Астанада кальян шеккені үшін 17 адам мен мекеме иесіне айыппұл салынды

Астанада кальян шеккені үшін 17 адам мен мекеме иесіне айыппұл салынды

24.02.2025 03:08:14 143

Елорданың Алматы ауданында темекі өнімдері мен кальянды заңсыз тұтынудың алдын алу мақсатында ойын-сауық орындарында кезекті түнгі рейд өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
21 ақпанға қараған түні Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция департаментімен бірлесіп, рейд жүргізді.
Тексеру барысында тұтынушылар мен мекеме иелеріне ӘҚБтК-нің 441-бабы «Темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу» бойынша 17 хаттама толтырылды. Бұл бұзушылық үшін жеке тұлғаларға 15-тен 50 АЕК-ке дейін (2025 жылы 55 380 теңгеден 184 600 теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған.
«Құқықтық тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы мұндай тексерулер қоғамдық орындарда шегуді азайтуға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің сақталуын барынша тиімді бақылау үшін тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943358