Сауда, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық талқыланды
27.05.2026 16:11:16 207Бразилиа, 2026 ж. 26 мамыр – Бразилия Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов пен Әзірбайжан Елшісі Рашад Навруздың бірлескен кездесуі өтті. Кездесуге Бразилия Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық және сауда саясаты жөніндегі директоры, Елші Алекс Джакомелли (Alex Giacomelli) қатысты.
Келіссөздердің негізгі мақсаты - Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ, Middle Corridor) тұсаукесері және Бразилиядан Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказға, содан кейін Оңтүстік Америкаға жүк ағынын арттыру үшін осы сауда бағытын бірлесіп пайдалану бойынша ынтымақтастық құру болды.
Қазақстан Елшісі өз кезегінде, әріптесін Бразилия Сыртқы істер министрі Мауро Виейраның ү.ж. 11 мамырда Астанаға ресми сапарының нәтижелерімен, атап айтқанда, Қазақстан мен Бразилия арасындағы өзара сауданы 1 млрд. долларға дейін арттыру және осы үдерісте Транскаспий көлік дәлізінің әлеуетін белсенді пайдалану жөніндегі уағдаластықтарды таныстырды.
Келіссөздер нәтижесінде Бразилияның экспортты және инвестицияларды ілгерілету жөніндегі агенттігі «ApexBrasil»-де Транскаспий көлік дәлізінің кеңейтілген тұсаукесерін ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Анықтамалық: «ApexBrasil» - бразилиялық тауарлар мен қызметтерді халықаралық нарықтарда ілгерілету және шетелдік инвестицияларды қолдау үшін құрылған ресми бразилиялық үкіметтік ұйым. 2026 ж. 11 мамырда Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраның Астанаға ресми сапары барысында «KAZAKH INVEST»ҰҚ» АҚ пен бразилиялық «ApexBrasil» агенттігі арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1229118?lang=ru