Нормативтік-құқықтық базаға енгізілген өзгерістер

Нормативтік-құқықтық базаға енгізілген өзгерістер

22.05.2026 16:03:52 319

Салық есептілігінің нысандары, оларды толтыру жөніндегі түсіндірмелер және ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.

Осы бұйрықпен салық Салық есептілігінің нысандарын ұсыну қағидалары, сондай- ақ «Салық есептілігін тоқтата тұру және қайта бастау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілді.

Қосымша атап өткіміз келетіні, салық есептілігін СЕН жіберу кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда, СӘИЖ жүйесінің техникалық қолдау қызметіне knpsd@ecc.kz, ал СЕӨЖ жүйесінің  техникалық қолдау қызметіне sonosd@ecc.kz электрондық пошта мекенжайлары арқылы жүгіне аласыз.

Салық төлеушілерге есептілікті тапсыру мерзімдерін бұзбауға, СЕН-ды жіберер алдында деректерді тексеруге және электрондық сервистерді белсенді пайдалануға кеңес береміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1226384?lang=ru