Бангкокта БҰҰ ЭСКАТО-ның 82-сессиясының қорытындылары мен Қазақстанның су қауіпсіздігі бастамалары талқыланды

Бангкокта БҰҰ ЭСКАТО-ның 82-сессиясының қорытындылары мен Қазақстанның су қауіпсіздігі бастамалары талқыланды

09.05.2026 15:57:44 59

2026 жылғы 5 мамыр, Бангкок - БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) Атқарушы хатшысының орынбасары Лин Янг және БҰҰ АзТМЭӘК Атқарушы хатшысының Аппаратындағы бас лауазымды қызметкер Митчелл Хсие қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында БҰҰ АзТМЭӘК-ның жақында аяқталған 82-сессиясының қорытындылары талқыланып, оның практикалық сипаты және Азия-Тынық мұхиты өңірінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қол жеткізілген келісімдер атап өтілді. Цифрландыру, тұрақты даму және көпжақты ынтымақтастықты кеңейту салаларында қабылданған шешімдерге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың кең ауқымды бағыттары бойынша бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасу өтті.

Өз кезегінде 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары туралы ақпарат берілді. Саммит аясында су қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бастамалар талқыланып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасы бойынша жаңа Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық консультациялардың алғашқы кезеңі өтті.

Сонымен қатар аталған іс-шара шеңберінде жаһандық су ресурстарын басқарудың болашақ архитектурасы, болашақ институттың мандаты мен функциялары, сондай-ақ су саласындағы күн тәртібін үйлестірудегі БҰҰ-ның рөлі мәселелері қарастырылғаны атап өтілді.

Сондай-ақ халықаралық дипломаттарды Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформалар және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы негізінде өтетін алдағы парламенттік сайлаулар туралы хабардар етті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1216479?lang=kk