Жаңалықтар
By Victory Day, WWII veterans are planned to be paid 5 million tenge each 25.01.2025
As part of the celebration of the 80th anniversary of the Victory in the Great Patriotic War, it is planned to pay WWII veterans a one-time financial assistance in the amount of 5 million tenge.As of January 20 of this year, 120 veterans of the Great Patriotic War (hereinafter referred to as WWII) live in Kazakhstan, as well as 42,545 citizens who contributed to the victory in WWII. Among them: residents of besieged Leningrad - 67 people; former underage prisoners of concentration camps - 139 people; spouses of a deceased person with a disability due to injury, concussion, mutilation or illness received during the Great Patriotic War - 743 people; widows of soldiers who died (deceased, missing) in the Great Patriotic War - 2 people; Home front workers - 41,594 people.Caring for veterans and home front workers, improving their quality of life - are one of the main priorities of the state social policy. Social protection measures for the elderly are implemented both at the central and local levels.Firstly, the size of pensions and other social benefits increases annually. 19 categories of citizens (war participants, home front workers, rehabilitated citizens, etc.) are paid a special state benefit, regardless of other social benefits.As of January 1, 2025, the total amount of monthly social benefits received, taking into account pensions for WWII participants amounted to 262,334 tenge and for persons with disabilities due to injury, concussion, mutilation or illness received during the Great Patriotic War - 279,330 tenge.Secondly, additional measures of social support are provided to veterans. All of them have the rights and guarantees that apply to military personnel. They enjoy tax benefits, they receive qualified medical care in specialized hospitals in the cities of Astana and Almaty, and are provided with spa treatment.Thirdly, annual payments of one-time financial assistance have become traditional.This year, according to information from local executive bodies of regions, the capital and cities of national significance, in honor of the celebration of the 80th anniversary of Victory Day, 120 WWII veterans will be provided with one-time financial assistance in the amount of 5 million tenge.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/923751
2024 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 16 млрд-тан астам теңге төленді 25.01.2025
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 120 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 983 ардагер, 26 506 басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, 41 594 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері бар. 2024 жылы ардагерлердің аталған санаттарына 16,7 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2025 жылы – 27 875 теңге);- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/923763
О. Анафин табысы аз қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабарлады 25.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Үкіметте өткен баспасөз конференциясында табысы аз қазақстандықтарға көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты. Мұндай санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерді өтеуге тұрғын үй және әлеуметтік көмек пен отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығаруға бағытталған атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді төлеуге, тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған шығыстары жергілікті өкілді органдар белгілеген осы мақсаттарға арналған шығыстардың рұқсат етілген шекті үлесінен асатын азаматтарға көрсетіледі. Шекті рұқсат етілген үлестің мөлшері 10%-дан аспайды.Көмектің бұл түрі тек бір тұрғын үйі болған жағдайда жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан ұсынылады.Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтінішті электрондық үкімет порталы (egov.kz) немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.«2024 жылы жергілікті атқарушы органдар жалпы сомасы 592 млн теңгеге 17,5 мың отбасына немесе 41,2 мың адамға тұрғын үй көмегін көрсетті. Осы жылы жергілікті бюджеттерден тұрғын үй көмегін төлеу үшін 41,9 мың алушыға 1,5 млрд теңге қарастырылған», – деді Олжас Анафин.Қосымша коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және жергілікті бюджеттерден қатты отын сатып алуға азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы және ай сайын әлеуметтік төлемдер ұсынылады. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін және оған жүгіну мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. «Бұл төлемдер барлық өңірлерде қарастырылмаған және ол жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне байланысты болады. 2024 жылы бұл мақсаттарға 181,2 мың алушы үшін 5,3 млрд теңге бағытталды. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2025 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлеуге 193,7 мың алушы үшін 2,6 млрд теңге қарастырылған. Белгіленген критерийлерге сәйкес азамат бір мезгілде тұрғын үй көмегі мен әлеуметтік төлем ала алатынын атап өту маңызды», – деді Олжас Анафин.Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен (өңірлік медиандық кірістің 35%-ы, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем емес) табысы аз отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсетіледі.«Тарифтер көтерілген кезде бағаның өсуі ең төменгі күнкөріс деңгейінің азық-түлік емес бөлігіне (55% азық-түлік, 45% азық-түлік емес бөлігі) әсер етеді. Осылайша, коммуналдық қызметтер құнының өсуі күнкөріс деңгейінің жоғарылауына және сәйкесінше АӘК мөлшеріне әсер ететін кедейлік шегінің өзгеруіне әкеледі.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл өзгерістерге дайын. Табысы кедейлік шегінен төмен барлық қазақстандықтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. 2024 жылы АӘК төлеуге 78,1 мың отбасының 413,7 мың мүшесі үшін 39,5 млрд теңге жұмсалса, биыл бұл мақсаттарға 1 млн адамға 132,9 млрд теңге қарастырылған», – деп атап өтті Олжас Анафин.Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығару.АӘК мыналарды көздейді:- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;- бір жастан бастап алты жастағы балалары бар табысы аз отбасылардың әр баласына 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;- жұмысқа орналасу, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және т. б. арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті Мансап орталығына, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/923943
Өткен тәулікте қар құрсауынан 400-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды 25.01.2025
Өткен тәулікте ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты Қазақстанның автожолдарында ТЖМ 416 адамды, оның ішінде 12 баланы құтқарып, эвакуациялады, сондай-ақ 42-ден астам көлікті қар құрсауынан шығарды. 11 өңірдің аумағында қалыптасқан күрделі метеорологиялық жағдайдың нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардың 38 учаскесінде және облыстық маңызы бар 31 учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді. ТЖД, ПД, ЖАО, волонтерлер мен жол қызметтерінің күштерімен автокөлік кептелісі болған орындарда тамақтану ұйымдастырылды, жылыту шатырлары орнатылды, адамдарды жылыту пункттеріне орналастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын жақын жердегі елді мекендерге тасымалдау жұмыстары жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдары, телерадиоарналар мен СМС-терді тарату арқылы ауа-райының нашарлауы және автожолдардың жабылуы туралы халықты хабардар ету жүргізілді. Еліміздің 18 өңірінде жедел штабтар ашылып, жедел желі телефондары жұмыс істейді. Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн: Ақтөбе облысында 82 шетелдік азаматты эвакуациялау «Самара-Шымкент» тас жолында Шымкент қаласынан Ресей Федерациясына бара жатқан автобус бұзылып қалып, жолын жалғастыра алмады. Жүргізуші құтқарушылардың көмегіне жүгінді. ТЖМ қызметкерлері Өзбекстан, Тәжікстан және РФ азаматтары болып табылатын 82 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы Құрылыс ауылының жылыту пунктіне жеткізді. Шетел азаматтары Қазақстан құтқарушыларына алғыс білдірді. Ұлытау облысында бұзылып қалған автобустың жолаушыларын құтқару Қаражал қаласынан Шалғия кентіне қарай 20 шақырым жерде құтқару операциясы жүргізілді. 50 жолаушыны тасымалдап келе жатқан автобус бұзылып, қатты боран салдарынан жолда қалып қойды. ТЖМ қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып автобусты Қаражал қаласының №7 мектебіне жеткізді. Қолын үсік шалған автобус жүргізушісі қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді. Жетісу облысында қар құрсауында қалған балықшыларды құтқару ТЖМ құтқарушылары патрульдеу барысында төрт балықшы отырған жеңіл көлікті анықтады. Ауа райының нашарлауына байланысты олар жолдан адасып, қар құрсауында қалған. Құтқарушылар көлікті қардан шығарып, балықшыларды қауіпсіз жерге дейін жеткізді. Жамбыл облысындағы құтқару операциялары Қар құрсауынан тағы 11 адам құтқарылды. «Алматы-Ташкент» автожолының учаскесінде қатты қарлы боран салдарынан екі жеңіл автокөліктің, жол бойындағы дәмхананың және жолаушылар автобусының жолаушылары жолда қалып қойды. ТЖМ қызметкерлері қиын жағдайға тап болған азаматтарға жедел түрде көмекке келді. Құтқару операциясын жүргізуге үш қызметкер мен бір бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында 11 адам эвакуацияланып, Бауыржан Момышұлы атындағы ауылға жеткізілді. Жамбылдық құтқарушы боранда бірнеше шақырымды еңсеріп, адамдарды эвакуациялады. Жуалы ауданындағы «Момышұлы-Қошқарата» автожолының жабық учаскесінде үш трактор қар құрсауында қалып қойғандықтан құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Көмек көрсету мақсатында ТЖМ құтқарушылары «Трэкол» жол талғамайтын көлікпен шақырту орнына барды. Ауа-райының қолайсыз болғандықтан құтқарушы Рауан Ахметов қардың астындағы жолды анықтау үшін көліктің алдында жаяу жүрді. Боранға қарамастан, олар шақырту орнына жетіп, тракторлар ішіндегі алты адамды Қөлтоған ауылына эвакуациялады. Осы уақытта тракторларды шынжыр табанды тартқышымен жақын маңдағы елді мекенге сүйреп жеткізді. Сонымен қатар «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді. Атқарылған жұмыстар барысында 10 жолаушы автокөлігіндегі жалпы саны 377 адам, оның ішінде 75 жасөспірім Тараз қаласындағы темір жол вокзалына жеткізіліп, Шымкент бағытына жөнелтілді. ТЖМ қызметкерлері ЖАО мен волонтерлер бірлесіп, Айшабибі ауылының кіреберісіндегі жолаушыларға көмек көрсетіп, ыстық тамақ ұйымдастырды. Бір отбасының 4 адамы «Алматы-Ташкент» тас жолының 6-шақырымындағы Б. Момышұлы ауылының маңында қар құрсауында қалды Автокөлікте толғағы басталған жүкті әйел, екі бала және ер адам болған. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, көліктегі отбасы мүшелерін өрт сөндіру көлігіне эвакуациялап, көлікті қауіпсіз жерге сүйреп жеткізді. Одан кейін әйелді Б. Момышұлы ауылының медициналық пунктіне жеткізді. Ер адам мен балалар туыстарының үйлеріне жөнелтілді. Абай облысындағы құтқару операциялары Аягөз қаласындағы 112 пультіне Өркен ауылдық округінің әкімі хабарласып, Бақанас ауылында жүкті әйелге көмек қажет екенін хабарлады. Боран соғып, жолда жүру мүмкін болмады. ТЖМ мен жедел жәрдем қызметкерлері Аягөз қаласынан жедел түрде оқиға орнына шықты. Дәрігерлер мен құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жүкті әйел Аягөз аудандық орталық ауруханасының перзентханасына уақтылы жеткізілді, ол босанды. Аягөз ауданы Қарағаш ауылдық округінің аумағында орналасқан «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» республикалық маңызы бар автожолының 736-шақырымында «Ақжар-Алматы» бағытында жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы жол жиегіне шығып кеткен. Оқиға орнына ТЖМ және ҚМ 15701 әскери бөлімінің қызметкерлері жедел түрде жетіп, бірлесіп 10 жолаушыны эвакуациялады. Барлық жолаушылар Аягөз қаласына жеткізіліп, жылыту пунктіне орналастырылды. Шығыс Қазақстан облысында жолда қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмекке келу Глубокое ауданында «Шемонаиха Секисовка» тас жолында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды, оған көмек көрсетуге құтқарушылар келіп, көлікті қардан алып шықты. Шемонаиха қаласына қарасты жолда ТЖ қызметкерлері қар құсауында қалған тағы 6 автокөлікті анықтап, өтімділігі жоғары «ТРЭКОЛ» көлігімен төтенше жағдайға тап болған адамдарға көмектесті. 8 адам жақын маңдағы елді мекенге жеткізіліп, оларға ыстық тамақ ұйымдастырылды. Қарағанды облысының автожолдарындағы құтқару операциялары Шет ауданында Ақсу-Аюлы ауылынан 90 шақырым жерде қар құрсауынан 8 жеңіл автокөлік шығарылды. Автокөліктердің ішінде болған 15 адам, соның ішінде 1 бала құтқарылды. Сол ауданда Ақсу-Аюлы ауылынан 75 шақырым жерде қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 2 адам Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілді. Нұра ауданының Нұра кентінен 33 шақырым жерде Көбетей ауылының маңында қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 2 адам Нұра кентіне жеткізілді. ТЖД және Апаттар медицинасы орталығының психологтары автокөлік кептелісі орын алған жерлерде 18 зардап шеккен адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетті. ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда. Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/923189
ТЖМ қызметкерлері балаларға ТЖ кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтты 25.01.2025
Құтқарушылар өскелең ұрпақпен ТЖ кезінде қауіпсіздік шараларын оқыту бойынша жұмыс жүргізуде. Балалар үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі, олар жаттығулар, тақырыптық сабақтар, әңгімелер, интерактивті сабақтар, жарыстар, ашық есік күндері және оқу-жаттығулар.
Мәселен Павлодар қаласының балабақшасының тәрбиеленушілері ТЖД қызметкерлері ұйымдастырған танымдық іс-шараға қатысты. Құтқарушылар жас қатысушыларға қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтып, сіріңке ойыншық еместігін түсіндірді. Балалар әңгімеге белсенді қатысты, сұрақтарға қуана жауап берді, тақырыптық байқауларда өздерінің білімдері мен ептіліктерін көрсетті. Өз кезегінде балалар мен тәрбиешілер «Кошкин дом» сахналық қойылымын дайындады, онда олар әртүрлі жағдайлармен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын айқын көрсетті.
Сонымен қатар балабақшада өрт сөндіру машинасына, өрт сөндіргішке дейін барлық алғашқы өрт сөндіру құралдары бар өзінің балалар өрт қауіпсіздігі бұрышы бар, ал қабырғаларында шұғыл қызметтердің нөмірі жазылған. Облыстық ТЖД психологтары мен қызметкерлері арнайы балабақша-мектеп-интернат кешенінің тәрбиеленушілері үшін ерекше және танымдық күн өткізді. Қызметкерлер балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып, өрт сөндіргішті қалай пайдалану керектігін, сондай-ақ тақырыптық бейнероликтерді көрсетті.
Өскемен қаласының балабақшасында құтқарушылар оқу-жаттығу өткізді, онда музыкалық залда қысқа тұйықталу салдарынан шартты түрде болған жануды сөндірді. Өрт сөндірушілер құтқару капюшондарын пайдаланып, 47 баланы тез арада эвакуациялады, бала мен тәрбиешіні қауіпті аймақтан уақтылы құтқарды, 30 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Балалармен және тәрбиешілермен өрт шыққан жағдайда алғашқы әрекет ету дағдылары мен эвакуация ережелері пысықталды.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бөбекжай-бақшасында кішкентай балалармен ойын сабағы ұйымдастырылды. Мақсаты - балалардың өрт сөндірушілер туралы ой-өрісін кеңейту, шығармашылық ойындар арқылы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Балалар өз кезегінде өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы ойындарға белсенді қатысты. Сонымен қатар Ақжайық ауданында бастауыш сынып оқушыларымен профилактикалық сабақтар ұйымдастырылды. Балалармен әңгімелесу барысында құтқарушылар тұрмыстағы қауіпсіздік, өрт кезіндегі тәртіп ережелері, ұялы байланыс бойынша шұғыл қызметтерді шақыру туралы еске салып, сұрақтарға толық жауап берді. Балалар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жабдықтарына үлкен қызығушылықпен қарап, жауынгерлік киім-кешектерді киіп көрді.
«Сабақтың бұл форматы балаларға қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілік пен зейінді дамыта отырып, маңызды ережелерді меңгеруге және оларды іс жүзінде бекітуге көмектеседі. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың бойында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, сондай - ақ олардың мамандықты түсінуін кеңейтеді және өрт сөндірушілердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелейді», - деп Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Оразбек Уәлиханов атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/923956
Қазақстан ТЖМ авиациясы 20 жыл бойы адам өмірлерін құтқарып келеді 25.01.2025
Бүгін ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішев және ТЖМ авиациясы «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының бас директоры Алпамыс Камаловтың қатысуымен компанияның 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында компанияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан қызметкерлердің еңбегін атап өту мақсатында ТЖМ ведомстволық наградалары, сонымен қатар естелік медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Бұл марапаттар олардың еңбегін, кәсібилігін және өз ісіне адалдығын мойындаудың символы болып табылады. Азаматтық қорғау органдарының мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамның 20 жылдық мерейтойына орай «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы әуе кемесінің командирі Арман Амантайұлы Дәулетбеков наградталды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы әуе кемесінің бортмеханигі Кани Манапұлы Айдаров және «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы әуе кемесінің автомеханигі Владимир Михайлович Юрасов марапатталды. «ҚР ТЖМ «Казавиақұтқару» авиациясының үздігі» медалімен әуе кемесінің командирі Максат Джамгирбаевич Идигеев, ұшу жарамдылығын жоспарлау және қолдау бөлімінің жетекшісі Айгерим Мураткызы Жармухан наградталды. Ұшу бөлімшесінің командирі Жалын Жумагазинович Аязбаев, бас инженер Назгүл Жолдасқызы Сыздықова, экономикалық жоспарлау бөлімінің жетекшісі Раушан Ельшибековна Ашимбаева, маман Ерлан Ергалиевич Жапаров, оңтүстік өңірлік басқармасының жұмысшысы Данияр Бекбалович Калмурзаев, қызметтік үй-жайларды жинаушы Улболсын Идаятовна Уразова алғыс хаттармен марапатталды. Осы екі онжылдықта «Қазавиақұтқару» АҚ Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып, адам өмірін құтқару, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және қоршаған ортаны қорғау бойынша маңызды міндеттерді орындап келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/924488
ТЖ вице-министрі еліміздің бірқатар өңірлерінде болды 25.01.2025
ТЖ вице-министрі Серік Төленбергенов, Өнеркәсіптік қауіпсіздік, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеттерінің төрағалары Рашид Дубаев пен Ермек Бейсеуов жұмыс сапарымен Алматы және Алматы облыстарында болды.
Сапар барысында олар Төтенше жағдайлар департаменттері бөлімшелерінің қызметімен танысып, өнеркәсіптік қауіпсіздік және төтенше жағдайларға ден қою саласындағы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ ұйымдық-штаттық өзгерістердің негізгі міндеттерін түсіндіріп, жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгіледі.
Сонымен қатар ТЖМ басшылығы өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасына, департаменттердің жоспарлау және жедел басқару орталығына барды, онда бөлімшелердің жұмысы, төтенше жағдайларға ден қою стратегиялары және жаңа технологиялық шешімдер туралы ақпарат берді. Сондай-ақ бөлімшелер арасындағы жұмысты ұйымдастыру және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
«Біз әрқашан барлық бөлімшелеріміздің жұмысын үйлесімді және жедел етуге тырысуымыз керек. ТЖ алдын алу жүйесін дамытуды жалғастыру, сондай - ақ қызметкерлер арасында кәсіпқойлықтың жоғары стандарттарын сақтау, кез келген төтенше жағдайларға алдын ала және тиімді ден қою маңызды», - деп вице-министр атап өтті.
Алматы облысына сапардың маңызды сәттерінің бірі жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Қанат Қалиевті мемлекеттік награда «Ұжымдық қауіпсіздікті нығайтқаны үшін» медалімен марапаттау болды. Бұл марапат оның кәсібилігін, адалдығын және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
Бұл жұмыс сапары ТЖД бөлімшелері арасындағы жедел үйлестірудің, өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайтудың және мамандарды даярлау деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ басым міндеттерді талқылауға және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру үшін ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/924506
Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды 25.01.2025
Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда.Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді.Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейтін болады, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.«Президентіміз 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері бізді негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу – қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді», — деді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923884
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР ФОРЕЛЬ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ 25.01.2025
Төлеби ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда, аудан аумағында осы кәсіпті қолға алған кәсіпкерлер саны 16-ға жетті. Мәселен, былтыр 4 кәсіпкер өз қаржысымен балық шаруашылығын ашып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі – «Сарсенов Сакен» ЖШС. Киелітас ауылдық округінде 0,14 га жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап, 1500 дана сазан, 500 дана ақ амур және 5000 дана дөңмаңдай балықтарын өсіруде. Кәсіпкер балық шаруашылығынан бөлек демалыс аймағының құрылысын аяқтап, пайдалануға ұсынды.Сонымен қатар жеке кәсіпкер Исмаил Абдуллаев иелігіндегі 0,20 га жерге арнайы тоған жасап, 4000 дана сазан және 6000 дана тұқы балығын өндіруде.Таулы аймақ кәсіпкерлері де балықтың суық суға төзімді форель түрін өсіруді қолға алды. Жеке кәсіпкерлер Жұмағали Қияқов, Олжас Сұлтанқұлов Қаратөбе ауылдық округіндегі жерлеріне 3000 дана және 10 мың дана форель балықтарын өсіріп жатыр.Қызыл балық тұқымдастарға жататын оның бәсі биік, нарықта сұраныс жоғары. Кәсіпкерлер форель шабағын алдырып, арнайы қоректендіреді. Шаруашылық басшылары форельмен алғаш рет айналысып отырса да, әзірге ұсақ шабақтарды өсіруде күрделі мәселе туындамағанын айтады.Одан бөлек, «Шымкентбалық» ЖШС Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан 2 га жерде жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап, форель балықтарын өсіріп, жылына 300 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923888
ТҮРКІСТАН: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 25.01.2025
24 қаңтарда Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысына терроризмге қарсы облыстық комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етіп, жүргізіп отырды.Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде «Дене шынықтыру және спорт саласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасының орындалу барысы», «Террористік тұрғыдан осал объектілердің жай-күйі және кездесіп жатқан мәселелер, оны жоюға бағытталған ұсыныстар туралы», «Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрғындардың иммунитетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмыстарына қатысты мәселелер және оларды шешу жолдары» жөнінде баяндамалар жасалып, мәселелер талқыланды. Сонымен бірге 2024 жылдың қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер қаралып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды. Сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.Өңір басшысы Нұралхан Көшеров мәселенің маңыздылығына тоқталып, ұсыныстар мен пікірлер ескерілетінін жеткізді. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.Айта кетейік, бұған дейін биыл облыс әкімінің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 22 мәжілісі өткізілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924032
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ 25.01.2025
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс аумағында тұрақты түрде тұрғындармен жеке қабылдау өткізіліп келеді. Кестеге сәйкес бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтарды жеке қабылдады.Қабылдауға Түркістан, Кентау қалаларының және Сауран, Бәйдібек, Келес аудандарының тұрғындары келді. Тұрғындардың басым бөлігі баспана мәселесін көтеріп, көмек беруін сұрады.— Тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл дегеніміз, ешкім өз кезегінен тыс пәтер алмайды, немесе біреудің орнына өтініш бере алмайды. Заң талаптарына сәйкес, әр азамат өз кезегін күтіп, әділ негізде пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан мұқтаж отбасыларға тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызын өтеп беру үшін «Отбасы банкіне» өтінім жолдау мүмкіндігі де бар,– деді Зұлпыхар Жолдасов.Сонымен қатар азаматтар әлеуметтік көмек алу, несие жабу, ауыз су, кәріз жүйесіне қатысты мәселелерді ортаға салды.Зұлпыхар Сансызбайұлы көтерілген әрбір мәселе зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Барлық өтініштер бақылауға алынды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924293
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ 25.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласына кіреберісте салынып жатқан 5 мың орындық мешіттің құрылыс алаңында жауапты басшылармен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылысты ширатуды, жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Қауіпсіздік шараларын толық сақтауды ескертті.
Мешіттің қасбеті салынып біткен. Мұнарасы қойылып, электр жарығымен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басында 30-дан астам адам, 9 техника жұмылдырылған.
Шаһарда бой көтерген еңселі жаңа ғибрат орны әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіліп жатыр. Жаңа жоба жан-жақты зерделенген. Құрылыс жұмыстары биыл толық аяқталуы тиіс.
Құрылыс барысында әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынатын жаңа ғибрат орнында 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізіліп жатыр. Шығыс үлгісіндегі Ислам орталығының жер аумағы – 7,7 га.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924299
Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті 25.01.2025
Елордалық «Мама ПРО» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жүздеген әйелге бизнесте алға ұмтылуына көмектесті. Астанада осындай қайсар аналардың қатысуымен арнайы форум өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Қор Астана әкімдігінің қолдауымен құрылды. Жоба кәсіпкерлік жолын бастаған, бірақ қиындықтарға тап болып, ерекше баласы бар аналарға көмектесуге бағытталған. Ұйым бұл әйелдерге қысқа мерзімді курстарды ғана емес, сонымен қатар тереңдетілген оқыту бағдарламаларын, сондай-ақ бизнес жобаларын одан әрі дамыту үшін тәлімгерлік және коучинг сессияларын ұсына отырып, қолдау көрсетті.Тренинг 12 айға созылып, жеке бизнес-жобаларын бастаған түлектер қаржылық және маркетингтік жоспарлауды, бизнес үшін ЖИ-ді жүзеге асыру жолдарын үйренді, сонымен қатар 3 жыл бойы стратегиялық жоспарлауды құрастыруды үйренді.Жоба барысында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және қазірдің өзінде өз кәсібін дөңгелетіп жатқан 100-ден астам әйел оқытылды. Масштабтау, тапсырмалар беру және бизнес-процестерді оңтайландыру қажеттілігіне тап болған кәсіпкерлер оқу кезеңінде туындаған қиындықтарды жеңіп, өз бизнесін жаңа деңгейге көтере алды.Форум ұйымдастырушыларының айтуынша, 2018 жылдан бері 143 курс өткізіліп, осы уақыт аралығында 3500-ден астам әйел осы ҮЕҰ-ның түрлі білім беру бағдарламаларына қатысып, білім алған.Ерекше балалар үшін қор сиплинг-дәрістер өткізеді, оған олардың ағалары мен әпкелері де шақырылады.«Бұл форум ауқымды жобаның аяқталуындағы маңызды кезең болды. Қала әкімдігінің қолдауының арқасында көптеген әйел жұмыс тауып, «Еңбек мобильділігі орталығы» арқылы жұмысқа орналасты. Біздің қызметкерлер арасында оқуын тәмамдап, командамызда жұмыс істеу үшін қалған аналар бар, бұл бізді қатты қуантады», - деді қордың құрылтайшысы Әсия Тикеева.Қордың білім беру жобаларына қатысушылардың бірі – Лейла Бехбудова. Ол балаларға арналған ойыншықтар тоқиды.«Мен өз жұмысымнан үлкен ләззат аламын. Ана ретінде мен үшін ең бастысы – ойыншықтардың қауіпсіз болуы. Мен оларды мақта жіптен жасаймын, ал ішін толтыру үшін холофибрді қолданамын. Тоқыған кезде бірден мықтап бекітуге тырысамын, сонда ештеңе кетпейді», - дейді Лейла Бехбудова.Оқыту курстары басқа өңірлердің тұрғындары үшін де қолжетімді: «Мама ПРО» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қорының өкілдігі Астанада ғана емес, Алматы, Шымкент, Қостанай және Өскемен қалаларында да жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923839
Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды 25.01.2025
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«2025 жылғы 24 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923923
More than 2,500 road workers are involved in snow removal work in Astana 25.01.2025
In Astana, public utilities are working in an enhanced mode around the clock, despite the bad weather and frost, the official website of the capital's akimat reports.On the night of January 24, public utilities removed 1,078 trucks of snow from the capital, which is 15,156 cubic meters of snow.Since the morning of January 24, 2,589 road workers and 1,518 units of special equipment have been involved in snow removal work.Since the beginning of the winter season, 3 million 850,572 cubic meters of snow have been removed from the city to landfills by 303,318 heavy-duty truck trips.First of all, according to the rules, areas with very heavy traffic are cleared in order to avoid traffic jams. Medium-intensity areas are also being cleared - squares, areas near railway stations, sidewalks, access roads to social facilities, etc.Cleaning central streets, public transport routes, stops and sidewalks is also a priority.There are several equipped snow disposal areas in the city. They are equipped with a system for reading vehicle license plates, CCTV cameras and lighting.We ask residents and visitors of the capital to be careful on the roads, follow safety rules, and not go on long trips if there is a storm warning.In case of an emergency, call 112.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923929
Астанада еріктілер аязды күні коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты 25.01.2025
24 қаңтар күні «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.«Біз бүгін, 24 қаңтарда аязды ауа райына қарамастан елорданың таза болуына атсалысып жүрген коммуналдық қызметкерлерге қолдау білдіруге шықтық. Осылайша таңнан кешке дейін жұмыс істейтін адамдарға жылулық пен жақсы көңіл күй сыйлағымыз келеді», - дейді елордалық ерікті Қайсар Құлқожахмет.Өз кезегінде коммуналдық қызметкерлер еріктілерге алғыс білдірді.«Аязды күні осындай акция ұйымдастырған еріктілерге алғыс айтамын. Олар бізге мүмкіндігінше көмектесіп, тіпті мереке күндері тәтті таратып, ықыластарын білдіріп жатады», - дейді коммуналдық қызметкер Айнагүл Қожина.Қала тазалығы жұмысында 10 жылдан бері жұмыс істеп жүрген Нұрғали Өміржан мұндай игі акциялар халықты бірлікке шақыратынын айтты.«Осындай игі акциялар қала бойынша жиі өтетінін естіп жатамыз. Бүгін ыстық шай мен бауырсақ таратып жатыр. Менің ойымша, осындай игі акциялар тұрғындарды ұйымшылдыққа шақырады. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін»,- дейді Нұрғали Өміржан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924214
Астанадағы букмекерлік кеңселерді жарнамалағаны үшін салынатын айыппұл 1,5 млн теңгеге дейін жетеді 25.01.2025
2024 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендердің сыртқы жарнамасына тыйым салатын заң күшіне енді. Заң күшіне енгенге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» мемлекеттік мекемесі жарнамалық құрылымдардың иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы шаралардың арқасында елордада заң күшіне енгенге дейін букмекерлік кеңселерге арналған жарнамасы бар 290-нан астам нысан жойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Астана-Жарнама» сыртқы жарнамаларды бақылауды жалғастыруда. Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге заң талаптарын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Бұзушылықтар анықталса, заңсыз жарнама жойылып, оны таратушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Кәсіпкерлерге тұрақты түрде түсіндіру жүргізіліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі туралы кітапшалар шығарылуда.Заңға сәйкес, букмекерлік кеңселерді ғимараттың қасбеттеріне, ашық алаңқайларға, көліктерге және сыртқы құрылыстарға жарнамалауға тыйым салынады. Жарнамаға тек букмекерлік кеңселерде, спорт ғимараттарында және спорттық жабдықтарда ғана рұқсат етіледі. Букмекерлік компаниялардың логотиптері мен сауда белгілерін бизнестің басқа түрлерін жарнамалауда пайдалануға да тыйым салынады.ӘҚБтК-нің 455-бабына сәйкес, заңды бұзғаны үшін 236 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924402
«Таза Қазақстан»: Астанада экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары талқыланды 25.01.2025
Елорданың «OzgeEpic» шығармашылық хабында «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында мәдениет қызметкерлерінің басын қосып, қазіргі экологиялық мәселелерді талқылау мақсатында «Астана – таза қала» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға қатысушылар қалдықтарды басқарудың заманауи тәсілдерін, пластикті пайдалануды азайту, «жасыл» технологияларды енгізу, сондай-ақ қаланы абаттандыру жобаларын қарастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Семинар қала тұрғындарының экологиялық жауапкершілігі мен мәдениетін дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асырудың бір бөлігі болды. Іс-шара форматы лекциялар, пікірталастар және практикалық семинарларды қамтыды, онда қатысушылар қалдықтарды қайта өңдеу, қордалау және экологиялық таза технологияларды пайдалану туралы мәлімет алды.
«Адамдардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігі арта түсті. Мысалы, көптеген аулалар мен мемлекеттік мекемелерде қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер бар. Өткен жылы мәдениет басқармасының қолдауымен 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылса, биыл 150-ге жуық іс-шара жоспарланып отыр», - деді Астана қаласы Мәдениет басқармасының мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің бас маманы Ермек Ағабек.
Қала тазалығын сақтау бойынша қоғамның, мемлекеттік және жеке секторлардың бірлескен іс-қимылдарына ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924466
Алматы еріктілері жылды қайырымды істермен бастады 25.01.2025
22-23 қаңтар күндері Алматыда жауған қалың қардан кейін қала тұрғындары мен жергілікті еріктілер бір-біріне шынайы қолдау көрсетіп, қамқорлық танытты. Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, жолдарды қардан тазалап, негізгі магистральдарда кептелістердің алдын алуға тырысты. Қызметкерлер тәулік бойы еңбек етіп, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етті.Қолайсыз ауа райына қарамастан, жүзге жуық ерікті жалғызбасты зейнеткерлердің үйіне барып, ауласвн қардан тазалауға көмектесті.«70-тен асқан кезде қар күреу оңай емес. Еріктілердің бей-жай қалмай, көмекке келгеніне қатты риза болдым. Олар қол көмегімен қатар, жүрек жылуын жеткізді, жылы сөздері аязды күні жаныңды жадыратады. Өзімді қамқор қаланың тұрғыны сезіндім», – деді зейнеткер Елена Константиновна.Жастар коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй мен тамақ таратып қана қоймай, жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалауға да көмектесті.Бұл қамқорлықты көрген қала тұрғындары да қайырымдылық шараларына атсалысты. Көпшілігі азық-түлік, қар тазалауға арналған құрал-жабдықтар ұсынып немесе көршілеріне көмектесіп, береке-бірліктің, қамқорлықтың үлгісін көрсетті.Мұндай іс-шаралар Алматы үшін таңсық емес. Қаланың еріктілері қыс мезгіліндегі табиғи апаттарда ғана емес, жылдың кез келген уақытында көмек көрсететін түрлі шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Олар әлеуметтік жобаларға қатысып, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді, аз қамтылған азаматтарға киім-кешек пен азық-түлік жинауды ұйымдастырады.«Біз көмек қажет екенін көріп, бей-жай қарай алмаймыз. Еріктілік – бір реттік акция емес. Бұл біздің қаламыздың дамуына, тұрғындар арасындағы жылы қарым-қатынасқа қосқан үлесіміз. Осылайша, біз кейде байқамайтын аула сыпырушылардың, тазалықшылардың, коммуналдық қызметкерлердің күнделікті еңбегін бағалауды үйренеміз. Алматы – бәріміздің ортақ үйіміз, бір-бірімізді қолдап, сүйікті қаламызға бірге қамқор болайық!» – дейді «Qamqor charity» қорының еріктісі Зере Мақсұтхан.Алматыдағы қалың қар қала үшін сынақ болғанымен, адамдарға өздерін көрсетудің тамаша мүмкіндігіне айналды. Осындай сәттерде бірлік пен бір-біріне көмек көрсету ерекше маңызға ие. Алматы еріктілері бірнеше жыл бойы күнделікті өмірде қаланың нағыз батырлары атанып, жайлы шаһарға айналдырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/924503
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады 25.01.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жеке қабылдауға жазылған 15 азаматтың мәселесін тыңдады. Олардың қатарында Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Жуалы, Талас ауданының тұрғындары бар.Қабылдауда болған азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, тұрғын үй, жол және жер саласына қатысты ұсыныстар мен өтініш-тілектерін айтты. Өзге де мәселелер бойынша шағымдарын білдірді.Ербол Қарашөкеев жауаптыларға өтініш иелерінің мәселелерін мұқият зерделеп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау бойынша тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/924388