Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Щучинск қаласында әскери колледждердің, мектептер мен лицейлердің тәрбиеленушілері арасында өткен қысқы спартакиаданың қорытындысы шығарылды 05.03.2025
Ақмола облысында әскери колледж кадеттерінің, "Жас ұлан" республикалық мектептерінің және мамандандырылған лицейлердің тәрбиеленушілерінің қатысуымен қысқы спартакиада өтті.Іс-шараны ұйымдастырған Армия орталық спорт клубы жарысты Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырды.Жарыс Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж бен Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында өтті.Чемпион атағы үшін Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларынан төрт команда құрамында 40 спортшы бақ сынасты. Жастар пневматикалық мылтықтан ату, белтемірге тартылу және шаңғы жарыстарында бақ сынасты.Командалық есепте Қарағанды құрамасы, екінші, Астана спортшылары үшінші орынды иеленсе, Шымкент командасы жеңіске жетті.– Спартакиадаға қатысушылар бір-біріне бәсекелес бола отырып, табандылық танытып, жеңіске деген ұмтылыс көрсетті, – деді АОСК спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бастығы подполковник Бекболат Ахметов.Жеке есепте пневматикалық қарудан атудан астаналық Бақтияр Жұмалдинов чемпион атанды. Екінші орынды шымкенттік Еркін Тимур, үшінші орынды қарағандылық Әділбек Есетов иеленді.Белтемірге 30 рет тартылған алматылық Алмат Қожабек үздік атанды. Екінші орынды Алматы командасының өкілі Азамат Сағындық, үшінші орынды қарағандылық Әділбек Есетов иеленді. Шаңғы жарысында Қарағандыдан Нұртілек Дарибай жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды Астана құрамасының өкілдері Бақтияр, Мадияр Жұмалдиновтер алды. Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/951324
Астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту туралы Заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісі бірінші оқылымда мақұлдады 05.03.2025
Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Заң жобасын ұсынды. Жоба Мемлекет Басшысының Астана қаласын дамыту үшін жағдайларды жақсарту және Қазақстанның басқа да ірі қалаларына озық тәсілдерді тарату жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленді.ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл құжат жер қатынастары, сәулет, құрылыс, көші-қон, жарнама, экология және басқа да салалардағы бірқатар өзекті мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті. Өзгерістер 1 Кодекс пен 6 заңға енгізіліп, бірнеше негізгі бағыттарды қамтиды.Негізгі бағыттың бірі-қалалардың сәулеттік келбетін жақсарту. Ол сыртқы жарнамалар мен маңдайшаларды ретсіз орналастыру мәселесін шешуді талап етеді. Заң жобасында Астана мен республикалық маңызы бар қалалар үшін бірыңғай дизайн-кодты бекіту, жарнама объектілерін орнату қағидасын бекіту үшін мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту, ашық кеңістікте аудио жарнамаларды таратуға тыйым салу және тротуарларда, веложолдарда және көшелерде жарнамаларды орналастыруға шектеулерді бекіту ұсынылады.Жобаның тағы бір маңызды аспектісі-жер қатынастарын реттеу. Белгілі бір тұлғалардың меншігінде бола алмайтын жер учаскелеріне құқықтарды қайта ресімдеу тәртібін белгілеу, сондай-ақ аффилирленген компаниялар арқылы жер учаскелерін пайдалануды болдырмау және оларды қаланың мұқтажына пайдалану үшін Жер кодексіне өзгерістер енгізу ұсынылады.Ірі қалалардағы урбанизация және көші-қон процестері жағдайында заң жобасы Астана аумағында тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркеу нормативін бекітуді ұсынылуда. Яғни мәслихат бір азаматқа шаққандағы ең аз шаршы метрді айқындайтын болады.Қалалық инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін жақсарту үшін заң жобасы мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаларын бекіту үшін мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейтуді, сондай-ақ тұрғын аудандарда қорғаныс конструкциялары мен реттеуші элементтерді орналастыру үшін нормаларды белгілеуді көздейді.Жоба сонымен қатар қаланың экологиялық жағдайын қорғау үшін маңызды болып табылатын Астананың "жасыл белдеуін" сақтау шараларын қамтиды. Ұсынылған өзгерістердің қатарында санитарлық қорғау аймағын басқару ережесін бекіту және жасыл аймақтың экожүйесі мен ландшафтына зиян келтіруі мүмкін әрекеттерге тыйым салу бар.Сондай-ақ, жобада айыппұл тұрақтарының жұмысын реттеуді жақсарту және қауіпсіздіктің жоғары талаптарын ескере отырып, олардың тиімді жұмыс істеуі үшін өкілеттіктерді кеңейту ұсынылады.Сонымен қатар, заң жобасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға қатысты ережелерді нақтылайды. Бұл құрылыс салушыларға заң талаптарын айналып өтуге мүмкіндік беретін олқылықтарды жояды.Осы Заң жобасын қабылдау қалалардың инфрақұрылымын жақсартуға, қалалық ортаның қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың өмір сүруі үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Заң жобасы қалаларды тұрақты дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/951286
Қонаев гарнизонында гуманитарлық минадан тазарту курсы өтті 05.03.2025
Минадан тазарту орталығында Қарулы күштердің он төрт әскери қызметшісіне оқ-дәрілер мен жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру және жою курсы ұйымдастырылды. Іс-шаралар әскери қызметшілерді Голан жоталарында бітімгерлік миссияны орындауға даярлау шеңберінде өтті, бітімгерлер онда жарылмаған снарядтардан, жарылыс қаупі бар заттар мен миналардан болатын қатерлерді жою, жергілікті халыққа көмек көрсету міндеттерін орындауы тиіс. – Сабақтарда әскери қызметшілер әртүрлі жарылғыш заттардың жіктелуін, құрамы мен сипаттамаларын, оларды есепке алу және қолдану тәртібін үйренді. Жару жұмыстарын жүргізу және жарылу қаупі бар заттарды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын оқытуға жіті назар аударылды, – деді Қонаев гарнизоны Минадан тазарту орталығының бастығы полковник Самат Мұханов. Практикалық жаттығулар кезінде «Жағалау» оқу-жаттығу полигонындағы арнайы жабдықталған жару алаңында әскери қызметшілер зарядтарды жаруды ату және тоқ қуаты арқылы жеке-жеке іске асырды.Гуманитарлық минадан тазарту курсы аяқталғаннан кейін әскери қызметшілерге біліктілікті арттырғаны туралы куәліктер табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/950993
Алматыда БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті 05.03.2025
Алматы, 2025 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі және БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілдігі «UN Plaza» ғимаратында «Бейбітшілік пен даму жолындағы ынтымақтастық: Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл» атты БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізді.Іс-шара аясында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қ. ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов, ҚР бұрынғы Сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұнғыш Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова және Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек сөз сөйледі. Қытай, Франция және Ресей бас консулдары да сөз сөйледі.Іс-шараға дипломатиялық корпустың өкілдері, БҰҰ агенттіктерінің басшылары, ғылыми орта өкілдері және халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері қатысты.Өз сөзінде Ж.Әбдрашов қатысушыларды Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толуымен құттықтады. Биыл бұл дата БҰҰ-ның 80 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондай-ақ Ұйымның халықаралық қоғамдастықпен жемісті ынтымақтастығы аясында күрделі жаһандық сын-қатерлерді шешудегі жетістіктерін атап өтіп, Қазақстанның осы жылдар ішінде жүзеге асырған сыртқы саяси бастамаларына назар аударды.Конференция барысында қатысушылар БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, адам құқықтары мен тұрақты дамуды ілгерілетудегі рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/951209
Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде өз міндеттемелеріне адалдығын растайды 04.03.2025
Ақпан айында Қазақстан өз міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.2025 жылдың 3 наурызында өткен виртуалды кездесуде бұрын 2023 жылдың сәуірі мен қарашасында қосымша ерікті түзетулер жариялаған сегіз ОПЕК+ елі, атап айтқанда Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман әлемдік нарықтағы жағдайларды және одан әрі перспективаларды қарастырды.Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өтемақы тетігін қоса алғанда, Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша өз міндеттемелерін әлі де толық ұстанатынын растады. Қазақстан 2024 жылғы қаңтардан бастап артық өндірілген көлемдер бойынша өтемақы кезеңінің ертерек айларына үлкен жүктемемен жаңартылған өтемақы жоспарын ұсынуды қоса алғанда, өз міндеттемелерін орындау үшін одан әрі шаралар қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/950892
Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттер конференциясына төрағалық етуде 04.03.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің үшінші конференциясында төрағалық етуді бастады.Өз сөзінде конференция төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин халықаралық жағдайдың күрделілігіне қарамастан, әлемде ядролық арсеналдарды толық жоюды және ядролық қауіп-қатерден азат әлем құруды қолдайтындардың саны артып келе жатқанын атап өтті. Осы жылы Хиросима мен Нагасакиге жасалған ядролық бомбалауға 80 жыл толатынын еске сала отырып, ол мұндай қайғылы оқиғаның енді қайталанбауы үшін қажетті шараларды қабылдау маңызды деген ортақ сенімді білдірді.Шарт аясында еліміз ядролық сынақтардан зардап шеккендерге тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемнің басқа өңірлерінде де көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударады. Осыған байланысты зардап шеккендерге көмек көрсету және қоршаған ортаны қалпына келтіру мақсатында Халықаралық қор құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс ерекше аталып өтті.БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Изуми Накамицу Қазақстанның төрағалығын құптап, еліміздің ядролық қарусыздану процесіне қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.Апта барысында конференция аясында ядролық қарусыздану саласындағы жетекші әлемдік сарапшылардың қатысуымен тақырыптық пікірталастар өтеді, сондай-ақ жұмыстың алдағы бағыттары бойынша жан-жақты пікір алмасу жоспарланған. Пікірталастарға ресми тұлғалармен қатар азаматтық қоғам өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері, ядролық сынақтардан зардап шеккендер және Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің көптеген елдерінің өкілдері қатысады.Форум қорытындысы бойынша қатысушылар антиядролық шартты іске асырудың ең өзекті мәселелері бойынша саяси декларация мен бірқатар шешімдер қабылдауды жоспарлап отыр. Конференция жұмысына Шартқа қатысушы мемлекеттер мен бақылаушы елдердің 75 делегациясы, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген 150-ден астам азаматтық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/950549
Қазақстан СІМ басшысы Оман Елшісін қабылдады 04.03.2025
Астана, 2025 жылғы 4 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оман Сұлтандығының Елшісі Мұхаммад Әл-Бахраниді қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Оман ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидидің жақында Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарының қорытындыларын қанағаттанушылықпен атап өтіп, сапар аясында қол қойылған Жол картасын іске асыру үшін бар күш-жігерін салуға келісті.Сондай-ақ қолданыстағы құрлық және теңіз маршруттарын кеңейту арқылы сауда және логистикалық байланыстарды нығайтуды қоса алғанда, маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.Сонымен қатар мүдделі тараптармен логистикалық мүмкіндіктерді бірлесіп дамыту үшін жұмыс топтарын құру туралы келіссөздерді бастауға дайын екені айтылды. Сондай-ақ Оманның Қазақстан мен көрші елдер үшін тікелей инвестициялар қорын құру жөніндегі бастамасы қолдау тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/950699
Қостанай облысында туризмді дамыту туралы 04.03.2025
Соңғы уақытта елімізге туристік бағыт ретінде қызығушылық айтарлықтай артты. Осыған байланысты отандық және шетелдік туристерді көбірек тарту мақсатында ұсынылатын қызметтер аясы кеңеюде. Қазақстан бұл тұрғыда өте алуан түрлі – қар басқан тау шыңдарынан бастап құмды бархандар мен кең жазықтарға дейінгі табиғи көріністерімен ерекшеленеді.Біздің облыс та бұл үрдістен қалыс қалмай, экологиялық, сауықтыру және қажылық туризмін дамытуға әлеуеті бар аймақ ретінде танылуда. Өңір аумағында мәдени-танымдық туризмнің негізі болатын құнды тарихи және рухани ескерткіштер сақталған.2024 жылдың 9 айында облысымызға 160 мыңнан астам отандық және 9 мыңнан аса шетелдік турист келді. Орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің жалпы көлемі 2,6 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2%-ға өсті. Туризм саласына 12 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.Саладағы маңызды инвестициялық жобалардың бірі – Амангелді ауданында салынып жатқан туристік кешен. Бұл жерде қонақүй, сақ саунасы, субұрқақты бассейн, балалар алаңдары, сондай-ақ Тәж-Махал, Мысыр пирамидалары және Эйфель мұнарасы сынды әйгілі сәулет ескерткіштерінің көшірмелері орналаспақ.Сонымен қатар, Қазақстанның тарихи құндылықтарын сақтау мақсатында Ұлттық жады қабырғасы мен музей салу жоспарлануда.Облыстағы экологиялық туризмнің орталығы – ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандары тізіміне енген Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы. 1931 жылы құрылған бұл қорықтың флорасы мен фаунасы 687 өсімдік түрін, 318 құс және 45 сүтқоректі түрін қамтиды.Экотуристер үшін ұзындығы 185 шақырымды құрайтын 6 экскурсиялық соқпақ пен маршрут жұмыс істейді.Сонымен қатар, өңірде туризмді одан әрі дамыту мақсатында қызмет көрсету саласын, соның ішінде әуе көлігі инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.«Қостанай» халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы мен терминалы халықаралық стандарттарға сай жаңғыртылды. Енді әуежай 200 тоннаға дейінгі салмақтағы әуе кемелерін қабылдай алады. Сондай-ақ, терминал аумағы кеңейтіліп, жолаушыларды өткізу қабілеті артты, ұшып кету және келу аймақтарына телескопиялық трап орнатылды.Алдағы уақытта Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жоспарланған. Ұшу-қону жолағын жөндеу, жаңа терминал салу, метеорологиялық және радиотехникалық құрал-жабдықтар, арнайы техникалар сатып алу көзделіп отыр.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы халықаралық келісім аясында Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде – тарихи табиғи мекенінде – Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.2024 жылдың маусым айында Амангелді және Жангелдин аудандарында орналасқан «Әлиби» реинтродукция орталығына алғашқы 7 Пржевальский жылқысы жеткізілді. Жалпы саны 40 жылқыны жерсіндіру жоспарланған.Осылайша, өңірде көлік инфрақұрылымын дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл шаралар аймақтың туристік әлеуетімен ұштасып, тек отандық қана емес, шетелдік туристерді де тартуға мүмкіндік береді. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман ӘБЕНОВ-тың,«Костанайские новости» газетіне берген сұхбатынанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/950391
Технологиялар және стратегия: оқушылар «Геотактика» виртуалды полигонында сайысқа түсті 04.03.2025
Шахтерлер қаласында «Геотактика» жаттығу құрылғысында оқушыларды әскери-тактикалық даярлау бойынша I Республикалық жарыс өтті. Оларға 60-тан астам команда құрамында облыс орталығындағы мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың 10-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар әскери топография, атыс жаттығулары және FPV дрондарын басқару жаттығуларында бақ сынасты. Өзара іс-қимыл және басқару машықтарын дамытуға алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдерінің оқу құралы ретінде қызмет ететін «Геотактика» симуляторы көмектеседі. Виртуалды жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаз команда мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.Оқушыларды Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева құттықтады. Ол Қорғаныс министрі әскерлерді басқаруда цифрлық технологияларды енгізуге ерекше назар аударатынын атап өтті. – Виртуалды жаттықтыру кешені командада жұмыс істеуді қажет ететін әртүрлі жағдайларды модельдеуге мүмкіндік береді. Бүгін біз жігіттердің заманауи технологияларды тез және сәтті игеріп жатқанына көз жеткіздік. Бұл әскерге шақыруға дейінгі жастарды дайындауда өте маңызды, – деп атап өтті А. Төлембаева.Сайыста № 32 мектептің оқушылары жеңіске жетті. Сыйлық ретінде командаға ұшу трассасының жабдықтары бар FPV дроны мен симулятордағы дронды басқару пульті табысталды. Екінші орынды № 19 мектептің оқушылары, үшінші орынды Абай атындағы мектеп-гимназиясының командасы иеленді. Жүлдегерлерге сыйлық ретінде тренажердағы дронды басқару пульті берілді. «Геотактика» симуляторы - 2023 жылы Қорғаныс министрлігінің Defence Tech Battle стартаптар байқауында қорғаныс саласындағы үздік инновациялық технология деп танылған қазақстандық компанияның өнімі. Бұл тренажер әртүрлі ұрыс іс-қимылдарының сценарийлері мен тактикалық жағдайларды дәл көрсететін функциональдық мүмкіндіктерге ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/950139
Алматы облысындағы аграрлық маусым 04.03.2025
Биыл аймақтағы егістік алқаптарының көлемі 427,7 мың гектарға жеткізілетін болады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,8 мың гектарға көп. Негізгі өсім дәнді және жем-шөп дақылдарына тиесілі. Көктемгі жер жырту және ылғал жабу жұмыстары 357,2 мың гектар аумақта жоспарланған. Өсімдік шаруашылығы саласын қолдауға биыл жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. Қаражат тұқым шаруашылығын дамытуға, басым дақылдарды қолдауға және тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталады. Суармалы су құнын арзандатуға 750 млн теңге бөлінді.Сонымен қатар, «Кең дала» бағдарламасы аясында аграршыларға 15,7 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінді, бүгінде «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-на 1,3 млрд. теңгеге 36 шаруашылық өтінімін өткізген. Қазіргі уақытта Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр, фермерлер қажетті тұқым қорымен қамтылған. Жеңілдетілген бағамен, яғни литрі 250 теңгеден 4 650 тонна дизель отыны бөлінді, мұнай базаларынан алу 20 наурызда басталады.-«Облыста 16,0 мың тонна минералды тыңайтқыш алынып, қосымша 77 шаруашылық «ҚазАзот» АҚ-мен 1334 тонна тыңайтқышқа келісім-шартқа отырған (Еңбекшіқазақ – 53 шаруашылық 1097 тонннаға, Ұйғыр – 22 шаруашылық 164 тоннаға, Іле – 2 шаруашылық 73 тоннаға). Жалпы биыл минералды тыңайтқышты қолдану көлемі 25%-ға ұлғайып, 60,8 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Біз ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға күш салудамыз. Бұл топырақ құнарлылығын сақтай отырып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту маңызды мәселе болып қала бермек. Қазіргі таңда облыстағы техниканың 58%-ы 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Осыған байланысты, биыл 665 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу көзделуде. Фермерлер үшін қолайлы жағдай жасау басты мақсаттардың бірі болып табылады.Су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны төмен. 2024 жылы жоспарланған 70,5 мың гектардың орнына тек 43,6 мың гектарға ғана енгізілді. 2025 жылы бұл көрсеткішті 93,6 мың гектарға жеткізу және жобалардың орындалуын қатаң бақылау жоспарланып отыр. Бақылауды күшейтіп, аграршыларға судың тапшылығын еңсеруге көмектесу үшін қосымша қаражат бөлінді.2024 жылы облыстың ауыл шаруашылығына құйылған инвестициялар көлемі 25,1 млрд теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 41,2%-ға артты.Азық-түлік өндірісіне салынған қаржы 19,2 млрд теңгені құрады. Инвестициялардың өсуі аграрлық сектордың тартымдылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Жергілікті билік фермерлерді ресурстармен, қаржыландырумен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етті, енді ұсынылған қолдауды тиімді пайдаланып, егіс науқанын табысты өткізу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/950132
Ұзақ мерзімді кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік инфляциядан айтарлықтай асып түсіп, одан әрі еселене түсуде 04.03.2025
1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 966,41% көрсетті. Ал осы бүкіл кезеңдегі инфляция 837,99 % тең. Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған абзал. Қысқа мерзімді (апталық, айлық және т.б.) деректер көрсеткіш бола алмайды. Өйткені олар нарықтық жағдайдың үнемі ұшырайтын өзгерісіне тәуелді. 12 айдағы инвестициялық қызметке жасалған талдау бұл деректің растамасы: 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) басқаратын, міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған және соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 15,66%, бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 8,90% болды.Бәрімізге белгілі, ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтері Қазақстанда және шетелде нарықтық шарттарда әртүрлі валюталарда инвестицияланады. Белгілі бір құралдарға қаражат салу кезінде жаһандық және ішкі факторлар ескеріледі. Зейнетақы активтерін сақтау және кірістілік алу үшін ҚРҰБ пен ИПБ-лар инвестициялық портфельді әртараптандырады: зейнетақы активтері нарықтық жағдайды ескере отырып, белгілі бір көлемде әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Бұл кең таралған әлемдік тәжірибе. Дүние жүзіндегі зейнетақы қорлары зейнетақы капиталын инвестициялау және көбейту үшін тартымды да тиімді мүмкіндіктерді іздестіруін тоқтатқан емес.Зейнетақы жинағындағы елеулі үлес, әдетте, инвестициялық кіріске тиесілі. Жылдан жылға зейнетақы жинақтарының көлемі ғана емес, ондағы инвестициялық кірістің үлесі де артып келеді. Мысалы, 2014 жылдан бері жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша таза инвестициялық кіріс 11,54 трлн теңгеге жетті (салыстыру үшін - 01.02.2024ж. ол 8,6 трлн теңгеден астам сома болған). Жүзеге асырылған төлемдерді ескере отырып, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 40,9%-дан асты. Бұл азаматтардың жинақтары құрылымындағы инвестициялық қызметтің маңызды рөлін көрсетеді (01.02.2024ж. бұл көрсеткіш 37,1% болған еді).Алайда, инвестициялық кіріс - құбылмалы мән, ол көптеген факторларға, соның ішінде қаржы нарықтарындағы жағдайға, бағалы қағаздардың нарықтық құнына, валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты. Сондықтан шетел валюталары бағамдарының және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты инвестициялық кірістің мөлшері жекелеген кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Мысалы, өткен жылдың соңынан бастап доллар бағамы 499 теңгеден 530 теңгеге дейін кең ауқымда өзгерді, содан кейін қайтадан 500 теңгеге дейін төмендеді. Соның салдарынан зейнетақы активтерін валюталық қайта бағалау апта сайын оң немесе теріс нәтиже беріп отырды. Ал салымшылар зейнетақы жинақтарының инвестициялық бөлігінің уақытша төмендеуін байқады. Мысалы, 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларында осындай жағдай орын алды.Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.Тақырып бойынша бейнетүсініктеме БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан көруге болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/950047
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Түпқараған ауданының балықшыларымен кездесті 04.03.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдің балық шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Жиынға аймақтағы балықшылар мен сала ардагерлері қатысып, саланың өзекті мәселелері талқыланды.Маңғыстау өңірі өзінің климаттық жағдайымен және географиялық тұрғыдан «Үлкен су» маңында орналасуымен ерекшеленеді.Каспий теңізінде кәсіпшілік балық аулауға бекітілген 33 учаскенің 22 учаскесі Түпқараған ауданына қарасты.Кәсіпшілік балық аулаумен Маңғыстау өңірінде маусымдық негізде 609 балықшы, тұрақты түрде 105 балықшы айналысып келеді. Оның ішінде Түпқараған ауданынан 432 балықшы тіркелген.2023-2024 жылдарға Маңғыстау облысына 11 152 тонна балық аулау лимиті бекітілсе, Маңғыстау облысы әкімдігінің ұсынысымен 2024-2025 жылдарға 36 268 тонна 69,3% балық аулау лимиті ұлғайтылды. Оның ішінде шабақ (килька) лимиті 33 172 тонна құрады (2024 жылы – 8 мың тонна).Сонымен қатар Каспий теңізінде балық аулау мәселесі талқыландыКаспий теңізінде балық аулаумен айналысатын балықшылар түнгі уақытта теңізге шығуға рұқсат беру мәселесін көтерді. Қолданыстағы шекара туралы заңнамаға сәйкес, арнайы жабдықтармен (шам жарығы, трекер және т.б.) жабдықталмаған шағын көлемді қайықтармен түнгі уақытта теңізге шығуына тыйым салынған.Осыған байланысты аталған мәселе облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткен жиналыста қаралды. Жиналыс барысында балықшылардың ұсыныстары тыңдалып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселені шекара қызметімен және көлік инспекциясымен бірлесіп шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде балықшылардың талаптары ескеріліп, заң аясында шешім қабылданатын болады.Сонымен қатар Аташ елді мекендегі балық өңдеу «Аташ Фиш Пром» ЖШС-нің цехна және Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжіне барды. Колледжде оқытылатын «Балық өндірісі» мамандығы бойынша шеберхананың жұмысымен танысты. Атап айтқанда, «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі» шеберханаларын аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949211
Жетісуда мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 69% жетті 04.03.2025
Жетісу облысында мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 69% құрап отыр. Бұл республика бойынша бұл ең жоғарғы көрсеткіш. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық жұмыспен қамтулы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында облыс аумағындағы 625 нысан мүгедек жандардың кіріп-шығуына бейімделген. Биыл мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің шамамен 195 нысанын бейімдеу жоспарда бар. Мемлекеттік нысандар үшін бюджет қаржысы қарастырылған.Сонымен қатар инватакси көлігінің саны соңғы екі жылда екі есеге өсті. Облыс көлемінде қазір 32 инватакси қызмет көрсетіп жүр. Жыл сайын мүгедектігі бар адамдарды қажетті техникалық құрылғылармен қамтамасыз етуге қаржы бөлінеді.Жалпы облыс бойынша мүгедектігі бар азаматтарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 13 мекеме жұмыс істейді. Алдыңғы жылы Алакөлдің жағасындағы аудандық әкімдіктің резиденциясы мүгедек балаларға арналған оңалту лагеріне берілді. 2023 жылы «Қамқорлық» қорымен бірлесіп, аутизм және психикалық дамуында басқа да ауытқушылығы бар балаларға арналған орталық ашылды. Талдықорған қаласында мүгедектерге арналған «Асар» сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Оған мемлекеттік қолдау тұрақты көрсетіліп келеді. Ал биыл облыс орталығында 150 орынды тағы бір оңалту орталығының құрылысы басталады.Жалпы өңірде инклюзивті орта қалыптастыру жұмыстары осындай бірнеше бағыттарда жүріп жатыр. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/949760
ЖОСПАР 2025: 14 БАЛАБАҚША КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ 04.03.2025
Шымкент қаласында 2025-2027 жылдары 14 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бүгінде 4 балабақшаның жобалық-сметалық құжаттары дайындалса, тағы 9 балабақша бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жалғасып жатыр.Атап айтқанда, биыл №97 балабақшасын сыртқы абаттандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы бөлініп, №122 балабақшасын жаңғыртуға арналған қаражатқа сұраныс жолданды. №97 «Ақмарал» балабақшасы Шымкент қаласының Күншығыс шағынауданында орналасқан. 280 орындық білім беру ұйымы 1983 жылы салынған. Соңғы рет 2015 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын.№122 «Ақ көгершін» балабақшасы Тұрлан шағынауданында орналасқан. 385 орынға есептелген мекемеде бүгінде 320 бала тәрбиеленуде. Мекемеде соңғы рет 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.Жоспарланған жөндеу жұмыстары балабақшалардың инфрақұрылымын жақсартуға, балалар үшін қауіпсіз, қолайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 625 балабақша жұмыс істейді. Оның 71-і мемлекеттік, 554-і жекеменшік. Бұл мекемелерде жалпы 78 628 бала тәлім алады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/949974
ШЫМКЕНТТЕН ҮРІМШІГЕ ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ 04.03.2025
2025 жылғы 30 мамырдан бастап SCAT әуекомпаниясы «Шымкент – Үрімші» бағытында тікелей әуе рейстерін іске қосады. Жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстарды нығайтып, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.Рейстер кестесі:▫ Шымкент – Үрімші: сейсенбі, жұма▫ Үрімші – Шымкент: сәрсенбі, сенбіҰшу ұзақтығы: небәрі 2 сағат 20 минут.28 ақпаннан бастап Шымкент – Үрімші бағытына билеттер сатылымға шықты.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қыметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/949976
ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫ: ДЕМАЛЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 04.03.2025
Абай ауданының Қайнарбұлақ тұрғын алабында өткен жылы жаңадан мәдениет үйі ашылған еді. Онда түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, мәдениет мекемесі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізетін орынға айналды.Елді мекен тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық – қазіргі таңда мәдениет үйінің жанынан жаңа сквер салынып жатыр. Демеушілер есебінен жүргізіліп жатқан жоба ауданның көркін арттырып, тұрғындардың демалуына және әлеуметтік іс-шаралар өткізуге ыңғайлы орын болмақ.Өткен жылы жаңа мәдениет үйі тұрғындар игілігіне берілсе, ендігі ретте мекеме аумағын абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Жоспар бойынша нысан құрылысы биыл аяқталады.Шаһарда шалғайдағы елді мекен тұрғындарының өмір сапасы мен мәдениетін көтеруге бағытталған бастамалар, жобалар одан әрі жалғасын табады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/949978
ШЫМКЕНТ: АУРУХАНАЛАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 04.03.2025
Шымкент қаласында денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жоспарлы жұмыстар қолға алынған. Шаһарда бүгінгі таңда екі ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Мұнда жылу жүйелері, желдеткіштер толығымен ауыстырылып, есік-терезелері жаңартылуда. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.№1 қалалық клиникалық ауруханасының ғимаратында жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып келеді. Бүгінде аурухананың А, Б, Г және шаруашылық блогында жөндеу жұмыстары аяқталып, В блогында жұмыстар жалғасуда.Сондай-ақ, мамандандырылған бөбектер үйі және №2, №13 қалалық емханасында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бюджеттік ұсыным берілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен №4, №9, №10, №11 емханаларына жаңа ғимарат салу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/949979
Үкіметте көкөніс бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды 04.03.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұмыс кеңесін өткізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қазіргі жағдайын талқылады.Сауда және интеграция министрлігінің мәліметтері бойынша, осы жылдың ақпан айында ӘМАТ бағасының өсу индексі 1,3%-ға дейін баяулаған. Сонымен қатар бес тауар түрі: күріш (-2,9%), жұмыртқа (-1,4%), ұн (-0,8%), макарон өнімі (-0,4%) және қарақұмық (-0,2%) бойынша баға төмендеді. Жыл басынан бері көкөніске бағаның маусымдық өсуі байқалуда.Өңірлерде қордағы өнімдерді сату жұмысы жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков 156,9 мың тонна жалпы көкөніс қорының 53,9 мың тоннасы сатылғанын, қазіргі сәтте 92,5 мың тонна көкөніс қоры қалғанын хабарлады.«Жүргізілген түгендеулерден кейін қоймалардағы картоп қоры 47,6 мың тоннаны, сәбіз – 16 мың тоннаны, пияз – 14,6 мың тоннаны, қырыққабат – 14,1 мың тоннаны құрап отыр», — деп мәлімдеді Ербол Тасжүреков. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, бұл қорларды сату жұмыстары жалғасуда.Вице-премьер нарыққа өнімдерді аз жеткізген, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тиімсіз реттейтін өңірлердің жұмысын сынға алды. Атап айтқанда, елорданың ірі сауда желілерінің бірінде ақпан айында картоп жеткізу кешіктірілгені байқалды, осыған байланысты Сауда комитеті мен «ҚТЖ Экспресс» АҚ көмегімен аталған көкөністі жедел жеткізу жұмысы ұйымдастырылды. Серік Жұманғарин басқа өңірлерде мұндай жағдайлардың алдын алу үшін картоп және әлеуметтік маңызы бар өзге де тауарлар қорына тексеріс жүргізуді тапсырды.Тұрақтандыру қорларындағы өнімді сату, маусымаралық кезеңнің басталуына байланысты жекелеген аймақтарда импортталған картопты жеткізу басталды. Сонымен қатар аумақтық сауда департаменттері ӘМАТ-қа сауда үстемесін бақылау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері және 27 ақпандағы жағдай бойынша 842 сауда нысаны сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дереккөз: https://primeminister.kz/news/ukimette-kokonis-bagasyn-turaktandyru-sharalary-talkylandy-29758Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/949911
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 11-ші отырысы өтті 04.03.2025
2025 жылғы 28 ақпанда онлайн форматта қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 11-ші отырысы өтті.Іс-шараны Қытай тарапынан тең төраға, ҚХР экология және қоршаған орта Министрінің орынбасары Го Фан ханым ашты. Қазақстан тарапынан отырысты ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев басқарды.Вице-министр М.Ошурбаев өзінің алғы сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы экологиялық проблемаларды шешудегі стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Ол екі ел де ауаның, судың және топырақтың ластануы, қалдықтарды басқару, су тапшылығы және климаттың өзгеруінің салдары сияқты қиындықтарға тап болғанын атап өтті, бұл мәселелер бірлескен күш пен тәжірибе алмасуды қажет етеді.Трансшекаралық өзендер суларының сапасына мониторинг жүргізу және төтенше жағдайларға жедел ден қою сынды екі жұмыс тобының қызметіне ерекше назар аударылды.Отырыс аясында тараптар жұмыс топтарының отырыстарын және комиссияның 12-ші отырысын өткізуді көздейтін комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.Іс-шара соңында қол жеткізілген уағдаластықтарды бекіткен комиссияның 11-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/949770
Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу 04.03.2025
Ағымдағы жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниямен жұмыс кеңесін өткізді.Кездесу барысында Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Кездесуде оқушылар мен жастардың климаттың өзгеруі мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған «Климаттық қорап» білім беру бағдарламасы таныстырылды.Бұл бағдарламаға оқу-ойын материалдарының жиынтығы, оның ішінде иллюстрацияланған оқулық, «Климаттық викторина» карточкаларының жиынтығы, климаттық өзгерістердің болжамды салдары бар Қабырға картасы, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ұсыныстары бар плакаттар кіреді.«Климаттық қорап» тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар білім беру мекемелері үшін практикалық құралдарды, соның ішінде мұғалімдерге арналған тренингтерді, әдістемелік ұсыныстарды және жобалық жұмыстарға арналған идеяларды ұсынады.Бағдарлама қазірдің өзінде 13 тілге аударылған және әртүрлі оқу орталарына бейімделген, толығырақ сайтта: https://climate-box.com/ru/ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін осындай бастамаларды қолдайды. БҰҰДБ сияқты халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл Ұлттық экологиялық саясатты іске асыруда және орнықты дамуға қол жеткізуде маңызды бағыт болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/949841