Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша семинар
22.08.2025 17:37:54 6800
2025 жылғы 10 желтоқсанда Тарбагатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкерлерге арналған 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін салық кодексіндегі өзгерістер бойынша семинар өткізілді:
корпоративтік табыс салығы бойынша алдын ала төлемдердің есептелу тәртібінің өзгеруі;
қосылған құн салығындағы (ҚҚС) өзгерістер;
электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) үшін жаңа функциялар мен міндеттер;
әлеуметтік салық мөлшерлемесінің 6%-ға дейін төмендеуі;
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін әлеуметтік салық режимінің тізімі мен шарттарының өзгеруі;
салық режимдері арасында өту тәртібінің өзгеруі.
Семинар барысында салық төлеушілердің барлық сұрақтарына жауап берілді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1123038?lang=kk