Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА В ЖӘНЕ С ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН СКРИНИНГ ЕНГІЗІЛУДЕ 15.02.2025
Қазақстанда вирустық гепатиттермен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С гепатиттерін анықтауға толық скрининг жүргізу жоспарлануда.В және С вирустық гепатиттерімен инфекцияны ерте анықтау жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыру қорытындылары, сондай-ақ елдегі сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ауруларды талдау орталығы (CDAF) қорының директоры доктор Хоми Разавимен кездесуі барысында талқыланды.ДДҰ-ның 2030 жылға дейінгі вирустық гепатиттерді жою бағдарламасының негізгі және маңызды мақсаттарының бірі - оларды уақтылы диагностикалау болып табылады.В және С вирустық гепатиттері негізінен жасырын (асимптоматикалық) болғандықтан, 65% жағдайда олар цирроздың немесе бауыр обырының дамуымен аяқталады, бұл өз кезегінде жұқтырған халықтың өліміне және мүгедектігіне әкеледі. Сондықтан инфекция тасымалдаушыларын ерте сатысында анықтауды және емдеуді қамтамасыз ету маңызды, өйткені олар айналасындағылар үшін вирустық гепатит көзі болып табылады.Пилоттық бағдарламаның нәтижелері бойынша Қазақстанда тиімді диагностикалық шешімдердің көмегімен 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С вирустық гепатиттерін анықтауға арналған жалпы скринингті бастау туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/935924
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ 15.02.2025
Бүгін Шымкентте балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында жаңа кардиохирургия бөлімшесі ашылды.Қалада балалар санының көптігін ескере отырып, бөлімшенің ашылуы операцияларды күту уақытын қысқартуға және жақын маңдағы өңірлерден күрделі диагнозы бар балаларға көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Бүгінде Шымкентте 500 мың бала тұрады, оның 1400-і жүрек кемістігі бар диспансерлік есепте тұр. Биыл 67 балаға операция жасалды, 43 балаға шұғыл хирургиялық түзету қажет.«Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылы білікті мамандарды даярлауға, жаңа бөлімшелер ашуға, клиникалық хаттамаларды әзірлеуге бағытталған 2024-2026 жылдарға арналған балалар кардиохирургиялық көмегін жетілдіру жөніндегі Жол картасын» бекітті. Біз жүрекке немесе медициналық көмектің басқа түрлеріне операция жасауды қажет ететін әрбір баланың оны уақтылы және толық көлемде алуына ұмтылуымыз керек», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Шымкент қаласында ашылған кардиохирургиялық және онымен байланысты қызметтер жөніндегі халықаралық конференцияға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.Ақтөбе және Түркістан облыстық балалар ауруханаларының базасында өңіраралық балалар кардиохирургиясы орталықтарын құру жоспарлануда. Бүгінде балалар кардиохирургиялық көмегі еліміздің 6 өңірінің 10 бөлімшесінде, ал облыстық деңгейде Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстық балалар ауруханаларында көрсетіледі.Қазақстан - Орталық Азиядағы туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз ел. 2024 жылы республикада 2474 операция, оның ішінде 317 жаңа туған нәрестеге жасалды. Барлық операциялардың жартысы бір жасқа дейінгі балаларға тиесілі.Оң жақ жүрекшенің құлақшасынан өкпе артериясының неоқақпақшасын жасауды қоса алғанда, озық технологияларды енгізу арқылы біздің мамандар Фалло тетрад және өкпе атрезиясы сияқты ең қиын жағдайларды сәтті шешуде. Биыл осындай 23 операция жасалды.Халықаралық конференцияның жұмысына Беларусь Республикасының, Өзбекстанның, Ресей Федерациясының, Қырғызстанның мамандары, ғылыми және республикалық орталықтар, практикалық дәрігерлер қатысады.Форумның шеңберінде қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында мастер-класс өтеді, онда бүгін кадр ресурстарын дайындап, медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алғаннан кейін кардиохирургия бөлімшесі өзінің кардиореанимациясымен және операциялық блогымен ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/935985
Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны ел игілігіне берілді 15.02.2025
Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спорт кешені және 103 спорт алаңшасы бар. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде айтылды.Жиында спорт саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер талқыланды.Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимовтың хабарлауынша, 2024 жылы 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілді. Оның 9-ы қолданысқа беріліп, биыл қалған 6 спорт нысаны табысталады.Бұдан бөлек, Тараз қаласы мен аудандарда 103 спорт алаңшасы ел игілігіне тапсырылды. Демеушілердің есебінен 3 ауылдық елді мекенде спорт кешені ашылды.Нәтижесінде облыс халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 68,3 пайызды құрады.Жалпы облыста 2 353 спорт нысаны бар.Биыл 8 жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқын алады деп күтілуде.Өткен жылы спорт саласының шығындарына 15,8 млрд. теңге бөлінсе, биыл 17,6 млрд. теңге қарастырылып отыр.Ағымдағы жылы бұқаралық спортты дамытуға 460, 9 млн. теңге жұмсалады.Бүгінде 28 872 спортшымен 1 195 жаттықтырушы тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.18 спорт түрі бойынша 6 871 бала (5-17 жас аралығындағы) спорт секцияларына тегін қатысып жүр.Бұқаралық спорттың дамуына тың серпін беру, тұрғындарды дене шықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында облыста 285 спорт нұсқаушысы жұмыс істейді.2024 жылдың қорытындысы бойынша 4 034 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 363 мың жамбылдық қамтылды.503 мың адам немесе облыс халқының 41,2 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.Облыс спортшылары 1 797-і медальді қанжығасына байлады (алтын - 658, күміс - 570, қола - 569).Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан Елдос Сметов чемпион атанса, XVII жазғы Паралимпиада ойындарында пара жүзуден Нұрдаулет Жұмағали күміс жүлдеге ие болды.V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 17 жамбылдық спортшы сегіз спорт түрі бойынша ел намысын қорғады. Нәтижесінде қоржынға 7 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль түсті.Сондай-ақ басқарма басшысы баяндамасында спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдау, байрақты бәсекелерді жоғары нәтижеге қол жеткізу, бәсекелестікті арттыру, олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелеріне кеңінен тоқталды.Облыс әкімі бұқаралық спортты дамыту мәселесіне көңіл бөліп, спортпен шұғылданушылар санын және халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін одан әрі арттыру бойынша жұмысты жандандыруды жүктеді. Спорт нысандары халыққа қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс.Ербол Қарашөкеев өңірдегі спорт нысандарының жай-күйіне ерекше назар аударды. Ол дене шынықтыру және спорт басқармасына құрылысы жүріп жатқан және қолданыстағы спорт нысандарын жүйелі түрде зерделеуді, ондағы анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді, сондай-ақ 2028 жылы өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындықты қазірден күшейтуді тапсырды.Басқосу барысында Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің спорт саласын дамыту туралы есебі тыңдалды.Сондай-ақ облыс әкімінің Шу ауданы халқымен кездесуде және жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалуы барысы қаралды.- Халық көтерген мәселелерге құлақ асып, шешу жолдарын қарастыруды қатаң бақылауға алуды тапсырамын, – деп облыс әкімі кеңесті түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/935998
ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАР БҰЗЫЛДЫ 15.02.2025
Еңбекші ауданында жер учаскелерін заңсыз иеленген және уақытша алынған мемлекеттік жерді уақытылы қайтармаған тұлғалардың нысандары бұзылды.Құзырлы мемлекеттік органдардың келісімінсіз, әрі жол бойында салынған құрылыс нысандары қала тұрғындары үшін қолайсыздық туғызады. Сондықтан қазіргі таңда заңсыз нысандар жаппай сүріліп жатыр.Қала тұрғындарын жер учаскелерін пайдалану кезінде меншік құқығын құрметтеуге және заңнаманы сақтауға шақырамыз. Бизнесті жүргізу үшін жер учаскелерін басып алу заңды бұзып қана қоймай, экологиялық қауіпсіздікке, әлеуметтік тәртіпке және аймақтың дамуына да қауіп төндіреді.Барлық кәсіпкерлерді өз қызметін адал, жауапкершілікпен және заң шеңберінде жүргізуге, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге және бизнес пен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге шақырамыз.Жерді пайдалану үшін қажетті рұқсат пен келісімдерді ресімдеу қажет екенін ескерген жоқ.Шымкент қаласы әкімінің баспапөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935917
ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ТАРИХИ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ 15.02.2025
ІХ Қысқы Азия ойындары, Харбин (Қытай)Қазақстан құрамасы қоржынға екінші алтын медальді салды!Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы командалық сайыста чемпион атанды. Бұл сында ел намысын Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов қорғады.Шымкент қаласының спортшысы Шерзод Хаширбаев жұптық сайыста 97.92 ұпай жинап, тарихи нәтижеге қол жеткізді.Бұл Қазақстан фристайл-акробатика тарихындағы ерлер арасындағы алғашқы алтын жүлде болды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935922
ХАБАРЛАНДЫРУ! 15.02.2025
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің азаматтарды қабылдау күні өтеді. Қабылдау әкімдіктің фронт-офисіне келіп, арнайы жазылған тұрғындардың тізімі бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ азаматтар әкімдік ғимаратының 1-қабатында басқарма басшылары немесе орынбасарлары мен аудан әкімдері немесе орынбасарларына ұсыныстар мен өтініштерін білдіре алады. Мекен жайы: Назарбаев даңғылы, № 10 Күні: 12.02.2025ж Уақыты: 11:00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935925
📢 Қостанай қаласын дамыту жөніндегі жиынның тікелей эфирі! 15.02.2025
Құрметті қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері!Сіздерді Қостанай қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиынның тікелей эфиріне қосылуға шақырамыз. Жиында тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған негізгі жобалар, жоспарлар мен бастамалар қарастырылады.📅 Күні: 11 ақпан⏰ Уақыты: 11:30📍 Тікелей эфир сілтемесі: YouTube LiveМаңызды шешімдерден хабардар болыңыз және туған қалаңыздың дамуына үлес қосыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/935259
Қостанайдың дамуы: экономика, инфрақұрылым және қолайлы қалалық орта 15.02.2025
Қостанай облыстың экономикасында жетекші орын алып, өмір сүру сапасын арттыру бағытында қарқынды дамып келеді. Қалада тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру, көлік жүйесін дамыту және цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.Экономикалық даму және жұмыспен қамтуҚостанай облыс өнеркәсібінің 57%-ын қамтамасыз ете отырып, өңір экономикасының көшбасшысы болып табылады. Мұнда облыстың шағын және орта бизнес субъектілерінің 50%-ы шоғырланған, бұл кәсіпкерліктің дамуына және жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізуде.2024 жылдың қорытындысы бойынша 6,7 мың жаңа жұмыс орны ашылып, оның 88%-ы тұрақты жұмыс орны болды. Қаланың 2025 жылға арналған бюджеті 154,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артты. Бұл қаражат қалалық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға, бизнесті қолдауға және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталмақ.Тұрғын үй құрылысы және абаттандыру2024 жылы Қостанайда 332 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 4 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. Облыс бойынша салынған тұрғын үйлердің 67%-ы Қостанай қаласына тиесілі.Қаланың сәулеттік келбеті мен жайлылығына ерекше назар аударылуда. Жаңа аудандарда жолдардың кеңейтілуі мен автотұрақ орындарының көбеюі қарастырылуда. 2024 жылы 40 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Триатлон паркі, «Шағала» жағалауы, Орталық саябақ қайта жаңартылуда. Теміржол вокзалы, ауыл шаруашылығы институты (СХИ), Орталық стадион аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Құнай шағын ауданында жаңа саябақ салынады.Инфрақұрылым және көлік жүйесі2024 жылы жол жөндеу жұмыстарына 6 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Жалпы ұзындығы 40 шақырымды құрайтын 66 көше жөндеуден өтеді. Биыл Сьянов көшесінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, Нариманов, Фролов және Баймағамбетов көшелерін жөндеу жоспарланған.Қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары жалғасуда:• Соңғы жылдары 113 жаңа автобус сатып алынып, тағы 28 автобус лизингке алынды.• 71%-ы – 7 жылға дейінгі жаңа автобустар.• Барлық автобустар электрондық билеттеу және GPS-трекерлермен жабдықталған.• 82%-ында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар орнатылған.Қала тұрғындары үшін көлік күту жағдайын жақсарту мақсатында 2023 жылы 26 жаңа аялдама павильоны, оның ішінде 11 жылы аялдама орнатылды. 2024 жылы тағы 35 жаңа аялдама, оның ішінде 3 жылы аялдама орнатылады.Әлеуметтік салаҚостанайда білім беру инфрақұрылымы кеңейіп келеді. Аэропорт және Береке шағын аудандарында 2 жаңа мектеп ашылды. 2024 жылдың соңына дейін тағы 2 мектеп ашылып, қосымша 1 880 оқу орны қамтамасыз етіледі.Соңғы екі жылда қалада 5 балабақша іске қосылып, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қолжетімділік арта түсті.Дене шынықтыру және спорт саласында жаңа нысандар салынып жатыр. Юбилейный шағын ауданында жүгіру жолдары мен сквері бар спорттық-сауықтыру кешені ашылды. «Еңбек резервтері» спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, аквапарк пен үстел теннисі орталығының құрылысы басталды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасы әзірленуде.ЦифрландыруИнтернетке қолжетімділікті кеңейту – басты басымдықтардың бірі. 2025 жылы Beeline Қазақстан компаниясымен бірлесіп, халық тығыз орналасқан аймақтарда 10 жаңа байланыс мұнарасы орнатылады. Бұл Береке, Юбилейный және жаңа тұрғын аудандарда мобильді байланыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.5G желісін дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Қостанайда 26 базалық станция іске қосылған, 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 48-ге дейін артады.Даму келешегіҚостанайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарлы түрде жүзеге асуда. Қаладағы экономикалық өсім, инфрақұрылымды жаңарту, жайлы қалалық орта қалыптастыру және цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/935961
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты 15.02.2025
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты. Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935894
Туризм саласының жұмысшы мамандықтары Астанадағы ірі фестивальде таныстырылды 15.02.2025
Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі — жұмысшы мамандықтар жылын ресми түрде ашып берген алғашқы іс-шара. Қала аумағында сегіз тақырыптық көше ашылып, 40 шығармашылық үй ұсынылған. Туризм үйінде еліміздің екі ірі туристік ұйымы өз өнімдерін ұсынуда. Олар: сыртқы туризм саласындағы ҚР азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі — «Туристік Қамқор» және «Kazakh Tourism ҰК» АҚ.Фестиваль 5 күнге жалғасады. 15 ақпанда іс-шара алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің, туризм, меймандостық және қоғамдық тамақтану саласындағы сарапшылардың қатысуымен панельдік сессия өтеді. Сонымен қатар фестивальде күн сайын түрлі семинарлар мен мастер-класстар, инновациялық сессиялар, кәсіптер шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, концерттер мен тренингтер өтеді.Фестивальді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936000
Ақ Азиада: Ұлттық құрамадағы ең жас спортшының нәтижесі қандай? 15.02.2025
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындары мәресіне таяп қалды. Қазіргі таңда шорт-трек және тау шаңғысы спортының өкілдері жарыстарын аяқтады. Шорт-трекшілер ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс медаль салса, өкінішке қарай тау шаңғысы құрамасы жанкүйерлерді жеңістерімен қуанта алмады.Сондай-ақ бүгін конькимен жүгіру және фристайл-акробатика спортшылары соңғы бәсекелерін өткізді. Акробаттар ақырғы жарыс күнінде құрамында Олимпиада жеңімпазы бар Қытай құрамасының спортшыларын шаң қаптырып, алтын медаль еншіледі. Сонымен қатар Азия рекордын жаңартты. Бұдан бөлек, жерлестеріміз 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.Фристайл-акробатика спортында Қазақстан құрамасының ең жас спортшысы — Асылхан Асан өнер көрсетеді. 15 жастағы отандасымыз кеше командалық аралас сында күміс медаль жеңіп алды. Бұл — Асылханның халықаралық деңгейдегі алғашқы медалі.«Қысқы Азия ойындарында жүлде алғаныма өте қуаныштымын. Бұл - менің халықаралық жарыстардағы алғашқы медалім. Маған сенім артқан бапкерлеріме алғыс айтамын», — деді Асылхан марапаттау рәсімінен кейінгі сұхбатында.Асылхан фристайл-акробатикамен бес жасынан бері айналысады. Ол бұл спортқа әпкесінің ықпалымен келгенін айтады, себебі оның үлкен әпкесі бұрын осы спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданған.Жерлесіміздің ендігі мақсаты — FIS рейтингінде ұпай жинап, келесі жылы Италияда өтетін қысқы Олимпия ойындарына лицензия алу.«Спортқа келгендегі ең үлкен арманым — Олимпиада жүлдесін алу. Бұл арманымды жүзеге асырып, қазақ елін жүлдемен қуантқым келеді. Сондықтан алдағы уақытта дайындықты арттырып, жоғары нәтиже көрсету үшін бар күш-жігерімді саламын», — дейді Асылхан Асан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936001
ІХ қысқы Азия ойындары – 2025: 11 ақпандағы жарыс нәтижелері 15.02.2025
Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы синхронды секіруде қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды. Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Аяна Жолдас пен Ардана Маханова жұбы қола жүлдеге ие болды.Биатлон: Ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте Владислав Киреев топ жарса, тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдегер атанды.Сонымен қатар ерлер сайысында Әсет Дүйсенов мәре сызығын 6-шы, Александр Мухин 7-ші болып кесті.Әйелдер бәсекесінде Арина Крюкова 4-ші, Ольга Полторанина 5-ші, Дарья Климина 7-ші және Полина Егорова 13-орынға табан тіреді.Конькимен жүгіру: Ерлер арасындағы 1000 метрге жарыста Алтай Жәрдембекұлы 9-шы, Роман Биназаров 11-ші, Артур Галиев 14-ші, Никита Важенин 16-орынға ие болды.Әйелдер бәсекесінде Надежда Морозова 7-ші, Дарья Важенина 10-шы, Кристина Шумекова 14-ші, Арина Ильященко 16-шы нәтиже көрсетті.Ерлер және әйелдер арасында командалық өкшелеп қуу жарысында Қазақстан құрамасы 4-орын алды.Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші кездесуінде Филиппин спортшыларын 5:4 есебімен жеңсе, екінші матчта Қатар құрамасынан 11:2 нәтижесімен басым түсті.Ал ерлер құрамасы Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды. Есеп: 2:12.Шайбалы хоккей: Еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсіп (24:0), жартылай финалға шықты.Мәнерлеп сырғанау: Ерлер арасындағы қысқа бағдарламада Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров 76.75 ұпай жинап, 4-орынға табан тіреді. Ал Диас Жиренбаев 65.56 ұпаймен 8-орында тұр.Мұздағы би жарысында Бойсангр Датиев пен Гаухар Наурызова 5-орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936002
ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 12 ақпан 15.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936011
Көлік министрлігі «Жұмысшы мамандар қаласы»фестиваліне қатысуда 15.02.2025
Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және жастарды экономиканың нақты секторына тартуға баса назар аудара отырып, «Жұмысшы мамандар жылы» деп жариялады. Осы бастама аясында елордада болашақ сала мамандарын, жұмыс берушілерді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын біріктіретін ауқымды фестиваль өтуде.Бұл фестиваль алаңында көлік-логистика саласының теміржолшы, авиация, автокөлік жүргізуші, теміржол құрылысы және автомобиль жолдары құрылысы мамандықтарымен танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/935931
Су саласындағы заң бұзушылықтар үшін 30-дан астам тұлға жауапқа тартылды 15.02.2025
2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті 18 кәсіпорында тексеріс жүргізді. Еске сала кетейік, өткен жылы министр Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша «Қазсушар» филиалдарын тексеру басталды. Бұл жұмыстар судың «көлеңкелі» нарығымен күресуге бағытталған.Тексеріс қорытындысы бойынша 30-дан астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Мәселен, Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалына жүргізілген тексеріс барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісі мен шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заң бұзушылықтарға жол берілгені анықтаған болатын. Аудит қорытындысы бойынша мекеме басшысы мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Бұдан бөлек, «Қазсушар» мекемесінің Алатау филиалында бұрын жұмыстан босатылған қызметкерлердің алаяқтық фактілермен айналысқаны анықталды.«Аудит барысында азаматтарды ауыз сумен және суармалы сумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігі анықталды. Барлық заң бұзушылықтар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Сондай-ақ министрліктің құзыретті құрылымдары мен ведомстволарына ұсыныстар мен тапсырмалар берілді»,- деді Ішкі аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/935979
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен колледж өкілдері болашақ талапкерлерге су мамандықтары туралы айтып берді: Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтіп жатыр 15.02.2025
Астанада «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі басталды. Іс-шараға еліміздегі су мамандарын дайындайтын оқу орындары және су саласында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері қатысуда.Фестиваль аясында болашақ талапкерлер су саласындағы жұмысшы мамандықтар және өздері қызығушылық танытқан оқу орындары туралы толық ақпарат ала алады. Сондай-ақ шеберлік сыныптары, панельдік пікірталастар және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі. Бұдан бөлек, фестиваль қонақтары су ресурстарын үнемдеу және басқару саласындағы жаңа әзірлемелермен, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысады.Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, елімізде жұмысшы мамандықтардың тартымдылығы мен беделін арттыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылып жатыр.Бүгінгі таңда Қазақстанның су саласында 10 мыңға жуық маман еңбек етеді. Су шаруашылығы және ирригация саласына кадрларды 10 жоғары оқу орны мен 8 кәсіптік колледж дайындайды. 2024-2025 оқу жылы 523 талапкер су мамандықтары бойынша грантқа түсті.«Еліміздің су саласына жастарды тартумен қатар, жұмыс істеп жатқан мамандардың біліктілігін арттыру да маңызды. Былтыр су саласының 500-ден астам өкілі мамандандырылған орталықтарда біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға көп. Биыл мыңға жуық маман біліктілігін арттырады, оның 105–і Қытайда оқиды»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Айта кету керек, «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі 15 ақпанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/935981
Астананың жоғары оқу орындарында қайырымдылық пен волонтерлік тақырыбында дәріс басталды 15.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі студент жастардың қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық пен гуманизм құндылықтарын қалыптастыруға және дамытуға арналған ашық дәрістер циклін бастады.Осы бастама аясында еліміздің жоғары оқу орындарында қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың басшылары дәріс оқиды. Олар өз тәжірибелерін бөлісіп, волонтерлік істің маңызы туралы әңгімелейді.Дәріс Астанада басталып, оқу жылының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.Айта кету керек, Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым, 2 мың бастамашыл топ және 275 мың белсенді волонтер жұмыс істейді. Олардың ішінде 3,5 мың «күміс» волонтер яғни, 55 жастан асқан ерікті бар.Өткен жылдың өзінде «Игі істер марафоны» жобасы аясында 7 000 игі іс жасалып, оған 50 мыңға жуық адам қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/935782
Қазақстанда киножобаларды іріктеу конкурсының ережелері талқыланды 15.02.2025
Бүгін, 11 ақпан күні Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің жаңа құрамымен кездесу өткізді.Биыл Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің құрамы жаңартылды. Оған кино, әдебиет, мәдениет саласындағы мамандар, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары кірді.Кездесудің негізгі тақырыбы киножобаларды конкурстық іріктеу ережелерін талқылау болды.Министр Ұлттық киноны қолдау орталығының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол сараптама кеңесі мүшелеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Өткен жылы қабылданған іріктеу конкурсының ережелеріндегі өзгерістер іріктеудің ашық әрі жеңіл өтуіне бағытталғанын да атап өткен жөн.Жаңа ережелерге сәйкес, іріктеу екі кезеңге бөлінген. Бұл өзгеріс Қазақстандағы кино өнерінің дамуына жаңа серпін береді.Бірінші кезеңде сараптама кеңесі тек сценарийлер мен сценарий жоспарларын саралайды. Бірінші кезеңнен сәтті өткеннен кейін таңдалған сценарийлердің авторлары екінші кезеңде құжаттардың толық пакетін ұсынуы керек. Үміткерлер қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін анықталған қателерді түзетуге үш күн уақыт беріледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң, Орталық сараптама кеңесінің қарауына өтінім жібереді. Содан кейін питчинг күні белгіленеді.«Кеңес мүшелері жауапкершілікті терең сезініп, конкурстың барлық кезеңдерінде әділ шешім шығарып, ашық конкурс өткізуге тиіс. Киножобалардың белгіленген талаптарға сәйкес болуына баса назар аударылады. Бұл шаралар отандық кино саласын дамытуға, сондай-ақ ұлттық мүдде мен идеологияға сай келетін жобалар санын арттыруға көмектеседі», - деп атап өтті Аида Балаева.2025 жылы «ұлттық құндылықтар», «отбасы», «қоршаған ортаны қорғау», «заң мен тәртіп», «тарихи елеулі оқиғалар», «дос қадірі», «әйел құқығы, бала қауіпсіздігі»,«қазіргі заманның қаһармандары», «ел бірлігі» және т.б. басым тақырыптарда киножобалар дайындауға болады.2025 жылы Министрліктің және Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 10 жаңа фильм жарық көреді. Биыл «Капитан Байтасов», лудомания тақырыбын қозғайтын «Игроманка» атты драма, футбол туралы «90+1» спорттық драмасы, сондай-ақ «Күзгі самал», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Хош иісті жүрек» және «Авель» фильмдері жарыққа шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/935982
Алматыда Ғылымдағы әйелдер мен қыздар мерекесіне орай ғылыми конференция өтті 15.02.2025
Алматыда Ғылымдағы әйелдер мен қыздар мерекесіне орай ғылыми конференция өттіБүгін Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай ғылыми конференция өтті. Іс-шараны QyzPU-дың «Тұрақты даму» және «Ғылым» студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары ұйымдастырды.Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен ғылымға қызығушылық танытқан барша студент-жастарды құттықтады.«Бүгін халықаралық ғылымдағы әйелдер күні. Осы айтулы күнмен барлық ғылымдағы студент-жастарды құттықтаймын! Бүгінгі шарада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыммен айналысып, зертханаларда жұмыс істеп жатқан жас ғалымдарының көрмесімен таныстық. Еліміз үшін, жалпы инженерлік-техникалық бағыттағы ғылымды дамыту, сондай-ақ өндірісті жетілдіру – аса маңызды. Осы орайда, жастарымыздың қолмен жасаған сабын өнімдерін көріп, технологиялық процестерді тиімді жүргізу арқылы оның пайдалы тұстарын арттыруға арналған зерттеу жұмыстарымен таныстық. Жастарға, әсіресе ғылым жолында жүрген қыздарымызға айтарым – ғылымды жалғастыру қажет. Басталған ғылыми ізденісті тоқтатуға болмайды. Сол себепті бакалавриатта оқып жатқан студенттерге табыс тілеймін! Олардың болашақта магистратура мен докторантурада білімін жалғастырып, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде еліміздің ғылыми кадрларын даярлау ісіне өз үлестерін қоса берулеріне тілектеспін», – деді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан.Конференцияға экология магистрі, «Ecology Consulting» компаниясының басшысы, эко-этно-дизайнер, экотренер және экологиялық белсенді Ботакөз Садыбекова, Yokogawa Electric Kazakhstan компаниясының инженері Дүйсенбек Инкар Дәуренқызы, сондай-ақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD докторлар құрамы арнайы шақырылды. Сонымен қатар конференция қонақтары ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ-Британ технологиялық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Спорт және туризм академиясы, М.Тынышпаев атындағы ALT University студенттері қатысты.Ғылым саласындағы әйелдердің рөлін дәріптеу және жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында өткен ғылыми конференцияда жаратылыстану, физика, математика және цифрлық технологиялар бағыттарында жүргізіліп жатқан заманауи зерттеулер мен инновациялық жобалар талқыланды.«Алматы қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратына қош келдіңіздер! Бүгін біз Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен бірлесіп, ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай үлкен мерекелік шара өткізіп отырмыз. Жастардың ғылымға деген қызығушылығын және өз білімдерін тәжірибеге айналдыра алғанын көріп, ерекше қуанып отырмын. Осындай маңызды шараны бірлесіп ұйымдастырғанымызға өте қуаныштымын», – деді БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық орталығының басшысы Властимил Самек.Іс-шара аясында ғылыми жәрмеңке ұйымдастырылып, онда студенттер өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды. Әр қатысушы өз зерттеуінің мақсаты мен нәтижелерін жан-жақты түсіндіріп, ғылыми қауымдастықпен пікір алмасты.«Біздің жобамыздың атауы – «Ақылды автотұрақ». Қазіргі таңда көптеген сауда және сауықтыру орталықтарында автотұрақ мәселесі жиі кездеседі. Жүргізушілердің көліктерін дұрыс қоймауы салдарынан басқа жүргізушілерге бос орын табу қиынға соғады. Біздің жобамыз дәл осы мәселені шешуге арналған. Болашақта жобаны дамытып, оны іске асыруды мақсат етіп отырмыз», – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Жарқынай Бахытжан.Шарада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Студенттік Ректорат құрамы «Ғылымдағы әйелдер» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Конференцияның негізгі бөлігі ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарының қорғалуына арналды. Қатысушылар өз зерттеулерін жан-жақты таныстырып, инновациялық шешімдер ұсынды. Панельдік пікірталас барысында ғылым мен технология саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар университеттің PhD докторлары құрамынан тікелей жауап алу мүмкіндігіне ие болды.Конференция соңында БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және ҚР БҰҰ Ақпараттық орталығының басшысы Властимил Самек пен Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Джумакулов Закир Даниярович белсенді студенттер мен қонақтарға алғысын білдіріп, ғылым мен білімге қосқан үлестері үшін Алғысхаттар табыстады.«Бүгінгі шарада біздің докторанттарымыз, студенттеріміз және зерттеушілеріміз өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Сонымен қатар әйелдердің тарихтағы және қазіргі ғылымға қосқан маңызды үлесі туралы да айтылды. Шараның басты мақсаты – студент қыздарды ғылымға тарту», – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Джумакулов Закир Даниярұлы.Бұл іс-шара ғылым саласындағы әйелдердің рөлін айқындап қана қоймай, жас ғалымдарды жаңа жетістіктерге жетелеуге және олардың ғылыми ізденістерін қолдауға бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/935994