«Keden» ақпараттық жүйесінде VIN-код арқылы кедендік тазартуды тексеру модулі іске қосылды

«Keden» ақпараттық жүйесінде VIN-код арқылы кедендік тазартуды тексеру модулі іске қосылды

26.05.2026 10:06:14 187

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 11 сәуірден бастап «Keden» ақпараттық жүйесінде «Тауарларға декларация» модулі іске қосылғанын хабарлайды. Аталған модуль аясында тауарларға арналған декларацияны немесе жолаушылар кедендік декларациясын пайдалана отырып рәсімделген көлік құралдарының кедендік тазарту фактісін VIN-код бойынша қарау функциясы іске асырылды.

Сонымен қатар, жүйеде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың тізілімдері, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізілімі, зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімі, мемлекеттік тіркеу куәліктерінің тізілімі, құжаттар мен лицензиялар базасы, сәйкестікті бағалау құжаттары мен техникалық реттеу саласындағы аккредиттеу субъектілерінің тізілімі, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын кедендік тізілімдер қолжетімді.

Аталған функционал лауазымды тұлғалар мен уақытша сақтау қоймаларының иелеріне кедендік декларациялар мәртебелерін салыстыруды және тиісті құжаттарды қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қосымша ретінде, тауарларға арналған декларация мәртебесін оны басып шығару кезінде QR-код арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1228068?lang=ru