Шымкентте Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды

Шымкентте Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды

15.08.2025 15:32:35 188

Шымкентте қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге «Жұлдыз» және «Жалын» тұрғын алаптарына көгілдір отын тарту рәсіміне қатысты.

Айта кету керек, газ құбырларының құрылысы өткен жылдың тамыз айында тұрғындармен көшпелі кездесулер барысында айтылған қала тұрғындарының өтініші бойынша басталған болатын. Бүгінде «Жұлдыз» шағын ауданында 834, «Жалын» шағын ауданында 566 абонент көгілдір отынға қол жеткізді.

Барлығы 33 шақырымнан астам газ құбыры тартылды. Соның арқасында екі тұрғын аудан да экологиялық таза және қолайлы отын түрімен толық қамтамасыз етіліп, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын одан әрі дамытуға және жақсартуға жағдай жасауда.

Қала әкімі тұрғындарды көптен күткен оқиғамен құттықтап, жұмыстарды сапалы әрі дер кезінде аяқтаған мердігерлерге алғысын білдірді.

Айта кету керек, газға қосылу үшін тұрғындар техникалық шарттарды алуға өтініш беруі керек. Мұны eGov Mobile қосымшасы немесе egov.kz электронды үкімет сайты арқылы жасауға болады.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі