Қуқық
Қорғаныс министрлігінде Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай құрмет көрсетілді 12.12.2025
Армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жылдығына арналған салтанатты шара ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті. Мемлекет және қоғам қайраткерін құттықтауға Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Қарулы күштердің ардагерлері, гарнизон әскери қызметшілері, мерейтой иесінің туған-туыстары келді.Айтулы датаға орай Әскери-тарихи мұражайда атақты ұшқыштың әскери жолына арналған экспозиция дайындалды. Одан бөлек әскери қолбасшы жайлы естеліктер жинақталған «Мұзбалақ» кітабының тұсаукесері өтті. Салтанатты шара армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың өмірі туралы деректі фильм көрсетуден басталды.Жас Мұхтар Алтынбаев еңбек жолын Қарағанды қаласының шахтасынан бастады. Кеншілердің еңбек жолы оның есінде мәңгі қалды, өйткені өзі де шахтерлар отбасында өскен Мұхтар Қапашұлы жер астындағы жұмыстың әскери ұшқыштың еңбегіне ұқсас екенін жақсы біледі. Кенжардағы ұңғымашының да, ұшақтың штурвалындағы ұшқыштың да алдында не күтіп тұрғаны белгісіз. Кенші болу оңай емес, дегенмен авиация да адамнан төзімділікті, батылдық пен беріктікті талап етеді.Қорғаныс министрі әскердің негізі Мұхтар Алтынбаев сынды мықты қолбасшының шешімдері мен кәсіби білігі арқылы қалыптасқанын атап өтті. Қорғаныс ведомствосының басшысы мерейтой иесінің елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қарулы күштерді техникалық жарақтандыруға, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің қалыптасуына, армияның жауынгерлік дайындығының жалпы деңгейін арттыруға және әскери кадрларды даярлау жүйесін жаңғыртуға қосқан ерекше үлесін айта кетті. – Сіз талай офицерлердің тәлімгерісіз. Оларға тек білім ғана емес, сонымен қатар қызметтік борышын адал және шынайы орындаудың құндылықтарын да үйреттіңіз, – деді авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Халық қаһарманы, отставкадағы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров 1964 жылдан бастап Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров атындағы Қарағанды аэроклубында оқыған кезінен басталған мерейтой иесі туралы естеліктерін бөлісті.– Бізде аспан әлеміне деген сүйіспеншілік болды. Бірге ұштық, бірге парашютпен секірдік, – деді Халық қаһарманы. – Біраз жылдар өткен соң алдағыны көре білу машығы Мұхтар Қапашұлына қорғаныс министрі лауазымында кәдеге жарады.Армия генералы Мұхтар Алтынбаев өз кезегінде Бауыржан Момышұлының: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген сөздерін мысалға келтірді. Ол әскери қызмет бабымен қай жерде жүрсе де өзінің қазақ екенін мақтан етті.Іс-шара Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі шығармашылық ұжымының мерекелік концертімен аяқталды. Патриоттық әндер мен билер Отан қорғаушы мамандығына көрсетілген құрмет ретінде көрерменді жігерлендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1124886?lang=kk
Астанада Ұлттық экономика бірінші вице-министрінің қатысуымен "1С" XV форумы өтті 12.12.2025
Бүгін Астанада Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин "1С" XV форумында сөз сөйледі. Оған бизнес, бухгалтерлік қоғамдастық, мемлекеттік органдардан 650-ден астам өкіл жиналды. Ол форумның кәсіби диалог пен жаңа Салық кодексіне көшуге дайындықтың негізгі алаңына айналғанын атап өтті.Азамат Әмриннің айтуынша, форум тәжірибе алмасуға, практикалық шешімдерді талқылауға және қаржы-шаруашылық процесінің ашықтығы мен тиімділігін нығайтуға мүмкіндік береді.Бірінші вице-министр Мемлекет басшысы 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойған және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін ұсынды. Құжат салық есептілігін 30%-ға, салықтың санын 20%-ға азайтуды, жеңілдіктерді оңтайландыруды, сараланған ставкаларды енгізуді, сондай-ақ инвестицияны ынталандыру жөніндегі шараларды көздейді.Корпоративтік табыс салығы бойынша негізгі өзгерістің ішінде 20% базалық мөлшерлеме сақталады. Банктер мен ойын бизнесі үшін 20% мөлшерлеме белгіленген. Ал ШОБ субъектілерін кредиттеуде 25% деңгейінде. Әлеуметтік сала ұйымдарында 2026 жылы 5% және 2027 жылдан бастап 10% мөлшерлеме енгізіледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3% мөлшерлемені сақтайды.Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, Азамат Әмрин қатысушыларды толғандырған тақырыптарға жан-жақты түсіндірме берді. Негізгі мәселе салықтық әкімшілендіруге, атап айтқанда салық шегерімін қолдану тәртібіне қатысты. Бұған түсіндірме бере келіп, бірінші вице-министр практикалық шешімдер келесі жылы деректерді талдағаннан кейін қабылданатынын атап өтті."Жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрейік. Декларацияларды зерттеп, талдағаннан кейін келесі қадам анықталады", - деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1124756?lang=kk
Алматы облысының колониясында екі жаңа өндіріс іске қосылып, 100 жұмыс орны ашылды 12.12.2025
Алматы облысында ҚАЖ жүйесіне қарасты №10 мекемеде «INFINITEL» және «БроМарт» атты екі жаңа өндірістік нысан ашылды. Жобалар сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаның маңызды бөлігіне айналды.Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, мемлекеттік органдардың өкілдері және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.Облыс әкімдігінің мәліметінше, соңғы уақыттарда сотталғандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 41 пайыздан 65 пайызға дейін өсіп отыр. Бұл нәтижеге жаңа өндірістердің ашылуы мен оқыту бағдарламаларының енгізілуі ықпал еткен. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған тегін курстардың нәтижесінде 250 сертификат табысталып, 78 адам жұмысқа орналасқан.- «Бүгін іске қосылып отырған екі кәсіпорын шамамен 100 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бұл сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуге және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға қосылған нақты үлес. Мемлекет басшысы атап өткендей, еңбек қалыпты өмірге оралудың ең тиімді жолы. Бірлік пен адал еңбектің арқасында ғана жаңа нәтижелерге қол жеткіземіз», — деді өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев.Қараша айының қорытындысы бойынша ҚАЖ жүйесінің №10, 12, 14 және 57 мекемелерінде барлығы 251 жаңа жұмыс орны ашылған. Өңір басшылығы өндірістік секторды кеңейтуді жалғастыруды жоспарлап отыр.2026 жылдың басынан бастап ҚАЖ мекемелерінде 400-ден астам қосымша жұмыс орнын ашу көзделуде. Жобаға «Алматы Сквер», «ГосСнаб», «Акуа Холдинг» және «Еңбек» кәсіпорындары сияқты серіктестер тартылып жатыр.INFINITEL және «БроМарт» кәсіпорындарының іске қосылуы қайта әлеуметтендіру бағдарламасының дамуына және мекемелер ішінде тұрақты өндірістік ортаны қалыптастыруға жасалған маңызды қадам. Бұл жобалар сотталғандардың еңбек дағдыларын жақсартып, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға тиімді бейімделуіне мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1124620?lang=kk
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды 12.12.2025
Әскери бөлімдер мен бөлімшелерде механик-жүргізуші, көздеуші-оператор, пулеметші, граната атқыш және басқа да әскери есептік мамандықтар бойынша оқу топтары құрылды.Мамандықты терең зерделеу үшін оқу-материалдық база нысандары дайындалып, әскери техника мен оқ-дәрілер бөлінді. Сабақты тәжірибелі командирлер мен сержант-нұсқаушылар жүргізуде.Мамандық бойынша дайындық кезеңінің басталуына орай Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасына Қарулы күштердің Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов келді. Ол оқу үдерісінің ұйымдастырылуын және әскери қызметшілердің қажетті дағдыларды меңгеру деңгейін тексеру барысында ЗУ-23-2 қондырғысының тактикалық-техникалық сипаттамаларын үздік меңгергені үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс батареясы зениттік-артиллериялық взводының есептобына қарасты қатардағы жауынгер Олжас Дүйсенбайға алғыс жариялады.Шебер-сержант Темірбек Халықовтың айтуынша, оқытуды ұйымдастыру мақсатында бес мыңнан астам сержант-нұсқаушы дайындалған. Сабақтар негізінен тәжірибелік бағытта өтіп, жаттығу, топтық дайындық және практикалық тапсырмалар орындау әдістері кеңінен қолданылады.– Дайындықтың соңғы кезеңінде әрбір әскери қызметші оқу бағдарламасын толық меңгеруге, атқарып жүрген лауазымына сәйкес қызметтік және арнайы міндеттерді білуге, сондай-ақ белгіленген стандарттар бойынша сынақтардан өтуге тиіс, – деп атап өтті ол.Жауынгерлік дайындықтың келесі кезеңі – бөлімшелердің үйлесімділігін арттыру. Бұл кезеңде бөлімдер, экипаждар мен есептоптар құрамында бірлескен іс-қимылдарды орындау арқылы жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1124375?lang=kk
Алаяқтар тактикасын өзгертуде: Жәбірленушілер өздері байланысқа шығады 12.12.2025
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша(https://www.kommersant.ru/doc/8230736, https://www.pravda.ru/news/videochannel/2313571-russia-new-fraud-scheme/, https://iz.ru/1996945/2025-11-26/moshenniki massovo-zastavliaiut-zhertvsamim-zvonitim?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Finstory%2Fa910b074-a37c-54c8-bb26-884c26851152, https://lenta.ru/news/2025/11/26/nazvanasamaya- populyarnaya-v-poslednie-mesyatsy-shema-moshennichestva/) алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. «Авторизациядағы қате», «домофонды ауыстыру» немесе «есептегіштерді тексеру» деген сылтаумен қаскүнемдер азаматтарды олардың өздерін қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды.Мыналарды ұсынамыз:- сақтық танытып, беймәлім кіріс хат-хабарлар мен қоңырауларға сыникөзқараспен қарау;- ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген телефон нөмірлерінеғана қайта қоңырау шалу;- екі факторлы аутентификацияны пайдалану;- банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттіккодтарды және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1124330?lang=kk
Қарасай ауданында үш медициналық нысан қолданысқа беріледі 12.12.2025
Алматы облысының ауылдық елді мекендерінде денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер байқалып келеді. Ауыл халқының денсаулығын жақсарту мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Бұл – ел қажетіне сай жасалып отырған жақсы бастама.Өңірде бірнеше медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соның бірқатары Қарасай ауданына тиесілі.Халық игілігі үшін салынып жатқан ғимараттардың бірі – Қарасай ауданының Үштерек ауылында бой көтеруде. Су жаңа дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады.Тапсырыс беруші – «Алматы облысы құрылыс басқармасы» ММ, ал мердігер – «Бауыр Құрылыс Компаниясы» ЖШС. Аталған ұйымдар құрылыс жұмыстарына бірлесіп жауапты.Жаңа дәрігерлік амбулаторияның іргетасы 2024 жылдың маусым айында қаланған, ал құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.Келесі нысан – осы аудандағы Абай ауылының тұрғындары үшін салынып жатқан медициналық мекеме. Оның техникалық сипаттамалары Үштеректегі амбулаториямен бірдей. Мұнда да бір ауысымда 50 адам қабылданады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың тамыз айында басталып, биыл жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланған.Сондай-ақ қарасайлықтарды қуантатын тағы бір жағымды жаңалық – Қаратөбе ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы. Бас мердігер – «Капитал Строй Проект Групп» ЖШС. Нысанның дайындық деңгейі 95 пайызға жеткен. Қалған жұмыстар желтоқсан айының соңына дейін аяқталып, нысан пайдалануға берілмек.Жалпы, Алматы облысында денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1124148?lang=kk
Қазақстан Елшісі Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды 12.12.2025
Сараево, 2025 жылғы 11 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желько Комшичке сенім грамоталарын тапсырды.Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланып, энергетика, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай мүмкіндіктері аталып өтті.Елші Президиумның төрағасына Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ауқымды реформаларды жүзеге асыру және кешенді әлеуметтік-саяси өзгерістер жөнінде ақпарат берді.Қазақстанның бейбіт және ашық сыртқы саясат ұстанып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттердің егемендігі, теңдігі және аумақтық тұтастығы қағидаттарын берік қолдайтыны аталып өтті. Дипломат Қазақстанның мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған саясатын да жеткізді.Босния және Герцеговинаның басшысы реформалар бағытын жоғары бағалап, Қазақстанның айтарлықтай жетістіктеріне назар аударып, сондай-ақ елдің екі континенттің тоғысындағы ірі транзиттік-тасымалдау әлеуеті бар жетекші еуразиялық экономикалық держава ретіндегі рөлін атап өтті.Ж.Комшич Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бүкіл Қазақстан халқына алдағы ҚР Тәуелсіздік күніне орай амандық пен өркендеу тілектерімен жылы құттықтауларын жолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1125101?lang=kk
Минскіде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды 11.12.2025
Минск, 2025 жылғы 11 желтоқсан – Беларусь астанасында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы туралы» тақырыпта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволарының жыл сайынғы консультациялары өтті. Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Әлішер Сүлейменов және СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры Ерлан Жетібаев қатысты.Іс-шараға сондай-ақ Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы (бақылаушы ретінде), сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысты.Кездесу барысында Достастық қызметінің ақпараттық сүйемелдеу тиімділігін арттыру, ТМД кеңістігінде өткізілетін маңызды халықаралық шараларға ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Ортақ ақпараттық қатерлерге, соның ішінде ТМД медиакеңістігінде дезинформация мен фейктердің таралуына бірлесе қарсы тұрудың маңыздылығы аталып өтті.ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимыл жөніндегі келесі сімаралық консультациялары 2026 жылдың IV тоқсанында өткізіледі деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1124058?lang=kk
AlmaU-да жасанды интеллект орталығы AlmaU AI Lab ашылды 11.12.2025
AlmaU-да жасанды интеллект орталығы AlmaU AI Lab ашылды2025 жылдың 11 желтоқсанда Almaty Management University-де (AlmaU) Цифрлық технология және экономика мектебінде AlmaU AI Lab Жасанды интеллект орталығы ресми түрде ашылды. Жаңа алаң білім беру, ғылым, өнеркәсіп және кәсіпкерлікті біріктіруді мақсат етеді.Университет жай ғана технологияны енгізумен шектелмей, жасанды интеллекттің қоғамға, экономикаға және қаланың дамуына қызмет ететін жаңа көзқарас ретінде қалыптастыруды мақсат етті. AlmaU бұл бағытты Абайдың «Tolyq Adam» философиясына негізделген «Tolyq AI» тұжырымдамасына айналдырады – этика, адам және қоғамдық мағына негізінде дамитын жасанды интеллект моделі. Бұл тұжырымдама Абайдың «Толық адам» іліміндегі тұтастық қағидасына сүйенеді.«Жасанда интеллект қуатты қозғаушы күш, бірақ ол бағыт көрсететін компас емес. Бағытты әлі де адам айқындайды. Бізді ЖИ адамдарды алмастырады деген қорқыныш емес, роботша жұмыс істейтін адамдар алаңдатады. AlmaU орындаушыларды емес, шығармашыл тұлғаларды дайындайды», – деді AlmaU-дың негізін қалаушысы және президенті Асылбек Қожахметов құттықтау сөзінде.Жаңа Орталықтың алғашқы міндеті – білім беруді жаңарту және ғылыми-зерттеу базасын нығайту. Бүгінде AlmaU оқу бағдарламаларына профессор Тимур Бакибаев пен Қуаныш Әбешев әзірлеген Oqulabs және Delicatest AI платформаларын енгізді. Бұл платформалар күрделі тапсырмаларды тексеруді автоматтандырады, студенттердің әрекетін талдап, адал емес әрекеттерді анықтайды және академиялық көрсеткіштер бойынша объективті аналитика ұсынады.Орталықтың ғылыми базасы мақсатты және гранттық қаржыландыру жобалары аясында қалыптастырылған, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласын технологиялық диверсификация және цифрлық трансформацияға бағытталған бағдарламалары бар. Осы жобалардың нәтижесінде AlmaU Labs ASUS және ZERDE Business Solutions компанияларының екі мини-суперкомпьютерімен жабдықталды.Екінші маңызды міндет – мемлекеттік сектор және нақты экономиканың сұраныстарымен жұмыс істеу. Алғашқы пилоттық жоба «Қостанай минералдары» АҚ-мен бірлесе жүзеге асырылып жатыр. Команда руданың ылғалдылық мөлшерін болжауға арналған жасанды интеллект моделі әзірледі, ол сынақтарда айтарлықтай экономикалық тиімділік пен өндіріс процестерін оңтайландыру әлеуетін көрсетті. AlmaU Labs сонымен қатар көлік, қоршаған орта, қауіпсіз қала ортасын құру және ресурстарды басқару бағыттарында да шешімдер әзірлеуге дайын.«Бұл орталық Алматы үшін практикалық шешімдер әзірлеуге зор әлеуеті бар. Келесі жылы біз AlmaU университетімен бірге қалалық ортаны жақсартуға бағытталған бірнеше практикалық шешімдерді әзірлеуді жоспарлап отырмыз, әсіресе жасанды интеллект саласындағы стартаптарды дамытуға айрықша назар аударамыз», – деп атап өтті Алматы қаласының цифрлық даму департаментінің басшысы Олжас Жанабек.Үшінші бағыт – кәсіпкерлікті дамыту. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген студенттер өздерінің AI-жобаларын құрып, стартап-жарыстарға қатысып, акселерациялық бағдарламалардан өтіп, серіктестердің деректеріне және қаржыландыруға қол жеткізе алады, сондай-ақ компаниялар мен мемлекеттік органдарға өз шешімдерін ұсына алады.Іс-шара барысында AlmaU мен Almaty HUB, Алматы қаласы әкімдігі, Teachers Lab, Tech People Community арасында меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар «AI in Education» тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Қатысушылар ЖИ-ді этикалық қолдану, білім беру процестерінің цифрлануы, мамандарды дайындау және болашақ білім жүйесін қалыптастырудағы халықаралық стандарттардың рөлі туралы талқылады.AlmaU AI Lab-тың ашылуы Қазақстандағы білім беру, ғылыми зерттеу, мемлекеттік сектор және кәсіпкерлік экожүйесін дамытуға бағытталған ауқымды серпін болып табылады. Бұл бастама еліміздің цифрлық трансформациясын жеделдетіп, халықаралық стандарттарға сай жаңа білім кеңістігін қалыптастыруға өз үлесін қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1124000?lang=kk
Қазақстан 2028 жылға қарай май өнеркәсібі өнімдерінің экспортын 1 млрд АҚШ долларына ұлғайтуға ұмтылуда 11.12.2025
11 желтоқсанда Астанада Мемлекеттік органдардың, салалық қайта өңдеушілердің, экспорттаушылардың, бизнес-қауымдастықтардың және халықаралық әріптестердің қатысуымен 2026-2028 жылдарға арналған қазақстандық май өнімдері экспортын дамыту жөніндегі Жол картасының ресми тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл бастама Қазақстанды жылдық экспорттық айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асатын, қосылған құны жоғары өнім экспорттауда нарықтық мүмкіндіктері кеңейтілген елге айналдыруға бағытталған. Бұл елдің экономикалық жәнеәлеуметтік өсіміне елеулі үлес қосады.Жол картасы Еуропалық одақ қаржыландыратын «Ready4Trade Орталық Азия: Транскаспий көлік дәлізі арқылы өркендеуге жол» жобасы аясында Халықаралық сауда орталығының (ХСО) үдерістері, әдіснамасы және техникалық қолдауын пайдалана отырып, Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы мен «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бірлесе әзірленген. Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу үлесін 70%-ға дейін ұлғайту, импортқа тәуелділікті төмендету, дайын өнім экспортын дамыту және ішкі бағаларды тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Делегациясының Ынтымақтастық жөніндегі бөлімінің басшысы доктор Йоханнес Бауэр атап өткендей: «Бүгінгі іс-шара маңызды кезеңді білдіреді. Соңғы бір жыл ішінде Қазақстанның мемлекеттік институттары, жеке сектор өкілдері және ITC сарапшылары салалық диагностиканы, компаниялар арасында сауалнаманы және бірнеше кеңес беру кезеңдерін өткізді. Соның нәтижесінде бүгін біз валидациядан өткізіп отырған, бірлескен әрі негізделген Жол картасы әзірленді. Бұл Жол картасы, ең алдымен, ұлттық құжат болып табылады — ол Қазақстан тарапынан әзірленіп, қалыптастырылған және соған тиесілі. Ал Еуропалық Одақ ITC-мен бірге бұл процесті қолдағанын мақтан етеді».Экспорт жол картасы алдағы үш жылға арналған саланы дамыту бойынша шаралар кешенін айқындайды: шикізат тапшылығын жою, агротехнологияларды енгізу, логистикалық мәселелерді шешу, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қаржы құралдары арқылы фермерлер мен өңдеушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау. Мақсатқа жетудің негізгі факторларының бірі ретінде егіс алқаптарын жеделдетіп әртараптандыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін майлы дақылдарды қабылдау және сақтау жөніндегі инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Бүгінгі таңда отандық май өнеркәсібі үлкен әлеуетке ие едауір өзгерістердің алдында тұр. Қазақстан әлемдік ауыл шаруашылығы тауарларының нынарығында өз позициясын белсенді түрде нығайтып келеді — еліміз күнбағыс майының әлемдік ТОП-10 экспорттаушысының қатарына, сондай-ақ күнбағыс күнжарасының Еуропалық одаққа жеткізуші ТОП-3 елінің қатарына кіреді. Сонымен бірге, қазақстандық май өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады.Жол картасын әзірлеуге мемлекеттік органдардың өкілдері (Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және басқалар), бизнес қауымдастықтары (Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы, Қазақстантұқым өндірушілер қауымдастығы), сондай-ақ халықаралық серіктестер — Еуропалық одақ пен Халықаралық сауда орталығының өкілдері атсалысты.Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Жол картасында көзделген іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік-жекеменшік платформа құру жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1123994?lang=kk
Алматы облысы инновациялық әлеуетін күшейтуде 11.12.2025
Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті цифрлық технологиялар, ғылыми зерттеулер және өңір экономикасына инновацияларды енгізу бағытында жаңа мүмкіндіктер ашатын өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Құжат экономика салалары бойынша инвестициялық және цифрлық жобаларды бірлесіп дамыту жұмыстарын көздейді. Тараптар жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау, цифрлық платформалар сияқты шешімдерді енгізу бағытында өзара әрекеттесетін болады. Суперкомпьютер базасында қала инфрақұрылымын және климаттық процестерді модельдеу, көлік жүйесін интеллектуалды басқару, төтенше жағдайлар тәуекелін болжау, энергетикалық желілерді оңтайландыру сияқты цифрлық трансформацияның пилоттық жобаларын әзірлеу және тестілеу мүмкіндігі қарастырылған.«Бүгін біз өңірдің болашағына жұмыс істейтін маңызды қадам жасадық. Меморандумға қол қою заманауи зерттеу технологияларына жол ашады. Ғылым, бизнес және мемлекеттік сектордың синергиясы Алматы облысының цифрлық трансформациясына күшті серпін береді деп сенеміз. Алдағы жылдары біз жобаларды басқару, логистика, АӨК, өнеркәсіп және басқа да салаларға интеллектуалды шешімдерді енгізе аламыз», — деді Акжол Исақов.Меморандумға қол қою Алматы облысының заманауи инновациялық экожүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам болмақ. Елдің жетекші университетімен ынтымақтастық өңірге экономикада озық шешімдерді белсенді енгізуге, ғылыми-білім беру әлеуетін күшейтуге және болашақтың цифрлық салалары үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Инвесторлар мен бизнес үшін бұл жобалардың сапасын арттыруға, іске асыруды жеделдетуге және тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін жаңа құралдар мен технологиялардың пайда болуын білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1123928?lang=kk
Қостанай облысында алғашқы күн электр станциясы іске қосылды 11.12.2025
Қостанай облысында өңірдің энергетикалық дамуы үшін тарихи маңызы бар оқиға болды — Б.Майлин ауданында қуаты 22,6 МВт болатын алғашқы күн электр станциясы пайдалануға берілді. Жобаны АО «Варваринское» компаниясы жүзеге асырды. Бұл нысан Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерін дамыту және Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі «жасыл» генерация үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды.Станцияның салтанатты түрде іске қосылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, өңір үшін бұл қадамның ерекше маңызын атап өтті:«Бұл электр станцияларының іске қосылуы энергия ресурстары тапшылығын айтарлықтай қысқартып, жаңа инвестициялар тартуға және ірі жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастырады. Жасыл энергетика – жаңғырудың, инновациялардың және өңір болашағына деген жауапкершіліктің нышанына айналып келеді», – деді облыс әкімі.Өңірдегі алғашқы күн станциясы: экономика мен экологияға қосқан үлесЖаңа күн электр станциясы заманауи жоғары тиімді күн панельдерімен жабдықталған және Қостанай облысындағы алғашқы нысан болып табылады. Қуаты 22,6 МВт болатын станция мыңдаған тұрғын үй мен кәсіпорындарды электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жоба өңір экономикасы үшін де маңызды. Оның құрылысына 7,2 млрд теңге инвестиция салынды, нәтижесінде 16 тұрақты жұмыс орны ашылды. Күн энергиясының пайдаланылуы электр қуатына жұмсалатын шығындарды едәуір азайтады. Сонымен қатар, «таза» энергия өндіру дәстүрлі энергия жүйесіне түсетін жүктемені төмендетіп, көмірқышқыл газының шығарылуын азайтады. Бұл станцияны экономикалық тұрғыдан тиімді әрі экологиялық маңызы жоғары жобаға айналдырады.Solidcore Resources бас атқарушы директоры Виталий Несис жобаның компания стратегиясындағы орнын атап өтті:«Біз өндірісіміздің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтып, оның энергия тиімділігін арттыруға ұмтыламыз. Жаңа күн электр станциясы бізге осы мүмкіндікті беріп отыр. Бұл нысан – Қостанай облысын дамытуға қосқан үлесіміз және жауапты әрі инновациялық өндірістің айқын мысалы», – деді ол.Жоба аясында жалпы ауданы 98 000 м² болатын 36 мыңнан астам күн панелі орнатылды. Күн станциясының жылдық өндірісі шамамен 28,5 млн кВт/сағатты құрайды.Энергетикалық көшу: өңір даму қарқынын үдетудеҚазақстан энергетикалық жүйені жаңғыртуды жүйелі түрде жалғастырып келеді, бұл жерде Қостанай облысы да белсенді рөл ойнауда. Бүгінде өңір 0,45 ГВт электр қуатын тұтынса, соның тек 0,12 ГВт-ын ғана өзі өндіреді. Қазіргі таңда Арқалық пен Қостанай ауданындағы екі жел электр станциясы өңірдегі жалпы генерацияның 37%-ын қамтамасыз етіп отыр.Облыс әкімі атап өткеніндей:«Біздің мақсат – тек электр энергиясы өндірісін арттыру ғана емес, өңірді ұзақ жылдар бойы тұрақты дамытатын экологиялық таза, тиімді энергетикалық жүйе қалыптастыру».Жаңартылатын энергияның алты ірі жобасыБиыл облыста жалпы құны 560 млрд теңге болатын жаңартылатын энергия көздеріне арналған 6 ірі жоба іске асырылуда. Олардың қатарында – төрт жел станциясы, күн электр станциясы және газ-поршеньді электр станциясы бар.Бұл нысандардың іске қосылуы облыстың электр энергиясын өндіру көлемін 10 есеге – 0,12 ГВт-тан 1,2 ГВт-қа дейін арттырып, аймақтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Осы алты жобаның екеуін АО «Варваринское» жүзеге асыруда:күн электр станциясы (СЭС),газ-поршеньді электр станциясы (ГПЭС).Газ-поршеньді станция: өңірдің энергетикалық тұрақтылығын күшейтуҚазан айында қуаты 40 МВт, құны 14,3 млрд теңге болатын газ-поршеньді электр станциясының құрылысы басталды. Станция іске қосылғаннан кейін электр жүйесіндегі пиковый жүктемелерді өтеу үшін маневрлік қуат көзіне айналады.Екі жоба да кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр.Газ станциясы күн станциясының тәуліктік тұрақсыз өндірісін теңестіріп, түнгі, таңғы және кешкі уақытта қажетті электр қуатын өндіріп отырады. Сонымен қатар, станция АО «KEGOC»-тың сұранысына сәйкес жүйелік операторға реттеуші қуат беретін болады.Бұл – еліміздегі «жасыл» энергия мен маневрлік газ генерациясы ұштасқан алғашқы кешенді жобалардың бірі.Өңір дамуы мен инновациялар жолындаЖаңартылатын энергия көздері бойынша жаңа нысандардың іске қосылуы энергия тапшылығын азайтып қана қоймай, инвестиция тартуға, өнеркәсіпті дамытуға және өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін күшейтуге қолайлы жағдай қалыптастырады.Қостанай облысында іске қосылған алғашқы күн электр станциясы – инновациялардың, технологиялық жаңарудың және өңірдің болашағына деген жауапкершіліктің айқын белгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1123865?lang=kk
ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөніндегі тұрақты комитетінің (АҚТК) 47-сессиясына қатысты 11.12.2025
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Вице-министр ДЗМҰ басшылығына жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырып, Қазақстандағы зияткерлік меншік саласында жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдағандары үшін алғысын білдірді.Қазақстан делегациясы сессияға қатысушыларға елде жүргізіліп жатқан ұлттық реформалар жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, құқықтарды ұжымдық басқару жүйесінің ашықтығын, есептілігін және тиімділігін арттыруға арналған Біртұтас цифрлық платформаны (БЦП) іске қосу барысы таныстырылды. Сонымен қатар бұл платформа ұжымдық басқару саласындағы заманауи цифрлық тетіктер мен ашықтықты арттыруға қызығушылық танытқан халықаралық кәсіби ұйымдарға да ұсынылды.ДЗМҰ алаңында Индонезия Сыртқы істер министрінің орынбасарымен, сондай-ақ Бразилия мен Сауд Арабиясының өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті. Тараптар авторлық құқық саласындағы цифрландырудың өзекті бағыттарын, ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін және цифрлық ортада сыйақыны әділ бөлуге қатысты халықаралық тетіктер әзірлеу жөніндегі Индонезия ұсынған бастаманы талқылады.ДЗМҰ басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, ДЗМҰ Бас директорының орынбасары Сильви Форбенмен өткен кездесуде Қазақстанның құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарын цифрландыру бағытындағы тәжірибесі ұсынылды. Форбен ханым елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың өзектілігін атап, жобаның әрі қарай жалғасуына қызығушылық білдірді. Ол бастаманың жаңашылдығын және оның халықаралық кәсіби орта үшін ерекше маңызды екенін баса айтты.Сонымен қатар өтпелі экономикасы бар елдер департаментінің директоры Хабип Асан, Application Incubator директоры Гленн Макстравик және авторлық құқық бойынша аға сарапшы Мишель Алиенмен бірқатар жұмыс кездесулері ұйымдастырылды. Кездесулер барысында ынтымақтастықтың өзекті бағыттары мен ДЗМҰ-ның технологиялық бастамалары, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалану және тауар белгілерін сараптаудағы заманауи тәсілдер қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1123737?lang=kk
Дохада өтетін І Халықаралық әскери музыка фестивалінде Орталық әскери оркестр өнер көрсетеді 11.12.2025
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі мен Құрмет қарауылы ротасы Катарда өтетін І Халықаралық әскери музыка және марштар фестиваліне қатысады. Бұл мәдени шара елдің Ұлттық күні аясында ұйымдастырылып отыр. Фестиваль репертуары туралы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрінің бастығы подполковник Мақсат Шәкенов айтып берді. – Фестивальде биыл 100 жылдығын атап өткен қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің әуендерінен попурри орындаймыз. Сонымен бірге көрермендерді Катардың танымал патриоттық әнімен қуантамыз. Біздің бағдарламамызды фольклорлық-этнографиялық оркестр, би тобы және Құрмет қарауыл ротасының дефилесі толықтырады, – деді ол. Фестивальге Ұлыбритания, Иордания, Ирландия, АҚШ, Оман, Түркия және өзге де елдердің шығармашылық ұжымдары қатысады. Сондай-ақ Катардың элиталық әскери-музыкалық топтары өнер көрсетеді. Қазақстандық әскери қызметшілер ел астанасының түрлі алаңдарында өз шеберлігін паш етіп, Ұлттық күнге арналған парадқа және гала-концертке қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1123588?lang=kk
Қытай компаниясы Қазақстанның электр энергетикасын жаңғырту бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастыруда 11.12.2025
Астана, 2025 жылғы 10 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек «Zhongyoung Power (Yunxi) Group Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Ли Цзяньцзянмен кездесті. Кездесу барысында қытай тарапы Қазақстанның электр энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға инвестор ретінде қатысуға мүдделілік танытты.Қытайлық компания «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасына қатысуға ниет білдірді. Бұл бағдарлама аясында жөндеуді, жаңартуды және қайта құруды қажет ететін нысандардың кең тізімі айқындалған. Ли Цзяньцзян атап өткендей, «Zhongyoung Power» компаниясы мемлекеттік-жекешелік серіктестік (МЖС) және тарифтік модель арқылы инвестицияны қайтару сияқты халықаралық тәжірибеде қолданылатын қаржыландыру тетіктерін қарастыруға дайын. Сонымен қатар ол жобаларды іске асыру кезінде Қазақстанда өндірілген жабдықтар мен трансформаторларды пайдалануға ниетті екенін айтты.Тараптар компанияны қосалқы станцияларды жаңғырту, ескі жабдықтарды ауыстыру, жаңа трансформаторлық қуаттар салу және орта және жоғары кернеулі желілерге заманауи шешімдерді енгізу бағыттарына тарту мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу барысында Ә.Қуантыров Қазақстан үшін энергетика секторын жаңғырту стратегиялық басымдық болып саналатынын атап өтті және бұл үдеріс халықаралық тәжірибесі бар сенімді технологиялық серіктестерді тартуды талап ететінін айтты. Ол қолданыстағы заңнама шеңберінде МЖС және тарифтік тетіктерді қолдану мүмкін екенін атап өтті. Сонымен бірге министрдің орынбасары компанияға жабдықтардың бір бөлігін Қазақстанда өндіруді локализациялау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және энергетика саласындағы ұзақ мерзімді жобалар кезінде жергілікті кәсіпорындармен кооперацияның әлеуетін атап өтті.Өз кезегінде М.Сұлтанбек мемлекеттік қолдау құралдары және энергия желілерін жаңғыртудың ұлттық және өңірлік бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Ол Қазақстанның электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, энергия тиімділігін жоғарылатуға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін атап өтті.Тараптар өндірісті локализациялау мен жобалардың техникалық параметрлерін бағалауды қоса алғанда, ықтимал ынтымақтастық нысандарын егжей-тегжейлі талқылауды жалғастыруға уағдаласты. Сондай-ақ қытай делегациясы үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен жеке кездесу ұйымдастырылып, онда салалық талаптар, инфрақұрылымдық қажеттіліктер және энергетика секторындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды.«Zhongyoung Power» – Қытайдағы үш ірі электр жабдықтарын өндіруші компанияның бірі, ол қуатты трансформаторлар мен энергия жүйелеріне арналған кешенді шешімдерді әзірлейді. Компания Шығыс Еуропа елдерінде энергетикалық нысандарды жаңарту мен қайта құруда үлкен тәжірибе жинақтаған және қосалқы станцияларды, трансформаторлық қуаттарды және электр тарату жүйелерін жаңғырту жобаларын іске асырады. «Zhongyoung Power» жобаларды жабдық өндіруден бастап EPC-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді пайдалануға дейін толық цикл бойынша жүзеге асырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1123474?lang=kk
Ұлттық қорғаныс университетінде донорлық акция өтті 11.12.2025
Бұл күні ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушылары, магистранттары мен сержанттары – барлығы 110 әскери қызметші қан тапсырды. Донорлық қан шұғыл операциялар жүргізу, зардап шеккендерге көмек көрсету және пациенттерді емдеу үшін медициналық ұйымдарға жіберіледі. Университетте қан мен оның компоненттерін ерікті түрде тапсыру тәжірибесі бұрыннан келе жатқан дәстүрге ие.ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков ерікті түрде донор болу отандық медицинаны қолдауға, әскери қызметшілердің өмірін сақтап қалуға және әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға бағытталған құндылықтар жүйесін қалыптастырады деді.Ұлттық қорғаныс университетінде өз еркімен қан тапсыру акциясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» РМК көшпелі бригадасының қатысуымен ұйымдастырылды. Медицина мамандары да өз кезегінде әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын тексеріп, тиісті ұсыныстар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1123262?lang=kk
Қазақстан мен Канаданың СІМ басшылары серіктестікті нығайту бағытын растады 10.12.2025
Астана, 2026 жылғы 15 маусым – Канадалық тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Канаданың Сыртқы істер министрі Анита Анандпен телефон арқылы сөйлесті.Е.Көшербаев осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сұхбаттасын алдағы Канада күнімен құттықтады. Ол екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, тауар айналымының оң серпінін, сондай-ақ канадалық компаниялардың қатысуымен бірқатар ірі инвестициялық жобалардың іске асырылып жатқанын атап өтті.Өз кезегінде А.Ананд канадалық тараптың сауда-экономикалық, энергетикалық, инвестициялық, инновациялық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті, сондай-ақ жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогты және өзара сапарларды қолдауға дайын екенін жеткізді.Министрлер халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері және көпжақты форматтардағы өзара іс-қимылдың өзекті қырлары бойынша да «сағаттарды теңестірді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1241248?lang=ru
Ақтөбе облысында сауда үстемесін арттырған 116 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды 10.12.2025
2025 жылдың басынан бері Ақтөбе облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін сақтау талабын бұзған сауда субъектілеріне қатысты бірқатар жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде 116 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің аналитикалық әзірлемелер басқармасымен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша баға қалыптастыруға терең талдау жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде елеулі заң бұзушылықтар анықталды. «Элит Продукт» ЖШС сары май, жұмыртқа және ұн өнімдерін белгіленген шекті сауда үстемесінен бес еседен артық өсіммен сатқан. Жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін компания ӘҚБтК-нің 204-4-бабы 2-бөлігі бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. «Қазбергенова» жеке кәсіпкері де сауда үстемесін белгіленген нормадан 3,5 есе артық қолданған. Қайталама құқық бұзушылыққа байланысты ол да осы бап бойынша 10 АЕК айыппұлмен жауапкершілікке тартылды. «НуроптТорг» ЖШС сауда үстемесін 3,5 есе арттырғаны үшін ӘҚБтК-нің 204-4-бабы 1-бөлігі бойынша 5 АЕК айыппұл төледі.Әрбір анықталған факті бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар тағайындалды және бағаларды заңнамаға сәйкес келтіру туралы міндетті нұсқамалар берілді. Департамент барлық сауда субъектілері үшін сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау міндетті екенін атап өтеді, ал кез келген заң бұзушылық заңнамаға сәйкес қатаң бақыланады.2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы ӘҚБтК-нің 204-4-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша 412 860 теңгені, 193-бап бойынша 141 552 теңгені құрады. Департамент бөлшек сауда нарығын бақылауды жалғастырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1123027?lang=kk
ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік аудиттің цифрлы моделіне толығымен ауысып жатыр 10.12.2025
Қазақстанда сын-қатерді дер кезінде анықтап, кез келген кемшілікті қашықтан бұғаттауға септесетін мемлекеттік аудиттің превентивті цифрлы моделі енгізіліп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров айтты.Талдаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу, мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау және нақты уақыт режімінде мониторинг жүргізу үшін жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалану ведомствоның стратегиясына айналды. «Мемлекеттік жоспарлау» жүйесіндегі жаңа онлайн-бюджеттік мониторинг есебінен бюджет бекітілгенге дейін 2026-2028 жылдарға арналған сомасы 1,5 трлн теңге болатын шығыстарды негізсіз жоспарлау анықталып, жолы кесілді.Е.Мыңжасаров айтқандай, министрліктің цифрлы шешімдері әлеуметтік салада 1,4 млрд теңгеге жалақы төлеу кезінде алаяқтық схемаларды әшкерелеуге септігін тигізді. Автоматтандырылған мониторинг тәсілі білім беру саласында жалақыны есептеу түріндегі ақша жымқыру деректерін жүйелі түрде жоюға мүмкіндік береді.Мемлекеттік сатып алуды бақылау шеңберінде биыл онлайн-мониторингпен 1,1 трлн теңгеге 5 мыңға жуық төлем қамтылды. Оның ішінде 184,2 млрд теңгеге 694 тәуекел аударымы анықталды. Аудит нәтижелері бойынша 59,5 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар тіркеліп, қызмет көрсетушілерге (жеткізушілерге) 237 млн теңгеден астам сомаға тұрақсыздық айыбы салынды.2021 жылдан бастап толық енгізілген электронды аудит өз тиімділігін көрсетті. Бұл тетік іске қосылған сәттен бастап 804 аудиторлық іс-шара қашықтан өткізіліп, 120 млрд теңгеден астам сомаға кемшіліктер әшкере болды. Аталған жүйе адам факторының алдын алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтты және бір аудиторға жұмсалатын іссапар шығынын шамамен 4,5 есе азайтты.Қолға алынған жұмыстың тиімді модельдері халықаралық деңгейде атап өтілді. Айталық, PEMPAL ішкі аудиторлар қауымдастығы цифрландырудың қазақстандық тәжірибесін жоғары бағалады. Комитеттің «Ішкі аудиттің тиімділігі» көрсеткіші бойынша қызметі Дүниежүзілік және Азиялық даму банктерінің сарапшылары тарапынан максималды «А» бағасына ие болды.«Алдымызға қойылған ауқымды міндеттердің бірі комитеттің аудиторлық қызметін толықтай цифрлы форматқа ауыстыру. Бұл мемлекеттік қаражаттың қозғалысын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл Мемлекет басшысының тапсырмасына толық сай келеді. Біздің мақсатымыз - мемлекеттік органдардың жұмысын барынша ашық әрі тиімді ету», деп қорытындылады ІМАК төрағасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1122931?lang=kk
Қорғаныс министрі «Голос. Дети» байқауының финалисі Жасмина Тузелованы құттықтады 10.12.2025
«Жас сарбаз» балалар студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Тузелова Мәскеуде өткен «Голос. Дети» шоуының он екінші маусымында үшінші орынға ие болды.Астанаға оралған соң Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов он екі жастағы Жасмина Тузеловамен кездесіп, маңызды жетістігімен құттықтады.Кездесу басында «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушісі туралы бейнеролик көрсетілді. Онда «Голос. Дети» шоуының кезеңдері, Жасминаның сұхбаттары және қызының жетістігіне қуаныштарын білдірген ата-аналарының пікірлері қамтылған.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов ата-аналарға ерекше алғыс білдірді. Жасминаның әкесі – Ауған соғысының ардагері, анасы – кәсіби музыкант.– Кез келген байқау – ата-аналар үшін үлкен сынақ. Жасминаның батылдығы мен патриоттық сезімі – талай қиындықты еңсеріп, жігерін сақтай білген әкесінің мінезінің көрінісі. Ал вокалдық шеберлігі – анасының еңбегі. Оның кәсіби білімі мен қолдауы бұл жетістікке жетуде шешуші рөл атқарды, – деп атап өтті қорғаныс министрі.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов сондай-ақ Жасминаның жетістігі «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының барлық тәрбиеленушілері үшін шабыт беретін үлгі болғанын айтты.– Жасмина сияқты дарынды, еңбекқор балалардың өсіп келе жатқаны – еліміздің жарқын болашағының айғағы. Шығармашылық жолың жаңа шыңдарға жетелеп, талантыңның барлық қырын ашуға мүмкіндігің болсын, – деп тіледі министр.Жас дарынның жетістігін мойындау белгісі ретінде Дәурен Қосанов Жасмина Тузеловаға алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті. Өз кезегінде «Жас сарбаз» студиясының тәрбиеленушісі аңызға айналған «Әлия» әнін орындап, жиналғандарды ерекше толқытты.Салтанатқа қатысқан Жасминаның ата-аналары Мұратбек және Гүлзия Өтеевтер де сөз сөйлеп, қызына көрсетілген назар мен қолдау үшін қорғаныс министріне ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1122713?lang=kk