Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттері арқылы тауарларды шығару уақытына зерттеу жүргізу туралы
27.08.2025 15:22:52 133
Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда рәсімдерін оңайлату туралы Келісімінің 6.1-тармағына, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың (Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Ветеринариялық бақылау және қадағалау және мемлекеттік инспекция комитеттерінің) бірлескен бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 11-18 тамыз аралығында автомобиль өткізу пункттерінде тауарларды (ИВВ) шығарудың орташа уақытына зерттеу жүргізілді.
Есептеу автокөлік құралы шекаралық және кедендік бақылау аймағына кірген сәттен бастап мемлекеттік бақылаудың барлық түрлерінен – шекаралық, кедендік, көліктік, ветеринариялық, фитосанитариялық, санитариялық-карантиндік және радиациялық, сондай-ақ кедендік декларациялау уақытынан өтуді қоса алғанда, тауарлардың нақты шығарылуына дейін жүргізілді.
Зерттеу қорытындысы бойынша өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақыты: «Нұр Жолы» – 1 сағат 31 минут, «Алакөл» – 42 минут (облыс Жетісу), «Қонысбаева» – 1 сағат 30 минут, «Қазығұрт» – 1 сағат 30 минут, «Атамекен» – 1 сағат 30 минут (Түркістан облысы), «Бақты» – 1 сағат 17 минут (Абай облысы), «Қалжат» - 43 минут (Алматы облысы), «Майқапшағай» - 1 сағат 08 минут (ШҚО), «Тәжен» - 1 сағат 20 минут, «Темір баба» – 1 сағат 15 минут (Маңғыстау облысы) құрады.
Алынған нәтижелер мемлекеттік бақылау рәсімдерін жетілдіруге, өткізу пункттері жұмысының тиімділігін арттыруға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін сервис деңгейін одан әрі оңайлатуға және халықаралық сауданы дамытуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1057693?lang=kk