«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты салтанатты жиын.
12.05.2026 09:09:34 213
Бастаушы ауылдық округі бойынша 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ардагерлерге арналған ескерткіш алаңында «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты салтанатты жиын өтті. Тағылымды шара барысында Отан үшін жанын қиған боздақтар рухына тағзым жасалып, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі құрметпен еске алынды. Жиналған қауым Жеңіс жолында ерлік көрсеткен батырлардың рухына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух қалыптастырып, тарихи жадымызды жаңғырту, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру болды.
Салтанатты жиыннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Абай атындағы орта мектебінің ауласында көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді. Табиғатты аялауға бағытталған игі іске ауыл тұрғындары, ұстаздар мен жастар белсене қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1217386?lang=kk