Жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 11-ші отырысы өтті 04.03.2025
2025 жылғы 28 ақпанда онлайн форматта қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 11-ші отырысы өтті.Іс-шараны Қытай тарапынан тең төраға, ҚХР экология және қоршаған орта Министрінің орынбасары Го Фан ханым ашты. Қазақстан тарапынан отырысты ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев басқарды.Вице-министр М.Ошурбаев өзінің алғы сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы экологиялық проблемаларды шешудегі стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Ол екі ел де ауаның, судың және топырақтың ластануы, қалдықтарды басқару, су тапшылығы және климаттың өзгеруінің салдары сияқты қиындықтарға тап болғанын атап өтті, бұл мәселелер бірлескен күш пен тәжірибе алмасуды қажет етеді.Трансшекаралық өзендер суларының сапасына мониторинг жүргізу және төтенше жағдайларға жедел ден қою сынды екі жұмыс тобының қызметіне ерекше назар аударылды.Отырыс аясында тараптар жұмыс топтарының отырыстарын және комиссияның 12-ші отырысын өткізуді көздейтін комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.Іс-шара соңында қол жеткізілген уағдаластықтарды бекіткен комиссияның 11-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/949770
Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу 04.03.2025
Ағымдағы жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниямен жұмыс кеңесін өткізді.Кездесу барысында Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Кездесуде оқушылар мен жастардың климаттың өзгеруі мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған «Климаттық қорап» білім беру бағдарламасы таныстырылды.Бұл бағдарламаға оқу-ойын материалдарының жиынтығы, оның ішінде иллюстрацияланған оқулық, «Климаттық викторина» карточкаларының жиынтығы, климаттық өзгерістердің болжамды салдары бар Қабырға картасы, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ұсыныстары бар плакаттар кіреді.«Климаттық қорап» тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар білім беру мекемелері үшін практикалық құралдарды, соның ішінде мұғалімдерге арналған тренингтерді, әдістемелік ұсыныстарды және жобалық жұмыстарға арналған идеяларды ұсынады.Бағдарлама қазірдің өзінде 13 тілге аударылған және әртүрлі оқу орталарына бейімделген, толығырақ сайтта: https://climate-box.com/ru/ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін осындай бастамаларды қолдайды. БҰҰДБ сияқты халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл Ұлттық экологиялық саясатты іске асыруда және орнықты дамуға қол жеткізуде маңызды бағыт болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/949841
Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті 04.03.2025
Бүгін, 3 наурыз күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовты қабылдады. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Кездесуде Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан мен Маңғыстау арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, болашақта ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті.- Өзбекстан - бізге көршілес ел. Бүгінде Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен кәсіпорындар түрлі салада жұмыс істеп жатыр. Біз Өзбекстанмен іскерлік байланысты тереңдетуге мүдделіміз. Алда жүзеге асырылуы тиіс үлкен жобалар бар. Өңіріміздің екі теңіз порты мен шекаралық аймақта орналасуы – үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан біз өзара тиімді әрі нәтижелі серіктестікке дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Өз кезегінде, Елші Бахтиёр Ибрагимов алдағы жоспарларымен бөлісіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруға және әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы – Маңғыстау облысының сыртқы саудадағы негізгі серіктестерінің бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 8,8 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі – 4,8 млн доллар, ал импорт – 4 млн доллар.Қазақстаннан Өзбекстанға негізінен газ конденсаты, өрт сөндіргіштер, химия өнеркәсібінің өнімдері, металл бұйымдары және талдау құрылғылары экспортталса, Өзбекстаннан көкөністер мен жемістер, құрғақ жемістер, жаңғақтар, тоқыма бұйымдары, аяқ киім, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника және көлік құралдары импортталады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949953
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жылғы есептерін интернет-порталда орналастыру туралы хабарлама 04.03.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі есептерді – азаматтық бюджетті, мемлекеттік тапсырмалар туралы есепті, 2024 жылғы жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы жылдық есепті әзірледі, есептер Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 124-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес әзірленді. Қоғамдық талқылау мақсатында есептер "Ашық бюджеттер" және ЕПИРГО интернет-порталдарында орналастырылған:- Азаматтық бюджет – https://budget.egov.kz/material/material?id=3738214&govAgencyId=898790- Мемлекеттік тапсырмалар туралы есеп – https://budget.egov.kz/material/material?id=3730152&govAgencyId=898790https://budget.egov.kz/material/material?id=3730152&govAgencyId=898790- 2024 жылғы жағдай бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы жылдық есеп - https://budget.egov.kz/material/material?id=3722223&govAgencyId=898790Бұдан басқа, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мониторинг нәтижелері туралы ай сайынғы есеп жарияланды - https://budget.egov.kz/material/material?id=3595947&govAgencyId=898790Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/949662
Су тасқыны кезеңінде өңірлерді қорғау шаралары 04.03.2025
Еліміздің әртүрлі өңірлерінде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізілуде. Оларды қорғау үшін 576 шақырым қорғаныс бөгендері мен біліктері тұрғызылды, 822 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп салынды. Автомобиль және теміржол қатынастарында 960 су өткізу құрылыстары орнатылып, ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық түбін тереңдету, жағалауды нығайту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендерді қабылдаудың 3,5 мыңнан астам пункті дайындалды, броньнан босатылған жағдайда тіршілікті қамтамасыз ету құралдары мен мемлекеттік материалдық резерв техникасы айқындалды. Осы шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған. Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде, 6-7 наурызда еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілетін болады. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Алматы қаласының Сайран көлінде су сору техникасы мен практикалық су алу жабдығының техникалық дайындығы тексерілді. Мотопомпалар, өрт-сорғы станциялары, қайықтар жарамды күйде, жеке құрам су қорғау костюмдерімен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Алматы су тасқынына ден қою тобы көктемгі кезеңде тапсырмаларды орындауға дайын. Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіле бастады. Шығыста Шемонаиха ауданындағы Убі өзенінде, Жоғарғы Үбі ауылының маңында мұз жарылды. Мұндағы мұздың қалыңдығы 60 см құрады. Бұл су тасқыны қаупі бар учаске жыл сайын ТЖ қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың назарында болады. Ұсақтаудың жалпы көлемі 10692 м. шаршы метрді құрады. жарылыс жұмыстары мұзды жасанды түрде әлсіретуге бағытталған. Мұзды қопсыту іс-шаралары мұз жүрісі басталғанға дейін жүргізіледі және проблемалық учаскелерде су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Жарылыс жұмыстары облыс аудандарында жалғасатын болады. Батыста ТЖД Жедел-құтқару жасағының және 20982 ТЖМ әскери бөлімінің күштерімен көктемгі су тасқыны кезінде мұз кептелістерінің пайда болуына барынша бейім жерлерде Орал су айдындарында мұз қабатын әлсірету бойынша жұмыстар жалғасуда. Мұзда шамамен 3230 тесік бұрғыланды, 910 метрден астам мұз қабаты кесілді. Осы мақсатта мұз кесетін қондырғы, бензин бұрғылары және басқа да арнайы құралдар қолданылады. Сонымен қатар, облыс бойынша қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудандар мен Орал қаласында 503 мың текше метрден астам қар шығарылды. Шығыс Қазақстан облысында арнайы жұмыс топтары құрылды, оған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ТЖД мамандары, «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ және басқа да мүдделі органдар кірді. Мамандар қар шығару, су өткізгіш құбырлар мен каналдарды тазарту бойынша алдын алу жұмыстарының жұмысы мен сапасын тексереді, нөсер кәрізін, СТС жай-күйін, қажетті материалдық-техникалық құралдарды дайындауды тексереді, халықпен жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға, тасқын суларды апатсыз өткізуге қабылданатын шараларға талдау жүргізеді. Жалпы өңірде жергілікті атқарушы органдар 1267 су өткізу құрылыстарын, ұзындығы 47,2 км 19 каналды және ұзындығы 106,8 км 173 арықты тазартты, 298 мың текше метр қар шығарылды, 76,8 мың дана қаптар, дайындалды. 9,2 мың тонна инертті материалдар, 285 тонна ЖЖМ дайындалды. Шығыс Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ТЖ алдын алу басқармасы және Цифрландыру және мұрағаттар басқармасы су мен су ағындарының деңгейін бірнеше күн бұрын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық карта жасады. Жүйе ГАЖ модулімен интеграцияланады, картадағы болжамдарды көрсетеді, бұл нақты уақыт режимінде тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді. Карта су тасқыны қаупі бар барлық учаскелерді және қауіпті аймақтағы үйлерде тұратын тұрғындардың саны туралы деректерді көрсетеді. Құтқарушылар нақты уақытта облыста жүргізілетін инженерлік жұмыстар мен алдын алу іс-шараларын қадағалап, өз түзетулерін енгізе алады. Болашақта жасанды интеллект жүйені метеорологиялық спутниктермен біріктіруге, халыққа автоматты ескертуді енгізуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдайлар қызметтері және мобильді қосымшалар сияқты басқа платформалармен өзара әрекеттесу арқылы функционалдылықты кеңейту, бұл төтенше жағдайларға жауап берудің тиімділігін арттырады. ТЖМ әскери бөлімдері Алматы және Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысында алдын алу шараларына кірісті. Жамбыл облысына көктемгі су тасқынының салдарын болғызбау және азайту бойынша жұмыстар жүргізу үшін келген ТЖМ №28237 әскери бөлімінің жиынтық құтқару батальоны өзен арналарын нығайтуды қамтамасыз етуді жалғастыруда және арнайы техниканы пайдалана отырып, қорғаныс бөгендерін орнатады. Т. Рысқұлов атындағы ауданда жалпы күш-жігермен 3000 қап төселді.Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ТЖМ №52859 әскери бөлімімен бірлесіп Талдысай және Қарсақпай ауылдарында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде. Бірлескен күш-жігермен су басу қаупін азайту бойынша жұмыстар атқарылуда: Талдысай өзенінің арнасында орналасқан ағаштарды жою, Қарсақпай су қоймасы шлюзі ауданындағы мұз бен қар массаларын тазарту, тәуекел аймағындағы үйлердің жанынан қар шығару, сондай-ақ арық жүйесін тазарту. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, су тасқынының алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында және Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында жұмыс жүргізуде. Жеке құрам су ағындарын тазарту, жағалауларды нығайту және еріген сулардың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайды. Жұмыс Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтермен тығыз үйлестіре жүргізіледі. Қостанай облысында жаңғыртылған сусымалы бөгетті сынақтан өткізу жүргізілді. Су тасқынына қарсы тосқауыл ретінде аумақтарды су тасқынынан қорғауға, топырақты нығайтуға және эрозияны болдырмауға арналған HESCO BARRIER модульдік дизайны қолданылды. Тосқауыл-табиғи материалдармен толтырылған металл торлы құрылым-тас, қиыршық тас немесе құм. Құрылымның артықшылықтарына жылдам құрастыру кіреді, бұл оны жету қиын жерлерде орнатуға ыңғайлы етеді. Орнатылған тосқауылдың биіктігі 2 метр, бірақ қажет болған жағдайда оны модульдерді бірінің үстіне бірін қою арқылы арттыруға болады. Тестілеу барысында мамандар елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін оны одан әрі қолданудың орындылығын анықтау үшін осы технологияның барлық ерекшеліктерін зерттеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/949577
САНЭПИДБАҚЫЛАУДЫҢ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ИМПОРТТЫҚ ӨНДІРІСТЕГІ СНЕКТАР САТУДАН АЛЫНДЫ 04.03.2025
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысындағы мектептердің бірінің оқушыларын шығу тегі күмәнді өнімдермен (снектар) жаппай улану фактісі бойынша осы өнімдер сатылатын дүкендерге мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында 1,5 мыңнан астам дүкен қамтылды, Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтау тұрғысынан зертханалық зерттеулер үшін шығу тегі күмәнді импорттық өнімдердің (снектар) 14 үлгісі сатып алынды.Зерттеу нәтижелері бойынша осы өнімнің құрамында дәм күшейткіштер (тағамдық қоспалар) бар екені анықталды: натрий глутаматы (Е621), натрий гуанилаты (Е627), натрий инозинаты (Е631), оларды өндірісте қолдану Техрегламенттердің талаптарында белгіленбеген. СЭБК атап өткендей, дәмді күшейткіштері бар өнімдерді шамадан тыс тұтыну үнемі артық тамақтануды ғана емес, кейіннен семіздікке әкеліп соқтырады, сонымен қатар аллергия, ас қорыту бұзылыстары, күйдіргі тудыруы мүмкін. Тағамдарды таңбалауда өнімнің атауы, сандық құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының, импорттаушы ұйымның орналасқан жері, ГМО бар екендігі туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, өнімнің белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалауды растайтын сәйкестік туралы декларация жоқ.Аталған өнім бойынша жедел ден қою шаралары қабылданды, ол сатудан алынды. Көрсетілген тағамдарды сататын сауда нысандарына техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес таңбаланған сәйкестік туралы декларацияның міндетті түрде болуымен тамақ өнімдерін сатуға қабылдау жөніндегі талаптардың сақталуы туралы хабарламалар жіберілді. Қазіргі уақытта осы өнімді әкелуге және сатуға тыйым салуды қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, оның шеңберінде халыққа: тексерілген сауда орындарынан тауарларды сатып алу, қаптаманың затбелгісіне, өнімнің таңбалануына назар аудару ұсынылады, онда атауы, құрамы, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары көрсетілуі тиіс, әртүрлі маркетплейстерден күмәнді өндірілген импорттық тамақ өнімдеріне тапсырыс беруден аулақ болу керек, өйткені бар сапа мен қауіпсіздікті тиісті бақылаудан өтпеген тауарларды сатып алу қауіпті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/949773
Заңсыз бизнеске тосқауыл: Ақмола облысының әкімдігі жер қойнауын пайдалану бақылауын күшейтті 04.03.2025
Ақмола облысы табиғи ресурстарға бай өңірлердің бірі. Мұнда кең таралған пайдалы қазбалардың қоры мол, олардың қатарында қиыршық тас, құм, каолин, саз, әктас, кварцит және доломит бар. Алайда соңғы жылдары бұл байлықты заңсыз игеру күрделі мәселеге айналды. Кейбір кәсіпкерлер жергілікті биліктің рұқсатынсыз карьерлерді иемденіп, пайдалы қазбаларды өз беттерінше өндіріп жатады.Бүгінде облыстың 19 ауданының 17-сінде жүздеген кен орны игеріліп жатыр. Әсіресе, Астананың қарқынды құрылысы заңсыз жер қойнауын пайдаланудың артуына ықпал етуде. Құрылыс материалдарына деген жоғары сұранысты қанағаттандыру үшін кейбір кәсіпкерлер құжатсыз, бақылаусыз әрекет етеді. Бұл мемлекет бюджетіне залал келтіріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына кедергі жасап, жер бедерінің бұзылуына және қоршаған ортаның ластануына алып келеді.Осыған байланысты Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аппараттық кеңесте барлық жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін заңдылық тұрғысынан тексеруді тапсырды.«Маркшейдерлік түсірілім нәтижесінде келтірілген шығын көлемі анықталды, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл деректерді қарастырып жатыр. 2025 жылдың ақпан айында пайдалы қазбаларды заңсыз игеруге және жер қойнауын өз бетінше пайдалануға қатысты үш қылмыстық іс тіркелді. Бұл істердің барлығы мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірумен байланысты», – деп хабарлады Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.Атап айтқанда, заңсыз құм өндіру Қабанбай батыр ауылдық округінде, Нұра өзенінің маңында анықталды. Кәсіпкер қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп, құмды цемент зауытына жеткізген. Сол аумақта тағы үш кәсіпкер дәл осындай әрекет жасаған.Қазіргі уақытта тиісті құжаттары жоқ кәсіпорындарға қатысты келісімшарттарды бұзу шаралары қолға алынды. Бұл – өңірдегі жер қойнауын пайдаланудағы тәртіпті қалпына келтіруге бағытталған заңды қадам.«Тергеу амалдары жалғасуда, құқық қорғау органдары барлық заңбұзушылықтарды анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартады. Мемлекеттік органдар мен жергілікті билік табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заңсыз кен өндірушілермен күресті жалғастырады», – деп мәлімдеді уәкілетті мемлекеттік орган.Сонымен қатар тексеріс барысында көптеген компанияның өңірден тыс жерде тіркелгені белгілі болды, бұл оларды бақылауды қиындатады. Осыған орай, бірқатар кәсіпорындар қайта тіркеуден өтіп, заңды жұмыс істеуге көшті.«Бүгінде Ақмола облысында 11 келісімшарттық аумаққа тексеру жүргізілді, нәтижесінде төрт заңсыз кен өндіру дерегі анықталды. Оның ішінде Көкшетау және Биржан сал ауданының маңындағы жерлер бар. Жалпы, тексерілген 15 аумақтың көлемі 500 гектарды құрады. Бұл жұмыстарға 17 млн теңге бөлінді», – деп толықтырды басқарма.Жалпы экономикалық шығын көлемі 65 млн теңгені құрады.Жер қойнауын пайдалануда тәртіп орнату – бір күнде шешілетін мәселе емес. Дегенмен қолға алынған шаралар өз нәтижесін беруде. Маңыздысы – заң бұзушылықтарды тоқтатып қана қоймай, адал кәсіпкерлер үшін ашық әрі әділ жағдай жасау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/949888
Қазақстан Ұлыбританияның өнеркәсіптік декарбонизация саласындағы озық тәжірибесін зерттеуде 04.03.2025
2025 жылғы 3 наурызда Энергетика вице-министрі Ә.Ж. Жамауов бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы өнеркәсіптік декарбонизация саласындағы озық тәжірибені зерделеу үшін Ұлыбританияға ресми сапармен келді. Бұл сапар Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге және төмен көміртекті экономикаға көшу жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға деген ұмтылысын көрсетеді.Сапардың бірінші күні Энергетика министрлігі, Бизнес, энергетика және өнеркәсіптік стратегия министрлігі, сондай-ақ Ұлыбританияның Қоршаған орта, азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен сындарлы кездесуі өтті. Тараптар төмен көміртекті даму саласындағы мемлекеттік саясатты, өнеркәсіпті декарбонизациялауды ынталандыруды, «жасыл» жобаларды қолдаудың қаржылық тетіктерін және тұрақты энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын қоса алғанда, көптеген мәселелерді талқылады. Парниктік газдар шығарындыларын реттеу үшін нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу және енгізу саласында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.«Қазақстан декарбонизацияны тек экологиялық императив ретінде емес, экономиканы жаңғырту және жаңа жоғары технологиялық индустрия құру мүмкіндігі ретінде қарастырады. Біз озық технологияларға негізделген толыққанды индустрия құруды мақсат етеміз және Ұлыбританияның бұл бағыттағы тәжірибесі бізді айтарлықтай қызықтырады», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі А.Ж. Жамауов.Сапардың кең ауқымды бағдарламасы аясында делегация Кент және Кардифф қалаларындағы өнеркәсіп орындарын аралайды, онда металлургия, цемент өндірісі және мұнай-химия салаларын қоса алғанда, әртүрлі өнеркәсіп салаларында көміртегі ізін азайту үшін инновациялық технологияларды енгізудің практикалық мысалдарымен танысады. Қазақстандық тарап ұлттық экономика жағдайында бейімделуге және қолдануға болатын нақты жағдайларды, табысты бизнес үлгілерін және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін зерделеуге мүдделі. Көміртекті ұстау және сақтау (CCUS) технологиялары, сондай-ақ «жасыл» сутегін өндіру және пайдалану жобалары ерекше қызығушылық тудырады.Бұл іс-сапар Қазақстанның Париж келісімі мен 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің ұлттық стратегиясы бойынша міндеттемелеріне сәйкес көміртегін бейтарап дамуға көшу бойынша Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады. Сапар нәтижелері ұлттық декарбонизация саясатын жетілдіру және өнеркәсіпке таза технологияларды енгізуді қолдаудың жаңа шараларын әзірлеу үшін пайдаланылады.Анықтама:Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын азайту және өнеркәсіпке таза технологияларды енгізу бойынша шараларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Қазақстан өз стратегиясының аясында 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлап отыр, бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін, сутегі энергиясын енгізуге және өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергия тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/949776
Еңбекмині МӘС рәсімін жетілдіру бойынша пилоттық жобаны іске қосады 04.03.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бұйрық әзірледі. Бұл бірнеше нозология бойынша осы процедураны жеңілдетеді.Сырттай проактивті форматта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің ерекше тетігі медициналық құжаттарды аумақтан тыс бір ғана сарапшыға жіберу арқылы мүгедектікті белгілеу рәсімін оңайлатуды көздейді. Бұған дейін бұл рәсім үш сарапшының қатысуымен өткізілген еді.Сондай-ақ сырттай проактивті куәландыру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері үш жұмыс күннен бір жұмыс күніне дейін қысқартылады.Бұл механизм пилоттық жобада ауруларға, жарақаттар мен ақауларға байланысты дене функцияларының қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары кезінде үш нозологиялық нысан бойынша қолданылады:– аяқтың ампутациясы және (немесе) болмауы;– Даун ауруы (синдром);– балалардағы мукополисахаридоз.Құжатпен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15472789Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/949894
Түркістан облысының егіс алқаптарының тұзын шаю үшін 330 млн текше метр су берілді 04.03.2025
Түркістан облысының «Қазсушар» филиалы биыл сор шаю жұмыстарына 330 млн текше метр су жіберді. Бұл топырақтың құнарлығын арттырып, жақсы өнім алу үшін жасалады. Бүгінгі таңда Мақтарал және Жетісай аудандары бойынша қысқы сор шаю жоспары 80%-ға жуық орындалды. Мақтарал ауданында жоспарланған 43 600 гектар жердің 34 456 гектары тұздан тазартылды. Жетісай ауданында 53 мың гектар жердің 42 мың гектарының соры шайылды.«Топырақ тұзынан құтылудың бірден-бір жолы – сор шаю. Осы ретте жердің тұздану дәрежесіне және топырақтың механикалық құрамына байланысты сор шаю уақыты мен мөлшерін дұрыс анықтау өте маңызды. Филиал сор шаю жұмыстарын наурыз айының алғашқы онкүндігінде аяқтауды жоспарлап отыр»,- деді Түркістан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/949369
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексеріп, әрлеу жұмысын жүргізді 04.03.2025
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексеріп, әрлеу жұмысын жүргізді. Филиалға қарасты су қоймаларында күнделікті мониторинг және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда Теріс-Ащыбұлақ, Бүркітті, Жартас, Ынталы және Қақпатас қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/949758
Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды 04.03.2025
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.Құжатта:тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kazakstan-respublikasynyn-keybir-zannamalyk-aktilerine-turkistan-kalasynyn-erekshe-martebesi-zanyna-kol-koydy-325353 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/949210
Қазақстан мен Хорватия экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда 04.03.2025
Өткен аптада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Хорватия Парламентінің депутаты Звонимир Троскот бастаған Хорватия Республикасының делегациясымен кездесу өткізді. Екіжақты келіссөзге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким, Хорватия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович, сондай-ақ Хорватия Парламентінің депутаттары қатысты.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Хорватия қатынастарының ағымдағы деңгейіне қанағаттанушылықтарын білдіріп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін атап өтті. Екіжақты сауда көлемін ұлғайту және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Вице-министр Бауыржан Құдайбергенов алдағы бес жылда Қазақстан мен Хорватия арасындағы тауар айналымының бірнеше есе өсуі үшін елеулі әлеуетті атап өтті. Ол Қазақстан Үкіметінің экономиканы әртараптандыру жөніндегі басымдықтары туралы егжей-тегжейлі айтып, Инвестициялық саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасының өзектілігін атап өтті. Бұл тұжырымдама аясында жаңа тәсіл нақты салалардың қажеттіліктерін ескере отырып, инвестиция тартуға бағытталған.Хорватия делегациясының басшысы Звонимир Троскот өз елінің Қазақстанмен мұнай-газ саласы, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік сынды стратегиялық маңызды салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге, сонымен қатар сауда және инвестициялық байланыстарды тереңдетуге мүдделі екенін растады. Тараптар екіжақты серіктестікті нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мақсатында тұрақты байланыстарды қолдауға уағдаласты. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының қазақстандық бөлігінің жұмыс органы ретінде қызмет атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/949460
Торонтода PDAC 2025 көрмесі ашылды 04.03.2025
Торонто қаласында Канаданың кеншілер мен барлаушылар қауымдастығының ең ірі халықаралық көрмесі – PDAC 2025 басталды.Іс-шара аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, АХҚО басқарушысы Рүстем Бектұров, Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайынов, Қазақстан Республикасы Парламенті Палатасының Ұлттық Банкінің вице-президенті Қазақстанның геологиялық әлеуетін көрсететін ұлттық павильонның ашылу рәсімін өткізді.Бірінші күннің маңызды шарасының бірі «Meet Kazakhstan: The Power of Geology in the Ninth Largest Nation» халықаралық форумы болды. Вице-министр 1-сессияда сөз сөйледі.«Қазақстанның тарихи мұрасы мен геологиялық барлау мен өндірудің дәстүрлері, бай табиғи ресурстары, оның ішінде литий, ниобий және тантал сияқты сирек металдардың әлеуетті кен орындары бар. Біз жергілікті және халықаралық серіктестермен инвестиция және ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыламыз. Осы саланы дамыту аясында біз барлау мен өндірудің жаңа технологияларын белсенді түрде тартудамыз және геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу аясындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері де біздің басымдылығымыз екенін атап өткім келеді», – атап өтті Иран Шархан.Спикерлер құрамына Канаданың Жер және минералдық ресурстар министрінің орынбасары Риналдо Гианти, «Cove Capital» компаниясының негізін қалаушы-серіктесі Пини Альтхаус, «Neo Performance Materials» корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті Василейос Цианос, «HATCH» минерадар жөніндегі директоры Конрад Блейк, Еуропалық комиссиядағы делегация басшысының орынбасары Мадалина Иваника сияқты тау-кен металлургия саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар спикерлер тобының құрамында бар.PDAC 2025 көрмесі 5 наурызға дейін жалғасады, ал қазақстандық делегация серіктестерімен және жетекші тау-кен өндіруші компаниялардың өкілдерімен белсенді кездесулерді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/949614
Қорғаныс министрінің төсбелгілермен наградтау жөніндегі бұйрығына өзгерістер енгізіледі 04.03.2025
Қорғаныс министрлігі «Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 461 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.Құжат жобасындағы 9-тармақтың төртінші бөлігінде «Халық қаһарманы армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы» кубогының сипаттамасы өзгертілді. 25-тармақта Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрінің «Халық қаһарманы армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы» төсбелгісімен наградтау үшін негіздер және әскери қызметшілерді іріктеу тәртібі баяндалады. Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биыл 18 наурызға дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15470474 сілтеме арқылы танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/949622
2025 жылғы Астана халықаралық форумы жаһандық мәселелер мен басымдықтар бойынша маңызды диалог алаңына айналады 04.03.2025
2025 жылғы 29-30 мамыр аралығында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен халықаралық дипломатия және ынтымақтастық мәселелеріне қатысты мемлекетаралық диалогқа ықпалдасуға бағытталған Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді. Форумға мемлекеттер мен үкіметтердің, компаниялар мен академиялық топтардың басшылары жаһандық дүрбелең мен поляризация жағдайында өзекті мәселелердің практикалық шешімдерін табу үшін қатысады.Стратегиялық орналасуы мен өсіп келе жатқан халықаралық белсенділігінің арқасында Қазақстан геосаяси шиеленіс жағдайында мемлекетаралық ынтымақтастыққа ықпалдасуда белсенді рөл атқаруда. Шығыс пен Батысты тарихи байланыстырушы ретінде ел ұзақ уақыт бойы инклюзивті халықаралық жүйені қолдауда және осы мақсатқа жетуге берік болып қалады.Астана халықаралық форумы – бұл міндеттеменің жарқын көрсеткіші. 5000-нан астам халықаралық қонақтар қатысқан 2023 жылғы Форумның жетістігіне сүйене отырып, биылғы қатысушылар халықаралық жүйенің болашағын айқындайтын маңызды мәселелерді, сондай-ақ негізгі салаларға әсер ететін жаңа үрдістерді талқылайды.Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, Энергетика және климаттың өзгеруі, Экономика және қаржы сияқты үш негізгі тақырыпқа бөлінген іс-шара бағдарламасы мемлекет басшылары мен сала көшбасшыларымен жоғары деңгейдегі сессияларды, сондай-ақ танымал сарапшылар мен саясаткерлердің қатысуымен кең ауқымды панельдік пікірталастарды қамтиды.Форумның жаңа серіктестіктер құруға және ынтымақтастыққа ықпалдасуға деген ұмтылысын көрсете отырып, әрбір сессия алдағы онжылдықты айқындайтын дипломатиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге жаңа көзқарастар қалыптастыруға бағытталатын болады. «Идеяларды біріктіре, болашақты қалыптастыра» тақырыбындағы биылғы Форум мультилатерализм мен дипломатияның жаңа дәуірінің күн тәртібін анықтайды.Іс-шараға тіркелу келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://astanainternationalforum.org/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/979700?lang=kk
Қазақстан СІМ жанындағы диалог алаңында азаптаудың алдын алу мәселелері талқыланды 04.03.2025
Астана, 2025 жылғы 27 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлованың төрағалығымен «Адами өлшем бойынша диалогтық алаң» консультативтік-кеңесші органының кіші тобының отырысы өтті.Күн тәртібінде азаптау мен қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынастан қорғаудағы алдын алу шараларын жетілдіру бойынша негізгі мәселелер қаралды.Отырыс Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеу қызметі бастығының орынбасары Владимир Малаховтың баяндамасымен ашылды. Өз сөзінде ол қылмыстық заңнаманы Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру мақсатында қылмыстық сот ісін жүргізу саласында елімізде жүргізіліп жатқан маңызды реформалар туралы хабардар етті. Толық оңалту және азаптау құрбандарына өтемақы төлеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда зиянды өтеу мөлшерін ұлғайту және оның механизмін жетілдіру бөлігінде түзетулер енгізу мәселесі қарастырылуда.Отырыстың екінші мәселесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бөлім меңгерушісі Жанар Бигалиева азаптаудың алдын алудағы Ұлттық алдын алу тетігінің (бұдан әрі – ҰААТ) рөлі туралы баяндама ұсынды. Бүгінгі күні кеңсенің жұмысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ақпараттық жүйесінің функционалын жетілдіруге және оны сотталғандардың шағым беру терминалдарымен интеграциялауды аяқтауға, ҰААТ қатысушыларының есептер жасау жөніндегі жұмысының цифрлық форматына көшуді аяқтауға, сондай-ақ ҰААТ қаржыландыруды ұлғайтуға шоғырланған.Үшінші мәселені қарау барысында Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнара Сәрсенбаева қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Ол ағымдағы жылы нормативтік актілерге тәулік бойы төсек-орындарды енгізу, медициналық тексеру кезінде зерттеулер тізбесін өзгерту, жарақтандыруды, штаттық нормативтерді және скрининг тексерулер тізбесін қайта қарау, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік қызметтер мен цифрландыруды енгізу бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарларымен бөлісті.Күн тәртібінің төртінші мәселесін талқылау шеңберінде Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Сәдібеков азаптауды болдырмау мақсатында барлық мекемелерде 39000-нан астам камера жұмыс істейтін, оларға прокуратура органдары үшін онлайн қолжетімділігі бар үздіксіз бейнебақылау енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар ол Әлеуметтік кодексті қабылдай отырып, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде ұсталатын бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандарға күтім бойынша жәрдемақы түріндегі әлеуметтік төлемдерді тағайындай отырып, сол мекемелердегі сотталғандар қатарынан адамдар күтім жасай алатынына назар аударды.Отырыстың бесінші мәселесі бойынша Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың орта білім алуға құқығы бар екенін және оларға жұмысшы мамандығын тегін алуға ұсынылатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жанындағы колледждерде 2522 студент оқиды.Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер сындарлы және ашық форматта талқыланды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері тікелей пікір алмасу және әзірленген ұсынымдармен бөлісу үшін мүмкіндік алды.«Адами өлшем бойынша диалогтық алаң» консультативтік-кеңесші органы 2013 жылы ҚР СІМ бастамасымен құрылды. Алаң Үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты ілгерілетудің тиімді құралы ретінде қызмет атқаруда. Алаңда халықаралық ұйымдардың (БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысуымен адам құқықтарын қорғаудың әртүрлі өзекті мәселелері талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/949526
Глобалдық big tech компания Қазақстанда: Цифрлық даму министрлігі мен Tencent ынтымақтастық мәселелерін талқылады 04.03.2025
Цифрлық даму министрлігінде Tencent компаниясының делегациясымен кездесу өтті. Тараптар негізгі көрсеткіштер, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен бірлескен жобаларды талқылады.Tencent – жаһандық инновацияларда маңызды технологиялық ойыншы, ал Цифрлық даму министрлігі осы ұйыммен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды және оның Қазақстан нарығына толықтай енуін жоспарлауда. Бұл елге жаңа технологияларды тартуға, инновациялық жүйенің технологиялық әлеуетін арттыруға және отандық инноваторларға жаһандық инновациялық экожүйеге қосымша қол жеткізу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, Үкіметтің басты міндеттерінің бірі – елге озық инновациялық компанияларды тарту, олар отандық экономиканың инновациялылығын қалыптастыруға үлес қосуы мүмкін.Бүгінгі таңда ЦДИАӨМ өзінің қызметі шеңберінде жасанды интеллектіні дамыту бойынша жұмысын айтарлықтай күшейтті. Осы орайда басты жобалардың бірі –Халықаралық AI орталығы – alem.AI құрылуы. Бұл орталық жасанды интеллектінің инновацияларын тарту орталығы әрі негізгі AI технологияларының генераторы болмақ. Әлемнің түкпір-түкпірінен Bigtech компанияларын осы орталыққа тәжірибе алмасу, оқыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін тарту жоспарлануда. Кездесуде тараптар компанияның alem.AI орталығында кеңсесін орналастыру және Tencent AI lab бөлімшесін құру мәселелерін талқылады, ол жасанды интеллект бойынша зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын болады.Тараптар сондай-ақ Қазақстандағы деректер орталықтарын құру және кеңейту, Tencent-тің инфрақұрылымдық жобаларға қатысуы, мемлекеттік және жеке секторлар үшін локальды бұлтты платформаны дамыту мәселелерін талқылады. Tencent компаниясы үлкен біліктілігі, технологиялары мен ресурстарымен деректер өңдеу орталықтары мен есептеу қуаттарын қалыптастыру процесін айтарлықтай жеңілдетіп, жеделдетуге қабілетті.Министрліктің маңызды және негізгі бағыттарының бірі – киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау. Осы орайда DDoS-шабуылдарынан, алаяқтықтан, зиянды контенттен қорғау, тәжірибе мен технологиялармен алмасу, Security Cloud және AI модельдері мәселелері қарастырылды.Кездесуде министр Жаслан Мәдиев еліміздегі цифрлық экономика мен IT экожүйесін дамыту, оның ішінде жасанды интеллектіні дамыту, акселераторларға қатысу, білім беру жобаларын іске асыру, бірлескен зертханаларды ашу, eCommerce, финтех сияқты бастамаларды қолдау мәселелерін де қозғады.Ақпарат үшін:Tencent Holding Limited – 1998 жылы құрылған қытайлық жеке инвестициялық холдингтік компания, штаб-пәтері Шэньчжэнде орналасқан. Ол Қытай мен бүкіл әлемдегі ең ірі инвестициялық және венчурлік компаниялардың бірі болып табылады. Tencent компаниясының еншілес ұйымдары Қытайда және басқа елдерде жоғары технологиялық бизнестің әр түрлі салаларына, соның ішінде интернет-қызметтер, жасанды интеллект және электрондық ойын-сауық салаларында жұмыс істейді. 2020 жылдың шілде айында компанияның капитализациясы шамамен 500 млрд. АҚШ долларын құрады.МЦРИАП РК баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/949686
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 49 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді 04.03.2025
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 95,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 49 мыңнан астам адам пайдаланды.Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/949692
СҚО әкімінің Алғыс айту күнімен құттықтауы 04.03.2025
Құрметті жерлестер! Бүгін елімізде Алғыс айту күні аталып өтуде. Бұл мереке – тарихи жадымызды жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығы мен ел бірлігін нығайтатын ерекше күн. Сондай-ақ, тағдыр тоғыстырған түрлі халықтарға қиын-қыстау кезеңде мейірімін төккен қазақ жұртына деген құрмет пен ризашылықтың белгісі. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілік пен келісімнің сақталуына сүбелі үлес қосып жүрген барша солтүстікқазақстандықтарға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге молшылық, береке және отбасыларыңызға амандық тілеймін! Алғыс айту күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/949310