, сондай-ақ балкалар өндірісін жергіліктендіру жобалары іске қосуға дайын. Бұл жобаларға салынған инвестиция көлемі 160,5 млрд теңгені құрайды, нәтижесінде 650 жұмыс орны ашылады.Сонымен қатар, жыл соңына дейін жеңіл автокөліктерге арналған автокомпоненттер зауытын пайдалануға беру жоспарлануда. Жобаның инвестиция көлемі 17,8 млрд теңге, өндірістік қуаты – жылына 60 мың комплект, құрылатын жұмыс орындарының саны – 800.Көлік-логистикалық инфрақұрылымҚазіргі уақытта инвестиция көлемі 63,8 млрд теңгені құрайтын көлік-логистикалық кешеннің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Кешеннің жобалық қуаты жылына 400 мың контейнер немесе 11 млн тоннадан астам жүк өңдеуге мүмкіндік береді.Ірі индустриялық және агроөнеркәсіптік жобаларды іске қосу кезеңінде көлік-логистикалық кешеннің маңызы ерекше. Ол шикізат пен дайын өнімді уақтылы жеткізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, транзиттік жүк тасымалын дамытуға жол ашады. Кешенде жүктерді бір көлік түрінен екіншісіне ауыстырып тиеу, уақытша сақтау және әрі қарай тасымалдауға дайындау жұмыстары жүзеге асырылады. Аталған халықаралық кешен іске қосылғаннан кейін жүк тасымалы көлемі 20%-ға ұлғаяды.Кадрлық әлеуетті дамытуИндустриялық жобалардың табысты іске асуы білікті инженерлік-техникалық мамандарға тікелей байланысты. Осыған орай өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждері оқу бағдарламаларын кеңейтіп, заманауи инженерлік бағыттар бойынша кадрлар даярлауда.Бүгінде жаңа өндірістерде жұмыс істейтін мамандардың 55–70%-ын жастар, яғни жергілікті колледждер мен университеттердің түлектері құрайды. Олар күрделі жоғары технологиялық жабдықтарды басқарып, деректерді талдап, стандарттан тыс өндірістік міндеттерді инженерлер деңгейінде шешуде. Бұл өңірдегі кадр даярлау жүйесінің тиімділігін және тұрақты еңбек әлеуетін айқын көрсетеді.Инвестициялық жобаларды жүйелі іске асыру өңір экономикасын әртараптандыруға, машина жасау саласын дамытуға және облыстың өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1125877?lang=kk
Президент Жолдауын іске асыру: «Өрлеу» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің 1700 жобасына қолдау көрсетілді 15.12.2025
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Үкімет ЕҚДБ-мен бірлесіп компаниялардың терең диагностикасын жүргізуде, олардың инвестициялық әлеуетін бағалай отырып, жеке-жеке өсу жоспарларын әзірлеуде. Қазірдің өзінде 20 кәсіпорынмен жұмыс басталды, ал 2030 жылға дейін бағдарламаға қатысушылардың саны кемінде 70-ке жетпек, бұл – өсуге дайын компаниялардың мықты тобын қалыптастырмақ.Елде бизнесті реттеу қайта іске қосылуда. «Таза парақтан» реттеу қағидаты бойынша талаптар қайта қаралады, ескірген нормалар алынып тасталады және мемлекеттік бақылау жүйесі жаңартылады. Нәтижесінде Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін жағдайлар айтарлықтай жеңілдетіледі.Осы жылы «Өрлеу» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. 482 млрд теңге сомасына 1 700-ден астам жоба қаржыландырылды, бұл осы құралдың жоғары сұранысы мен тиімділігін көрсетеді. «Даму» Қорының базасында кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтетін екі кепілдік қоры құрылды:Кепілдік қоры - 1 кепілдіктерді портфельдік әдіспен береді, несиелеу қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеге дейінгі жобалар бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта Қор 417,7 млрд теңгеге 2 384 жобаны қолдап, 229,9 млрд теңгеге кепілдік берді;Кепілдік қоры - 2 ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған. КҚ-2 бойынша құны 7,1 млрд теңге болатын алғашқы ірі жобаны жүзеге асырып, 2,8 млрд теңгеге кепілдік берді. Тағы бір жоба қол қою кезеңінде дайын тұр.Болашақта салалық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, неғұрлым атаулы және нақты бағытты қолдауға көшу жоспарлануда, бұл бизнестің әртүрлі сегменттерінің әлеуетін тиімді ашуға мүмкіндік береді.Осылайша, кәсіпкерлікті қолдау үздіксіз дамып және идеяның пайда болуынан кеңейтуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. «Өрлеу» бағдарламасы және басқа да шаралар өндіріс көлемінің өсуі үшін берік негіз қалыптастырады. Өз кезегінде бизнестің белсенділігі Қазақстанның кәсіпкерлік ортасы анағұрлым жетілген, тұрақты және серпінді болып келе жатқанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1125468?lang=kk
Президенттің ШОБ-ты қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді 15.12.2025
Президенттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру – Үкіметтің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары елімізде ШОБ субъектілерінің ел экономикасына қосқан үлесі тұрақты түрде артып келеді. Primeminister.kz редакциясы еліміздің 2025 жылғы дамуы туралы жарияланымдар топтамасын жалғастыруда.Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті экономикалық өсудің қозғаушы күші болуы тиіс екенін айқындап берді. Ұлттық статистика бюросының деректері бүгінде әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейтінін, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы жалпы қосылған құнының үлесі қазірдің өзінде 40%-ға (39,8%) жақындағанын растайды. 2025 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі орта бизнестің жалпы қосылған құнының үлесі 7,9%-ды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары. Бұл – орта бизнес секторының нығайып, құндылық құруға қосқан үлесін арттыру деген сөз. 2022-2024 жылдар аралығында бойы орта бизнестің ЖҚҚ 6,7%–6,9% деңгейінде тұрақты болып қалады, ал кәсіпорындар саны 3 мыңнан астам деңгейде сақталады, бұл орта буынның жетілгендігі мен тұрақтылығын көрсетеді.Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектісінің 99,9%-ы – микро және шағын компаниялар. Олар экономиканың «тірі тінін» қалыптастырады және 4,4 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 3,9%-ға артық. Яғни, бір жыл ішінде секторда ондаған мың жаңа жұмыс орны пайда болды деген сөз. ШОБ еліміздегі барлық экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығын құрайды – 45,5%, бұл саланың азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және еңбек нарығының тұрақтылығын сақтаудағы маңыздылығын көрсетеді.Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау шараларын дәйекті түрде кеңейтуде. Кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға, технологияларды жетілдіруге, экспортты кеңейтуге және қаржыландыру көздерін тартуға мүмкіндік беретін 117 құралдан тұратын тізілім құрылды. Вaqylauda.qoldau.kz қызметі қолдау шараларына қол жеткізудің әмбебап нүктесіне айналды, оны қазірдің өзінде 222 мыңға жуық адам пайдаланған, бұл – аталған құралдардың қажеттілігі мен қолжетімділігінің дәлелі.Елімізде 2024 жылдан бері бизнес жасауға тең жағдай туғызу, компанияларды ірілендіруге ынталандыру және орта бизнестің рөлін күшейту бағытында кешенді саясат жүзеге асырылуда. Мақсат – кәсіпкерлер үшін болжамды және әділ орта құру.Бұған қосымша бизнеске қойылатын барлық талаптарды цифрландырып, бір ретке келтірген Міндетті талаптар тізілімі пайда болды. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, кәсіпкерлерге міндетті нормаларды орындауды жеңілдетіп отыр. Нәтижесінде Қазақстанда ШОБ-ты қолдау бизнес-қоғамдастық үшін жүйелі әрі түсінікті бола түсті.Соның ішінде:біліктілік талаптары қайта қаралуда және рұқсат беру процедуралары оңтайландырылуда, бұл бизнесті бастау мен жүргізуге кедергілерді азайтады;ірі кәсіпорындар ШОБ-пен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға міндетелді, бұл шағын және орта бизнес үшін кепілді өткізу нарықтарын ашады және өсуге жаңа мүмкіндіктер туғызады;жаңа Салық кодексінде арнайы салық режимдерінің саны 7-ден 3-ке дейін қысқарды. Бұл тәсіл ұсақталу схемаларын шектейді және компанияларды дамуға және кең ауқымда қанат жая түсуге ынталандырады.Орта бизнесті күшейту және ірілендіру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі ЕҚДБ-мен бірлесіп кәсіпорындарды дамытудың нақты жоспарын әзірлеуде, ол өндіріс көлемін 2-3 есеге арттыруға бағытталған. Бұл кең ауқымда қанат жаю процесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге және экономикадағы жоғары өнім шығаратын компаниялардың үлесін арттыра түсуге батыл қадам жасалып жатқанын білдіреді.Осылайша, орта бизнес біртіндеп өңірлердің ғана емес тұтастай еліміздің де тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің біріне айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1125443?lang=kk
Алматы облысында сотталғандар үшін жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылуда 15.12.2025
«Ендігі мақсат 100% нәтижеге қол жеткізу». 2025 жылдың 12 желтоқсанында Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Болатұлы Есболатов, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті басшысының орынбасары, әділет полковнигі Тоқтамысов Нұржан Жалғасұлы, облыстың прокуратура өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.Жиынның басты мақсаты – түзету мекемелерінде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту деңгейін арттыру, олардың әлеуметтік маңызды қызметке тартылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік беру болды.Сонымен қатар, шара барысында мекемелер аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің өнімдері таныстырылып, жазасын өтеушілерді кәсіби оқыту, жұмыспен қамту және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мәселелері көтерілді.Кәсіпкер Мұрат Құсайынов жазасын өтеушілерді оқыту және жұмыспен қамту жобасы аясында қазіргі уақытта 40 адамға мүмкіндік жасағанын жеткізді: «Біз оларға шұжық өндірісінде жұмыс беріп отырмыз. Сол уақытта олар оқу арқылы да тәжірибе жинайды. Оқыған соң, біздің басқа зауыттарымызға жұмысқа кіріп, кәсіби дағдыларын ары қарай жетілдіреді. Қазіргі таңда 20 адамды жұмыспен қамтып отырмыз, ал тағы 20 адамды оқытамыз. Барлығы 40 адам. Сұраныс көбейген сайын жұмысқа тартылатын адамдар санын арттырамыз», - деді кәсіпкер.Айта кетейік, жазасын өтеушілерді оқыту нәтижелері бойынша, кәсіпкерлер палатасының бастамасымен №12, №14, №57 және №10 мекемелерінде кәсіби оқыту ұйымдастырылды. Оның ішінде:• «Azamatsha.KZ» ҚҚ - 384 адам• Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық - 100 адам• Шаштараз ісі - 15 адам• Визаж – 20 адам• Сыртқы жарнама орнатушы - 55 адам• Жиһаз жинау шебері - 194 адам• «Зияткер» ЖШС - №10 мекемеде «Бизнес негіздері» бағыты бойынша 48 адам оқу курсынан өтті.Бұл курстар сотталғандардың мамандық алуына және бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов сотталғандарды жұмыспен қамту - әлеуметтік маңызы зор бағыт екенін атап өтті.«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы бір жарым ай ішінде төрт түзеу мекемесінде 351 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгін облыс әкімінің қатысуымен жазасын өтеуші әйелдерге арналған 100 жұмыс орнының ашылу салтанаты өтті. Жалпы, атқарылған жұмыстардың 70 % орындалды. Ендігі мақсат - барлық түзеу мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамтуды 100 % жеткізу. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді ол.Тапсырманы орындау мақсатында кәсіпкерлермен ашық форматтағы диалог нәтижесінде түзету мекемелерінде бизнес жүргізу мүмкіндіктері қарастырылып, кәсіпкерлердің туындаған мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды. Әкімдік пен құзырлы органдар өкілдері қажетті қолдау тетіктерін түсіндіріп, көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1125362?lang=kk
Мейірім мен тең мүмкіндіктерге негізделген «Жүректен жүрекке» фестивалі өтті 15.12.2025
Фестиваль Алматы қаласының әкімдігі және «Ерекше балалардың ата-аналары одағы», «Qazaq Community Development» қоғамдық қоры бірлесіп жүзеге асырды.Шараның бас демеушісі «Project Stroy and Controls» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолдау көрсетті. Сонымен қатар, игі бастамаға Ерсай Дәулетқызы мен Елдос Накипов демеушілік жасап, ерекше балаларға арналған мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.Сонымен қатар, жиында елімізге танымал блогерлер Алия Байтугаева (@super.mamasita), Серікжан Тлеулесов (@superpapa_serik), Марат Жапаров (@marat_djaparov) және Ерсай Дәулетқызы (@yersay_hanym) қатысып ерекше қолдау көрсетті.Іс-шара барысында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов фестивальдің маңыздылығына тоқталды.«Бүгін барлығымызды ортақ қуанышқа бөлеп отырған «Жүректен жүрекке» инклюзивті шығармашылық фестивалі – мейірім мен бірлікке, өзара қолдауға және мүмкіндіктер теңдігіне арналған ерекше мереке. Осы игі бастаманы жүзеге асыруға үлес қосқан Алматы қаласының әкімдігіне, Республикалық Қоғамдық Бірлестік “Ерекше балалары ата-аналар одағы” (@srodkz) және төрайымы Рауана Сагадиеваға (@rauana_psycholog), «Qazaq Community Development» қоғамдық қорына, барлық еріктілер мен серіктестерге шынайы алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, шараға ерекше үлес қосқан бас демеуші - «Project Stroy and Controls» ЖШС-не, Накипов Елдос Қазыбекұлына және Ерсай Дәулетқызына зор алғыс айтамын. Осындай игі бастамалар арқылы біз түсіністікке, мейірімге және тең мүмкіндіктерге негізделген қоғам құрып келеміз. Алдағы уақытта бұл шараны республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Қанат Есболатов.Сондай-ақ, Қанат Болатұлы ерекше балаларға гүл шоқтарын табыстап, фестивальге қатысушыларға қолдау көрсетті. Шара аясында өнер көрсеткен әрбір балаға Алматы қаласы әкімінің орынбасары атынан арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар, сондай-ақ «TAMGA HOLDING» компаниясы атынан естелік сыйлықтар табысталды.Өз кезегінде Республикалық Қоғамдық Бірлестік “Ерекше балалары ата-аналар одағы” төрайымы Сағадиева Рауана Бақтыбекқызы фестивальдің маңыздылығына тоқталды:«Бұл іс-шараны ерекше отбасыларға, соның ішінде ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында төртінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Фестиваль 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылды. Біз осы арқылы қоғамда ешқандай алалау мен теңсіздік жоқ екенін көрсеткіміз келеді. Біздің балалар өздерінің ерекшеліктеріне қарамастан олимпиадаларға, шығармашылық шараларға белсенді қатысып, өнерлерін паш етіп жүр. Бүгін соның айқын дәлеліне куә болып отырмыз. Әрбір қолдау мен қошемет олар үшін өте маңызды», – деді ол.Фестиваль қонақтарының бірі, блогер Серікжан Тлеулесов іс-шарадан алған әсерімен бөлісті:«Осындай маңызды әрі жүрекке жылу сыйлайтын шараға шақырғандарыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Фестивальге ұлыммен бірге келдім, ол да бұл жердегі ерекше атмосфераны, балалардың өнерін көріп қатты қуанды. Әрбір баланың сахнаға шығуы – үлкен ерлік. Балалардың көзіндегі қуаныш пен сенімді көріп, ерекше әсер алдым. Барша ерекше балаларға мықты денсаулық, жарқын болашақ тілеймін. Осындай шаралар көп болса екен», – деді ол.Сахнаға шыққан әрбір бала көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Олар батылдықтың, талпыныстың және өнерге деген шынайы құштарлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Әр баланың жүрегінде үлкен арман, ерекше талант пен шексіз қуат бар екені айқын сезілді. Ұйымдастырушылар мен қонақтар балалардың өнеріне сүйсініп қана қоймай, олардың жарқын болашағына зор сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1125348?lang=kk
Ақмола гарнизонында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің сарбаздары Отанға адал қызмет етуге ант берді 13.12.2025
44813 әскери бөлімінің саптық алаңында Әскери ант беру рәсімі салтанатты түрде өтті.Іс-шараға командирлер, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ сарбаздардың туған-туыстары мен жақындары қатысты.Салтанатты іс-шараны Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров ашты.– Бүгін сіздер өздеріңізге зор әрі мәртебелі міндет қабылдап отырсыздар. Отан сіздерге сенім артып, әуе кеңістігін қорғауды тапсырды. Берген анттарыңызға адал болып, қызметтеріңізді абыроймен атқарып, Отан қорғаушысы деген жоғары атаққа лайық болуларыңызға тілектеспін, – деді ол.Жауапты әрі толқынысты рәсім Мемлекеттік Ту мен бөлімнің Жауынгерлік Туы алдында қатаң әскери дәстүрлерге сай өтті. Ақмола, Түркістан облыстары мен Астана қаласынан шақырылған 170 жас жауынгер антқа адал болуға және Отанды қорғауға әрдайым дайын екендіктеріне серт берді.Қызметтің бір айы ішінде сарбаздар жас жауынгер курсынан өтті. Олар жалпыәскери жарғыларды меңгеріп, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысты, саптық және атыс даярлығынан өтті.– Бұл күнге біз мұқият дайындалдық. Командирлер бізбен жеке-жеке жұмыс істеді. Іс-шара өте толқынысты болды, бірақ бәрі сәтті өтті. Алда – қызмет пен жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңдері тұр. Бір жыл көзді ашып-жұмғанша өте шығады деп ойлаймын, – деді қатардағы жауынгер Бақытжан Қасенов.Қатардағы жауынгер Жанболат Жанбыршиннің әжесі Базаркүл Құрманбаева немересіне деген мақтаныш сезімін жасыра алмады.– Жанболатты әскери киіммен ант беріп тұрған сәтін қуаныш пен толқынысқа толы сезіммен тамашаладым. Ең бастысы – аман-есен қызмет етіп, әскери борышын абыроймен атқарсын, – деді ол.Рәсім соңында офицерлер, сержанттар мен сарбаздар туды алып жүретін топтың бастауымен плац бойымен салтанатты маршпен жүріп өтті.Одан кейін бөлім қонақтарына сарбаздардың қандай жағдайда қызмет атқарып жүргенін көруге және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1125205?lang=kk
Өңірде білім беру инфрақұрылымы қарқынды дамуда: жаңа мектептер ашылып, заманауи стандарттар енгізілуде 13.12.2025
Өңірде әлеуметтік саланы дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Оның ішінде ерекше басымдық – білім беру инфрақұрылымын жаңғырту және заманауи талаптарға сай оқу ортасын қалыптастыру. Соңғы жылдары жаңа мектептер салынып, қолданыстағы білім нысандарының сапасы айтарлықтай жақсаруда.Өткен оқу жылында 5 жаңа мектеп пайдалануға берілдіӨткен оқу жылында өңірде жалпы 3 360 орынға арналған 5 жаңа мектеп оқушыларға есігін ашты. Бұл білім беру сапасын арттыруға, апатты және үш ауысымды мектептердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.Жаңа нысандардың қатарында:•Қостанай ауданының Заречное ауылындағы 900 орындық жайлы мектеп;•Арқалық қаласындағы 300 орындық жаңа мектеп (2024 жылдың қазанында ашылған);•Қостанай қаласының Аэропорт (900 орын) және Береке (1 200 орын) шағынаудандарындағы екі мектеп. Бұл нысандар 2025 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді;•Жангелдин ауданының Колкамыс ауылындағы 60 орындық орта мектеп (2025 жылғы ақпан).Бұл мектептер өңірдегі демографиялық өсімге, көшу үдерістеріне және сапалы білімге деген сұранысқа жауап береді.Жайлы мектептер — халықаралық стандарттар деңгейіндеЖайлы мектептер жобасы аясында салынған жаңа білім ошақтары әлемдік білім беру трендтеріне толық сәйкес келеді.Оқу кабинеттері заманауи интерактивті құралдармен жабдықталған. Бұл:•ғылыми және зерттеу жобаларында жасанды интеллектті қолдануға,•виртуалды зертханалық тәжірибелер өткізуге,•білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға кең мүмкіндік береді.Мұндай жаңартылған орта оқушылардың білім сапасын арттыруға, педагогтардың кәсіби әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.Жаңа оқу жылы екі жаңа мектептің ашылуымен басталды2025–2026 жаңа оқу жылы 2–3 қыркүйекте екі ірі білім нысанының ашылуымен басталды:•Құсмұрын кентінде 300 орындық жаңа мектеп;•Рудный қаласында ERG компаниясы салған 1 200 орындық заманауи мектеп.Бұл нысандар оқушыларды кең, жарық әрі қауіпсіз кабинеттермен қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер етеді.Жыл соңына дейін тағы 4 мектеп пайдалануға беріледіАғымдағы жылдың соңына дейін өңірде жалпы 2 880 орынға арналған 4 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Олардың қатарында:•Рудный қаласындағы 900 орындық жайлы мектеп;•Қостанай қаласындағы Береке (980 орын) және Құнай (900 орын) шағынаудандарындағы екі мектеп;•Қостанай ауданының Еңбек ауылындағы 100 орындық мектеп.Бұл жобалар мектеп тапшылығын азайтуға, білім беру қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1125197?lang=kk
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Бас штаб академиясы факультетіне – 15 жыл 13.12.2025
Осыған орай Ұлттық қорғаныс университетінде салтанатты іс-шара өтті. Әскери білім ордасының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков жиынға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Қызмет еткен жылдары ішінде факультет 200-ден астам жоғары білікті маман даярлады. Олардың ішінде 20-дан астам сардар генерал атағын алып, әскери басқару жүйесінде басшылық лауазымдарды атқарып жүр. Іс-шара офицерлерді запасқа шығарып салумен тұспа-тұс келді. Университет бастығы жедел өнер кафедрасының меңгерушісі полковник Ержан Аманбаевқа, мемлекеттік әскери басқару кафедрасының аға оқытушысы, полковник Сәкен Ғұбашевқа және жедел өнер кафедрасының аға оқытушысы полковник Батырхан Күзенбаевқа университеттің, Қарулы күштердің дамуына қосқан елеулі үлесі мен адал қызметі үшін алғыс білдірді.– Сіздер көптеген жылдар бойы Отанға адал қызмет етіп, әскери басшылардың жаңа буынына өз білімдеріңізді, тәжірибелеріңізді, күш-жігерлеріңіз бен энергияларыңызды арнадыңыздар. Сіздерді антқа адалдық, жоғары кәсібилік пен жанқиярлық ерекшелейді. 15 жыл ішінде Бас штаб факультеті жоғары офицерлік кадрларды даярлайтын жетекші орталыққа айналды. Ол Қазақстан Қарулы күштерін ұлттық қауіпсіздік міндеттерін тиімді шешуге қабілетті жедел-стратегиялық деңгейдегі кәсіби мамандармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, – деді генерал-майор А. Мұстабеков.Бас штаб академиясы факультетінің бастығы генерал-майор Нұрлан Алдияровтың айтуынша, бұрын Қарулы күштердің стратегиялық басқару буыны негізінен офицерлерді шетелде оқытатын. Бұл белгілі бір қиындықтар туғызған. Сондықтан 2010 жылы құрылған әскери және мемлекеттік басқару факультетінің кейіннен Бас штаб академиясы факультеті болып қайта аталуын жоғары командалық құрам офицерлерін даярлаудағы маңызды қадам деп атауға болады. Факультетте Шекара қызметі, Ұлттық ұлан және Төтенше жағдайлар министрлігі секілді күштік құрылымдардың өкілдері білім алады. Халықаралық ынтымақтастық аясында Оңтүстік Корея, Иран, Пәкістан, Франция, Үндістан және Қытай елдерінің әскери қызметшілері де даярлықтан өтуде. Факультеттегі оқу үдерісі қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаһандық әскери-саяси ахуалдың серпінін ескере отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің отандық теориясы мен тәжірибесіне негізделген. Бас штаб академиясы факультеті жоғары деңгейдегі әскери басшыларды даярлау жөніндегі маңызды мемлекеттік миссиясын жалғастырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1125193?lang=kk
«Үздік педагог–2025» жеңімпаздары марапатталды 12.12.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Үздік педагог-2025» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады.Конкурстың басты мақсаты — педагогтердің мәртебесін көтеру, олардың кәсіби біліктілігінің өсуіне қолдау көрсетіп, ынтыландыру, кәсіби шебер педагогтерді елге танымал ету, үздік педагогикалық практикаларды жариялау, тарату және насихаттау.Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Үздік педагог-2025» байқауының республикалық кезеңінің қатысушыларын құттықтап, «Үздік педагог» атағымен марапатымен және 300 МРП көлімінде ақшалай сыйлық табыстады.«Бүгін біз білім саласындағы маңызды оқиғалардың бірі – «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты түрде қабылдап отырмыз. Бұл өз кәсібіне адал, шәкірт жүрегіне шамшырақ жаққан, ұлт болашағына қызмет етіп жүрген ұстаздарға деген шынайы құрметтің көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұстаз – ел болашағын қалыптастыратын басты тұлға» — деп атап өткен болатын. Ұстаздар қауымы – келешек ұрпаққа білім беріп қана қоймай, адамгершілік, елжандылық, еңбекқорлық секілді асыл қасиеттерді дарытатын мамандық иелері», — деп құттықтады Марат Сұлтанғазиев.Облыс әкімінің құттықтау сөзінен кейін марапаттау рәсіміне қатысқан білім саласының өкілдері сөз алды. Олар «Үздік педагог» байқауы жай ғана марапаттау шарасы емес, өз ісіне адал, жаңашыл әрі білікті ұстаздарды анықтауға бағытталған көпсатылы кешенді жұмыс екенін атап өтті.Байқаудың өту тәртібі, кезеңдері және бағалау критерийлері туралы толығырақ Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлжихан Иманхатова баяндады.-«Республикалық үздік педагог конкурсы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 12 Бұйрығына сәйкес өткізіледі. Байқау үш кезеңде өтті. Бірінші кезең аудандық және қалалық деңгейде, екінші кезең облыстық деңгейде және одан үздік нәтиже көрсеткендер республикалық деңгейге жолдама алады. Байқаудың басты мақсаты заманауи талапқа сай, барлық инновациялық технологияларды кеңінен меңгерген тәжірибелі ұстаздардың портфолиолары сараланады, содан кейін өздерінің үздік сабақтарын өткізеді. Алматы облысы бойынша республикалық деңгейге 10 мұғалім іріктелініп алынып, оның екеуі грант иегері атанды. Олар 1000 АЕК есебіндегі сыйақымен және «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды», — деді ол.Байқау қорытындысы бойынша Алматы облысының екі педагогі жеңімпаз атанды:Әбеу Нұргелді – Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейдің химия пәні мұғалімі;Бухарбаева Динара Ермырзақызы – Жамбыл ауданы Қарасу орта мектебінің физика пәні мұғалімі. Сонымен қатар, республикалық кезеңге қатысып, өз кәсіби деңгейін жоғары деңгейде көрсеткен облыстың басқа да ұстаздары атап өтілді. Олар:Даулешяр Бақытәлі Даулетярұлы – Жамбыл ауданы Ә.Бейсеуов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі;Баймолданова Мейрамбала Байтановна – Еңбекшіқазақ ауданы Рахат №1 орта мектебінің математика пәні мұғалімі;Алимбаева Жайдары Даупасовна – Балқаш ауданы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі;Сонабаева Феризат Бековна – Балқаш ауданы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;Аманжолова Назым Сергалиевна – Алатау қаласы №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі;Байжарикова Шарипа Абдешовна – Алатау қаласы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;Амреева Алия Хамиевна – Қонаев қаласы №2 орта мектебінің қазақ әдебиеті пәні мұғалімі;Смағұлова Алфия Болатовна – Қарғалы №2 мамандандырылған лицейінің информатика пәні мұғалімі.Осы ретте «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының III республикалық кезеңіне қатысушылардың бірі Алия Әміреева өз сезімімен бөлісті.«Ұстаз мәртебелі мамандық, ұлы іс. Облыс көлеміндегі бүгінгі «Үздік педагог» шарасын ұйымдастырып, бізге осындай сый-құрмет көрсетіп жатқан облыс әкімі Марат Елеусізұлына ұстаздар атынан алғысымыз шексіз. Өзім еңбек жолындағы 40 жылдық тәжірибемнің және осы жылдары жеткен біршама жетістіктерімнің нәтижесінде осы байқауда үздіктердің қатарында бой көрсеттім. Жыл сайын мыңдаған шәкірттерім облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларда топ жарып жүр. Бұл менің ұстаз ретіндегі игі істерімнің бірі деп өзіме баға беремін. Адал еңбек ету, еліміздің болашағын қалыптастыру – бұл менің ұлы мамандығым бойынша ұстанған ұлы миссиям деп білемін», — деп ағынан жарылды Қонаев қаласындағы №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алия Әміреева.Еске салсақ, «Үздік педагог-2025» байқауының республикалық кезеңіне іріктеуге 18 педагог қатысып, 10 педагог республикалық кезеңге өтті. Жолдама алған педагогтер 8 қазанда Астана қаласының түрлі мектептерінде сабақ беріп өз тәжірибелерімен бөлісті.Айта кетейік, Үздік деп танылған екі ұстаз 24 қазан күні Астана қаласында өткен марапаттау рәсіміне қатысып, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 АЕК көлеміндегі грант иегері атанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1125081?lang=kk